Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министірілігі

« ORDA » жоғары колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы: Демогратиялық мемлекет

Орындаған: Нұржан Құдайберген

Тобы: З-9-12

Қабылдаған: Кемелбеков М. Е.

Қызылорда, 2023ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК6

2. ДЕМОКРАТИЯ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ10

3. САЙЛАУ - ДЕМОКРАТИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ21

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР29

КІРІСПЕ

Демократия - грек тіліндегі «халық билігі» деген ұғымынан шыққан сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін - өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым бойынша, халық өзін - өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару, сол елдің сенім білдіріп өздерін сайлаған депутаттары арқылы келісіп, жүзеге асырады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.

Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президенттің, депутаттарының билігін артырып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық жариялық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамаларымен жоғары бағалатын құрылым.

Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті - адамдардың көріп, естуі түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінумен байқайды.

Әділдік негізі - теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамдық әділсіздік жаулайды. Ал, демократияның мақсаты - адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда халық билігі құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің коституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс.

Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы - демократиялық мәдениетін меңгеру. Бұл кезде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір - біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметімен лауазымына қарамай, теңдей көру т. с.

Демократия ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия принциптері тең адамдар арасында, қоғамда мәдени қарым - қатынаста жүзеге асырады. Қоғамда өмір сүру жақсы жұмыс істеу үшін - өзара келісім керек.

Түрлі көз қарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, ашық пікір айтылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды. Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып, ал іс жүзінде оның негізгі принциптері орындалмайтын болса, онда оны демократиялық қоғам құрылым деп айта алмаймыз. Яғни, демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оны өзгеріп, алға жылжытуына септігі тигізеді.

Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болып келеді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай бұдан кейін де дамып, өз табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып, өзін - өзі толықтырып отыратын демократиялық қоғам.

Егер демократияны - халық биілігі деп түсінсек, сол биліктің жүзеге асыруының бірден - бір құралы - сайлау болып табылады. Сайлау азаматтардың саяси мәселеге араласуы, шешім қабылдаудың өкілдік жолымен берілетін құқығы деуге болады. Демократияның қоғамын негізгі заңдарының бірі - билік орындарында отырған жандардың билігі бір мерзімнен соң аусып отыруы. (қанша ақылды да адал азаматтар болсын, шексіз билік ұзаққа созылған басшылық адамды аздыруы мүмкін, екіншіден келесі келетін жандардың алдынғыларға қарағанда артық емес екендігі кім біледі?) . осы ауысу процесі еркінде заңды сайлау жүйесі арқылы жүргізіледі.

1. ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

«Демократия» - сөзі гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен шыққан, яғни «халық билгі» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1. Мемлекет түрі; 2. Теңдік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принципіне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әр түрлі рең алған. Олар мынадай мемлекетті демократиялық деп түсінген:

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конститутция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болды. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады;

2. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауды, т. с. с. теңдік болады;

3. Демократияда әділеттік болуы керек. Әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениеттің дәрежесімен айқындалады;

4. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділетті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерін азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуіне, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сыйланбалы болуға дұрыс. Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау - дамай, шиеліністерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы, және т. с. с. Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халықтың билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

Демократияның антикалық, классикалық теориялары: Тұңғыш демократиялық мемлекет б. з. д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда «халық кеңесі» жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т. с. с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Қалық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорқытты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны «бесжүздік» деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар «халық соты» жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырады. Афиналық демократия Периклдің (б. з. д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінеді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда «халықтық мінбе» жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты. Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешілігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.

Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның «Шумпетерлік» теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет: 1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болуы тиіс; 2. саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек; 3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек; 4. Демократиялық өзін - өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

Демократияның алуан түрлі элитарлық теориялары: Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттеледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет. Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді. «Ақпараттық демократияның» негізін қалаушы Франция саясатшысы М. Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және свайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастарме байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге ткелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шектетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; Халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін - өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саями институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етуі, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталынуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді, оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т. с. с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сонау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мен меншікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.

Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі. Принциптері: 1. Билік органдарын сайлау; 2. Биліктің бөлінуі; 3. Саяси пікірдің әртектілігі; 4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі; 5. Заң; 6. Қоғамдық пікірді ескеру; 7. Азшылықтың өзіндік көзқарасы хұқы; 8. Жариялылық.

Жүзеге асыру формалары: 1. Сайлау өткізу, есеп беру; 2. Жобаларды бүкілхалықтық талқылау; 3. Референдум өткізу; 4. Митинг, жиналыс; 5. Съезд, конференция, пленум; 6. Шеру, бойкөрсетулер; 7. Сессия; 8. Шетелге сапарлар; 9. Ереуілдер.

Демократиялық қоғамның белгілері. Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады. Экономика саласында: 1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы; 2. Меншік түрлерінің әркелкілігі; 3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет; 4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы; 5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы; 6. Мүгедектермен, табысы төмен топтарға қамқорлық жасау.

Саяси салада: 1. Саяси пікірдің әралуандылығы; 2. Көппартиялылықтың болуы; 3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы; 4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы; 5. Оларды іс жүзінде қолдау; 6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы; 7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы; 8. Оппозицияның болуы.

Рухани салада: 1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т. с. с. бостандықтар жүйесінің болуы; 2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы; 3. Ғылыми - техникалық прогресстің дамуы; 4. Оқу - ағарту мекемелер жүйесінің болуы; 5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу; 6. Зұлымдық, қаталдық, нәсімшілдік насихатынан шектеу.

Әлеуметтік салада: 1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы; 2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; 3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздікпен қорғалуы; 4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы; 5. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы; 6. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу.

Қазіргі кездегі демократиялық қозғалыстар. Қазіргі уақытта мынадай демократиялық қозғалыстар бар: 1. Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі; 2. Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар; 3. Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар; 4. Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес; 5. Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы; 6. Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы; 7. Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.

Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру. Саяси жүйені демократияландырудың мынадай негізгі бағыттары бар:

-Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін - өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мемлекеттердің өкілеттік бастамаларын дамыту;

-Барлық әлеуметтк топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру;

-Жеке адамның жан - жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастық процестерін жүргізу;

-Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шығарылуына қарсы тосқауыл жасау;

-Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау;

-Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасындағы демократия. Біз жоғарыда демократиялық қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайлардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік. Қазақстан Республикасының Конститутциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу» деп көрсеткен. 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация конститутциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылады. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе - теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс - қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. ДЕМОКРАТИЯ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Адамзат бірлесе өмір сүре бастаған мыңдаған жылдар бойында «қой үстіне бозторғай жұмырқалайтын» молшылық заманды армандайды. Сонымен бірге осындай тамаша заманның алғашқы шарты қоғамдағы адамдардың арасындағы келісім, өздерін - өздері билеп, қызмет көрсету екені де белгілі болатын. Тарихтың беттерінде талай қоғамдық жүйенің түрлері мемлекетті басқарудың жолдары қалды. Халық та, хан да барлық адамдардың көңілінен шығатын, еркіндік пен молшылықты қатар қамтамасыз ететін, азаматтар мен өкіметтің арасындағы қарым қатынасты ретткейтін жан - жақты жүйені ойлап табуға ұмтылыс жасады. Әр адамның әрбір топтың, ұлттың, таптын өз көз қарасы бар қоғамдық өмірде барлық жақтың да көңілінен шығатын жаңа жүйе табу, оны орнату оңай емес жұмыс. Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады.

Біріншіден, демократияны - азаматтардың бәрінен де көңілінен шығатын, өмір бойы армандаған асыл мұрат деп түсінбеуміз керек. Демократияны артықшылығы да осындай - ұлт өзінің кемшіліктерін, әлі де шешімін таба алмай жатқан мәселелері бар екені ешқашан жасырмайды. Сол бір қиын түйіндерді қоғамның барлық мүшелері бірлесе отырып шешуге мүмкіндін туғызуда. Сондықтан демократияны «Құран сөзі» деп қабылдайтындар қатты қателеседі.

Екіншіден, шынында да талай тәжіибелерді алдымызға жайып беретін тарих бетінде бүгінге дейін демократиядан артық, одан қолайлы ешқандай жүйе жоқ. Демократияның заңдары догма емес, ол кез келген өзгеріске дайын және қоғамнан бірге жетіліп, дамып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Қазақстан Республикасының билік жүйесін демократияландыру саясаты
Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары
Демократияның конституциялық негіздері
Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру
Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі
Басқару іс-әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері
Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері
Саяси модернизация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz