Ұйымның негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің аудиті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
:
Кіріспе . . .:
3:
: 1
Кіріспе . . .: Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің түсінігі және бағалануы . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе . . .: Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бастапқы бағасын қалыптастыру . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе . . .: Материалдық емес активтер, оларды бағалау және тану . . .
3: 10
:
Кіріспе . . .:
3:
: 2
Кіріспе . . .: АҚ «KEGOC» ұйымының негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің есебі және оларды талдау . . .
3: 13
: 2. 1
Кіріспе . . .: АҚ «KEGOC» негізгі құралдарының есебін ұйымдастыру және талдау . . .
3: 13
: 2. 2
Кіріспе . . .: АҚ «KEGOC» материалдық емес активтерінің есебін бағалау мен амортизациясы . . .
3: 19
:
Кіріспе . . .:
3:
: 3
Кіріспе . . .: Ұйымның негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің аудиті . . .
3: 24
:
Кіріспе . . .: Негізгі құралдардың қозғалысына арнайы аудит . . .
3: 24
:
Кіріспе . . .: Материалдық емес активтердің жағдайы туралы ақпараттың маңыздылығын тексеру . . .
3: 29
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 36
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 38
:
Кіріспе . . .:
3:
:
Кіріспе . . .: Қосымша
3: 39

Кіріспе

Қазақстан Республикасы нарығында заңды түрде қызмет етіп жатқан кез келген кәсіпорынның басты мақсаты бәсекеге қабілетті, төлем қабілеттілігі жоғары ұйым бола отырып экономикалық-маркетингтік саясатын дұрыс жүргізе алу қабілетімен аз шығын жұмсай отырып, көп пайда табу болып табылады.

Осы мәселеде компания жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін айқындай түсетін ең басты көрсеткіштердің бірі ол, аталған ұйымның ұзақ мерзімді активтерінің, соның ішінде негізгі құралдар мен материалдық емес активтері екені белгілі.

Бұл курстық жұмыста зерттеу нысаны ретінде Акционерлік Қоғам Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы яғни «KEGOC» кәсіпорынының 2018 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі алынды.

АҚ «KEGOC» кәсіпорынында өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіретін және материалдық өндірісте, сонымен қатар өндірістік емес салаларда да еңбек құралы ретінде пайдаланылатын материалды активтер, негізгі құралдар болып саналады.

Негізгі құралдарға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жылжымайтын мүліктер, көпжылдық жеміс ағаштары, жер учаскелері, өнім беретін малдар және басқа да негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс циклында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.

Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор.

Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:

-салалар бойынша;

-мақсатына қарай;

-түрі бойынша;

-кімге қарайтындығына қарай;

-пайдалану сипатына қарай,

-салық салу мақсатына қарай.

Ал материалдық емес активтер келешекте табыс келтіретін ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қолмен ұстауға жатпайтын экономикалық ресурстар. Бұлардың физикалық үлгісі болмайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, сезілмейтін активтер (саудалық марка, патенттер ж. т. б. ) егер олардың өлшеу құны бар болып, мекеме сатып алған болса, активтер құрамына қосылады.

АҚ «KEGOC» ұйымында кейбір қаржылардың түрі де, айталық дебиторлық қарыздар мен төленген аванстар, көзге көрібейтін активтер болып саналады, бірақ олар қысқа мерзімді болғандықтан материалды емес активтердің қатарына жатқызылмайды. Материалдық емес активтер төменгі бағамен сатып алынуы мүмкін және кейіннен олардың бағасының өсуіне қарамастан, баланстағы құнын өзгертпейді. Материалды емес активтер нарықтық баға бойынша сатып алынған болса, есеп жүйесінде сол сатып алынған бағасымен көрсетіледі.

Жаңа өнімдерді өндіруге байланысты жасалған шығындарды, өнімнің өзіндік құнына, келешектегі шығындар ретінде, белгіленген уақыт ішінде бөлшектеп қосып отыру туралы шешім қабылданған. Ондай шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу есебін, оларды топтап шығаруды бастаған кезде, шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай, сметалық шығындарды ескере отырып жүргізеді.

Ұйымның материалды емес активтері мекемелердің бірігуіне сәйкес мемлекеттік субсидия есебінен сатып алынуы, айырбасқа алынуы мүмкін. Айырбас арқылы сатып алынған өзара теңдес материалды емес активтердің бастапқы баланстық құны, активтерді алмастырумен келген бағасы бойынша есепке алынады. Тендес емес активтерге айырбасталып алынған материалды емес активтер, айырбасқа ұсынылған активтің сату бағасы бойынша есепке алынады.

Мысалы, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, ақша қаражаты, бағалы қағаздар, заттар ғана емес, сонымен қатар меншіктік құқықтар, интелектуалдық қызмет нәтижесі және басқа да мүліктерді қосуға болады.

Материалды емес активтер бастапқы кезеңде жасалған келісім шарттағы бағамен немесе арнайы құрылған комиссияның қойған бағасымен кiрiске алынады. Кей жағдайда материалды емес активтер өздерінің нақты құнынан әлдеқайда жоғары бағаланады. Бұл активтердің материалдық үлгісі болмағанына қарамастан, олар келіп түскен құжаттырына сай, материалды емес активтердің амортизациясы көрсетіле отырып, есепке алынады.

Тауарлық белгі, технология, ноу-хау тәрізді материалды емес активтердің құқығы, тараптардың келісімі бойынша, нарықтық шектеулермен (франчайзинг) бір біріне берілуі мүмкін.

Материалды емес активтер басқа мекемелерге, болмаса жеке тұлғаларға сатылса, тегін берілсе және моральдық тозуына орай немесе пайда келтіруін тоқтатуына байланысты есептен шығарылады.

Материалды емес активтерді танудың бір шарты, ондай активтерді пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық пайда табуға тиісті.

Аталған кәсіпорынның яғни АҚ «KEGOC»-тың есеп саясаты мен қаржылық есептілігін талдай отырып, сондай-ақ ұйымда жасалған аудиторлық тексерістің нәтижесін негізге алып негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебін талдауға мүмкіндік бар.

1 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің түсінігі және бағалануы

1. 1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бастапқы бағасын қалыптастыру

Негізгі құралдар - дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар) . Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.

Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.

Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • ғимараттар;
  • құрылыстар;
  • өткізгіш жабдықтар;
  • машиналар мен жабдықтар;
  • көлік құралдары;
  • аспаптар;
  • өндірістік инвентар және керек жарақтар;
  • шаруашылық инвентары;
  • биологиялық активтер;
  • библиотека қоры;
  • жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
  • басқа да негізгі құралдар.
  1. Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдарменшікті және жалға алынғанболып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
  2. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдаржұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағыболып бөлінеді.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, олар амортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген:

Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуішприборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістің және шарауашылық инвентарь және басқа еңбек құралдары жатады.

Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни тұтынуға арналған негізгі құралдар - тұрғын -үй коммуналдық шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары.

Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:

жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;

үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.

көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар;

көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;

басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.

Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.

Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.

Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.

Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.

Әділ құны - тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.

Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 «жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар» стандарына сәйкес жүргізіледі.

Негізгі құралдардың бастапқы бағасын қалыптастыру

Негізгі құралдардың нақты бағасы, сатып алу үшін жұмсалған шығындармен, импорттық баж салығынан және басқа төленбеген салықтардан, активті жұмысқа пайдалануға жарайтын деңгейге жеткізу үшін тікелей жасалған шығындардан құралады. Сатып алу кезінде баға бойынша жасалған жеңілдіктер сатып алу құнынан шегеріледі.

Tiкелей шығындар төмендегі шығындардан құралады:

• алаңды дайындауға кеткен шығындар;

• мүлікті жеткізуге және түсіруге жұмсалған шығындар;

• орнату шығындары;

• кәсіби түрдегі қызметтер шығыны (архитекторлардың, инженерлердің ж. т. б. жұмыстары) ;

• объекті бұзылып, демонтаждалған кездегі шығындар, резерв есебiнен алаңдарды қалпына келтіру шығындары.

Егер негізгі құралдардың ақысын төлеу белгіленген мерзімге шегеріліп, ол үшін несие алынбаған болса, онда сатып алу құны нақты жұмсалған шығындарға тең болады. Сатып алу құнынан, төленген сома артық болса, ол айырмашылық капитал құрамына кірмеген жағдайда, несиенің пайыздық үстемақысы үшін төленген шығындары болып табылады.

Негізгі құралдардың қозғалысы, олардың келіп түсуі, шығуы және ішкі орын ауыстыруы бойынша шаруашылық операцияларын жүргізумен байланысты. Әрбір шаруашылық операция алғашқы есептік құжаттаудың типтік үлгілерімен тіркеледі.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан қабылдау- тапсыру актін - (Ф. №ОС-1) жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдар объектілеріне балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық номер берілуі керек. Ол номер негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойында сақталады және негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерді және бар болуын бейнелейтін барлық есептік құжаттарда көрсетіледі.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге-тапсырушы цехқа беріледі.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.

Автокөлік құралдарынан басқа негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды есептен шығару актісі (Ф. №ОС-3) жасалады, ал автокөлік құралдары үшін - (Ф. №ОС-4) хаттайды.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.

Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда (Ф. №ОС-5) жүргізіледі. Мүліктік карточкалар негізгі құралдарды есептеу жөніндегі мүліктік карточкалар (Ф. №ОС-6) тізбесінде, карточка номері, объектінің мүліктік номері, аты көрсетіле отырып тіркеледі.

Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:

2410 «Негізгі құралдар»,

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»

Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады. 2500 бөлімше биологиялық активтерге берілген.

Негізгі құралдардың есебі 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 «Жер», 2412 «Ғимаратгар мен құрылғылар», 2413 «Машиналар мен жабдықтар», 2414 «Көлік құралдары», 2415 «Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары», 2416 «Кеңсе жиһазы», 2417 «Өндірістік мүлік және заттар».

Негізгі құралдар деп танылатын түсуші матриалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2400 шоттардың дебеті бойынша және 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесі шоттарының (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390, 4110, 4170 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі.

Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 5020 «Төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ал акционерлік емес кәсіпорындарда 5010 «Салымдар мен жарналар» шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен тегін алуы кезінде 2400 «Негізгі құралдар» шоттары дебеттеліп, 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан табыстар» шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 6200 «Басқадай табыстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді жал жағдайында негізгі құралдардың құны сәйкес шоттардың 2411-2417 дебеті бойынша және 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді қарыздар» шотының кредиті бойынша кіріске алынады.

1. 2 Материалдық емес активтер, оларды бағалау және тану

Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.

Өндірістік - шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді: интелектуалдық меншік; мүліктік құқық; басқалары.

Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:

Фирма бағасы (гудвилл) ;

Тауар белгілері;

Ноу-хау;

Авторлық және қатар құқықтар

Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:

Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т. б.

Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар .

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи- заттай мағынасында ғана материалдық емес болып табылады.

Материалдық емес активтер ұйымның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былай анықталады:

- Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына өз үлестерінің есебіне төлегенде екі жақтың келісімі бойынша;

- Басқа кәсіпорындар мен адамдардан төленіп алғанда - бұл объектілерді алуға және дайын жағдайға келтіруге нақтылы жұмсалған шығындарға қарай;

- Басқа кәсіпорындар мен жеке тұлғалардан тегін пайдалануға алғанда - сараптық жолмен бағалауда қалыптасады.

Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі болады, бірақ кейбір түрлері бойынша оны анықтау мүмкін емес. Пайдалану мерзімі анықталмайтын материалдық емес активтерге гудвилл жатады.

Гудвилл (фирма бағасы) - материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алғанда немес екі кәсіпорын қосылғанда ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық актиытерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болса «жағымсыз гудвилл» деп аталады. Гудвилл амортизацияланбайды, ол жыл сайынғы құнсыздану тестілеуіне жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
«Шенгел и К» ЖШС
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Материалдық емес активтердің аудиті
Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер
РПК Бектау ЖШС
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың, қаржылық инвестициялардың аудиті
«Metrocom Service» ЖШС
Аудиттің мәні, функциялары, принциптері
Есеп және аудит мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz