Волейбол оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 136 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ

«Білім беру және педагогика » жоғары мектебі

«Жаратылыстану және спорт» кафедрасы

Резервная_копия_ЛОГОТИП

6B01404 - Дене шынықытру және спорт

VOA3206 «Волейболды оқыту әдістемесі» пәнінін

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қызылорда, 2023 жыл

«VOA3206 «Волейболды оқыту әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасы

1. Пәнінің жұмыс бағдарламасы № 604 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары үшін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды

Оқу бағдарламасын құрастырушы: М. А. Измаханова

«Волейболды оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы «Жаратылыстану және спорт» кафедрасының мәжілісінде қаралды.

№___ хаттама, «___» 2023 жыл

Кафедра меңгерушісі: Г. Б. Алибекова

Рецензент: 1) Қызылорда облысы бойынша, акционерлік қоғам филиалы

"Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы "Өрлеу" кәсіби даму институты директоры

Б. Т. Елеусінов

2) Қ. Р. енбек сіңірген жаттықтырушы Абдраев Арман Базарбаевич

Пәннің оқу бағдарламасы «Білім беру және педагогика» бағыты бойынша Академиялық комитет мәжілісінің отырысында мақұлданды.

№___ хаттама, «___» 2023 жыл

Академиялық комитет төрағасы: Муратбаева Г. А.

Түсініктеме

Білім беру әдістемесінің мақсаты: волейбол ойыны туралы студенттерге заман талабына сай білім бере отырып, дене тәрбиесінің орыны мен мақсаты туралы түсінік беру, шеберлік білімдерін қалыптастыра отырып білім беру мекемелері, колледж, гимназияларда білімділік мақсаттарын арттыру мен қатар, дене шынықтыру қимылдарын, жалпы спорт жұмыстарын жүйеге келтіру.

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Волейбол бойынша арнайы білім мен қозғалыс дағдыларын игеру. Спорттық шеберлігінің жетістіктеріне жетелейтін ойын ережелерін орындау. Волейболдың техникасы мен тактикасының әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу әдістерін игеру. Оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, спорт ойындарын ұйымдастыру мен өткізу әдістерін игеру.

Типтік бағдарлама волейбол ойынына тиісті теориялық білім, іскерлік пен кәсіби-педагогикалық әдіс-тәсілдерін, дене шынықтыру пәні мұғалімдерін дайындау үшін қажетті жалпы білім беру және спорттық құрылымдарға қажетті спорттық ойындары қарастырады.

Оқыту барысында студенттер білім беру әдісі және педагогика жұмысында волейбол ойынын өткізуде, спорт жарыстарындағы әділқазы алқасының қалыптсауын, сондай-ақ қимыл ойындарын ұйымдастырудағы білімдік жаттығулардың әдіс-тәсілідерін қарастырады.

«Волейбол бойынша білім беру» әдістемесінің оқулық пәндерінің жұмысы дәріс, семинар, әдістемелік пен тәжірбиелік сабақ, оқу шеберлігі, студенттердің өзіндік жұмыстары ретінде жүргізіледі.

Дәріс барысында студенттерге тарих, волейбол ойынының ұйымдастырылуы мен жарыстардың өткізілуі туралы негізгі мәлімет беріледі.

Семинар сабақтарында берілген дәрістер бойынша білімдері тексеріле отырып, әдістемелік пен тәжірбиелік білімдері, оқу тәжірбиесі, студенттердің өзіндік жұмыстарына баға қойылып, білім сапасы тексеріледі. Студенттер өз баяндамалрын, мәліметтерін оқиды, сонымен қатар арнайы тақырып бойынша студенттердің білім сапасын тексеру мақсаттарында бақылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Әддістемелік сабақтарда дәріс пен тәжірбиелік сабақтарда берілген білімдері тереңде оқытылады, жаттығуларды көрсету мен түсінік беру әдістері беріледі, студенттер волейбол ойынының кәсіби-тактикалық әдістерін меңгере отырып, аталған пәннің оқыту мен дамыту жолдарымен танысады.

Тәжірбиелік сабақтар студенттердің теориялық білімдерін тереңдету мен бекітуге мүмкіндік беру мен қатар оқу барысында педагогикалық әдіс-тәсілдерін қалыптастырып, оқыту әдістемелік жұмыстарына енгізу негіздері қарастырады. Тәжірбие сабақтарында студенттер волейбол ойынының, әдіс-тәсілдерін, орындау рационалдық кәсібін меңгереді, оқыту мен білім беру әдісін, спорт жарыстарын ұйымдастыру жолдарына үйрете отырып, негізгі дене шынықтыру дайындықтарын волейбол мектеп бағдарламасына сәйкес білім беру әдістерін оқиды.

Оқу тәжірбиесі студенттерге өзіндік жұмыс үшін қажетті кәсіби тәжірбиелік дағдылары қалыптасу мақсатында өткізіледі.

Оқу тәжірбиесі сабақтарында оқытушы студенттерге педагогикалық кәсіби меңгертеді, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, оқытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді үйретеді, сонымен қатысушылардың спорт жігерліктері ұйымдастыруды қалыптастырады.

Студенттердің өзіндік жұмысында оқытушымен белгіленген қолданатын әдебиетке негізделеді, реферат жұмыстары әдеби қайнар көзіне сүйене отырып жойылады, сабақ жоспарларының жазылу, психофизиологиялық зерттеулер мен педагогикалық бақылаулардың жүргізілуі, қатысушылардың тактикалық қарым-қатынасымен негізгі техникалық тәсілдердің оқытылуы, спорт ойындары мен жарыстардың зерттелуі, ойын әділеттігі, негізгі хаттаманың жүргізілуі қарастырылады.

Волейбол ойынының негідерін үйрену мерзімінде студенттер спорт алаңын, спорт инвентарын, сабақ пен жарыстың құрал-жабдықтарын дайындауға үйренеді.

Студенттердің білім сапасы оқу жоспарының мерзіміне сәйкес рейтингі ретінде емтихан арқылы бағаланады.

Сабақ өткізу барысында спорттық есепке алынады.

«Волейбол ойынын өткізу әдісі» пәні бойынша студент келесі әдіс-тәсілдерді меңгеру керек:

«Оқу әдісіндегі ойын әдісі мен шеберлігі және оқыту сабақтарының жүргізілуі».

Волейбол ойындары бойынша сабақ өткізу мен оқыту әдісін меңгеру.

Топты жаттығу орындау үшін сапқа тұрғызу мен қатар арнайы тапсырма беру.

Тактикалық қарым-қатынастарын қалыптастыра отырып, жаттығулардың орындалуын көрсету, қателерді түзету мен түсіндіре білу.

Дене шынықтыру жаттығуларды орындау құжаттарын дайындап, жаттығуларды белгілеп, жүйелей білу.

Волейбол ойынын ұйымдастыру мен іс-шараны өткізу.

Волейбол ойыны бойынша әділ баға бере білу. Өткізетін жарыс бойынша хаттамаларды дұрыс жүргізу әдісін білу.

Тәжірбиелік сабақтар бойынша конспект жүргізу.

Сабақ өтетін орны мен құрал-жабдықтарды дайындау.

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жүргізе білу.

Дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында, оқу ойындарын өткізу үстінде тәрбие жұмысын сабақтастыру.

Толық курсті меңгеру соңында студент міндетті:

Тәжірбие бойынша:

Негізгі техникалық тәсілдерді орындау;

Ойын ситуацияларында техника мен тактика әдістерін көрсету;

Жаттығуларды жүйелеу мен шеберлік әдісін, тактикалық қарым-қатынасты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытушылардың тапсырмасы бойынша орындау;

Оқыту әдісін меңгеру;

Білімділік ойынға әділ баға беру.

Теория бойынша:

Оқу бағдарламасы көлемінде теория бойынша емтихан өткізу;

Ойын ережелерін білу.

Емтихан теория мен тәжірбие бойынша білімділік, біліктілік, әдістемелік, білімдеріне сәйкес жалпы бағаланады.

Кіріспе

«Волейбол оқыту әдістемесімен» пәнінің дене тәрбиесі мен халықтардың денсаулығын жетілдіру жүйесіндегі орны. Волейболдың әлемде және Қазақстандағы пайда болу мен даму тарихы. Спорт санаттары мен білімдері үшін техникалық-тактикалық бойынша санаттық талаптар мен нормативтер.

Жоғары білікті оқытушы мамандар мен жаттықтырушыларды университеттерде, академияларда дене шынықтыру институттары мен дене тәрбиесі факультеттерінде дайындау спорт ойындары ары қарай дамытудың шарттарының бірі.

Спорт ойындарын оқыту әдістемесі курсынан өтуге арналған бағдарлама және оқу жұмысы мен емтихан талаптарының ұйымдастырылуы мен мазмұны. Оқу-жаттығу процесінде (волейбол сабақтарында) техника қауіпсіздігі мен гигиеналық нормаларды сақтау.

Волейбол ойынының техникасы мен тактикасын топтастыру және үйрету әдістемесі

Техникалық тәсілдерді топтастыру мен ойын тактикасының негіздері. Шабуылдау мен қорғанудағы негізгі тәсілдердің сипаты. Техникалық және тактикалық дайындықтың өзара байланысы. Ойыншылардың қызметі. Қорғану мен шабуылдағы жеке, топтық. Командалық іс-қимылдардың сипаты. Ойын қимылдарына үйрету әдістемесі, оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру. Педагогикалық міндеттердің, әдіс-тәсілдер бірлігінің қойылу кезегі.

Волейбол ойынының ережелері мен жарыстарға төрешілік жасау әдістемесі

Ойынның негізгі ережелері. Спорттық құрал-жабдықтар мен мүліктер спорттық ғимараттар. Жарыстарға төрешілік жасау әдістемесі. Төрешінің жарыс жетекшісі мен спортшының тәрбиешісі ретіндегі рөлі. Ойынның қарапайым ережелері және оларды анықтау әдістемесі.

Практикалық сабақтардың үлгілік тізімі

Волейболшылардың жалпы және арнайы дене дайындығын жас-жыныстық ерекшеліктерін ескеру арқылы дамыту әдістемесі.

Саптық және қолданбалы жаттығулар. Күш, жылдамдық, ептілік, икемділік және төзімділік тәрбиелуге бағытталған. Жалпы дамыту жаттығулары. Арнайы жаттығулар. Түрлі бастапқы жағдайлардан жүгіру: көз белгісі бойынша жылдамдықты өзгерте отырып жүгіру, қарқыны мен жұлқынудың бағыты бойынша 3, 6, 9 м. қайталап жүгіру.

Дайындықтың тәсілдерін таңдаудағы басты нарсе олардың ағзаға түрліше әсер етуі. Таңдаған тәсілдерді кеңінен түрлендіру қажет. Басты назарды акробатикалық және т. б. аудару қажет. Сабақтарды ерекше орынды доппен орындалатын жаттығулар алуы тиіс. Олардың міндеті дене сапасын дамыту ғана емес, допты меңгеру біліктілігін игеру, доппен бірге өз қимылын уақыт пен кеңістікке сәйкестендіруде. Толтырылған допты бір не екі қолымен бірдей ұстап басынан асыра лақтыру, төменнен лақтыру, кеудесін бұру арқылы лақтыру, еңкею.

Таяну арқылы қабырғадан серпілу, теннис добын сығымдау. Қолдың созылмалы қимылдары, қолдың буындарын айналдыру, кеуденің еңкеюі мен айналуы.

Арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

Волейбол ойынының техникасы мен тактикасын үйрету мен жетілдіру.

Шабуылдау техникасы.

Орын ауыстыра қозғалу техникасы. Тізені аздап бүгу арқылы аяқпен жүру. Түрлі бастапқы жағдайлардан кез-келген бағытқа қарай бетімен, артымен жылдамдығын арттыра, жүгіру. Бір аяғымен секіру. Екі аяқпен итеру және жұлқа тарту. Алдан артқа қарай бұрылу.

Допты меңгеру техникасы. Допты бір не екі қолымен ұстап алу. Допты екі қолымен, кеудесінен, жоғарыдан, төменнен алып беру. Бір қолымен иықтан асыра, жоғарыдан, «күршек» түрінде, төменнен, жанынан доп беру.

Лақтыру. Лақтыру фазасы. Екі қолымен кеудесінен, жоғары, секіру арқылы, «күршек» түрінде, төменнен лақтыру. Допты соғу.

Қорғану техникасы.

Орын ауыстыру техникасы. Бір сызықтың бойында табанынан бастап аяғын алға шығарып тұру. Қорғану тұрысы. Кез-келген бағытқа орын ауыстыру. Жұлқына жүгіру, тоқтау, секіру тәсілдерін шабуыл жасауда пайдалану. Бүгілген тізесімен алға адымдаған аяғымен.

Шабуылдау тактикасы

Жеке тактикалық қимылдар. Допты және досыз ойыншы. Бәсекелесті өз көзқарасы тұрғысынан анықтау және бағалау, бәсекелестің белсенділік деңгейі қарсылық көрсетуімен сипаттау.

Топтық тактикалық қимылдар. 2 не 3 ойыншының өзара іс-қимылы. Жанынан, алдынан, артынан кедергі көрсету. Алып жүру. Үш ойыншының өзара әрекеті.

Командалық тактикалық қимылдар. Қарсы шабуыл, жылдам, түрде кедергіден өту, эшелондық жылдам кедергіден өту. Позициялық шабуылдау, ортадағы ойыншы арқылы, ашық шабуылдау, допты ойынға кіргізудегі комбинациялар, аумақтық қорғанысқа қарсы шабуыл жасау.

Қорғаныс тактикасы.

Жеке тактикалық қимылдар. Шабуылшыға қарсы допты және допсыз қимылдар. Алаңдағы өз шебін анықтау мен бағалау, бәсекелестің шебін байқау, бәсекелестің қарсы қимылының сипаты мен белсенділік деңгейі.

Топтық тактикалық қимылдар. Екі не үш ойыншының өзара әрекеті. Қорғаушыға өзара түсіну тәсілдері. Өз шебінде секіру үшін күресу.

Командалық тактикалық қимылдар. Үйлестірілген қорғаныс екі жүйеде ұйымдастырылады: жеке және аумақтық қорғаныста. Бір орталыққа бағанған қорғаныс екі жүйеде іске асады: жеке тұлғалық және заңды түрде қысым көрсету арқылы.

Әдістемелік сабақтардың үлгілік тізбесі.

Волейбол ойынының техникасы мен тактикасына үйрету әдістемесі.

Шабуылдау мен қорғанудың техникалық қимылдарын топтастыру. Ойынның негізгі техникалық тәсілдеріне үйретудің және жетілдірудің әдістері мен тәсілдері: қағып алу, допты беру, допты алып жүру, кәрзеңкеге лақтыру. Негізгі және көмекші жаттығулар (жалпы және арнайы) .

Жарыстарға төрешілік жасау адістемесі.

Төрешілік әдістемесі, төрешілік тәсілдері. Төрешілермен өзара жұмыс істеу, тәртіп, ереже бұзудағы қиылдар. Жарыстар төрешілігін әдістемелік тұрғыдан талдау.

Семинар сабақтарының үлгілік тізімі.

Волейбол ойынының негізгі техникалық тәсілдеріне үйрету әдістемесі.

Шабуыл мен қорғанудағы ойын техникасын топтастыру. Шабуылдау мен қорғанудағы негізгі тәсілдерге үйрету әдістері мен құралдары.

Волейбол ойынының ережелері және жарысқа төрешілік жасау.

Ойын ережелері мен ойынның анағұрлым күрделі кезеңдерін талдау. Жарыс туралы ережелер құрастыру.

:
:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ

«Білім беру және педагогика » жоғары мектебі

«Жаратылыстану және спорт» кафедрасы

:
:
:

SYLLABUS

(оқу жұмыс бағдарламасы)

Пәннің VOA3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»

Білім беру бағдарламасының атауы -«Дене шынықтыру және спорт»

Курс, академиялық кезең - 3курс, 5-академиялық кезен

Оқыту тілі - қазақша

Пәнді оқыту нысаны- күндізгі

Пәннің мәртебесі - Базалық пән. Тандау компоненті

Кредиттер саны - 5

Сағаттардың жалпы саны - 150

дәріс - 15

практикалық - 30

ОБӨЖ - 30

БӨЖ - 75

емтихан - (тест)

Лектор Измаханова Мейрамгуль Ахметовна , аға оқытушы, магистр, спорт шебері

байланыс телефондары: 87772438590

e-mail:bizhes-1973@mail. ru

кабинет:1102

Дәрісхана: 1107

Оқытушы Измаханова Мейрамгуль Ахметовна , аға оқытушы, магистр, спорт шебері

байланыс телефондары: 87772438590

e-mail:bizhes-1973@mail. ru

кабинет:1102

Дәрісхана: 1107

Офис-сағаттар: (8 сағат)

Қызылорда, 2023жыл

Білім алушылар үшін VOA3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»

пәнінің жұмыс бағдарламасы (syllabus) №603 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары үшін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылып, «» 2023ж. Қызылорда «Болашақ» университетінің Академиялық комитеті мәжілісінде бекітілді (хаттама №) .

Syllabus «Жаратылыстану және спорт» кафедрасының мәжілісінде №___ хаттама, «___» 2023 жылы қаралып, мақұлданды.

Кафедра меңгерушісі Алибекова Г. Б.

(қолы)

Syllabus «Білім беру және педагогика» бағыты бойынша Академиялық комитет мәжілісінде №___ хаттама, «___» 2023 жылы қаралып, бекітілді.

Академиялық комитет төрағасы Муратбаева Г. А.

(қолы)

«Бекітемін» «Білім беру және педагогика»

жоғары мектебінің деканы

Д. Серкебаев

« » 2023ж.
:
:

Пәннің мақсаты: Оқытудың мақсаты-волейбол саласындағы мәні, ерекшелігі, заңдылықтары туралы тұтас түсінік қалыптастыру, білімді жүйелеу және тереңдету, оқыту технологиясы және оларды практикалық іске асыру дағдылары.

Пәннің міндеттері:

- дене дайындығын жетілдіру;

-дене дайындығының деңгейін бағалау;

-оқыту теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

-студенттерде жалпы педагогикалық және арнайы құзіреттіліктердің мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т. б қалыптастыру;

-студенттерді оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарында үздіксіз креативтілігін дамытуға ынталандыру.

Пән мазмұны: Пән волейболдағы спорттық ойын негіздерін қалыптастырады, волейболды оқытудың теориясы мен әдістемесі мәселелерін, техникалық әдістер мен тактикалық іс-қимылдарды меңгеруді, қажетті дағдыларды меңгеруді, волейболдағы оқу-жаттығу процесін жоспарлау мен ұйымдастыруды, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді зерделейді. Оқытудың мақсаты-волейбол саласындағы мәні, ерекшелігі, заңдылықтары туралы тұтас түсінік қалыптастыру, білімді жүйелеу және тереңдету, оқыту технологиясы және оларды практикалық іске асыру дағдылары.

Пререквизит: Дене шынықтыру теориясы мен əдістемесі

Постреквизит: Дене шынықтыру және спорт менеджменті

Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер :

1. Волейболдың оқыту әдістемесін біледі.

2. Волейболдың оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерін іс жүзінде қолданады

3. Волейболдың оқыту әдістемесін меңгерген

4. Волейбол спорт түрін оқыту процесін ұйымдастырудағы білімін, шеберлігі мен дағдыларын сипаттайды, салыстырады, сыни талдайды және тексереді

5. "Волейбол" оқыту әдістемесінде зерттелген техникалық-тактикалық білімді қолдану мүмкіндігін бағалайды, ұсынады, тексереді

І. Пән мазмұнын жүзеге асыру академиялық күнтізбесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денешынықтырудан дәрістер
Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы
Допты екі қолмен төменнен қабылдау
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
Допты боссаусақтармен соғу
Дене шынықтыру жабдықтары
Дене жаттығулары кезінде спиндер
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қозғалыс кезінде
Спорт ойындары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz