Материалдық емес активтердің аудиті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1 Ұйымның ұзақ мерзімді активтерін бағалау және талдау ... ... ... ... ..

5
1.1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ...

5
1.2 Материалдық емес активтер және оларды талдау мен тану ... ... ... .

8
2 Ұйымның ұзақ мерзімді активтерінің есебі АҚ HALYK BANK мысалында ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

12
2.1 АҚ HALYK BANK негізгі құралдарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ...
..
12
2.2 АҚ HALYK BANK материалдық емес активтерінің есебі ... ... ... ...

15
3 Ұйымның ұзақ мерзімді активтерінің аудитін ұйымдастыру ... ... ...
.
20
3.1 Материалдық емес активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

20
3.2 Негізгі құралдардың аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

33
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

34

Кіріспе

Кәсіпорының қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды негізгі құралды құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарында екінші бөлімде орналасқан №2400, 2410 шоттарда Негізгі құралдар, 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы, 2430 Негізгі құралдардың құнсыздануы, 2600 Барлау және бағалау активтері, 2620 Барлау және бағалау активтердің амортизациясы, 2630 Барлау және бағалау активтердің құнсыздануы шоттарда есептеледі.
Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бухгалтерлік есебі 38 Материалдық емес активтер ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 Материалдық емес активтер есебі БЕС (Бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес.
Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъекті болашақта экономикалық пайда табады деп күтіледі. Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің рөлі анықталса; субъектіні осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара - пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер - нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал - жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал - жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал - жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екені анықталуы керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтердің де құрамында есептелуі мүмкін.
Бұл қурстық жұмыс үш тараудан, әр тарау екі бөлімнен тұрады. Ұйымдардағы ұзақ мерзімді активтердің басым көпшілігін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер құрайтындықтан, аталған екі активтің түрі талқыланды. Зерттеу нысаны ретінде HALYK BANK акционерлік қоғамының шоғырландырылған қаржылық есептілігі алынды.

1 Ұйымның ұзақ мерзімді активтерін бағалау және талдау

1.1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы.

Негізгі құралдар- дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор.
Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:
oo салалар бойынша;
oo мақсатына қарай;
oo түрі бойынша;
oo кімге қарайтындығына қарай;
oo пайдалану сипатына қарай,
oo салық салу мақсатына қарай.
Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
oo ғимараттар;
oo құрылыстар;
oo өткізгіш жабдықтар;
oo машиналар мен жабдықтар;
oo көлік құралдары;
oo аспаптар;
oo өндірістік инвентар және керек жарақтар;
oo шаруашылық инвентары;
oo биологиялық активтер;
oo библиотека қоры;
oo жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
oo басқа да негізгі құралдар.
Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, олар амортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген:
Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуішприборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістің және шарауашылық инвентарь және басқа еңбек құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни тұтынуға арналған негізгі құралдар - тұрғын - үй коммуналдық шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары.
Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:
-жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
-үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
-ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
-өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
-машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.
-көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
-құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
-өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
-шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;
-жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал -- ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар;
-көп жылдық өсімдіктер -- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
-жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) -- ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту);
-басқа да негізгі құралдар -- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.
Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.
Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Әділ құны - тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.
Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар стандарына сәйкес жүргізіледі.

1.2 Материалдық емес активтер және оларды талдау мен тану.
Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.
Өндірістік - шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына
байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді: интелектуалдық меншік; мүліктік құқық; басқалары.
Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:
-Фирма бағасы (гудвилл);
-Тауар белгілері;
-Ноу-хау;
-Авторлық және қатар құқықтар
Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:
-Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т.б.
Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар.
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи- заттай мағынасында ғана материалдық емес болып табылады.
Материалдық емес активтер ұйымның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былай анықталады:
- Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына өз үлестерінің есебіне төлегенде екі жақтың келісімі бойынша;
- Басқа кәсіпорындар мен адамдардан төленіп алғанда - бұл объектілерді алуға және дайын жағдайға келтіруге нақтылы жұмсалған шығындарға қарай;
- Басқа кәсіпорындар мен жеке тұлғалардан тегін пайдалануға алғанда - сараптық жолмен бағалауда қалыптасады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі болады, бірақ кейбір түрлері бойынша оны анықтау мүмкін емес. Пайдалану мерзімі анықталмайтын материалдық емес активтерге гудвилл жатады.
Гудвилл (фирма бағасы) - материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен , яғни түгелдей сатып алғанда немес екі кәсіпорын қосылғанда ғана пайда болады. Фирма бағасы болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық актиытерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық жағымды гудвилл, ал кем болса жағымсыз гудвилл деп аталады. Гудвилл амортизацияланбайды, ол жыл сайынғы құнсыздану тестілеуіне жатады.
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі.
Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 Материалдық емес активтер бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша - материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700-шы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2730 Өзге де материалдық емес активтер
2710 Гудвилл.
Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы Материалдық емес активтерді қабылдау - беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер түрінің дәл аты, оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.
2700 Материалдық емес активтер бвлімшесінің шоттарына талдамалық есепке алу Материалдық емес активтерді есепке алудың мүліктік қарточкаларында (ү. №МЕА-2) керсетіледі. [4, 222 бет]
Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алуда қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объекіісане бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. 2730 Өзге де материалдық емес активтер тобы бөлімшесі шоттары бойынша кредиттік айналымдары №12 журнал - ордерде бейнеледі.
Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:
Жарғылық капиталға салымдар жолымен
Кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу
Басқа кәсіпорынмен қосылу жолымен
Заңды және жеке тұлғалар пайдалануға бергенде.
Материалдық емес активтерді кәсіпорындар қатынасушылардың ақшалай төлеулерінің, өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатудан алынған табыстардың, құнды қағаздардан түскен табыстардың, банкінің қағаздарынан, тегін пайдалануға берілген төлемдердің және басқа заңды рұқсат етілген көздерден түскен табыстардың есебінен алады.
Материалдық емес активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға (жұмсалған нақтылы шығындардан) дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.
Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда
Дебет шот 2700 Материалдық емес активтер (2710, 2730)
Кредит шот 1010, 1030, 3310, 4110
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға өз үлестері есебінен енгізген материалдық емес активтерді кіріске алынғанда:
Дебет шот 2730 "Өзге де материалдық емес активтер"
Кредит шот 5110 Төленбеген капитал
Материалдық емес активтер тегін түскенде, олардың бастапқы құны
Дебет шот 2730 "Өзге де материалдық емес активтер"
Кредит шот 6230 Мемлекеттік субсидиялардан табыстар, 6220 Тегін алынған активтерден табыстар.
Материалдық емес активтер кәсіпорыннан әртүрлі себептермен шығады:
- сату нәтижесінде;
- әрі қарай пайдаланудың тиімсіздігіне байланысты есептен шығару нәтижесінде;
- ақысыз тегін беру нәтижесінде және т.б.
Материалдық емес активтердің істен шығуында материалдық емес активтерді қабылдау - тапсыру Актін 2 данада толтырады.
Материалдық емес активтердің шығуы кезінде олардың баланстық құны Дебет шот 7410 Активтердің шығуы бойынша шығындар, Кредит шот 2730 Басқа материалдық емес активтер жазбасы негізінде есептен шығарылады, ал жинақталған тозу сомасы келесі жазбамен есептен шығарылады: 2740 Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы тобы шотының дебеті, 2730 Өзге де материалдық емес активтер шотының кредиті.
Материалдық емес активтерді сатудан табыс келесідей жазба бойынша көрсетіледі:
Дебет шот 1010, 1030, 1210 және т.б.
Кредит шот 6210 Активтерді сатудан табыс
Жыл соңында 6210, 7410 шығын шоттары және 5610 Қорытынды пайда (залал) шотымен жабылады, яғни, табыстар жиынтық табыстың көбеюіне, ал шығындар оның азаюына қарай есептен шығарылады.
Тегін берілген материалдық емес активтердің құнынан есептелген ҚҚС сомасына 7410 Активтердің шығуы бойынша шығындар шоты дебеттеледі, 3130 Қосылған құн салығы шоты кредиттеледі.
Мысал. Басқадай материалдық емес активтер 120 000 теңге сату құнымен сатылды. Баланстық құны 40 000 теңге. Амортизация - 60 000 теңге.

Кесте-1.Материалдық емес активтердің шығуының есебі бойынша
шоттар корреспонденциясы



Шаруашылық операция мазмұны

Сомасы, теңге

Дебет

Кредит
1.
Сатылған материалдық емес активтердің баланстық құны есептен шығарылды
40
7410
2730
2.
Жинақталған амортизация есептен шығарылды
60
2740
2730
3.
Сатылған материалдық емес активтер үшін сатып алушыға шот көрсетілді
120
1210, 2110
6210
4.
ҚҚС есептелді, 12 %
14
1210,
2110
3130
5.
Сатып алушылардан ағымдағы банктік шотқа алынды
114
1030
1210, 2110
6.
Ағымдағы банктік шоттан ҚҚС аударылды
14
3130
1030

2 Ұйымның ұзақ мерзімді активтерінің есебі АҚ HALYK BANK мысалында

2.1 АҚ HALYK BANK негізгі құралдарының есебі

Негізгі құрал-жабдықтар, жинақталған құнның тозуы мен құнсыздануы шегерілгеннен кейінгі бастапқы құн бойынша көрсетіледі, ғимараттар мен құрылыстар бұған жатпайды, олардың құны қайта бағалану арқасына болатын әділ құны болып табылатын қайта бағаланған құнмен, сонымен қатар жинақталған тозуы мен құнсыздануы шегерілгеннен кейінгі құн бойынша көрсетіледі.
Нысанды амортизациялау оны пайдалануға қол жеткізу мүмкін болғанда басталады. Амортизациялау активтерді тиімді пайдаланудың мынадай бағалау мерзімдері ішінде құнды біркелкі шығынға жазу әдісімен есептеледі:
Кесте-2. АҚ HALYK BANK активтерін бағалау мерзімдері

Жылдар
Ғимараттар мен құрылыстар

20-100
Көлік құралдары
5-7
Компьютерлер мен банктік жабдықтар
5-10
Басқалар
7-10

Жалға алынған мүлікті жақсартудың амортизациясы тиісті жалға алынған активтердің пайдалы қызмет мерзімі ішінде есептеледі. Ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар пайда мен шығын туралы шоғырландырылған есепте, капиталдандыру талаптарын қанағаттандырмаса, пайда болған кезеңдегі операциялық шығыстар құрамында көрсетіледі. [11, 38 бет]
Негізгі құралдардың қаржылық жағдай туралы есептік құны әрбір есепті күнге талданып, тіркелген соманы олардың өтелетін құнынан асып кетуі мүмкін, ал егер баланстық құны осындай өтелетін құннан асатын болса, онда
активтердің құны өтелетін құнға дейін төмендейді. Құнсызданудан болған залал тиісті кезеңде танылады және операциялық шығыстарға қосылады.
Қызмет көрсету немесе әкімшілік мақсаттар үшін қол жетімді ғимараттар мен ғимараттар қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте қайта бағаланған күнгі әділ құны болып табылатын қайта бағаланған сомада көрсетіледі,білікті тәуелсіз бағалаушылардың нарықтық деректеріне негізделген, жинақталған амортизацияны және кейіннен жинақталған құнсызданудан болған шығындарды шегергенде.
Активтердің баланстық құны әділ құнды пайдалана отырып, есепті күнге анықталуы мүмкін құннан елеулі түрде ерекшеленбеу үшін қайта бағалау тұрақты негізде жасалады. Қайта бағалаудан туындаған ғимараттар мен ғимараттардың құнының кез-келген ұлғаюы бұрынғы табыстың шоғырландырылған есептілігінде танылған бірдей активтің құнының төмендеуін өтемеген жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар қайта бағалау резервінің құрамында көрсетіледі. Бұл жағдайда пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте активтің құнын бұрын танылған кему сомасындағы құнның ұлғаю шамасы танылады. Қайта бағалаудан туындайтын активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының азаюы пайда мен шығын туралы шоғырландырылған есепте активтің бұрынғы қайта бағалануынан болған оның қайта бағаланған құнынан асып кететін деңгейде танылады.
Қайта бағаланған ғимараттар мен жайлардың амортизациясы пайда мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі. Қайта бағаланған меншік одан әрі сатылған немесе шығарылған жағдайда Жылжымайтын мүлікті қайта бағалау резервінің құрамында ескерілген тиісті оң мәнді нәтиже бөлінбеген пайда есебіне аударылады. Аяқталмаған құрылыс нысандары құнсызданудан шығындар шегерілген нақты құн бойынша есепке алынады. Құрылыстың құнына кәсіпкерлік қызметтердің құнын, сондай-ақ белгілі бір талаптарға сәйкес келетін активтер үшін Топтың есептік саясатына сәйкес капиталдандырылатын заемдар бойынша шығындар кіреді. Осындай аяқталмаған құрылыс нысандары құрылысты аяқтау немесе жоспарлы түрде пайдалануға дайын болу сәтінде негізгі құрал-жабдықтардың тиісті санаттарына жатады. Осы активтер бойынша амортизацияны есептеу негізгі құрал-жабдықтардың басқа нысандары бойынша, активтердіңжоспарлы пайдалануына дайын болу сәтінен басталады.
Кесте-3. АҚ HALYK BANK негізгі құрал-жабдықтарының қозғалысы, бастапқы құны (Қосымша-1)

Ғимараттар мен құрылыстар
Көлік құралдары
Компьютерлер
мен банктік
құрал-жабдық
Аяқталмаған
құрылыс
Басқасы
Жиыны
Қайта бағаланған бастапқы құны:
2017 жылғы 31 желтоқсан
112,393
2,994
26,746
118
17,119
159,370
Түсімдер
1,348
833
3,223
474
1,777
7,655
Қайта бағалау
(5,424)
-
(47)
-
(106)
(5,577)
Шығарулар
(2,855)
(321)
(1,557)
(207)
(731)
(5,671)
Аударымдар*
93
-
(2,386)
(322)
2,615
-
Бағамдық айырмашылық
396
14
111
-
17
538
2018 жылғы 31 желтоқсан
105,951
3,520
26,090
63
20,691
156,315
Ескертпе
* Өзге активтерге-ден аударымдар

Негізгі құрал-жабдықтар нысаны сатылған жағдайда немесе активті пайдалануды жалғастырудан болашақ экономикалық пайда түсіру күтілмеген жағдайда, есептен шығарылады. Негізгі құрал-жабдықтар нысандарын сатудан немесе өзге шығуынан түскен кіріс немесе зиян осы нысандарды сату бағасы мен баланстық құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және пайдалар немесе залалдарда танылады.

Кесте-4.АҚ HALYK BANK негізгі құрал-жабдықтарының қозғалысы, жинақталған тозу (Қосымша-2)

Ғимараттар мен құрылыстар
Көлік құралдары
Компьютерлер
мен банктік
құрал-жабдық
Аяқталмаған
құрылыс
Басқасы
Жиыны
Жинақталған тозу: 2017 жылғы 31 желтоқсан
1,766
1,554
12,137
-
6,229
21,686
Есептеулер
1,583
352
4,261
-
1,817
8,013
Шығарулар
(97)
(316)
(1,434)
-
(266)
(2,113)
Қайта бағалау кезінде шығарылған
(2,384)
-
-
-
-
(2,384)
Аударымдар*
(28)
-
(1,110)
-
1,138
-
Бағамдық айырмашылық
41
8
77
-
-
126
2018 жылғы 31 желтоқсан
881
1,598
13,93
-
8,918
25,328
Баланстық құны:

2018 жылғы 31 желтоқсан
105,070
1,922
12,159
63
11,773
130,987
Ескертпе
* Өзге активтерге-ден аударымдар

Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау жөніндегі Топтың саясатына сәйкес, негізгі құрал-жабдықтардың барлық санатының - ғимараттар мен құрылыстардың әр үш жыл сайын қайта бағалануы талап етіледі. Ерекше нарықтық немесе мүліктік индикаторлар елеулі өзгерген жағдайда, Топ қайта бағалауды жиі жүргізе алады. Топ өзінің ғимараттары мен құрылыстарын 2018 жылдың ішінде қайта бағалады. Бағалауды тәуелсіз бағалаушылар жүргізді. Тәуелсіз бағалаушылар негізгі құралдардың әділ құнын анықтау кезінде келесі үш тәсілді қолданды: кірісті капиталдандыру әдісімен кірістік тәсіл және белсенді нарық талаптарында ғимараттар мен құрылыстардың әділ құнын анықтау үшін нарық ақпаратын қолданумен бірге салыстыру тәсілі, ал қайта бағалау объектілері үшін белсенді нарық болмаған жағдайда шығынды тәсіл. [1, 198 бет]
2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Топтың ғимараттары мен құрылыстарының әділ құнын есептеу кезінде, бағалаулар 92,427 миллион теңге және 12,643 миллион теңге көлемінде (2017 жылғы 31 желтоқсан: 75,562 миллион теңге және сәйкесінше 35,065 миллион теңге; 2016 жылғы 31 желтоқсан: 77,256 миллион теңге және сәйкесінше 114 миллион теңге) 2-ші және 3-ші деңгейлерге жатқызылды. Есептеулер иерархиясының сипаттамасы 39-ескертпеде ашып көрсетілген.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, ғимараттар мен құрылыстардың әділ құнының жалпы сомасы 105,043 миллион теңгені құрады. Егер Топтың ғимараттары бастапқы құны бойынша еептелген болса, олардың баланстық құны 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 95,634 миллион теңгені құраған болар еді.

2.2 АҚ HALYK BANK материалдық емес активтерінің есебі

Жеке сатып алынған материалдық емес активтер.
Жеке мәмілелер шеңберінде сатып алынған, пайдаланудың соңғы мерзімдері бар материалдық емес активтер құнсызданудан жинақталған амортизация мен жинақталған шығынды шегеріп, өзіндік құны бойынша есептеледі.Тиімді пайдаланудың күтілудегі мерзімдері мен амортизацияны есептеу әдісі әр есептік кезеңнің аяғына талданады, бұл ретте бағалаулардағы барлық өзгерістер салыстырмалы көрсеткіштерді қайта қарастырмастан есептілікте көрсетіледі.
Жеке мәмілелер шеңберінде сатып алынған, пайдаланудың анықталмаған мерзімдері бар материалдық емес активтер құнсызданудан жинақталған залал шегерілген нақты шығындар бойынша есепке алынады. Пайдаланудың анықталмаған мерзімдері бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді. Бизнесті біріктіру бойынша мәмілелерде сатып алынған материалдық емес активтер. Бизнесті біріктіргенде сатып алынған және гудвилдан бөлек көрсетілетін материалдық емес активтер сатып алу күніне әділ құн бойынша есепке қабылданады (сатып алу құны ретінде қарастырылатын). Есепке қабылданғаннан кейін бизнесті біріктіргенде сатып алынған материалдық емес активтер жеке мәмілелер шеңберінде сатып алынған материалдық активтерге ұқсас құнсызданудан жинақталған амортизация мен жинақталған шығындар шегерілген сатып алудың құны бойынша көрсетіледі. Амортизациялау активтерді тиімді пайдаланудың мынадай бағалау мерзімдерінің ішінде құнды бір қалыпты есептен шығару әдісімен есептеледі:
Кесте-5. АҚ HALYK BANK материалдық емес активтерін бағалау мерзімдері

Жылдар
Клиенттік базаға жататын материалдық
емес активтер
5
Бағдарламалық жасақтама
10
Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану
құқығына лицензиялық келісім
10
Басқалар
10

Материалдық емес актив сатылған кезде немесе оны пайдаланудан не болмаса шығуынан болашақ экономикалық пайда түсімдері күтілмеген жағдайда есептен шығарылады. Активтің шығуынан таза түсімдер мен баланстық құнының арасындағы айырмашылықты білдіретін, материалдық емес активті есептен шығарудан түскен пайда немесе залал есептен шығару сәтінде пайдаға немесе залалға қосылады.

Кесте-6. Материалдық емес активтердің қозғалысы, бастапқы құны (Қосымша 3)

Бағдарламалық
жасақтама
Бағдарламалық жасақтаманы
пайдалану құқығына
лицензщиялық келісім
Клиенттік базаға жат-
қызылатын материал-
дық емес актив
Басқа материал-
дық емес
активтер
Жиыны
Бастапқы құны:
2016 жылғы 31 желтоқсан
13,119
5,403
2,226
161
20,909
Түсімдер
1,191
234
-
1,054
2,479
Шығарулар
(26)
(159)
-
(58)
(243)
Аударымдар
815
(19)
-
(796)
-
Сатуға арналған активтерге қайта жіктеу
(2,530)
-
(2,226)
-
(4,756)
Бизнесті біріктіруге байланысты түсімдер
1,402
1,033
-
764
3,199
Бағамдық айырмашылық
28
4
-
2
34
2017 жылғы 31 желтоқсан
13,999
6,496
-
1,127
21,622
Түсімдер
1,687
1,314
-
29
3,030
Шығарулар
(3,643)
(711)
-
-
(4,354)
Аударымдар
80
(80)
-
-
-
Бағамдық айырмашылық
147
23
-
14
184
2018 жылғы 31 желтоқсан
12,270
7,042
-
1,170
20,482

Кесте-7. Материалдық емес активтердің қозғалысы, жинақталған амортизация (Қосымша 4, 4.1)

Бағдарламалық
жасақтама
Бағдарламалық жасақтаманы
пайдалану құқығына
лицензщиялық келісім
Клиенттік базаға жат-
қызылатын материал-
дық емес актив
Басқа материал-
дық емес
активтер
Жиыны
Жинақталған амортизация:

2016 жылғы 31 желтоқсан
8,527
2,261
931
11
11,730
Есептеу
3,313
180
-
61
3,554
Шығарулар
(25)
(41)
-
-
(66)
Сатуға арналған активтерге қайта жіктеу
(933)
-
(931)
-
(1,864)
Бағамдық айырмашылық
18
(1)
-
-
17
2017 жылғы 31 желтоқсан
10,900
2,399
-
72
13,371
Есептеу
2,618
276
-
22
2,916
Шығарулар
(3,625)
(653)
-
(23)
(4,301)
Сатуға арналған активтерге қайта жіктеу
3
(3)
-
-
-
Бағамдық айырмашылық
56
5
-
-
61
2018 жылғы 31 желтоқсан
9,952
2,024
-
71
12,047
Баланстық құны:
4,592
3,142
1,295
150
9,179
2016 жылғы 31 желтоқсан
3,099
4,097
-
1,055
8,251
2017 жылғы 31 желтоқсан
2,318
5,018
-
1,099
8,435
2018 жылғы 31 желтоқсан
2,618
276
-
22
2,916

АҚ HALYK BANK-тің материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу.
Өндірістік - шаруашылық қызметі процесінде материалдық емес активтер моралдық тозуға ұшырайды. Басты мақсат материалдық емес активтердің моралдық тозуына байланысты шығындарды жабу көздерін табу ғана емес, өндіріс немесе айналым шығындарына амортизацияны қосу арқылы олардың құнын өтеу көздерін жасау болып табылады.
Материалдық емес активтер ұзақ уақыт бойы пайдаланылады және осы уақыт ішінде өз құндарын өнімге, амортизация есептеу арқылы көшіреді. Материалдық емес активтер бойынша бөлінетін аударымдар, олардың бастапқы құны мен пайдалы пайдалану мерзіміне байланысты есептелінген мөлшер (норма) бойынша анықталады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға 2720-2740 Материалдық емес активтердің амортизациясы бөлімшесінің шоттары арналған:
Бұл шоттар пассивті, реттеуші контрактивті. 2720-2740 - бөлімше шоттарының кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығын, ағымдағы айға есептелінген амортизацияны және есеп берілетін айдың соныңдағы амортизацияның қалдығын көрсетеді, ал дебеті бойынша -- материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығару (төмендету) көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп тұрады.
Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықтауы тиіс. Оларда тиімді пайдалану мерзімін қолдану негізді болуға тиіс:
а) пайдалану мерзімін анықтау мүмкіндігі бар материалдық емес активтер бойынша патенттер, лицензиялар және басқалар) оларды пайдалану мерзімі арнайы нұсқаумен анықталып патентте, лицензияда көрсетіледі - 1,5, 10, 15 жыл.
ә) пайдалану мерзімін көрсету мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша (ЭЕМ бағдарламалық жабдықтау, Фирма бағасы және басқалар), мұндай мерзім 10 жылдан аспайтын уақыт деп көрсетіледі.
б) қызмет ету мерзімі жарғысында көрсетілген кәсіпорындар сатып алған материалдық емес активтер бойынша тиімді пайдалану мерзімі ретінде а және ә пунктерінде көрсетілген мерзімдер алынады, бірақ олар кәсіпорын қызметінің мөлшерлі мерзімінен аспауға тиісті.
Материалдық емес активтер пайдалану мерзімінде кәсіпорынға белгілі бір мөлшерде табыс әкелуі тиіс. Кәсіпорын материалдық емес активтерден кіріс түсіріп отырғанда олар өз функциясын атқарады, ал керісінше болса балансты бұлдірушіге айналып, нақты емес, бұлдыр активтерді құрайды. Бұл аксиоманы өндірістік немесе айналымның шығындарына енгізілетін олардың амортизация сомаларын есептегенде ескерген жөн. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Активтердің рентабелділігі Таза табыс активтердің жалпы орташа құны
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының есебі
Негізгі құралдардың аудиті
Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Материалдық емес активтер аудиті туралы
«Шенгел и К» ЖШС
Пәндер