Микроорганизмдердің препараттарын даярлау


Ф. 7. 03-03
Рысбаева Г. С.
«Микробиология және вирусология» пәнінен
зертханалық жұмысқа арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2022ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
«Биотехнология» кафедрасы
Рысбаева Г. С.
6В05120 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша
«Микробиология және вирусология » пәні бойынша
Зертханалық жұмыс орындауға арналған
әдістемелік нұсқау
Шымкент- 2022 ж
ӘОЖ
Құрастырғандар: Рысбаева Г. С. «Микробиология және вирусология» пәні бойынша зертханалық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқау. -Шымкент: ОҚУ, 2022-84б
« Микробиология және вирусология» пәнінен зертханалық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпы білім беру стандарты бойынша аға оқытушы, Рысбаева Г. С. дайындаған жоғары оқу орны студенттеріне арналған « Микробиология және вирусология» пәнінен № «_08___». . 2022ж. тіркелген типтік бағдарлама негізінде құрылған.
Пікір берушілер: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
институты биология кафедрасының доценті, б. ғ. к.
Есқараев Н. М.
Биотехнология кафедрасының доценті, х. ғ. к. Есимова А. М. .
Әдістемелік нұсқау «Биотехнология» кафедрасының мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № « » 20 ж. )
ХТФ әдістемелік алқасымен мақұлданды
(Хаттама № « _ __» _ _ ___ 20 ж. )
М. Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу - Әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды (хаттама № « » 20 ж
©М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2012
Басылымға жауапты Рысбаева Г. С.
Зертханалық жұмыс №1, 2
Зертханадағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық ыдыстарды өңдеу.
Жұмыстың мақсаты: Зертханада жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулармен танысу, қауіпсіздік ережелерін сақтау. Микробиологиялық зертханадағы жұмыстың негізгі ережесі - жұмысты дұрыс ұйымдастырумен, құралдар мен ыдыстармен танысу.
Жалпы түсінік: Микроорганизмдермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар екені бізге мәлім. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - тазалық сақтау.
Зертханада жарық мол түсуі керек. Оның терезелері солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс немесе солтүстік жақта орналасуы керек. Егерде терезелер оңтүстік жаққа қараған болса, күн ашық күндері оны материалмен жауып, көлеңкелеген дұрыс. Қабырғалары тегіс боялған немесе пластиктермен жабылған болуы тиіс. Зертханадан шығатын есікте қол жуғыш, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар бутил, сабын және сүлгі болуы керек. Еденді пластикамен жабу қажет, өйткені қарағай еденнің тақтайларының аралығында лас жиналады да тазалыққа нұқсан келтіреді.
Жұмыс үстелдері де терезе алдына орналасуы керек, оған жарық мол түскені жөн. Үстел беті пластикамен қапталған болуы тиіс. Үстелдің ортасына пробиркаларға арналған штативтер, флакондар немесе бояулар құйылған ыдыстар, спирт шам немесе газ жанарғысы орналасады. Студенттерге үстел айналасынан жеке орын бекітіліп беріледі. Жұмыс үстелінің үстінде сабаққа қатысы жоқ бөтен заттар болмауы тиіс. Сабаққа қажетті заттардың барлығы өнебойы стол үстінде болғаны жөн. Құрал-жабдықтардың жұмысқа сай, дайын болуына лаборанттар жауапты болады.
Зертханада халатпен, ақ қалпақпен немесе ақ жаулықпен жұмыс істелетінін естен шығармау керек.
Жұмысқа пайдаланылған заттарды ішінде дезинфекциялаушы сұйықтары (хлораминнің 1%, фенолдың 3%) бар ыдысқа салып қою керек. Металдан жасалған заттарды (инелерді, ілмешектерді, пинцетті) жұмыс жасап болғаннан соң спиртовка жалынына жақсылап қарып алады. Киімге немесе тұтынатын заттарға зерттелетін материалдар кездейсоқ тамып кетсе, ол жерді дезинфекциялаушы сұйықпен жақсылап өңдейді. Жұмыс біткеннен кейін қолды дезинфекциялаушы сұйықпен, артынан сабынмен жуып тастайды.
Бөлмені белгілі бір уақыт өткен соң дезинфекциялаушы ерітіндімен, ал боксты (микробтармен жұмыс істейтін бөлме) жұмыс жасап біткеннен кейін бактерицидтік шаммен 30 минуттай өңдеп алады.
Жалпы зертхананың зат жуғыш, автоклав, қоректік орта даярлайтын, термостаттар орналасқан, препараторлық, бокс-бөлме, виварий бөлмелері болуы керек.
Химиялық реактивтер және кейбір биологиялық препараттарды үй асты төлесінде немесе қабырғаға ойып жасалған қараңғы шкафқа орналастырады. Жыл маусымында ол бөлмелер құрғақ, температуралары бір-келкі тұрақты болғаны жөн.
Сабаққа зертхананы лаборант даярлайды, студент тапсырмаларды орындайды, олар келесі ережелерді сақтаулары тиіс:
1. Зертханаға сырт киіммен, бас киіммен, кіруге және басқа да бөтен заттар алып кіруге болмайды. .
2. Оқу жұмыстарына тек халат киіп кірісу керек.
3. Химиялық реактивтермен және бояғыштармен жұмыс істегенде, олардың қолдану тәртібін қатал сақтау керек.
4. Спирт пен эфир қосындысымен өте абай болу керек. Оларды оттық тұрған столға апармау керек.
5. Микроорганизмдер, әсіресе саңырауқұлақ споралары, өте аллергия туғызғыш болғаны үшін, олар тұрған Петри табақшалардың, колбалардың, пробиркалардың беті әрқашан жабық болуы керек.
6. Микроорганизм суспензиясын немесе реактивтерді пипетканың көмегімен алу кезінде, оның үшкір емес ұшы мақтамен тығындалғанына көз жеткізу керек.
7. Зертханада ұқыптылық пен тазалықты сақтау керек. Оқу жұмыстары аяқталған соң микроскоптың иммерсионды жерін жұмсақ матамен сүртіп, микроскопты полиэтиленді қапшықпен жауып, жұмыс орнын тазалап, қолды жуу керек.
8. Студенттер, өздері қолданған микроскопқа, құрал -жабдықтарға және жұмыс орнының тазалығына жауапты.
9. Оқу жұмыстары аяқталған уақытта, кезекші құралдардың тоқ көзінен ажыратылғанын, газдың, судың өшірілуін тексеру керек.
Биотехнологиялық зертханаларды ұйымдастыру
Микробиологиялық зертханадағы жұмыстың негізгі ережесі - жұмысты дұрыс ұйымдастырумен келесілерді есте ұстау керек:
- Зертханаға адамды техника қауіпсіздігі бойынша инструктаждан өткен соң жібереді.
- Барлығы медициналық халатта жұмыс істеуі керек. Халатсыз кіруге тиым салынған.
- Зертханада темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды.
- Жұмыс орны үлгідегідей реттілікте болуы керек, ал артық заттар арнайы орындарда тұрады. Столға өзге затты қоюға болмайды.
- Күтпеген жерден биологиялық материал столға түскенде және т. б. бұл орынды дизинфицирлейтін ерітіндімен мұқият сүртеді.
- Жұмыс нәтижесін жұмыс журналына жазу керек.
- Жұмыс алдында және соңында қолды мұқият жуу керек.
- Жуылмаған қолмен бетті сипауға болмайды.
- Зерттелген материалға ауадан және ауыз қуысынан микрофлора түсетін болғандықтан артық қозғалып, сөйлемеу керек.
Жұмыс кезіндегі студенттер мен кезекшінің міндеті:
- Кезекші оқу материалын қабылдап оны студенттерге таратады.
- Жұмыс кезінде жұмыс орнын таза және жинақы ұстап, микроскопқа және өзге жабдықтарға мұқият қарау, жұмыстың кез келген этапында мұқият болуы керек, сөйлеспеу, жөтелмеу, қышынуға болмайды.
- Барлық егіске (пробиркадағы, чашкадағы, колбадағы) жазу жазады, фамилияны, курс, егіс егілетін күн, стерилизациялануы.
- Барлық қолданылған пипетка, жұғынды жасалған зат шынысы дезинфицирленетін ерітіндіге салынады.
- Столда түсті карандаштар болуы тиіс. Дәптерге қажеттілерін жазамыз.
Студенттер мен кезекшілердің жұмысты аяқтағаннан кейінгі міндеттері.
- Жұмыс орнын ретке келтіру.
- Барлық пробирка, табақшадағы жасалған егісті кезекшіге тапсыру (Кезекші термостатқа қояды) .
- Қолданылған материалдарды кезекшіге залалсыздандыру үшін тапсыру.
- Микроскопты ретке келтіру: салфеткамен иммерсиялық объективті майдан мұқият тазарту; объективті 8х-ға келтіріп, оның астына салфетка қойып, объективті жай қысып, заттық үстелшеге дейін сүрту және егер қажет болса, микроскопты шыны қалпақ астына шкафқа қою.
- Қолды дезинфицирленген ерітіндімен сүртеді және сабындап мұқият жуады, материалдарды сақтау, залалсыздандыру мұғалімнің және лаборанттың келісімімен жасалады.
Зертханалақ жұмыс № 3, 4
Қоректік ортаны дайындау жолдары (ЕПА, ЕПС, ЕПЖ, СА) .
Жұмыстың мақсаты: Микроорганизмдерді культивирлеуге қоректік орта дайындауды үйрету
Жалпы түсінік: Микробиологияның негізгі мақсаты қай субстратта болмасын ондағы микроорганизм санын табу. Бірақ субстраттағы микроорганизмді, жан-жақтылық табатын орта әлі жоқ. Неміс ғалымы Р. Кох ет сорпасы негізінде әмбебап ортаны ұсынды, онда органикалық азотқұрамды қосылысты пайдаланатын микроорганизмдер жақсы өседі.
Кейін микробиология практикасына С. И. Виноградский белгілі микроорганизм тобына арналған элективті немесе сайлаушы ортаны енгізді. Бұл орталарды тек таңдаулы микроорганизм өсетіндей, қатты шартты есеппен құрады. Элективті ортаның негізгі принципі - спецификалық жағдайда өсетін микроорганизмнің таңдаулы қажеттілігін есептеу. Микроорганизм сәйкес топтарының физиологиялық негіздерін біле отырып, ортаның тек химиялық құрамын сұрыптай қоймай, оның мынадай культивирлеу жағдайларын (ортаның активті қышқылы, аэрация жағдайы, температурасы және т. б. ) алуға болады. Мұндайда табиғи жағдайда тұратын экологиялық қуыстың зертханалық имитациясы пайда болады. Элективті орта - алдын ала ортаны залалсыздандырылмай-ақ зертханаларда және өндірісте биологиялық ортаны іске асыра алады. Элективті ортаға мысал ретінде азотфиксаторы мен нитроиндикатор бөлу үшін және олардың жинақтаушы культурасын алуға қолданады.
Жинақтаушы орта Голландия ғалымы М. Бейеринкоммен ұсынылған. Мұнда оны қандай микроорганизм немесе микроорганизм тобы қолданатынын білу үшін зерттеушіні қызықтыратын орта компоненті артығымен қолданды. Өйткені ол немесе олар осы ортада доминирленеді.
Құрамына қарай орта - табиғи (натуралды), синтетикалық болып 2 топқа бөлінеді.
Табиғилық деп - күрделі, анықталмаған химиялық құрамды мал азығынан немесе өсу тегінен тұрады. Бұл өсімдіктің әр түрлі бөліктері жануар талшықтары, солод, ашытқы, көң, топырақ, теңіз суы, өзен және минерал көздері. Бұларды көбінесе тұнба немесе экстракт ретінде пайдаланады. Микроорганизмдердің көбі табиғи жағдайда жақсы өсіп-өнеді, өйткені онда өсу үшін қажет компоненттері бар. Бірақ анықталмаған құрамды орта микроорганизмнің заталмасу физиологиясын зерттеуге жарамсыз, өйткені ол орта компонентінің бір қатарын пайдаланатынын ескермейді, және де микроорганизмдердің қандай зат құрайтынын білу керек. Бұл кемшіліктер табиғи ортаның құрамының өте күрделі болғандығынан және тұрақсыздығына, өйткені азық түріне қарай және дайындау әдісіне байланысты қарай ауытқиды. Бұл микроорганизмдердің өсуіне әсер етеді. Табиғи орталарды негізінен микроорганизмнің культурасын қолдауда жинақтауының биомассасына және диагностикалық мақсатында қолданады.
Синтетикалық - деп құрамына белгілі таза химиялық қосылыстардың нақты берілген концентрациясы кіретін ортаны айтады. Құрамына қарай: жай және күрделі болып 2-ге бөлінеді. Оларды микроорганизмдердің заталмасуын зерттеуде пайдаланады.
Жартылай синтетикалық орта болады, олар анықталмаған құрамды ортаға жатады. Оларға белгілі химиялық табиғаты қосылыстарымен қатар құрамы анықталмаған заттар кіреді. Мысалы етті сорпаға күрделі және химиялық құрамы анықталмаған заттармен бірге пептон, глюкоза немесе сахароза, тұз, калий фосфаты кіруі мүмкін. Картопты орта глюкоза мен пептоннан тұруы мүмкін. Жартылай синтетикалық ортаны микробиологиялық практикада витамин, антибиотик, аминокислот және де басқа микроорганизмдерге керекті азықтарды алуға кеңінен пайдаланады.
Қоректік орта әр түрлі консистенцияда болуы мүмкін: сұйық, тығыз, жартылай сұйық.
Тығыз қоректік ортаны, бактерияның санын білуде, таза культураның бөлінуінде және де т. б. мақсаттарда пайдаланады. Мұндай ортаны 1, 5 - 2, 5% агар немесе 10-15% желатин қосылған сұйықтан дайындайды.
Агар - бұл өсіретін коллоид. Оларды кейбір теңіз балдырларынан алады. Оның құрамына полисахаридтер, өте аз мөлшерде азоттық заттар кіреді. Агарды пластинка түрде, ұнтақ және көбі оны субстрат түрде қолданбайды, сондықтан агар инертті тығыздау ортасы ретінде қолайлы. Агардың еру температурасы - 100 0 С, қатуы - 40 0 С.
Желатина - азотқұрамды қышқыл зат, оны сүйекті, шеміршекті, балық қабыршағын қайнату арқылы алады. Желатиннің еру температурасы (22-25 0 С) көптеген микроорганизмдердің инкубация температурасынан төмен (30-37 0 С) .
Тығыз қоректік орта болып С. Н. Виноградскийдің микробиология практикасына енгізілген гельдік пластиналар жатады. Азоттық органикалық пішінін меңгерген микроорганизмдерді өсіру үшін етті-пептон ортасын қолданады: етті-пептонды сорпа, етті-пептонды агар және етті - пептонды желатин.
Тапсырма : Келесі қоректің ортаны дайындау: етті су, етті-пептонды сорпа, етті пептонды агар, ашытқы автолизат, Сабураның қатты және сұйық ортасын, сыралы сусло-агарды, чапека ортасын.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Автоклав, Кох аппараты, электр қыздырғыш пеш, жас ет, дистильденген су, химиялық стакан 100, 200 мл, сүзгі(марля), мақта, 0, 5% таза ас тұзының ерітіндісі, пептон, ас содасы, агар-агар, желатин.
Жұмыстың орындалу тәртібі :
Ет-пептонды бульон /ЕПБ/. Бульон дайындау үшін жас етті алып, оған су құйып қайнату керек. Дайын болған бульонды бірнеше рет сүзіп, бастапқы көлеміне жеткізіп су құяды. Оның үстіне 0. 5% таза ас тұзын /NaCl/ және Етті суға 1% пептон 0, 5% химиялық таза тұз және 10% су құямыз. Бульонды пептон ерігенше 10-20 минут қайнатады. Ортаның сутектік көрсеткіші /рН= 7, 2-7, 4 болғанға дейін 1% сода ерітіндісін құйып, 15-20 мин қайнатады ортаны қайта сүзеді. Залалсыздандыруды 1 атм. қысымда 30 мин өткізеді. қайнатамыз. Сосын ыстық сорпада РН 7, 3-7, 5 анықталады. Сорпаны пробиркаларға ұйып 15-20 мин 120 0 С-де стерильдейді.
Ет- пептонды агар /ЕПА/. ЕПБ ортасына 2г агар қосады және агары өзгергенше қыздырады, ыстық күйінде мақта, дәке арқылы сүзеді. Немесе 1л етті суға 10г пептон және 5г тұз алып 30мин қайнатады. РН-ын анықтайды, фильтрлейді, архангельдің 30г агарын, қосамыз. (одессалық агар болса - 60г қосады), тегіс араласқанша қыздырады және реакцияны тексереміз. Залалсыздандыруды тұнық ортаны колбаларға бөліп құйып 15-20 мин, 30 мин 1 атм қысымда 120 0 С-да өткізеді.
Етті су. Сүйектен етті, майдан, қабыршақтан және сіңірден ажыратады, ет турағыштан өткізеді, екі немесе 4 еселік кран суын құяды (салмағына қарай) және 1 сағат қайнатады. Сұйықты дәке немесе мақтамен сүзеді, сосын фильтр қағазымен сүзеді. Фильтратты өлшейміз және алғашқы көлеміне жеткізу үшін дистильденген су қосамыз. 3-5 метрлік ыдыстарға құйып 30-40минут 120 0 С залалсыздандырамыз.
Ашытқы автолизаты. Бұл ашытқы автолизатты тығыз агар ортада негізгі қоректік субстратты дайындауға қолданады. Нанды және сыралы ашытқыларының 40-60% азотты заттар, және бірқатар ферменттер. Олардың өзіндік сіңірулеріне себепші болады. Ашытқы орталары азоттың аздығына және төмен дәрежелі көбіршіктенуіне қарамастан ісініп ұлғаюын қамтамасыз етеді. Наубайханаға тән пресстелген ашытқыны орташа бөліктерге бөліп ыдыстарға, автолизат осы ыдыстың 1/5 сыйымдылығын алу есебімен салады. (20л ыдысқа 4кг ашытқы) . Ашытқылы ыдысты термостатқа 60 0 С температурада 2 сөткеге қояды. Ыдыстағы ашытқының сұйылу өлшеміне қарай оны бір келкі араласу үшін шайқайды. (1-2 рет, сөткеде) . Автолиздің аяқталуы, оның толық сұйылуында болып табылады. Автолизат қоңыр түсті және жағымды иісті болуы керек.
Егер осы процесс 58 0 С температурада болса автолизаттың сапасы бұзылады. Автолиз сияқталған соң ыдысқа 3 реттік мөлшердегі жылы құбыр суын қосады. (16л суды 4кг ашытқыға) . Араластырылған автолизатты 1-1, 3 атм (120-123 0 С) -дағы автоклавқа стерилдеуге 30 мин қояды. Оны бірнеше күнге (5-7 күннен кем емес) қалдырады.
Сабуроның қатты ортасы (ашытқыға және саңырауқұлаққа) . Бұл ортаның негізі - ашытқылы су. 1л құбыр суына 80г пресстелген наубайхана ашытқысын алады (немесе 20г кептірілген ашытқыны) 15 мин қайнатады, қағаз фильтр арқылы өткізеді, флакондарға құямыз және оны 1атм 20 мин стерильдейді. 100мл стерильденген ашытқылы суға 1% пептон, 2% агар қосып, агар ерігенше қыздырады, сосын 4% глюкоза (немесе мальтоза) қосады, фильтрлейді, пробиркаларға құяды және 0, 5 атм 20мин стерильдейді. Ортаны тек ашытқы да емес, сондай-ақ 1%-ды пептонды суда дайындауға болады. Пробиркадағы ортаны стерилденген соң, оны қиғаштайды.
Сабуроның сұйық ортасы. Жоғарыда айтылғаннан айырмашылығы, мұнда агар қолданылмайды. Ортаны 150-200 мл колбаларға құйып жоғарыдағыдай стерильдейді. Бұл орта негізінен гемокультураны алуға пайдаланылады.
Сыралы сусла агары. Қызуланбаған сыра суслосын Баллинга бойынша 7-8%-дың қанты болғанша құбыр суымен араластырады. (қант өлшегішпен өлшейді) және 110 0 С ді 10 мин стерильдейді. Бұл түрде сусло ұзақ уақыт сақталады. Қолданарда тұнба үстіндегі сұйықты ақырын тұнбадан құйып алады. 1л стерильденген суслоға 18г агар қосып, оны ерігенше қыздырады және колбаларға құяды. 110 0 С-да 10мин стерильдейді. Тұнбадағы алынған сұйықты құйып алған соң, сұйық суслоны пробиркалар мен колбаларға құйып стерильдейді. (сусло-агорға арналған режимде) .
Бақылау сұрақтары:
- Қоректік орталар қандай топқа бөлінеді, оған мінездеме бер.
- Қоректік ортаны дайындағандағы агар мен желатиннің ролі.
- Қоректік ортаны дайындағандағы негізгі тұздар мен макро, микроэлементтер.
- Қоректік ортаны дайындағандағы азық түрлері.
Зертханалық жұмыс № 5, 6
Зертханалық құрал-жабдықтарды және қоректік орталарды залалсыздандыру әдістері
Жұмыстың мақсаты: Зертханалық жұмыс жасаудағы құралдар мен ыдыстарды залалсыздандыру әдістері
Жалпы түсінік: Зертханалық жұмыстарда қолданылатын ыдыстар химиялық тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге залалсыздандырылған болуы тиіс. Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен (қосалқы анықтамада келтірілген) өңдейді. Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларды органикалық қалдықтардан өте жақсы тазартады. Хром қоспасында 30-40 минут ұстағаннан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.
Жаңадан алынған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып, содан кейін салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса, оны 10% тұз қышқылы ерітіндісінде 10-15 минуттай тағы да қайнатып, артынан сумен шаяды.
Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып, сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қате көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлде болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.
Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған заттық әйнектерде микробтардың жұғынды препаратын даярлауға болмайды. Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды. Содан соң оларды 5% сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да, артынан жақсылап жуады. Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтайды (қосалқы анықтамада келтірілген) . Жуылған ыдыстарды сүртпейді, бөлме температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100- 105° С температурада құрғатады. Таза ыдыстарды шаң-тозаң түспейтін, тығыз жабылатын ыдыстарда немесе шкафтарда сақтайды.
Құрал-жабдықтарды, ыдыстарды залалсыздандыру.
Залалсыздандырудың физикалық әдістері.
Залалсыздандыру дегеніміз - белгілі бір берілген объектідегі микроорганизмдердің толығымен жойылуы. Микробиологиялық лабораториялардағы зерттеулік жұмыстарға арналған барлық құрал-жабдықтар және ыдыстар залалсыздандырылған болу қажет.
Микроорганизмдерге арналған қоректік орталарды жиі қыздыру немесе термозалалсыздандыру арқылы залалсыздандырады. Залалсыздандыру алдында барлық пробиркалардың аузы мақталы тығындармен жабылады. Оның себебі: орталарды басқа микроорганизмдерден қорғау үшін.
Қысым арқылы қанныққан бумен залалсыздандыру.
Мұндай залалсыздандыру жұмыстарын автоклавтарда жүргізеді. Автоклав - екі қабырғалы, металды, цилиндр тәрізді ыдыс. Қабырғалардың арасында су болады. Залалсыздандыратын объектіні автоклав түбіне қояды. Автоклавта будың қысымын көрсететін манометр және ауаның немесе будың шығуы үшін ағынды краны болады.
Автоклав газбен немесе электр тоғымен қыздырылады. Қайнау барысында түзілген бу саңылаулар арқылы автоклавтың ішіне өтеді және ағынды кран арқылы сыртқа шығарылады. Автоклав ішіндегі ауа толығымен ығысылып шыққанан соң, ағынды кранды жабады және автоклав ішінде қысым жоғарлайды. Қысымның көрсеткіші 1 атм жеткенде, қысымның деңгейін бір қалыпты сақтау үшін қыздыруды реттеп отырады. Мұндай қысым кезінде буының температурасы 120 о С - қа тең болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz