Басқару жүйесін талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық субьектілер қызметінің басқарудағы жүйелі талдауы ... ... ... ..

5
1.1
Компания қызметі жүйесіндегі басқаруды жүйелі талдаудың рөлі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5
1.2
Компанияны жүйелі талдау әдісі және оның сипаттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

8

2
Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-ның қаржылық нәтижелерін жүйелі талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

13
2.1
Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

13
2.2
Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-ның төлем қабілеттілігі мен іскерлік белсенділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

17

3
Қаржылық нәтижелерді жүйелі талдау міндеттері ... ... ... ... ... .
22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

29

Кіріспе

Компанияны қаржылық талдау пәні деп - экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрсететін және объективті және субъективті факторы арқылы құралған кәсіпорынның шаруашылық процесстерін, олардың әлеуметтік экономикалық тиімділігін және қызметінің қорытынды нәтижесін айтамыз.
Экономикалық талдаудың мақсаттары:
1. Жүйелердің функциялау және заңдары негізінде кәсіпорынның шаруашылық қызметін болжау мен анықтау, бағалау методологиясын білу;
2. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің болжаудың әдіс тәртібі;
3. Жүйелердің функциялау заңдары және олардың кәсіпорынның, шаруашылық қызметіне әсері;
4. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің диагностикалық әдістері мен тәріптері.
Компанияны жүйелі талдаудың міндеттері.
1. Нормативтердің, бизнесс процестердің, жоспарлаудың ғылыми экономикалық маңызын көрсетеді.
2. Нормативтердің, бизнесс процестердің, жоспарлаудың орындалуын, сақталуынжан-жақты зерттейді.
3. Материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін, нәтижелігін анықтау.
4. Комерциялық есептеулерің орындалуын қадағалау.
5. Ішкі резервтерді анықтау, өлшеу.
6. Басқару шешімдерінің оптималдылығын тексеру.
Компанияны жүйелі талдаудың түрлерін класификациялау негізінде басқару функциялары, себебі экокномикалық талдау экономиканы басқарудың қажетті элементі болып табылады. Дамыған экономиканың тұсында талдауды ішкі және сыртқы талдауға қажет етеді.
Ішкі басқару талдау кәсіпорын басқарушысының ақпараттың аналитикалық қамтамасыздығын бір құрамас бөлігі немесе басқаша айтқанда басқару есебінің бөлігі.
Сыртқы басқару талдауы қаржылық есептің бөлігі.
Шаруашылық субъектінің экономикалық жағдайын жүйелі талдауы қазіргі заманның экономикалық теориясында аз зертелуде. әрбір шаруашылық субъектінің қызметі белгілі бір заңдарға сүйенеді. Сондықтан шаруашылық субъектінің экономикалық жағдайына талдау жүргізу үшін, оның қызметін анықтайтын заңдылықтарды білу қажет. Осы заңдылықтар жиынын шаруашылық субъектінің құн табиғаты деп атауға болады.
Шаруашылық субъектінің құн табиғаты деп - осы шаруашылық субъектінің даму табиғатын немесе қызмет ету табиғатын айтамыз. Бұл субъективтік түсінік. Әрбір шаруашылық субъектінің қызмет ету мақсаты - өз құндылықтарын көбейту, яғни шаруашылық субъектінің барлық қызметті құны заңдылықтарына сүйену қажет.
Шаруашылық субъектінің құн табиғатының әдістілігі зкономикалық теорияның фундаменталдық және империкалық заңдарында көрсетіледі. Шаруашылық субъектінің экономикалық жағдайына талдауына жасаудың мақсаты, оның құнынң бағалауы.
Басқаруды жүйелі талдау деп - шаруашылық субъектінің нақты техника ұйымдастыру параметрлерінің жобалаған параметірге сәйкестігін талдауын айтамыз. Егерде шаруашылық субъектінің нақты техника ұйымдастыру параметрлеріжобаланған параметрге сәйкес болса, өнімнің жұмыстарын өзіндік құн жобаланған деңгейде болып, оның динамикасы шаруашылық субъектінің толық тексеріліп жатады. Құн табиғатының фундамиталдық негізін, байланысты шаруашылық субъектінің басқару тоштауы субъективтік құн теориясына негізделеді. Шаруашылық субъектінің басқару талдауына техника ұйымдастырылуына талдауы да жатады.
Өзіндік мәні бойынша бұл талдау шаруашылық чубъектінің еңбек копиталының зерттелуін көрсетеді.
Шаруашылық субъектінің болашақтағы техника ұйымдастыру қызметінің тиімділік мүмкінділігін анықтау. Айта келгенде әрбір субъектінің техника - ұйымдастыру қызметінің тиімділік мүмкіншіліктері толығымен өзінің еңбек ету қабілетіне байланысты. Өнімдерді үнемді өндіру идеясы бар техника - ұйымдастыру жүйесі ретінде шаруашылық субъектісі тек қана қолдануы керек.
Бұл жүйе жобалаушы инженерлердің жасалған параметірлеріне сәйкес қолданылуы керек. (Мәселен бизнес жоспардағыдай). Шаруашылық субъект сыртқы ортаны белгілі жағдайында қолдану үшін жобаланады, яғни сыртқы ортаның параметірлері шаруашылық субъектілері техника ұйымдастыру жүйесі үшін шектеулі болды,шаруашылық субъектісі тиімді қызмет атқара алмайды. Құн табиғатының функционалдық және империялық негіздерімен байланысты шаруашылық субъектісінің басқару талдауы үш кезеңге бөлінеді.
I - этап. Есеп жүйесін талдау.
II - этап. Басқару жүйесін талдау.
III - этап.Өндіріс жүйесін талдау.
Практика жүйесінде жоғарыда айтылған классификация принципі басқаруы талдаудың жүргізудің тәртібімен және кезектілігімен анықталады. Осы кезектілік бойынша басқару талдауын жүргізуді әрбір алдынғы кезең келесі кезеңдерге қажетті ақпараттарды автоматты түрде жинақтау.

1 Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық субьектілер қызметінің басқарудағы жүйелі талдауы
1.1 Компания қызметі жүйесіндегі басқаруды жүйелі талдаудың рөлі мен маңызы

Талдау термині грек тілінен аударғанда бөлемін, мүшелеймін деген мағынаны береді. Сонымен, жоспардағы талдау құбылыстардың немесе заттың қандай да бөлікті оқып білу мақсатында оның құрамдас бөліктеріне мүшелеуді білдіреді. Бұл зерттелуші заттың не объектінің, процестің ішіне тереңірек үңілуге, оның маңызын түсінуге, зерттелуші заттағы әр элементтің ролін анықтауға мүмкіндік береді (мысалы: өнімнің өзіндік құнының маңызын түсіну үшін, тек қана білу керек емес, сонымен қатар, ол қандай элементтерден тұратынын, оның өлшемі неге байланысты екенін білу қажет).
Кеңейтілген жоспарда талдау ретінде қоршаған ортаның құбылыстарын тану тәсілі түсіндіріледі, ол бүтінді бөлшектік бөлікке мүшелеуге негізделген.
Нарықтық экономика кәсіпорыннан өндірістің тиімділігін, өнімнің бақталастыққа бейімділігін арттыруды, шаруашылықтың тиімді формасы негізіндегі ұсыныстарды, кәсіпорынды басқаруды, кәсіпкерліктің активтелуін, инициативаны талап етеді. Бұл есепті жүзеге асыруда басты роль басқаруды талдауда жатыр. Оның көмегімен кәсіпорынның өндіріс стратегиясы мен даму тактикасы іске асырылады, жоспарлар мен басқару шешімдері жасалады және кәсіпорын қызметінің нәтижелері бағаланады.

Сурет-1. Басқаруды жүйелі талдау процесінің кезеңдері

шешім қабылдау.

ақпарат талдау;

басқарылатын объект туралы ақпарттар жинау;

Басқару талдауы жиын арасынан экономикалық ақпаараттарды өңдеу мен басқару шешімдерін қабылдау арасынан үлкен орын алады. Әрбір жетекші басқару объектісінде не болып жатқанын біліп отыруы керек. Ақпарат алу - бұл жүргізіліп жатқан шаруашылық процестердің маңызы деп түсінуге болмайды. Тек мәліметтер жинап қана қою керек емес, сонымен қатар оларды басқару шешімдерін шығару үшін қайта талдаудан өткізу керек . Басқару талдауы келесі мақсаттарды қояды:
- объектінің жағдайна дұрыс баға беру және ол талап етілген формадан қаншалықты ерекшеленетінін көрсету керек;
- мүмкіндіктер мен объектіні фактілі түрден талап етілген түрге аудару жолын қарастыру керек;
- шаруашылықтану тиміділігінің өсім резервінің сипаттамсы мен өлшемін анықтау;
- кәсіпорынды басқару бойынша тиімді шешімді таңдау үшін материалдар дайындау.
Басқару шешімдерінің негізгі үш облысын бөліп қарастырайық:
- Ресурстарды инвестициялау;
- Бизнестің осы ресурстарды қолдану арқылы негізгі өндірістік қызметі; - Қаржыландырудың сәйкес көздері, осы ресурстар бойынша қорлар құру.
Талдаудың нәтижесінде басқару шешімдері өңделеді және негізделеді. Сонымен, басқаруды жүйелі талдау -шешім қабылдаудың ғылыми түрде болуын қамтамасыз ететін басқару функциясы. Ол кәсіпорындық басқару жүйесіндегі маңызды элементтер болып табылады, ішкі шаруашылық резерфтерін іске асырудың басты құралы, ғылыми негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін өңдеудің негізі болып табылады.
Бұл құралмен объективті қызметтің қандай да бір бөлігі мен бір жағы түсіндіріледі, ол аталған ғылымның негізінде ғана үйретіледі.
Басқаруды талдау құралдары болып - шаруашылық процестер табылады, ол процестер объективті (сыртқы) және субъективті (ішкі) факторлар әсерінің нәтижесінде жинақталады. Сыртқы факторлар экономикалық заңдылықтар қызметін бейнелейді. Субъективті факторлар адамның нақты қызметімен байланысты және оған бүтіндей және толығымен тәуелді. Табысты шаруашылық өндірістік коллектив жетекшілігімен, өндірістің, экономиканың, қаржының дұрыс ұйымдастырылуымен анықталады.
Басқаруды талдау кешенді сипаттамаға ие, сонымен қатар шаруашылық қызметті талдау процесінде нақты құрылған өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктер анықталады және қаржы факторларындағы кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі анықталады. Бұл жерден басқаруды талдаудың мақсатын анықтап алуға болады - қол жеткізген нәтижелерді бағалау және кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резерфтерін жүзеге асырады.
Объектіге сол бөлікті белгілеп алу үшін, яғни ол бөлік тек талдауға ғана қатысты болса, шаруашылық қызмет процестерінің маңызынан бастапқы түрге келуі керек.
Процесс - құбылыстың себеп салды ағыны, құбылыс ауысымы, объектінің мақсатқа және нәтижеге сәйкес түрдегі жағдайы. Бірақ басқаруды талдау құралы нәтиже емес, шаруашылық қызметтің нәтижелерінің өзгеруі мен себептері болып табылады. Қызметтің түрлі жақтарының себеп-салдар байланысын ашып алғаннан кейін ғана шаруашылық қызметтің негізгі нәтижелерінің фактор есебінен қалай өзгеретіндігін, кез-келген басқару шешімінің қалай негізделетінін анықтай аламыз.
Сонымен, басқаруды талдаудың құралы - экономикалық құбылыстардың себеп-салдар байланысы және экономика секторындағы және кәсіпорын шеңберіндегі процестер мен құбылыстар болатынын білдік.
Басқаруды талдауда басқаруды талдау объектісі және басқаруды талдау субъектісі ұғымдарын бөліп қарастырамыз.
Басқаруды жүйелі талдау объектілері - шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері болып табылады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындарда талдау объектілеріне жататындар
- өнімнің өндіруі мен тасымалдануы;
- өнімнің өзіндік құны;
- материалды, еңбек, қаржы ресурстарын қолдану;
- өндірістің қаржы нәтижелері;
- кәсіпорынның қаржы жағдайы.
Аналитикалық зерттеу, оның нәтижелері және олардың қолданылулары келесі принциптерде базаланады:
- экономикалық, әлеуметті, экологиялық, халықаралық саясат және заң орындары сәйкестігі;
- ғылыми мінездеме, яғни танымның диалектикалық теория жағдайында негізделген;
- жүйелік ықпал, яғни әр объект - бір-бірімен өзара ішкі және сыртқы байланыстарда болатын элементтер қатарынан тұратын жүйе ретінде қарастырылады.
- әсер ету, немесе кәсіпорынға немесе оның нәтижелеріне әсер ету, уақытылы кемшіліктерді, қателіктерді жариялап отырады және кәсіпорын менеджерлерін формалайды;
- талдау жүйелі түрде жүргізілуі керек;
- оперативтілігі, яғни жылдам әрі нақты талдау жасайды, басқару шешімдерін қабылдайды, оларды өмірге әкеледі;
- демократизм, немесе кәсіпорын қызметкерлерінің үлкен шеңберінің қатысуы;
- әсер ету, яғни оны жүргізуге кеткен шығын көп еселі әсер беруі керек.
Басқаруды талдау классификациясы оның мазмұны мен мәнін дұрыс түсінуде мәні зор.
Салалық (еңбек бөлінісіне негізделген) - экономиканың жеке секторлар спецификасын есепке алады.
Сала аралық - экономиканың барлық секторларындағы теориялық және әдістемелік талдау негізі
Талдау деп зерттелетін объектінің бөлшектерге бөлінуін айтамыз. Талдау синтез түсінігімен диалектикалық қарама-қайшылықта болады. Синтез зерттелетін объектінің бұрын бөлінген бөлшектерін бүтінге біріктіруді айтамыз. Талдауменен кеңінен талдау айналысса, профиссионалды түрде белгелі бір салардың қаржылай шаруашылығының қызметінің талдауын айтамыз.
Экономикалық талдау ғылым ретінде өндірістік қаржылый шаруашылық қызмет, бұл жоба бағалау методологиясын тануға, жүйелердің функцилау мен даму заңдарына бағаланған, арнайы білім жүйесін қарастырады. Осы арнайы білім жүйесін пайдалану шаруашылықтың даму тенденцияларын анықтауға, жоспарларды басқару шешімдерін ғылыми түрде түсіндіруге, олардың рындалуын қадағалауға, жеткен жетістікті бағалауға, өндірістің тиімділігін жоғарылатудың резервтерін анықтауға мүмкіншілік береді және оларды орындауға шараларды жасайды.

1.2 Компанияны жүйелі талдау әдісі және оның сипаттық ерекшеліктері

Әдістерді кеңінен қарастыратын болсақ, танымның жалпылама диалектикалық әдісінің негізінде базаланатын затты танып білудің әдісі деп қарастыруға да болады. Диалектикалық әдіс бойынша барлық құбылыстар мен процесстерді міндетті түрде тұрақты қозғалыста, өзгерісте және даму үстінде қарастыру керек.
Басқаруды талдау әдісінің мінездемелік ерекшеліктері:
- экономикалық құбылыстарды өлшеуге арналған көрсеткіштер жүйесін қолдану;
- талданушы құбылыстың ерекшеліктеріне байланысты баға өлшеуіштерін таңдау;
- факторлардың пайда болуы және өлшенуі, олардың математикалық, статистикалық, есептік әдістерін қолдану көмегі арқылы нәтижелік көрсеткішке әсеріне өзара байланысы.
Талдау әдісінің әдістемелік белгілері:
- салыстыру тәсілін қолдану;
- талдау тек ғана себеп-салдар байланысын орнатып қана қоймайды, сонымен қатар, оларға сандық сипаттама береді;
- ішкі қарама-қайшылықты, әрбір құбылыстық жағымды және жағымсыз жақтарын оқып білу қажеттілігі;
- зерттеудің жалпы әдістемелік тәсілдерін қолдану: индукция және дедукция тәсілдері.
- талдау объектісін оқып білудің жүйелілігі мен кешенділігі;
- экономикалық құбылыстың құрамдас бөліктерінің детальдануы. Ол зерттелінетін объектінің негізін түсіндіру үшін өте қажет;
- элементтердің жүйеленуі олардың өзара байланысын, өзара әсерін, өзара тәуелділігін және бағыныңқылығын оқып үйрену негізінде жүргізіледі. Бұл - зерттелінетін объектінің моделін құруға, талдаудың зерттелуші көрсеткішті және осы көрсеткіштің ішкі байланыстарын оқып үйрену үшін арнайы логикалық - әдістемелік схемасын толығымен ашып зерттеуге мүмкіндік береді;
- жалпылық (синтез)- көптеген зерттелуші факторлардың арасынан типті факторды бөліп алуға, негізгісі мен шешушісін таңдауға мүмкіндік береді;
Экономикалық құбылыстарды оқып үйрену үшін жүйелік ықпалдың мәнін анықтап алуымыз керек. Жүйелік ықпал - бұл экономиканы талдау айқындамасынан алғанда бүтін бірлік ретінде кешенді оқу. Ол объектіні тереңірек оқып білуге, ол туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді және бұл объектінің жеке бөлімдері арасында себеп-салдар байланысын анықтайды.

Сурет-2. Жүйелік ықпалдың негізгі ерекшеліктері
кешенділігі
өзара қызметі
динамикалылығы

бүтіндігі
бағынушылығы
бастаушы звеноны белгілеу

жүйе элементтерінің өзара тәуелділіктері мен өзара байланыстары

Жүйелік ықпал анықталған басымдылыққа ие: шаруашылық есептерді шешудің ғылыми негізделген нұсқасын өңдеуге мүмкіндік береді, осы нұсқалардың нәтижелілігін анықтайды, мақсатқа лайықтырақ басқару шешімдерін таңдайды, резерфтерді іздеу схемасын, шаруашылықтандырудың нәтижелерінің объективті бағасын, оперативтілікті, әрекеттілікті, талдаудың нақтылығын және оның нәтижесін қамтамасыз етеді.
Жүйелік ықпал оның қолдануының кезеңдерін қарастырады:
1. кезең: жүйенің функциялануының мақсаттарын анықтау, басқа да жүйелермен өзара байланысын анықтау;
2. кезең: барлық элементтер мен өзара байланыстарға сапалы да толық баға беретін көрсеткіштерді таңдау;
3. кезең: жүйенің негізгі компоненттерін, өзара байланыстарын және олардың арасындағы бағыныңқылығын орнату;
4. кезең: жүйенің экономикалық, математикалық модельдерін тұрғызу;
5. кезең: шаруашылық қызметтің нәтижелерін объективті бағалау, өндірістің нәтижелілігін көтеру үшін арнайы резервтерді енгізу.
Сонымен, жүйелік ықпалдың шаруашылық қызметіндегі негізгі құндылығы - ол логикалық - математикалық схеманы тұрғызуға мүмкіндік береді, онда көрсеткіштер мен факторлар арасындағы ішкі байланыстар көрсетіледі.
Талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің нақты әдістемелер қатары арқылы пайда болады. Әдістеме арқылы әдістер жиыны, қандай да бір жұмыстың мақсатқа лайықты орындалу ережелері түсіндіріледі.
Басқаруды талдауда әдістеме экономикалық құбылыстарды зерттеудің аналитикалық ережелер жиынынан, талдау мақсатының жетістіктеріне бағынышты шаруашылық қызметінің процестерінен тұрады.
Талдаудың жалпы және жеке әдістемесін ажыратады.
Жалпы әдістеме - бұл ұлттық экономиканың түрлі секторларындағы экономикалық талдаудың түрлі объектілерін оқып білуде бірдей қолданылатын зерттеу жүйесі.
Жеке әдістемелер экономиканың анықталған секторларын, өндіріс типін, зерттеу объектісін, талдау түрін нақтылайды.
Шаруашылық қызметін талдауда түрлі әдістер қолданылады, олар келесі суретте көрсетілгендей түрде болады.

Сурет-3. Шаруашылық қызметін талдауда қолданылатын әдістер
мәліметтердің графикалық және кесте түріндегі көрінісі
қатысты және орташа өлшемдер
салыстыру
1.Дәстүрлі тәсілдер:

эвристикалы әдістер
баланстау
топтастыру

қатысты айырмашылық
абсолютті айырмашылық
тізбекті алмастру

2.Детерминирлі факторлы талдау тәсілдері:

пропорционалды бөлінім
индексті
интегралды

логарифмдеу

компонентті талдау
дисперсиялы талдау
корреляция- лы талдау
3.Стохастикалық факторлы талдау тәсілдері

көп өлшемді
дискри-
минантты талдау

сызықты және сызықты емес программалау

операцияны зерттеу
ойын
теориясы
4.Есептерді тиімді шешу әдістері

массалы қызмет көрсету теориясы

Талдауда кеңінен таралған - дәстүрлі әдістер болып табылады.
Салыстыру әдістері экономикалық құбылыстарда жалпы және спецификаны анықтауға, зерттелуші объектінің өзгерістерін, олардың дамуының заңдылықтары мен тенденциясын оқып білуге мүмкіндік береді. Жоспардың орындалуының дәрежесін бағалау үшін фактілі көрсеткіштерді жоспарлы көрсеткіштермен салыстырады, ал бақылау жүргізу үшін болса резервті көрсеткішті нормативтімен салыстырады. Экономикалық процестердің даму тенденциясын анықтау мақсатында есеп беру периодының фактілі көрсеткіштері бұрынғысымен салыстырылады. Қолданылмаған резрфтерді анықтау үшін, қол жеткізілген нәтиженің бағасы, талданушы кезеңнің көрсеткіштері орташа көрсеткіштермен салыстырылады. Қызмет нәтижесін фактордың өзгеруіне дейін және фактордың өзгерісінен кейін салыстыру факторлар әсерін есептеуге және резерфтерді қайта санауға мүмкіндік береді. Резерфтерді іздеу үшін талданушы кәсіпорынның көрсеткіштері тәжірибенің ғылыми жетістіктерімен салыстырылады. Шешімнің бір нұсқасының басқа да түрді нұсқалармен салыстырылуы тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Экономикалық құбылыстар мен процестер абсолютті және қатысты өлшемдерде сипатталады. Абсолютті көрсеткіштер құбылыстардың сандық өлшемдерін өлшем бірліктермен, салмақпен, көлемімен, ұзақтығылымен, ауданымен, құнымен көрсетеді. Қатысты көрсеткіштер зерттелініп отырған құбылыс өлшемін қандай да бір басқа құбылыстың өлшемімен көрсетеді немесе осы көрсеткіштің өзінің өлшемімен көрсетеді, бірақ басқа уақыт бойынша алынған немесе басқа объект бойынша көрсетеді. Қатысты өлшемдер коэффициенттер мен пайыз формасында беріледі. Талдауда қатысты өлшемдердің бірнеше түрі қолданылады: болжам, жоспардың орындалуы, динамикасы, құрылымы, координаттары, интенсивтілігі, нәтижелілігі.
Орташа өлшемдер қандай да бір белгісі бойынша біртекті құбылыстар жиынының жалпылама сандық сипаттамасы үшін қолданылады, сонымен қатар бір ғана санмен объектінің барлық жиынын сипаттайды. Талдау практикасында орташа өлшемдердің бірнеше түрлері қолданылады (қарапайым және өлшенген орташа арияметикалық, орташа гармоникалық, орташа хронологиялық және т.б.). Орташа өлшемдерді қолдану кезінде есте ұстайтын мәселе, олар массалы мәліметтерге сүйене отырып құбылысқа жалпылама сипаттама береді. Олардың бар күші мен кемшілігі осында.
Кеңінен қолданылатын - ақпаратты топтастыру - яғни, зерттелініп отырған объект жиынының массасын сәйкес белгілері бойынша санды біртекті топтарға бөлу болып табылады. Талдаудың мақсатына байланысты типологиялық, құрылымдық, аналитикалық топтастырулар қолданылады. Типологиялық топтастыруға мысалы ретінде қызметі бойынша халық топтарын, меншігі бойынша кәсіпорындар топтарын алуға болады. Құрылымдық топтастыру көрсеткіштердің ішкі құрылымын зерттеуге, ондағы жеке бөлімдердің қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен жұмысшылар құрамын мамандықтары бойынша, жұмыс өтілі бойынша, жасы бойынша, норманы орындау мүмкіндігі бойынша зерттейді. Аналитикалық топтастыру зерттелінуші көрсеткіштердің өзара байланыс формасы мен бағытын анықтау үшін қолданылады. Аналитикалық топтастыру негізделген белгілердің сипаттамалары бойынша, ол сапалы немесе сандық болуы мүмкін (егер белгі сандық түрде болмаса). Құрылу күрделілігіне байланысты топтастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз, яғни: жай және комбинациялы. Жай топтастырудың көмегімен құбылыстар арасындағы өзара байланыс зерттеледі. Комбинациялы топтастыруда мұндай зерттелуші жиынның бөлінуі басынан бастап, бір - бір белгісі бойынша жасалады, ал сосын әр топтың ішінде - басқа белгілері бойынша жасалады. Сонымен, екі не үш деңгейлі топтастыру құрылуы мүмкін. Олар өте көп түрлі және күрделі өзара байланыстарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Индексті әдіс - индекстер анализі мен құрылуға негізделген, статистикалық зерттеу әдісі, ол күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды салмақтауға мүмкіндік береді. Басқа да индекс тағайындау - жеке факторлардың нәтижелік белгілерді өзгеруіне әсерін оқып білу.
Балансты әдіс - бұл шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің олардың өзара әсерін өлшеу және түсіну мақсатында құрылуының арнайы қабылдауы, сонымен қатар, өндірістің тиімділігін арттыруды есептеу. Балансты талдау әдісін қолдануда жеке көрсеткіштер арасындағы байланыс - нәтиже түрінде беріледі.
Факторлардың қызмет нәтижесіне әсерін зерттеу үшін талдауда детерминирлі және стохастикалы факторлы талдау тәсілдері қолданылады.
Әрбір құбылысты себеп немесе нәтиже ретінде қарастыруға да болады.

2 Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-ның қаржылық нәтижелерін жүйелі талдау
2.1 Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын талдау

Үлбі металлургия зауыты АҚ қызметін басқарудың басты мақсаты -Қазатомөнеркəсібі Ұлттық акционерлік компаниясы АҚ осы кəсіпорынға қатысты стратегиясын жүзеге асыру мен стратегиялық тұрғыдан басқару. ҮМЗ АҚ Қазатомөнеркəсібі Ұлттық акционерлік компаниясының еншілес кəсіпорны бола отырып, дербес бизнес - қызметін жүзеге асырады. Ол өз қызметінде ҚР Акционерлік қоғамдар туралы заңын, ҮМЗ АҚ Жарғысын негізге алады жəне Қазатомөнеркəсібі ҰАҚ жалпы стратегиялық саясатының аясында жұмыс істейді.
ҮМЗ АҚ-ның басқару органдарына мыналар кіреді:
1) Жоғарғы басқару органы - Жалғыз акционер (АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы);
2) Басқару органы - ҮМЗ АҚ Директорлар кеңесі;
3) Атқарушы орган - ҮМЗ АҚ Басқармасы;
4) Бақылаушы орган - Ішкі аудит қызметі.
Қарастырып отырған кəсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы мен сапалық құрылымын 2015 - 2019 жылдар мəліметтері негізінде талдайық.
Активтердің икемділік коэффициенті кəсіпорынның қысқа мерзімді ағымдағы активтердің жалпы құнындағы үлесін көрсетеді, яғни активтердің өтімділігінің дəрежесін сипаттайды.
КАИ = Ағымдағы (қысқа мерзімді) активтердің құны Ұзақ мерзімді активтердің құны
Талдау мерзіміндегі бұл коэффициенттің өзгерісі келесі кестеде көрсетілген.

Кесте-1. ҮМЗ АҚ 2015 - 2019 жылдардағы активтерінің икемділік коэффициенті

Көрсеткіштер
31.12.2015
31.12.2016
31.12.2017
31.12.2018
31.12.2019
Қысқа мерзімді
(ағымдағы) активтердің
қорытындысы (мың теңге)
23477261
30109158
19181475
15109563
17706979
Активтердің жалпы құны (баланс) (мың теңге)
34299413
42606910
45105279
45179594
47462407
Активтердің
икемділік
коэффициенті
0,6845
0,7067
0,4253
0,3344
0,3731

Бұл көрсеткіш бірде шамалы ұлғаяды, бірде азаяды: 2015 жылы 0,6845, 2016 жылы 0,7067 дейін ұлғайған да, 2017 жылы қайтадан 0,4253, 2018 жылы 0,3344, 2019 жылы 0,3731 - ге дейін азайған. Есептеулер нəтижесінде активтердің құрылымында бірде оң, бірде теріс өзгерістер байқалатыны туралы қорытындыға келуге болады. Кəсіпорынның қолда бар ресурстарының икемділігі негізінен төмендеп барады, олардың айналымдылығы азаюда жəне пайдалану тиімділігі тұрақсыз.
Икемді жəне иммобилизацияланған (икемсіз, оқшауланған) активтердің ара қатынасының коэффициенті келесі формуламен анықталады:
КИИА ара қатынасы = Ағымдағы (қысқа мерзімді) активтердің құны Ұзақ мерзімді активтердің құны
Бұл көрсеткіштің дəрежесі 0,5 - тен кем болмауы керек. Басқаша айтсақ, талдап отырған кəсіпорынның икемді, ағымдағы (қысқа мерзімді) активтердің көлемі ұзақ мерзімді (икемділігі төмен) активтердің көлемінен жоғары болуы керек. 2015 - 2019 жылдардағы бұл көрсеткіштің мəндерін келесі кестеде көрсетуге болады.

Кесте-2. 2015 - 2019 жылдардағы ҮМЗ АҚ икемді жəне иммобилизацияланған (икемсіз) активтерінің ара қатынасының коэффициенті

Көрсеткіштер
2015
2016
2017
2018
2019
Қысқа мерзімді (ағымдағы)
активтердің қорытындысы
(мың теңге)
23477261
30109158
19181475
15109563
17706979
Ұзақ мерзімді активтердің
қорытындысы (мың теңге)
108822152
12497752
25923805
30070031
29755428
Икемді жəне
иммобилизацияланған
(икемсіз) активтердің ара
қатынасының коэффициенті
2,1694
2,4092
0,7399
0,5025
0,5951

Жоғарыдағы кесте мəліметтеріне сəйкес, 2015 - 2016 жылдары бұл көрсеткіштің шамасы нормативтік 0,5 деңгейінен əлдеқайда төмен екендігі, яғни өтімді активтерінің тапшылығы байқалады. 2017 жылы 0,7399 мөлшерінде көрсеткіштің дəрежесі өте жоғары болған, 2018 - 2019 жылдары аталған көрсеткіштің шамасы аздап төмендегенімен, нормативтен (0,5) жоғары деңгейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
Басқарушы есептін негізгі элементтері
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
«Сауда - көлік компаниясы» ЖШС кадрлық саясаттың қазіргі жағдайы мен даму деңгейі
Қызметкерді басқару әдістері
Педагогикалық практиканың есебі
Аура мейрамханасы
Сапа менеджментінің принциптері
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Пәндер