Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Тақырыбы: Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Бағыты: Қазақ әдебиеті
Секциясы:
2021-2022 оқу жылы
Аннотация
Бұл ғылыми жобада оқушы Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны тақырыбында тереңнен зерделеп жазған. Алаш қозғалысының көсемі, қоғам қайраткері, қазақ ұлттық жазуының реформаторы - Ахмет Байтұрсынұлының қазақ елінің сауатын ашып, әдебиеттегі елшілдік ұраны арқасында қазақ жазуы мен балаларға арналған оқулығын жазып, халқына білім таңын сыйлап, ел-жұрттың білім алуына барынша жағдай жасады. Ана тілін құрметтеуге, ана тілінде білім алуы үшін жазған еңбектері мен шығармалары тілдің мәртебесін көтерді. Ахмет салған елшілдік ұраны тәуелсіз алғаннан бері қанат жайып, еліміздің гүлденуіне септігін тигізді, тіл құралы әлі күнге білім саласында қолданылып, қазіргі тәуелсіз еліміздің рухани жаңғыруының айғағына айналғаны турасында зерттеп жаза білген.
Аннотация
В этом исследовательском проекте участвовал студент Ахмет Байтурсынов - общественный деятель изучены глубоко. Ахмет Байтурсынов, лидер движения Алаш, общественный деятель, реформатор казахской национальной графики, открыл грамотность казахского народа, написал под девизом посольства по литературе учебник по казахской графике и детской литературе. Его произведения и писания повысили статус языка, чтобы уважать родной язык и получать образование на родном языке. Девиз посольства Ахана процветал с момента обретения независимости и внес свой вклад в процветание нашей страны.
Annotation
In this research project, the student "Ahmet Baitursynov - a public figure." studied in depth. Akhmet Baitursynov, the leader of the Alash movement, a public figure, a reformer of the Kazakh national script, opened the literacy of the Kazakh people. His works and writings raised the status of the language in order to respect the mother tongue and to be educated in the mother tongue. Akhan's embassy motto has flourished since independence and has contributed to the prosperity of our country.
Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1.Ел тағдыры үшін өз өмірін қиған жан.
ІІ.2.Ахметтің алғашқы еңбек жолы.
ІІ.3.Байтұрсынов - қазақ халқының рухани көсемі
ІІІ.Зерттеу бөлімі
ІІІ.1.Ахмет ашқан қазақ мектебі
ІІІ.2.Ахмет түрлеген ана тілі.
ІІІ.3.Қоғам қайраткері - Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны.
ІҮ.Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы - қоғам қайраткері салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, ана тіл мәртебесін көтеруі, шығармашылығы туралы зерттеу.
Міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы - қоғам қайраткері салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, ашқан қазақ мектебі мен жазған оқу құралдары туралы зерттеу;
Өзектілігі: Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік, ұлттық ұраны, тіл мәселесі мен қазақ халқының өзге елдермен біліммен теңесуі үшін ашқан қазақ мектебі.
Зерттеу әдістері: Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік, ұлттық ұраны, тіл мәселесі туралы мәліметтерді зерттеп, жинақтау, қазақ ұлттық жазуы мен ана тілінің қолданысқа енуін, зерттеу, сұрақ - жауап, талдау, зерттеу, қорытынды жасау.
Күтілетін нәтиже: Болашақта Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік, ұлттық ұраны, ұлттық жазуының қолданысқа қайта енуі, ашқан қазақ мектебі мен жазған оқу құралы тіл мәселесіне тоқталуын, тереңнен зерттесек, болашақ жастарды ана тілін құрметтеп, бойларына париоттық тәрбие қалыптастырып елінің қамын ойлайтын тұлға қалыптастырамыз.
І.Кіріспе
ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспеншілікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол - қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметі жоғары болды. Оны бәрінен биік қойды.
Ахмет ата - бүкіл қазақ еліне, шартарапқа танылған, еңбектің шытырман жолдарынан өтіп, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білген дара тұлға. Өткенінің өзі - көпке үлгі болар өмірбаян болған жан. Қазақ даласын оқу-біліммен гүлдендіріп, тіл білімін тереңнен зерделеген, халықтың сауатын ашып, біліммен сусындатқан. Жастайынан білімге зерек болған. Қарапайым халыққа аянбай бар білімін беріп, қараңғы халықтың сауатын ашқан. Алаш қозғалысының көсемі ретінде халық жауы деп, айдауға жіберген. Ақын Маса атты оқулығында өзінің басынан кешкен қиыншылықтарын, қиын-қыстау күндері мен қуғын-сүргінге ұшыраған кездері, аш жалаңаш, жетімдік жоқтық көрген азапты күндерін және де өлең шығармаларына арқау болған ел тағдыры мен халықтың қамы, бостандық аңсаған- арманы жайлы жазылған. Әкесінің 15 жылға Сібірге айдалып кетуі, бала жүрегіне ауыр жара салады. Жоқшылық пен жетімдік зардабын көріп, тағдыр тәлкегі ұшырауы, өмірден ерте есеуіне әкеліп соғады. Бала жүрегіне жазылмастай жара салады. Ахмет Байтұрсынұлы ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ болып қалыптасады. Халықтың жүрегіне үміт отын ұялатып, зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ даласына білім нұрын сыйлаған, халықты білім алуға шақырып, алғаш қазақ даласында мектеп ашып, оқу құралдарын жазған дара тұлға. Қазақ халқының ақыны, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, ғалым, аудармашы, қоғам қайраткері болған педагог. 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақ ұлттық жазуының реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің белді мүшесі.

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Дедім: Сен де қатарыңнан қалыспа
А.Байтұрсынов
Данышпан дара тұлғалар, керемет ойшылдар әрқашан тұңғиық терең, шексіз жұмбақ болатыны белгілі. Олардың ой-пікірлері мен атқарған істері тарихпен, заманмен астаса қабысып, тіпті бүгінгі күннің, болашақтың өзекті мәселесі болып қала бермек. Осындай тұлғалар қатарына Ахмет Байтұрсынов та жатады. Бала өмірінің ұмтылу, талпыну, есеюге құмарлық қасиеттерін суреттей келіп, өз өлеңдерінде жазған еді. Әлеуметтік оқиғалардың шиеленісті дәуірінде өмір сүрген ол өз заманының сыры мен қайшылықты шындығын тануға тырысып бақты. Сол жолда не қилы өмір өткелдерінен өтті. Жігіттікке асығу қасиеті оның өміріне бала кезден тән болуы да осыны аңғартты.
А.Байтұрсынов ұлттық мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білді. Елдің өзін ел сезінуін, өзгелермен тең сезінуін, өзінің ұлтын ер сезінуін, қайраттанып, намыстанып жігерленіп өмір сүруін армандады. Сол жолда революционер - демократтарша өмірінің ақырына дейін күресе білді. Асыл арман жолында ел тағдыры үшін өз өмірлерін қиюдан да тайынбады.
Сондай ғалымдардың бірі - А.Байтұрсынов еді. А.Байтұрсынов - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға, - деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. Жаңа жазу. Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар.
ІІ.2.Ахметтің алғашқы еңбек жолы.
Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдың 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895 - 1897 жылдары Ақтөбе, Қарқаралы, Қостанай уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде білім береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқып, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады. Өлең жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған Қазақ газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәселсіз мемлекетін құруды мақсат етеді. Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан Академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылды. Алаш қозғалысының көсемі ретінде Халық жауы деп аталған. А.Байтұрсынұлы есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ақынның шығармалары біртіндеп жарық көреді. Артынша қалдырған мұралары зерттеле бастады.

Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым.
Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетiмiз бен ғылымымызға қалтқысыз берiле қызмет сiңiрген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахмет - күрделi тұлға, зерделi ғалым.
Күрделi болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең бiлiп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы.
Кең құлашты, ұлан-асыр терең ойлы ғалым - халық ұлы өмiрдiң қай саласында да өз пiкiр-толғамын, бағдар-бағытын бiлдiрiп келедi. Осыншама санқырлы қызметiн жазған еңбектерi арқылы жалпылама тiзбелеп жеткiзуге болар, бiрақ шағын жұмысымда саралап айта алмасым анық. Дегенмен де мәдениетiмiзге орасан еңбек сiңiрген адам ер жасы елуге келiп отырған шағында, бiз оның қазақ әдебиетi мен халық ағарту iстерi саласындағы қайталанбас қызметiн атап өтуге өзiмдi парыздармын деп санаймын.
Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтiк өмiрi мен мәдениетiнде Қазан революциясына дейiн де, одан кейiн де аянбай адал қызмет еткен iрi қайраткер, үлкен талант иесi, тарихта орны айрықша зор тұлға. М.Әуезовтің сөзiмен айтқанда, қазақ халқының рухани көсемi болған А.Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегi сан саладан көрiнедi.
Ол - ең алдымен қазақ балаларының ана тiлiнде сауатын ашып, ары қарай қазақ тiлiнде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстiнде ол қазақ тiлiн, оның дыбыстық жүйесi мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеушi, әрi сол зерттушiнiң негiзiнде Әлiппе мен тұңғыш ана тiлi оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар А.Байтұрсынов - өз халқының саяси, мәдени, рухани және әлеуметтiк өмiрiнiң сан-саласына көз тiгiп, тiкелей араласқан iрi публицист, қоғам қайраткерi А.Байтұрсынов - өнер иесi - ақын; қазақтың тiлiн емес, әдебиетiн де мәдениетiн де зерттеушi ғалым. Сондықтан А.Байтұрсынов қалдырған мұра да әр тектес. Олар көркем дүние - өлең жинақтары Маса мен Қырық мысал; әдебиеттану саласынан жазылған ғылыми еңбек Әдебиет танытқыш, қазақ тiлiн оқыту үйретуге арналған оқулықтар мен хрестоматиялар, оқыту әдiсiне арналған методикалық құралдар; оқу - ағарту проблемасын сөз ететiн мақалалар, графика мен терминология мәселелерiн әңгiмелейтiн мақалалар мен баяндамалар... Демек, А.Байтұрсыновтың бұл бай мұрасын бiр тектi басылын етiп ұсыну мүмкiн емес.
А. Байтұрсыновтың - алған бiлiмi, мамандығы жағынан професионал лингвист емес едi. Оны тiл бiлiмiне алып келген, оқу - ағарту iсiн жолға қою, халықты жаппай сауаттандырып көзiн ашу. Сол арқылы қазақ халқын ұлттық тенсiздiктен құтқару мақсаты болатын.
ІІІ.Зерттеу бөлімі
ІІІ.1.Ахмет туралы пікірлер
1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынұлы есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті Байтұрсынұлының есімімен аталды.
Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін басын бәйгеге тікті.
Мұхтар Әуезов былай деді:
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - Қырық мысал, Маса ; Қазақ газетінің қан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz