Мемлекет нысанының ұғымы
Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министірілігі
ORDA жоғары колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекет нысанының ұғымы
Орындаған: Нұржан Бағдаулет
Тобы: З-9-12
Қабылдаған: Кемелбеков М.Е.
Қызылорда, 2023ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..6
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.1. ЖӘЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. КҮРДЕЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3. МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30
КІРІСПЕ
Мемлекет нысандары -- саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады. Егер мемлекеттің негізі санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, мемлекет нысаны санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді. Мемлекет және құқық теориясы құқық пен мемлекеттің шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ. Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының іске асатын саяси жүйесі. Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді. Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады. Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді: -- мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай; -- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр; -- жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған; -- жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді. Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады: 1.Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі; 2.Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы; 3.Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі. Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша: 1.Қазақстан Республикасының Президенті -- мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. 2.Республиканың Президенті -- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. 3. Республика Президенті -- мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады. Демократиялық мемлекет құруды негізгі шарты -- барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. Азаматтық қоғам түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, өндірістік қатынастар ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде азаматтық қоғам - бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді Мемлекет дегеніміз -- қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің үш белгісі бар, ол атап айтқанда, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі болды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады. Ал енді Республикалық басқару жүйесі деген не? Республика деген мемлекетті басқару жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі кезде Республиканың екі түрі бар: олар Президенттік және Парламенттік. Аттарының өзі айтып тұрғандай, бірінде мемлекеттік басқару билігі президенттің, екіншісінде парламенттің қолында жинақталған. Біздің мемлекетіміз президенттік басқару нысанындағы республика түріне жатады, ол Қазақстан Республикасы деп аталады. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіз мемлекет атанды. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейінде беделінің ерекше артқанын көрсетеді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас мемлекетіміздің буыны бекіп, өркендей түсуіне зор еңбек сіңіріп келеді.Әр елдің өз Конституциясы -- негізгі заңы бар. Қазақстанның қазіргі қолданып жүрген Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Оның бірінші бабында былай делінген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы -- адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері -- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Бізде мемлекеттік тіл -- қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қолданылады. Мемлекеттің маңызды сипаттамаларының бірі - оның ерекше құрылымдық мекеме болуы. Оны біз түрлі биліктік өкілеттіліктері бар ерекше разрядтағы адамдардың әлеуметтік аппаратқа бірігуінен байқаймыз және де олар басқарудың белгілі бір маманданған қызметімен айналысады. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекетіміздің үздіксіз қалыптасуы жөнінде былай жазады: Өтпелі кезең стратегиясының мазмұны мен мақсатының жүзеге асуымен байланысты, әлемдік қатынастарға Қазақстанның жаңа орны мен жаңа сапасын ескеруші стратегияны жасау, ойластыру қажеттілігі туады. Иә, өзінің өткен тарихы сияқты Қазақстанның болашағы да шексіз. Алайда, оның беделін арттыру өз қолымызда.
1.МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ ҰҒЫМЫ
Мемлекет нысаны - бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы. Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тек ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтын қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтын билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламентті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттіі сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпитін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарга берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді. Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді: 1)парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер - министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2)президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3)аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әркайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттік аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық курылымы бар мемлекет. Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлекеттік құрылымдар тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады. Империялар - бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады. Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін кұрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, ел азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады. Федерация - бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формальды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі. Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тауелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардан субъектілері. Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлкеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацията бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады. Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнін екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық жене антидемократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Осы заманғы теория бойынша мемлкеттік құрылым унитарлық және федеративтік болып бөлінеді. Унитарлық мемлекеттің ішкі аумактық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет болып табылады. Унитарлық мемлекет тек әкімшілік - аумактық бөлшектерге бөлінеді де, мемлекеттік ішкі әкімшілік - аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылымдарға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекеттерде бір ғана конституция, бір заң шығаратын жоғарғы орган, бір жоғарғы басқару органы, біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып табылады. Мемлекет құрылымының екінші бір түрі - федерация. Федерация құрамында екі немесе одан да кеп мемлекеттер болады. Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет. Онда федералдық конституция, заң шығару, басқару органы бар. Дегенмен федерациялық мемлекеттің билігі оған кірген мемлекеттерден өріс алады. Бұл әр түрлі формада көрінуі мүмкін. Кейде мемлекеттер федерациясына кіретін үкімет одақ мемлекеттің ең жоғарғы билігін құруы мүмкін, мысалы президент. Бірақ бұл екінші жағдайда да мемлекеттерге одақ мемлекетінің билігін жүзеге асыруға қатысуға құқық берілген. Мысалы, барлық республикалық одақ мемлекеттерінде палаталарының бірі федерация мүшесінің өкілдігі ретінде қызмет етеді және де бұлардың кейбіреулерінде федерация субъектілерінің теңдігі әрі мемлекет - мүшесіне, көбіне федерацияға енетін, конституцияны өзгерткенде шешуші дауысы бар бөлек мемлекеттерге депутаттарының санының теңдігін ұсынғанда көрінеді. Бұл федеративтік құрылыстың үлкен және эмперикалық түрлілігіне куә болады. Бұлардың жартысы тарихи өзгеріп бірқатар федерациялардың унитарлық мемлекетке айналу тенденциясында көрініс табады. Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі конфедерация деп аталады. Конфедерация - тауелсіз мемлекеттердің одағы. Бұндай одақ бір немесе бірнеше саяси, экономикалық, әскери т.б. мақсаттарды көздеп кұрылады. Конфедерация белгілері бар құрылым мемлекет конфедерациялық одаққа кіре отырып, өзінің тәуелсіздігін толық сақтайды. Мемлекет конфедерациялық одаққа өзінің тауелсіздігін толығымен сақтап, ішкі және сыртқы істердің барлығында дербес субъект бола береді. Әдетте конфедерацияның бір әскери заң шығарушы органдары, бір азаматтығы, бір салық, бюджет, ақша бірлігінің жүйесі болмайды. Конфедерацияның маңызы бойынша шапқыншылық немесе қорғаныс одағы болатын шатастырмау керек. Оларға қарағанда конфедерация тиісті тұрақты болады және мемлекеттік заңды сипаттамасымен және өз биліктерімен тек қана сыртқы істерде ғана жүзеге асырылмайтын, басқарудың конфедералдық органдары бар.
2.МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым - ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территорияларлық жүйесі, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді. Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет" делінген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында ("унус" деген сез-бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады). Тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар мәслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган -- әкім. Федерация "федус" деген сез - одақ деп латын тілінен аударылады. Құрама мемлекет бірнеше зайырлы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет - күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге белінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъектілері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтық алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірак тажірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, СССР (Украина мен Белорусия), Югославия, АКШ, Канада. Көбінесе олардың тауелсіздігі формальды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерацияның өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойганын дұрыс санайды. Федерацияда конституция, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама жене жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Ундістан жатады, ал екіншісіне АКШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттік құрылысы тарихи дамумен байланысты. Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте киын. Конфедерация - белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері кездеседі: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны "құмнан істелген арқан" деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық биліктін шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық карым-катынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес. Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жадайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екендігі байқалады. қолданылатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия). Мемлекеттің курылымына қоғамның Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Ніл, Вавилонда-Тигр жане Евфрат, Үндістанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр. Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Ежелгі-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді. (Ману заңдарында, Салистік жинағында- (Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында -- Русская правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы катаң кағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы ұлттық құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары - федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия - федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX гасырда Пруссия мен Австриянын гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализімге кешкенімен, буржуазиялық мемлекеттің калыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия --олар федерацияға жатады. Қазақстан жерінде көне дауірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі атасы - қыпшактар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды. Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны мәлім. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді. Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларының еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканын мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім. Мемлекеттік құрылым нысандарының келесі мәселелерін көптеген зерттеушілер айналысқан және айналысып та жатыр.
Мемлекеттік құрылым мәселелері Маркстің және Энгельстін көз қырларына түакен кезде, олар унитарлы мемлекеттің федеративтінің алдында басымдықты иеленетіндігін айтатын. Олардың пікірінше, еңбектің жоғары өнімділігі, еңбек етушілер арасындағы біршама тығыз байланыстар революциялық процеске ықпалын тигізуі керек, оған федеративті бастамалар кезінде қол жеткізуге болмайды. Бірақ мұндай алғышарт Германия, Франция сияқты елдерге, ұлтаралық қақтығыстар болмаған және болмайтын, ұлттық қатынаста бір текті болатын елдерде орынды болады. Олар өз назарларын Ұлыбританияға аударганда, британдық колониялар астында төрт әр түрлі халықтың өмір сүретіндігін байқайды, және онда мемлекет унитарлы болса, онда таптық емес, ұлттық белгілері бойынша бөлінуі мен келіспеушіліктердің болуы сөзсіз. Яғни ағылшын жұмысшысы ағылшын буржуазиясымен, шотландық шотландықпен және т.б. бір бірімен бірігеді. Мұндайды алдын алу үшін, Маркс пен Энгельс, Британияда мемлекеттіліктің федеративті нысаны қажеттігін белгілеген, ол әр түрлі халықтардың тең құқылығын қамтамасыз етеді, ұлттық мәселені кетіреді және әртурлі халықтардың консолидация құралы болады. Осыған орай, марксистік теория шегінде мемлекет нысаны ретінде мемлекеттің әлеуметтік таптық және ұлттық аумақтық мазмұнының сыртқы көрінісі түсінілетін, ол мемлекеттің негізгі құрылымдары - жоғарғы мемлекеттік билік органдары арасында, бұл органдар мен мемлекеттің аумақтық белімшелерінің билік пен басқару органдары арасында ара қатынастарының сипатымен анықталады. Бірақ мемлекеттік құрылым нысанына ықпал ететін ұлттық және тарихи дәстүрлер, ұлттық психология, діни сана, мәдени орта, қоғамды идеологияландыру және саясаттандыру деңгейі, экологиялық факторлар және басқалары зерттеу шектерінен тыс қалады. Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дағдарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың біршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды.
2.1. ЖӘЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ
Аумақтық мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің ішкі құрылымын, орталық және жергілікті биліктің өзара қатынас қағидаттарын айқындайды. Заманауи мемлекеттерді әкімшілік-аумақтық белгілері бойынша бөлу негізіне келесідей принциптер қойылады: -мемлекеттің жекелеген бөліктерінің құқықтық мәртебесі, -орталық пен аймақтардың өзара қатынас түрі. Қазіргі күнде аумақтық мемлекеттік құрылыс нысанының үш негізгі түрлері туралы айтуға болады: біртұтас, федеративтік және конфедеративтік. Біртұтас мемлекет - әкімшілік-аумақтық бірліктерден құралатын біртұтас мемлекет. Федерация - дербес бірліктерді қамтитын және оны құрайтын бөліктер мемлекеттік суверенитеттің бірқатар белгілеріне ие одақтас мемлекет. Конфедерация - бірлескен саяси, әскери, немесе басқа да мақсаттар үшін кұрылған уақытша сипатқа ие одақтас мемлекет. Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, белінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғары органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет. Унитарлық мемлекет-бул мемлекеттің орталық органдарына бағынатын, мемлекеттік егемендігі жоқ, әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұратын бір тұтас мемлекеттік құрылым. Мысалы, Қазақстан, Италия және т.б. Унитарлық мемлекет белгілері: -барлық мемлекетке ортақ заң шығарушы, атқарушы, сот органдарының болуы; -бір конституция, бір азаматтық, бірыңғай заң жүйесінің болуы; -мемлекеттік егемендігі жоқ, құрамдас бөліктерден тұруы; -шағын саны бар ұлттар тұратын біртұтас мемлекетте ұлттық және заңнамалық автономияға жол берілуі; -сыртқы мемлекет аралық карым қатынастарды орталық органдардың жүзеге асыруы; -бірыңғай қарулы күштердің болуы. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын кушейту үшін қолайлы ұйымдық құқықтық алғышарттар жасайды. Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың түрі. Біртұтас мемлекеттің құрамына жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық - мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңнын күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылтын және орталықтандырылатын түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Улыбритания, Жана Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерланд,, Қазақстан, өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында "Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет" делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді. Унитарлық мемлекет түсінігін басқаша біртұтас мемлекет ретінде қарастырады. Біртұтас құрылыс үкіметтен бастап жеке аумақтардың билік органдарына дейінгі аралықтары жоғарғы билік органдарының біртұтас жүйесімен, біртұтас басқару мен құқық түрімен, ортақ Конституциясымен, біртұтас сот жүйесімен, бір азаматтықтың болуымен сипатталады. Біртұтас биліктегі басқару тетіктері орталық органдардың қолдарында жинақталады. Яғни бұл құрылыста үкіметтен бастап жекелеген аумақтардың билік органдарына дейінгі билікті қамтитын елді баскарудың бірыңғай жүйесі өмір сүреді.
Орталық үкімет заңдарды сапалы турде орындау мақсатында өкілеттіліктердің бір бөлігін жергілікті әкімшілік органдарға береді. Біртұтас мемлекетте ортақ азаматтылықтан бөлек, жекелеген аймақтардың азаматтығына жол берілмейді. Маселен, Ресейде Татарстан тұргыны бір мезгілде ел автономиясының (федерация субьектісінің) және федерация азаматы болып табылса, Қазақстандағы Павлодар облысының тұрғыны облыс азаматы болып саналмайды, өйткені ол еліміздің барлық азаматтары тәрізді Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттердің көпшілігі билікті аумақтық ұйымдастырудың біртұтас нысанына басымдық береді. Бұл мемлекеттегі негізгі құзырет үкіметтің қолында жинақталғандықтан, орталық мемлекеттік (жалпымемлекеттік) органдар маңызды биліктік функцияларды еленеді. Елде заңдарды тек Парламент шығара алады, атқарушы билік үкіметтің қолында болады, ал Жоғарғы Сот шешімі барлығына міндетті болып табылады. Мемлекет басшысы конституцияға сәйкес жекелеген өкілеттіліктерді жергілікті билік органдарына береді. Біртұтас мемлекетте орталық органдар суверенитет иесі болып табылады. Аймақтар суверенитетті еленбейді. Яғни жекелеген облыстар өз конституциялары мен заңдарын шығара алмайды. Біртұтас мемлекетте заңнамаларға қайшы келетін кез келген шешімдер лезде жойылады. Осы ретте, жекелеген біртұтас мемлекеттердің белгілі бір провинцияларының немесе аумактарының мемлекеттің құқықтық жүйесін бұзуға талпынатын жағдайлар ішінара болса да орын алып отыратынын айта кету керек. Ел тұрғындарының басым көпшілігі бір ұлттан тұратын, сонымен қатар көпұлттардан тұратын елдер де біртұтас мемлекет бола алады. Осы ретте, бір ұлттан тұратын біртұтас мемлекеттердің қатарында Польша, Туркия, Египет, Жапония, Швеция елдерін айта кетуге болады. Ал көп улттардың өкілдері қатар өмір сүріп отырған біртұтас мемлекеттерге мысал ретінде Қытай, Финляндия, Украина, Ұлыбритания, Қазақстан және тағы басқа да елдерді айтуға болады. Қазіргі күнде бұрын бір ұлт өмір сүретін елдердің өздері көп ұлттық елдерге айнала бастауда. Мәселен, Францияда поляк, неміс, орыс, қытай және басқа да ұлт өкілдерін кездестіруге болады. Бұл елде өзінің бұрынғы отар елдерінен шыққан алжирліктер, вьетнамдықтар, тунистіктер мароккандықтар мен өзге де халықтар да көптеп өмір сүріп отыр. Дәл осылай, Ұлыбритания бүгінгі күнде қытайлардың, африкандыктардың, үнділердің, пәкістандықтардың, жапондардың және басқа да көптеген ұлттардың отанына айналып отыр. Бұл, өз кезегінде, біртұтас жүйенің, өзі әртурлі этникалық топтардың өзара қатынастарынан туындайтын қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін көрсетеді. Біртұтас мемлекеттердің негізгі маселелері: -заңнамаларының бейімділігінін (ептілігінін) жоқтыңы, - аймактардың мәселелеріне назар аударылмауы (әсіресе аумағы үлкен және халық саны көп елдерде), - аз ұлттардың пікірлерін ескерудің қиындығы. Әрине, осы мәселелерді шешу мақсатында орталық билік тарапынан өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, этникалық топтардың өз тілдерін, мәдениеті мен салт-дастүрлерін сақтау мен дамыту құқығын іске асыруларына мумкіндік беретін көптеген шаралар қабылдануда. Барлық азаматтар өздерінің теңқұқыты екендігін сезіну үшін балаларға туған тілдерінде білім беруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда. Біртұтас құрылымтың артық тұсы ретінде елдің барлық, аумақтарының әлеуметтік және экономикалық дамуының біркелкі деңгейін шынайы қамтамасыз ету мүмкіндігін айтуға болады. Мұндай елдердің барлық, азаматтары ұлттық ауызбіршілік сезімімен біріккен. Біртұтас мемлекеттерде экономика ортақ ереже бойынша өмір сүретін біртұтас ағза ретінде көрінеді. Елдің барлық аумағында бірдей алым-салықтар әрекет етеді. Тауарлар мен қызмет көрсету ағымдары біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде еркін қозғалысқа түседі. Бұған бір азаматтық, ортақ әкімшілік және қылмыстық заңнамалар жүйесі де оңды септігін тигізеді. Мұндай елдерде бір провинцияда (облыста) қылмыс жасаған адамның басқа провинцияға қоныс аударып, жасаған қылмысы үшін басқа заңдар бойынша жауап беруін (федеративтік мемлекеттерде мұндай жағдайлар кейде орын алып жатады, елестету мүмкін емес. Біртұтас нысан жағдайында орталық пен аймақтардың өзара қатынасының екі түрі болуы мүмкін: Әкімшілік орталықтандыру -биліктің барлық күшін орталыққа жинақтау, жергілікті билік органдарын үкіметке толық, бағындыру және оларды катаң бақылау. Саяси орталықтандыру - саяси және құқықтық шаралармен қатар бейресми нормалармен, саяси лидерлердің жеке қатынастарымен қол жеткізілетін биліктің барлық деңгейлерінің әрекет етулеріндегі бірауыздылық. Қазақстан Республикасының біртұтас құрылымы. Қазақстан біртұтас мемлекет болып табылады. Мемлекеттік құрылымтың осы түрі биліктің, парменді тетіктерін жасактауға, біртұтас экономикалық, салық және кедендік кеңістікті орнатуға септігін тигізеді, білім беруді, денсаулық сақтауды және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіруге мүмкіндік береді. Осы орайда, біздің елімізде биліктің жергілікті органдары айтарлықтай кең экономикалық және әкімшілік өкілеттіліктерді иеленеді. Жергілікті әкімшілік басшысы - әкім - сол аумақтың экономикалық даму жоспарын әзірлейді, өңірдегі өкілетті орган болып табылатын мәслихатпен бірлесе отырып жергілікті бюджетті қалыптастырады және оның орындалуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар коммуналдық меншікті басқарады және кадрлық, мәселелерді шешеді. Әлемде аумақ басшыларын анықтаудың, әртурлі жолдары бар. Маселен, Албанияда, Болгарияда, Венгрияда, Грекияда, Испанияда, Италияда, сонымен қатар Австриянын, Канаданын, Македониянын бірқатар аймақтарында округ тұрғындары жалпыға ортақ, сайлаулар кезінде жергілікті басшыларды сайлап алатын болса, Данияда, Испанияда, Латвияда, Литвада және Мальтада жергілікті басшыларды сайлау кезінде жанама сайлаулар (жергілікті өкілетті органдардың, депуттарымен) қолданылады. Ал, Бельгия, Улыбритания, Ирландия, Нидерланды және АКШ-тың бірқатар штаттарында селолар мен қалалар басшыларын жоғары тұрған органдар тағайындайды. Еліміздің Конституциясына сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz