Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Қаржылық есеп» пәні бойынша
« Қаржылық есептілікті ұсыну »
тақырыбына жазылған
Курстық жұмыс
Студент:
Сержанова Диана
(аты-жөні)
321
(оқу курсы, топ №)
«Есеп және аудит»
( мамандығы)
«Бухгалтер-ревизор»
(біліктілігі)
Беттер саны: 40
Қорғалды:
Бағасы ()
Қорғаған күні «___» 20___ жылы
Оқу бөлімінің меңгерушісі:
(аты-жөні) (қолы)
Алматы, 2022
Мазмұны
Кіріспе
Есептік деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есептілік процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық есептілік мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады.
Қаржылық есептілік - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған есептілік. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігі жеке өзі немесе жылдық есеп немесе бағалы қағаздар проспекті сияқты басқа ресми жарияланатын құжаттың құрамында ұсынылатын құжаттарды қамтиды.
Қаржылық есектіліктің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есептілікті пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Есептілік процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтізбелік жыл болып табылады. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса кам гиды. Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбір ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Ұйымның сесіпті күні өзгерген және кезең ішіндегі жылдық қаржы есептілігі бір жылға қарағанда ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, ұйым қаржы есептілігінде қамтылған кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
- неғұрлым ұзағырақ немесе неғұрлым қысқарақ кезеңді пайдалану себебін;
- пайда мен зияндар туралы есептегі капи галдағы өзгерістер туралы есептегі, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептегі және түсіндірме жазбадағы салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактісі.
Бұрмаланған есептілік үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік» заңына сәйкес қаржылық есептіліктің негізгі қағидалары болып келесілер табылады: есептеу және үздіксіздік.
Есептеу. Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептілігін жасауға міндетті. Соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табадьт), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады. Есептеу қағидагы пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсе активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, пайда мен зияндар (қаржылық есептілік элементтері) ретінде танылады.
Үздіксіздік. Қаржылық есептілікті әзірлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметін жалғастыру қабілетін бағалауға міндетті. Қаржы есептілігі, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға немесе оның қызметін тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтің үздіксіздігі негізінде жасалуға тиіс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметті үздіксіз жалғастыру қабілетіне едәуір күмән туғызуы мүмкін оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі тұрлаусыздықтар туралы оған мәлім болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс. Егер қаржы есептілігі қызметтің үздіксіздігіне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептілік жасалған негізбен және ұйым үздіксіз іс-әрекет етеді деп есептелмейтін себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс.
Бұл курстық жұмыста « Remarque » ЖШС ұйымының қаржылық есептілік түсінігі, оның ақпараттық құрылымы мен ең басты есеп беру нысаны бухгалтерлік баланстың жасалуы және қаржылық есепке жүргізілетін аудиттің тәсілдерін қарастыратын боламыз.
1 Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп беру түсінігі
1. 1 Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғым
Есеп жұмысының соңғы сатысы бұл есеп беруді жасау.
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылықшаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп үдерісін әр түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.
Бірінші сатыда әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады.
Екінші сатыда - есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркемелерінде бас кіттапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.
Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есетің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
Төртінші бухгалтерлік есеп үдерісінің қорытындыылама сатысында ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытга орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы апарат беру т. б.
Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі.
Бірінші топқа - осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады.
Екінші топты - осы ұйымда жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да мекемелерін, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.
Инвесторларды олардың салынған капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар алдағы уақытта осы ұйым үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қатер жайлы ақпаратгар алаңдатады.
Несие берушілерді ұйымға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі және одан түсетін тиесілі пайызды алу мүмкіндігі туралы ақпараттар қызықтырады.
Жабдықтаушы-мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.
Үшінші топқа - кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады.
Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері тек қана бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.
Бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Ұйымның ағымдағы (жыл аралық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға) .
Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы толығырақ апарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты-мәліметтер кәсіорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы және жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы (бір айдағы) мүліктік немесе қаржылық нәтижесі көрсетіледі.
Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамына туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық ұйымдары өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есептернің негізінде жасайды.
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі деп аталынатын бухігалтерлік қорытынды есеп мәліметгері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандайда бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым салынады.
Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар (газеттерде, журналдарда) беттеріне де жариялайды.
Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады. Схема 1.
Схема-1. Қаржылық есептілік нысандары
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беру керек: сенімділікке, тұтастыққа, тізбектілікке, салыстырымдылыққа, есепті кезеңге және рәсімделуге.
Сенімділік дегеніміз бұл бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілермен ережелерге сәйкес жасалады.
Тұтастылық дегеніміз ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебінде осы кәсіпорындағы орындалған барлық шаруашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып көрсетілуі болып табылады.
Тізбектілік дегеніміз кәсіпорынның бір есепті кезезінен екінші есепті кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы.
Салыстырымдылық бұл бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.
Белгіленген заңға сәйкес есеп беру кезеңі барлық ұйымдар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген.
Бірінші қорытынды есеп жылы болып кәсіпорынның жаңадан құрылған күнінен бастап немесе ұйымның қайта ұйымдастырылған уақытынан, яғни тіркелуінен басталып сол жылдың 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады.
Егер ол кәсіпорын тіркеуден 1 қазан мен (1 қазан кіреді) 31 желтоқсан аралығында өткен жағдайда, ол кәсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі жылдан басталады. Ұйымның тіркеуден өткенге дейінгі операциялары бойынша шығындары алғашқы жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады.
1. 2 Баланс құру түсінігі, соңғы баланс құру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.
Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорының капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады.
Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді.
Активтер, баланс кәсіпорынының есептік кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі.
Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Мүліктің түрлері және оның қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша қаражаттары.
Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алу мен байланысты кәіспорын ресурстарының шығынына әкеліп соқтырады.
Капитал- бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорының өзіндік қаражаты.
Көрініп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтармызда берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. «Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайы бағалауымен байланысқан негізгі элементтері - активтер, меншіктік капитал және субъектінің міндеттемесі» болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.
Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.
Міндеттеме - бұл тұлғаның белгілі бір әрекеті басқа бір тұлғаның пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.
Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері.
Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықттамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтады, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрде төменде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.
Кесте-1. БЕС-2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz