Көкөніс дақылдарының тұқым жарнақтарымен танысу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Көкөніс дақылдарының тұқым жарнақтарымен
танысу

Орындаған: Сарсенбек Аделя Болатқызы
Тобы: ПиАП-21-1к

Тексерген: Оразова Айгерим Бериковна

Алматы,2023


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
Тұқым өсіру шаруашылығы туралы түсінік
3
1. ТҰҚЫМ ЖАРНАҚТАРЫМЕН ТАНЫСУ
5
1.1Көкөніс шаруашылығындағы тұқым жарнақтарының ерекшеліктері
5
1.2 Көкөніс дақылдарына жалпы сипаттама
7
1.3 Көкөніс дақылдарының шығу тегі
8
1.4 Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері
9
2. ТҰҚЫМ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ЖАРНАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
11
2.1 Әртүрлі тәсілмен дайындау
14
2.2 Биологиялық ерекшеліктері
17
ҚОРЫТЫНДЫ
19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
20

КІРІСПЕ

ТҰҚЫМ ӨСІРУ ШАРУАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым өсіру шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты. Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері:
барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету;
жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу;
сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту; шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану;
сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолдану);
сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану;
агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау;
тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек процесін жоғарылату және тұқымның өзіндік құнын төмендету.
Жаңа, жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2 - 4 жыл аралығында) өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілген сорттар белгілі бір уақыт өткен соң өзінің сорттық сапасын және өнімділік қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан тұқым өсіру шаруашылығы жүйесі тұқымды мерзімінде алмастыруды қажет етеді, яғни сорт жаңарту шараларын қолдану қажет. Тұқымның элиталық және суперэлиталық сорттарын ғылыми-зерттеу институттары мен ауыл шаруашылық институттарының тәжірибе және оқу-тәжірибе станцияларында өсіріп, тұқым өсіруге маманданған шаруашылықтарға береді. Содан кейін сорттық тұқымдардың жоғары дәрежелі тұқымын қалыптастыру (Қ - ҚҚҚ) үшін арнайы тұқым өсіру шаруашылығына жіберіледі. Ол жерде тұқымдық сорттарды ең құнарлы жерге егіп, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасап, мол өнім алу үшін барлық агротех. шаралар қолданылады.
Элита тұқымдарын өсіру тұқым өсіру шаруашылығының алғашқы буындарынан басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілерімен және қасиеттерімен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып тасталады, сол арқылы сорттың барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі. Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығы дербес сала ретінде Халком кеңесінің 1921 жылғы "Тұқым шаруашылығы жөніндегі" қаулысымен бекітілді. 1922 жылдан бастап көптеген аймақтық тәжірибе және селекция станциялары, аймақтық, облыс тәжірибе станциялары (Зырян, Қарабалық, Орал,Қарағанды , Алматы) құрылды.

Елімізде дәнді және бұршақ дақылдары мен шөп тұқымдары жөніндегі зерттеулермен Қазақ астық шаруашылық ғылым-зерттеу инстытуты, Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институты, Қазақ ұлттық агр. университеті, облыс орталықтарында ауыл шаруашылық институттары, олардың бөлімшелері, облыс ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары, ауыл шарушылық колледждері шұғылданады. Шөп тұқымдарын өсіретін 16 тұқым өсіру шаруашылығы бар. Жеміс, көкөніс тұқымдары көбіне шетелдерден әкелінеді. Тұқым өсіру шаруашылығының ғылым-әдістемелік негізі барлық елдерде бірдей. Бірақ, ұйымдастыру негіздері және тұқым шаруашылық жүйесінің құрылым элементтерінің бір-бірінен айырмашылықтары мол. Халықараралық ереже бойынша, әрбір тұқым партиясының сертификаты болуы керек және оларға арнайы этикетка тағылады.
Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы - көкөністі танаптық жағдайларда өсіреді.
Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктету, өсіріп жетілдіру (мысалы, түсті капусталар), көшеттерді тығыз (мысалы, кеш пісетін капусталар аралықтарына ерте пісетін капусталар отырғызылады) және қайта егу (мысалы, ерте алынатын шалғам орнына аскөк отырғызылады) мен отырғызу әдісі кеңінен қолданылады. Деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңыншы жылдары-ақ көкөніс өсірумен Ежелгі Қытайда, Мысырда, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айналысқан.
Көкөніс шаруашылығы - көкөніс дақылдарының биологиясын, көкөніс өнімділігін жоғарылату мен сапасын жақсартудың озық технологиясын, еңбек шығыны мен өзіндік құнын төмендетуге бағытталған прогрессивті тәсілдерді зерттейтін ғылым. Көкөніс өсіруші ғалымдар көкөніс дақылдарының жаңа, жетілген сорттарын шығарумен де шұғылданады.

1. ТҰҚЫМ ЖАРНАҚТАРЫМЕН ТАНЫСУ
1.1 КӨКӨНІС ШАРУАЛЫҒЫНДАҒЫ ТҰҚЫМ ЖАРНАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тұқым жарнақтары (cotyledonis) -- әлі жіктелмеген ұрықтағы тұқымда дамитын өсімдіктің бірінші жапырақтары. Пішіні анатомиялық құрылысы және қызметтері бойынша өркеннің өсу конусында түзілетін нағыз жапырақтардан жиі қатты ерекшеленеді. Қылқан жапырақтыларда әдетте бірнеше, (2-15), қос жарнақтыларда-2, дара жарнақтыларда-1 тұқым жарнақтары болады. Жер үстінде өну кезінде тұқым жарнақтары жасылданып, фотосинтезге қабілетті болады, жер астында өну кезінде, қоректік зат тардың қоры болып табылады, эндоспермасы бар тұқымдарда олар қоректік заттарды өскіннің жер бетіндегі бөлікке береді. Өнуден кейін тұқым жарнақтары өсімдікте кейде бірнеше ай бойы тірі болып сақталады.
Көкөніс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының саласы ретінде шырынды мүшелері (тамыр сабақтары, тамыр жемістері, түйнектері,сабақтары, жапырақтары, гүлдері, жемістері) тамаққа пайдаланылатын көкөністерді өсірумен айналысады. Сонымен бірге теориялық көкөніс шаруашылығы - бұл көкөніс дақылдарының биологиясын және оларды өсірудің әдістемесін зерделейтін ғылыми пән.
Көкөніс шаруашылығының түпкі мақсаты - өзіндік құны төмен және бір өлшем өнімге еңбек пен қаражатты азырақ шығындап, жыл бойы жоғары сапалы өнім алу. Өз кезегімен көкөніс шаруашылығынан қарбыз, қауын және асқабақ өсірумен айналысатын бақша шаруашылығы және тұқым мен отырғызатын материалдар өндірумен айналысатын тұқым шаруашылығын ажыратады.Көкөніс шаруашылығының ауыл шаруашылығының басқа салаларынан бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар. Көкөніс шаруашылығының үш түрін ажыратады: 1. Ашық жердің ірі тауарлы көкөніс шаруашылығы; 2. Өте қомақты қаражатты қажет ететін технологиялық негізі бар - қорғаулы жердің ірі тауарлы көкөніс шаруашылығы; 3. Үй маңайындағы және тұтынушылық әуесқойлық көкөніс шаруашылығы.Ашық жерде көкөністерді көктемгі-жазғы және күзгі кезеңдерде өсіреді. Қорғаулы жердің көкөніс шаруашылығы маусымнан тыс уақытта көкөніс өнімін өндірумен, ашық жерлер, сондай-ақ булыжайлар мен жылыжайлар үшін көшет өсірумен айналысады.
Қорғаулы жердің міндеттерінің бірі - өсірілетін көкөніс дақылдарының жиынтығын молайту. Ашық және қорғаулы жерлердің көкөніс шаруашылықтары өзара тығыз байланыста: бірін-бірі толықтыра отырып, олар көкөністерді жыл бойы өндіруді қамтамасыздандырады.Көкөніс шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басқы салаларында кездеспейтін немесе сирек кездесетін (көкөністерді көшет тәсілімен өсіру, көшеттерді сақтауға қою (тұмшалау), көкөністерді көктету, өсіріп-жетілдіру және қызарту) агротехникалық тәсілдер қолданылады.Көшеттік әдіс көкөніс өсімдіктерінің жартысынан артығын өсіргенде қолданыс тапқан. Мұндайда қорғаулы жерде алдымен көшет (жас өсімдік) өсіріледі де, кейін оны тұрақты өсетін орнына көшіріп отырғызады.Көшетті сақтауға қою - қызанақтың және орамжапырақтың көшеттерін сақтау. Көшеттерді тамыз-қыркүйек айларында өсіреді. Қыста оларды жылыжайда (орамжапырақты 0-10С-да, қызанақты 7-8оС) сақтайды да, жарық кезеңі басталғаннан соң (ақпанда) тұрақты орнына отырғызады.Көктету - күзгі-қысқы және көктемгі кезеңдерде өнімді бөліктері өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде (баданасында, тамырсабағында, тамыр жемісінде және т.б.) жиналған қорының есебінен жапырақтарын қалыптастыратын өсімдіктерді - пиязды, ақжелекті, қояншөпті, рауғашты, балдыркөкті, қызылшаны көктетеді.Көкөніс жемістерін өсіріп-жетілдіру - қорғаулы жерде (булыжайларда, жылыжайларда) уақытша көмілген өсімдіктерден күзгі-қысқы кезеңдерде балаң (жас) көкөніс алу тәсілі. Өндірістік өсіріп жетілдірудің жоғары мәніне түсті және брюссель орамжапырақтары, балдыркөк, порей пиязы, ромен сүтжапырағы (ақсүттіген) ие.Пісіп-жетілдіру - пісіп жетілмеген жемістерді тұтынушылық күйге жеткізу. Пісіп-жетілдіруді қоймаларда, булыжайдың қазаншұңқыр-ларында, пленкалы булыжайларда немесе арнаулы жабдықталған камераларда жүргізеді. Қызанақты, қауынды тасымалданғыштығын және сақталғыштығын арттыру үшін жиі пісіп жетілмегенде жинайды. Жасанды пісіп жетілдіруге жиі қызанақты пайдаланады.Көкөністердің өсуін тежеу - өсімдіктерді жасыл жапырақтарымен сақтау тәсілі: порей пиязы, ақжелек, балдыркөк, ромен сүтжапырағы. Бұларды күзде ашық жерлерден қазып алады және булыжайларға немесе жылыжайларға уақытша көміп қояды. Мұнда, нөлге жуық температурада және жақсы желдетілгенде, олар бірнеше айға дейін бола алады. Өсуін тежеп өнім алу, көктеткенмен салыстырғанда 3-4 есе арзан келеді.Көкөністердің негізгі тауарлы өндірісі өндіріс орталықтарына, ірі қалаларға, көкөніс өңдеу зауыттарына, курорттарға жақын жерлерге шоғындырылған. Оларды басқа да егіншілік аудандарда, сондай-ақ қосалқы шаруашылықтарда және әуесқой-көкөнісшілер де өсіреді.Көкөніс шаруашылығына алаңды қарқынды және тиімді пайдалану тән, яғни бір жерде көкөніс дақылдарын бір уақытта (жиілеткіш тәсіл) немесе кезектестіріп (қайталама дақыл) өсіру мүмкін.Көкөніс шаруашылығында, өсімдік шаруашылығымен салыстырғанда тыңайтқышты, улы дәрмектерді, электр қуатын, сондай-ақ суландыруды молырақ қолданады.
Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі - көкөніс дақылдарының егіс алаңының салыстырмалы түрде шамалы болуы.Көкөніс шаруашылығы басқа ғылымдармен - өсімдік физиологиясы және биохимиясымен, топырақтанумен, агрохимиямен, өсімдікті қорғаумен, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландырумен, менеджментпен, маркетингпен тығыз байланыста, сондай-ақ басқа салалармен - егіншілікпен және мал шаруашылығымен де.

1.2 КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Көкөніс дақылдарын жіктеу ТМД елдерінде көкөніс дакылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі.
Ботаникалық жіктеу. Көкөніс дақылдарын ботаникалық белгілері бойынша және олардың өсімдіктер жүйесіндегі орнына байланысты жіктеу ең дәлірек, себебі ол өсімдік түрлерінің туыстық байланысын көрсетеді. Көкөніс дақылдары мынадай тұқымдастарға жатады:
1. Ақ кекірелер (күрделігүлділер): бөрікгүл, қойжелкек немесе ақтамыр, егістік ақ сүттіген (шашыратқы ақ сүттіген), эндивий және эскариол ақ сүттігені (көктікен), скорционер (қара тамыр, тәтті тамыр), жер алмұрты (топинамбур), эстрагон (эстратондық жусан, торқұн).
2. Б ұ р ш а қ т а р : атбас бұршақ (мал азықтық, орыстық), егістік асбұршақ, кәдімгі үрме бүршақ, бойдана немесе көгілдір тас беде (тригонелла), лима үрме бұршағы.
3. Айлаулықтар: бәдіреншөп (бораго, бурачник).
4. Шүйіншөптілер : далалық шүйіншөп.
5. Шырмауықтар: тәтті картоп немесе мәдени батат.
6. Тарандар : рауғаш, қышқылтым қымыздық.
7. Кеуелділер : кеуелдер.
8.Орамжапырақтылар(крестгүлділер): брокколи, тарна, жапырақты қыша (сарепеттік), ақ қауданды, брюссельдік, қытайлық, жапырақты, пекиндік, савойлық, түсті орамжапырақ, кольраби, қатыран (қырымдық ақжелкен), екпе шығар (бақшалық шығар), шалғам, шалқан, шомыр, ақжелкек.
9.Жуалықтар : алтай жуасы, порей жуасы, қат-қабатты жуа.Ошанин жуасы немесе жабайы пияз, батун жуасы, екпе немесе басты пияз, шалот пиязы, шырынды пияз, сарымсақ, шнитт пиязы.
10.Сарғалдақтар: содана.
11. Алабұталар: жусан көкпек, асханалық қызылша, шпинат,мангольд .
12.Қоңырбастар: қантты немесе көкөністік жүгері.
13.Алқалар : баялды, қызыл бұрыш, кызанак, қызылқұлақ.
14.Қараоттар: бақшалық караот.
15.Руталар: бақшалык рута.
16.Балдыркөктер (шатыргүлділер): бәден, кервель, күнзе, сүйментамыр, дәрілік сермене, сәбіз, ботташык, ақжелек, балдыркөк,зере (зире),аскөк, арамсарбас (әптиек аскөгі), көкөністік арамсарбас.
17.Қояншөптер: қояншөп.
18.Асқабақтар:қарбыз,қауын,кәді(кау ақ),қияр,самсар,асқабақ,чайот (мексикалық қияр).
19.Айзондықтар : жаңазеландық шпинат.
20.Тауқалақайлар (еріндігүлдер): насыбайгүл, жыланбас, сайсағыз, жұпаргүл, киікшөп, көп жылдық майоран (киікоты), біржылдық майоран (кәдімгі бақтық), бұрыш жалбыз, гүлшетен, жебіршөп
(бір жылдық немесе иісті жебіршөп).
21.Құлқайырлар : бамия . Жуалар, қояншөптес және коңырбастар тұқымдастарының өсімдіктері дара жарнақты, ал қалғандары - қос жарнақты. Гүлді өсімдіктерден басқа өндірісте тақта тәрізділер тұқымдасынан: қозықұйрық, томарқұлақ саңырауқұлақтары белгілі.Өндірістік (шаруашылық) жіктеуКөкөніс шаруашылығында бұл жіктеуді кешенді белгілері (ботаникалық, өнім мүшелері және өсіру тәсілдері) бойынша қолданады. Осы белгілері бойынша В.И. Эдельштейн төменгі топтарға бөледі.
1.Орамжапырақты өсімдіктер - ақ, қызыл, савойлық, брюсседьдік, түсті, кольраби.
2.Жемістілер - қызанақ, бұрыш, баялды, қызылқұлақ, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, асбұршақ, бұршақ, үрме бұршақ, қанттық жүгері самсар, кәді.
3.Тамыржемістілер -- қызылша, сәбіз, ақжелек, балдыркөк, ботташық, тарна, шомыр, шалқан, шалғам.
4.Жуалықтар -- катпарлы немесе басты пияз, шалот, порей, сарымсақ.
5.Жапырақтылар -- сүтжапырақ (сүтшөп, балпанақ, шашыратқы, шытыр), саумалдық, аскөк, пекиндік орамжапырақ, жапырақты қыша, жебір.
6. Көпжылдықтар - ақжелкек, қымыздық, рауғаш, қояншөп, бөрікгүл, жуалар (батун, шнит, көп қат-қабатты (деңгейлі), шырылжын жусан (шырылжын, қызылшөп), қатыран, жалбыз, зире (зере), әптиөк аскөгі.
7. Саңырауқұлақтар - қозықұйрық, томарқұлақ, жүзікше, жерқұлақ және т. т.

1.3 КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Н.И.Вавилов бойынша мәдени өсімдіктердің орасаң көп түрлері, оның ішінде көкөністер де, сегіз ортаға топтастырылған көрінеді. Қытайлық (таулық Орталық және Батыс Қытай, Корея, Жапония). Бұл жерлерден шығыстық шалқан, пекиндік және қытайлық орамжапырақтар, ірі жемісті қияр, пияз батун, баялдының ұсақ жемісті түрлері тараған. Үнділік (Үнді, Бангладеш, Пәкістан, Бирма) - ұсақ жемісті қиярдың баялдының, ақсүттігеннің отаны. Орта Азиялық (Ауғаныстан, Тәжікстан, Өзбекстан) - сәбіз, шомыр, шалғам, басты пияз, сарымсақ, асбұршақ, саумалдық. Алдыңғы Азиялық (Кавказ сырты, Түркия, Иран Түркіменстанның таулық бөлігі) - қауын, асқабақ, сәбіз, порей пиязы, латук ақ сүттіген. Жерортатеңіздік (Жерорта теңізінің еуропалық және африкалық жағалаулары) - өсімдік шаруашылығының ежелгі орталықтарының бірі. Бұл жер қоңыр салқын ауа райы өсімдіктерінің - қызылшаның, ақжелкенің, шомырдың, тарнаның, балдыркөктің, қояншөптің,
ботташықтың, аскөктің, қымыздықтың, рауғаштың, асбұршақтың, көктікеннің отаны. Абиссиялық (Эфиопия, Сомали) - асбұршақтың, бұршақтың,қарбыздың, шалот пиязының, бамияның отаны.
Орталық Америкалық - Мексика, Гватемала, Коста-Рика, Гондурас, Панама - мускаттық асқабақтың, бататтың, қызанақтың, үрме бұршақтың, бұршақтың, жүгерінің, қызылқұлақтың шыққан жері. Оңтүстік Америкалық (Перу, Эквадор, Боливия, Чилоэ аралы) - ірі жемісті асқабақтың, қызанақтың,ірі тұқымды лимиялық үрме бұршақтың отаны.
Түрдің шығу тегін, сондай-ақ, оның қасиеттерінің қалыптасқан ортасын білу, оның басты биологиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алуға мүмкіндік береді, одан әрі оның өсу және даму факторлары жөнінде де. Мәселен, қиярдың отаны Үндістан мен Иранның ылғалды аудандары болғандықтан, бұл өсімдіктің ылғал мен жылуға талабы жоғары екенін түсіндіру қиын емес.

1.4 КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Көкөніс дақылдарының өсуі, дамуы және өнімділігі өсімдіктің тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайына тәуелді. Тұқымдық өсімдіктердің көпшілігінің онтогенезінде мынадай негізгі жас шақтарын: тұқымдық, өсінді (немесе жасөспірім кезеңі) және тұқым қалыптастыру (жыныс мүшелері қалыптасатын кезең) кезеңдерін белгілейді.
Осы кезеңдердің әрқайсысының шегінде өсімдіктің жекелеген мүшелерінің пайда болуымен байланысты сыртқы белгілерінің (морфологиялық) өзгерістерін білдіретін өсімдіктің өсуінің үш кезеңін ажыратады. Өсімдіктің әр тобының өсу кезеңдері бірдей болмайды. Тұқымдық шақта тұқымның зат алмасуы аналық өсімдікпен байланысты эмбрионалды кезеңді, жетілген тұқымның әрекетсіз күйге ауысатын - тыныштық кезеңін және тұқымның қоректік заттарын пайдаланып, бөртіп, ұрық өсетін - тұқымның өну кезеңін белгілейді.
Өсінді шақта өсінді мүшелер - тамырлар, жапырақтар, сабақтар
қалыптасады. Мұнда үш кезең ажыратылады: көшеттік, азық қорын жинау және тыныштық кезеңі. Бір жылдық жемістік көкөніс дақылдарында (алқалар, бұршақтар және асқабақтар тұқымдасы) тек бір көшеттік, ал басқа біржылдықтарда (шпинат, ақ сүттіген, шалғам), тағы - азық қорын жинау кезеңі болады. Екіжылдықтарға (тамыржемістілер, орамжапырақ, пияз) және барлық көпжылдықтарға, тағы үшінші - тыныштық кезең тән. Тыныштық кезеңінде өсу үдерісі, зат алмасуы, транспирация және тыныс алу өте баяулайды.
Өсу мен дамудың тұқым қалыптастыру шағы төрт - бүршіктену, гүлдену, жеміс салу және қартаю кезеңдерінен тұрады. Бүршіктену кезеңінде гүлсидамы және гүл шоғыры қалыптасады, гүлдену кезеңі тозан мен аналық жасушасының пісіп - жетілуімен сипатталады. Қартаю - цитоплазма коллоидтарының (гель жиналады) тұтқырлығының артуымен, оның өткізгіштігінің төмендеуімен сипатталынады. Қоректік заттардың келіп түсуінің қиындауының нәтижесінде өсімдіктің бүкіл мүшесі бірте - бірте сола береді. Өсімдіктің ойдағыдай өсіу мен дамуы үшін жылу, су жарық, қоректік элементтер қажет. Қоршаған ортаның кез келген себепшарты (факторы) өсімдіктің өсуін және дамуын жеделдетуі немесе тежеуі мүмкін.Сондықтан өсімдіктің өсуін және дамуын кез келген себепшарттың біреуінің әсерімен түсіндіруге болмайды.

Өсімдіктің әр түрі үшін өздерінің,шектен тыс ауытқи өсуі мен дамуы тоқырамайтын ең төменгі (минималды) және ең жоғарғы (максималды) температурасы, сондай-ақ, осы үдерістер ең жоғары қарқынмен өтетін оңтайлы(оптималды) температурасы
болады.
Су жетпегенде жасушаның өсуі баяулайды немесе біржола тоқтайды, олар ұсақ болып қалыптасады; фотосинтез күрт басылады, нәтижесінде өнім төмендейді. Ойдағыдай өсу және даму үшін жарықтанудың және жарықтың құрамының мәні өте зор. Қараңғыда әлсіз дамыған механикалық және өткізгіш ұлпалары мен тамырлары бар, түссізденген (этиолданған) өсімдіктер қалыптасады. Жарық құрамында көк-көгілдір сәулелер басым болса, онда жапырақтары мен тамырлары жақсы дамыған, сабағы қысқа өсімдік қалыптасады. Өсімдіктің өсуі және дамуы үшін қажет жағдай - бұл оларды қоректік заттармен қамтамасыз ету. Өсімдіктің өсуі мен дамуына қоршаған орта жағдайының әсері әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, үздіксіз жарықтандырғанда өсімдіктердің барлығы да тезірек өседі (құрғақ зат жинақтайды), мұндайда тек ұзақкүнділіктер ғана тез дамиды. Қысқакүнділіктер мұндай жағдайда өзінің дамуын белгісіз ұзақ уақытқа тежейді. Өсімдіктің құрамы, соған байланысты, өнім құрылымы онтогенезде өсу мен даму үдерістерінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Ауыл шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасы тұқымы
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша электрондық оқулық құрастыру
Мекеме алды жолының екі жағына алма ағашын егу
Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы ерекшеліктері
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары
Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы
Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері
Модульдік оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Пәндер