Ұйымының капитал және резервтер есебі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Ұйымының капитал және резервтер есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
5
1.1
Ұйымының капитал есебін ұйымдастыру және оның құрамы ... ...
5
1.2
Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
2
Компанияның меншікті капиталының құрамы мен қалыптасу көздерін талдау (Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KEGOC акционерлік қоғамы мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
2.1
KEGOC акционерлік қоғамының экономикалық-шаруашылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
2.2
KEGOC акционерлік қоғамының меншікті капиталын тиімді басқару және компания қызметін дамытудың стратегиялық бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
3
Компанияның капиталын бақылау және оның операциондық аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
40
Кіріспе
Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен
құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
Капитал ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті -- өз иесіне табыс әкелу.
Резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орын дайындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.
Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстын Резервтік капитал бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қогамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.
Берілген тақырып - Капитал мен резервтер есебі мен аудиті болған соң, осы тақырыптың мәнін ашу, меншікті капиталды талдай отырып, оның қай шотта қаралатынын, меншікті капиталдың түрлерін, резервтер есебін және аудитін қарастыру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
1 Ұйымының капитал және резервтер есебі
1.1 Ұйымының капитал есебін ұйымдастыру және оның құрамы
Капитал - бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі қалған үлес.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
- инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 Жарғылық капитал
5100 Төленбеген капитал
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
5300 Эмиссиялық кіріс
5400 Резервтер
5500 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)
5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал)
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың (акционерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі - бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек. Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болмауы керек.
Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.
Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.
Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.
Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, Алтын акцияның болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі.
Егер бұрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге ңабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалаық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, Ноу-хау, негізгі құралдар, жер иелену қүқығы және басқа активтер қабылданады.
Жарғылық капиталдың нақты барын және оның қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 5000 Жарғылық капитал бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі:
5010 Артықшылығы бар акциялар - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылығы бар акцияларының жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5020 Қарапайым акциялар - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5030 Салымдар мен пайлар - мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысуларды есепке алу 5110 Төленбеген капитал шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша жарғылық капиталға салынатын салымдар жөніндегі құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары көрсетіледі. 5110 Төленбеген капитал шотының дебетттік қалдығы жарғылық капиталға жарияланған, бірақ төленбеген салымдар бойынша құрылтайшылардың берешек сомасы көрсетіледі. Ұйым өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда белгіленген тиісті мөлшерде толық қалыптастырғанда, 5110 Төленбеген капитал шоты толық жабылады және онда дебеттік қалдық онда болмайды.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын жарияланған және тіркелген салымдардың нақтылы құны бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:
5110 Төленбеген капитал шот дебеті
5010 Артықшылығы бар акциялар
5020 Қарапайым акциялар шоттар кредиті
Құрылтайшылармен жарияланған және тіркелген акциялардың құнын төлеу негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар түрінде келіп түссе, келесідей жазба жасалады:
Дебет шот 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730
Кредит шот 5110
Акционерлік қоғам өзінің акцияларын бағалы қағаздар нарығында олардың нақтылы құнынан асатын баға, орналастыру бағасы бойынша сата алады. Мұндайда акцияларды орналастыру бағасы бойынша есептелген сату құнының нақтылы құнынан асқан сомаға шоттардың келесі жазбасы жасалады:
Дебет шот 1010, 1030
Кредит шот 5310 Эмиссиялық кіріс
Жарғылық капиталдың айналымнан алынған акциялар сомасына азайған кезде олардың түрлеріне қарай келесі жазба жасалады:
Дебет шот 5010, 5020
Кредит шот 5210 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
Ұйымның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталына қатысушылар ақша, ТМҚ, бағалы қағаздар түрінде салымдар мен жарналар енгізсе, бастапқы кіріс құжаттары негізінде келесідей жазбалар жүргізіледі:
Дебет шот 1010, 1030, 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730
Кредит шот 5030
Жарғылық капиталдың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі. Акциялардың аналитикалық есебін жүргізу үшін мынандай мәліметтері бар акционерлер тізбесінен реестрінен алынған жазба негіз болады:
oo акцияларға ие акционерлердің жалпы саны;
oo артықшылықты акциялардың жалпы саны және оларға ие акционерлердің саны;
oo акциялардың 5%-інен астамына ие акционерлердің сондай-ақ жеке және занды тұлғалардың жарғылық қордағы үлесі.
Жазбаның шығу сан реті, күні, тіркеушінің атауы және оның орналасқан орны көрсетілуі керек. Жазбаға лауазымды басшы адам қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
Акциялардың қозғалысы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебіндегі жазулар тәуелсіз тіркеушінің бағалы қағаз ұстаушылардың тізімдемесін жүзеге асыратын заңды тұлға операцияларды тіркеуі негізінде, төлемдемедегі тиісті жазуды өзгерту жолымен жүргізіледі.
Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарияланған және тіркелген, бірақ жарғылық капиталға енгізілмеген салымдар бойынша берешек сомасы төленбеген капитал деп аталады. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 Төленбеген капитал шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тулғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
Жарияланған белгіленген тәртіппен тіркелген жарғылық қор сомасына 5110 Төленбеген капитал шоты дебеттеледі де, 5000 Жарғылық капитал бөлімшесінің шоты 5010,5020 акционерлік қоғамдарда және 5030 Қосқан үлестер мен жарналар серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде шоттары кредиттеледі.
Eгep 5110 Төленбеген капитал шоты бойынша дебеттік қалдық өтелген болса, бұл кәсіпорын өз жарғылық қорын толығымен қалыптастырды деген сөз кредиттік қалдық акционерлер құрылтайшылар енгізуге тиісті қаражат сомасын, яғни акционерлердің салым бойынша қарыздарын көрсетеді.
Акционерлік қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығындары:
oo орналастырылған акцияларды акционерлердің талап етуі бойынша сатыпалған кезде - олардың жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады;
oo орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатыпалған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің 10 пайызынан аспауға тиіс.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.
Кейіннен сату мақсатында немесе еліміздің заңдарына және акционерлік қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар үшін акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін 5210 Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар шоты арналған. 5210 Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар шотының дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың құны, ал кредиті бойынша сатып алынған меншікті акцияларды оралымнан қайтарып алуды көрсетеді.
Акционерлерден меншікті акцияларын нарықтық құны бойынша ақшалай қаражаттар, ТМҚ, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа да мүліктер түрінде қайтып сатып алынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дебет шот 5210
Кредит шот1010,1030, 1310,1320,1330,1350, 2310, 2410, 2730
Сатып алынған акциялардың нарықтық құны олардың орналастыру құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін болғандықтан олардың арасындағы айырма сомасына алдыңғы бухгалтерлік тізбеге қосымша бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
- егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан төмен болғанда: Дт шот 5210 Кт шот 5310
- егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан жоғары болғанда: Дт шот 5310 Кт шот 5210
Акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес оралымнан акцияларды шығарып алу жарғылық капиалдың сатып алынған акциялардың нақты құнының азаюына әкеледі де, ол келесі жазбамен көрсетіледі:
Дебет шот 5010, 5020
Кредит шот 5210
Мекеме өзінің жұмысшылары мен қызметкерлерінің материалдық қызығушылықтары мен ынталықтарын көтеру мақсатында сатып алынған меншікті акцияларды опцион арқылы сату бойынша олардың арасында қайта бөліп беруге құқығы бар, сонымен көрсетілген акциялар нарықтағы сатудың нақты құны мен арақатынасына байланысты келесі жазбалар беріледі:
- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнына тең болса: Дт шот 1010, 1030 Кт шот 5210
- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болса: Дт шот 1010, 1030
Кт шот 5310 - сатып алынған акциялардың нақты құнының оларды сатудың нақтылы құнынан асқан сомасына
Кт шот 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына
Ескеру керек, егер эмиссиялық кіріс сатып алынған акциялардың нақтылы құнының оларды сатудың нақты құнынан асқан сомасы өтеуге жеткіліксіз болса, онда өтелмеген сома 5510 шотының дебеті бойынша есептен шығарылады:
- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақты құнынан жоғары болса:
Дт шот 1010, 1030

Кт шот 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына.
Эмиссиялық кіріс есебі.
Эмиссиялық кіріс дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 Эмиссиялық кіріс шотында жүргізіледі. Бұл шоттың кредиті бойынша акциялардың нақтылы құнынан оларды сатудың нақты құнының асқан артық соманың түсуіне қарай ақшалай қаражаттарды есепке алу шоттарының немесе 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек шотының дебетінде көрсетіледі.
Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.
Акционерлік қоғамның кассасына және ағымдағы банктік шоттарына меншікті акцияларын сатқаннан олардың нақтылы құнынан асқан артық сома түскен кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт шот 1010, 1030 Кт шот 5310
Сатылған акциялар үшін есеп айырысу құжаттарын төлеуге ұсынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт шот 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (төлеу мерзімі 1 жылға дейін болса)
2180 Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (төлеу мерзімі 1 жылдан асқанда)
Кт шот 6210, 6213, 5310
Меншікті акцияларды сатумен байланысты шығындар (андеррайтерлердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, жарнама жасаушығындары, бағалы қағаздар нарығына андеррайтерлердің қатысу үшін алымдар және т.б.) 7410 Активтердің істен шығуы бойынша шығындар шотына есепкеалынады. Тек бұл шотқа қосымша 7413 Қаржылық активтердің істен шығуы бойынша шығындар шотын ашу керек. Мұнда шоттардың байланысы келесі түрде көрсетіледі:
- андеррайтерлерге немесе акцияларды сатумен шұғылданатын тұлғаларға есептелген еңбек ақы сомасына есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес:
Дт шот 7410, 7413 Кт шот 3350
- есептелген еңбек ақы сомасынан әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына:
Дт шот 7410,7413 Кт шот3150, 3210
- жарнама жасауға төленген шығындар, әртүрлі алымдар және акцияларды сатумен байланысты басқада шығындар сомасына шығыс касса ордерлеріне, ағымдағы банктік шоттардың жазбаша үлгілеріне сәйкес:
Дт шот 7410, 7413 Кт шот 1010, 1030
Эмиссиялық кірістерді мекеменің ағымдағы мұқтаждығына пайдалауға болмайды. Олар белгіленген тәртіпте, әдеттегіндей, жарғылық капиталды ұлғайтуға және меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға, яғни меншікті акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болғанда пайдаланылады.
Мұндайда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
- жарғылық капиталды ұлғайтуға:
Дт шот 5310 Кт шот 5010, 5020
- меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға:
Дт шот 5310 Кт шот 7410, 7413
5110 Эмиссиялық кіріс шоты бойынша талдаалық есеп №13 журнал-ордерде жүргізіледі.
1.2 Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері
Резервтік капитал -- акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.
Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.
5400 Резервтер кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5410 Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал - онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5420 Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв - онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430 Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв - онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5440 Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв - онда қаржыактивтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5450 Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв - онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5460 Басқа да резервтер - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
ҚР заңнамасына сәйкес құрылған мекеменің резервтік капиталының нақты бары және қозғалысы туралы ақпараттарды қорыту үшін 5410 Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал шоты арналған.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 шоттың дебетімен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030, 3390, 3050 - артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510 Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы), 5520 Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (залал) - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Қайта бағалауға аранлған резерв - бұл инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді және басқа да активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде алынған сома.
Аталған активтерді қайта бағалаудан алынған резервтерді активтер бойынша жеке көрсетіп, бақылауды күшейту мақсатында бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарындажеке шоттар қарастырылған.
Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдарды қосқанда, аяқталмаған күрделі құрылыс және орнатуға арналған жабдықтарды қайта бағалауды заңдарға сәйкес мекеме өз бетімен инфляцияның нәтижесінде активтердің құнының өсуіне байланысты жүргізеді. Сондай-ақ, мекеме негізгі құралдарды индексациялау жүргізуге құқылы. Бағалар тиісті құжаттармен немесе эксперттік жолмен расталуға тиіс.
Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.
Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізіледі.
Кесте-1. Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қайта бағалауға арналған резерв есебі
№
пп
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Корр. шот
Дебет
Кредит
1.
Негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасына
2410
5420
2.
Олардың құнының ұлғаюын ескере отырып, негізгі құралдардың тозуын көбейту
5420
2420
3.
Амортизация есептеудің қолданылатын әдісіне сәйкес есепті жылдың бөлінбейтін кірісіне негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасын есепке жазу
5420
5510
4.
Жарғылық капиталды толықтыруға қайта бағалауға арналған резервті пайдалану
5420
5310
Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.
Бөлінбеген пайда (табыс) -- кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) болып табылады.
Бөлінбеген пайда (залал) есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5500 Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы) - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5520 Өткен жылдардағы пайда (залал) - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларға шоттардың байланыстары төмендегі кестеде берілген.
Кесте-2. Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
№
Операциялардың мазмұны
Шоттар корреспонденциялары
Дебет
Кредит
1.
Есепті жыл соңында жабылуы:
5520
5510
2.
Қайта бағалаудан алынған баға көбеюі:
а) негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялар оларды есептен шығарып тастағаннан кейінгі
5420, 5440
5510
б) өзге активтерді
5460
5510
3.
Акционерлерден меншікті акциялар сатып алу кезінде алынған айырма:
а) номиналдық құнынан төмен баға бойынша
5210
5510
б) номиналдық құнынан жоғары баға бойынша
5510
5210
4.
Есепті жылдың бөлінбеген кірісінен резервтік капиталға жасалған аударымдарды көрсету
5510
5410,5460
5.
Акциялар бойынша дивидендтер есептеу
5510
3510
6.
Есепті жылдың бөлінбеген кірісінің қалған сомасын өткен жылдар кірісіне апару
5510
5520
7.
Есепті жылдың жабылмаған залалын жабу:
а) резервтік капитал есебінен
5410,5460
5510
б) өткен жылдардың бөлінбеген кірісі есебінен
5520
5510
2. Компанияның меншікті капиталының құрамы мен қалыптасу көздерін талдау (Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KEGOC акционерлік қоғамы мысалында
2.1. KEGOC акционерлік қоғамының меншікті капиталы мен оның құрамын талдау
KEGOC АҚ корпоративтік басқаруды Компания қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және тартылған капиталдың шығындарын азайту құралы ретінде қарайды.
KEGOC АҚ-дағы корпоративтік басқару әділеттікке, адалдыққа, жауапкершілікке, айқындылыққа, кәсіби шеберлікке және құзыреттілікке құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы KEGOC АҚ-ның қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу деп жорамалданады және Компания қызметінің табысты болуына, оның ішінде оның құндылығын арттыруға, қаржылық тұрақтылық пен пайдалылық деңгейін сақтауға мүмкіндік туғызады.
KEGOC АҚ корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
Директорлар кеңесі мен Басқарманы тиімді басқару қағидаты;
KEGOC АҚ дербес қызметінің қағидаты;
KEGOC АҚ-ның қызметі туралы ақпараттың айқындылығы мен оны ашып көрсету шынайылығының қағидаты;
заңдылық пен әдеп-ғұрып қағидаттары;
тиімді үлеспайдалық саясат қағидаттары;
тиімді кадр саясатының қағидаттары;
қоршаған ортаны қорғау қағидаты;
корпоративтік дау-дамайлар мен мүдделік дау-дамайларды реттеу қағидаттары;
жауапкершілік қағидаты.
KEGOC АҚ-дағы корпоративтік басқару қағидаттары Компанияны басқаруға байланысты туындайтын қатынастарда сенім білдіруге бағытталған және ол KEGOC АҚ-ның корпоративтік басқару кодексінде баяндалған.
2019 жылы 18,2 млрд.теңгеден астам сома игерілді, соның ішінде ірі стратегиялық жобалар бағыты бойынша - 15,4 млрд.теңге, істегі активтерді қайта жаңарту мен ауыстыруға - 2,8 млрд.теңге.
KEGOC АҚ-ның үлеспайда саясаты үлес пайдалық төлемдер мөлшерін анықтау барысында Компания мен Жалғыз акционердің мүдделерін сақтауға, Компанияның инвестициялық тартымдылығын және оның қаржылануын арттыруға, Жалғыз акционердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған құқықтарын құрметтеу мен қатаң сақтауға негізделген. Үлеспайдаларды төлеу шарттары: есептік кезеңдегі Компанияның таза табысы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей үлеспайдаларды төлеуге шектеудің болмауы; Жалғыз акционердің шешімі.
Кесте-3. KEGOC АҚ-ының 2018-2019 жылдар аралығындағы қаржыландыру көздерінің құрамын салыстырмалы талдау
Көрсеткіштер
2018 ж
2019 ж
Ауытқу , +-
Мың теңге
%
Мың теңге
%
2019 ж-дан 2018 ж
Мың теңге
%
Жарғылық капитал
105242972
92,80
105842972
87,50
600000
0,57
Резервтер
-54956
-0,05
-55123
-0,05
-167
0,30
Үлестірілмеген табыс
8224996
7,25
15177838
12,55
6952842
84,53
Меншікті капитал
113413012
100
120965687
100
7552675
6,66
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі жоғарыласа тәуекелділік азаяды.
Меншікті капитал компания үшін ресурс ретінде акционерге дивидендтер төлеу түріндегі құнмен өрнектеледі. Берілген ресурс түрінің өсуі екі жағдайда болуы мүмкін: акционерлік капитал немесе банк пайдасының өсуі. Акционерлік капитал және оған теңестірілген банк қаражаттары құрылымындағы баптар банк тұрақтылыєын және оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
ХҚЕС-қа сәйкес құралған KEGOC АҚ біріккен қаржы есептілігі негізінде есептелетін таза табыс Жалғыз акционерге үлеспайдаларды төлеу көзі болып табылады.
Өткен қаржы жылындағы таза табысты тиісінше тарату тәртібі және жылдық үлеспайдалар мөлшері туралы ұсыныстар әзірлеу барысында Компанияның Директорлар кеңесі дивиденділерді төлеуге бағытталатын сома таза табыстың 30%-нан кем болмауын негізге алады.
Топтың 2011 және 2018 жылдардағы 31 желтоқсандағы күйi бойынша жарғылық капиталы 10, 584, 297 және 10, 524, 297 орналастырылған және толығымен төленген әрқайсысының номиналдық құны 10, 000 теңге жай акциялардан тұрады. Әрбiр жай акцияның бiрдей дауыс беру құқығы бар. Топтың 2019 және 2018 жылдардағы 31 желтоқсандағы күйi бойынша артықшылығы бар акциялары жоқ.
2019 және 2018 жылдардағы 31 желтоқсандағы күйi бойынша Топтың жалғыз акционерi Самұрық-Қазына болып табылды.
2016 жылы жария етілген 60, 000 жай акцияларға ақы төленді, оларды Самұрық-Қазына алғыз акционер артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынды.
Жай акцияларды ұстаушылардың дауыс беру құқығы бар, бiрақ дивидендтердi төлеуге кепiлдiк берілмеген. Акционер 2019 жылды Топтың таза табысының 15% мөлшерінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Топ 869, 403 мың теңге мөлшерінде дивидендтер төледi (2018 жылы акционердің шешімі негізінде дивидендтер төленбеді).
Акцияға пайдалылықты есептеу таза пайдада және 2019 және 2018 жылдағы айналымдағы жай акциялардың орташа есептелген саны негiзделген: 10, 559, 297 және 10, 524, 297 акциялар, тиісінше. Топтың кәдiмгi акцияларының әлеуеттік үлесінің кемуі болмайды. 2019 және 2018 жылдардағы 31 желтоқсанмен аяқталатын жыл ішінде Топтың акцияға базалық және кеміген пайдасы 741 теңге және 551 теңгенi құрады.
KEGOC АҚ-ының бөлінбеген таза табысты жұмсау бағыттары келесі кестеде берілген.
Кесте-4. KEGOC АҚ-ының бөлінбеген таза табысты жұмсау бағыттары, млн.теңге
Көрсеткіштер
2017 ж
2018 ж
2019 ж
2020 ж жоспар
Үлес пайдалар төлеу
--
869,40
2 346,68
1 693,54
Дамытуға
--
4 926,62
5 475,57
3 951,60
Компания 2020 жылы Жалғыз акционер Самұрық-Қазына АҚ-на үлес пайдалар түрінде 2,3 млрд.теңге төлеуді жоспарлап отыр.
Кәсіпорын меншікті капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:
Кұм=Ұм(Мк+Ұм)
мұндағы КҰМ - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Кұм (2018 ж) = 0,3
Кұм (2019 ж) = 0,36
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар сырттан тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Меншікті капиталды зерттегенде меншікті айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін қолданылады:
МАК = МК - АҰМ
мұндағы МАҚ- меншікті айналым капиталы;
МК -- меншікті капитал;
АҰМ - ұзақ мерзімді активтер.
МАК (2018 ж) = 113413012 - 147606856 = - 34193844 мың теңге
МАК (2019 ж) = 120965687 - 176699251 = - 55733564 мың теңге
Бұл көрсеткіш абсолютті көрсеткіш болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал төмендеуі - теріс бағыты ретінде қарастырылады.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады. Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатынын, мобильді формада екендігін көрсетеді және келесі формула арқылы анықталады:
КжМақМк
мұндағы КЖ - жұмсау коэффициенті;
МАҚ- меншікті айналым капиталы;
МК - меншікті капитал.
Кж (2018 ж) = - 34193844 113413012 = -0,3
Кж (2019 ж) = - 55733564 120965687 = -0,5
Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді (айналымнан уақытша оқшауланған) сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Кәсіпорынның тауарлы - материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы - материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:
КкқМақҚтм
мұндағы КҚҚ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;
МАҚ - меншікті айналым капиталы;
ҚТМ - тауарлы-материалдық қорлар.
Ккқ (2018 ж) = - 34193844 1428749 = -23,9
Ккқ (2019 ж) = - 55733564 1441768 = -38,7
Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы - материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Сырттан тартылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады. Дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасының коэффициенті формула арқылы есептеледі:
КдкДБКБ
мұндағы Кдк - дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасы коэффициенті;
ДБ - дебиторлық борыш;
КБ - кредиторлық борыш.
Ккқ (2018 ж) = 127962 1072319= 0,43
Ккқ (2019 ж) = 4105707 10220047= 0,43
Бұл коэффициент қатыстырылған қарыздың дебиторлық қарыздан қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда мұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады.
Егер кәсіпорынның коммерциялық несиелеу жүйесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қарқынды өсіп кетуі мүмкін. Талдаушының келесі маңызды жұмысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.
Келесі талдау барысында салынған акционерлік капиталдың тиімдлігі мен экономикалық қосылған құнды жасалынған жоспармен салыстыру арқылы бағалау жасауға болады.
2.2 KEGOC акционерлік қоғамының меншікті капиталын тиімді басқару және компания қызметін дамытудың стратегиялық бағыттары
Фирманың капитал құрылымында өзінің және қарыздық қаражаттарының дұрыс ара қатысын есептеп, қаржы менеджері капиталдың оңтайлы құрылымын анықтайды. Тәжірибеде меншік және қарыздық капиталдардың тиімді ара қатыстарының біріңғай әдістері жоқ, тіпті бір кәсіпорын үшін де, оның әр түрлі даму сатыларында, тауар және қаржы нарықтарының әр түрлі конъюктурасында. Кейбір объективтік және субъективтік факторлар капитал құрылымын мақсатқа сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік беріп, оны әр нақты кәсіпорында тиімді пайдаланудың жағдайын жасайды.
Негізгі факторлар:
Кәсіпорынның операциялық қызметінің салалық ерекшеліктері.
Өнім өндірісі қорсыйымдылығының деңгейі жоғары, айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары кәсіпорындардың несиелік рейтингі әдетте төмендеу, олар өз қызметінде өздерінің капиталын пайдалануға мәжбүр. Операциялық кезең мерзімі неғұрлым аздау, кәсіпорын соғұрлым көбірек дәрежеде қарыздық капиталды пайдаланады.
Өз өмірлік кезеңінің бастапқы сатыларында тұрған және бәсекеге қабілетті өнімі бар кәсіпорындар өзінің дамуы үшін қарыздық капиталдың үлкен үлесін тартуы мүмкін, осындай кәсіпорындар үшін осы капиталдың құны орташа нарықтық құнынан жоғары болса да. Ал дамыған кәсіпорындар меншік капиталын пайдалануға тиісті.
Осы нарықтың конъюнктурасы неғұрлым тұрақты, осыған сәйкес кәсіпорынның өніміне сұраныс тұрақтылау, қарыздық капиталдың пайдалануы соғұрлым қауіпсіздеу. Және керісінше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz