Дебиторлық берешектің түрлері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 Қызмет көрсету кәсіпорында дебиторлық берешектің есебі мен 5
аудитті ұйымдастырудың
теориялық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... .
1.1 Дебиторлық берешектің түсінігі мен
классификациясы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 InformConsulting ЖШС-тің техникалық-экономикалық
көрсеткіштерге 9
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
2 InformConsulting ЖШС дебиторлық берешектің есебі мен
аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2.1 Компанияда дебиторлық берешектің есебін 17
ұйымдастыру ... ... ... ... .
2.2 InformConsulting ЖШС дебиторлық берешектің аудитін жүргізу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
3 Қызмет көрсету кәсіпорындарда дебиторлық берешектің есебі мен
аудитін жүргізу мәселелері мен шешу 25
жолдары ... ... ... ... ... ..
3.1 InformConsulting ЖШС дебиторлармен есеп айырысу жағдайы ... . 25
3.2 Қызмет көрсету кәсіпорындарда дебиторлық берешектің аудитін 29
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..33
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Пайдаланған әдебиеттер 35
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
Кіріспе
Қалыптасқан бәсекелестік жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық
тетігін экономикалық ақпаратсыз уақытылы басқаруды іске асыру мүмкін емес,
ал ақпараттың негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп пен қаржы-шаруашылық
қызметін талдау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бухгалтерлік есеп пен қаржы-
шаруашылық қызмет туралы деректері кәсіпорын мен оның құрылымдық
бөлімшелерін жедел басқаруға, ағымдағы жоспарлар мен экономикалық
болжамдарды құруға, және де ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеуге
қолданылады.
Қазіргі уақытта бизнес субъектілері үшін ең өзекті және өткір
мәселелердің бірі тікелей есеп-айырысу операциялармен байланысты дебиторлық
берешек, себебі ол кәсіпорынның қызметін үйлестірушісі болып табылады.
Дебиторлық берешек кәсіпорын активтерінің маңызды бөлігі болып
табылады. Сондай-ақ ол баланс құрылымының не бірінші, не екінші бөлігінде
де болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде айналымға қатысушылар
салынған қаражатты қайтарып қана қоймай, қосымша кіріс те алуды болжайды.
Алайда, тәжірибеде белгілі бір себептермен кәсіпорын контрагенттерден
қарызды қайтара алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Дебиторлық берешек
айлармен, кейде тіпті жылдар бойы қайтарылмай, баланста тұрады. Ал
дебиторлық берешектің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады,
тіпті банкроттыққа дейін жеткізуі мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл дебиторлық
пен кредиторлық берешекті басқару жүйесінің жоқтығымен байланысты болады.
Айналым қорлардың бір бөлігі болғандықтан дебиторлық берешектің
қайтарылмауы айналым құралдардың айналымын күрт қысқартады, ал бұл
сәйкесінше кәсіпорынның кіріс көлемін азайтады. Осыған орай, кәсіпорынның
қаржылық жағдайын жақсартуға әсер ететін келесі маңызды мәселелер бар:
- халықаралық стандарттарға сәйкес дебиторлық берешектің есебін дұрыс
ұйымдастыру;
- дебиторлық берешектің өсуіне әсер ететін факторларды анықтауға және
ілулідебиторлық берешекті жою немесе оның өсуін төмендетуге
бағытталған дебиторлық берешекті талдау.
Аталған мәселелерді шешу негізінде кәсіпорынның қаржылық нәтижесі
артуына септігі мол, сол себептен таңдалған тақырып өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қызмет көрсету кәсіпорында дебиторлық
берешектің есебі мен аудитін ұйымдастыру мәселелерін айқындау мен шешу
жолдарын қарастыру.
Берілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- дебиторлық берешектің есебі мен аудитті ұйымдастырудың теориялық
негіздерін қарастыру;
- InformConsulting ЖШС қызметіне экономикалық талдау жүргізу;
- InformConsulting ЖШС-те дебиторлармен есеп айырысуын талдау;
- қызмет көрсету кәсіпорындарда дебиторлық берешектің есебі мен
аудитін жүргізудегі мәселелерді анықтау;
- кәсіпорында дебиторлық берешектің аудитін жетілдіру жолдарын
қарастыру.
Зерттеу объектісі қызмет көрсету саласында қызмет ететін
InformConsulting ЖШС, ал зерттеу пәні кәсіпорында қаржы-шаруашылық
операциялар бойынша есеп айырысу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізін дебиторлық берешектің есебін
жүргізу аясында зерттеу жүргізген отандық және шетел экономистердің
еңбектері, заңнамалық актілер мен халықаралық стандарттар, ал тәжірибелік
негізін InformConsulting ЖШС қаржылық есептілігі, аналитикалық шолулар,
ресми басылымдардағы мақалалар, интернет ресурстардағы ресми мәліметтер
құрайды.
Зерттеу барысында екі жақты жазу, сараптау, салыстыру, талдау мен
синтез әдістері қолданылған еді.
Дебиторлық берешектің есебі мен аудитін ұйымдастыру мәселесін зерттеу
кезінде алынған қорытындылар мен нәтижелер InformConsulting ЖШС мен
басқа қызмет көрсету кәсіпорындардың қызметінде қолданылу мүмкіндігі
дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәнін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды
мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде дебиторлық берешектің түсінігі мен классификациясы
қарастырылып, InformConsulting ЖШС-нің техникалық-экономикалық
көрсеткіштерге талдау жасалынды.
Екінші бөлімде қызмет көрсету компанияларда дебиторлық берешектің
есебі мен аудитін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды.
Үшінші бөлімде InformConsulting ЖШС-тің дебиторлармен есеп айырысу
жағдайына талдау жасалынып, дебиторлық берешектің есебін жүргізудегі
мәселелер мен аудитті жетілдіру жолдары анықталған еді.
1 Қызмет көрсету кәсіпорында дебиторлық берешектің есебі мен аудитті
ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Дебиторлық берешектің түсінігі мен классификациясы
Дебиторлық берешекті кәсіпорын алдында сатып алушылардың қарызы
ретінде түсінеді. Ол несиегер ретіндегі кәсіпорын мен басқа жеке және заңды
тұлғалар арасындағы келісім негізінде туындайды. Келісім шарт бойынша қарыз
алушылар кәсіпорынға қатысты белгілі бір әрекетті орындау туралы міндетті
алады.
Дебитор сөзі латын тілінің debitum сөзінен шығып, қарыз,
міндеттеме мағынасын білдіреді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық және де қазақстандық стандарттарына
сәйкес дебиторлық берешек ретінде кәсіпорынға сатып алушылардан
(дебиторлар) келетін сомма көлемін түсінеді.
Дебиторлық берешек кәсіпорынның айналым активтердің бір бөлігі болып
саналады, яғни кәсіпорын тауарды (қызметті) сатқан кезде, тауардың бағасын
төлеуді сатып алушы алдында кейінгіге қалтыру мүмкіндігі бар.
Дебиторлық берешек кәсіпорын активі болып саналады, ол иелену
құқығымен қоса, басқа заңды құқықтармен байланысты. Кәсіпорынның активі –
бұл құндық бағаға ие мүлік, мүліктік игіліктер мен кәсіпорынның құқықтары.
Активтерде қарастырылған келешектегі экономикалық пайда бұл субъектінің
ақша қозғалысына қосатын тікелей немесе жанама үлесі [2]. Сонда, дебиторлық
берешек – бұл активте қарастырылған келешектегі экономикалық пайда.
Дебиторлық берешек келесі негізгі сипаттамаларға ие:
- тікелей немесе жанама түрде ақша қаражаттардың өсу қабілетін
қамтамасыз ететін келешектегі табысты көрсетеді;
- кәсіпорынмен басқарылатын актив ресурстары;
- нақты уақытта кәсіпорын бақылауына жатпайды.
Дебиторлық берешек әр түрлі операцияларының жүруі кезінде көбінесе
несиеге тауарларды алғанда, қызметті көрсеткенде пайда болады. Дебиторлық
берешекке жататындар төменгі суретте көрсетілген (1 сурет).
Сурет 1 – Дебиторлық берешектің түрлері
Ескерту: автор(3( әдебиет негізінде құрастырды
Жоғарыдағы суретте көрсетілген түрлерге тоқталып кетейік:
Алынуға тиісті қарыз – бұл сатып алушылардың және тапсырыс
берушілердің алынған тауарға, көрсетілген қызметтерге, жасалынған
жұмыстарға есеп айырысу жөніндегі ақпарат.
Алынған вексель – бұл белгілі бір сома көлемінде көрсетілген
мерзімінде, жөнелтілген тауарларға төлемді көрсететін жазбаша түрде қарыз
міндеттемесі.
Күмәнді қарыз – бұл көрсетілген мерзімінде қайтарылмаған, сәйкес
кепілдігімен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыз;
Еншілес немесе тәуелді серіктестіктердің дебиторлық берешегі -
еншілес (тәуелді) серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын субъектілердің
дебиторлық қарызы бойынша есеп айырысуы жөніндегі ақпараты;
Өзге де дебиторлық қарыз – бұл алынған тауарлық-материалдық
құндылықтары бойынша бюджетімен төленуі тиісті қосымша құн салығы,
дебиторлық қарыз бойынша пайыздардың есептелуі мен жабуы, қызметкерлер мен
басқа да тұлғалардың есепті беруі бойынша дебиторлық берешектің жағдайы,
материалды зияндары, тағы басқа қарыздық операциялары, жал міндеттемелері
үшін қарыздар жатады.
Негізгі капиталды, қорларды, несие сияқты дебиторлық берешектікомпания
үшін құралдарын үнемі қолдануының бабы болып табылады, және бұл
клиенттердіі ынталандыруын кеңейтіп, нақты түрде жақсы бәсекені тудыруға
мүмкіндікті береді.
Компанияның дебиторлық берешегін басқаруының бірнеше қадамдары бар, ол
келесі бес қадамды құрайды:
1) сату барысындағы несиені берудің шарттары, мерзімніңжәне
жеңілдіктердің жүйесі;
2) несие негізінде берілетін кепілдемелері;
3) сатып алушының сенімділікке немесе кәсіпорын атынан тауарларға төлеу
ықтималдығының дәрежесі;
4) белгілі бір көлемде сатып алушыға берілетін несие;
5) дебиторлық берешектің жинау саясаты.
Берілген қадамдар бір бірімен тығыз байланысты болады, берілген
кезекті рет ретімен орындалса, кәсіпорын табысты нәтижені алуы мүмкін.
Дебиторлық берешектің заңды және қолданыста бар есеп түрлеріне және
нысандарына сай болғанда ғана ағымды және нормаларға сәйкес деп есептеледі.
Егер берешек өз уақтында жабылмаса, нормаға сай емес болып есептелінеді.
Берешектің талап ету уақыты өтіп кеткеннен талап етудің құқығының ережесіне
және заңға қойылған талаптар бойынша анықталады. Дебиторлық берешек сатып
алушыларының тауардың және қызмет көрсетудің берешегі компанияныңбасты
қызметі барысында пайда болған, және басқа да қызметтердің нәтижесінде
пайда болған деп екіге бөлінеді [4].
Пайданы алу дебиторлық берешектің басты көзі болып саналады, себебі
өткізу негізіндегі төлемдер көбінесе банктік шоттарында есептеледі. Өнімді
өткізу нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешегі басқа компанияның
активтеріне көрсетілетін талаптары болып есептеледі.
Дебиторлық берешекке қатысты басты бухгалтерлік мәселесі - бұл
дебиторлық берешектің мойындалуы және бағалауы. Дебиторлық берешектің
қайтара білуіберешек бойынша өлшемге және есептілікке ықпал ететін басты
сұрақ болып табылады. Берешекті төлеу мүмкіндігі қарызды көрсетуіне
(мойындалуы), және оның көлемінанықталуына (бағалауы) әсер етеді[5].
Өнімдінесиеге сату оның ашық шотынегізінде есеп айырысу нысандарын қолдану
негізінде, немесе несие жөнінде нысаналы келісімшарты негізінде, мәселен,
қаржы міндеттемесі - вексель негізінде іске асырылады. Қарыз міндеттемесін
ережеге сүйінетін болсақ 60 күнге монтажды жасау жабдықты өткізу барысында
және айтарлықірі сомада операция жасалынған күнде беріледі.
Қарыз міндеттемелері ашық шотынегізінде есеп айырысуға, сондай-ақ
шеттен алып пайдалануды және несиеге ақша алғанда да қолданыла алады.
Қажетті жағдайда компания ақшалай қаражатты мерзімі біткенге дейін ала
алады. Ең бастысы оны сатуға мүмкіндігі туады. Компания өз еркімен
дебиторларымен отырған келісімшартының жойылу тәуекелдігін өзіне алуға
мүмкін, бұл кезде сатушыға айналып кетудің ерекшелігі бар дегенді келісу
жасалады. Егер тәуекел сатыпалушыға ауысатын болса, онда дебиторлық берешек
айналымсыз сатылып кетеді.
Дебиторлық берешек көлемін айналымсыз өткізуі факторинг деп атайды,
ал егер айналым-мен өткізілсе, онда оны беру не арзан өткізу деп санайды.
Қатаң талаптарға жеңілдікті беруге келісім шартындағы операциясында
бір заңды тұлға (цедент) келісім шартына сай екінші заңды тұлғаның
(цессионер) қандай да бір міндеттемелерін (тауарлық-материалдық құндылықты
жеткізгені үшін төлем, т.б.) орындаған кезде өзінің заңды құқық талабын
толық және ішінара көлемінде азайтып нетөмендетіп береді. Міндеттеменің
негізінде несиегерге жататын құқық талабы бұрын берілген адамдардан басқа
тұлғаларына өтуі мүмкін.
Бұл жерде кредиторқұқығының басқа тұлғаға өтуі регрессивтік талап
болып есептелмейді, және кредитор бірінші заңды тұлғаның келісімін талап
етпейді. Егер олар заң актілері мен келісім-шартқа сай келмесе, құқық
талабын азайту міндеттемелерге жауап беретін несиегерлерді ауыстыру болып
табылады. Кейбір жағдайда олардың келісімінсіз міндеттемелерінің талаптарын
азайтуына болмайды, себебі жаңа пайда болған несиегер бірінші несиегерге
келеңсіз жағдайды тудыруы мүмкін:
- тауарлық нарықта ол несиегер бәсекелес болаалады;
- несиегер мен қарыз беруші араларында кезінде шаруашылық дауының болу
мүмкін;
- несиегер мен қарыз беруші бір-бірімен байланысты тараптары не
бөлетін тұлғалары (аффилирлік) болу мүмкін, т.б.
Берілген жағдайда кредитор басқа кредиторға өзінің заңдық талабын беру
алдында бірінші кредитормен келіссөз жүргізеді.
Құқықтық талаптарды көбінесе азайтылған сомаға береді, яғни дебиторлық
берешектен аз сомасына, сол себептен ол цедентке залалдың ал цессионарда
кірістің пайда болуына әкеледі. Бірақ та талаптың құқығы дебиторлық
берешектен артық көлемге жасалынатын болса, онда ол керісінше цедентке
кірісті, ал, цессионарда залалды алынатындығын көрсетеді [6].
Тауарлық қорлардан дебиторлық берешектің қолма-қол түрінде есеп
айырысуға бір адымға жақын екендігімен ерекшеленеді. Бірақ көп жағдайларда
тәжірибеде соңғы адым жасалынбайды.
Тәжірибеде дебиторлық берешектің құрылғанынан 90 күн өткеннен кейін
ғана сатушы күмәндана бастайды, және қандай да бір жағдайды жасауына
тырысады. Ең көп тараған тәсілге факторинг компаниясының дебиторлық
берешекті сату жатады.
Дебиторлық берешекті саудалық және саудалық емес деп жіктеуге болады.
Саудалық дебиторлық берешек – бұл шаруашылық қызметті жүргізу кезінде
өткізілген тауарлар мен қызметтер үшін клиенттермен төленуге тиісті қаражат
көлемі. Кәсіпорынның дебиторлық берешек құрамында саудалық бетиорлық
берешек әдетте ең көп үлесті құрайды, және де шоттар мен алынатын
вексельдер бөлім санаты ретінде қарастырылады.
Саудалық емес дебиторлық берешек әр түрлі операцияларды жүргізу
кезінде туындайды. Мәселен, бұл берешек қатарына келесілер жатады:
- қызметкерлердің және басқа тұлғалардың берешегі;
- еншілес және тәуелді компанияларға берілген аванстар;
- алынуға тиісті дивидендтер мен пайыздар;
- әр түрлі мекемелер мен органдарға қойылатын талаптар;
- әлеуетті залалдарды жабуға арналған салымдар;
- төлемнің кепілі ретіндегі салымдар.
Дебиторлық берешектің жіктелуін баланста көрсету бойынша жалпы ортақ
талаптар қарастырылған. Қаржылық есеп стандарттарында келесі ережелердің
сақталуына талап қойылады:
- кәсіпорынға тиесілі маңызға ие дебиторлық берешектің әртүрлі
типтерін көрсету;
- дебиторлық берешектің баптарына сәйкес бағалық баптарлы дұрыс
орналастыруын қамтамасыз ету;
- ағымдық активтер бөлімінде қарастырылған дебиторлық берешектің бір
жыл немесе операциялық цикл ішінде қайтарылуын қадағалау;
- бар дебиторлық берешекпен байланысты жоспарланбаған әртүрлі
залалдарды ашу;
- кепіл ретінде берілген дебиторлық берешекті көрсету;
- дебиторлық берешекке қатысты барлық тәуекелдерді қарастыру.
Сонымен, кәсіпорынның үздіксіз қызметін жүргізуде дебиторлық
берешектің маңызы өте зор, сол себептен оны басқару мен бақылауға көп көңіл
аударылуы тиіс.
1.2 InformConsulting ЖШС-тің техникалық-экономикалық көрсеткіштерге
сипаттама
Қазақстан нарығында InformConsulting ЖШС 2004 жылдан бастап қызмет
етеді.
Кәсіпорынның толық атауы InformConsulting жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі. ЖШС заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан
Республикасының әсер ететін заңнамасы және өзінің Жарғысы негізінде жүзеге
асырылады. ЖШС қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық еркіндік
негізінде жүзеге асырылады. ЖШС балансқа, банкте есептік шоттарға және
басқа да есеп шоттарға, өз атауы көрсетілген мөрге ие болады [9].
ЖШС басты мақсаты пайда табу болып табылады.InformConsulting ЖШС
ақпараттық жасақтау мен бағдарламалық қамсыздандыру бойынша нарықта
көшбасшы болып табылады. Компания көбінесе денсаулық саласындағы ұйымдарын
бағдарламалармен қамтамасыз етеді.
InformConsulting ЖШС өз қызметін 2005 жылы Алматы қаласының қан
орталығында Info Donor ақпараттық жүйесін табысты енгізуден бастады, бұл
жүйе осы күнге дейін қанның компонентері туралы ақпаратты беру, сақтау,
лабораториялық зерттеу бойынша мәліметтерді береді.
Сонымен қатар, InformConsulting компаниясы дербес компьютерлер мен
серверлерге қатысты бағдарламаларды жабдықтаушы болып табылады. Компания
антивирустық, офистік программаларың халықаралық Лаборатория Касперского,
Исет, Майкрософт, Motorola, Zebra, Cisco компанияларының тікелей
жабдықтаушы серіктесі. Қазақстанның ең ірі банктерімен, мемлекеттік және
жеке меншіктік компанияларын жабдықтаушы.
InformConsulting ЖШС құрылтайшылары болып тізімге сәйкес
кәсіпорынның қызметкерлері табылады. Серіктестіктің басқарушы органы:
а) басқарудың жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы;
б) қадағалаушы орган – Қадағалаушы кеңес;
в) орындаушы орган – Басқарма және Президент;
г) бақылаушы орган – тексеруші комиссия.
Компанияның штаттық саны – 20 адам. Барлық қызметкерлер жоғары
мамандандырылған болып табылады, және де жыл сайын өз біліктілігін
көтереді.
Кәсіпорынның қаржылық және өндірістік есептемені, салықтық есептемені,
ішкі бақылау мен аудитті жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есеп туралы Заңымен, Қазақстан Республикасының салық
кодексімен, Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы заңымен,
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарымен, Қазақстан Республикасының
басқа да заңнамалары мен нормативтік актілерімен және Қазақстан
Республиканың Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп Департаменті әзірлеген
ережесімен, субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметінің бухгалтерлік
есебінің Басты жоспарымен және оларды қолдану нұсқаулығымен жетекшілік
етеді.
Кәсіпорын есептік саясатын қалыптастырғанда бухгалтерлік есептің
Қазақстандық стандарттарына негізделген келесі қағидаларын жетекшілікке
алады:
а) екі жақтық қағидасы. Кәсіпорын қаражаты ылғи міндеттемелер мен
капитал сомасына тең болады. Бұл теңдік кәсіпорын балансы деп аталады.
Берілген ереже бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Екі жақтық
қағидасы сақталған операцияларды жазу әдісі екі жақта жазу әдісі деп
аталады.
б) кәсіпорынның автономдық қағидасы. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын үшін
жүргізіледі. Қаржылық есептер кәсіпорын жұмысының қаржалық нәтижелері
туралы ақпараттан құралады, сондықтан кәсіпорын иелерінің есеп-шоты
кәсіпорын есеп-шотынан бөлек болуы керек.
в) ақша өлшемінің қағидасы. Бухгалтерлік есеп тек қана ақша өлшемімен
анықталады. Ақша өлшемін көрсетпейтін мәліметтер ғана бухгалтерлік баланста
көрсетіледі.
г) үздіксіздік қағидасы. Кәсіпорын тұрақты қызмет етуінен бухгалтерлік
есеп жүргізіледі, яғни өз жұмысын жылдан жылға жалғастырады.
д) өзіндік құн қағидасы. Есепшотта көрсетілген құралдарды сатып алуға
жұмсалған кәсіпорын шығындары осы қаражаттың өзіндік құны деп аталады.
Кейбір қаражаттар тозуға, ал басқаларына инфляция әсер етеді. Осы және
басқа да себептерден нарықтық баға өзгереді. Өзіндік құн қағидасының
ерекшелігі бухгалтерлік есеп нарықтық құнға емес, құралдардың өзіндік
құнына сүйенеді. Нарықтық баға – субъективті баға, ал өзіндік құн –
объективті баға.
е) консерватизм қағидасы. Капиталдың өскені не кемігені маңызды іс-
шараға айналғанда қадағаланады.
ж) материалдық қағидасы. Бухгалтерлік есепте маңызсыз операциялар
назарға алынбайды. Нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгеретін
операциялар маңызды операцияларға жатады.
з) өткізу қағидасы. Тауарлар тұтынушыларға жеткізілгеннен бастап
қаралады.
и) сәйкестендіру қағидасы. Берілген кезеңде кірісті алу үшін жұмсалған
шығындар.
Қазіргі таңдағы есептік тәжірибенің әр түрлілігі барлық көрсетілген
қағидаларда және кәсіпорынның есептік қағидасын да анықталады. Бұл бірінші
жағдай. Екіншісі жоғарыда көрсетілген барлық белгілердің кәсіпорынның
есептік саясатында көрсетілуі.Бухгалтерлік және салықтық есепте
кәсіпорынның кірісі мен шығысы қаржылық есептің түсуі мен қалыптасуына
байланысты. Есепте кезеңде алынған кірістер мен шығыстар болып нақта түсу
уақыты мен ақша қаражатын төлеу фактілеріне тәуелсіз есептік кезеңнің
кірісі мен шығысы табылады. Бухгалтерлік есептеме есебінің Бас жоспары
негізінде кәсіпорынның жеке есеп бөлімінің бөлщектеу және нақтылау шартында
кәсіпорынның шаруашылық қызметі үрдісінде қолданылатын өзіндік есептік
жұмыс жоспарын ұйымдастырады және бекітеді. Қажет болған жағдайда негізгі
есепшоттарға қосымша есепшоттар ашылуы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық есептемесі бір жылға құрастырылады және
келесіден тұрады:
1) бухгалтерлік баланстан;
2) қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есептен;
3) ақша қаражатының айналымы туралы есептен.
Кәсіпорын қаржылық есептемені құрастырғанда қаржылық есептемені
құрастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық пен жылдық қаржылық есептемені
толтыру нышаны тәртібі туралы нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының
Ұлттық комиссиясы мен қаржы Министрлігімен бекітілген басқа да нұсқаулық
материалдарымен жетекшілік етеді.
Кәсіпорынның заңдық күші бар салымдар мен пай түріндегі жарғылық
қорлар және акцияларға ие болуға, заңды және жеке тұлғаларға қарыз
беріледі. Бос ақша қаражаты депозиттік шотта сақталады.
InformConsulting ЖШС мүлігінің көлемі 2019 жылда 39047,0 мың тенгеге
тең болды, ал 2018 жылы 25187,1 мың тенге көлемінде болды.
Төменгі кестеде ұйымның 2017-2019 жылдар аралығындағы негізгі
көрсеткіштердің талдауы көрсетілген (кесте 1).
Кесте 1 – 2017-2019 жж. ұйымның негізгі көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер 2017 2018 2019 жыл20192018жж.
жыл жыл ауытқуы
абсолюттісалыстыр
малы
1 2 3 4 5 6 7
1 Сатудан түскен табыс, мың 86778,498961,992908,8 -6053,1 -6,1
тенге
2 Қызметкерлердің орташа 20 20 20 0 0,0
саны
3 Негізгі құралдардың орташа3486,4 3511,2 5501,1 1989,9 56,7
жылдық құны, мың тенге
4 Еңбек өнімділігі, мың 4338,9 4948,1 4645,4 -302,7 -6,1
тенге
5 Қор қайтарымдылығы 24,9 28,2 16,9 -11,3 -40,1
6 Қор сыйымдылығы 0,04 0,04 0,06 0.02 50.0
7 Өндірілген өнімнің өзіндік49291,457556,361461,2 3904,9 6,8
құны, мың тенге
8 Жалпы табыс, мың тенге 37487,141405,731447,6 -9958,1 -24,1
9 Кезең шығындары, мың тенге32825,340560,632393,3 -8167,3 -20,1
10 Салық салынғанға дейінгі 4705,1 3392,3 1158,5 -2233,8 -65,8
табыс
11 Табыс салығы 898,0 856,1 479,2 -376,9 -44,0
12 Күтпеген жағдайлардан 43,4 2547,3 2104,3 -443 -17,4
түскен кіріс, мың тенге
13 Таза табыс, мың тенге 3807,1 2536,2 679,4 -1856,8 -73,2
14 Активтердің айналымы, күн 395,3 222,6 456,2 233,6 104,9
15 Қысқамерзімді активтердің 2,82 1,92 0,94 -0,98 -51,0
айналымы, рет
16 Қысқамерзімді активтердің 354,6 190,1 388,3 198,2 104,3
бір айналымның ұзақтығы,
күн
17 Сату көлемінің 10,15 6,12 2,16 -3,96 -64,7
табыстылығы, %
18 Қысқа мерзімді активтердің12,3 11,7 2,03 -9,67 -82,6
табыстылығы, %
19 Меншік капиталдың 19,9 11,6 3,02 -8.58 -74.0
табыстылығы, %
Ескерту:Компанияның қаржылық есептілік мәліметтері негізінде автор
құрастырды
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2019 жылы кәсіпорын 92908,8 мың теңге
көлемінде сатудан табыс алды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 6,1%-ға
немесе 6053,1 мың тенгеге аз. Өнімнің өзіндік құны 3904,9 мың тенгеге
немесе 6,8%-ға өсіп, 61461,2 мың тенгеге тең болды.
2019 жылы компания 679,4 мың тенге көлемінде таза пайда алды, бұл 2018
жылға қарағанда 73,2%-ға төмен.
Есепті кезең аралығында кәсіпорынның штаттық саны өзгерген жоқ. Еңбек
өнімділігі 302,7 мың тенгеге төмендеген екен.Негізгі қорлардың пайдалану
тиімділігін қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы көрсетеді, олардың
мәндері есепті кезеңде 16,9 және 0,06 сәйкесінше тең болды.
Кәсіпорының рентабелдігі 2019 жылда төмендеген болатын, яғни кезең
соғында 2,16%-ды құрады (2018 жылы – 6,12%).2019 жылы InformConsulting
ЖШС-тің активі 39047 мың тенгені құраған еді. Бұл өткен кезеңмен
салыстырғанда 2007 мың теңгеге немесе 55,8%-ға көп. Төменгі кестеде
InformConsulting ЖШС мүлігінің жыл ішіндегі өзгерісі көрсетілген(кесте
2).
Кесте 2 – InformConsulting ЖШС-тің мүлігін талдау, мың тенге
Көрсеткіштер 2017 жыл2018 жыл2019 жыл20192018 жж. ауытқуы
абсолюттсалыстырмалы
і
1 2 3 4 5 6 7
1 Қысқа мерзімді
активтер
2 Ақша қаражаттары 7963,2 6906,2 21417,7 14511,5 210,1
3 Дебиторлық берешек 16188,5 8511,2 1570,4 -6940,8 -81,5
4 ТМҚ 5995,5 5647,2 9719,3 4072,1 72,1
5 Өзге қысқамерзімді 663,7 528,7 738,8 210,1 39,7
активтер
6 Қысқа мерзімді 30810,9 21593,3 33446,2 11852,9 54,9
активтер барлығы
7 Ұзақ мерзімді активтер
8 Ұзақ мерзімді 82,6 69,4 -13,2 -16,0
дебиторлық берешек
9 Негізгі қорлар 3486,4 3511,2 5501,1 1989,9 56,7
10Материалды емес 0 30,3 30,3
активтер
11Ұзақ мерзімді активтер3486,4 3593,8 5600,8 2007 55,8
барлығы
12Актив, барлығы 34297,3 25187,1 39047,0 13859,9 55,0
Ескерту:Компанияның мәліметтері негізінде автор құрастырды
Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп тұрғандай, кәсіпорынның қысқа
мерзімді активтері 2019 жылда өскен болатын, яғни жыл ішінде 11852,9 мың
тенгеге немесе 54,9%-ға өсіп, 33446,2 мың тенгені құрады. Қысқа мерзімді
активтердің өсуіне ақша қаражаттар көлемінің 3 есе көлемінде өсуі әсер
етті, яғни 2019 жылда 6906,2 мың тенгеден 21417,7 мың тенгеге дейін артты.
Есепті жыл ішінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек керісінше кеміді,
яғни 6940,8 мың тенгеге немесе 81,5%-ға төмендеп, 1570,4 мың тенгені
құрады.
InformConsulting ЖШС-те қорлар көлемі 72,1%-ға артып, 2019 жылдың
аяғында 9719,3 мың тенгеге тең болды. Өзге қысқа мерзімді активтер көлемі
де есепті жыл ішінде 210,9 мың тенгеге өскен еді.
Ұзақ мерзімді активтерге тоқталатын болсақ, олардың көлемі 2019 жыл
ішінде 2007 мың тенгеге немесе 55,8%-ға артып, 5600,8 мың тенгеге дейін
жетті. Ұзақмерзімді активтердің көбеюіне негізгі құралдардың өсуі мен
материалды емес активтер бабының пайда болуы әсер етті. Есепті жылда
негізгі құралдар көлемі 56,7%-ға немесе 1989,9 мың тенгеге артып, 5501,1
мың тенгеге тең болды.
InformConsulting ЖШС есепті жыл ішінде ұзақ мерзімді берешектің
көлемі 16%-ға немесе 13,2 мың тенгеге төмендеп, 69382 тенгені құрады.
Кәсіпорын қызметті меншікті қаражаттар немесе тартылғн қаражат
негізінде қаржыландырылады. 2019 жылда InformConsulting ЖШС меншікті
қаражаты 22492,3 мың тенгеге тең болды, яғни жыл ішінде 679,4 мың тенгеге
немесе 3,1%-ға өскен еді. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 6 млн. тенгені
құрайды. Есепті жыл ішінде жарғылық капитал өзгеріссіз қалды (кесте 3).
Кесте 3 – Компанияның капитал көлемі, мың тенге
Көрсеткіштер 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл20192018 жж. ауытқуы
абсолюттсалыстырмалы
і
1 2 3 4 5 6 7
1 Жарғылық капитал 6000,0 6000,0 6000,0 0 0,0
2 Бөлінбеген пайда 13074,4 15813,0 16492,3 679,3 4,3
3 Капитал барлығы 19074,4 21813,0 22492,3 679,3 3,1

2019 жылы InformConsulting ЖШС-тің бөлінбеген пайда көлемі 679,3 мың
тенгеге немесе 4,3%-ға өсті.
Есепті жыл ішінде кәсіпорын міндеттемелері 5 есе шамасында көбейіп,
16554,7 мың тенгені құрады. Міндеттемелердің көбеюіне өзге міндеттемелердің
10597 мың тенгеге өсуі нәтижесінде болды. Кредиторлық берешек көлемі 2714,7
мың тенгеге өсті (кесте 4).
Кесте 4 – Міндеттемелерді талдау
Көрсеткіштер 2017 2018 2019 жыл20192018 жж. ауытқуы
жыл жыл
абсолюттсалыстырмалы
і
1 2 3 4 5 6 7
1 Қысқа мерзімді
міндеттемелер
2 Салықтық міндеттеме 4412,0 2133,6 1918,1 -215,5 -10,1
3 Өзге төлемдер бойынша 285,0 199,6 283,9 84,3 42,2
міндеттемелер
4 Қысқа мерзімді 8036,5 1033,9 3748,6 2714,7 262,6
дебиторлық берешек
5 Өзге қысқа мерзімді 2489,3 7,0 10604,0 10597 151385,7
міндеттемелер
6 Қысқа мерзімді 15222,83374,1 16554,7 13180,6 390,6
міндеттемелер, барлығы
7 Ұзақ мерзімді 0 0 0 - -
міндеттемелер
8 Міндеттемелер, барлығы 15222,83374,1 16554,7 13180,6 390,6

Сонымен, кәсіпорынның мүлігі мен міндеттерін талдау кезінде кезең
бойынша баланс активіндегі ағымдағы актив үлесінің өскенін және ұзақ
мерзімді активтердің үлесінің азайғанын көруге болады, яғни:
- активтің мобильді құрылымы қалыптасуы мүмкін, себебі айналым
қаражаттарының айналуының тездетілуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық
жағдайы жақсарады;
- тауар тұтынушыларын, басқа да дебиторларды несиелендіруге ағымдағы
активтердің бөлігі бөлінуі мүмкін;
- базаның айналуы мүмкін;
- міндетемелердің құрылымдық өсудің көп бөлігін баптар бойынша
көрсетуге болады: салық бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру
бойынша, сонымен қатар төлем шоттары бойынша қарыздар.
Активтерде үлес салмағының көп бөлігі негізгі құралдарға және
материалдық қорларға, нақтырақ материалдарға байланысты. Төменгі суретте
InformConsulting ЖШС баланс құрылымының 2018-2019 жж. динамикасы
көрсетілген(2 сурет).
Сурет 2 – InformConsulting ЖШС баланс құрылымы

Мүлік құрамын бағалау – талдаудың өте маңызды бөлігі. Шаруашылық
етудің нарықтық жағдайында ақпаратты ішкі және сыртқы тұтынушылармен
жүргізіледі [13]. Ақпараттың ішкі тұтынушылары (банктер, несие берушілер)
меншіктік қаражаттардың үлесінің өзгеруі келісім-шарт жасасқандағы қаржылық
тәуекелділіктер тұрғысынан қарастырылады. Капитал құрылымының коэффициентін
қарастырайық және олар кестеде көрсетілген (кесте 5).
Меншіктік коэффициенті қандай кәсіпорын меншіктік капитал есебінен
құралғаны көрсетеді. Тартылған капитал құрылымының коэффициенті тартылған
капиталдың қандай бөлігін ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрайтынын
көрсетеді.
Кесте 5 - Кәсіпорын капиталы құрылымын сипаттайтын коэффициенттер
Көрсеткіштер Кезең 2018 ж. 2019 ж.
өзгеруі
2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. +- %-бен
1 2 3 4 5 6 7
1 1. Баланс нәтижесі, мың теңге34297,3 25187,1 39047 13859,9 55,0
2 2. Меншіктік капитал, мың 19074,4 21813 22492,3 679,3 3,1
теңге
3 3. Қарыз капиталы, мың теңге 15222,8 3374,1 16554,7 13180,6 390,6
4 4.Ұзақ мерзімді 0 0 0 - -
міндеттемелер, мың теңге
5 5.Тартылған капитал, мың 15222,8 3374,1 16554,7 13180,6 390,6
теңге
6 Меншіктік коэффициенті (2 жол0,55 0,86 0,57 - -
: 1 жол)
7 Қаржылық тәуелділік 0,80 0,15 0,73 - -
коэффициенті (3 жол : 2 жол)
8 Тартылған капитал құрылымының0 0 0 - -
коэффициенті (4 жол : 5 жол)
9 Тартылған және меншіктік 0,80 0,15 0,73 - -
қаражаттар қатынасының
коэффициенті (5 жол : 2 жол)

Меншіктік және тартылған құралдар қатынасының коэффициенті бірліктен
аз болса, меншіктік капитал тартылған капиталдан артады, егер бірліктен
артық болса, тартылған меншіктік капиталдан артық болады. Оның оптималды
мәні бірлікке тең. Бұл көрсеткішке 2018 жылғы коэффициент жақын. 2019 жыл
ішінде InformConsulting ЖШС өз қызметін меншікті капиталмен қаржыландыру
деңгейі 0,86-дан 0,57-ге дейін төмендеді, яғни компания өз қызметінде
тартылған қаражаттарды қолдану үлесі артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның өміршенділігінің және жағдайының тұрақтылығының негізінің
кепілдігі болып оның тұрақтылығы қызмет етеді. Кәсіпорынның тұрақтылығына
әр түрлі факторлар әсер етеді:
- кәсіпорынның тауар нарығындайы жағдайы;
- арзан, сұраныстағы өнімдерді өндіру;
- ішкі несиелер мен инвесторлардан тәуелділігі деңгейі;
- төлеуге қабілетті дебиторлардың болуы;
- шаруашылық және қаржылық операциялардын және т.б. тиімділігі [14].
Қаржылық тұрақтылық кірістердің шығыстардан тұрақты асып түсуін
бейнелейді, кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін мәнерлеуді қамтамасыз
етеді және әсерлі қолдану жолымен өндіріс және өнімді өткізудін үздіксіз
үрдісіне ықпал етеді. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік
шаруашылық қызметтің үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның тұрақтылығының
басты компоненті болып табылады.
Сонымен, InformConsulting ЖШС қаржылық жағдайын талдау кезінде,
кәсіпорын активтерінің 55%-ға артқаны анықталды, яғни қарыз көлемі
төмендеп, меншікті қаражаттар көлемі жоғарылады. Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы сақтауға немесе қалыпты деңгейде ұстауға қорлар мен шығындар
деңгейінің негізделген төмендетілуі мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарызды
қысқа мерзімде өндіріп алу және кәсіпорынның қаржының шаруашылық жағдайының
тиімділігін жоғарылату жолымен ғана мүмкін.
2 Inform consulting жшс дебиторлық берешектің есебі мен аудиті
1. Компанияда дебиторлық берешектің есебін ұйымдастыру
InformConsulting ЖШС дебиторлық берешектің есебені жүргізу кезінде
келесі құжаттарды қолданады:
- №7 – журнал-ордері – Жұмысшылар мен өзге де тұлғалардың берешегі
шоттың кредиті бойынша;
- №8 – журнал ордері – Алынуға тиісті қосылған құн салығы,
Есептелген пайыздары, Өзге де дебиторлық берешектері мен
Берілген аванстар шоттарының кредиті бойынша;
- №9 – журнал-ордеріне қосымша тізімдеме–Берілген аванстары шотының
дебеті бойынша;
- №10 – журнал-ордері – Күдікті қарыздары бойынша резервтер,
Болашақ кезеңдегі шығындары шоттарының несие бойынша;
- №11 – журнал-ордері – Сатып алушылары мен тапсырыс берушілердің
берешегі мен Еншілес (тәуелді) компаниялардың дебиторлық
берешегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылары, тапсырыс берушілері және басқадай дебиторларымен есеп
айырысудың есебі негізінде жоғарыда аталған тіркелімдерінен басқа
InformConsulting ЖШС-те дебиторлық берешектерінің есебіне талдамалық
есебінің карточкалары, ажырату парақшасы, бухгалтерлік анықтамалар және
т.б. тіркелімдері (құжаттары) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерді
толтыруға шаруашылық операциялардың мазмұнын сипаттап көрсететін
бухгалтерлік жазуларының жиынтығын анықтау үшін қажет.
Халықаралық бухгалтерлік есептің стандартында компанияның бухгалтерлік
есепті жүргізудің барысында қолданатын барлық бланкілерге міндетті ортақ
есеп беру нысандары қарастырылмаған. Есептің нысанын таңдау құқығын
толығымен бас бухгалтерінің құзырында, яғни ол бастапқы құжаттарды
топтастыруының ең қарапайым тәсілін таңдап, шоттардың корреспонденциясын
жүргізуіне міндетті [15].
Шоттарға тоқталатын болсақ, олар негізгі есептің тіркелімінде үнемі
қатысатын жәнекезеңді болып бөлінеді, сондай-ақ олар басқа да операцияларда
қолданылады. Дебиторлық берешектердің шоттарында есептелген сомалардың
дұрыстығынжәне олардың толықтығын бақылауға түгендеуді жүргізуі қажет, бұл
құжаттардыңнегізінде шоттарды корреспонденцияланатын шоттарымен салыстыруы
арқылы жүргізіледі. Сонда басты мақсаты – әрбір шоттардағы сомаларының
сәйкестігін және дұрыстығын, толықтығын анықтау.
Дебиторлық берешекті есептеуіндегі басты мәселесі - бұл сату мерзімін
анықтауы, яғни сатып алушыға тиеліп жіберген немесе жөнелткен тауарларының,
жұмыстарының, қызметтерынің қашан сатылғанын тануында болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жағынан қарағанда, тауардың тиелуі, сатып алушыға
қаржылық пен есеп айырысу құжаттардың ұсынылуы, тауардың сатылғаны деп
танылады.
Дебиторлық берешек ағымдық және ұзақ мерзімді деп ажыратылады, яғни
төленуге тиісті шоттарының төлеу мерзімге және қарызды жою күніне тәуелді.
InformConsulting ЖШС берешекті өтеудің мерзімі 30 күннен 60 күнге дейін
аралықты деп санайды. Дебиторлық берешек шот-фактурасы арқылы расталады.
InformConsulting ЖШС дебиторлық берешектердің түрлері бойынша
есебіне тоқталып кетейік. Компанияда келесі дебиторлық берешек түрлерінің
есебі жүргізіледі:
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерімен есеп айырысуы;
- Компания қызметкерлерімен есеп айырысу;
- Алдағы кезеңдегі шығындар мен аванстар есебі;
- Күмінді талаптар бойынша резервтердің есебі.
Сатып алушыларымен және тапсырыс берушілерімен есеп айырысуы есебі
келесі шоттарында жүргізіледі:
- 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерінің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі;
- 2110 Сатып алушыларының және тапсырыс берушілерінің ұзақ мерзімді
дебиторлық берешегі
Бұл шоттарының дебеті бойынша қарыздарының қалдығы мен оның пайда
болуы, ал кредитінде – жойылуы көрсетіледі.
Берілген шоттарда сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге
көрсетілетін және жөнелтілетін өнімдері, қызметтері және жұмыстары үшін
есеп айырысудың құжаттарындабанкпен төлемге қабылдаған есеп айырысулары
жөніндегі ақпараттары көрсетіледі.
Сатып алушыларға көрсетілетін есеп айырысудың құжаттарындағы
сомаларына 1210 шотты дебеттеліп, 6010, 6210 шоттары кредиттеледі. 1210
шоты сатып алушыларымен және тапсырыс берушілерімен берешектерін өтеу
барысында ақша қаражаттарының есебінің шоттарында корреспонденциялып,
кредиттеледі (кесте 6).
Кесте 6 – 1210 шоттың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz