Халықаралық төлем жүйелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
:
Кіріспе . . .:
3:
: 1
Кіріспе . . .: Қазіргі кездегі төлем жүйелері . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе . . .: Төлем жүйелерінің негізгі тұжырымдамасы
3: 5
: 1. 2
Кіріспе . . .: Клиринг негізінде және брутто есеп айырысу жүйесі
3: 10
:
Кіріспе . . .:
3:
: 2
Кіріспе . . .: Төлем жүйесінде жаңа технологиялар: негізгі ерекшеліктері мен ұғымы
3: 14
: 2. 1
Кіріспе . . .: Қазақстан Республикасының қолданысында есеп айырысу жүйесі
3: 14
: 2. 2
Кіріспе . . .: Халықаралық төлем жүйелері
3: 19
:
Кіріспе . . .:
3:
: 3
Кіріспе . . .: Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті
3: 24
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 32
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 34

Кіріспе

Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі - қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар - міндетті тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану - касса-банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.

Іс-тәжірибеде кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша касса-банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:

Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражаты тікелей ұрлау.

Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.

Кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу.

Ақшаны жалған құжаттар бойынша негіссіз есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды рәсімделген құжаттардағы жалғандық

Әр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негіссіз иелену.

Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы-кассалық ақпараттарды қолданбай, жұмыс орындау мен қызмет көрсету.

Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, тәжірибесіз және сенімсіз, кассаны жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және тағы сол сияқты салдарынан болады.

Төлем циклінің функционалды аудитінің күрделі учаскелерінің бірі - кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын акті жасаумен рәсімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және басқа құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай қаражаттың көп жетпеуі табылғанда, аудитор кәсіпорын басшысына кассирді тексеру анықталғанша міндеттерінен шеттету туралы мәселе қояды.

Жол-жөнекей ақша есебі аудитінде бухгалтерлік есепте саналатын сомалардың шынайылығын, контрагенттер аударған, алайда тексерілетін кәсіпорынның есеп шотына есепті айда түспеген сомалардың қалайша көрсетілуін тапсыру керек.

Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын алу үшін мыналар талап етіледі:

  • банктегі есеп шот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негіздемелермен үнемі салыстыру;
  • жабдықтаушылармен құжаттарды қарама-қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды рәсімдеуге талапты арттыру;
  • дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.

Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сараптау іс-тәжірибесін талдау есептеулерді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

1 Қазіргі кездегі төлем жүйелері

1. 1 Төлем жүйелерінің негізгі тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесі.

Экономикалық процесс қатысушыларының бастамасы бойынша күнделікті тауар (қызмет көрсету) жеткізуші мен оны сатып алушы арасында үлкен шарт жасалынады. Көп жағдайда жеткізушілер өздерінің тауарларына және көрсеткен қызметтеріне өз уақытысында ақы төлеуді талап етеді. Экономикалық процесстің барлық қатысушылары өздерінің жұмыс міндеттерін орындау үшін қолма - қол ақшаны немесе банктегі шотта сақталған ақшаны қолданады.

Көптеген себептерден қолма - қол ақшаны ұстау мақсатқа сай емес, себебі, күзеттің сенімді құралының қажеттілігі төлемнің талабы немесе уақытысын өзгертуі мүмкін және т. б. Сонымен қатар, қолма - қол ақшалар географиялық қашық орналасқан ақша алушылар мен төлеушілерге төлем қолайсыз құрал болып табылады. Осыған байланысты төлем жүйесінің қатысушылары болып табылатын шаруашылық субъектілерге өздерінің төлемдерін жүзеге асыру үшін банктің қызметін пайдаланған тиімді.

Төлем жүйесі әртүрлі формада жүзеге асады, бірақ олардың мақсаты бір, ол: бір банктен басқа банктік шотқа ақша аударуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен, төлем жүйесі - бір елде бекітілген ережелер, стандарттар және заңдар бойынша бір шоттан басқа шотқа ақша аударуды немесе төлеуді жүзеге асыру механизмін ұсынады.

Төлем жүйесінің рөлі - экономикалық және қаржылық қызмет негізінде қабылданаған міндеттерді өз уақытысында аяқтауға мүмкіндік жасаудан, қызмет көрсету мен тауарларды жеткізуші және тұтынушы арасындағы ақша құралдарын аударуды тиімді және өз уақытысында қамтамасыз етуден тұрады. Осыған байланысты, қаржы нарығының қызмет ету тиімділігі және экономиканың банктік секторы елдегі төлем жүйесінің әрекетінен тәуелді.

Жекеленген төлемдердің жүйесі .

Нарықта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Солардың ішіндегі ең кең тарағандарын атап шықсақ:. Орталық банкінің төлем жүйесі, отандық және шетелдік ірі коммерциялық банкілер жүйесі, Cheeps және Free Wine жүйелері, SWIFT жүйесі, Visa және Europay жүйелері, жинақ картасы, Uniоn-card, Алтын карона, Western Uniоn, Mоney Gran, Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер қабылдайтын жүйелері, Webmoney, PayCash, Gyber Plat, Assist жүйелері.

Төлем жүйелері қолданысы жағынан банкаралық, карталық, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша болып бөлінеді. Мұнда қорытушы фактор болмағандықтан, мұндай бөліністің түрлерін сараптай алмаймыз. Бірінші жүйе - төлем жүйелерінің бір субъектісімен анықталса, екіншісі - төлеуші акцептісін жеңілдету арқылы, үшіншісі - технология арқылы, төртіншісі - ақшаның материалдық тұтыну формасы арқылы анықталады.

Жалпы алғанда, бір фактор бойынша бір ғана топтастыру жасау төлем жүйелерінің көп түрлілігі мен күрделілігін бере алмайды.

Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингілік, күнбе-күн, рейстік, оn-line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма .

Федералдық қор жүйесінің статистикасы бойынша 1000 доллар төлемінің 5 %-ын ғана құрайды, ал осы төлемдердің құны барлық төлем айналымының 88 %-ын құрайды.

Ұлттық банк пен Халықаралық есеп айырысу банкісінің ресми құжаттарында көтерме және бөлшек төлем жүйесінің анықтамасы болмайды. Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептеледі. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе - бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық - соманы тиімді төлеу факторы.

Ұсақ төлемдерге қарағанда ірі төлемдерде жүйенің барлық амал-тәсілдерінің нақты әрі қатыгез болғаны өте маңызды. Сонымен бірге, клиенттерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің жылдам түріне қызығушылық танытады. Жүйенің жоғары талаптары үлкен тарифтер мен шығындарды анықтайтын болғандықтан, клиенттердің түсінігі бойынша тек ірі төлемдерді жүргізу тиімді болып көрінеді.

Келісім жасаушылар төлемді жүргізугекепілдік алып, оның басталуын күтпей-ақ қойса да болады. Бөлшек жүйелер банкаралық есеп айырысуды көтерме жүйе арқылы жүзеге асырады, бұл оның бөлшек жүйеге тәуелді екенін көрсетеді. Бөлшек жүйелер өзіндік зерттеу жүргізбейді және клиенттердің төлем жүргізуін жылдамдатады. Олар шығынды аз жұмсап, клиенттерден делдалдық қызметі үшін аз молшерде комиссия ұстайды.

Көтерме төлем жүйесін тек орталық банкілер қалыптастырып, өздері бақылайды, яғни мемлекеттік заңдарға сүйеніп реттейді. Себебі банкаралық есеп айырысудағы ақаулықтар елдің экономикасына соққы болып тиіп, оның экономикалық қауіпсіздігін бұзуы мүмкін. Көтерме төлем жүйелері тек кейбір жағдайда, мысалы, SWIFT және Target жүйелерін қолданған жағдайда ғана ұлттық шегарадан аса алады. Германиядан басқа көптеген елдерде тек бір ғана көтерме төлем жүйесі қалыптасқан. Мысалы, Германияда оның саны - екеу ал АҚШ-та үшеу. Сондықтан бұл елдердің жүйелері бір-бірімен бәсеке жасамайды.

Бөлшек төлем жүйесі экономикасы дамыған елдердің бәрінде қалыптасқан. Оларды заң реттеп, мемлекет бақылайды, негізінен олар жеке меншіктегі ұйымдар болып табылады. Мұндай жүйелер сан алуан нарықтық салаларда болатын, өмірдің түрлі кезеңдеріндегі әр түрлі технологиялық дәуірлерге жатады. Экономикалық маңыздылығы жағынан тек бірнеше ірі төлем жүйелерін, соның ішінде карталық жүйені ұлттық көтерме төлем көтерме жүйелерімен салыстыруға болады.

Глоссарий банкінде клиринг негізіндегі жүйелік төлемдер қатысушылар арасындағы төлемдерді өзара есептесу мен банкаралық аударма арқылы жүзеге асады.

Нақты мерзімдегі жалпы есеп айырысу жүйесінің (НМЕЖ) жалпы есеп айырысу жүйесі төлем жүйесіндегідей анықталады. Онда зерттеу мен есеп айырысу ешқандай шығынсыз, қазіргі уақыт режимінде және бірінен кейін бірі жүзеге асады.

Жалпы есеп айырысу АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі, Германияның Бундес банкі мен Украинаның Ұлттық бані сияқты Ұлттық көтерме төлем жүйелеріне тән. SWIFT банкаралық коммуникация жүйесі жалпылама негізде төлем құжаттарын жүзеге асырады. Ресейдің ірі банкілерінің ішкі банкілік есеп айырысуы да жалпы негізде құрылған.

Ақша аударудың клирингілік әдісі бұрынғы буын өкілдерінің бөлшек және көтерме жүйесіне тән. Клирингтің негізінде карталық жүйе мен есепшот ашпай, жедел ақша аудару жүйесінде банкаралық есеп айырысу іске асады. Ол әсіресе, көп рейстік жүйе мен Қазақстанның Аймақаралық банкісінен орын алған .

Көтерме жүйеде төлемді нақты әрі жедел жүргізу үшін әрбір төлемді жеке жүргізуге қажет реквизиттері бар корреспонденттік шоттар бойынша көшірмені қолдану қажет.

Клирингілік жүйеде бөлшек төлемдерді жүргізу клиенттердің есебі бойынша жүргізіледі. Банкілер арасында есеп айырысу тек бір төлем жүйесі арқылы жүзеге асады, әдетте ол күніне бір рет кіретін және шығатын төлем сальдосы түрінде кездеседі. Банкаралық төлем клиент төлемдері тізілімінің алмасуы процесінде талқыланады.

Төлемдерді жинақтаудың клирингілік тиімділігіне біріңғай есеп айырысу орталығы мен уақыт қажет. Төлемдердің жинақталуы неғұрлым жоғары болса, әрбір банк үшін кіріс төлемдері шығыс төлемдеріне тең болады және осы төлемді аяқтау үшін шамалы қаржы қажет.

Жалпы негіздегі төлемдер әдетте, жеке төлем нұсқауын алғаннан кейін жүргізіледі. Клирингке қарағанда жалпы есептерде төленбеген төлем тез байқалады және бұған қатысушылардың барабар іс-шараларды қолдануға көп уақыты болады. Сол себепті оған төлемеушілік мультипликаторы енгізілмейді және клирингке қарағанда жалпы төлемдер аз дәрежеде жүйелік тәуекелге барады. Әрбір клиенттің төлемін жеке жүргізу электронды технологияларды енгізгенге дейін өте қымбат болады. Клиенттердің төлемін жиынтық түрде өткізудің салдарынан клирингілік жүйелер есеп айырысу жүйелерінен үнемдеу жасайды, сондықтан да олардың шығыны аз болды. 1990 жылдың ортасына таман енгізілген электронды технологиялар қолмен өңдеу мен қағаз құжат айналымын толықтай жойды. Жалпы жүйе өздерінің шығындарын клиринг жүйесінің дәрежесіне дейін азайта алады.

Бірнеше төлем жүйелері төлемдерін нақты бір мерзімде (оn-line), есеп айырысудың көп рейсті жүйесінде, күнбе-күн немесе бірнеше сағаттардың ішінде жүргізеді. Глоссарий банкінің халықаралық есебінде төлемді жүргізудің мерзімі анықталған. Мерзім бойынша төлемді жүргізу, төлем тапсырысын зерттегеннен кейін емес, сол төлем алынған сәттен бастап жүргізіледі. Күнбе-күн есеп айырысу дегеніміз - төлемдерді есептеу үшін қабылданған есептердің аяқталуы. Төлемді жүргізу мерзімі деген ұғымның мағынасы кең, ол төлеушінің төлем құжаттарын берген күннен төлеушіге жүргізілген төлем есебінің көшірмесі берілгенге дейінгі уақытты қамтиды. Ал бір жақты мағынада - клиенттермен өзара байланыстарды есептемегенде, банк төлемдерін жүргізуге жұмсалған уақыт. Төлеушінің немесе алушының бухгалтерлік есебінде көрініс беретін төлем құжаттарының қалыптасуына жұмсалған уақыт әдетте, төлем жүйелерінің мерзімінен тыс қалады .

Кейбір банкілер жоғарғы дәрежеде автоматтандырылған жүйемен бағдарламалық техникалық құралдарды қолдана отырып, банкінің ішкі төлемдерін жүргізеді. Банкоматтағы ақша алынған жағдайда ол бірден банкілік карта иесінің есебінен көрініс табады. Егер төлеуші мен алушыға бір банк қызмет етсе, онда банк қызметкері төлем тапсырысы орындалып жатқанда төлеушінің есебінен алушының есебіне дейін ұзын сызық жүргізеді.

Жүйеге қатысушылар арқылы төлемді жүргізу жылдамдығы тек банкілік жүйелердің дәрежесімен ғана емес, сонымен бірге байланыс каналдарының өткізгіштік тәсілімен және компьютерлік жедел жұмыс істеуімен шектеледі.

Карталық жүйелердегі төлеушілер негізінен - халық, ал алушылар - сауда мекемелері болып табылады. Сатып алу үшін төлемді ресімдеген кезде, дүкеннің дұрыс қызмет етуіне сатып алушы күмән тудырмауы керек. Сондықтан, дүкен сатып алушыдан тек төлемнің талаптарын ғана қабылдамайды, сонымен бірге қатысушы банкілердің өзіне де талап қояды. Банк үшін мыңдаған адамдардың төлем нұсқауларын орындағаннан гөрі, жүздеген дүкендердің төлем талабын орындаған артық. Төлемдерді зерттеуге қажет техникалық құралдарды адамдарға таратқаннан гөрі, дүкендерге орнатқан арзанырақ.

Ірі соммалы төлемдердің аудару жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы ірі төлемдер аудару жүйелерінің принциптері және қолдану принциптері.

Ірі төлемдер аудару жүйелерінің негізгі модельдері: швейцарлық банкаралық жүйе, Fedwire жүйесі (АҚШ), Жапония Банкінің қаржы жүйесі, АҚШ-тағы CHIPS жүйесі.

Ірі төлемдер аударудың Қазақстандық жүйесі, оның қызмет етуінің негізгі принциптері. Жоғары басымдық төлемдер ұғымы, басымдылық кодтары. Банкаралық есеп айырысулардың Қазақстандық орталығы мен қолданушы арасындағы келісім шарт бекіту тәртібі. Төлемдердің орындалуының және олардың аяқталуы үшін қолданушыға несие берудің тәртібі. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі ірі сомаларды аудару жүйесінің артықшылықтары мен жетіспеушіліктері. Жалпы негіздері есеп айырысулардың мәні (брутто-есеп айырысулар), оларды жүргізудің негізгі принциптері және перспективалары.

Адыңғы бөлімге жасалған талдау төлем құжаттары мен банкілік есепшоттың қажет екендігін дәлелдеп берді. Жоғары деңгейлі автоматтандырылған жаңа жүйелерде клиенттердің төлем өткізу туралы нұсқауы сақталып қалады. Олар төлем құжатының дәстүрлі түсінігінде біршама үйреншікті емес электронды сипат алады. Клиенттің банкілік шоты көп жағдайда төлем жүйелерінде қолданылады. Төлемдер банкаралық байланыстарға шот арқылы жүргізіледі.

Осылайша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін төлемші-банк пен алушы-банк арнайы бір банкілік есепшоттармен байланысты. Әрине, бір уақытта үш банкте бір іс-әрекетті бірден жүзеге асыру сирек кездеседі. Егер әрекет бойынша есеп айырысу қолма-қолсыз ақшасыз төлем түрінде жүзеге асатын болса, онда экономикалық субъектілер өз банкілеріне барып тұруы немесе сол банкімен байланысуы керек. Бұл төлем жүргізудің уақытын созып, шарттардың орындалуын тоқтатады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қарағанда қолма-қол ақшамен есептесу жиі кездеседі. Егер шарт жасаушы субъектілердің біріне өз банкісін қолма-қол ақша алу қажет болса, онда екінші субъект шартты кейін өткізуі керек. Мұндай жағдайда есеп айырысулар мен шарттар тез жүзеге асады, банкіге қайта-қайта барудың және жиі байланысып тұрудың еш қажеті болмайды. Егер төлем жүйелері өздерінің төлем қызметінде үлестерін төлемнің орташа есебінен кеңейткілері келсе, онда банк-клиент қатынасындағы ұсталымдар мәселесін шешуі керек.

Есепшот төлем жүйесінде банкіге есепшот ашу үшін ғана емес, сонымен қатар әр төлемді жүзеге асыру үшін міндетті түрде бару керек. Ол кезде электронды және телекоммуникациялық технологиялар жалпы қолдануға шақпаған болатын. Клиенттердің уақытын үнемдеп, олардың іс-әрекетін алға жылжыту үшін төлем құжаттарын алғаш өңдеуде банкілер делдал жалдайды. Уақыттарын үнемдегені үшін клиент делдалдарға комиссиялық жарна төлейді.

Банкаралық корреспонденттік қатынаста төлем нұсқаларын өткізудің қарапайым түрі - жазба авизо беру. Бұл үрдіс сонымен қатар халықаралық пошта мен курьерлік компаниялардың делдалдығы арқылы жүзеге асты. Корреспонденцияны алғаннан кейін банк оның түпнұсқалығы мен төлем құжаты реквизиттерінің дұрыстығын тексереді. Тексерілгеннен кейін алушы-банк төлем құжатының нұсқаларына сай жұмыс істейді.

Көтерме төлем жүйесінде делдалдық қызмет пошта немесе банк қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады. Төлем құжаттарын қарастырғанда делдалды қатыстыру ертедегі бөлшек төлем жүйелерінің үлгісі. Мысалы, карточка немесе чек қолданылатын карточкалық төлем жүйесінде делдалдық қызметті процессингілік немесе инкассациялық компаниялар жүзеге асырады.

Телекоммуникация мен компьютер негізінде клиентерге қашықтықтан қызмет көрсету түрі пайда болды. Банкаралық хабарламалар енді телекоммуникациялар арқылы беріліп компьютер дисплейінде көрінді, пошталық және телеграфтық авизоны электронды авизо алмастырды. Көтерме жүйеде банкілердің кең тараған түрі клиент-банк, интернет-банк және телебанк болып табылады. Бөлшек карточкалық төлемдер жүйесінде клиенттің банкіге баруы бұрыннан талап етілмейді. Банкоматтардың POS- терминалдық жүйесінің жиынтығы төлем нұсқауларын осындай құрылғылары бар кез келген жерде жүргізуге мүмкіндік береді. Кез келген жүйеге қатысушы банкілердің офисінде қолма-қол ақшаны карточка арқылы алуға немесе төлемді инициализациялауға болады.

Банкаралық қатынастар мен бөлшек төлем жүйесінде банкілік есепшоттың қашықтықтан қызмет көрсетуі кең таралған. Көтерме жүйеде клиенттерге қызмет көрсету көп жағдайда дәстүрлі түрде жүзеге асырылады.

Қашықтықтан қызмет көрсету құрылғысы төлем ұсталымдарын төмендетеді, қосымша электронды құрылғылар мен байланыс желісін, клиенттердің білімін қажет етеді. Бұл құрылғылардың қолданыста жүргеніне көп болған жоқ, сондықтан да технологиялар толығымен әлі шыға қоймағандаықтан, нарық олардың ішіндегі ең тиімдісін әлі анықтаған жоқ.

  1. Клиринг негізінде және брутто есеп айырысу жүйесі

Клирингті іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің нормативті - құқықтық актілерімен анықталады. Бірақ, клирингті іске асыру кезінде клирингтік ұйымдардың жұмыс істеуін және ұйымнан талап етуі әрбір нақты жағдайда заңмен бекітілмейді. Сонымен, клирингтік ұйымдар өздерінің клирингтік жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бекітуге құқылы. Қазақстандық Банкаралық Есеп айырысу Орталығының клирингтік жүйесі кішкене сомадағы электрондық төлемдерді жүзеге асыру үшін арналған және жан - жақты таза есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейді. Клирингтік жүйеде тек несиелік аудармалар пайдаланылады. Жүйеге түскен барлық құжаттар түпкілікті болмайды және операциялық күн аралығында жөнелтуші жауап айтуы мүмкін. Осы кезде жүйеде 3 млн. теңгеге тең бір төлемнің максималды сомасына шектеу қойылған. Жүйеде валюталандыру күнін пайдалануға, яғни жүйеге 3 күнге дейін төлемнің келешектегі күні мен төлем құжатын жіберуге болады. Келешектегі күнмен валюталандырылған құжат көрсетілген күніне жеткенге дейін жүйеде сақталады, содан кейін клирингте өңделеді. Бұл қатысушыларға өзінің өтімділігін алдын - ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Клиринг қорытындысы бойынша ақша аудару Банкаралық Ақша Аудару Жүйесінде іске асады. Жүйенің әрбір қатысушысы жүйедегі өзінің барлық төлемдеріне ақпараттық деректер ала алады.

Қазақстандық Банкаралық Есеп айырысу Орталығындағы клирингтік жүйенің жұмыс істеу тәртібі Ұлттық Банктің нормативті - құқықтық актілермен анықталады. Жүйеде төлемдерді жүзеге асырудың негізгі құқығы клиринг қатысушылары мен орталық арасында құрылған келісім - шартпен қамтамасыз етіледі.

Бөлшек сауда төлемдер жүйесі .

Жоғарыда айтылғандай, нақты уақытта Қазақстан Республикасының бөлшек сауда төлемдерінің жүйесі Қазақстан бойынша банкаралық төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ҚБЕО - ң клирингтік жүйесімен және жеке клирингтік ұйым - яғни, ішкі регионалдық төлемдерді өңдейтін «Тимей» - қаржы - өндірістік компаниясымен» көрсетіледі.

Клирингті іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің нормативті - құқықтық актілерімен анықталады. Бірақ, клирингті іске асыру кезінде клирингтік ұйымдардың жұмыс істеуін және ұйымнан талап етуі әрбір нақты жағдайда заңмен бекітілмейді. Сонымен, клирингтік ұйымдар өздерінің клирингтік жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бекітуге құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары
Қазақстан Республикасының төлем жүйелері
Төлем жүйесі (лекциялар жинағы)
Төлем жіберуші банк
Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері
Банкаралық ақша аудару жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
Немесе клиенттің несиелік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz