Балалардың жүйке жүйесінің физиологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп оқушыларының даму физиологиясы

Дәріс 1.

Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Мектеп оқушыларының даму физиологиясы - организмнің жеке дамуының әр кезеңіндегі өсу мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

Мақсаты - ағзаның ұрықтанғаннан бастап өмірін тоқтатқанға дейінгі кезеңдердегі өсу мен дамудың физиологиялық қызметтері мен заңдылықтарын зерттейді.

Мектеп оқушыларының даму физиологиясының негізгі бөлімдері:

Эмбрионалдық даму физиологиясы,

Емшектегі бала физиологиясы,

Балалар мен жасөспірім шақтағы физиология,

Қартайған организмінің физиологиясы. геронтология (қартаю туралы ғылым) .

Мектеп оқушыларының даму физиологиясының негізгі міндеттері:

  • Әртүрлі мүшелердің, мүшелер жүйесі мен бүтін ағзаның жасқа сай қызметтік ерекшеліктерін зерттеу;
  • Эндогенді және экзогенді факторлардың ағзаның даму ерекшеліктеріне әсерін анықтау;
  • Жастың объективті критериилерін анықтау;
  • Жеке даму заңдылықтарын қарастыру.

Балалар мен жастардың организмі күн сайын өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштері(салмағы, бойы, кеуде шеңбері, өкпенің сийымдылығы, қолдың күші т. б. ) әрдайым өзгеріп отырады. Бұл процесті өсу деп атаймыз. Адамның бойын антрометр деп аталатын аспаппен, салмағын арнайы медициналық таразымен, кеуде бас шеңберін сантиметірлік лентамен өлшейді. Адам денесінің көрсеткіштерін өлшеуді антрометрия деп атайды.

Сондай-ақ, адам организімінде өсу мен қатар даму процесі де жүреді. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы .

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бой көбірек, күндіз аз өседі.

Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде.

Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылында миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады.

Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады.

Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін.

Өсу мен дамудың акселерациясы. Акселерация дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.

Акселерация - латын сөзінен аударғанда жедел жетілу деген мағына береді.

Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері:

  • жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;
  • белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;
  • -ерте жыныстық жетілу;
  • -баланың сүйегінің ерте қатаюы;
  • -бойдың өсуінің ерте тоқтауы.

Адам жасының кезеңдері

Адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөледі. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

Нәресте- алғашқы 10 күн;

Емшектегі сәби -10 күн-1 жас аралығы;

Алғашқы балалық шақ - 1-3 жас аралығы;

Бірінші балалық шақ - 4-7 жас аралығы;

Екінші балалық шақ - 8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала) ;

Жасөспірім шақ - 12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала) ;

Кәмелеттік немесе бозбала, бойжеткен - 16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала) ;

Кемел жас (ересектіктің 1- кезеңі) - 21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер) ;

Ересектіктің 2- кезеңі - 36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер) ;

Егде жас - 56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер) ;

Қарттық жас - 75-90 (әйелдер, ерлер) ;

Ұзақ жасаушылар - 90 жастан жоғары.

Физиологиялық тыныштық деп адам көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасу артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек- қантамырлар, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, жасушаларды тітіркендіреді.

Дәріс 2.

Балалардың жүйке жүйесінің физиологиясы. 1 бөлім.

Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай төмендегідей анықтауға болады:

- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады;

- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;

- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді;

- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - жүйке жасушасы құрайды.

Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін -дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін - аксон (нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1, 5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар - глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.

Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды.

Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол - клеткааралық сұйыққа толы кеңістік.

Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін.

Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші.

Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түседі, ал ересек адамдарда көп болады.

Жүйкелер мен жүйке талшықтары. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз.

Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С.

А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк (микрон), миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 120 мин.

В тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 5 м.

С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.

Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.

Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.

Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді.

Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.

Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер) . Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.

Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы) .

Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.

Ми. Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз қимылдатқыш, ІV- шығыршық, V-үшкіл (үш тарамды), VІ- бет бұру, VІІ- бет, VІІІ-дыбыс, ІХ- тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.

Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390гр, ересек адамдарда 1400-1450гр. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.

Мидың бөлімдері: сопақша ми, Вароли көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми сыңарлары.

Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарын асты безінің сөлдерін бөлу орталығы орналасқан және ІХ-ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі - сопақша мидың үстінде орналасқан. Көпірден Ү, ҮІ жұп нервтері және көпір мен сопақша мидың арасынан ҮІІ- ҮІІІ жұп нерв тармақтары шығады. Сопақша ми мен көпірді артқы ми деп те атайды. Артқы мидың дамуы 7 жасқа келгенде аяқталуға жақындайды.

Мишық сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишықта дененің қимыл-әрекеттерін, тепе- теңдікті сақтау мен бұлшық еттердің тонусын реттейтін орталықтар орналасқан. Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8 жаста аяқталады.

Ортаңғы ми вароли көпірінің үстінде орналасқан. Мұнда сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық жүйкелерінің, қызыл және қара субстанцияларының ядролары бар. 4 төбешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталықтары, артқы төбешіктерінде алғашқы есту орталықтары орналасқан. Қызыл ядро бұлшық ет тонусын реттейді. Қара субстанция жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады.

Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамуста зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар.

Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.

Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация (торлы құрылым) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық, үлкен ми сыңарларына. Жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады. Белсенділігін арттырғанда жұлын рефлекстері жақсы пайда болады, ал тежегенде жұлын рефлекстері әлсіреп, қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді.

Дәріс 3.

Балалардың жүйке жүйесінің физиологиясы. ІІ бөлім.

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары) . Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар.

Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.

Үлкен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан. Ол ми қыртысы деп аталады, оның қалыңдығы 2-4 мм.

Қыртысты қабаттың астыңғы жағындағы ақ затты сырты миелин қабығымен қапталған нейрондардың аксондары құрайды. Олар ассоциативті, коммисуральді және проекционды талшықтар деп бөлінеді.

Ассоциативті талшықтар әр жарты шардың жеке бөліктерін байланыстырады. Комиссуральды талшықтар екі жарты шардың симметриялы бөліктерін байланыстырады. Проекционды талшықтар жарты шардан тыс шығып кетеді.

Нейрондардың пішініне қарай ми қыртысы 7 қабаттан тұрады:

Молекулярлық қабат - ең үстіңгі қабат, ол ұсақ нейрондардан тұрады.

Сыртқы түйіршікті қабат. Нейрондардың пішіні дән тәрізді.

сыртқы пирамидалы қабат. Нейрондардың пішіні пирамида тәрізді, мөлшері әртүрлі.

Ішкі түйіршікті қабат.

Ганглиозды қабат. Ірі пирамидалы Бец жасушаларынан тұрады.

Полиморфты (көп пішінді) қабат. Нейрондардың пішіні әртүрлі.

Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нейрондардан тұрады. Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады:

Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы - бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;

Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.

Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының қызметі бірдей еместігі анықталған. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымданса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген.

Ми сыңарларының қызметі

Сол жақ жарты шар
Оң жақ жарты шар
Сол жақ жарты шар:

Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты байқау, болжау, бағдарлау, тұжырымдау, жоспарлау

Оң жақ жарты шар:

Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, олардың функциялық ұқсастықтарын байқау, заттардың алыс-жақындығын байқау.

Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып алуға болады. Оны жазып алатын аспапты электроэнцефалограф дейді, ал жазылып алынған биопотенциалдың қисық сызығын электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды.

ЭЭГ-ның негізгі бес түрлі ырғағын бөледі: альфа, бета, гамма, дельта және тета ырғақтары.

Альфа ырғағы - тыныштық ырғақ, жиілігі секундына 8-13 рет. Бұл ырғақ адам жатқанда, тыныш отырғанда (көзін жұмып) байқалады. Ол ми қыртысының желке және төбе тұстарынан жақсы жазылынып алынады.

Бета ырғағы - әрекет ырғағы, жиілігі секундына 14-30 рет. Бұл ырғақ адам ой ойлағанда (мысалы, есеп шығарғанда) ми қыртысының маңдай және төбе бөлімдерінен жақсы жазылады.

Гамма ырғағы қатты қозу кезінде (мысалы, қуаныш, реніш, қатты ойланғанда) пайда болатын ең жиі ырғақ (орта есеппен 40гЦ.

Дельта ырғағы ең баяу, ұйықтағанда пайда болады, жиілігі орта шамамен 25 гЦ) .

Тета ырғағы - жиілігі секундына 4-8 рет шала ұйқыда жатқанда жазылатын потенциал ырғағы (5гЦ) .

Ми сыңарларының дамуы . 1 жастағы баланың маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз. Ми қыртысының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.

4-6 жас аралығында баланың сезім және қозғалыс аймақтары қалыптасады. Функциялық жетілуі төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі - нашар, қозуы - тез жайылады, бала тез қозады, әсіресе ойнағанда жаман ұйықтайды, ұйықтап жатқанда мазасызданады.

7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді клеткалары қалыптаспаған, байланыс бөлімдерінің нейрондары миелинденіп болмағандықтан ойлау қабілеті, санасы әлі толық жетілмеген. Қозуы тежелуден басымырақ. Сондықтан баланың зейіні 7-8 жаста 15-20 мин, 8-10 жаста 20-25 минуттай ғана. Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде түрлі ойындардан кейін ұзаққа дейін тыныштала алмайды.

13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Баланың белсенді зейіні 30-40 минөттей болады. 17-18 жаста баланың ми қыртысының құрылымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады.

Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді.

Соматикалық жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан.

Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасқан. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады.

Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады.

Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның І-көкірек омыртқасымен ІІІ-бел омыртқасының арасында орналасқан. Перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, жүйкелер мен жүйке өрімдерінен тұрады.

Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел және сегізкөз бөліктеріне бөлінеді.

Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Ең жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді жүйкелендіретін күре тамыры жүйкесі кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек жүйкелері тарайды.

Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктердің жүйкелері көкірек қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді, мұнда үлкен және кіші құрсақ жүйкелері басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтіп, құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.

Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Олар жамбас қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.

Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бөлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімінің мүшелерге әсер етуі көбіне бір-біріне қарама-қарсы өзгерістер арқылы байқалады.

Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің ішкі мүшелерге әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Жас ерекшеліктер физиологиясы
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы
Жүйке жүйесінің құрылысы
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Физалогия ғылымы және оның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz