Сатып алынған материалдық емес активтердің көрсетілуі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
Ұзақ мерзімді активтердің түсінігі және бағалануы ... ... ... ... ...
6
1.1
Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бастапқы бағасын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.2
Материалдық емес активтер, оларды бағалау және тану ... ... ... ... .
11
2
Еуразиялық Банк АҚ-ның активтерінің есебі мен құнсыздануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
2.1
Еуразиялық Банк АҚ-ның активтерінің сапасын бағалау ... ... ... .
14
2.2
Еуразиялық Банк АҚ-ның активтерінің құнсыздануы ... ... ... ... ..
19
3
Ұйымның ұзақ мерзімді активтерінің аудитін ұйымдастыру...
27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
40
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
41
Кіріспе
Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс (пайда) -- кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады.
Ұйымдар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:
-- қысқа мерзімді активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын).
-- ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);
Қысқа мерзімді активтер - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Қысқа мерзімді активтерінің мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Қысқа мерзімді активтерінің өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезенде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құның тікелей дайын өнімге апарады.Қысқа мерзімді активтерінің құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды.
Кәсіпорындарындағы қысқа мерзімді активтерінің құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетіне сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы. Қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді.
Кәсіпорындарда қысқа мерзімді активтерінің құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында қысқа мерзімді активтерінің шамасы , олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Қысқа мерзімді активтер құрамына бухгалтерлік есепте:
Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері;
Қаржылық инвестициялар
Дебиторлық берешек;
Қорлар;
Өзге де қысқа мерзімді активтер жатады.
Қысқа мерзімді активтер үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысаның өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды.
Бірінші сатыдан кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым капиталы айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге (тауар нысананы) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды, қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай -әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу бАЛАС LTDында төлем құралы ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
-- Банк жүйесі арқылы қолма - қол ақшасыз аудару жолымен;
-- Қолма - қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен - күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, ақша ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн.
Ақша нарықтық экономикада ақша - несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылады.
Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөніндегі өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.
Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті және тағы басқа) туралы мәліметтер беріп тұруға міндетті.
Дебиторлық берешектер иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Дебиторлық берешек дегеніміз - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Негізінен дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерді қамтиды:
-- сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі
-- еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі
-- қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың дебиторлық берешегі
-- филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегі
-- қызметкерлердің дебиторлық берешегі
-- жалдау бойынша дебиторлық берешек
-- алуға арналған сыйақылар
-- өзге дебиторлық берешек
тауарлы - материалдық қорлар - бұл:
Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
Ұйымдардың қызметінде сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
1 Ұзақ мерзімді активтердің түсінігі және бағалануы
1.1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бастапқы бағасын қалыптастыру
Негізгі құралдар - дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.
Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
oo ғимараттар;
oo құрылыстар;
oo өткізгіш жабдықтар;
oo машиналар мен жабдықтар;
oo көлік құралдары;
oo аспаптар;
oo өндірістік инвентар және керек жарақтар;
oo шаруашылық инвентары;
oo биологиялық активтер;
oo библиотека қоры;
oo жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
oo басқа да негізгі құралдар.
1. Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
2. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, олар амортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген:
Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуішприборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістің және шарауашылық инвентарь және басқа еңбек құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни тұтынуға арналған негізгі құралдар - тұрғын - үй коммуналдық шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары.
Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:
жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.
көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал -- ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар;
көп жылдық өсімдіктер -- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) -- ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту);
басқа да негізгі құралдар -- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.
Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.
Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Әділ құны - тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.
Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар стандарына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын қалыптастыру
Негізгі құралдардың нақты бағасы, сатып алу үшін жұмсалған шығындармен, импорттық баж салығынан және басқа төленбеген салықтардан, активті жұмысқа пайдалануға жарайтын деңгейге жеткізу үшін тікелей жасалған шығындардан құралады. Сатып алу кезінде баға бойынша жасалған жеңілдіктер сатып алу құнынан шегеріледі.
Tiкелей шығындар төмендегі шығындардан құралады:
:: алаңды дайындауға кеткен шығындар;
:: мүлікті жеткізуге және түсіруге жұмсалған шығындар;
:: орнату шығындары;
:: кәсіби түрдегі қызметтер шығыны (архитекторлардың, инженерлердің ж.т.б. жұмыстары);
:: объекті бұзылып, демонтаждалған кездегі шығындар, резерв есебiнен алаңдарды қалпына келтіру шығындары.
Егер негізгі құралдардың ақысын төлеу белгіленген мерзімге шегеріліп, ол үшін несие алынбаған болса, онда сатып алу құны нақты жұмсалған шығындарға тең болады. Сатып алу құнынан, төленген сома артық болса, ол айырмашылық капитал құрамына кірмеген жағдайда, несиенің пайыздық үстемақысы үшін төленген шығындары болып табылады.
Негізгі құралдардың қозғалысы, олардың келіп түсуі, шығуы және ішкі орын ауыстыруы бойынша шаруашылық операцияларын жүргізумен байланысты. Әрбір шаруашылық операция алғашқы есептік құжаттаудың типтік үлгілерімен тіркеледі.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан қабылдау- тапсыру актін - (Ф. №ОС-1) жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдар объектілеріне балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық номер берілуі керек. Ол номер негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойында сақталады және негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерді және бар болуын бейнелейтін барлық есептік құжаттарда көрсетіледі.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге-тапсырушы цехқа беріледі.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.
Автокөлік құралдарынан басқа негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды есептен шығару актісі (Ф. №ОС-3) жасалады, ал автокөлік құралдары үшін - (Ф. №ОС-4) хаттайды.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда (Ф. №ОС-5) жүргізіледі. Мүліктік карточкалар негізгі құралдарды есептеу жөніндегі мүліктік карточкалар (Ф. №ОС-6) тізбесінде, карточка номері, объектінің мүліктік номері, аты көрсетіле отырып тіркеледі.
Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 Негізгі құралдар бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:
2410 Негізгі құралдар,
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады. 2500 бөлімше биологиялық активтерге берілген.
Негізгі құралдардың есебі 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 Жер, 2412 Ғимаратгар мен құрылғылар, 2413 Машиналар мен жабдықтар, 2414 Көлік құралдары, 2415 Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары, 2416 Кеңсе жиһазы, 2417 Өндірістік мүлік және заттар.
Негізгі құралдар деп танылатын түсуші матриалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2400 шоттардың дебеті бойынша және 1000 Ақшалай қаржылар бөлімшесі шоттарының (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390, 4110, 4170 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі.
Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2400 Негізгі құралдар шоттардың дебеті және 5020 Төленбеген капитал шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ал акционерлік емес кәсіпорындарда 5010 Салымдар мен жарналар шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен тегін алуы кезінде 2400 Негізгі құралдар шоттары дебеттеліп, 6230 Мемлекеттік субсидиялардан табыстар шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар 2400 Негізгі құралдар шоттардың дебеті және 6200 Басқадай табыстар шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді жал жағдайында негізгі құралдардың құны сәйкес шоттардың 2411-2417 дебеті бойынша және 4150 Жал бойынша ұзақ мерзімді қарыздар шотының кредиті бойынша кіріске алынады.
1.2 Материалдық емес активтер, оларды бағалау және тану
Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.
Өндірістік - шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді: интелектуалдық меншік; мүліктік құқық; басқалары.
Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:
Фирма бағасы (гудвилл);
Тауар белгілері;
Ноу-хау;
Авторлық және қатар құқықтар
Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:
Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т.б.
Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар.
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи- заттай мағынасында ғана материалдық емес болып табылады.
Материалдық емес активтер ұйымның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былай анықталады:
- Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына өз үлестерінің есебіне төлегенде екі жақтың келісімі бойынша;
- Басқа кәсіпорындар мен адамдардан төленіп алғанда - бұл объектілерді алуға және дайын жағдайға келтіруге нақтылы жұмсалған шығындарға қарай;
- Басқа кәсіпорындар мен жеке тұлғалардан тегін пайдалануға алғанда - сараптық жолмен бағалауда қалыптасады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі болады, бірақ кейбір түрлері бойынша оны анықтау мүмкін емес. Пайдалану мерзімі анықталмайтын материалдық емес активтерге гудвилл жатады.
Гудвилл (фирма бағасы) - материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен , яғни түгелдей сатып алғанда немес екі кәсіпорын қосылғанда ғана пайда болады. Фирма бағасы болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық актиытерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық жағымды гудвилл, ал кем болса жағымсыз гудвилл деп аталады. Гудвилл амортизацияланбайды, ол жыл сайынғы құнсыздану тестілеуіне жатады.
Материалдық емес активтер оларды сатып алуға төленген қаржы көлемінде бағаланады (бастапқы баға). Материалдық емес активтің бастапқы құнына ұйым сатып алуға жұмсаған нақты шығындарын кіргізеді, сонымен қоса қайтарылмайтын салықтар мен алымдарды және активтерді тікелей пайдалануға байланысты жұмсаған кез келген шығындарын қосады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде сатып алынған материалдық емес активтер былайша көрсетіледі:
Кесте-1. Сатып алынған материалдық емес активтердің көрсетілуі
Дт
Кт
2730
1250 жауапты тұлғалар сомасының есебіне
2730
3310,4110,3390,3540,4170,4430 ұйым мен жеке тұлғалардың есебіне
Мысалы, ұйым өндірісте өндірілген өнімнің есебін жүргізу үшін компьютерлік бағдарлама сатып алған, сомасы 711 562 теңге (оның ішінде ҚҚС-92 812 теңге). Бағдарламаны келсім шарт бойынша 3 жыл пайдалануға болады. Оны іске қосу үшін 25 156 теңге төленген (оның ішінде ҚҚС-3281 теңге). Бухгалтерлік есеп жүйесінде төмендегі жазбалар жазылуға тиісті:
Кесте-2. Сатып алынған компьютерлік бағдарламаның бағасын анықтау
Дт
Кт
компьютерлік бағдарламаларды сатып алу (қоюшы-ҚҚС төлеуші)
3310,4110,3390,3540,4170,4430
1030,1010
711 562 теңге
2730
3310,4110,3390,3540,4170,4430
618 750 теңге
1420
3310,4110,3390,3540,4170,4430
92 812 теңге
бағдарламаны іске қосу (жұмыстарды жасаған ҚҚС төлеуші)
3310,4110
1030,1010
25 156 теңге
2730
3310,4110
21 875 теңге
1420
3310,4110
3281 теңге
Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет көрсету мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс, болмаған жағдайда ондай активтер материалдық емес активтердің қатарына қосылмайды.
Жасалынған материалдық емес активтердің өзіндік құнына төмендегі шығындар кіреді:
oo Материалдар мен қызмет түрлерінің шығындары;
oo Активті жасау кезінде еңбек еткен еңбеккерлердің еңбек ақысы мен басқа да шығындары;
oo Активте жасау кезінде тікелей жұмсалған кез келген шығындар (алымдар, патенттер мен лицензиялардың амортизациясы);
oo Қосымша шығындар (негізгі құралдардың амортизациясын, қамсыздандыру жарналарын және жалдау құндарын тарату).
Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында кәсіпорынның меншіктік құқы бар материалдық емес активтердің нақты бар болуы; олардың баланста дұрыс және уақытында көрстеілуі материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығы, мамандық тозырауға ұшыраған активтер тексеріледі. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерінің толық сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, объект пайдаланылатьн құрылым және басқа мәліметтер көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттар тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар жатады.
Жағдайдың шұғыл түрде өзгеруіне орай, материалды емес активтердің тез арада ескіруі мүмкін. Мысалы, өндірісте қолдану үшін ұйым электрондық база жасаған, пайдаланатын өндірістік технологияның өзгеруіне байланысты, ол программа уақыт өте келе өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтқан. Осыған байланысты материалды емес активтің пайдалы қызмет көрсету мерзімі мен амортизация есептеу тәсілі өзгертіледі. Бір ескеретін жай, пайдалы қызмет көрсету мерзімі мен амортизация есептеу тәсілін, қаржылық есепті жасау мерзіміне сай өзгертіп отыруға болады. Яғни оларды жыл көлемінде алмастыруға болмайды, себебі ол қаржылық есеп жасаудың негізгі талаптарына қайшы келеді. Бірақ, егер, материалды емес активтерді пайдаланудан ешқандай экономикалық пайда алынбайтыны белгілі болса, ондай активтерді бухгалтерлік баланстың есебінен шығарып тастауға болады.
Стандарттар бойынша материалды емес активтердің бағасын тек қана оларға қосымша шығын жұмсалған кезде көбейтуге болады. Ол кезде, материалды емес активтердің баланстық құнына қосылатын шығындарды қосу тәртібі сақталуға тиісті.
Осыған орай, шығындарды есепке алудың төмендегі ерекшеліктерін басшылыққа алу қажет. Егер, шығындар активтердің болашақта экономикалық пайда әкелетініне күдік келтірмесе және ондай шығындардың мөлшерін анықтау мүмкіндігі бар болып, оларды аталған активтерге қосуға ешқандай кедергі жоқ болса, ондай шығындар активтердің баланстық құнына қосылады. Олай болмаған жағдайда шығындар бағаға қосылмайды. Басында шығын есебінде табылмаған сомалар, уақыт өте келе материалдық емес активтер бағасының бір бөлігі ретінде танылмайды.
2 Еуразиялық Банк АҚ-ның активтерінің есебі мен құнсыздануы
2.1 Еуразиялық Банк АҚ-ның активтерінің сапасын бағалау
2021 жылы ҚРҰБ Қазақстан Республикасының банк секторы активтерінің сапасына баға берді. АСБ-ны тексеру банк секторы активтерінің жалпы көлемінің 87% үлесіне келетін 14 ірі екінші деңгейдегі банк бойынша жүзеге асырылды.
Бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ АСБ-ны халықаралық кеңесшімен және тәуелсіз аудиторлық компаниялармен бірлесіп өткізді. АСБ Еуропалық орталық банктің әдіснамасына сәйкес, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және пруденциалдық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
АСБ нәтижелері бойынша Банкке бизнес-үдерістерді жақсарту бойынша ескертулер мен ұсынымдарды қамтитын есеп берілді, олардың негізінде іс-шаралардың толық жоспары әзірленетін болады.
АСБ нәтижелері бойынша, банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде мемлекеттің бес жылдық кепілдігін көздейтін активтерді қорғаудың қосымша құралы енгізілді.
Қосымша, Банк акционерлері тарапынан 2020 жылғы сәуірде 4,000,000 мың теңге көлемінде қосымша капиталдандыру жүргізілді. 2020 жылғы 16 сәуірдегі акционерлердің жалпы жиналысының нәтижелеріне сәйкес, 612,314 дана жай акцияларды қосымша шығару жолымен жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы шешім қабылданды.
Әрбір есепті күнге Банк еншілес компанияларға салынған инвестициялардың ықтимал құнсыздану белгілерінің бар-жоғын анықтайды. Мұндай белгілер болған кезде немесе егер құнсыздануға инвестициялардың жыл сайынғы тестілеуін өткізу талап етілсе, Банк инвестициялардың өтелетін сомасына бағалау жүргізеді. Инвестициялардың өтелетін сомасы - бұл мынадай шамалардың ең үлкені: істен шығуға жұмсалған шығындарды шегергендегі активтің әділ құны және активті пайдалану құндылығы.
Өтелетін сома актив негізінен басқа активтермен немесе активтер топтарымен генерацияланатын ағындардан тәуелсіз ақша ағындарын генерацияламайтын жағдайларды қоспағанда, жеке актив үшін айқындалады. Егер активтің немесе генерациялайтын ақша қаражаты бірлігінің баланстық құны оның өтелетін сомасынан асып кетсе, актив құнсызданған болып есептеледі және өтелетін сомаға дейін есептен шығарылады. Пайдалану құндылығын бағалау кезінде есептік болашақ ақша ағындары ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын және активке тән тәуекелдерді көрсететін салық салынғанға дейінгі дисконттау ставкасы бойынша келтірілген құнға дейін дисконтталады. Шығып кетуге арналған шығындарды шегергендегі әділ құнды айқындау кезінде таяудағы нарықтық операциялар ескеріледі. Олар болмаған кезде бағалаудың тиісті моделі қолданылады. Бұл есептеулер бағалау коэффициенттерімен, акциялар нарығында еркін айналыстағы бағалардың баға белгілеулерімен немесе әділ құнның басқа да қол жетімді көрсеткіштерімен расталады. Банк жекелеген активтер жатқызылған ақша қаражатын генерациялайтын әрбір бірлік үшін жеке дайындалатын егжей-тегжейлі жоспарлар мен болжамды есептеулерді негізге ала отырып, құнсыздану сомасын айқындайды. Бұл жоспарлар мен болжамды есептеулер, әдетте, бес жылға жасалады. Өсудің ұзақ мерзімді қарқыны бесінші жылдан кейін болжанатын болашақ ақша ағындарына қатысты есептеледі және қолданылады.
Еншілес компанияларға инвестициялардың құнсыздануынан болған зияндар пайда немесе зиян туралы Шоғырландырылмаған есепте және "еншілес компанияларға инвестициялардың құнсыздануынан болған зияндар"құрамында өзге де жиынтық кірісте танылады. Әрбір есепті күнге банк гудвилді қоспағанда, инвестициялардың құнсыздануынан бұрын танылған шығындардың бұдан былай жоқ немесе қысқарған белгілері бар-жоғын анықтайды. Егер мұндай белгі болса, банк инвестициялардың өтелетін сомасын есептейді. Құнсызданудан болған бұрын танылған зияндар, егер инвестицияның өтелетін сомасын айқындау үшін пайдаланылған жол берулерде өзгеріс болған жағдайда ғана, құнсызданудан болған зиянды соңғы тану уақытынан бастап қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру инвестицияның баланстық құны оның өтелетін сомасынан аспайтындай, сондай-ақ егер өткен жылдары құнсызданудан болған зиян танылмаған жағдайда осы инвестиция танылатын баланстық құннан аспайтындай етіп шектелген. Құнды мұндай қалпына келтіру пайда немесе зиян туралы Шоғырландырылмаған есепте және өзге де жиынтық табыста танылады.
Есеп берілетін күнгі жағдай бойынша шетел валютасында көрсетілген монетарлық активтер мен міндеттемелер есеп берілетін күнгі қолданыстағы валюта бағамдары бойынша қызметтік валютаға аударылады. Шетел валютасында көрсетілген монетарлық активтермен және міндеттемелермен жүргізілетін операциялардың пайдасы немесе зияны есеп берілетін кезең соңындағы жағдай бойынша валюталық бағаммен қызметтік валютаға аударылған шетел валютасының амортизацияланған құны және кезең ішінде төленген төлемдер мен тиімді мөлшерлеме бойынша есептелінген шамаға түзетілген кезең басындағы жағдай бойынша қызметтік валютаның амортизацияланған құны арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Әділ құны бойынша бағаланатын шетел валютасында көрсетілген монетарлық емес активтер мен міндеттемелер әділ құнын белгілеу күнгі қолданыстағы валюталық бағам бойынша қызметтік валютаға аударылады. Нақты шығындары бойынша белгіленіп, шетел валютасында көрсетілген монетарлық емес активтер мен міндеттемелер операция аяқталған күнгі қолданыстағы валюталық бағам бойынша қызметтік валютаға аударылады.
Шетел валютасына аудару нәтижесінде туындайтын бағам айырмалары, басқа да жиынтық табыс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, олар бойынша бағам айырмалары танылмайтын үлестік қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян құрамында көрсетіледі.
Ақша қаражаты мен олардың баламаларына әділ құнының елеулі өзгеру тәуекеліне ұшырамайтын және Банк қысқа мерзімді міндеттемелерді орындауға қолданатын, қолма-қол ақша банкноттар мен монеталар, ҚРҰБ-ғы және басқа банктердегі бос қалдықтар(Ностро түріндегі шот), сондай-ақ 3 айдан кем болмайтын өтеудің бастапқы мерзімімен өтімділігі жоғары қаржы активтері кіреді. Ақша қаражаты мен олардың баламалары амортизацияланған құны бойынша қаржы жағдайы туралы шоғырландырылмаған есепте көрсетіледі.
Кесте-3. Банктің шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасау кезінде қолданған жыл соңындағы валюта айырбастау бағамы.
2021 жылғы
31 желтоқсан
2020 жылғы
31 желтоқсан
Теңгееуро
429.00
439.37
ТеңгеАҚШ доллары
382.59
384.20
ХҚЕС (IFRS) 9 Қаржы құралдары сәйкес қаржы активтері Банктің ақша ағынын өндіру мақсатымен өзінің қаржы активтерін басқару үшін қолданатын бизнес-модельдеріне байланысты келесі санаттарға жіктеледі:
SPPI (solely payments of principal and interest) өлшеміне сәйкес келетін Шарттық ақша ағынын алу жәненемесе сату үшін ұстап қалу бизнес-моделі аясындағы басқа да жиынтық табыс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін қаржы құралдары. Аталған бизнес-модель шартпен қарастырылған ақша қаражатының ағынын алу арқылы, сондай-ақ активтерді сату арқылы мақсатқа жетуге болатынын көрсетеді. Аталған модельдің аясында сату деңгейі шарттық ақша ағынын алу үшін ұстап қалу бизнес-моделі аясына қарағанда әдетте жоғары болып келеді (активтермен жасалатын мәмілелердің жиілігі мен көлемі бойынша).
Шарттық ақша ағынын алу үшін ұстап қалу бизнес-моделі аясындағы амортизацияланған құны бойынша ескерілетін қаржы құралдары. Аталған бизнес- модель аясында көзделген мақсат:
шартпен қарастырылған ақша қаражаты ағынын алу мақсатында активтерді ұстап қалу;
аталған модельдің мақсаттарында сату екінші кезекте болып есептеледі;
аталған модель аясында сату деңгейі әдетте басқа бизнес-модельдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейге ие (активтермен жасалатын мәмілелердің жиілігі мен көлемі бойынша).
SPPI өлшеміне сәйкес келмейтін Әділ құны негізінде активтерді басқару және активтерді сату арқылы ақша қаражаты ағынын барынша көбейту бизнес-моделі аясындағы пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары.
Аталған бизнес-модель аясында алу үшін ұстап қалу мақсаты да, алу жәненемесе сату үшін ұстап қалу мақсаты да көзделмейді. Шартпен қарастырылған ақша қаражаты ағынын алу аталған модельдің мақсаттарына қатысты екінші кезекте.
Нақты қаржы активтері үшін бизнес-модельдерді анықтау үшін Банк келесі ақпараттарға талдау жасайды:
бизнес-модельдердің (және осы бизнес-модель аясында ұсталатын қаржы активтердің) нәтижелілігі қалай бағаланады және аталған ақпарат негізгі басқарушы қызметкерлерге қалай хабарланады;
бизнес-модельдердің (және осы бизнес-модель аясында ұсталатын қаржы активтердің) нәтижелілігіне ықпал етуші тәуекелдер дәне осы тәуекелдерді басқару қалай жүзеге асырылады;
Банктің топ-менеджментіне сый қалай беріледі, мәселен, осы сый беру олардың басқаратын активтерінің әділ құнына немесе шартпен қарастырылған ақша қаражаты ағыны активтеріне байланысты ма;
бұрынғы кезеңдегі сатудың жиілігі, көлемі мен мерзімдері, осындай сатудың себептері, сондай-ақ сатудың болашақтағы деңгейіне қатысты болжал. Бұл ретте сату деңгейлері туралы ақпарат басқа деректерден оқшау түрде емес, Банктің қаржы активтерін басқару мақсаттарына қалай жеткені және ақша қаражаты ағыны қалай іске асып жатқаны жайындағы бірыңғай тұтас талдау аясында қарастырылады. Бұл ретте бұрынғы сатулар туралы, осы сатулардың себептері мен ағымдағы талаптармен салыстыра келе сол мезеттегі талаптар туралы ақпарат талданады.
Банк қаржы құралын оны бастапқы тану кезінде қай санатқа жататындығын анықтайды.
Бастапқы тану кезінде Банк өз қалауы бойынша амортизацияланған құны бойынша немесе жиынтық табыс арқылы әділ құны бойынша бағалау үшін өлшемдерге сәйкес келетін қаржы активін пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша бағалау санатына жатқыза алады, бұл есептік сәйкессіздікті жоюға немесе едеуір түрде азайтуға мүмкіндік береді.
Саудаға арналған, оң әділ құнға ие барлық туынды қаржы құралдары, сондай-ақ сатып алынған опциондық келісімшарттар шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте активтер болып көрсетіледі. Саудаға арналған, теріс әділ құнға ие барлық туынды қаржы құралдары, сондай-ақ шығарылған опциондық келісімшарттар шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте міндеттемелер болып көрсетіледі.
Банк қарды активтерін басқару үшін қолданатын бизнес-модельді өзгерткенде ғана аталған қаржы активтерін қайта жіктейді. Қайта жіктеу сол қайта жіктеу күнінен басталады.
Банк өз қаржы активтерін келесідей жіктейді:
кредиттер мен дебиторлық берешектер SPPI өлшеміне сәйкес келетін Шарттық ақша ағынын алу үшін ұстап қалу бизнес-моделі аясында басқарылатындықтан амортизацияланған құн бойынша бағаланатын активтер ретінде жіктеледі;
корреспонденттік шоттардағы қалдықтар, банкаралық кредиттер мен депозиттер, РЕПО операциялары SPPI өлшеміне сәйкес келетін Шарттық ақша ағынын алу үшін ұстап қалу бизнес-моделі аясында басқарылатындықтан амортизацияланған құн бойынша бағаланатын активтер ретінде жіктеледі;
борыштық бағалы қағаздар таңдалған бизнес-модельдерге байланысты және SPPI өлшеміне сәйкес үш жіктеу санатының кез-келгеніне жіктеле алады;
үлестік бағалы қағаздар әдетте кезең үшін пайда немесе зиян құрамындағы өзгерістерін көрсетумен әділ құны бойынша бағаланатын құралдар санатына жіктеледі;
туынды қаржы құралдары кезең үшін пайда немесе зиян құрамындағы өзгерістерін көрсетумен әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері санатына жіктеледі.
Барлық қаржылық міндеттемелер бастапқы тану кезінде келесі құралдары қоспағанда, амортизацияланған құн бойынша бағаланатын болып жіктеледі:
пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер (ҚЕХС (IFRS) 9 Банктің қаржылық міндетемені бастапқы тану кезінде келесі қайта жіктеу құқығынсыз, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша бағаланатын түрінде жіктеу мүмкіндігін қарастырады);
қаржылық активті беру тануды тоқтату талаптарына сәйкес келмегенде немесе автивке жалғасып жатқан қатысу тәсілі қолданылғанда туындаған қаржылық міндеттемелер;
қаржылық кепілдік шарттары;
өзіне қабылдаған нарықтықтан төмен пайыз мөлшерлемесі бойынша қарыз беру міндеттемелері;
бизнесті біріктіру бойынша мәміледегі иеленушінің мойындаған шартты өтеуі.
Активтер мен міндеттемелерді өзара есепке алу.
Егер ол үшін заңдық тұрғыдан негіздеме болса және тараптардың берешектерді өзара есепке алу немесе активтерді сату және міндеттемелерді бір уақытта орындау арқылы реттеу ниеті болған жағдайда Банктің қаржы активтері мен міндеттемелері өзара есепке алынады және ықшамдалған түрде қаржы жағдай туралы шоғырландырылмаған есепте көрсетіледі. Егер осы құқық болашақта оқиғамен шарттаспаған болса және әдеттегі қызметтер барысында болсын, Банктің немесе контрагенттердің кез келгені міндеттерін орындамауы, дәрменсіздігі немесе банкроттығы жағдайында болсын заңды түрде орындауға болатын болса, Банктің қазіргі уақытта өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға заңды қорғаумен қамтамасыз етілген құқығы бар.
Негізгі құралдардың объектілері шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте жинақталған амортизация мен құнсызданудан болған зияндарды шегерумен нақты шығындар бойынша көрсетіледі.
Егер негізгі қаражат объектісінің пайдалы қолдану мерзімі әр түрлі бірнеше құрамдас бөліктерден тұрса, ондай құрамдас бөліктер негізгі қаражаттың жеке объектілері ретінде көрсетіледі.
Негізгі қаражат бойынша амортизация оларды пайдалы қолдану болжанған мерзімі аралығында тозуды бірқалыпты есептеу әдісі бойынша есептелінеді және пайда немесе зиян құрамында көрсетіледі. Амортизация объектіні сатып алған күннен бастап есептелінсе, ал шаруашылық әдіспен салынған негізгі құрал объектілері - объекті құрылысы аяқталып және пайдалануға жарамды болған кезеңнен бастап есептелінеді. Жер учаскелері бойынша амортизация есептелінбейді.
Кесте-4. Негізгі қаражаттың әртүрлі объектілерінің пайдалы қолдану мерзімдері үлгісі
- Ғимарат
40 - 100 жыл
- Компьютер және банк құрал-жабдықтары
5 жыл
- Көлік құралдары
7 жыл
- Жиһаз
8 - 10 жыл
- Жалға алынған жылжымайтын мүлікті жақсарту
5 жыл
Сатып алынған материалдық емес активтер жинақталған амортизацияны және құнсызданған шығындарды қоспай өлшенетін іс жүзіндегі шығындар бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Арнайы бағдарламалық жасақтауға лицензия сатып алуға және оны ендіруге жұмсалатын шығындар тиісті материалдық емес активтер құнында капиталдандырылады.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация оларды пайдалы қолданудың болжанған мерзімі аралығында тозуды бірқалыпты есептеу әдісі бойынша есептелінеді және пайда немесе зиян құрамында көрсетіледі.
2.2 Еуразиялық Банк АҚ-ның активтерінің құнсыздануы
ХҚЕС (IAS) 9 болжалды кредиттік зияндар моделі қолданылады. Құнсыздануды бағалаудың аталған моделі кредиттер беру жөніндегі кейбір міндеттемелерге және қаржылық кепілдік шарттарына да қолданылады, бірақ үлестік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz