Қылмыс санаттары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Экономика, басқару және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

БӨЖ

Пәні: Қылмыстық құқық

Тақырыбы: Қылмыс санаттары

Тобы: ЗХХ-311о

Орындаған: Таңатарова А. С.

Қабылдаған: Паридинова А.

Түркістан, 2023 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. НегізгібөлімҚылмыс санаттары ұғымы; Қылмыс санаттарының түрлері; Қылмыс санаттарының қылмысты саралаудағы рөлі.
  3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі:

Жұмыс кылмыстық құқық бойынша «Қылмыстың санаттары» тақырыбына арналған. Қылмыстың санаттары - қылмыстық құқық саласында аса маңызды элементтердің бірі болып табылады.

Қылмыс сснаттары 4 топқа бөлінген: 1) онша ауыр емес; 2) ауырлығы орташа; 3) ауыр; 4) аса ауыр қылмыс.

Қылмыс қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі түрде істейтін және қылмыстық жауаптылыққа тартылатын іс-әрекет. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыс белгілері осы айтылған төрт белгіден құралады.

Жұмыста қылмыстың санаттарына жеке-жеке мән берілді, сараланды, қылмыстарда осылай жүктеудің оларды саралауга және жаза тағайындаудағы маңызы көрсетілді. Жұмыс осы күрделі ұғым қылмыстың түсінігіне арналған. Осыған орай Ағыбаевтің, Нұртаевтың, Ахметовтың т. б. ғалымдардың еңбегін зерттей отырып, тақырып бойынша өз ойымды толық жеткізуге барынша күш салдым, олардың өзара бөліну критерилеры сарал

Жұмысты жазу барысында жергілікті сот тәжірибелерінде кеңінен қолдануға тырыстым.

Айыпталушыдан жауап алған кездегі тергеушінің тактикалық тәсілдерді қолдану қызметінің негізгі ерекшеліктері, осы жұмысымда сөз болып, тергеушінің жауап алар алдындағы дайындық жұмыстарымен таныстырып өтуге тырыстым. Әртүрлі авторлардың осы тергеу әрекетіне байланысты жазған еңбектерінен үзінділер келтірдім.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті:

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, оның маңызы, мақсат-міндеттері және жұмыстың құрылымы туралы жазылды. Негізгі бөлім үш бөліктен тұрады:

  1. Қылмыс санаттарының ұғымы. Жалпы қылмыс санаты түсінігі айқындалды.
  2. Қылмыс санаттарының түрлері. Бұл бөлікте қылмыс санаттарының жекелеген түрлеріне анықтама беріліп, талдаулар жүргізілді.
  3. Қылмыс санаттарының қылмысты саралаудағы маңызы. Қылмысты саралау мен қылмыстық жауаптылық тағайындау барысында маңызды рөл атқаратын қылмыс элементтері туралы зерттеліп, жазылды.

Қорытынды бөлімде жалпы тақырыптың теориялық және практикалық жағынан себепті байланыстар келтірілді.

  1. Негізгі бөлім.

Қылмыс санаттарының ұғымы.

Жалпы қылмыс ұғымына тоқталар болсақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 10-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Қылмыстар сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай топтасуы қылмыс санаттары деп аталады. Олар онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлiнедi. ҚР Қылмыстық Кодексінің 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, «жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады».

Жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады.

Жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады.

Жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады.

Сонымен, Қылмыстық Кодекстің 11-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:

  1. Қасақана жасаған әрекеті үшін - 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті - 5 жылдан аспайтын мерзімге - онша ауыр емес;
  2. Қасақана жасаған әрекеті үшін - 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті - 5 жылдан аспайтын мерзімге - ауырлығы орташа;
  3. Қасақана жасаған әрекеті үшін - 12 жылдан астам мерзімге - ауыр;
  4. Қасақана жасаған әрекеті үшін - 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе - аса ауыр санатына жатады.

Заң әдебиеттерінде қылмыстырды жіктеу мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қылмыстарды жіктеу жеке нақты белгілері бойынша істелген қылмысты анықтауға, яғни әлеуметгік мәніне, қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі, кінәнің нысаны, қылмыстың саралануы мен тартылатын жазасына қарай санаттарға бөлуге мүмкіндік беретін болғандықтан қылмыстық құқықта негізге алынатын мәндердің біріне ие болады.

Қылмыстарды жіктеу заң ғылымында құқықтың түрлі салаларын (қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару) қамтитын болғандықтан кешенді сипатқа ие болады және турлі құкықтық ғылымдармен, соны ішінде криминологиямен және криминалистикамен қарастырылады. «Дегенмен, ол үшін негізгісі қылмыс болып саналатын коғамдық қауіпті әрекеттер шеңберін анықтау тек қылмыстық кұқыққа жүкгелгендіктен, қылмыстық-құкықтық жікгеу болып табылады»

Қылмыстарды жіктеу негізіне түрлі өлшем белгілері алынған. Біріншіден қылмыс объектісін алатын болсақ, қылмыс объектілеріне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі әрқайсысы немесе белгілі бір шоғырланған қылмыстық-құқықтық нормалары өзі тектес объектілерге қол сұғатын қылмысты істегены үшін жауаптылықты қарастыратын тарауларға бөлінеді. Мұндай жіктеудің маңызы құқық қолданушының Қылмыстық кодексті пайдалануын жеңілдетуімен ғана емес, сонымен бірге нақты әрекет-тің әлеуметтік-саяси мәнін дүрыс анықтауға мүмкіндік беруімен, сондай-ақ жасалаған әрекетті дұрыс саралауға көмектесуімен керінеді.

Екіншіден, қылмыстарды жіктеу белгісі ретінде кінә нысаны танылады. ҚР ҚК Ерекше бөліміндегі барлық қылмыстық әрекеттер қасаканалықпен және абайсыздықта істеген болып бөлінеді. Қылмысты қасаканалыққа немесе абайсыздыкқа жатқызу айтарлыктай занды салдарларға әкеп тірейді: а) қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтауға (мысалы, абайсызда істелген қылмыс ауыр немесе аса ауыр деп танылуы мүмкін емес; қьпімыстың қайталануы тек қасақана қылмыста ғана танылады; қылмысқа дайындалу мен сжталу үшін кінәнің тек қана қасақаналық нысаны қарастырылады) ; ә) жазаға (кдсақана қылмыс үшін заң бойынша қатаңырақ жаза қарастырылады) ; б) түзеу мекемелерінің түрін анықтауға (абайсыздықпен істелген қылмыста жаза түзеу колония-қоныста өтелсе, ал касаканалыкга - жалпы, қатаң және ерекше режимдегі түзеу колонияларында өтеледі) ; в) қылмыстық жауаптылықтан басату (ҚР ҚК 65-69-баптары) және қылмыстық жазадан босату (ҚР ҚК 70-76-баптары) шарттарына әсер етеді.

Қоғамдық қауіптілік сипаты қылмыстың сапалық сипатын көрсетеді. Ол әлеуметтік мәніне, қол сұғылатын объектінің құндылығына, нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне, сондай-ақ кінәнің нысанына карай анықталады. Дәл осы қоғамдық қауіптілік сипаты бойынша ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тарауларына енетін қылмыстардың (мысалы, меншікке қарсы қылмыстар (6-тарау) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардан (7-тарау) айырмашьшықта болады не ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бір тарауына кіретін түрлі топтардың айырмашылықтары болады (мысалы, «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деген 1-тарауға адам өміріне қарсы кылмыстар (96-102-баптар) ; денсаулыққа қарсы қылмыстар (103-111-баІггар) ; азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төңдіретін қылмыстар (112-119-баптар) ; жыныстық қылмыстар (120-124-баптар) ; жеке бостандыққа қарсы қьшмыстар (125-128-баптар) ; азаматгардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар (129-130-баптар) ) .

Қоғамдық кауіптілік дәрежесі қьлмыстың сандық көрсеткіші болады. Әр әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі, біріншіден сол әрекет қүрамының қүрылымдық белгілерін сипаттайтын мән-жайларға, екіншіден, заңшығарушының осы құрамдарды саралаушы деп таныған мән-жайларына;

Үшіншіден, қылмыстық ниетті жүзеге асыру дәрежесіне; төртіншіден, катысушьшардың болуына; бесіншіден, адамның істеген әрекеттерінің көптігіне байланысты. Сөйтіп, адам өлтіру түрлері: жай кісі өлтіру - ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлігі, ауырлатушы мән-жайларда өлтіру ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі, жеңілдетуші мән-жайларда өлтіру - ҚР ҚК 97-100-баптары қандай жағдайда болмасын кез келген адамның (ауруына, қартайғандығына, кәмелетке толмағандығына және басқаларға қарамастан) өмірі бірдей қарастырылады.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2-тармағында істелген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауда соттардын, қылмыстардың ауырлық дәрежесін анықтау тәртібін реттейтін ҚР ҚК 10-бабының талаптарына сүйенуге тура келеді. Мұнда нақты кылмыстық әрекет істелгенде барлық мән-жайлардың жиын-тығы алынады (кінәнің нысаны, қылмыстың істелу себебі, әдісі, мән-жайы мен сатысы, келтірілген зардаптың ауырлығы, сотталушылардың әрқайсының қылмысты істеуге қатысу дәрежесі мен сипаты) /48/.

ҚР ҚК 10-бабында барлық қылмыс қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесіне қарай 4 түрлі санатқа бөлінеді деп бекітілген. Оларға: онша ауыр емес қылмыс (ҚР ҚК 10-6. 2-бөл. ), ауырлығы орташа қылмыс (ҚР ҚК 10-6. 3-бөл. ), ауыр қылмыстар (ҚР ҚК 10-6. 4-бөл. ), ерекше ауыр қылмыс (ҚР ҚК 10-6. 5-бөл. ) . Белгілі бір санатгағы қылмыстың ауырлығы жазаның түрімен және мөлшерімен, сондай-ақ кінәнің нысанымен (қасақаналық немесе абайсыздық) анықталады.

Онша ауыр емес қылмыс деп, істелгені үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана істелген әрекет, сондай-ақ, істелгені үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда істелген әрекет танылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде ауырлығы онша емес қылмыстар қатарына мейілінше көп (206) әрекет жатады (2005 жылдың 8-шілдесіндегі ҚР ҚК-не өзгертулерді қоса есептегенде) .

Ауырлығы орташа қылмыс деп істелгені үшін Қылмыстык кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана істелген әрекет, сондай-ақ, істелгені үшін ең ауыр жаза бес жылдан астам бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда істелген әрекет танылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде осы санаттағы қылмыстарға 202 қылмыс жатады.

Ауыр қылмыс деп істелгені үшін Қылмыстық кодексте кезделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана істелген қылмыс танылады. Демек, ауыр қылмыстырға 5 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығына айыру түріндегі жаза көзделген әрекетті жатқызуға болады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде 146 қылмыс ауыр болып табылады.

Аса ауыр қылмыс деп істелгені үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қылмыс танылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде мұндай қылмыстардың 47 түрі қарастырылған.

ҚР Бас прокуратурасы құқыктық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің мәліметгік деректеріне сәйкес, 2004 жылғы республика бойынша тіркелген 130309 қылмыстың 15560-ы онша ауыр емес қылмыс, 85149-ы ауырлығы орташа қыпмыс, 26259-ы аса ауыр қылмыс, 3341-і аса ауыр қылмыс болған.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2-тармағында соттардың ауыр және аса ауыр қылмыс істеген адамдарға, әсіресе ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың құрамында қылмыс істегендерға, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп танылғандарға, сондай-ақ бұрын сотталып түзелу жолына түскісі келмейтін адамдарға заңмен қарастырылған қатаң жазалау шараларын қолдану және олардың істерін міндетті түрде талқылауға назар аударуды атап өткен.

Қылмыстарды онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп төрт санатқа бөлу заң бұзған адамға тйісті көзқараспен қарауға, қылмыстық жауаптылыққа тарту, жаза тағайындаумен және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату шарттарымен істелген әрекетті саралау туралы мәселелерді шешуді қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Заң шығарушы ҚР ҚК 10-бабындағы қарастырылған қылмыс санаттарының әрқайсысына қатысты белгілі бір құқықгық зардаптарды белгілеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс ұғымы жайлы
Қылмыстық құқықтың санаттары
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР - дың
Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық құқықтың принциптері
Қылмыстың ұғымы және белгілері
Қылмыс түсінігі белгілері
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Қылмыстың түсінігі және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz