Негізгі құралдарды топтастыру және олардың талдамалық есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3

1
Негізгі құралдар түсінігі және бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
5
1.1
Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бастапқы бағасын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5
1.2
Негізгі құралдарды топтастыру және олардың талдамалық есебі..
9

2
АҚ KEGOC ұйымының негізгі құралдары есебі және оларды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

13
2.1
АҚ KEGOC негізгі құралдарының есебін ұйымдастыру және талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

13
2.2
АҚ KEGOC негізгі құралдарының тозуын және амортизациясын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

19

3
Ұйымның негізгі құралдары аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
33

Қосымша
34




Кіріспе

Қазақстан Республикасы нарығында заңды түрде қызмет етіп жатқан кез келген кәсіпорынның басты мақсаты бәсекеге қабілетті, төлем қабілеттілігі жоғары ұйым бола отырып экономикалық-маркетингтік саясатын дұрыс жүргізе алу қабілетімен аз шығын жұмсай отырып, көп пайда табу болып табылады.
Осы мәселеде компания жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін айқындай түсетін ең басты көрсеткіштердің бірі ол, аталған ұйымның ұзақ мерзімді активтерінің, соның ішінде негізгі құралдар мен материалдық емес активтері екені белгілі.
Бұл курстық жұмыста зерттеу нысаны ретінде Акционерлік Қоғам Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы яғни KEGOC кәсіпорынының 2018 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі алынды.
АҚ KEGOC кәсіпорынында өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіретін және материалдық өндірісте, сонымен қатар өндірістік емес салаларда да еңбек құралы ретінде пайдаланылатын материалды активтер, негізгі құралдар болып саналады.
Негізгі құралдарға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жылжымайтын мүліктер, көпжылдық жеміс ағаштары, жер учаскелері, өнім беретін малдар және басқа да негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор.
Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:
-салалар бойынша;
-мақсатына қарай;
-түрі бойынша;
-кімге қарайтындығына қарай;
-пайдалану сипатына қарай,
-салық салу мақсатына қарай.
Жаңа өнімдерді өндіруге байланысты жасалған шығындарды, өнімнің өзіндік құнына, келешектегі шығындар ретінде, белгіленген уақыт ішінде бөлшектеп қосып отыру туралы шешім қабылданған. Ондай шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу есебін, оларды топтап шығаруды бастаған кезде, шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай, сметалық шығындарды ескере отырып жүргізеді.
Өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құалдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан кәсіпорындар әрдайым негізгі құралдарын жаңартып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және жеке адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сонымен қатар жоғары үкімет орындарының беруі т.б жағдайлар арқылы келіп түседі.
Аталған кәсіпорынның яғни АҚ KEGOC-тың есеп саясаты мен қаржылық есептілігін талдай отырып, сондай-ақ ұйымда жасалған аудиторлық тексерістің нәтижесін негізге алып негізгі құралдар есебін талдауға мүмкіндік бар.

1 Негізгі құралдар түсінігі және бағалануы
1.1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бастапқы бағасын қалыптастыру

Негізгі құралдар - дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.
Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
oo ғимараттар;
oo құрылыстар;
oo өткізгіш жабдықтар;
oo машиналар мен жабдықтар;
oo көлік құралдары;
oo аспаптар;
oo өндірістік инвентар және керек жарақтар;
oo шаруашылық инвентары;
oo биологиялық активтер;
oo библиотека қоры;
oo жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
oo басқа да негізгі құралдар.
1. Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
2. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, олар амортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген:
Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуішприборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістің және шарауашылық инвентарь және басқа еңбек құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни тұтынуға арналған негізгі құралдар - тұрғын - үй коммуналдық шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары.
Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:
-жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
-үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
-ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
-өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
-машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.
-көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
-құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
-өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
-шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;
-жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал -- ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар;
-көп жылдық өсімдіктер -- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
-жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) -- ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту);
-басқа да негізгі құралдар -- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.
Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.
Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Әділ құны - тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.
Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар стандарына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын қалыптастыру
Негізгі құралдардың нақты бағасы, сатып алу үшін жұмсалған шығындармен, импорттық баж салығынан және басқа төленбеген салықтардан, активті жұмысқа пайдалануға жарайтын деңгейге жеткізу үшін тікелей жасалған шығындардан құралады. Сатып алу кезінде баға бойынша жасалған жеңілдіктер сатып алу құнынан шегеріледі.
Tiкелей шығындар төмендегі шығындардан құралады:
:: алаңды дайындауға кеткен шығындар;
:: мүлікті жеткізуге және түсіруге жұмсалған шығындар;
:: орнату шығындары;
:: кәсіби түрдегі қызметтер шығыны (архитекторлардың, инженерлердің ж.т.б. жұмыстары);
:: объекті бұзылып, демонтаждалған кездегі шығындар, резерв есебiнен алаңдарды қалпына келтіру шығындары.
Егер негізгі құралдардың ақысын төлеу белгіленген мерзімге шегеріліп, ол үшін несие алынбаған болса, онда сатып алу құны нақты жұмсалған шығындарға тең болады. Сатып алу құнынан, төленген сома артық болса, ол айырмашылық капитал құрамына кірмеген жағдайда, несиенің пайыздық үстемақысы үшін төленген шығындары болып табылады.
Негізгі құралдардың қозғалысы, олардың келіп түсуі, шығуы және ішкі орын ауыстыруы бойынша шаруашылық операцияларын жүргізумен байланысты. Әрбір шаруашылық операция алғашқы есептік құжаттаудың типтік үлгілерімен тіркеледі.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан қабылдау- тапсыру актін - (Ф. №ОС-1) жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдар объектілеріне балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық номер берілуі керек. Ол номер негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойында сақталады және негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерді және бар болуын бейнелейтін барлық есептік құжаттарда көрсетіледі.
1.2 Негізгі құралдарды топтастыру және олардың талдамалық есебі

Кәсіпорының қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды негізгі құралды құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

Сурет-1. Негізгі құралдардың жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтаратты №16 ХҚЕСқа сәйкес жіктелуі

Сурет-2.Мақсаты және атқаратын қызметіне қарай жіктелуі

Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Талдамалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен құрылыстарды (үйлер мен ғимараттар), белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және сақталуын қамтамасыз ету үшін әр негізгі құралға түгендеме номерін береді, ол тұрақты болады. Негізгі құралдар тозып қалса, басқа ұйымға берілсе, сатылса, есептен шығарылса, оның № жаңа негізгі құралға берілмейді. Түгендеме № негізгі құралға бекітілген жетонға немесе өзіне бояумен жазылады.
Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме номері, оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге ауыстыруға толтырылған алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады.
Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдарда түгендеу карточкаларының орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, тех.паспорттар және негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, есептен шығару актілері т.б құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкасы әр объектіге бір дана толтырылып, ұйым бухгалтериясында сақталады.
Түгендеу карточкасы мен кітапшалар талдамалық есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу №, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық №, кіріске алынуына және істен шығарылуына толтырылған актілердің уақыты т.б. мәліметтер жазылады. Толтырылған түгендеу карточкалар НҚ-10 санды ведомоствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылады.
Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Негізгі құралдардың жинақтау есебі №12 журнал-ордерде жүргізіледі.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге-тапсырушы цехқа беріледі.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.
Автокөлік құралдарынан басқа негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды есептен шығару актісі (Ф. №ОС-3) жасалады, ал автокөлік құралдары үшін - (Ф. №ОС-4) хаттайды.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда (Ф. №ОС-5) жүргізіледі. Мүліктік карточкалар негізгі құралдарды есептеу жөніндегі мүліктік карточкалар (Ф. №ОС-6) тізбесінде, карточка номері, объектінің мүліктік номері, аты көрсетіле отырып тіркеледі.
Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 Негізгі құралдар бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:
2410 Негізгі құралдар,
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады. 2500 бөлімше биологиялық активтерге берілген.
Негізгі құралдардың есебі 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 Жер, 2412 Ғимаратгар мен құрылғылар, 2413 Машиналар мен жабдықтар, 2414 Көлік құралдары, 2415 Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары, 2416 Кеңсе жиһазы, 2417 Өндірістік мүлік және заттар.
Негізгі құралдар деп танылатын түсуші матриалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2400 шоттардың дебеті бойынша және 1000 Ақшалай қаржылар бөлімшесі шоттарының (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390, 4110, 4170 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі.
Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2400 Негізгі құралдар шоттардың дебеті және 5020 Төленбеген капитал шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ал акционерлік емес кәсіпорындарда 5010 Салымдар мен жарналар шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен тегін алуы кезінде 2400 Негізгі құралдар шоттары дебеттеліп, 6230 Мемлекеттік субсидиялардан табыстар шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар 2400 Негізгі құралдар шоттардың дебеті және 6200 Басқадай табыстар шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді жал жағдайында негізгі құралдардың құны сәйкес шоттардың 2411-2417 дебеті бойынша және 4150 Жал бойынша ұзақ мерзімді қарыздар шотының кредиті бойынша кіріске алынады.

2 АҚ KEGOC ұйымының негізгі құралдары есебі және оларды талдау
2.1 АҚ KEGOC негізгі құралдарының есебін ұйымдастыру және талдау

АҚ KEGOC - Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желілерін басқару жөніндегі Компаниясы және Қазақстан Республикасындағы Біртұтас электр энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы болып табылады.
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды. АҚ KEGOC -ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні -- 1997ж. 11 шілде.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлік қоғам жеке меншік нысанына жатады. 2006 жылға дейін KEGOC АҚ 100% акциялары мемлекет меншігінде болды. 2006 жылы мемлекеттік акциялар топтамасы (100%) Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі АҚ-ға берілді. 2008 жылы Қазына тұрақты даму қоры мен Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі акционерлік қоғамдарының бірігуі арқылы Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі акционерлік қоғамының құқық иленушісі болып табылатын Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамы құрылды. Осылайша, қазіргі уақытта KEGOC АҚ-ның 100% акциялары Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының меншігінде.

Сурет-3. АҚ KEGOC ұйымдық құрылымы

АҚ KEGOC-да негізгі құралдар, ҰЭЖ активтерін қоспағанда, жинақталған амортизацияны жəне олар болған жағдайда құнсызданудан болған жинақталған шығындарды шегере отырып бастапқы құны бойынша ескеріледі. Мұндай құнға негізгі құралдардың бөлшектерін ауыстыру құны жəне егер оларды капиталдандыру критерийлері орындалса, ұзақ мерзімді құрылыс жобалары болған жағдайда қарыздар бойынша шығындар кіреді.
Белгілі бір уақыт аралығында негізгі құралдардың едəуір құрамдастарын ауыстыру қажет болғанда, Топ осы сияқты құрамдастарды оларға тəн болатын дербес пайдалы қызмет ету мерзімдерімен жекелеген активтер ретінде мойындайды жəне оларды лайықты түрде амортизациялайды. Сол сияқты, негізгі техникалық шолып тексеруді жүргізген кезде сонымен байланысты шығындар, егер мойындаудың барлық критерийлері орындалса, құрал-жабдықты ауыстыру ретінде негізгі құралдардың баланстық құнында мойындалады. Жөндеуге жəне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық басқа шығындар олар болған сəтте пайда немесе зиян құрамында мойындалады.

Кесте-1. АҚ KEGOC 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы негізгі құралдар сомасы (Қосымша-1)

31 желтоқсан 2019 жыл
31 желтоқсан 2018 жыл
Активтер

Айналымнан тыс активтер
698 081 737
539 978 406
Негізгі құралдар
667 936 367
535 294 178

АҚ KEGOC ұйымының 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы бухгалетрлік балансына сәйкес негізгі құралдардың сомасына қарайтын болсақ 667 936 367 теңгені құрап тұр. Ал 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы негізгі құралдардың сомасы 535 294 178 теңге. Яғни бір есепті жыл ішінде аталған кәсіпорынның негізгі құралдар көлемі артқан. Оған дәлел ретінде 132 642 189 теңге болып табылады.
Ұйымдағы айналымнан тыс активтер сомасы 2019 жылдың 31 желтоқсанында 698 081 737 теңге, осы мәліметті ескерер болсақ,есепті жылдың соңында негізгі құралдардың мөлшері айналымнан тыс активтердің 95,6 пайызын құрайды.Сондай-ақ 2018 жылдың мәліметтеріне қарайтын болсақ негізгі құралдардың мөлшері 99 пайыз.
Аталған көрсеткіштерге қарасақ ұйымдағы айналымнан тыс активтердің бағалануында негізге құралдардың алатын үлесі максималды түрде жоғары екенін байқауға болады.
ҰЭЖ активтері қайта бағалау күнінен кейін танылған жинақталған амортизация мен құнсыздану шығындарын шегере отырып əділ құны бойынша бағаланады. Қайта бағалау қайта бағаланған активтің əділ құны оның баланстық құнынан айтарлықтай ерекшеленбейді дегендегі сенімділікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті жиілікпен жүзеге асырылады.
Қайта бағалаудан болған құн өсімі БЖК құрамында көрсетіледі жəне бұрын жасалған қайта бағалаудың салдарынан пайда немесе зиян құрамында танылған дəл осы активті қайта бағалаудан болған зиянда қалпына келтіретін бөлікті қоспағанда, капитал құрамына кіретін активтерді қайта бағалау резервін ұлғайтуға жатады.
Қайта бағалаудан болған залал, бұрын қайта бағалау резервінің құрамында мойындалған дəл сол актив бойынша оң қайта бағалауды тікелей азайтатын бөлігін қоспағанда, жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте мойындалады. Актив істен шыққан жағдайда, бұл активке тікелей жататын қайта бағалау резервінің бір бөлігі активтерді қайта бағалау резервінен бөлінбеген пайданың құрамына аударылады.
Амортизация активтердің пайдалы қызметін бағалау мерзімінің ішінде желілік əдіспен былайша есептеледі:

Кесте-2. АҚ KEGOC активтерінің пайдалы қызметін бағалау мерзімі

Ғимараттар
60 жыл
ҰЭЖ активтері

Электрді тарату желілері
50 жыл

ғимараттар
10-30 жыл

Шағын станциялардың құрал-жабдығы
12-30 жыл

Көлік жəне басқа да негізгі құралдар

Басқа да машиналар мен құрал-жабдықтар
7-25 жыл

Көлік құралдары
11 жыл

Компьютерлер жəне деректерді өңдеу бойынша басқа да құрал-жабдық
4-10 жыл

Интерьер жəне шаруашылық мақсаттағы заттар
7 жыл

Өзге негізгі құралдар
3-15 жыл

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық негізгі қорлар жіктеушісіне енгізілген өзгерістердің салдарынан ҰЭЖ ғимараттары класынан ҰЭЖ-дің машиналары мен құрал-жабдығы бөлініп шықты. Осыған орай, Топ ҰЭЖ ғимараттары класының атауын қаржылық есептілік мақсатында ҰЭЖ активтері класы болып өзгертті. Пайдалы қолдану мерзімдері жəне негізгі құралдарды тарату құны əрбір жылдық есепті кезеңнің аяғында талданады жəне қажетіне қарай түзетіледі.
Егер күтілген жағдайлар бұрынғы жорамалдардан ерекшеленетін болса, өзгерістер 8 ХҚЕС (IAS) Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер жəне қателер сəйкес бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер ретінде ескеріледі. Бұл бухгалтерлік бағалау жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте танылатын негізгі құралдардың қалдық құны мен негізгі құралдардың тозу сомасына айтарлықтай əсер ете алады.
Негізгі құралдар нысандарын тану ол есептен шығарылғанда немесе оның пайдаланылуы немесе есептен шығарылуынан болашақ экономикалық пайда алу күтілмеген жағдайда тоқтатылады. Активтерді тану тоқтатылғанда туындайтын кез келген кірістер немесе залалдар (есептен шығарудан түскен түсімдер мен активтің баланстық құны арасындағы айырма ретінде есептелетін) активті тану тоқтатылған есепті жылда пайда немесе зиян құрамына енгізіледі.
АҚ KEGOC -да негізгі құралдарды талдау бірнеше жолмен жүзеге асырылады, ол біріктіру кезінде динамикасы мен операциялық жүйенің тиімділігі мен ұзақ мерзімді инвестицияларды бағалауға мүмкіндік береді.

Кесте-3. АҚ KEGOC ұйымында негізгі құралдарды талдаудың бағыттары

Талдаудың негізгі
бағыттары
Талдау міндеттері
Талдау түрлері
НҚ құрылымы мен
динамикасын талдау
НҚ күрделі салымдардың көлемі мен құрылымын бағалау
НҚ қаржылық жағдайына операциялық құны мен баланс құрылымын сипаты мен көлемі әсерін анықтау

Қаржылық талдау
НҚ пайдалану тиімділігін талдау
НҚ қозғалысының талдау
НҚ пайдалануының орындалуын талдау
Жабдықтарды пайдалану уақытын талдау
Жабдықтарды пайдалану интеграсын бағалау
Басқарушылық талдау
Жабдықтарды пайдалану
мен ұстау бойынша шығын мен пайданы талдау
Күрделі жөндеуге арналған шығындарды талдау
Ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығыстарды талдау
Жабдықтың шығыс, кірістер мен құнын талдаудың
өзара қарым-қатынасы
Басқарушылық талдау
НҚ инвестициялараның
тиімділігін талдау
Күрделі салымдардың тиімділігін бағалау
Инвестициялар үшін қарыздың тиімділігін талдау
Қаржылық талдау

Талдау бағытын таңдау мен нақты аналитикалық есебі басқару мұқтажымен анықталады, олар қаржылық және басқарушылық талдау негізін құрайды, осы талдаудың екі түрінің арасында айқын шегі жоқ.
Негізгі құралдарды талдау (НҚ) есепті мерзімінде олардың қозғалысы мен құрылымынан, олардың жағдайын бағалаудан басталады. НҚ қозғалысымен тозуы және бар болуы кәсіпорынның өндірістік әлеуеттілігінің бағасы үшін негізгі ақпарат көзі болып қызмет атқарады.
НҚ қозғалысының бағалау уақыты негізделген коэффицентте талданады.

Кесте-4. АҚ KEGOC ұйымындағы НҚ-дың қозғалыс көрсеткіштері және операциялық мәртебесі

Көрсеткіштің атауы
Есептеу тәртібі
Көрсеткіштің
экономикалық
түсіндірмесі
1. НҚ көрсеткіштері
1.1. Тозу коэффициенті
(Kи)
Тозу сомасының бастапқы
операциялық шығындары
Өнімге аударылған
операциялық
шығындарды үлесі,
Ки = 1-Кг
1.2. Жарамдылық
коэффициенті (Кг)
Таза операциялық шығындар
Бастапқы операциялық шығындар
Жарамдылық деңгейі
ОСК Г =1-Ки
2. Қозғалыс көрсеткіші
2.1. Кіріс коэффиценті
(Квв )
Қайта түскендер құныЖыл соңындағы НҚ есебі
НҚ кезеңде
түскендердің есебі
2.2. Шығу
коэффиценті(Кобн )
Жаңа НҚ құныЖыл соңындағы НҚ құны
Кәсіпорынның жаңа
операциялық
жүйелердің үлесі
2.3. Фактор
шығуНҚ(К выб )
НҚ шыққандар құныЖыл басындағы операциялық құны
Кезеңде шыққандардың
үлесі
2.4. (ҚХР)өсу қарқыны
НҚ өсімінің сомасыЖыл басындағы НҚ есебі
НҚ өсу қарқыны
2.5. Таралу
коэффициенті (Кл )
НҚ таралу құныЖыл басындағы НҚ есебі
Кезең ішінде таратылған
НҚ үлесі
Алмастыру
коэффициенті(Кзам )
НҚшықандардың құныЖаңадан келгендердің операциялық
құны
Шыққандардың
орынына
енгізілгендердің үлесі
2.6. Машиналар мен
жабдықтар (К расш )
паркін кеңейту
коэффициенті
1 - Кзам 1 - KM

НҚ қуатын есептеу және талдау барлық ресурстарды бағалау технологиясы ортақ қолдануға негізделген пайдалану тиімділігін көздейді.
Қайтарым көрсеткіштері ресурстардың 1 бір теңге дайын өнім кірістілігін сипаттайды.
Сыйымдылығы көрсеткіштері 1 теңге шығындарды және ресурстар қорларын сипаттайды.
Ағымдағы ресурстардың құны, атап айтқанда, негізгі капитал үшін амортизация құнының қолма-қол ақша қорларының астында. Сол үшін табыстың орташа көлемін есептеу қажет.
НҚ пайдалану тиімділігінің жалпы көрсеткіші қорқайтарылымы болып табылады:
ҚҚ=Өндірістің көлеміОрташа бастапқы құны

Көрсеткіштерді есептеу кезінде жекеменшік және жалға алынған НҚ назарға алынады, жалға берілген НҚ есептелмейді.
НҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын басқалай маңызды көрсеткіші қорсыйымдылығы болып табылады:
ФЕ=ОС орташа жылдық құныӨнімді шығарудың көлемі

Қор қайтарылымының динамикасының өзгеруі НҚ бір теңге құнының өзгерісін көрсетеді және негізгі қорына қаражатты үнемдеу немесе салыстырмалы асып кетуіндегі сомасын анықтауда қолданылады:
Э = ( ФЕ1 - ФЕо ) *VВП1
Мұндағы:
ФЕ1,ФЕо - тиісінше базистік және есепті мерзіміндегі қорсыйымдылығы;
VВП 1 - есепті кезеңінде өнімді шығару көлемі.
Кәсіпорынның технологиялық саясатын өңдеу үшін НҚ тиімді пайдаланудың көрсеткішін тереңдете факторлық талдау қажет және бірінші кезекте қорқайтарылымын талдау маңызды болып табылады.
АҚ KEGOC кәсіпорынында амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын қүрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады.
Ұйымда негізгі құралдардың белгіленген амортизациялау нормасына және балансты құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап отырады.
Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өіндік құнына апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.
Бір жыл ішінде осы ай үшін амортизациялық аударымдардың мөлшерін айқындау өткен есептелген амортизациялық аударымдар сомасынан сүйеніп, ілгерідегі айдағы негізгі құралдар құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ толығымен амортизацияланған негізгі құралдардың нормативті қызмет ету мерзімі өтуіне байланысты белгіленген нормаларға сай реттеліп жасалады.
Жаңадан пайдалануға берілген негзгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің аталған ұйымда мынадай әдістері бар:
1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.
2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
3. Азайып отыратын қалдық әдісі.

2.2 АҚ KEGOC негізгі құралдарының тозуын және амортизациясын есептеу

Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып, біртіндеп тоза бастайды. Тозу- бұл негізгі құралдардың заттай және моральдық сипатын және құндарын жоғалту процесі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды пайдаланудың және сыртқы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Моральдық тозу активтердің ғылым мен техниканың дамуының нәтижесінде, оның жаңа талаптарға сәйкес келмеу процесін білдіреді.
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде, яғни объект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар аудиті
Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру
Тікелей шығындар есебі
Өндіріс түрлері және өндіріс шығындар
Кезең шығындарының есебі Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы
Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Өндірістік шығындардың жіктемесі
Өндірістік шығындар есебі
Көмекші өндірістің жұмысын анықтау
Пәндер