Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
1
Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік басқару органының қызмет аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5

6
5
1.1
Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2
Мекеменің бухгалтерия құрылымы мен шаруашылық жүргізу есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

9

2
Мемлекеттік органның меншікті капиталының құрамы мен қалыптасу көздерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
2.1
Мемлекеттік органның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ...
14
2.2
Мемлекеттік органның меншікті капиталы мен оның құрамын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

18

3
Мемлекеттік ұйымның капиталын бақылау және оның операциондық аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
29
Мазмұны

Кіріспе

Мен, есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті Эртаева Динара өндірістік іс-тәжірибемді Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік басқару органында өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, кәсіпорынның туралы материалдар жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибием біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтің міндетіне келесілер жатады:
-- құжаттардың уақытылы, дұрыс толтырылуын және болып жатқан операциялардың заңды екенін алдын ала тексеріп отыру. Қаржылық план бойынша міндеттемелердің негізінде берілген рұқсат шеңберінде міндеттемені қабылдауды бақылау;
-- жұмысшыларға, қызметкерлерге еңбек ақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға, мемлекеттік мекеме оқушыларына стипендияны есептеп, уақытылы беру;
-- ақша қаражатының, есептесулердің, материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізіп қатысу және түгендеудің нәтижесін уақтылы әрі дұрыс есепте көрсету;
-- құндылықтардың есебімен амандығына материалды жауапты тұлғаларға нұсқаулық (инструктаж) жүргізу;
-- бухгалтерлік есептілікті белгіленген уақытта құрып, көрсету;
-- қаржыландыру жоспарын және олардың есебін құрастырып, оны мемлекеттік мекеменің басшысымен (егер эклномикалық қызмет штабында қызметкер болмаған жағдайда) келісу;
-- активтердің, құндылығы аз және тез тозатын заттар мен басқада материалдық құндылықтардың бақылауын және бүтіндігін сақталынатын немесе қолданылатын жерінде қадағалау;
-- алғашқы құжатты, бухгалтерлік есептің регистрларын (электронды немесе парақтағы түрін), есептіліктің, есеп саясатының, есептік көрсеткіштердің электронды өңдеу программасын және оған тиісті есептілікті, сонымен қатар басқа құжаттарды сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мағлұматқа жапсыру.
Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің негізгі ережелеріне толығымен тоқталмас бұрын біз жалпы бухгалтерлік есеп не? деген сұраққа қысқаша тоқталып өтейік. Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастарға байланысты іс әрекеттерді сапалы түрде жүргізу мен мәліметтерді жан жақты қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпарат жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен мәліметтерді даярлайды. Сонымен бухгалтерлік есеп деп - ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Әр мекемелерде сол мекеменің көрсететін қызметіне, шұғылданатын жұмысына, орындалатын жұмыс көлеміне, есеп саясатына, мекеменің түріне және тағы сол сияқты ерекшеліктеріне байланысты бухгалтерлік есеп әр түрлі жүргізіледі. Біз тәжірибелік жұмысымыздың тақырыбын толығырақ ашу мақсатында әр түрлі мекемелердегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктері мен ережелеріне тоқталмай, нақты мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ережелеріне тоқталайық.
Біріншіден бюджеттік мекеме ұғымына тоқталсақ, өзінің аты айтып тұрғандай бұл мекемені қаржыландыру бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады, бұл мекеме мемлекет атынан (егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осыған уәкілетті болса) азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет мемлекеттік органдарды толық әрі нақты және шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасын қаржыландыру жоспарының орындалуын, мекемелермен, мемлекеттік мекемелермен есептесу жағдайын сонымен қатар, ақша қаражатының, материалдық құндылықтардың сақтығын бақылауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп жүйесі мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеме де бухгалтерлік есеп мекеменің бухгалтерлік қызметімен жүргізіледі, бұл қызмет мемлекеттік мекеменің өзбетінше жеке құрыламдық бөлімі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтерия болып табылады.
Бухгалтерлік қызметті, бухгалтерлік есебі мен есептілігі жоқ мемлекеттік мекемелерде бұл қызмет мекеме басшысы тағайындаған сәйкесінше маманмен жүргізілуі мүмкін. Мекеме басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауы тиіс. Құжаттар мен мәліметтерді тапсырып дайындау үшін бас бухгалтердің қойған талаптарын барлық бөлімшелер мен қызметкерлер бұлжытпай орындайтынын қамтамасыз ету. Бас бухгалтерді жұмыс орнына тағайындауды және жұмыс орнынан босатуды мемлекеттік мекеме басшысы жүзеге асырады. Бас бухгалтер тікелей мемлекеттік мекеме басшысына бағынады. Мемлекеттік мекемеге бас бухгалтер болып арнайы білімі бар тұлға тағайындалады. Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарына жүргізілген барлық шаруашылық операцияларды еңгізуді, оперативті ақпаратты көрсетуді, белгіленген уақытта бухгалтерлік есептілікті құрастыруды қамтамасыз етеді. Бас бухгалтерлер мекеме басшысымен банктік құжаттарға және ақша қаражатына, тауарлы материалдық құндылықтарға негіз болатын құжаттарға және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімдерге қол қояды.

1 Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік басқару органының қызмет аясы
1.1 Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау

2000 жылдардың ортасында Қазақстандағы әкімшілік реформаның негізі Good governance практикаларын бейімдеу және одан әрі енгізу болды. Good governance немесе Тиімді мемлекеттік басқару ұғымы барлық мемлекеттік ведомстволарды бюрократиялық тетік бөлігі ретінде емес, елдің дамуында түрлі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған жекелеген ұйымдар ретінде қарауды ескереді.
2007 жылы Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында негізгі даму міндеттерінің бірі ретінде жиынтықты және кәсіби Үкіметті құру мақсатында халықаралық практиканы ескере отырып, әкімшілік реформаны жеделдетілген өткізуді анықтады.
Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Жарлығында әкімшілік реформа басымдықтары нақтыланды: (1) мемлекеттік басқару процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін сапалы жетілдіру; (2) кәсібилікті, қызмет тиімділігін және мемлекеттік аппараттың үйлестірілуін арттыру.
Жарлыққа сәйкес тиімді мемлекеттік басқару жүйесі негіздерінің бірі мемлекеттік басқару органдарының тиімділігін кешенді бағалау болуы тиіс. Мемлекеттік аппарат жұмысының жеке бағалау жүйесін құру кезінде Қазақстан көптеген факторларды ескеру қажет болған. Мысалы, сол уақытта мемлекеттік органдарда сыртқы бағалау жүргізуде ешқандай тәжірибе және бағалау мәдениеті болмаған. Шенеуніктер бағалау - бұл жазалау қүралы емес екенін, оның міндеті жұмысты жақсарту екенін түсінбейтін. Басқа маңызды мәселе мемлекеттік орган жұмысының тиімділігі ұғымын анықтау болды: ол неден көрініс табады, алуан түрлі ведомстволардың тиімділігін қалай бағалау және салыстырылатын нәтижелерді қалай алу қажет? Халықаралық тәжірибеге жүргізілген талдау қорытындылары бойынша қазақстандық модель Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің қолданыстағы бағалау жүйелерінің негізінде жасалған.
Ресми түрде Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі 2010 жылы күшіне енді. Бағалау жүйесі жұмысының алғашқы жылында үш мемлекеттік органға ғана пилотты бағалау жүргізілген: Ақмола облысының әкімдігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Пилотты бағалаудан, әдіснаманы және бағалау рәсімдерін пысықтаудан кейін 2011 жылы 40 мемлекеттік орган бағаланды. Бүгінде 14 облыс әкімдігі, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ 15 орталық мемлекеттік орган (министрліктер және агенттік) бағаланып жатыр.
Өзінің жұмысының алты жылында бағалау тұтас жүйе ретінде қалыптасты: тұрақты бағалау кестесі және оған сәйкес келетін деректер ағындары құрылды, кешенді әдіснама әзірленді, барлық негізгі бағалау рәсімдері қалыптасты: қорытынды жасаудан, нәтижелерге шағымданудан бастап оларды талқылау мен әзірленген ұсынымдарды күшіне енгізгенге дейін (пост-аудит).
Бағалау жүйесінің әдіснамасы келесідей болып құрылады: Президенттің №954 Жарлығы әдіснаманың негізгі элементтерін анықтайды - Бағалау жүйесінің блоктарын және оның ішіндегі бағыттарды. Әр бағыт, мысалы, Персоналды басқару, Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы немесе Ашық үкімет - бұл мемлекеттік орган жұмысының жеке тиімділік көрсеткіші. Жекелеген түрде Әдіснама бағалаудың әр блогы бойынша Әдістемелерде критерийлер жиынтығын және есеп жүргізу тәртібін сипаттайды. Бағалау критерийлері өте серпінді: жыл сайын бағалау әдістемелеріне өзгерістер енгізіледі. Осылайша, мысалы, 2015 жылға қарай барлық мемлекеттік органдар 100% мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірледі және мұндай критерий бойынша бағалау тоқтатылды. Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылу дәрежесін (электрондық үлгіге аудару), мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру деңгейін (қызметті көрсету мерзімін және халықтан сұралатын құжаттар санын қысқарту) және т.б. бағалайтын жаңа критерийлер енгізілді. Ақпараттық технологияларды қолдану, олардың бір-бірімен интеграциясы мәселесінде де бағалау негізі өзгерді, ол да халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін қажет болады. 2016 жылға қарай ведомстволық ақпараттық жүйелер саны 274 бірлікті құрады және олардың бір-бірімен байланыс деңгейі 95%-ға жетті. Осыны ескере отырып, критерий де бағалаудан алып тасталды, енді негізгі басымдық оларды пайдалану сапасына аударылатын болады. Әдістемелердің мұндай жылжымалығы Бағалау жүйесін икемді етеді және мемлекеттік басқару саласындағы реформаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жалпы тұрғыдан Бағалау жүйесі әкімшілік реформаның жалпы прогресін байқатады. Алғашқы жылдары бағалаудың арқасында мемлекеттік органдар өзінің ішкі процестерін ретке келтірді. Мысалы, сол уақытта олардан стратегиялық жоспарларды енгізу талап етілді және өзінің критерийлері арқылы Бағалау жүйесі мемлекеттік орган стратегиялық жоспарды қаншалықты сапалы әзірлегенін және өзінің жұмысының көрсеткіштерін қаншалықты дұрыс жоспарлағанын және жыл қорытындылары бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейінің қандай екенін бағалай алатын. Персоналды басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық құжатайналымын енгізу, деректер базаларын интеграциялау және электрондық үкіметті дамыту рәсімдері бағаланатын. Яғни, өзінің критерийлері арқылы бұл Жүйе мемлекеттік органдарды жұмысын жақсартуға және онымен қоса мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі реформаларын қолдауға мәжбүрлейтін.
Осы жылы бағалау жаңа әдіснамалық модель бойынша жүргізілген. Жаңа модель көптеген рәсімдерді бағалаудан бас тартты және екі затқа шоғырланды: нәтижелерді бағалау және мемлекеттік басқарудың негізгі реформаларын қолдау. Бұл ретте мемлекеттік орган жұмысының нәтижесі белгілі бір стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсету ретінде қаралуы тиіс. Осы тұрғыдан бағалаудың екі негізгі блогы (1) Бюджеттік бағдарамалардың стратегиялық мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу, (2) Азаматтармен өзара іс-әрекет болды. Осы екі блок әр мемлекеттік орган үшін бағалаудың қорытынды балынан 45% береді. Мемлекеттік органның тиімді жұмысы мүмкін болмайтын негізгі процестік көрсеткіштер Ұйымдастырушылық даму блогында бағаланады және қорытынды балдан 10% береді.
Бірінші блок мемлекеттік орган жыл ішінде стратегиялық сипаттағы міндеттерге қалай қол жеткізгенін, бұл ретте бюджеттік бағдарламалар қаражатын қалай игергенін және пайдаланғанын бағалайды. Осы жылы алғаш рет барлық министрліктерде стратегиялық жоспарлау мақсаттары және бюджет арасындағы байланыс бағаланды. Мұдай байланысты орнату - бұл бюджет қаражатын жұмсау әсерін бағалау мүмкін болмаған жағдайда нәтижелі бюджетті енгізуде алғашқы маңызды қадам.
Азаматтармен өзара іс-әрекет екінші блогы мемлекеттік органдардың азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануын қолдайды. Мемлекеттік орган қызметтерді қаншалықты сапалы және мерзімінде көрсететіні, оның азаматтардың шағымдарын қаншалықты сапалы және толық қарайтынын және қанағаттандыратыны бағаланады, сондай-ақ мемлекеттік органның ашықтығы бойынша үлкен жұмыс көлемі бағаланады: ол қанша және қандай ашық деректерді жариялайтыны, азаматтармен диалогты қалай жасайтыны (сайт, блоктар, сауалнамалар, баспасөз-конференциялары), ол бюджеттік ақпаратты қаншалықты толық ашатыны және талқылау үшін заң жобаларын жариялайтыны. Бағалау шеңберінде жасырын сауалнама арқылы халыққа көрсетілген қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіледі.
Ұйымдастырушылық даму блогы мемлекеттік органның ұйым ретінде тиімділігін анықтайтын факторларды бағалайды, онда мемлекеттік органның персоналды бағалауы, сондай-ақ мемлекеттік орган өз жұмысында ақпараттық жүйелерді қаншалықты толық және тиімлі қолданатынын, олардың электрондық үкіметпен қаншалықты интеграцияланғанын бағалайды. Аталған блог шеңберінде мемлекеттік қызметкерлерге бірегей жасырын сауалнама жүргізіледі, оларға жүктеме деңгейі, еңбек шарттары мен еңбепк ақыға қанағаттандырылуы, мемлекеттік органдағы ынталандыру мен басқарушылық практикалар туралы сұрақтар қойылады. Осы жылы сауалнама 27 000 мемлекеттік қызметкерді қамтыды, ал қазір сауалнаманы автоматтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр және жақын уақытта барлық мемлекеттік қызметкерлер бағалауға қатысатын болады.
Бағалаудың ең негізгі әсері мемлекеттік органдар үшін нақты тиімділік картасын көру және өзін басқа мемлекеттік органдармен салыстыру мүмкіндігі пайда болатынын айтуға болады. Бәсекелестіктің мұндай элементі көптеген бағаланатын министрліктер мен әкімдіктер үшін мәселелерді шешуде және жұмысты оңтайландыруда жақсы ынта бола алады. Сондай-ақ бағалау - бір реттік компания емес екенін, оның жыл сайын өткізілетінін ескеру болатын нәрсе және оның нақты критерийлер бойынша жақсы тәртіптік нәтиже беретінін түсінген жөн.
Әлдеқайда жоғары деңгейде Бағалау жүйесі реформаларды қолдауға және оларды іске асыру процесін тексеруге мүмкіндік береді. Бұрын аталған реформа мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жүргізілетін. 2013 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңды қабылдаған сәттен бастап мемлекет өзі үшін қызмет берушінің жаңа рөлін анықтады. Аталған салада көп қиындық болды: қызмет көрсету көп уақытты алды, халықтан қағаз түрінде көп құжат талап етілді, көрсетілу мерзімі ұзаққа созылды. Бұл ретте көптеген мемлекеттік қызметтер құрылымданбаған, оларды көрсетудің нақты стандарттары көрсетілмеген, көрсетілу мерзімі мен орындаушылар айқындалмаған.
Осы мәселелердің барлығы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бағалау әдіснамасының негізін құрады: қызметтерді Тізілімге енгізгеннен, стандарттарды әзірлегеннен, автоматтандырудан және оларды халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырудан бастап қызметтерді көрсетуге қажетті мерзімдер мен құжаттарды есептегенге дейін. Қазір бағалау нәтижелері мемлекеттік органдар жасаған ауқымды жұмысты байқатады. 2016 жылы Тізілімге енгізілген және мемлекеттік дәрежесіне ие болған көрсетілетін қызметтер саны 3 есе артты (бүгінде олар 723). Тізілімнің әр мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша стандарттар мен регламенттер қабылданды. Мемлекеттік қызметтің 414 түрі автоматтандырылған және электрондық үлгіде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер түрлерінің 75% (Тізілім бойынша 723-тің 548-і) халыққа Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы және ХҚКО-лар арқылы қолжетімді болды. Ал 7 жылда мемлекеттік қызметтерді көрсету саны 46 есе азайды (494,6-дан 10,7 мыңға дейін).
Жалпы, Бағалау жүйесі бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік басқаруды жаңғыртудан әсерді азаматтар өтініштері мен шағымдарының қарапайым көрсеткіші арқылы айқындауға болады. 2007 жылы мемлекеттік органдарға азаматтардан 23 млн-нан астам өтініш пен шағым келіп түсті. Әкімшілік реформаны іск асыру шамасына қарай азаматтар өтініштерінің саны 2013 жылы 2 есе (10,8 млн-ға дейін), ал 2016 жылы 18 есе (23-тен 1,3 млн-ға дейін) азайды.
Қазіргі уақытта Бағалау жүйесі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру реформасын белсенді қолдайды. Ол үшін бірқатар критерийлер әзірленген: бюджеттік бағдарламалар жобаларын және оларды іске асыру туралы есептерді жариялау кезінде мемлекеттік органдардың белсенділігі; жалпы талқылауға арналған нормативтік-құқықтық актілердің жобалары; қызметінің тиімділігі туралы айқындайтын статистикалық ақпарат. Кері байланыс сапасы да қосымша бағаланады: азаматтар тарапынан қандай да бір деректер сұранымдарына жауаптар, мемлекеттік органдар басшыларының блогындағы шағымдарға әрекет ету. 2016 жылғы қорытындылар бойынша мемлекеттік органдарға жұмыста ашықтыққа қол жеткізу үшін көп жұмыс жасау қажет, бұл ретте Бағалау жүйесінің алдында жаңа күрделі міндет тұр.

1.2 Мекеменің бухгалтерия құрылымы мен шаруашылық жүргізу есебі

Мемлекеттік мекеме Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты бухгалтерлік есебі - Бухгалтерлік есеп департаментімен іске асырылады. Департамент компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің есебін жүргізеді және қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты толық және анық беруді қамтамасыз етеді. Департаменттің негізгі мақсаты - компанияның есеп және салық саясатын жасап, оларды жүзеге асыруға шараларды әзірлеу. Компанияның бухгалтерлік есебі 1с-бухгалтерия компьютерлік бағдарламасы арқылы жүргізіледі.

Схема-1. Бухгалтерлік есеп департаментінің құрылымы
Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры
Директордың орынбасары
Бас бухгалтер
Бас бухгалтердің орынбасары
Өндірістік бөлім
Қаржылық бөлім
Материалдық бөлім
Есеп айырысу бөлімі

Бухгалтерлік есеп департаментінің қызметтері:
бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру, қаржылық есептілікті жасау;
кірістердің түсуіне және қаржы ресурстарының дұрыс шығындалуына бақылау жасау;
ҚР-ның заңнамасына сәйкес статистикалық есептілікті толық және уақытылы тапсыру;
төлем құжаттарының заңға сәйкес, уақытылы және дұрыс әзірлеу;
бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және архивтік мекемелерге уақытылы тапсыру.
Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты ақша қаражаты өзіне кассадағы және банк шотындағы ақша қаражатын қосады. Ақша қаражаты баланста бастапқы құны бойынша есепке алынады. Касса операцияларын жүргізу ақша қаражаттары операцияларын жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Кассир есебін күнде жасайды. Қоғамның банкте есептік және валюталық шоттары бар.
Касса ордерлері кассадағы ақшалай операциялар бойынша бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма-қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша, қолма-қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша жүргізіледі.
Есеп беруге міндетті тұлғалармен есеп айырысу кезінде аванстық есеп толтырылады, ол келесі мерзімде тапсырылады: қызмет бабындағы іссапар - келгеннен кейін 5 күн ішінде;басқа да мақсаттарға - 15 күн. Қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар 1-бөлімнің 1200 кіші бөлімінің 1250 шоты бойынша жүргізіледі.
Компанияның ақша қаражатын есепке алу үшін 1-бөлімнің 1000 кіші бөлімінің 1010-1060 шоттары арналған.

Кесте - 1. Ақша қаражаттар есебінің шаруашылық операциялары:


Операция мазмұны
Σ
Дебит
Кредит
1
Сатып алған компьютер үшін жабдықтаушы компанияның шотына ақша аударылды
155000
3310
1030
2
Сатып алған компьютер үшін жабдықтаушының шотына ақша аударылды
112320
3310
1030
3
Есеп беруші тұлғаға әкімшілік мақсатта кассадан ақша берілді
70000
1250
1010
4
Есеп беруші тұлғаның қолданылмаған ақша сомасы кассаға кірістелді
5500
1010
1250

Қосымша құжаттар: Төлем тапсырмасы; Шығыс кассалық ордер; Кіріс кассалық ордер; Аванстық есеп.
Әкімшіліктің негізгі құралдар (НҚ) есебі Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар 16-шы ХҚЕС-ке (IAS)сәйкес жүргізіледі.
НҚ-ны қабылдау-тапсыру Ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беру актісімен (ҰМА-1) рәсімделеді. Акт негізінде бухгалтерияда, мүліктік карточка ашылып, НҚ-ның талдамалы есебі жүргізіледі. Толтырылған мүліктік карточкалар Ұзақ мерзімді активтерді есепке алудың түгендеу карточкасында (ҰМА-2) тіркеледі. Істен шыққан НҚ бойынша категорияларды Ұзақ мерзімді активтерді істен шығару(есептен шығару) актісі (ҰМА-3) тіркеуге қояды.
Әкімшіліктің негізгі құралдарының шаруашылық операцияларын жүргізуге арналған шоттары: 2-бөлімнің 2400 кіші бөлім, 2410-2430 шоттары.
Мысалы, бастапқы құны 450 000 теңгеге тең, пайдалы қолдану мерзімі 10 жылды құрайтын, компанияның компьютеріне амортизацияны есептеу:

Кесте - 2. Кәсіпорынның амортизациясын есептеу

Жылдар
Компьютер құны
Амортизациялық норма
Есептелген амортизация сомасы

жыл
Ай
1
450 000
15%
67500
5625
2
382 500
15%
57375
4781
3
325 125
15%
48768
4064
4
276 357
15%
41453
3454
5
234 904
15%
35235
2936
6
199 669
15%
29950
2495
7
169719
15%
25457
2121
8
144262
15%
21639
1803
9
122623
15%
18393
1532
10
104230
15%
15634
1302
Барлығы
2409389
х
634242
Х

Жалпы 10 жылдың ішінде сатып алынған компьютерге 634 242 теңге амортизация сомасы аударылады.

Кесте - 3. Кәсіпорынның негізгі құралдарының амортизациясының шоттық есебі


Операция мазмұны
Σ
Дебит
Кредит
1
Жабдықтаушы компаниядан компьютер сатып алынды
450000
2410
3310
2
Сатып алған компьютер үшін жабдықтаушы компанияға ҚҚС есептелінді
54000
1420
3310
3
Жабдықтаушы компанияның шотына ақша аударылды
504000
3310
1030
4
Компьютер үшін есептелген айлық амортизация сомасы
5625
7210
2420

Әкімшіліктің негізгі құралдарына амортизация құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі арқылы есептелінеді. Бастапқы құн мен қалдық құны айырмасы объектісінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың соңына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Компанияның амортизациялық аударымдарын есептегенде жойылу құны нөлге теңестіріледі.
Мысалы, бастапқы құны 300 000 теңге, жойылу құны 0 теңге, қызмет ету мерзімі 6 жылға тең компанияның компьютеріне амортизацияны есептеу:
Амортизация сомасы=Бастапқы құн-жойылу құнықызмет ету мерзімі=300000-06=
=50000 теңге жылына
Амортизация сомасы=300000-06x12=30000072=4166те ңге (айына)
50000 12 = 4166 теңге
Мекеменің компьютеріне жыл сайын 50 000 теңге, ал ай сайын 4166 теңге амортизация сомасы аударылады.

Кесте - 4. Шаруашылық операциялар


Операция мазмұны
Σ
Дебит
Кредит
1
Жабдықтаушыдан компьютер сатып алынды
300000
2410
3310
2
Сатып алған компьютер үшін жабдықтаушыға ҚҚС есептелінді
36000
1420
3310
3
Жабдықтаушының шотына ақша аударылды
336000
3310
1030
4
Компьютер үшін есептелген айлық амортизация сомасы
4166
7210
2420

Әкімшіліктің материалдық емес активтер (МЕА) есебі Материалдық емес активтер 38-ші ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес жүргізіледі. МЕА-ны пайдалы қолдану мерзімі, қоғамның МАЕ-ны пайдалану кезінде табатын болашақ экономикалық пайдамен анықталады, ол 7 жылдан аспау керек.МЕА-ны есепке алу: 2-бөлім, 2700 кіші бөлімнің 2710-2750 шоттары арқылы жүргізіледі.МЕА-ның амортизациясын есептеу үшін, компания құнды бірқалыпты есептен шығару әдісін қолданады.

Кесте - 5 . Шаруашылық операциялар


Операция мазмұны
Σ
Дебит
Кредит
1
Е-лицензиялау мекемесінен өнімді экспорттау лицензиясы сатып алынды
350000
2730
3310
2
Сатып алған лицензия үшін жабдықтаушы мекемеге ҚҚС есептелінді
42000
1420
3310
3
Жабдықтаушымекеменің шотынаақша аударылды
392000
3310
1030
4
Лицензия үшін есептелген айлық амортизация
3645
7210
2740

Мысалы, экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттау лицензиясының бастапқы құны 350 000 теңге, жойылу құны 0 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі 8 жыл.
Амортизация сомасы=Бастапқы құн-жойылу құнықызмет ету мерзімі=350 000-08=
=43750 теңге жылына
Амортизация сомасы=350000-08x12=35000096=3645 теңге (айына)
43750 12 = 3645 теңге

2 Мемлекеттік органның меншікті капиталының құрамы мен қалыптасу көздерін талдау
2.1 Мемлекеттік органның қаржылық жағдайын талдау

Ұйымдағы қаржылық талдаудың негізгі мақсаты компаниялардың табысы мен шығынының, активтер мен пассивтердің құрылымындағы өзгерістерді, дебиторлар мен кредиторлармен есептесудің нақты бейнесін сипаттайтын, ( едәуір ақпаратты) негізгі кіші параметрлі санды алу болып табылады, бұнымен бірге, аналитик пен басқарушы (менеджер) компанияның ағымдағы қаржылық жағдайы, оның болашағы мен күтілетін қаржылық нәтижеге мүдделері бар.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Қаржылық нәтиже - табыс түрінде көрінген компанияның шаруашылық қызметінің экономикалық қорытындысы. Табыс - кәсіпорынның бүкіл ұжымының қызметін сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Өндірістік компанияларда табыс өнімнің сатылу процесінде және толық өзіндік құнын қайтару негізінде пайда болады. Компанияның шаруашылық есеп қызметінің негізінде табыс жатыр. Ол екі маңызды қызметті орындайды:
1) компания қызметінің соңғы қаржылық нәтижелерін, ақшалай қорларының көлемін сипаттайды. Табыстың көлемі сатылған өнімінің, ақша көлеміне, өнім сапасына ( марапаттау үстемелері), негізгі қорларды тиімді және нәтижелі қолдану, материалды және еңбек қорлары ( өзіндік құнының төмендеуі), компания жұмысының сапасынан ( жабдықтаушылар, сатып алушылар, банк алдында міндеттердің орындалуы);
2) табыс компанияның өндірістік және әлеуметтік даму шығындарын қаржылауының негізгі көзі болып табылады, ал бюджетке табыстан- мемлекеттік бюджеттің табыстың маңызды элементі болып табылады. Компанияның табысы тек қаржылық қажеттікті ғана емес, тұтынудың қоғамдық қорларын, ғылымның дамуын, денсаулық сақтау, білім беру, елді қорғауды қамтамасыз ету қажет. Алдын ала бекітілген мөлшерлеме арқылы табысының бір бөлігін мемлекетке бөледі, осыдан компанияның қаржылық қарым-қатынасы пайда болады; бюджетпен және құрылтайшылармен.
Қызмет көрсетуден түскен табыстың өзгеруімен қатар қызмет көрсетуден түсетін пайда да өзгереді.
Компанияның бухгалтерлік есебі оның қаржылық - шаруашылық іскерлік көзі негізінде іске асырады. Бухгалтерлік есептің жан-жақты және түбегейлі оқылуы қол жеткен сәттіліктер көзін ашады, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының қиыншылықтарын, оның іскерлік жолына түсуге көмектеседі. Есептің мұндай талдауы жеке меншігіндегі және акционерлерге, сонымен қатар компания басшылығына керекті қаржылық-шаруашылық істерді бағалауға қажет. Ережеге сәйкес, бухгалтерлік баланс компанияның қаржылық жағдайын мәлімдейді. Шаруашылықтың иелігінде орналасқан баланстың активі компанияның мүліктік жағына, материалдық бағалымдардың құрамы мен жағдайына мінездеме береді
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Кесте-6.Мекеменің 2017-2018 жылдар аралығындағы қаржыландыру көздерінің құрамын салыстырмалы талдау

Көрсеткіштер
2017 ж
2018 ж
Ауытқу , +-

Мың теңге
Мың теңге
2018 ж-дан 2017 ж

Мың теңге
%
1
2
3
4
5
Қызмет көрсетуден түскен табыс
44408045
54793163
10385118
23,39
Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
-31447356
-39581302
-8133946
25,87
Жалпы табыс
12960689
15211861
2251172
17,37
Жалпы және әкімшілік шығындар
-4870035
-6332179
-1462144
30,02
Сату бойынша шығындар
-22384
-156142
-133758
597,56
Депозиттер мен ағымдағы есептер бойынша пайыз және облигациялар бойынша купондар түріндегі табыс
2162572
1699050
-463522
-21,43
Қаржылық шығыстар
-2124818
-2102170
22648
-1,07
Негізгі жұмыстан түскен табыс
7904568
8320420
415852
5,26
Басқа да табыстар
2295977
3192829
896852
39,06
Басқа шығыстар
-1353869
-2119754
-765885
56,57
Бағамдық айырмашылық бойынша табыстар
368557
1306839
938282
254,58
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
1310665
2379914
1069249
81,58

1
2
3
4
5
Табыс салығын есепке алғанға дейінгі табыс
9215233
10700334
1485101
16,12
Табыс салығы бойынша шығыстар
-3419211
-2878089
541122
-15,83
Жыл бойынша пайда
5796022
7822245
2026223
34,96
Табыс салығын алып тастағанда басқа да жиынтық залалдар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік органдардың тиімділігі
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
Мемлекеттік қызметті бағалау жүйесін қалыптастыру
Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
Шаруашылық қызметінің аудиті
Мемлекеттік қаржылық бақылау
Мемлекеттік басқару мен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің орнын көрсету
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің тиімділігі мен әкімшілік құқықтағы жағдайы
Мемлекеттік меншікті басқару
Пәндер