Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
: 1
Кіріспе . . .: Ұйымның ТМҚ түсінігі, жіктелуі және есептеу әдістері . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе . . .: ТМҚ түрлері мен жіктелуі . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе . . .: ТМҚ-ны әдістер бойынша есептеу . . .
3: 9
:
Кіріспе . . .:
3:
: 2
Кіріспе . . .: «Элитстройцентр» ЖШС-де ТМҚ есебін ұйымдастыру . . .
3: 15
: 2. 1
Кіріспе . . .: «Элитстройцентр» ЖШС кәсіпорынының сипаттамалары . . .
3: 15
: 2. 2
Кіріспе . . .:

«Элитстройцентр» ЖШС-де ТМҚ-ға түгендеу жүргізудің тәртібі . . .

. . .

3: 17
: 2. 3
Кіріспе . . .: «Элитстройцентр» ЖШС-де ТМҚ есебі . . .
3: 20
:
Кіріспе . . .:
3:
: 3
Кіріспе . . .: Ұйымның ТМҚ аудитін жүргізу, бағалау критерийлері . . .
3: 26
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 33
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 35

Кіріспе

Кәсіпорындардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін алған тауарлары, жолдағы тауарлары, аяқталмаған өндіріс, қосалқы бөлшектер, отын, ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар сол ұйымның тауарлы - материалдық қорлар (ТМҚ) түріндегі ағымдағы активтері т. б.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.

Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару

2. Материалдардың қоймадағы және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау

3. Материалдық қор қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау

4. Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау

5. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылғанн материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Материалдың түгел және дұрыс сақталуы, ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін мыналар жасалуы тиіс:

-Материалдық қорларды сақтайтын қойма болуы қажет, материалдардың белгілі түрін сақтауға арналған болуы керек

-Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқан соң қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей орналастырылуы қажет.

Ұйым басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдарды белгілеп, олармен шарт жасайды.

Еңбек заттары біртекті емес, өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар.

Материалдар өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай:

- Шикізат

- Негізгі материал

- Көмекші материал

- Жартылай фабрикат және т. б бөлінеді.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар. Қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары т. б. есептеледі.

ТМҚ жиі түрде баланс активтерінің неғұрлым маңызды және ірі баптары болып саналады. ТМҚ актив ретінде бухгалтерлік баланстағы компанияның өзін-өзі ақтаушылығына үлкен әсерін тигізеді. Сатылған тауарлардың ТМҚ қорларының құнын анықтауда фактор ретінде кәсіпорынның табыстылығына және оның түгендеуі туралы есепте көрсетілуіне әсерін тигізеді.

ТМҚ деңгейі әртүрлі болуы мүмкін және өндіріс сипаты мен қызмет түріне қатысты болады. Нақты тұтынушыға жұмыс істейтін өндірушілер, қорлардың төменгі деңгейін ұстап тұрады: дайын болуына қарай тауарларды тұтынушыларға жеткізіп беріп отырады. Егер де тауар тез бұзылатын (бүлінетін болса, онда субъектілер Саяқталмаған өндіріске үлкен сомада инвестициялар салады. Қорларды ұстап тұру қымбатқа түсуі мүмкін, өйткені оған қорларды сақтау құны, сақтандыру, ұрлық болған жағдайдағы шығындар, сондай-ақ ақша қаражаттарын уақытша қалпында сақтап тұрудан болған қаржылық шығындар кіреді. Екіншіден, қорлардың болмауы, яғни клиенттердің (тұтынушылардың) қажеттіліктерін тез арада қанағаттандыру қабілетінің болмауы да, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъекті үшін қымбатқа түсуі мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорлардың есебін кешенді зерттеу.

Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыстың міндеттері тұжырымдалды:

- тауарлы-материалдық қорлардың экономикалық сипаттамаларын зерттеу;

- босалқылардың өзіндік құнын қаржылық есептілікте көрсете отырып, тауарлы-материалдық қорларды бағалау мәселелерін зерттеу;

- кіріс және шығыс запастарын есепке алу кезектілігін, сондай-ақ материалдық жауапты тұлғалардың қызметіне бақылау жүргізу тәртібін анықтау.

- тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу процесін автоматтандыру мүмкіндігін қарастыру.

1 Ұйымның ТМҚ түсінігі, жіктелуі және есептеу әдістері

1. 1 ТМҚ түрлері мен жіктелуі

Қорлар-өндіріс циклінде қолдатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндіретін өнімге толығымен аударады. Тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:

-шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар құрамдас, құрылғылармен тетіктер, отын, ыдыс(қап, қорап, жәшік т. б. ) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындау арналған басқа да материалдық қорлар:

-аяқталмалмаған өндіріс;

-субъектінің іс-әрекеті сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру ғылыми-негізделген жіктемені, есеп бірлігін талдау мен бағалау өте маңызды. Қорлар тағайындалуына қарай былайша жіктеледі:

-негізгі материалдар шығарлатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн-нан пісіргенде, тері аяқ-киім тіккенде, ағаш-жиһаз өндірісінде) құрайды;

-көмекші материалдар өнлірілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады(мысалы, бояулар, желімдер лактар және т. б. ) .

Есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіңдік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік стандарттарына сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы бұйымдар төлеген делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару жіне т. б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.

Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитекалық есепте) бойынша көрсетіледі.

Материалдарды алудың нақты құны субъектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарын және сатып алу бағасынан құралады.

Есептік бағалар (жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасы мен және т. б. ) бойынша материалдарды есептеуде есептілік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттағы есептеу арқылы айқындалады.

Баланста материалдар есебі нақты құн бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте-тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы-есептік) есептеледі.

Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік дайындау шығындары қосылып шығарылады. Бухгалтерлік есеп стандартқа сәйкес көліктік дайындау шығындары құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдармен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, субъектінің қоймасына материалдарды жеткізу шығындары, дайындау орындарына арнайы ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алумен байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендігі субъектінің жүргізушілері, жүк тиеушілері) және іс-сапар шығындары кіреді.

Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептелініп шығарлады. Жоспарлық-есептілік бағаларды көліктік дайындау шығындары жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде субъектінің өзі жасайды.

Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан матеиалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда субъект жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (көліктік дайындау шығындары мен ауытқуар талдаушы есеп шотарында жекелей ескерледі) үйлесімді (пропорционалды) жоспарлық-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.

«Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, олардың қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік дайындау шығындары кіреді».

Өндіріске босатылған материалдар құның анықтаған кезде «Қорлар есебі» «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолдануы мүмкін:

Фифо- есепті кезең соныңда есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соныңда пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.

Орташа өлшемді құн бойынша -есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру - әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлық-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі (жұмсалған материалдарды бағалау маұсатымен әрбір партияны түгендеуді өткізуге жалғасқан, материалды партиялық есептеуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар болса, қолданылады) .

Қорлар кәсіпорынның ең маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Қорларды есепке алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі кезеңдерде тиісті түсім таңылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың көлемін айқындау болып табылады. Есепке алу жүйесі қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар мен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бөліп көрсету.

Сурет-1. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қорлардың жіктелуі

Шикізат пен материалдар-1310 «Шикізат және материалдар»

Аяқталмаған өндіріс-дайын болу дәрежесіне жетпеген өнім, кейіннен соңына дейін дайындалатын жартылай фабрикаттар-1340 «Аяқталмаған өндіріс»

Кәсіпорын шығарған және сатуға арналған дайын өнім мен тауарлар

Аяқталған, бірақ сатылмаған тауар бірліктеріне жататын шығындар есептік кезеңнің аяғында корлар бабындағы - 1320 «Дайын өнім». Қайта сату үшін сатып алынған не сақталған тауарлар - 1330 «Тауарлар».

Қорлар есебiне бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1300 ден 1400-ге дейінгі шоттар қарастырылған.

Қорлар компания балансында актив ретінде танылады. Кәсіпорынға болашақта экономикалық пайда түсуін көздейді. Кәсіпорын айналымында болуы үш сатыдан өтеді:

• кiрiске алынуы;

• өңдеуден өтуі және өткізуге дайындалуы;

• өткізілуге дайын өнім қалыптасуы және сатылуы;

Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс цикiлiнде қолданатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:

• шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс(қап, қорап, жәшік т. б) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;

• аяқталмаған өндіріс;

• субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми-негізделген жіктемені, есеп бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды. Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (ДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықту: КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдырумақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Материалдық қорлар былай жіктеледі:

• негізгі материалдар - шығарылған өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн-нан пісіргенде, тері-аяқ-киім тіккенде, ағаш-жиһаз өндірісінде) кұрайды;

• көмекші материалдар - өндірілетін өнімдерге белгілі бір қасиеттер дарытады (мысалы, бояулар, желімдер, лактар және т. б. ) .

Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.

Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (шоттардың Бас жоспарын қолдану нұсқаулығына сәйкес) мынадай топтарға жіктеледі:

• 1311 «Шикізаттар мен материалдар» шотында - субъектіге тиісті, өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оның өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі.

• 1312 «Басқа да өңдеуге берілген материалдар» шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады.

• 1313 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталған бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары» шотында - сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары мен детальдары да бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.

• 1314 «Отын» шоты - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті катты (көмір, торф, отын және басқалар) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет пайдаланатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысына есепке алуға арналған.

• 1315 «Ыдыс және ыдыстық материалдар» шотында - ыдыстардың барлық түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және басқа) (шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланылатындардан басқасы), содай-ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар, т. б. ) арналған материалдар мен тетіктер есептелінеді. Вагондарды, бирикаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамассыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар.

• 1316 «Қосалқы бөлшектер» шоты - жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың, түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберханаларында, техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады.

• 1317 «Құрылыс материалдары» шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструктиялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т. б) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар жоғы мен қозғалысы ескеріледі.

• 1318 «Басқа да материалдар» шотында өндіріс қалдықтары бағаш кескінділері, қиындылар, жаңқа т. б) түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есептен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр түрлі тәсілдерді таңдау, қорларды бағалау мүмкіндігі бар, бірақ тәсіл таңдалғаннан кейін ол дәйекті түрде бір есепті кезеңнен соң екіншісінде қолдануы тиіс. Алайда материалдың түрі үшін бір ғана тәсілді қолдануға болатыны есте ұстау қажет. Бағалау тәсілдерін таңдауды субъектінің есеп саясаты белгілейді.

1. 2 ТМҚ-ны әдістер бойынша есептеу

Кәсіпорындар өз қоймаларына (мұнай қоймасы, мұнай базалары) мұнай өнімдерін құндылықтарын бepiп тұру жөніндегі шарттарға сәйкес тауарлы-көліктік жүк накладнойы бойынша алады, оларда мыналар көрсетіледі мұнай өнімдерінін атауы, олардың тығыздығы, температурасы, массасы (салмағы) мен көлемі (литрмен) . Мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлерін талон бойынша бөлшек саудада сатуын ұйымдастырады. Алынған мұнай өнімдері мен талондардың құнына 1312 «Отын» шоты мен «Қоймалардағы мұнай өнімдер» аралық шоттары дебеттеледі 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі Талондардың орнына бензин мен басқа да мұнай өнімдерін беру лимиттік-жинақтама карталары бойынша, бұрын төленген ақы eceбiнен шот беру (май құю станцияларындағы автоматтар арқылы) жолымен және басқа да тәсілдерімен жүргізіледі.

«Қоймалардағы мұнай өнімдері» деген аналитикалық шотта мұнайдың қоймаларында, май құю пунктерінде (тұрақты, жылжымалы) жанар және жағар материалдардың (ЖЖМ) барлық түрінің болуы мен қозғалысы есепке алынады.

Жанар-жағармай материалдарды босату лимиттік-жинақтама қарталары, накладной немесе автокөлікке май кұю ведомостары бойынша жүзеге асырылады. Босатылған жанар-жағармай материалдар құнына 1312-шоты кредиттеледі және мынандай шоттар дебеттеледі. : «Көлік құралдарының бактарындағы отын» аналитикалық (талдамалық шоты) -жүргізушілерге, тракторшылаға және машинистерге жанар-жағармай материалдарды босатылғанда; 8021, 8031 «Материалдар» жанар-жағармай материалдарды машиналар мен жабдықтарды ағымдағы жөңдеуге, техникалық жағынан күтуге және ұстауға босатылғанда.

«Көлік құралдарының бактарындағы отын» деген аналитикалық (талдамалық; ) шотта жүргізушілер, тракторшылар, машинистер тікелей мұнай қоймаларынан немесе кәсіпорынның май құятын орындарынан алынған бензин мен дизель отыны, сондай-ақ талондар түрінде есепке алынған отындар есепке алынады. Бензин мен дизель отынының жол парақтары мен көлік құралдарына, машиналар мен тетіктерге май кұю (талон бойынша отынды коса алғанда) туралы құжаттардың деректерімен салыстырылған мұнай өнімдерін беруді есепке алу ведомостарының негізіндегі құны «Қоймалардағы мұнай өнімдері» және «Талон бойынша мұнай өнімдері» талдамалық шотының кредитінен және «Көлік құралдарының бактарындағы отын» талдамалық шотының дебетіне; негізгі құралдарды, машиналар мен тетіктерді пайдалануға жұмсалған жанар-жағармай материалдардың құны-1312 шотының кредитінен 8011, 8021, 8031 және басқа шоттарының дебетіне есептен шығарылады. Өндіріс шығыстарына отынды есептен шығаруға тракторшы-машинистердің жол қағаздары мен отын шығысы туралы есепке алу қағаздарының жинақтаушы тізімдемелерінде қорытындыланған деректер негіз болады. «Көлік құралдарының бактарындағы отын» талдамалық шотта есепке алынған, көлік құралдарының, машиналар мен тетіктердің бактарында айдың аяғында қалған отынның қалдығы жүргізушілерде, тракторшылар да, машинистерде бар отынға сәйкес келуге тиіс. Деректердің сайма-сай келуін тексеру үшін «Көлік құралдарының бактарындағы калдықтарын алу актісі» арқылы жасалады. Бухгалтерия «Көлік құралдарының бактарындағы отын» деген талдамалық шоттағы жанар-жағармай материалдарды ішкі бөлімдер мен тұтастай кәсіпорын бойынша есепке алуын ұйымдастыру керек. Бұл үшін жанар-жағармай материалдардың әp6ip маркасына карточка ашылады, оған отынның қалдықтары мен қозғалысы (саны құны) туралы деректер еңгізіледі.

Бухгалтерлік есепте жанар-жағар материалдардың шығысының нормативтік деңгейін маршрут (жол) парағының негізінде есептейді. Ол үшін спидометр көрсеткіштері бойынша бip жұмыс күнінде жүрген (жүріп өткен) жолын анықтайды. Күнделікті жүріп өткен жолын барлық жұмыс күндеріндегі күнделікті жүрген жолын, яғни маршрут парағында көpiнic тапқан көрсеткіштерін қосып, есептік кезең бойында жүріп өткен жолын анықтайды. Содан соң бүкіл жүрген жолына қажет майдың мөлшерін есептейді Майдың шығысы сызықтық норма шығысына сәйкес етіп есептелінеді. Аталған норма автомобильдің маркісіне және басқа да факторларына тәуелді болып келеді. Ол үшін сызықтық норманың үш түрі пайдаланады:

-базалық норма, 100 километр журген жолына есептелген нормасы;

-транспорттық жұмысының 100 ткм есептелген нормасы;

-жүкпен жүрген жолына есептелген нормасы.

Бірақ базалык нормаларына біршама түзетулер еңгізілуі мүмкін, өйткені олар әртүрлі факторлардың себеп салдарынан: не көбеюі, не азаюы мүмкін. Норма көбеюі мүмкін, егер де:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шығыстары
Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының есебi, талдауы мен аудитi
Кәсіпорынның тауарлық материалдық қорлардың есебі мен аудитін ұйымдастыру
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы
Тауарлық материалдық қорларды бағалау
Тауарлық-материалдық запастардың жіктелуі
Тауарлық-материалдық қорлар
Аяқталмаған өндіріс шығындары
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
PERFECT CLEAN ЖШС ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz