Тыныс алудың жүйкелік және гуморальды реттелуі: анатомиясы, механизмдері мен рефлекстері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
https://topuch.ru/pni-biofizika-tairibi-nejrondar-ortali-jjke-jjesin-zertteu-tsi/237275_html_76a1fca0b439e3f2.png
: «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕБББМ
:
: НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

РЕФЕРАТ

«Тыныс алу реттелуі»

Тексеруші: Кунакбаев Амантай Сарсенович

Орындаған: Қуатбаев Батырбек 102А

ЖОСПАР

Тыныс алу реттелуі

Жүйкелік реттелу және гуморальды реттелу

Жүйкелік реттелудің маңызы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тыныс алу - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет, сондықтан, тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды, сондықтан, ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене , оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз - тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т. б. ) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы - өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек) . Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры) . Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.

Жүйкелік реттелу

Тыныс алу орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. Оның бір бөлігі тыныс алуды, бір бөлігі тыныс шығаруды реттеп отырады. Сопақша мида пайда болған қозу қозғалтқыш нейрондар арқылы қабырғааралық бұлшық еттер мен көкетке жеткізіледі, олар кезекпен жиырылып және босаңсиды. Тынас алу орталығына үлкен ми сыңарлары да әсер етеді: адам аз уақытта тынысын ұстап қала алады.

Гуморальды реттелу

Мысалы, миға ағып келген қанның құрамында көмірқышқыл газы көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Қанның құрамында көмірқышқыл газының мөлшері азайғанда, адам тыныс алады. Одан соң ол тыныс шығарылады. Тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі ағзаның белсенділігіне, күйіне байланысты рефлекс арқылы өзгеріп отырады. Тыныс алу рефлекстерінің жолы тыныс алу орталығы арқылы өтеді.
Түшкіру және жөтелу секілді рефлекстері тыныс алу орталығы арқылы жүзеге асады. Кеңсірекке түскен шаң-тозаң немесе ащы иісті зат оның кілегейлі қабықшасында орналасқан қабылдағыштарды тітіркендіреді. Осы кезде қорғаныш рефлексі пайда болады, адам түшкіреді, яғни танау арқылы күшті әрі тез рефлекс арқылы тыныс шығарады. Түшкірген кезде тітіркендіруші заттар кеңсіріктен шығып кетеді. Кеңсірікке жиналып қалған кілегейлі зат та тұмау кезінде осындай реакция туғызады. Жөтелу дегеніміз - көмей тітіркенгенде кенет рефлекс арқылы ауыздан тыныс шығару. Кеңірдек қабылдағыштарының тітркенуінен, яғни аммиак буынан, хлордан және т. б. химиялық заттардан тыныс алу рефлекторлық тоқталуымен шектеледі. Суға кеткен адам, электр тоғы немесе найзаға соққанда, уланғанда және т. б. жағдайларда тыныс алудың тоқталуы байқалады. Бұндай жағдайда өкпеге жасанды әдіс бойынша "ауызға - ауыз" немесе "ауыз - мұрын" желдетуін жасау қажет.

Гуморальды және жүйке реттелуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағзаның физиологиялық функцияларын реттеу механизмдері: жергілікті, жүйкелік, гуморальды және нейрогуморальды жүйелер
Негізгі тыныс жолдары мен амфорикалық тыныс: анатомиясы, физиологиясы және зерттеу әдістері
Сыртқы тыныс алудың патофизиологиясы және тыныс алу жеткіліксіздігінің механизмдері, түрлері мен клиникалық белгілері
Тыныс алу жүйесі: анатомиясы, физиологиясы және балалардағы реттелуі мен гигиеналық талаптары
Тыныс алу жүйесінің құрылысы, қызметі және сыртқы тыныс алудың патофизиологиясы
Ішкі секреция бездері: құрылымы, гормондары және гуморальды реттеу механизмдері
Негізгі тыныс алу шулары және амфорикалық тыныс алудың аускультациялық сипаттамасы
Жүректің анатомиясы мен қызметін реттеу механизмдері
Тыныс алу жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
Өсімдіктердегі тыныс алудың даму тарихы, химиялық негіздері және ферменттік жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz