Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктердің ашылып көрсетілуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
:
Кіріспе . . .:
3:
: 1
Кіріспе . . .: Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен маңызы . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе . . .: Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктердің ашылып көрсетілуі . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе . . .: Шаруашылық операцияларының әсерінен баланстағы болатын өгерістер және олардың сипаттамасы . . .
3: 10
:
Кіріспе . . .:
3:
: 2
Кіріспе . . .: ЖШС «Sherling» компаниясының балансын экономикалық талдау . . .
3: 15
: 2. 1
Кіріспе . . .: ЖШС «Sherling» компаниясының балансының өтімділігін талдау . . .
3: 15
: 2. 2
Кіріспе . . .: ЖШС «Sherling» баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау . . .
3: 21
:
Кіріспе . . .:
3:
: 3
Кіріспе . . .: Баланстық пайда динамикасы мен құрамын талдау . . .
3: 25
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 28
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 30

Кіріспе

Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экоиомикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады, Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.

Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.

Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады» деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз: белгілі бір ұйымның қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы ұйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, өлшеу т. б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т. с. с. жатады. Сонымен қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады.

Бұлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады.

Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақшша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алуушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы аккционерлерінен) . Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы ұйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы ұйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылган, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтауды туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі 5 болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады, Баланс құруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болиады. Әрбір келесі кезеңге баланс қүруда бұрында бухгалтерлгік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) балансттгың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратыльш жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншіик иелері, инвесторлар, негізгі құралдар, қоюшылар т. с. с. жатады. Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді.

1 Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен маңызы

1. 1 Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктердің ашылып көрсетілуі

Баланс деп- ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада

1) баланс;

2) үлгі;

3) пайдаланушылардың мүддесі;

4) сыртқы сипаты;

5) белгілі бір мерзім;

6) қаржы жағдайы;

7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. «Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.

Үлгі - баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.

Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі туындайды. Несиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа жазылуы керек.

Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жұмыс істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік баланска жазылуы керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады. Декларация көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.

Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді. Сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы талдауға болады.

Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын көрсеткіштер счеттардағы қалдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде жазылады. Белгілі бір мезім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың 1-күніне жасалып, ұйымның қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді. Ұйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады.

Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін көрсетеді.

Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда - таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер ұйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің құны пайда құрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.

Кәсіпорындар (ұйымдар) . Ұйымдар деп - кез келген шаруашылық қызмет атқарушы құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жұмыс істеу болып табылады.

Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді:

1) кіріспе баланс;

2) аралық баланс;

3) жойылуға байланысты баланс.

Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т. б. заңды тұлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.

Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты үйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.

Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатьшда баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.

Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.

Ендігі жерде ұйымдарда жасалатын, қаржы қорытындысын шығарып отыратын бухгалтерлік есеп балансының қалай және қандай принциптерді қолдану арқылы құрылатындығына мысалдар келтіреміз.

Баланстың ең біршші сатысы

Операциялар мазмұны.

І. Несиеге алынған тауарлар - активтер мен міндеттемелер (несиелендірушілер) сомасын көбейтті.

2. Ақшасы төленіп, тауарлар сатылып алынды: активтер (тауарлар) көбейді, банктегі ақша (активтер) азайды.

З. Несиелендірушілердің берген қарызы - банктегі ақша (активтер) азайды, міндеттемелер де (несиелендірушілер) азайды.

4. Осы ұйымның қожайыны банктегі ақшаға қосымша капитал құйды: банктегі ақша (активтер) мен капитал көбейді.

5. Ұйымның қожайыны өзінің жеке мұқтаждығына осы ұйым кассасынан ақша алды: активтер (ақша) азайды, капитал сомасы да азайды.

6. Несиелендірушілерге ұйым қожайыны осы ұйым есебіне жатпайтын өз қалтасынан ақша берді: міндеттемелер (несиелендірушілер) сомасы азайып, меншікті капитал сомасы көбейді.

Осы айтылғандар негізінде, біздер Активтер = Меншікті капитал + Міндеттемелер сомалары әрқашан да тепе-теңдікте болатындығын және екіжақтылық принциптің сақталғандығын тағыда көріп отырмыз 1 .

Тусіндіру және есептеуді жеңілдету, сондай-ак цифрларды орынды қолдану, қате жібермеу мақсатында пайдаланылған, қолданылатын шағын сомадағы цифрлар мен ұйымдардың атаулары шартты түрде берілді. Мұның өзі осы кітаппен жұмыс істеуді жеңілдетеді

Баланс жүргізу қажеттілігінің кейбір теориялық мәселелері

Баланс жүргізу жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінің териялық негізін қалайтын әдіснамалардан тұрады. Баланс жүргізу теориясы балансқа тән принциптерді, баланстың экономикалық күрылымын, баланстағы тараулар мен баптардың экономикалық мәнін бағалау, осылардың негізінде экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдау болып табылады. Баланс жүргізу теориясы экономикалық қатынастарды тиімді жүргізу бағытында капитал қалыптастыру, мүның функционалды аспектілерін зерттеу үрдісіндегі маңызы өте зор. Екі жақтылық теория бухгалтерлік баланспен тікелей байланыста болады. Баланс жүргізу теориясының негізінде бухгалтерлік есеп жүйесінің әдіснамалық ережелері қалыптасады. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп жүйесінің техникалық жақтары іске асырылады.

Бухгалтерлік есепті арнайы жүйеге келтіру үш аспектіден және құрамдас сабақтастықтан тұрады:

Екі жақтылық - Бухгалтерлік есеп счеттары - Бухгалтерлік баланс

Баланс жүргізу теориясы екі жақтылық принциптен (тұрақты түрде екі жақтылықтың сақталуынан), сондай-ақ шаруашылық операцияларын счеттарға жазудан қалыптасады. Есеп объектілері деп - әрбір ұйымдардағы орын алған фактілер мен операцияларды және атқарылған қызметтерді айтуға болады.

Он тоғызыншы ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэл Пизани баланстық теорияның негізін салды. Ол «статмография» ұғымын енгізген. Грек тілінде «статмо» - баланс, «графия» - жазып талдау деген ұғым береді.

Ертеректе бухгалтерлік есеп счеттары экономикалық және бюджеттік болып екі топқа бөлінген. Мүмкін осылайша бөлуге қарай қаржылық және басқарушылық есеп пайда болған болар.

Бухгалтерлік баланс - ұйымдардың экономикалық өміріндегі капиталдың шеңберлі айналысы процесін зерттеуші әдіс. Өзінің пәндік қасиеті тұрғысынан капитал әрқашан да нақтылық мақсатта, құндық маңызда болады. Капталдың негізгі орындаушылық қасиеті бухгалтерлік баланстың активінде экономикалық ресурстар түрінде сипатталады. Баланстың пассивіндегі көздер міндеттемелер түрінде мақсаттық сипатта болып, құқықтық қатынастарды құрайды. Пассивтік көздер құқықтық қатынастардың пайда болуы мен себебтерін, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) мүддесін қорғайды.

Несиелендірушілер, акционерлер, қаржы салымшы инвесторлар мақсаты осы ұйымның мүліктерін таратып алу емес, ақшаны ақшаға айналдырып табыс алу болып табылады. Мұндай мақсаттар мен себептер негізінде ұйымдар мүмкіндігін (активтерін) екі түрге: құқықтық мүліктерге (таза активтер) және мүліктік міндеттемелерге бөліп қараған жөн. Бұдан таза активтер және шартты активтер ұғымы туындайды.

Ұйымдарды ең әуелгі бастапқы кезеңде ұйымдастыру үшін активті қаражаттар қалыптастырудың көздері қарастырылады. Белгілі көлемде қаржы көздері табылмаған жағдайда, ұйымдардағы бухгалтерлік баланс инвестицияланған капиталдың шеңберлі айналысын әрбір экономикалық фазаларға қарай багалап отыруды мақсат тұтады.

Инвестицияланған капитал кәсіпкерлік әрекеттің негізін құрап, осы кәсіпкерліктің (ұйымның) құрылу себептерін және капитал айналысының базисін қалыптастырады.

Егер, біздер екі жақтылық дүниені пәлсафалық категория түрінде қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есепке тән қор көздерін - «базис», ал активті қаражаттарды - «қондырма» деп сипаттауға да болады. Яғни «статмо» үғымын базистік түрақтылық, ал «графия» ұғымын қозғалыстағы қондырма деп қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есеп дүниесіндегі екі жақтылық принципті пәлсафалық жағынан ары қарай зерттеу мүмкіндігі зор болар ма еді.

Активтерді қозғалыстағы қондырма категориясына тән деп қараған жағдайда капитал айналысының мақсаты есепті жылы алынған қаржылық қорытындының өсу қарқынымен өлшенеді. Қаржылық қорьпындының өсу қарқыны жылдан-жылға көбейген жағдайда капиталды қайта инвестициялау, мұның көлемін арттырып отыру мүмкіндігі туындайды. Осы айтылғандарға байланысты капиталдың шеңберлі айналысы есебін жүргізіп, жинақтауға, талдауға арналған бухгалтерлік баланстың әдіснамалық функциялары (қасиеті) өте зор. Сонымен қатар бухгалтерлік баланстағы жинақталған көрсеткіштер мен ақпараттар негізінде қаржылық қорытынды есеп жасап, капитал қозғалысын бағалау мен талдауға болады.

Бухгалтерлік балансты экономикалық, қаржылық, құқықтық заңдылығын және капиталдың пайда болуы мен қозғалысын, мұның бір түрден екінші түрге ауысуын, капиталдың өсу қарқынын, капиталдың сандық мағанасының сапалық және қаржылық мағанаға айналу аспектілерін сипаттайтын, оны ары қарай зерттеу моделі түрінде тану қажет. Сондықтан қандай да болмасын ұйымдарда жасалатын балансты капитал рыногын, мұның айналымы мен шеңберлі айналысын, таза пайданың өсу қарқынын, инвестицияның тиімділігін белгілі бір кезеңдерге сай зерттеу жұмыстарының әдіснамасы деп караған да жөн.

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы­-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің 3. 03. 94 ж. №10-4/1143

Хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни балланс пассиві көрініс табады.

Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.

Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассиві көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына қарай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:

- активтік баптар шаруашылық қорлардың құрамы, орналасу және пайдалану бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;

  • активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.

1. 2 Шаруашылық операцияларының әсерінен баланстағы болатын өгерістер және олардың сипаттамасы

Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сәйкес келеді.

Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.

Актив:

1. Ұзақ мерзімді активтер.

2. Ағымды активтер.

Меншікті капитал мен міндеттемелер:

1. Меншікті капитал (Акционерлік капитал) .

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

3. Ағымдағы міндеттемелер.

Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.

Баланс-неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, «Материалдық емес активтер», «Негізгі құралдар» баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.

Баланс-неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндары ғана енгізіледі.

1-бөлім . Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:

Материалдық емес активтер - бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес обьектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл-патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.

Негізгі құралдар - бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.

Мұнда мынадай баптар ашылұға тиіс:

А/ жер;

ә/ үйлер мен ғимараттар;

б/ машиналар мен жабдықтар;

в/ жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері;

г/ жинақталған тозу;

д/ аяқталмаған күрделі құрылыс.

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

Инвестициялар - кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.

Мұнда мынадай баптар ашылады:

А/ еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;

Ә/ тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;

Б/ ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнына ерекшелінеді.

2-бөлім . Ағымдағы активтер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның шоғырландырылған қаржылық есебі және оны талдау
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
Ұйымның қаржылық есептілігі және оны талдау
Қаржылық есептілік туралы
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Автокөлік салалары бойынша қаржылық есеп және оны талдаудың теориялық негіздері
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Есептілік кезең қағидасы
Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру
(IAS) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz