Мәміленің жарамсыздығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті
Құқық кафедрасы

БӨЖ

Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Мәміле түсінігі және түрлері. Мәміленің жарамсыздығы.

Тобы: ЗХХ-311о
Орындаған: Таңатарова А.С.
Қабылдаған: Иманбекова М.М.

Түркістан, 2023 жыл

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мәміле ұғымы
Мәміленің нысаны
Мәміленің түрлері
Жарамсыз мәмілелер
Қорытынды
Глоссарий
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:Азаматтық құқық оқу пәні бойынша таңдалған тақырып - Мәмілелер ұғымы және түрлері. Жарамсыз мәмілелер азаматтық құқықтық айналымның маңызды фактілерінің бірі болып табылады. Мәмілелер туралы ҚР Азаматтық кодексінің 4-тарауы осы тақырыпқа арналған. Мәмілелер тақырыбы заңи тұрғыда азаматтық айналымға түсуші барлық жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. Мәмілелердің қазіргі таңдағы құқықтық жағдайы өте жоғары.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Мәмілелер тақырыбын таңдаудағы негізгі мақсат Азаматтық құқықтағы мәмілелер туралы түсінік қалыптастыру, оның түрлерін ажырату және оларға жеке-жеке анықтамалар беру арқылы, практикада қолдану, Маңызсыз және жарамсыз деп танылатын мәмілелердің негізгі белгілерін анықтау. Мәміле жарамсыз деп танылғаннан кейінгі құқықтық жағдайды реттеу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, глоссарийден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде таңдалған тақырып бойынша жалпылай мәліметтер, тақырыптың өзектілігі , оның мақсаты мен міндеттері, жұмыстың құрылымы көрсетілді.
Негізгі бөлімде тақырыптыңмәні ашылды. Негізгі бөлім 4 бөліктен тұрады:
Бірінші бөлім, мәміле ұғымы, бұл бөлімде мәміленің анықтамасы, түсінігі берілді.
Екінші бөлім,мәміле нысаны, мәмілелердің қандай нысандарда жасалатыны анықталды.
Үшінші бөлім, мәміленің түрлері, мәміленің құқықтық анықтамаларда қандай критерийлер бойынша щалай жіктелеті зерттелді.
Төртінші бөлім, мәміленің жарамсыздығы, бұл бөлімде ҚР Азаматтық заңнамасына сәйкес мәмілелердің жарамсыз деп танылуы, жарамсыз мәмілелер, олар жарамсыз деп танылғаннан кейінгі құқықтық салдар туралы жазылды.
Қорытынды бөлімде мәмілелердің қазіргі таңдағы еліміздегі маңызы туралы айтылды.
Глоссарийде осы тақырыпты зерттеу барысында кезжескен ғылыми терминдерге анықтама берілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде жұмыстың қандай ғалымдардың және қандай нақты фактілерге сүйене отырып жазылғандығы көрсетілді.

Мәміле ұғымы.
Мәміле - ҚР Азаматтық Кодексінің 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Мәмілеге мынадай белгілер тән:
Тұлғаның (тараптардың) ерік білдіруі (ниет);
Рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет етуі;
Қандай да бір заңды құқықтық әрекет жасауға бағытталған азаматтық құқықтық қатынастардан пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуы;
Әрқашан да құқықтық салдары болуы.
Мәміленің нысаны.
Мәміленің маңызы оның жақтарының ерік (ниет) білдіруі болып табылады. Ерік білдіру ауызша, конклюденттік әрекет арқылы жазбаша , үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру тәсілін мәміленің нысаны деп атайды.Егер мәмілеге қатысушы адамдар өз еркін ауызша айтқан бллса, бұл ауызша нысандағы мәміле болып табылады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша болып саналады.Кейде ауызша жасалған мәмілені растау үшін белгілі бір құжаттар, қағаздар берілуі мүмкін (тауарлық чек, затты сатып алғанын растайтыг құжат т.б.) сондай-ақ, жетон, билет секілді растайтын ззге де құжаттар берілуі мүмкін.
Конклюденттік әрекет (лат. concludere - жасау) - әрекет арқылы тұлғаның белгілі бір мәмілені жасауға ниет білдіруі. Мысалы, ойын автоматына ақша салу арқылы адам ондағы затты алуға ерік білдіреді. Бұл нақты әрекеттер жасау арқылы ерік білдіруді конклюденттік әрекеи деп атаймыз.
Үндемей қалу ҚР Азаматтық заңдарында көзделген реттерде мәміле жасау үшін ерікін білдіруі мүмкін. Бұл нысан қарсылық білдірмеу, үндемеу әрекеттерімен сипатталады. Мысалы, пәтерді жалдап тұрушы адамның жалдау шартының мерзімі өтіп кеткен жағдайда, егер жалға беруші тарапынан ешқандай қарсылық болмаса, мерзімі өткен шарт бойынша жалдап тұра беруі мүмкін.
Жазбаша нысан - мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңцарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет ережесінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын түрі.
Мынадай мәмiлелер:
Егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;
Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;
Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс.Мәміленің жазбаша нысаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады.
Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.
Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.
Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар, электрондық хабарлар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.
Мәміленің түрлері.
Мәмілелер келесі криткрийлер бойынша бөлінеді:
Тараптардың санына байланысты: біржақты және екі немесе көпжақты;
Негізінің маңыздылығына байланысты: казуальді және абстрактілі;
Жасалу уақытына байланысты: нақты және консенсуальді;
Мерзіміне байланысты: мерзімді және мерзімсіз;
Ақы төленуіне қарай: ақылы және ақысыз;
Шартпен жасалған;
Биржалық;
Біржақты мәмілелер дегеніміз мәмілені жасалды деп тану үшін біржақтың ерік білдіруі жеткілікті деп емептелетін мәмілелер. Мысалы, мүлікті, ақшаны өзге де бағалы заттарды сыйға тарту, мұра қалдыру, өсиет жазу.
Екі немесе одан көпжақты мәмілелер болып мәмілені жасалды деп екі немесе одан көп тараптардың ерік білдіруі міндеттелетін мәмілелер танылады. Мысалы, сатып алусату шарты, қарыз беру т.б.
Казуальді мәмілелер - құқықтық теорияға сәйкес (causa-себепті) тараптардың қойған мақсатына қарай анықталады және мәміленің заты бепілгенге дейін жасалды деп есептелетін мәмілелер. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауарға алдын ала ақытөлеп, бiрақ сатушы тауарды жеткiзiп бермедi делiк. Сатушының сатып алушыдан алған ақшаға құқығы жойылады.
Абстрактылық мәмілелер - егер мәмiленiң өзiнде оны жасаған адамның шын еркi бiлдiрiлмесе, абстрактiлi мәмiленiң заңды күшi оның негiздемесiне байланысты болмайды. Мысалы, сатушыға тауар құнының сомасына вексель берiп,алынған тауар үшiн сатушы есеп айырысты делiк. Егер кейiннен тауардың сапасыз болып шыққаны анықталса, вексельдi қайтаруды талап ету мүмкiн емес, керiсiнше, вексель бойынша құқық вексель ұстаушы үшiн де, вексель берiлетiн барлық кейiнгi ұстаушыларүшiн де, оны төлеуге мiндеттi адам үшiн де күшiн сақтап қалады.
Консенсуальдық мәмілелер (лат. Consensus - келісім) - келісімге келген сәттен бастап азаматтарған құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Бұл мәмілелердің нақты мәмiлелерден айырмашылығы, нақты мәмiлелер зат қатысушылардың бiреуiне берiлген жағдайда ғана жасалды деп есептеледі. Нақты мәмiлелерге жүк тасымалдау шартын жатқызуғ болады. Бұл мәмiле жасалды деп есептеу үшiн жүк жөнелтушiнiң жүктi тасымалдаушыға беруi қажет. Ал консенсуалдық мәмілелерге мысал ретінде, мұрагерлік шартын немесе өсиет қалдыру мәмілесін қарастыруға болады. Себебі, бұл мәміле түрінде нақты азаматтық құқықтық қатынастарының объектісінің қарсы тарапқа өту-өтпеуіне байланысты емес шарты жасалған деп саналады.
Ал нақты мәмілені жүзеге асыру үшін келісімнің өзі жеткіліксіз, ол үшін мәміленің объектісі болып табылатын затты тапсыру карек болады
Сонымен, нақты мәміле дегеніміз мәмілені жасалды деп тану үшін оның объектісі болып табылатын затты тапсыру керек болатын мәмілелер.
Мәмiлелер ақылы және ақысыз болып жiктеледi (Азаматтық кодекстiң 384-бабы). Тараптар өзмiндеттерiн орындағаны үшiн ақы немесе өтеуiне өзге де нәрсе алуға тиiс болатын шарт ақылы шарт болыптабылады. Ақылы шарттардың азаматтық құқық үшiн жалпы ереже екенiн атап өту қажет. Бiр тарап екiншiтарапқа одан ақы немесе өтеуiне өзге де нәрсе алмай беруге мiндеттенетiн шарт ақысыз шарт деп танылады.Ақысыз шарттың мысалына мүлiктi тегiн пайдалану шартын атауға болады. (5)
Биржалық мәмілелер ҚР АК 156 бабында көзделгендей биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер. Биржалық мәмiлелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын растау үшiн биржа беретiн құжаттармен ресiмделедi.
Мәміленің жарамсыздығы.
Азаматтық құқық теориясында жарамсыз мәмiлелер мынадай түрлерге бөлiнедi:
а) субъектiлiк құрамында кемшiлiктерi бар мәмiлелер;
ә) еркiнде кемшiлiктерi бармәмiлелер;
б) нысанында кемшiлiктерi бар мәмiлелер;
в) мазмұнында кемшiлiктерi бар мәмiле. Азаматтықкодексте жалпы норма болатынын, оған сәйкес мазмұны заңдардың талаптарына сәйкес келмейтiн кез-келген мәмiле жарамсыз болып табылады (ҚР АК-нiң 158-бабы)
Субъектiлiк құрамында кемшiлiктерi бар мәмiлелер екi топқа бөлiнедi. Бiрiншiсi - азаматтардың әрекет қабiлетсiздiгiне, ал екiншiсi заңды тұлғалардың арнаулы құқық қабiлетiне не олардың органдарының мәртебесiне байланысты.Азаматтар қатысушысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарамсыз мәміленің ұғымы
Жарамсыз мәмілелер түсінігі
Мәміленің жарамсыздығы, түрлері және ескіру мерзімі
Мәмілелерді жарамсызсыздығының салдары
Мәмілелер
Халықаралық сауда мәмiлелерiнiн бұзылғандығы үшiн жауаптылық
Мәмілелерді тіркеу
Мәмілені құқықтық реттеу
Мәміле туралы ақпарат
Неке шартының жарамсыздығы
Пәндер