Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
:
Кіріспе . . .:
3:
: 1
Кіріспе . . .: Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау негіздері . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе . . .: Қаржылық талдаудың тақырыбы, міндеті және түрлері . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе . . .: Кәсіпорындарды қаржылық талдаудың тәсілдері мен әдістері . . .
3: 9
:
Кіріспе . . .:
3:
: 2
Кіріспе . . .: «Fullspeed» ЖШС кəсіпорынының қаржылық тұрақтылығын талдау жəне оны бағалау . . .
3: 14
: 2. 1
Кіріспе . . .: «Fullspeed» ЖШС кəсіпорынының төлем жəне несиеге қабілеттілігін талдау . . .
3: 14
: 2. 2
Кіріспе . . .: «Fullspeed» ЖШС кəсіпорынының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары . . .
3: 17
:
Кіріспе . . .:
3:
: 3
Кіріспе . . .: Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету . . .
3: 22
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 28
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 30

Кіріспе

Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерттеу талдаусыз болмайды. «Талдау» термині аударғанда «бөліну» деген сөзді білдіретін «analyzis» деген латын сөзінен шықты. Сондықтан, шеңберлі ұғымда талдау құбылыс немесе затты бөлімдерге (топтар), элементтерге, ішкі, бұл құбылысқа ғана тән құрамдарға бөліну деп белгіленеді. Бұл зерттелген заттың, процестің ішіне қарауға, оның ішкі мәнін ұғуға, зерттелген құбылыс немесе процестегі әр элементтің рөлін анықтауға көмектеседі.

Талдау «Синтез» ұғымымен диалектикалық қарсы бірлікте тұрады, зерттелген объекттің алдында бөлінген элементтерін бір тұтастыққа жинайды. Талдау-синтез әр ғылыми зерттеудің синонимы ретінде қарастырылады. Ғылыми білімнің әр саласында, адам әрекетінің әр сферасында талдау-синтезсіз болмайды.

Бірақ жердегі барлық өмірдің негізі болып табылатын экономикада талдау-синтез ерекше маңызды болды.

Талдау, экономикалық құбылыстар мен процестер мәнін білу құралы ретінде, б. з. д. 4000 ж. қалыптасқан.

Оның қалыптасуы мен дамуы бухгалтерлік есептің қалыптасуы және дамуымен байланысты. Бірақ өзінің теоретикалық және тәжірибелік дамуын ол 19 ғасырдың екінші жартысында, капиталистикалық қатынастың дамуы кезінде алды.

Кәсіпорынды экономикалық талдау - ол экономикалық құбылыстар мен процестерді, оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және оларды жан-жақты байланыстырып зерттейді. Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды. Яғни, осы талдаудың көмегімен басқару шешімдерін қабылдау жүзеге асырылды.

Мысалы: Талдау - үлкен кәсіпорын менеджерлеріне қашан және қанша экспорт, импорт алуы туралы кӛмектеседі. Экономикалық талдау - нарық жағдайын зерттейді. Яғни, осы талдаудың көмегімен белгілі-бір уақыт аралығында өзгерістерге баға белгіленеді.

Талдаудың қалыптасуы объективтік талаптар мен жағдайлармен туылған.

Біріншіден , өндірістік күштер дамуымен, өндірістік қатынастардың дамуымен және өндіріс масштабтарының кеңдеуімен байланысты комплекстік және жүйелік талдаудың тәжірибелік қажеттігімен. Жан-жақты талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқаруға, тиімді шешім қабылдауға қиын.

Екіншіден , бұл ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Экономикадай, талдау, ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде көптеген өзгерістерге тап болды. Талдаудың мазмұны оның кәсіпорынды басқару жүйесінде атқаратын рөлі мен функциялардан шығады.

Талдау есеп пен басқару шешімдерді қабылдаудың арасындағы байланыс буыны болып табылады.

Талдау процесінде ақпарат аналитикалық өңдеуді өтеді: өткен кезеңдер жетістіктерінің басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылады, түрлі факторлардың әсері анықталады, пайдаланбаған мүмкіндіктер, қателер, кемшіліктер айқындалады. Талдау арқылы ақпаратты ұғады.

Талдау нәтижелерінің негізінде басқару шешімдер қабылданады.

Бухгалтерлік есепті басқару және қаржылыққа бөлу экономикалық талдаудың да бөлінуін туғызды. Қаржылық және басқару талдау болады. Содан басқа, қаржылық талдау ішкі және сыртқы болады.

Ондай бөліну Коммерциялық құпияны қорғау заңының іске асыруылымен белгіленді, соған байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі кәсіпорын масштабында басқару және қаржылық есепке, ал есеп берушілік - басқару және қаржылық есеп берушілікке бөлінеді.

1 Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау негіздері

1. 1 Қаржылық талдаудың тақырыбы, міндеті және түрлері

Талдаудың ішкіге және сыртқыға бөлінудің негізгі нышаны болып пайдаланған ақпараттың сипаты есептеледі.

Басқару есеп берушілік - бұл бөгде адамдарға жабық, қатал құпияланған есеп берушілік. Мұнда өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құны туралы, немесе сапасы төмендігінен және басқа себептерден жатып қалған, өз сатып алушысын таба алмаған өнім туралы мәліметтер бар. Бұл жеке бөлімшелердің қаржы- шаруашылық әрекет нәтижелері туралы есеп беру. Басқару есеп берушілік басқару есеп мәліметтері бойынша құрастырылады да кәсіпорынды басқаратын шектелген тұлғалар шеңберіне ғана қолжетімді.

Қаржылық есеп берушілік - ақпаратты пайдаланушылардың кең шеңберіне көрсетілген ашық есеп берушілік: инвесторларға, акционерлерге, салық және қаржы органдарына, банктерге, сақтандыру компанияларға, аудиторлық контораларға және т. б. Қаржылық есеп берушілік қаржылық есеп негізінде құрастырылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, басқару және қаржылық объективтік шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау қажет. Терең және мұқият талдаудың негізінде ғана оның әрекетін объективті бағалау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту немесе бекіту туралы уақытында және дұрыс шешімдерді қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік туады.

Қаржылық талдау - кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетін зерттеу әдістері жөнінде білімдер жүйесі. Қаржылық талдаудың тақырыбы - кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекеті, ал қаржылық талдау әдісі деп тақырып зерттеуге көмектесетін тәсілдер мен әдістер жиынтығы санауға болады.

Қаржылық талдаудың басты мақсаты - кәсіпорын қаржы-шаруашылық әрекетін терең, мұқият және комплекстік зерттеу, және бұның негізінде оның тиімділігі қандай, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын жақсарту және бекіту, оның іскерлік белсенділігін көтеру жолдары қандай деген сұрақтарға жауап алу.

Кәсіпорынның қаржылық талдауының негізгі міндеттері:

- кәсіпорын қаржылық жағдайының жалпы бағасы және есепті жылда оның өзгеруі;

- активтердің құрамы және құрылымын, олардың жағдайын және жылжуын бағалау;

- өзіндік капиталдардың және міндеттердің құрамы және құрылымын, олардың жағдайын және жылжуын бағалау;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және олардың деңгейінің өзгеруін бағалау;

- кәсіпорынның төлеу қабілетін және баланс өтімділігін талдау;

- кәсіпорын табыстылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

- кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау;

- кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын қысқамерзімді болжау және оның қаржылық стратегиясын өңдеу.

Талдау түрлі нышандармен классификацияланады:

1. Салалық нышанмен, қоғамдық еңбекті бөлу негізінде белгілейді:

а) экономиканың жеке салалар өзгешілігін есепке алатын есеп берушілік талдау (ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс) ;

б) экономиканың барлық салаларындағы талдаудың теоретикалық және әдістемелік негізі болатын салааралық талдау.

Салалық талдаудың қажеттілігі өндірістің түрлі салаларының өзгешілігімен туындайды. Әр саланың өз ерекшеліктері мен экономикалық қатынастары бар. Бір уақытта барлық салалар өзара байланысты, сондықтан салааралық талдау қажеттілігі туындайды. Ол талдаудың жалпы белгілері мен ерекшеліктерін қарастырады да талдаудың озық нәтижесін біріктіреді.

2. Уақыт нышаны бойынша талдау бастапқы (болашақты) және кейінгі (ретроспективті) болып бөлінеді:

а) бастапқы шаруашылық операцияларына дейін өткізіледі. Ол басқару шешімдер мен жоспарлық тапсырмаларды негіздеуге, сонымен қатар келешекті болжап, жоспарды орындаудың бағасын беру үшін, қолайсыз нәтижелерді ескеру үшін керек;

б) кейінгі талдау шаруашылық операциялар жасалғаннан кейін өткізіледі.

Ол жоспар орындауын бақылау үшін, пайдаланбаған резервтерді айқындау үшін, кәсіпорын әрекетінің нәтижелерін объективті бағалау үшін керек қолданылады.

Болашақты және ретроспктивті талдау өзара тығыз байланысты. Өткен кезеңдердің еңбек нәтижелерін талдаусыз заңдылық тенденцияларын зерттеуге, пайдаланбаған мүмкіндіктерді, озық тәжірибені анықтауға мүмкін емес, сондықтан ретроспективті талдау болашақты талдаудың негізі болып табылады.

Бастапқы талдаудың тереңдігіне және сапасына кейінгі талдаудың нәтижелері тәуелді. Егер жоспарланған көрсеткіштер негізделмеген болса, жоспар орындаудың кейінгі талдауы маңызын жоғалтады.

Рестроспективті (кейінгі) талдаудың екі түрі бар: жедел және қорытынды талдау.

Жедел талдау шаруашылық операция өткізілгеннен кейін немесе өткізілген уақытта, яғни өте қысқа уақытта (күн, тәулік, кезек) өткізіледі. Оның мақсаты - жедел кемшіліктерді тауып, шаруашылық процестерге әсер ету.

Ол бірінші есеп және өндіріс процесін тікелей бақылау мәліметтерінде, жұмыскерлермен әңгімелесуде негізделеді.

Ең бірінші өндіріс, өнімді тиеп қою және өткізу, жұмыс күшін пайдалану, құрал-жабдықтарды және материалдық ресурстарды өндіру, өзіндік құны және т. б. жедел талданады.

Көрсеткіштер көбінесе табиғи беріледі. Бұл жедел талдаудың айырым белгісі болып табылады.

Қорытынды (соңғы) талдау уақыттың есепті кезеңі (ай, квартал, жыл) бойынша өткізіледі. Оның құндылығы - кәсіпорын әрекеті тиісті кезең бойынша есептік мәліметтер арқылы жиынтықты және жан-жақты зерттеледі. Сонымен бар мүмкіндіктерді пайдалану жөнінде кәсіпорын әрекетінің толық бағасы қамтамасыз етіледі. Ол ресми бухгалтерлік және статистикалық есептілігінде негізделеді.

Қорытынды талдаудың маңызды кемшілігі бар - табылған резервтер мүлде жоғалтылған мүмкіндіктерді көрсетеді, неге десе олар өткен кезеңге қатысты. Оның нәтижелері келешекте есептеледі.

Жедел және қорытынды талдау бір бірін толықтырады. Олар кәсіпорын басшылығына кемшіліктерді жедел жоюға ғана емес, өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған шараларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Кеңістік нышаны бойынша шаруашылық ішіндегі және шаруашылық арасындағы талдауды анықтайды:

а) шаруашылық ішіндегі талдау зерттелген кәсіпорынның ғана және оның құрамдық бөлімшелерінің әрекетін зерттейді (ішкі резервтерді табуға) ;

б) шаруашылық арасындағы талдау барысында екі және одан көп кәсіпорындардың әрекет нәтижелерін салыстырады. Бұл озық тәжірибені және жұмыс тиімділігін көтеру сыртқы резервтерін айқындауға көмектеседі.

Басқару объектілері бойынша талдау келесілерге бөлінеді: техникалық- экономикалық, қаржылық-экономикалық, басқару, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық - статистикалық, экономикалық - экологиялық, маркетингтік:

а) техникалық-экономикалық талдауды кәсіпорынның техникалық қызметтері өткізеді. Оның көмегімен техникалық және экономикалық процестердің өзара байланыстары зерттеледі, кәсіпорын әрекетінің экономикалық нәтижелеріне әсері анықталады;

б) қаржылық-экономикалық талдау біріншіден кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелерін зерттейді: қаржы жоспарын орындау, өзіндік және қарыз қаражаттарын пайдалану тиімділігін, табыстылықтың өсуін, қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін;

в) басқару талдау жоспарлау, бақылау және тиімді басқару шешімдерді қабылдауға керек ақпаратты басшылыққа ұсыну, маркетинг әрекеті, қаржылық саясат сұрақтар жөнінде стратегия мен тактиканы өңдеу, өнеркәсіп техникасын, технологиясын және ұйымдастыруын жақсарту мақсатпен өткізіледі;

г) әлеуметтік-экономикалық талдау әлеуметтік және экономикалық процестердің өзара байланысын, олардың бір-біріне және жұмыстың экономикалық нәтижесіне ықпалын зерттейді;

д) экономикалық-статистикалық талдау басқарудың түрлі деңгейінде (кәсіпорын, сала, өңір) көпшілік қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін қолданылады;

е) экономикалық-экологиялық талдау қоршаған ортаны сақтау және жақсартумен, экологияға деген шығындармен байланысты экологиялық және экономикалық процестердің өзара байланыстарын зерттейді;

ж) маркетингтік талдау сыртқы ортаны, шикізат рыногі мен дайын өнімді өткізуді, оның бәсекеге қабілеттігін, сұраныс пен ұсынысты, коммерциялық тәуекелді, баға саясаты қалыптасуын зерттеу үшін қолданылады.

Объектілерді зерттеу әдісі бойынша талдау салыстырмалы, диагностикалы, факторлы, маржиналды, экономикалық -математикалық, экономикалық-статистикалық, функционалдық-құндылықты болуы мүмкін.

а) салыстырмалы талдау барысында есеп берушілік көрсеткіштерді жоспар көрсеткіштермен, өткен жылдардың мәліметтерімен, озық кәсіпорындармен салыстырумен ғана шектеледі;

б) факторлық талдау нәтижелі көрсеткіштер деңгейін өзгертуге факторлардың ықпалы деңгейін анықтауға бағытталған;

в) диагностикалық талдау - сол бұзушылыққа тән, типтік нышандардың негізінде экономикалық процестердің түзу жүру бұзушылықтарының сипатын белгілеу;

г) маржиналдық талдау - сату, өзіндік құны, шығындарды тұрақты және тұрақты еместерге бөлу өзара байланысында негізделген бизнестегі басқару шешімдердің тиімділігін бағалау және негіздеу әдісі;

д) экономикалық-математикалық талдаудың көмегімен экономикалық есепті шешудің ең тиімді нұсқалары таңдалады;

е) функционалдық-құндылық талдау резервтерді анықтау әдісі деп саналады. Ол объект орындаған фукцияларда негізделеді де тауар өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде оларды өткізудің тиімді жолдарына бағытталған;

Оның негізгі міндеті керегі жоқ тораптарды, бөлшектерді жою, материалдарды ауыстыру арқылы артық шығындарды анықтап ескерту. Субъекттер (пайдаланушылар) бойынша талдау ішкі және сыртқы болады:

а) ішкі талдау кәсіпорында өндірістік, коммерциялық және қаржылық әрекетті жедел, қысқа- және ұзақмерзімді басқару үшін өткізіледі;

б) сыртқы талдау шаруашылық басқару, банктер, қаржы органдары, акционерлер және инвесторлармен қаржылық және статистикалық есеп берушілік негізінде өткізіледі.

Зерттелетін объектілерді қамту бойынша талдау жаппай және таңдаулы болады:

а) жаппай талдау барлық объектілер бойынша өткізіледі;

б) таңдаулы талдау объектілердің жартысында ғана өткізіледі.

Бағдарламаның мазмұны бойынша талдау комплекстік және тақырыптық болады:

а) комплекстік талдауда кәсіпорын әрекеті жан-жақты зерттеледі;

б) тақырыптық талдауда белгілі уақытта көп қызығушылық туғызатын кәсіпорын әрекетінің жеке жақтары ғана зерттеледі.

Қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорын жағдайын білу үшін оның қаржы жағдайы мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысу үшін акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекеттік ұйымдарға арналған арнайы анықтама және қаржы газеттерінде, бухгалтерлік бюллетеньдерінде жарияланатын есеп беру. Басқаруды талдау тек ішкі ғана болып бөлінбейді. Ол өндірістік және қаржылық талдауға бөлінеді және барлық экономикалық ақпараттарды қолданады. Тек қана осындай талдау кәсіпорынның жағдайын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол кәсіпорынның басшылары талдау жүргізгенде өндірістік талдаумен бірге бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау да жүргізіледі.

1. 2 Кәсіпорындарды қаржылық талдаудың тәсілдері мен әдістері

Қаржылық талдау әдістерін түрлі классификациялары бар.

Біріншіден , формальдандырылған және формальдандырылмаған әдістерді белгілейді.

Формальдандырылмаған әдістер аналитикалық процедураларды қатал аналитикалық тәуелділіктерде емес, логикалық деңгейде сипаттауда негізінделген. Оларға осындай әдістер қатысты: эксперттік бағалау, сценарийлер, көрсеткіштер жүйелерін, аналитикалық кестелерді құру және т. б.

Формальдандырылған әдістерге негізінде қатал формальдандырылған тәуелділіктер жатқан әдістер қатысты. Бұл - элиминациялау, баланстық байлаулар, салыстыру және т. б.

Элиминация әдісінің мәні бір факторлардың ықпалын басқалардың ықпалын анықтау мақсатымен жою. Элиминацияның екі негізгі әдісі бар - тізбекті алмастыру әдісі және абсолюттік айырмалар, салыстырмалы айырмалар әдісі. Элиминациялау - нәтижелі фактор мөлшеріне, барлық факторлардың ықпалын жою, қабылдамау, жоққа шығару.

Тізбекті алмастыру әдісінің мәні базистік (жоспарлық) көрсеткіштерді фактіліктермен ретті ауыстыруда және алынған жаңа нәтижені алдыңғымен салыстыруда.

Салыстырмалық айырмаларды есептеу басқалардың ықпалын жойып бір факторлардың ықпалдарын анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс тізбекті алмастырудан жеңіл. Оның мәні мынада - бірінші фактор ықпалын есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің негізгі мөлшерін пайызбен көрсетілген бірінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейтіп, нәтижесін 100-ге бөлу.

Екінші фактордың ықпалын есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің жоспарлы мөлшеріне біріншінің есебінен оның өзгеруін қосып, алынған қосындыны пайызбен өлшенген екінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейтіп, нәтижесін 100-ге бөлу керек.

Үшінші фактордың ықпалын есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің жоспарлы мөлшеріне бірінші және екінші фактор есебінен оның өсімін қосып, алынған қосындыны үшінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейту керек.

Абсолюттік айырмаларды есептеу - зерттелген фактордың абсолюттік өсімін оның оң жағындағы негізгі (жоспарлы) мөлшерге және модельде оның сол жағындағы фактордың шындық мөлшеріне көбейту.

Баланстық байлау әдісі қатал функционалды тәуелдік бар жерде қолданылады. Баланстық әдіс негізінде өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер екі топтарының арақатынастарын, үйлесімділігін көрсету үшін қажет. Ол кәсіпорынды еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуді талдауда кең қолданылады.

Салыстыру - талдаудың негізгі әдістерінің бірі. Ол келесі жағдайларда қолданылады:

а) жоспарлық және шындық көрсеткіштерді салыстырғанда, жоспарды орындауын бағалау үшін;

б) дамудың негізгі тенденцияларын айқындау үшін есепті мерзімнің нақты мәліметтерін бұрынғы жылдардың мәліметтерімен салыстырғанда;

в) қалыптасқан норма және нормативтерді сақтауды анықтау үшін нақты көрсеткіштерді нормативтіктермен салыстырғанда;

г) талдауға алынған кәсіпорынның мәліметтерін бәсекелестермен, сала, аймақ бойынша орта мәліметтермен салыстырғанда. Бұл кәсіпорынның басқа кәсіпорын жиынтығында орнын анықтауға, бәсекелестер арасында артықшылықтары мен кемшіліктерін көруге, шаруашылықтың озық әдістерін қабылдауға көмектеседі.

Сурет-1. Қаржылық талдаудың негізгі алты әдісі

трендтік талдау

тік талдау

көлденең талдау

қаржы коэффициенттері

факторлық талдау

салыстырмалы талдау

Көлденең талдау немесе уақыттық талдау дегеніміз, есептіліктің әр бөлігін алдыңғы жылдармен салыстыру. Ол бухгалтерлік талдаудың түрлі статьяларының алдыңғы жылдармен салыстырғанда абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға көмектеседі.

Тік немесе құрылымдық талдау дегеніміз - есептіліктің әр бөлігінің табуымен, қорытынды қаржылық көрсеткіштерінің жалпы нәтижеге ықпалын анықтауда. Ол жеке статьялардың баланс немесе оның бөлімшелері бойынша қорытынды көрсеткішке деген үлес салмағын айқындауға көмектеседі.

Трендтік талдау бірқатар жылдардың барлық көрсеткіштері 100 % базистік мерзімден бастап көрсеткіштер салыстырмалы ауытқуларын есептеуде негізделеді. Басқа сөзбен айтқанда, трендтік талдау трендті, яғни, барлық кездейсоқ, уақытша нәрселерден босатылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденцияларын анықтауға керек.

Түрлі қаржы коэффициенттерін қолдану деген, біреуі бірге, ал басқасы оған қатысумен белгіленген салыстырмалы мөлшерлерді есептеу. Кәсіпорынның қаржы жағдайының негізгі көрсеткіштері тарату және үйлестіру коэффициенттеріне бөлінеді. Біріншілері қаржы жағдайының қандай болса да абсолюттік көрсеткіші өзі ішіне кірген абсолюттік көрсеткіштер тобының қандай бөлігін құрайтының анықтауға керек болғанда қолданылады. Екіншілері түрлі экономикалық маңызы бар мәні басқа қаржы жағдайының абсолюттік көрсеткіштерінің өзара қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Салыстырмалы немесе кеңістіктік талдау - бұл кәсіпорын, цех, еншілес компаниялардың жеке көрсеткіштері бойынша есептіліктің жиынтық көрсеткіштерін шаруашылық ішінде талдау және кәсіпорын көрсеткіштерін бәсекелестер, ортасалалық және орта жалпыэкономикалық мәліметтермен шаруашылық аралығында талдау. Бұл әдісті қолданудың қажетті шарты -көрсеткіштердің салыстырмалылығын бұзбау.

Факторлық талдау - бұл зерттеудің түрлі тәсілдерінің көмегімен жеке факторлардың нәтижеге ықпалын талдау.

Айтып өткен талдаулардан басқа қаржылық талдауда экономикалық талдаудың, экономикалық және математикалық статистиканың, экономикалық- математикалық әдістердің дәстүрлі тәсілдері де қолданылады.

Экономикалық талдау әдісінің ерекшеліктері бар: құбылыстардың шаруашылық процестерін зерттегенде көрсеткіштер жүйесін қолдану; қай да бір көрсеткіштердің өзгеруі себептерін зерттеу; шаруашылық процестер мен құбылыстардың себепті тәуелділігін анықтау; көрсеткіштер арасында өзара байланыстарын тауып өлшеу және бір көрсеткіштің басқасына тәуелділігін анықтау.

Экономикалық ақпаратты өңдеудің негізгі тәсілдері мен әдістері: салыстыру, топтастыру, орта және салыстырмалы мөлшерлер, элиминациялау, индекстік талдау, корреляциялық байланыстар, кестелер, байланыстық байлаулар және т. б.

Талдаудың маңызды әдісі - салыстыру. Оны келесі жағдайларда процестерді салыстырғанда пайдаланады:

- жоспарды орындауды бағалағанда;

- кәсіпорын дамуының бағыттарын, динамикасын және тенденцияларын анықтағанда;

- озық тәжірибені жинақтағанда;

- кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға ішкі және сыртқа резервтерді тапқанда.

Зерттелген құбылыстарды, факторларды классификациялау үшін; олардың арасында өзара байланыстарды және өзара тәуелділікті зерттеу үшін топтастыру әдісі де кең қолданылады.

Топтастыру тәсілімен орта мөлшерлерді есептеу тығыз байланысты.

Экономикалық талдауда абсолюттік мөлшерлермен қатар салыстырмалылармен пайдаланады; бір мөлшердің басқаға деген қатысын көрсететін көрсеткіштер (пайыздар, коэффициенттер, индекстер) . Аналитикалық жұмыс барысында өзгеше тәсіл - элиминациялауды - жеке факторлардың ықпалын басқалардың ықпалын анықтау мақсатында жоққа шығаруды жиі қолданады. Бұл тәсілдің екі түрі бар: тізбекті алмастыру әдісі және абсолютті айырмаларды есептеу.

Біріншінің мәні - базистік (жоспарлық) көрсеткіштерді фактіліктермен ретті ауыстыруда және алынған нәтижені алдыңғымен салыстыруда.

Екіншінің мәні - жеке көрсеткіштер арасындағы айырманы ретті есептеуде және бұл айырманың басқа жеке көрсеткіштің өзгермеуімен жалпылау көрсеткішке деген әсерін анықтауда.

Баланстық әдіс қатал функционалдық тәуелдік орнағанда қолданылады.

Корреляциялық талдауды құбылыс арасында жасырынды байланысты анықтағанда пайдаланады.

Графикалық талдау әдісі көрсеткіштер арасындағы қарым-қатынасты, таратылу деңгейін, зерттелген құбылыстың құрылымын суреттеу үшін жиі қолданылады.

Экономикалық талдауда зерттеудің экономикалық-математикалық тәсілдері де кең қолданылады - бағдарламалау, ойын теориясы және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Сакура тігін фабрикасының экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Кәсіпорынның қаржыны пайдалану қажеттілігінің маңызы
Кәсіпорынды қаржылық болжамдау мен талдаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның пайдасы мен пайдалылығы көрсеткіштерінің жүйесі
Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
Қаржылық есептілікті талдау әдістемелері
Инвестициялар мен инвестициялық шешімдердің жалпы сипаттамасы
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz