Дебет шот 7110 Кредит шот



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3

1
Кірістер мен шығыстар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1
Кірістер және шығыстарды тану (ҚЕХС 18) ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5
1.2
Табыстар мен шығыстар туралы есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

9

2
АҚ Forte bank мысалында кірістер мен шығыстарды талдау.
14
2.1
Кірістерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
2.2
Шығарылған капитал және дивидендтер бойынша шығындарды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17

3
Кірістер мен шығыстардың операциондық аудиті ... ... ... ... ... .
19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

28

Кіріспе

Қаржылық есептіліктің №18 Түсім халықаралық стандартынасәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:
oo тауарды сатқан кезде;
oo қызмет көрсеткен сәтте;
oo компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.
Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.
Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:
1) тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;
2) табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;
3) операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;
4) есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.
5) операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.
Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.
1) сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;
2) қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады;
3) активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады;
4) ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.
Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.
Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:
oo активті бергеннен кейінгі танылған табыс;
oo активті бергенге дейінгі танылған табыс;
oo активті беру сәтінде танылған табыс.
Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:
1. Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.
2. Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.
№11 стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.
Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі шығыстан шығысқа деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:
Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100
Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:
Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* ( келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)

1 Кірістер мен шығыстар түсінігі
2.1 Кірістер және шығыстарды тану (ҚЕХС 18)

Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы.
Табыстар - бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар - бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда , шығындар - бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда - бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Тану - кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.
Табыс - кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі.
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 70 бөлімшенің 7010 Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 Қорытынды пайда (залал) шотының дебетіне жазылады.
7010 Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.
Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына сату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.
Сатылатын өнімдердің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, бұл шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметі ретінде кіріске алынады.
Өнімдерді сатуға жұмсалатын шығындардың баптары бойынша талдау есебін өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде немесе машинограммада кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі.
Өнімдерді өткізуге қатысы бар қызметкерлерге жалақы есептелгенде: Дебет шот 7110 Кредит шот 3350.
Жарнамаға, қойманың күтілуіне, комиссиялық және басқа да шығындарды төлеуге шот-фактура қабылданғанда: Дебет шот 7110 Кредит шот 3310, шотқа енгізілген қосылған құн салығы сомасына: Дебет шот 1420 Кредит шот 3310.
Өткізу процесінде пайдаланылған материалдық емес активтер және негізгі құралдар бойынша амортизация есептелді: Дебет шот 7110 Кредит шот 2741, 2421.
Есепті кезең соңында есепке алынған шығындар табыс (зиян) шотына көшіріледі: Дебет шот 5610 Кредит шот 7110.
Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сату және баға шегерімдері туралы ақпаратты жинақтау үшін келесі шоттар арналған: 6020 Сатылған тауарлардың қайтарылуы, 6030 Баға және сату шегерімдері.
6020 шотта тауарларды сатып алушылардың қайтаруы туралы ақпараттарды жинауға арналған. 6030 шотта сату шегерімдерінің есебі жүргізіледі. Нарықтық қатынастар дамыған елдердегі есеп айырысулардың қалыптасқан тәжірибесінде сату шегерімдерінің келесідей түрлерін жатқызуға болады:
-нақты төлем үшін шегерім шотты нақты ақшалай сатып алатын сатып алушыларға жасалады.
-сконто шегерімдері бағалық шегерулер шартта немесе жабдықтаушы шотында көрсетілетінмерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға жасалады.
-дилерлік шегерімдер тауарларды ұйымдастыратын агенттерге және делдалдарға жасалады.
-жабық шегерулер тұйықталған экономикалық бірлестіктерде айналыста болатын , өнімнің сатылған көлемінен шығатын тауарларды сатқанда жасалады. Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату , тасымалдау, сақтау, күзету, есепке алу қызметтеріне жасайды.
Сатып алушыларға жасалған сату шегерімдерінің барлық түрі шартта және басқа да құжаттарда айтылып, есеп айырысу-төлем құжаттарында көрсетілуі керек. 6030 шот бойынша жыл басынан жасалған айналымдар жинақталған тізімдемеде немесе машинограммаларда шегерімнің түрлеріне қарай талдау жүргізіледі. Жыл аяғында бұл шот жабылады, онда қалдық қалмауы керек.
Баға шегерімдерінің есебін жүргізуге 6030 арналған. Жеңілдіктер тауар бағасының жалпы немесе ұйғарымды бағасына қарағанда төмендетілуі болып табылады. Жеңілдіктер процент түрінде немесе белгілі бір сомада болады.
Шегерімдердің іс жүзінде келесідей түрлері қолданылады:
- алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі тауарды 1 жылға ұйғарымды көлеміне қарағанда көбірек сатып алушылар үшін жасалады;
- уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер негізінен маусымдық сипаты көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері;
- сандық жеңілдік тапсырыстың көлеміне және саласына байланысты баға жеңілдігі;
- арнайы жеңілдік белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері байланысы бар және басқа ерекше қатынастағы сатып алушыларға жасалатын баға жеңілдігі.
6030 шот бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктерінің түрлеріне қарай талдау жасалады. Талдау есебі үшін тізімдеме немесе машинограмма жүргізіледі, онда жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. Жыл аяғында 6030 шот жабылады.
Жасалған баға жеңілдіктері сатып алушылардың жазатын шот-фактурасында көрініс табуы керек және оның негізінде нақты экономикалық есептеудің есебі жасалады.
Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы.
Қызметтерді көрсетуден табыстарды танудың төрт әдісі бар:
1) нақты орындау;
2) пропорциональді орындау;
3) аяқталған орындау;
4) инкассация.
Шаруашыық субъектісінің негізгі емес қызметтен алынатын табыстары- деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден , сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 6010 Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс шотында жүргізіледі. Бұл шотта негізгі қызметтерден алынған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытынды жасайды. Бұл шот пассивті шот, сондықтан кәсіпорынның қызметтері барысында алатын табыстарына 1210, 1220, 1230, 1284, 1010, 1030 шоттарының тиістілері дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі. Субъектінің өткен кезеңде алған, бірақ есепті кезеңнің табысы болып есептелінетін сомаларына 3520 Алдағы кезеңдердің табысы шоты дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.
Негізгі емес қызметтен табыстар материалды емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды және т.б. өткізуден алынады. Мұндай қызметтерді атқаруы, жұмыс істеуі барысында алынған табыстары 6210 Активтерді сатудан табыстар, 6110 Сыйақылар бойынша кірістер, 6250 Бағамдық айырмашылықтан түскен табыс, 6280 Басқа да табыстар шоттарында жүргізіледі. 6210 шотта материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, инвестицияларды сатудан табыстар есепке алынады. Құнды қағаздарды, акциялар бойынша дивидендтер және проценттер түріндегі табыстар есебі 6110 шотта жүргізіледі. Бағамдық айырмашылықтан түскен табысдың есебі үшін 6250 шот арналған. Атқарушы өкімет органдарының субсидиялары 6280 шотында есептеледі. Жыл соңында табыстар және шығындар шоттары жабылуы керек.
Кезең шығындарының есебі.
Кәсіпорынға тұтастай алғанда қызмет көрсетуге және оның өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты жалпы шығатын шығындар жалпы және әкімшілік шығындар болып табылады. Бұл шығындар есебі 7210 Әкімшілік шығындар шотында жүргізіледі, жалпы және әкімшілік шығындарды есепке алатын тізімдемеде немесе машинограммаларда жүргізіледі. Оған жазбаларды кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасына қарай және әзірлік кестелері мен құжаттарынан корреспонденцияланатын шоттар бойынша жазады.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептелгенде:
Дебет шот 7210 Кредит шот 2741
Негізгі құралдардың тозуы есептелді: Дебет шот 7210 Кредит шот 2420
Жалпы және әкімшілік шығындарға шикізат және материалдар жұмсалды:
Дебет шот 7210 Кредит шот 1310
Әкімшілік қызметкерлерге еңбек ақы есептелгенде: Дебет шот 7210 Кредит шот 3350
Есепті кезеңнің соңында жалпы және әкімшілік шығындардың сомасы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелеріне көшіріліп жазылады: Дебет шот 5610 Кредит шот 7210.
Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар.
Тоқтатылған операциялардан түскен табыстар немесе зияндарды есепке алуға 7510 Тоқтатылған операциялардан келген шығындар шоты арналған. Бұл шотта табиғат апаттарынан түскен өтелмейтін зияндар, т оқтатылған операциялардан келген зияндар, төтенше жағдайлардан түскен басқадай зияндар есептеледі.
Табиғат апаттарынан келетін өтелмейтін зияндар (7510 шот) потенциалды сақтанушы мүлкін, кәсіпкерлік қаупін және басқаларды сақтандыруға шарт жасаған жағдайда болады.
7510 шотта сақтанушы мүлікті, кәсіпкерлік қауіпті сақтандыруға шарт жасасып, бірақ сақтандыру шартының барлық талаптарын орындамағанда пайда болған зияндар есепке алынады.
Табиғат апаты салдарынан кәсіпорын жекелеген жағдайларда табыс ала алады. Мысалы, егер сақтандырушы істен шыққан мүліктің қалдық құнының орнын толық толтырса, онда кәсіпорын оны бөлшектеуден біршама кіріс алады, бұл кірісті бухгалтерлік есепте жою құны деп атайды.
Тоқтатылған (7510 шот) операциялар пайдаланып жүрген активті сату немесе кәсіпорынның экономикалық, өндірістік не сауда қызметінде жекелеген маңызды бағыты бар операцияларды тоқтату нәтижесінде пайда болады. Мұндай операцияларға байланысты кәсіпорын қызметі, активтер, міндеттемелер, таза табыс не зиян анықталып бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Төтенше жағдайлар дегеніміз заңды тұлғаның әдеттегі қызметінен өзгеше оқиғалары не операциялары. Төтенше жағдайлардың салдарынан келген табыстар немесе зияндар қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы берілген есепте бөлек көрстеіледі. Әрбір төтенше жағдайдың мәні мен сомасы жылдық есепке берілетін түсініктеме жазбада ашылуға тиіс.
7510 шотта есепке алынған табыстар мен зияндар жылдың аяғында 5610 шоттың дебеті мен кредитіне көшіріліп жазылады.

1.2 Табыстар мен шығыстар туралы есеп

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру - шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қысқа формада жасалады.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.
Кірістерді мойындау өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірістерді бухгалтерлік есепке алуды тіркеудегі тиянақтылықты анықтайтын есептеу қағидасына сәйкес іске асырылады. Мойындау, сонымен қатар, тауардың сатылған күні заң күші бар төлем міндеттемелерін сатып алушының жеткізушіге ұсынған кезде орын алады. Мойындау мүмкіндігі тауарға немесе қызметке айырбастау кезінде алынған қаржылық емес активтердің сатушарттарына сәйкес белгілі бір ақшалай көлемге айналуы кезінде пайда болады.
Кіріс алынған кезде көрініс табады, яғни келісім-шартқа сәйкес ұйым кіріс алуға құқық беретін жұмыс көлемін орындаған кезде көрініс табады.
Сонымен, пайда - ұйымның капиталы мен пайдасының көбеюі негізін құрайтын қаржылық нәтиженің маңызды факторы. Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі әдістемелік рекомендацияда кіріс деп сальдоланған қаржылық нәтиже мойындалады және кезеңнің жалпы кіріс және жалпы шығыстарының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.
Кірістерді жіктеудің бірнеше түрі бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелері Департементінің анықтамасы бойынша, ұйымның кірістері негізі қызмет және негізгі емес қызмет нәтижелерінде пайда болуы мүмкін.
Негізгі қызметтен түскен кіріс - дайын өнімдерді өткізуден қосымша құн салығын, акциздерді және басқа салық түрлерін, міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарлар сомасын, сатудағы жеңілдіктер сомасын, бағадағы жеңілдіктер сомасын шегеріп тастағандағы ақша сомасы немесе құралдар.
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс - бұл айналымнан тыс активтерді өткізу, құнды қағаздарды асыра бағалау және т.б.
Салық салуға дейінгі негзгі қызметін сальдоланған қаржылық нәтижесі көрсеткіштерді есептеу жолымен анықталады: негізгі қызметтен түскен кіріс (залал) және негізгі емес қызметтен кіріс (зиян).
Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс табыс салығы мен негізг қызметтен түскен кіріс арасындағы айырмашылық түріндегі есептеу жолымен анықталады.
Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (залал) табыс салығын шегеріп тастағандағы төтенше жағдайлар нәтижесінің сальдолануымен анықталады.
Төтенше өзгерістер деп мыналар саналады:
- алдын ала болжанбаған жағдайлар (апатты жағдайлар, өрт, т.б.) салдарынан түскен түсімдер;
- сақтындыру өтемақылары;
- қалпына келтіруге жарамсыз материалдық құндылықтар бағасы және т.б.;
Таза пайда - есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғаның алатын сальдоланған нәтижесі.
Қазақстанның әдістемелік рекомендацияға сәйкес, егер ағымдағы есеп беру кезеңінде қаржылық есеп беруді құру кезінде өткен кезеңнің қателері табылса, онда бұл қателерді түзеу ағымдағы кезеңнің таза пайдасы намасе зиянын анықтауға қамтылады; егер қателер өткен кезеңнің қаржылқ есеп берулеріне айтарлықтай әсер етсе және бұл кезеңдердің қаржылық есеп берулері щынайы емес болса, онда мұндай қателер маңызды деп саналады; маңызды қателерді түзету сомасы үлестірілмеген пайданың бастапқы сальдосын өзгерту жолмен есеп беруде көрінс табады және есеп беру кезеңінің таза пайдасы мен залалдарын анықтау кезінде қамтылады.

Кесте-1. Кірістер мен шығыстар туралы есеп
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы
Бет коды
Есептік кезең үшін
Өткен кезең үшін
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
010

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
020

Жалпы пайда (бет 010- бет 020)
030

Қаржыландырудан түскен кірістер
040

Өзге де кірістер
050

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар
060

Әкімшілік шығыстар
070

Қаржыландыруға арналған шығыстар
080

Өзге де шығыстар
090

Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасыныңзалалының үлесі
100

Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 - бет 070 - бет 080 - бет 090+- бет 100)
110

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)
120

Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+-бет 120)
130

Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар
140

Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)
150

аздық үлесі
160

Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)
170

Акцияға арналған пайда
180

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру - бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, ұйымның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы ұйымның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, ұйымның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі:
oo негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;
oo инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;
oo қаржыландыру жөніндегі қызмет.
Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.
Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:
oo тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері;
oo сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;
oo тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері;
oo қызметкерлерге ақша төлемдері;
oo ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса;
oo шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемедер.
Инвестициялық қызмет - бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады:
oo негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
oo меншікті капиталды немесе басқа ұйымдардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен ұйымдардағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
oo басқа ұйымдарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз:
oo басқа ұйымдарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері.
Қаржыландыру жөніндегі қызмет - бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.
Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:
oo акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері;
oo акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері;
oo қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, векселдерді, облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері;
oo алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері;
oo қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша төлемдері мен түсімдері;
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей және жанама әдіс.
Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:
біріншіден, журналдар, қосымша ведомостер бойынша ұйымның есептік жазуларынан;
екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;
басқа да ақшалай емес баптардан;
инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болағн ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан. Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:
- есепті кезең ішінде тауарлы - материалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;
oo тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;
oo инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша әсері туындайтын өзге де баптар.
Түсіндірме жазбада ұйымдағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.
Ұйымның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.

2 АҚ Forte bank мысалында кірістер мен шығыстарды талдау
2.1 Кірістерді талдау

Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, 2020 жылы ForteBank-тің қарқынды өсуі жалғасты. Операциялық кіріс 2019 жылға қарай 40%-ға
өсіп, 151,7 млрд теңгеге жетті. 2019 жылы өсім 62% құрады.
Кредиттеуді шектеулі өсуі жағдайларының өзінде таза пайыздық кіріс 2020 жылы 21%-ға өсіп, 95 миллиард теңгеге жетті. 2019 жылы өсім 59% құрады. Пайыздық маржа 5,5% деңгейінде қалыптасты (2019 жылы 5,5%).
Сонымен бірге, комиссиялық кірістің өсуі байқалады, бұл кредиттік емес өнімдердің дамуымен байланысты және Банктің кірістерді әртараптандыру саясатын көрсетеді. Комиссиялық кірістердің өсуіне қарамастан, комиссиялық шығыстардың ұлғаюына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстар мен шығындардың есебі
Кезең шығындарының экономикалық маңызы
Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
Ұзақ мерзімді активтердің есебі туралы ақпарат
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар
Табыстар мен шығыстар есебі
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі
Кәсіпорынның өндірістік шығындары
Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Пәндер