Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
Кәсіпорын қорлары, олардың экономикалық маңызы мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1.1
Қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
6
1.2
Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау ... ... ... ... ... ... ... ...
10

2
ЖШС Estel group мысалында материалдық қорлардың есебі мен түгендеуін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

13
2.1
ЖШС Estel group қоймасындағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

13
2.2
ЖШС Estel group ұйымының материалдық қорларын
түгендеу және қайта бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

17

3
ЖШС Estel group кəсіпорынының негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

30

Кіріспе

Материалдық есепті ұйымдастыру - есептік жұмыстың күрделі бөлімдерінің бірі. Өнеркәсіптік кәсіпорында материалдық құндылықтар номенклатурасы он мыңдаған атаулармен саналады, ал материалдық-өндірістік қорлар есебі бойынша ақпарат өндірісті басқару бойынша барлық ақпараттың 30% - ін құрайды. Сондықтан есепті ұйымдастыру және материалдық құндылықтарды сатып алуы, оның қозғалысы, сақталуы және қолдануы бойынша бақылау үлкен ауыртпалықтармен байланысты.
Қорлар - бұл активтер:
қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;
осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегі; немесе
өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Бастапқы тану кезінде қорлар өзіндік құн бойынша бағаланады. Бастапқы тануда қорлардың өзіндік құнына келесілер кіреді:
жабдықтаушыларға төленген баға. Егер компания қорларды кейінге қалдыру шартымен алса, онда әдеттегі саудалық несие шарты бойынша сатып алу бағасы мен толенген сомма арасындағы айырма (өзгешелік) қаржыландыру кезеңі аралығындағы пайыздар бойынша шығындар болып танылады;
импорттық баж салығы және басқа салықтар (салық заңнамасына сәйкес төленетіндерден басқа);
қорларды алумен тікелей байланысты транспорт шығындары, өңдеу және басқа да шығындар. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да ұқсас баптар сатып алулар бойынша шығыстарды анықтағанда шегеріледі.
Қорлардың өзіндік құнына қайта өңдеуге кететін шығындар қосылады: еңбек үшін төленетін тікелей шығыстар;
шикізатты дайын өнімге қайта өңдеуге қажетті тұрақты және айнымалы өндірістік үстеме шығындарды жүйелі түрде бөлу;
- тұрақты өндірістік үстеме шығындарды қайта өңдеу шығыстарына бөлу қалыпты жағдайда кәсіпорын жұмысының өндірістік қуатына негізделеді. Басқа шығыстар қорлардың өзіндік құнына олардың қазіргі кездегі орналасқан жері мен жағдайына жеткізілуімен байланысты болса қосылады. Келесі шығындар қорлардың өзіндік құнына қосылмайды, олар тек ағымдағы шығындар құрамына қосылады:
шикізаттың, жұмсалған еңбектің және басқа да өндірістік шығыстардың нормативтен артық жоғалтулары;
кейбір өндірістік процестің келесі деңгейіне өту үшін қажетті сақтауға кеткен шығыстар (мысалы, ағашты кептіру немесе коньяк спиртін ұстау сияқты);
әкімшілік үстеме шығындар; өткізу шығындары. Қорлардың өзіндік құнын анықтау әдістері. ҚЕХС 2 Қорлар бойынша қорлардың өзіндік құнын есептеудің әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат береді.
Қорлардың өзіндік құнын анықтау үшін келесі есептеу әдістері қолданылады:
Арнайы сәйкестендіру есептеу әдісі - өзара бір бірін алмастыра алмайтын (автомобиль, зергерлік бұйымдар, қымбат тондар және т.б.) және арнайы жобаларға арнап шығарылған тауарлар мен қызметтер сияқты ерекшелігі бар қорлардың өзіндік құнын анықтауға қолданылуы қажет. Шикізаттың, материалдар мен дайын өнімнің көптеген түрлері жататын бірін бірі алмастыра алатын қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің келесі әдістері қолданылуы қажет:
ФИФО әдісі (бірінші қабылданған - бірінші шығарылады). Бұл әдіс бойынша бірінші келіп түскен қорлар бірінші болып сатылады, соған сәйкес кезең соңында қалған Қорлар сатылған босалғыларға қарағанда кеш алынған болып табылады.
Орташа салмақтандырылған құн әдісі. Орташа салмақтандырылған құн формуласы бойынша әр баптың құны қорлардың кезең басындағы орташа салмақтандырылған құнынан кезең аралығындағы сатып алынған немесе шығарылған қорлардың құнынан анықталады. Орташа мәні кезеңдік негізде немесе кәсіпорынның жағдайына байланысты әрбір қосымша топ (партия) алынғанда есептелінуі мүмкін. Барлық ұқсас босақыларға және компанияның қолданылуы бойынша бірдей бағалау әдістері қолданылуы тиіс. Ал әр түрлі қорларға әр түрлі бағалау әдістерін қолдануға болады. Мысалы, сақтандыру қорын бағалау үшін басқа әдіс қолданылуы мүмкін. ҚЕХС 2 Қорлар стандарты бойынша есеп беру күніне қорлар берілген екі мөлшердің ең кішісімен бағаланғанын талап етеді: өзіндік құн және өткізудің ықтимал таза құны. Өзіндік құнды анықтамасына және оны қалай анықтау әдістеріне жоғарыда тоқталған болатынбыз. Ал өткізудің ықтимал таза құнына келетін болсақ - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.
Кәсіпорындар өткізудің ықтимал таза құнын есептеуде келесілерді ескеру керек:
есептеу кезіндегі қорларды сатуға болатын нарықтық бағалар;
егер қорлар сату бойынша келісімшартты нақты бағамен орындауға тиіс болса, онда есептеу үшін осы келісімшартта қабылданған нақты бағалар қолданылады;
әдеттегі тәжірибеде қалыптасқан немесе материалдар мен дайын өнімдерді өткізуге кететін мүмкін шығындар (есептеуде әкімшілік шығындар мөлшері ескерілмейді).
Қорлар көбінесе бап бойынша өткізудің ықтимал таза құнымен есептен шығарылады, бірақ кей жағдайларды оларды ұқсас бап бойынша топтастырған тиімді, мысалы, арналымы немесе соңғы тұтынуы бірдей бір ассортименттік қорлар, бір географиялық облыста шығарылып сатылатын қорлар . Қорлардың жіктелімі негізінде өзіндік құн мен өткізудің ықтимал таза бағасын салыстыруға тыйым салады, мысылы, дайын өнім бойынша немесе нақты операциялық сегменттегі барлық қорлар. Егер де шикізат пен басқа да материалдардан жасалған дайын өнім өзіндік құнымен немесе одан жоғары бағамен сатылған болса, онда шикізат және басқа да материалдардың құнсыздануы қорларда бейнеленбейді.

1 Кәсіпорын қорлары, олардың экономикалық маңызы мен мақсаты.
1.1 Қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы.

Кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін арналған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық- материалдық қорлар түріндегі активі болып табылады.
Олардың өндірістік құралдарынан өзге заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан көбі еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттар өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есепке алудың міндеттеріне келесілер жатады:
- дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есепке алып, кірістеу немесе есептен шығару;
- қоймадағы материалдардың және жеткізу кезінде материалдардың сақталуын бақылау;
- материалдық қорлардың қалдығының дұрыс сақталуын тексеру;
- материалдардың өндірісте пайдаланылу нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;
- өндірісте материалдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;
- дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтау және олардың жоспарлы бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Ұйымдардағы қорлардың есебі ҚЕХС №2 Қорлар стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Тауарлық- материалдық қорлар түрінде көрсетелген активтердің үлкен бөлігін өнімдерді дайындауда, қызметтер мен жұмыстарды орындауда пайдаланылатын материалдық бағалықтар құрайды.
Материалдар өндірісте өндіру, қайта өңдеу немесе дайындау үшін, немесе басқадай қажеттіліктер үшін арналған.
Материалдық бағалықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың қажетті алғы шарты материалдардың іс жүзіндегі жіктелуін сақтау болып табылады. Қорлар келесідей жіктеледі:
oo сатылып алынған тауарлар;
oo қайта сатуға аранлған мүлік (ғимарат, үй, транспорт және басқалары);
oo ұйыммен өндірілген және сатуға арналған дайын өнімдер;
oo шикізаттар мен материалдар;
oo аяқталмаған өндіріс;
oo басқа көмекші материалдар.
Тауарлық-материалдық қорлар есебі тек қана топтары бойынша емес, сонымен қатар әрбір атауы, түрі, мөлшері, сорты және т.б. бойынша жүргізіледі.
Дайын өнімге өңдеудің барлық кезеңдерінен өткен, техникалық және сапалық сипаттамалары қойылатын талаптарға немесе қойылым келісімінің шарттарына сай келетін өнімдер жатқызылады.
Тауарларға сату үшін алынған материалдық құндылықтар жатқызылады. Сауда, жабдықтау немесе басқа да делдалдық қызметтегі ұйымдар тауарлар құрамында, сонымен қатар өніммен жабдықтаушыларға қайтарылуға тиіс төленген көп айнымалы ыдыстарды есепке алады.
Материалдар өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай келесідей бөлінеді: шикізат пен материалдар; сатылып алынған жартылай фабрикаттар; отындар; ыдыстар; қосалқы бөлшектер; құрылыс материалдары; өңдеуге берілген материалдар және т.б.
Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.
Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.
Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін.
Қорларды ҚЕХС №2 Қорлар стандартына сәйкес есепте нақты өзіндік құнымен көрсетеді. Өзіндік құн тауар үшін төленген бағаны немесе оны өндіру үшін қажет соманы білдіреді.
Сатуға арналған қорлардың құны сатылған қорлардың құнының сомасына және түгендеудің үздіксіз немесе кезеңдік әдістері көмегімен кезең соңындағы қалған қорлардың құнына бөлінуі мүмкін.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық қорларды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған қорлардың бағалары бойынша (ФИФО) бағалау әдісі.
Бұл әдістердің әрқайсысы алдымен ай соңындағы қалдықтарды материалдық бағалауды, одан кейін шыққан материалдық қорлардың құнын анықтауды болжайды. Соңғыларының құны кезең басындағы қорлар құнының жалпы бағасынан есеп беру кезеңінде түскен құнын қорлардың ескере отырып кезең соңындағы қорлар құнын алыптастау арқылы анықталады.
Материалдарды орташа құн бойынша бағалау кезінде сол есеп беру кезінде өндірісте пайдаланылған материалдардың жалпы құны қорлардың әрбір құны бойынша орташа сатып алу бағасын материалдық сәйкес санына көбейту арқылы анықталады.
Материалдарды ФИФО әдісімен бағаланған кезінде бірінші шығарылған материалдық құнын есептен шығару көзделеді.
Арнайы сәйкестендіру бойынша бағалау әдісі әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын арнайы тапсырыстар мен жобаларға арналған материалдық бірлігінің өзіндік құнын есептеуді көздейді.
Келесідей мысалыға берілген мәліметтердің негізінде бағалаудың үш әдісін қарастырамыз:
Көрсеткіштер
Түскені
Шығындал ғаны

Саны, бірлік
Бағасы, теңге
Сомасы,мың. тг.
Саны, бірлік
01.04.20 қалдық
10
30
300

Сәуір айында түскендері, оның ішінде:

05.04.20
10
34
340

10.04.20
20
40
800

25.04.20
30
50
1500

Жиыны қалдықпен
70

2940

Босатылғандары, о.і.:

07.04.20

10
18.04.20

20
25.04.20

15
30.04.20 қалдық
25

Есептің үздіксіз және кезеңдік жағдайында қорларды бағалау келесі түрде болады:
Есептің үздіксіз жүйесі
Есептің кезеңдік жүйесі
Орташа құн әдісі
01.04.20 - 10бірл.*30тг.=300 тг. 300
05.04.20 - 10бірл.*34тг.=340 тг. 640
Орт.құн = 640тг.20бірл. = 32 тг.
07.04.20 - 10бірл.*32тг.=(320) 320
10.04.20 - 20бірл.*40тг.=800 тг. 1120
Орт.құн = 1120тг.30бірл. = 37,33 тг.
18.04.20 - 20бірл.*37,33тг.=(747) 373
25.04.20 - 30бірл.*50тг.=1500 тг. 1873
Орт.құн = 1873тг.40бірл. = 46,82 тг.
29.04.20 - 15бірл.*46,82тг.=(702) 1171
Пайдаланылған қорлар тең болады
2940тг.-1171тг. = 1769 тг. немесе (320+747+702)
01.04.20 10бірл.*30= 300 тг.
01.04.20 Сатып алулар: 60 бірл. - 2640 тг.
ЖИЫНЫ пайдалану үшін бар ТМҚ: 70бірл. - 2940 сомасына
Орт.құн. = 294070 бірл. = 42 тг.
Соңғы қалдық = 25 бірл.*42 тг. = 1050 тг.
Пайдаланылған материалдар құны = 2940тг.-1050тг. =1890 тг.
ФИФО әдісі
01.04.20 - 10бірл.*30тг.=300 тг. 300
05.04.20 - 10бірл.*34тг.=340 тг. 640
07.04.20 - 10бірл.*30тг.=(300) 340
10.04.20 - 20бірл.*40тг.=800 тг. 1140
18.04.20 - 10бірл.*34тг.=(340) 10бірл.*40тг. =(400) 400
25.04.20 - 30бірл.*50тг.=1500 тг. 1900
29.04.20 - 10бірл.*40тг.=(400)
5бірл. *50 тг. =(250) 1250
Пайдаланылған қорлар= 2940тг.-1250тг. =1690тг. немесе (300+340+400+400+250)
30.04.20 Соңғы сальдо = 25 бірл., соңғы партияның бағасымен бағаланады, яғни 50 теңгеден 1250 теңге сомасына.
Сонда, пайдаланылған қорлардың құны болады 2940 тг.- 1250 тг. = 1690 тг.

Арнайы ұқсастандыру әдісі бойынша: Егер қоймашы бухгалтерияға 30 сәуір 2020 жылы 25 бірлік келесідей құралғандығы туралы ақпарат берсе, онда: 5 бірлік бастапқы қалдықтан, 10 бірлік 10 сәуір 2020 ж.түскеннен, 10 бірлік 25 сәуірде түскеннен. Бухгалтер бұл бірліктерді келесідей бағалайды: (5бірл.*30тг.+10бірл.*40тг.+10*50тг . = 1050тг), Сонымен, пайдаланылған қорлар құны 1890тг. (2940-1050) сомасына бағаланады.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу 1300 Қорлар бөлімшесінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше шоттарында (1310-1317 шоттары) құндылықтардың төмендігідей түрлері есепке алынады:
1310 Шикізат және материалдар- өндірілетін өнімнің негізін жасайтын немесе оны дайындаудың компоненттері болып табылатын шикізат пен материалдар. Сондай-ақ, осы шотта мұндай өнімді жасауға қатысатын және шаруашылық мүдделеріне, техникалық мақсаттарға арналған және өндіріс барысына атсалысатын көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер- өндірістік кооперация тәртібі мен өндірілуші өнімді жабдықтау үшін алынған және өндіруге немесе жинауға шығындарды талап ететін сатып алынған жартылай шикізаттар мен дайын құрастырушы бұйымдар.
1312 Отын- мұнай өнімдерінің, қатты және басқа отын түрлерінің бәрін есепке алады. Мұнай өнімдеріне көлік құралдарын пайдалану үшін, өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне, қуат және жылу алу үшін пайдаланылатын жанар-жағар майдың барлық түрлеріне, яғни көмір, шымтезек, ағаш, сексеуіл жатады. Отынның басқа түрлерін газ отыны, жанатын тақта тас құрайды.
1313 Ыдыс және ыдыстық материалдарға- жабдық-ыдыс және шаруашылық мүліктері (цистерналар, бөшкелер, флягалар) сияқты пайдаланылатынан басқа ыдыстардың бәрі, соның ішінде ыдысты пайдалану мен жөндеуге арналған(жәшіктерді құрастыратын бөлшектер, бөшкелік жапсырма, дөңгелек темір) материалдар мен бөлшектер де кіреді.
1314 Қосалқы бөлшектер- машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдары мен техниканың басқа түрлерінің (детальдар, агрегаттар, аккумуляторлар, автомобиль шиналары) тозған бөліктерін ауыстыру, жөндеу үшін арналған қосалқы бөлшектерді.
1315 Басқа материалдар- өндірістің жарамсыз қалдықтары, негізгі құралдарды жоюдан алынған құндылықтар, тозған шиналар, ескі резиналарды.
1316 Қайта өңдеуге берілген материалдар - басқа жаққа қайта өңдеуге берілген және қайта өңдеуден кейін алынған бұйымдардың өздік құнына енгізілетін материалдарды;
1317 Құрылыс материалдары (құрылыс салушы кәсіпорындар пайдаланылады) - құрылыс бөлшектерін дайындау үшін, құрылыс және монтаждау жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде пайдаланатын құрылыс материалдары. Бұл шоттар құрылыс қажетіне керек басқа да құндылықтар есепке алынады. Мысалы: қопарғыш заттар, қағаз.
1300 Қорлар бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша - олардың жұмсалуын көрсетеді.

1.2 Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау.

Материалдық қорлардың келіп түсуімен, орын ауыстыруы және баосатылуымен байланысты барлық операциялар сәйкес алғашқы құжаттармен толтырылады. Материалдық қорлардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсырмалары, тауарлық көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцепке қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.
Тауарлық-материалдық қорлар бойынша қабылдау техникалық жағдайларына және басқа да міндетті ережелері мен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.
Көлік ұйымдарынан жүктерді қабылдап алу кезінде ең алдымен тасымалдау кезіндегі жүктердің сақтығын: көлік құралдары немесе контейнерлерде пломбалардың дұрыстығын және бар болуын, олардағы белгілердің дұрыстығын, көлік құралдары мен ыдыстардың дұрыстығын, сонымен қатар жүктердің және олардағы маркировкалардың көліктік құжатта көрсетілгендерімен сәйкес болуын тексеру қажет.
Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.
Сенімхат. Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. Материалдық құндылықтардың алынғандығын, берілген сенімхаттаоды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркейтін субъектілер қолданады.
Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы. Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.
Кіріс ордері жабдықтаушылардың немесе өңделгеннен кейін ұйымға келіп түсетін қорларды есепке алуға қолданылады. Қорлар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады.
Материалдардың қабылданғаны туралы акт. Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалақ айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықта қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі-жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе бухгалтерияға жіберіледі.
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалу, сақталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі Акт. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорлардың дайындалу, сақталу немесе өндіру проценсінде жоғалғаны анықталған кезде қолданылады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансына шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз болады.
Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісірел қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімде қалады.
Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы АКТ. Ұйымның қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өнделгеннен кейін оларға табиғишығын нормалары қойылған болса, осы АКТ жасалады. Қорларды қабыдауды жүргізген кезде жасалынған актіге, кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, 1-ші данасын бухгалтерияға өткізеді, себебі акт қорлардың жоғалуына материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың есебінен шығарып тастауға негіз болып табылады, 2-ші дана қоймада қалады.
Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы АКТ. Кәсіпорында бүлінуідің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандауға және шығарылуға тиіс қорлардың (тауарлардың) есебін алу үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады да, қол қойылады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлдардың жоғалуына материалдық жауапты кісілерден шығарып тастауға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.
Лимиттік-жинақтама картасы. Өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы бақылау үшін және қоймадағы материалдық қорларды, шығарып тастауға негіз болатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номанклатуралық нөмірлердің) бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа- қорды пайдаланушыға, 2-сі қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорларды қойма, цех өкілі лимиттік- жинақтама картаның өзіне тиесілі данасын көрсетенде ғана босатады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимиттің қалғанын анықтайды.
Талап ету тұтыну қажеттілігі тұрақты емес материалдарды алуға толтырылады, оларды екі данада толтырады: біреуі (алушының қолхатымен) қоймада қалады, екіншісі (қоймашының қолхатымен( алушыда болады.
Накладнойлар өндірісте пайдаланылмаған материалдар мен бөлшектердің, тетіктердің қоймаға қайтарылуы, ішкі орын ауыстыруы кезінде материалдардың орнын ауыстыруы кезінде материалдардың қозғалысы есептеу үшін қолданылады.
Сыртқа материалдар босату накладнойлары жабдықтау бөлімімен екі данада толтырылады: біріншісі қоймаға жіберіледі, екіншісі материалдар алушыға беріледі. Материалдар босатылған соң накладной алушының қолхатымен бухгалтерияға шот-фактура жазу үшін табыс етіледі.

2 ЖШС Estel group мысалында материалдық қорлардың есебі мен түгендеуін ұйымдастыру.
2.1 ЖШС Estel group қоймасындағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есебі.

ЖШС Estel group ұйымында материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни ұйым қоймасында және бухгалтериясында есептеледі. Қоймадағы материалдар түрлеріне қарай сөрелерде, шкафтарда және жәшіктерде орналастырылады. Қоймадағы және цехтардағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Қоймада материалдардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.
Алынған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.
Материалдардың қоймалық есебін жүргізу қоймашының міндетіне кіреді. Қоймашы күн сайын кіріс және шығыс құжаттарын толтырады және карточкаларға жазып отырады. Картотеканы жүргізу бойынша жұмыстарды келесі күнге қалдыруға болмайды. Әрбір операциялық күннің соңында карточкаларда сол күні қозғалысы болған материалдық құндылықтардың қалдықтары шығарылады.
Материалдардың күндік айналымына құжаттарды қабылдау- өткізу реестрі екі данада толтырылады: біреуі құжаттар қосылыпбухгалтерияға табыс етіледі, екіншісі - құжаттарды қабылдап алған бухгалтердің қолы қойылған қоймашыда қалады.
Қоймалық операцияларға бухгалтерлік бақылауды материалдық бөлім бухгалтері жүргізеді. Тексерісті және құжаттар қабылдауды аяқтаған соң, бухгалтер құжаттарды қабылдау-өткізу реестрінің екі данасына қол қояды. Реестрлер материалдардың кірісі мен шығысына жеке құрылады.
ЖШС Estel group кәсіпорынында материалдардың қалдықтық әдісінің негізінде оперативті және бухгалтерлік әдістерінің арасындағы толық үйлесімділік алынған. Есептің қалдықтық әдісі ең прогрессивті болып табылады, өйткені есептік жұмыс көлемін қысқартуға , материалдық қалдықтардың дұрыс және дер мезгілінде кіріске алынуына күнделікті бақылау өткізуге, материалдық қорлардың қоймаларда және басқа сақтау орындарында жетіспеушіліктері мен артықшылықтарын дер мезгілде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар материалдардың талдамалық есебі бойынша жұмысты жеңілдетеді және есептің сапасы айтарлықтай жақсарады. Оның негізі артықшылығы мынада - бухгалтерияда материалдық қорлардың есебі бойынша талдамалық карточкалар жүргізілмейді және талдамалық шоттар бойынша айналым тізімдемелері толтырылмайды. Қоймадағы материалдардың бүкіл талдамалық есебін материалды- жауапты тұлға сандық өлшемде карточкаларда жүргізеді. Одан басқа қалдықтық әдіс қоймалардағы материалдарға, белгілі бір айдың күнімен шектелмей, кез келген уақытта түгендеу өткізуге мүмкіндік береді. Есептің қалдықтық әдісі ағымдағы есепте тұрақты есептік бағаларды қолдануын талап етеді.
Қоймадағы материалдар қалдығының есебінің тізімдемесі әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша жеке ашылады. Олар материалдардың қоймалық есеп карточкаларының мәліметтері бойынша материалдар қалдығын айдың бірінші күніне сандық мәнде қойып отырады. Мәліметтер қоймалық есептің номенклатурасы бойынша келтіріледі. Ай соңында тізімдемелер бухгалтерияға беріліп, онда материалдардың бар болуының сандық көрсеткіштері есептік бағалар бойынша есептеліп, материалдардың әрбір тобы бойынша жиыны шығарылады.
Материалдар есебінің қалдықтық әдісі кезінде қойма есебінің мәліметтерін баланспен салыстырудың мәні сол, мұнда әрбір қойма бойынша қалдықтардың жылдық кітабы жүргізіледі, онда айдың соңында сорттық есеп карточкаларынан бірінші күнге жағдайлары бойынша материалдардың барлық сандық қалдықтары ауыстырылып отырады. Кітаптағы жазулардың дұрыстығы қойма меңгерушінің қолымен расталады. Қалдықтарды бақылап алып, бухгалтер олардағы қалдықтық кітапта әрбір номенклатуралық номерге қарсы қойылған есептік бағаларға көбейтеді. Осылайша анықталған материалдар қалдығының жалпы сомасы қалдықтық кітап қорытындысы бойынша материалдардың қозғалысы және қалдығы есебі тізімдемесі ндегі материалдар сомасы мен тобы бойынша жинақтау тізімдемесінде келтірілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Бухгалтерлік есептің типтік счеттары
БӨЛШЕК САУДАДА ТАУАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Есепті жыл
Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу
Тауарлы-материалдық қорларды талдау
Қорлар есебінің талдауы
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
Қорлардың бугхалтериядағы есебі
Материалдық қорлар
Пәндер