Ғұн мемлекетінің қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
3 Тақырып. Үйсін, қаңлы, ғұн мемлекеттері
Дәріс мақсаты: үйсіндер, қаңлы, ғұн мемлекеттерінің қоғамдық құрылысынын, саяси тарихының, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айқындап, көрсету.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
1. Үйсіндердің этникалық шығу тегі мәселесі мен территориясы. Қоғамдық құрылысы.Саяси тарихы. Шаруашылығы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері.
2. Қаңлылардың этникалық шығу тегі мен территориясы. Қоғамдық құрылымы. Саяси тарихы.
3. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. . Ғұндардың сыртқы саясаты.
4. Ғұн мемлекетінің саяси және қоғамдық құрылымы.
5. Ғұндардың шаруашылығы, мәдениеті және діни-нанымдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Б.з.д. бұрын 1- ғасырдың аяғында Қазақстан далаларына Орта азиядан келген үйсіндер сақтарды ығыстырып, тарих сахнасына келіп, б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Негізгі териториясы- Іле алқабы- батысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен ұштасты. Астанасы- Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасында орналасқан.
Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлекетін құрайды.
Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұлы гуньмо мен кіші гуньмо пайда болып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоны Өжет, ұлы гуньмоны - Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмо арасындағы өзара қайшылықтарға толы болды. Өзара қақтығыстарда ұлы гуньмо Қытайға, екіншілері кангарлар мен ғұндарға арқа сүйенген. Бірақ ғұндар империясы құлағаннан кейін, оның одақтасымен қатынастары бұзылып, б.з.б. 49 жылы Өжет шекаралық шайқастарда жеңіліске ұшырап, б.з.б. 44 жылы ғұндар Чигучен қаласын тонайды. Бұл оқиғалар үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынастарының нығаюына әсер етіп, б.з.б. 36 жылы олар солтүстік ғұндарға қарсы жорық жасайды.
Б.з.б. 30 - жылдары ұлы және кіші гуньмо арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, кейіннен екі иелік те өз бетіндіктерін жоғалтып, Қытаймен басқарылады. Тек б.з. ІІ ғ. Қытай тәуелділігінен босаған.
ІҮ ғ. Жетісуды монғол тілдес халық - сяньбидің қолында болып, ІҮ ғ. Соңынан ҮІ ғ. Ортасына дейін бұл территорияны жужандар билей бастайды. Жужандардың жиі шабқыншылығының нәтижесінде үйсіндер Жетісудан Тянь-Шань жаққа көшуге мәжбүр болған. Кейінірек, 425 ж. Үйсіндер Қытайға өз елшіерін жіберіп, 436 ж. Вэй империясының жауапты елшілерін қабылдаған. Осыдан бастап үйсіндер Қытайға жыл сайын сыйлықтарымен елшілерін жіберіп отыратын болады. 5 ғ. Бастап үйсін атауы тарих жазбаларында кездеспейді.
Шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (әсіресе жылқы шаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерінің бойында егіншілікпен айналысты. Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын, темірді кеңінен қолданған.
Қоғамдық құрылысы. Үйсін қоғамы- тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар, қатардағы бұқара малшылар мен егіншілерден тұрды. Басшысы- гуньмо (күн бегі) деп аталған.
Үйсін қоғамында малға жеке меншік және қауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарға меншік қалыптасты.
Мәдениеті. Діні- ата бабаның аруақтарына табыну. Материалды мәдениетінде үйсіндер екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Керамика ыдыстар жасау кең тараған. Олар пайдалану жағынан - тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық ыдыстар болып бөлінеді. Тұрмыстық заттардан басқа әртүрлі зергерлік бұйымдар да жасалған. Олар алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап, асыл тасты алқалары бар сырғалар жасалған. Соңғы үйсін кезеңінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі дамыған.
Археологиялық ескерткіштері: Үйсін ескерткіштері қорымдар, обалар түрінде өте көптеп кездеседі. Мысалы: Қапшағай- 3, Өтеген-3, Қызыл еспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар, Қарлақ, Алтын Емел, Қаратума, Алтын Емел, Талғар, Шолақжиде, Үңгіркөр, Қалқаман, Үңгір қара, Арал төбе, Ақтас обалары мен Луговое ауылының маңынан табылған қоныстар мен 2300 м. биіктіктегі тау шатқалынан табылған атақты " Қарғалы диадемасы" мысал бола алады.

Қаңлылар б.д.д. 3-2 ғасырда үйсіндермен бір кезеңде сақтарды тарих сахнасынан ығыстырып, Қазақстанның оңтүстігінде үлкен тайпалық бірлестік құрды. Қаңлылардың ұлы билеушісіне бес иелік бағынышты болған. Территориясы: Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді мекендеді. Қытай деректерінде халқының саны 600 мың немесе 120 мың үй делінген. Астанасы: Битянь қаласы.
Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысында қаңлылардың солтүстік жерлері ғұндарға, оңтүстігі - юечжилерге тәуелді болғаны туралы мәліметтер кездеседі. Б.з.б. 101 ж. Қаңлылар Қытай әскерлерінің басқыншылық шабуылына қарсы ферғаналықтарды жақтады. Б.з.б 85 ж. Шығыс Түркістан жерлерін иемденбекші болған қытайлықтарға қарсы көтеріліске шыққан Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағы қаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылы Шығыс Түркістанға өтетін сауда жолына ықпалын сақтап қалу еді.
Б.з.б 47-46 жж. каңлылардың билеушісі үйсіндерге қарсы күресте солтүстік ғұн шаньюі Чжи Чжимен одақтасқан. Оған өз қызын ұзатып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғұн мемлекеті
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Ғұн Мемлекетіндегі әскери өнердің дамуы
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Пәндер