Кәсіпорынның қарыз капиталы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
ЖК Каримжанова А.К ұйымының жалпы сипаттамасы және қаржылық тұрақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1
ЖК Каримжанова А.К ұйымының нарықтағы үлесі және меншікті капиталын қалыптастыру көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2
Тұтынушылық нарықты саралау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
2
ЖК Каримжанова А.К ұйымының қаржылық шаруашылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
2.1
Ұйымның негізгі құралдарының есебін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
13
2.2
Ұйымның негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін талдау ... ...
17
3
ЖК Каримжанова А.К кәсіпорынының еңбек құралдарын пайдалануы және динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
27
Мазмұны
Кіріспе
Мен, есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті Сарбас Диана өндірістік іс-тәжірибемді ЖК Каримжанова А.К фармацевтикалық компаниясында өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, кәсіпорын туралы мәліметтер жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибием біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.
Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты - ЖК Каримжанова А.К кәсіпорыны туралы теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу.
ЖК Каримжанова А.К ұйымында басқада еңбек қызметіне сияқты, тұтынушыға қызмет көрсетуге нақты ұйымдастыру принциптері тән:
- төлеуге қаблетті халықтың қызметке деген қажеттілігін толық қанағаттандыру;
- тұтынушыларға қызметті максималды жақындату;
- тапсырыс берушіге, оның жеке талаптарына, талғамы мен сұранысына назар аударуды арттыру;
- қызметті пайдалану кезінде тапсырыс берушіге ыңғайлы жағдайлар жасау;
- тұтынушыларға қызметті аз шығынмен жеткізу.
Тәжірибеде мұндай принциптерді іске асыру ретінде келесі мәселелерді шешуге бағытталған, іс-шаралар жиынтығы түсіндірілуі керек:
Қызметтерді көрсету көлемін арттыру және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту.
Тапсырысты орындау сапасын жетілдіру.
Қызмет көрсетудің прогрессивті түрлерін енгізу арқылы тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру.
Қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру.
Қызметтерге баға қоюды жетілдіру.
Қызметтерге деген сұраныстың локальді сипаты қызмет көрсету аймағының ерекшеліктері мен нақты жағдайларын есепке ала отырып, қызметті тұтыну орындарында сервистік кәсіпорындарын орыналасуына міндеттейді.
Территорияда кәсіпорындардың рационалды орыналасу принциптеріне жатады:
- қызметті тұтынушыларға максималды жақындау;
- қызметтерді көрсетуде өндірістік ресурстардың минималды шығындарына қол жеткізу.
Жұмыс режимі - кәсіпорынның қызмет етуінің бекітілген уақыты: аптадағы жұмыс орындарының саны, кезектердің ұзақтылығы мен саны, түскі асқа және кезек арасындағы үзілістер.
Дұрыс бекітілген, халыққа ыңғайлы болатын кәсіпорынның және қабылдау жүйесінің жұмыс уақыты, бірінші кезекте, жұмыс уақытынан тыс тапсырыс берушілердің келулерін қамтамасыз ету кепілдігін беруі керек.
Тұтынушыларды тарту кезінде, маңызды рөлді сервистік кәсіпорындардың тапсырыстарды орындау мерзімдірін сақтау қасиеті ойнайды.
Тапсырысты уақыттылы орындау тапсырыс берушінің тағы бір мәрте келуге кететін уақыт шығынын болдырмайды.
Сонымен қатар, тұтынушыларға қызмет көрсету режелері, олардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпараттарды беру керек.
Қоғамдық өндіріс - салаларда пайданылатын технологиялар жиынтығымен сипатталады. Саланы, өз кезегінде, пайдаланудың түрлі интенсивтілігі бар біртекті технологиялар жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Сала халықтық шаруашылықта өзара тығыз байланысты блоктар (кешендер) құруда, технологиялар біршама ірі жүйелерге бірігеді. Мұндай жүйелер, біреулер үшін технологиялар өндірістің өнімі (қалдықтары) ретінде болатын, ал келесілер үшін ресурстар болып келетін, өндіріс құралдарының ағымдары ретінде іштей біріккен.
1. ЖК Каримжанова А.К ұйымының жалпы сипаттамасы және қаржылық тұрақтылығы
1.1 ЖК Каримжанова А.К ұйымының нарықтағы үлесі және меншікті капиталын қалыптастыру көздері
ЖК Каримжанова А.К ұйымы Қазақстан нарығындағы құрылыс саласында қызмет көрсетумен айналысатын ең беделді компаниялардың бірі.
ЖК Каримжанова А.К корпоративтік басқару жүйесін дамыту деңгейі, Standard & Poor's корпоративтік басқару рейтингісінің қызметі берген GAMMA-5 деңгейіндегі рейтингті көрсетеді.
Бұл ретте Компанияның жеке капиталды тарту жөніндегі жоспарларын ескере отырып және корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдірудің құнын құрудың әлеуетін іске асыру Компанияның аса маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.
Корпоративтік басқару деңгейін арттыру Акционер мен барлық мүдделі адамдардың мүдделерін сақтай отырып, барынша пайда алуды қамтамасыз етеді, электр энергетикалық секторды, қор нарығы мен тұтастай алғанда, экономиканы дамытуға мүмкіндік береді.
Алға қойылған міндеттерді шешудің негізгі бағыттары:
oo корпоративтік басқару рейтингісін арттыру;
oo мемлекеттік бизнес субъектілерін корпоративтік басқару жөніндегі құзыреттіліктер орталығының деңгейіне қол жеткізу;
oo тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;
oo Компанияның ұйымдық құрылымын оңтайландыру;
oo дамытуды ынталандыратын процестерді өзінен өзі реттеуді қамтамасыз ететін корпоративтік мәденеиетті қалыптастыру;
oo корпоративтік интернет-сайтты жаңғырту және интернет-порталды құру;
oo тиімділікті бағалау жүйесін енгізу мен дамыту, персоналды мотивациялау, оның ішінде материалдық емес ынталандыру жүйесін дамыту;
oo Компанияның имиджіне қойылатын талаптарды (brand-book құру) бір жүйеге келтіру;
oo жаңа кеңсені салу болып табылады.
Капитал-қаржы ішіндегі ең жиі қолданылытын экономикалық категория болып табылады. Кәсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі базасы бола тұрып, кәсіпорын өзінінің қызметі кезінде жұмысшылылардың мемлекеттің қызығушылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық менеджментте кәсіпорынның капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық емес, ақшалай формададағы қордың жалпы құнын сипаттайды.
Кәсіпорын капиталының экономикалық мағынасын қарастыра келе оған мынадай сипаттама береді:
кәсіпорынның капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады;
капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын сипаттайды;
капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайларын құрудың негізгі көзі болып табылады;
кәсіпорынның капиталы,оның нарықтағы құнының өлшемі;
кәсіпорындағы капиталдың динамикасы шаруашылық қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызыды барометрі болып табылады.
Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы қаржылық, инвестициялық қызметіндегі аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің тиімділік коэффицентіне, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық коэффицентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық сипатанының қатынасын құрайды.
Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдерімен принциптерінің жүйесін көрсетеді.
Кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болады. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиытығы кәсіпорынның меншікті капиталы болып саналады.
Кесте-1. ЖК Каримжанова А.К ұйымының капиталының құрылымы
Көрсеткіштер
Негізгі капитал
Айналым капиталы
Кәсіпорынның
меншік капиталы
Негізгі қаражаттар
Негізгі қор
Өндірістік айналым қоры
Айналыс қоры
Кәсіпорынның қарыз капиталы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Капитал мына белгі бойынша жіктеледі:
1. Компанияның тиесілігі бойынша меншікті және қарыз капиталы болады. Меншікті капитал дегеніміз - бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншігінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады. Меншікті капитал кәсіпорынға меншік құқығында тиесілі және активтің айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады. Қарыз капитал бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылады.
Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.
2. Капитал қолдану саласына қарай өндірістік, сауда, қаржылық болып бөлінеді.Табыс капиталдың иесі басынан кешірген тәуекел үшін табиғи марапат ретінде қарастырылады. Табыстың екі өлшем айқындағышы бар. Бұл категорияның абсолютті көрсеткіші-табыс массасы, салыстырмалы корсеткіші-табыс нормасы.Табыс массасы бұл оның ақшалай түрдегі нақты көлемі,ал табыс нормасы дегеніміз-табыстың пайыз түріндегі авансталған капиталға арақатысты
3. Капитал пайдалану мақсаты бойынша өндірістік, несиелік және жалдаптық болып бөлінеді. Жалдаптық капитал болып бөлінеді. Жалдаптық капитал қайталама қор нарығында айналымдағы акцияның құны әжептәуір көтерілуі салдарынан пайда болады. Жалдаптық операция барынша жоғары кіріс (пайда) табу үшін жасалады. Өндірістік капитал кәсіпорынның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды.
4. Инвестициялау нысыны бойынша шаруашылық серіктестік пен қоғамның жарғылық (қойма) капиталын қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақшалай, материалдық және материалдық емес нысанындағы капитал болады.
5. Капитал инвестициялау обьектісі бойынша негізгі және айналым капиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал айналымнан тыс капиталдың барлық түріне (материалдық және материалдық емес ) салынады, ал айналым капиталы өтімділік дәрежесі әртүрлі айналым активіне (запас, дебиторлық берешек, қаржы салымы мен ақшалай аражат ) салынады.
6. Меншік нысаны бойынша мемлекеттік, жеке меншік және аралас капитал болады.
7. Қызметтің ұйымдастыру құқықтық нысаны бойынша акционерлік нысаны бойынша акционерлік, үлестік, (қойма) және отбасы шаруашылығына тиесілі жеке капитал болады.
8. Капитал өндірістік процесте қатысу бойынша қолданыстағы және әрекетсіз (жөндеудегі, резевтегі, консервациядағы, аяқталмаған, құрылыстағы негізгі құрал - жабық ).
9. Меншік иесінің пайдалану сипаты бойынша тұтынылатын және жинақталынатын капитал болады. Тұтытынылатын капиталға дивиденд және әлеуметтік сипаттағы басқа да төлемге жұмсалатын сома жатады. Қайта инвестицияланатын капиталға есепті және өткен жылдың бөлінбеген пайдасы жатады.
10. Ел экономикасына тарту көзі бойынша - отандық және шетелдік капитал болады.
Cурет-1. ЖК Каримжанова А.К ұйымының меншікті капиталын қалыптастыру көздері
Компанияның меншікті қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Ішкі көздер
Компанияның қарамағындағы таза пайда
Меншікті негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді пайдаланудан алынған амортизациялық аударымдар
Меншікті капиталды қалыптастыратын басқа да ішкі көздер
Сыртқы көздер
Қосымша акционерлік капитал тарту арқылы
Қайтарымсыз қаржылық көмек алу
Меншікті капиталды қалыптастыратын басқа да сыртқы көздер
Кез келген, қандай ұйымдық үлгіде болмасын меншікті капитал үш көзден:
1. Кәсіпкерлік әрекеттерді бастау мен қалыптастыру және пайда табу мақсатында меншк иелерінің, акционерлердің және серіктестік мүшелерінің құрылған осы ұйымға, өздерінің жинақтаған ақшаларын және ақша қаражаттарына тән мүліктер мен құндылықтар құнын жарна түрінде салудан;
2. Ұйымның қаржы айналысына қалдырылған, дивиденттер төлеуге жұмсалмаған, жаңа активтер құру үшін капиталданған пайдадан;
3. Мақсатты қаржыландыру мақсатында мемлекттен, қоғамдық және жеке тұлғалардан жәрдем көрсету сапасында тегін алынған мүліктер немесе ақша қаражаттарынан қалыптасады.
Меншікті капиталдың ерекшелігі болып - оның шаруашылық субъектінің активтерінің қайнар көзі ретіндегі ролі болатындығы саналады, сондықтан да сезілмейді (оны қолмен ұстап көруге болмайды). Меншікті капиталға жататындар: жарғылық, қосымша, төленген және қосымша төленбеген капитал, резервтік, бөлінбеген табыс (зиян). Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.
Cурет-2. ЖК Каримжанова А.К кәсіпорынының меншікті капиталының құрамы
Меншікті капитал
Акционерлік капитал
Салынған капитал
Артықшылығы бар капитал
Жай акциялар
Қосымша төленген капитал
Бөлінбеген пайда
Резервтік капитал
Қосымша капитал
Негізгі құралдарды қайта бағалау
Инвестицияны қайта бағалау
Меншік капиталды шоғырландыру деңгейі. Кәсіпорынды басқаруға қаржылық бақылауды сақтап қалу үшін (акциялардың бақылау пакетін немесе пай салымының бақылау пакетін), кәсіпорындардың иегерлері сыртқы көздерден қосымша жеке капиталды тартпайды. Кәсіпорынды басқаруға қаржылық бақылауды сақтау бұл жағдайда - қарыздық қаржылар есебінен қосымша капиталды қалыптастыру өлшемі. Бірақ капиталдың оңтайлы құрылымын қалыптастыру мәселесі (тіпті оның болу фактісі!) қаржылық теориядағы ең күрделісі болып келеді.
Қазіргі уақытта фирманың құнына капитал құрылымының рөлі мен ықпалына әр түрлі көзқарастар бар:
Модильяни - Миллер теориясы (ММ);
дәстүрлі амал;
ымырашыл модельдері (статистикалық тепе-теңдік теориясы);
симметриялық емес ақпарат модельдері (үлгілері).
1.2 Тұтынушылық нарықты саралау жолдары
Нарық сатып алушылардан тұрады, ал сатып алушылар бір-бірінен ең алуан параметрлері бойынша ерекшеленеді. Қажеттіліктер, ресурстар, географиялық орны, сатып алушы қатынастары және әдеттер әр түрлі болуы мүмкін. Және осы айнымалылардың кез келгенін рынокты саралау үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Рынокты саралау әр түрлі анықталуы мүмкін, бірақ шын мәнінде - бұл ерекше түрде, рыноктың ерекшеленген бөлігі, өнімдерді тұтынушылар немесе анықталған жалпы белгілерді меңгерген кәсіпорындар тобы. Нарықтық қызмет барысында әрбір компания өзі үшін рыноктың аса тартымды сараланымдарын айқындау керек. Алайда сатушылар бұл практиканы үнемі ұстанбаған. Олардың көзқарастары 3 кезеңнен өтті:
1. Көпшілік маркетинг. Көпшілік маркетинг кезінде сатушылар жаппай өндірумен, жаппай үлестірумен, барлық сатып алушылар үшін сол және бір өнімді бірден жаппай өткізумен айналысады.
Көпшілік маркетинг пайдасына негізгі дәлелдеме мынадан тұрады: мұндай ыңғай кезінде өндіріс шығындары және бағалар максимум төмендеуі және максимум үлкен потенциалды рынок қалыптасуы керек.
2. Тіректі-сараланған маркетинг. Бұл жағдайда сатушы әр түрлі қасиеттері бар, әр түрлі сапалы екі немесе бірнеше тауар өндіреді. Сатушының басты мақсаты - сатып алушы үшін алуан түрлілік.
3. Желілік маркетинг. Бұл жағдайда сатушы рынок сараланымдарының арасында шектеу жүргізеді, олардың біреуін немесе бірнешеуін таңдайды және маркетинг кешенін әзірлейді. Және де рынокты саралау, сөзсіз, маркетингтің маңызды құралдарының бірі. Рынок сараланымының қаншалықты дұрыс таңдалғанына, көбінесе кәсіпорынның бәсекелік күрестегі табысы байланысты болады. Бірақ кез келген жағдайда, сараланымды қандай критерийлері мен белгілері бойынша жүргізуге болатынын білу керек.
Кесте-2. ЖК Каримжанова А.К кәсіпорынының мақсаттық маркетинг бөлімі 3 негізгі шараның өткізілуін талап етеді
Рынокты саралау
Рыноктың мақсаттық сараланымдарын таңдау
Рыноктағы тауарды бағ-дарлау
1. Рынокты саралау принциптерін анықтау
2. Алынған сарала-нымдар бейіндерін құрастыру
3. Алынған сарала-нымдардың тартым-дылығы дәрежесін бағалау.
4. Бір немесе бір-неше сараланымды таңдау
5. Мақсаттық сараланым-дардың әрқайсысында тау-арларды бағдарлау туралы шешім.
6. Әрбір мақсаттық сара-ланым үшін маркетинг ке-шенін әзірлеу
Рынокты саралаудың қандай да бір бірыңғай әдісі жоқ, рынок қызметкері саралау кезінде аса қолайлы тәсілді іздеп табуға тырысып, әр түрлі айнымалы, бір немесе бірден бірнеше параметрлер негізінде саралау нұсқаларын сынап көруі қажет.
Тұтынушылар тауарларын саралаудың негізгі принциптеріне: географиялық; психографиялық, тәртіптік, демографиялық принциптер жатады.
Өнеркәсіптік мақсатты тауарлар рыноктарын (ӨНТР) саралау үшін негіз ретінде тауарларды тұтынушылар саралау кезінде пайдаланылатынайнымалылардың бір бөлігін пайдалануға болады.
ӨНТР саралау негіздері: тауарларды тұтынушылардың алуан түрлілігі, тапсырушының салмақтылығы, сапаның алыстағандығы және жеткізілетін өнімнің бағасы және т.б. болып табылады. Өнеркәсіптік фирмалар бірнеше айнымалыны бір мезгілде саралау үшін оларды қолдана отырып, өз мақсаттық рыноктарының мүмкіндіктерін бағалайды. Рыноктағы тауарларды бағдарлауға тауарға рынокта бәсекеге қабілетті орынды қамтамасыз ету және маркетингтің сәйкес кешенін әзірлеу бойынша әрекеттер кіреді.
Қандай сараланымда сөйлеу керектігін шешіп, фирма бұл сегментке қалай өту керектігін шешу керек. Егер сегмент қалыптасса, ендеше, онда бәсекелестер бар. Сонымен бірге, бәсекелестер сараланым шеңберінде өз позицияларын иеленді. Және меншікті бағдарлау туралы мәселені шешуден бұрын, фирма барлық бәсекелестердің бағдарларын анықтауы қажет. Бәсекелестердің бағдарларын зерделеп, фирма бәсекелестерінің бірінің бағдарына жақын орынды иелену керек пе немесе рынокта айқындалған шығынды толтыруға тырысу керек пе екендігін шешеді. Егер фирма бәсекелестерінің біреуімен қатар бағдарды иеленсе, ол тауар, оның бағасы және сапалық ерекшеліктері есебінен өзінің ұсынысын саралау керек. Дәл бағдарлау туралы шешім фирмаға келесі кезеңге, атап айтқанда маркетинг кешенін тәптіштеп жоспарлауға кірісуге мүмкіндік береді.
Саралау негізінде таңдалған тауар өндіруші үшін аса маңызды және перспективалы тауар рыногының сараланымын мақсатты рынок (немесе базистікрынок) деп аатйды.
Маркетингтің теориясы мен практикасы мақсатты рынокты қамтудың үш балама тәсілін иеленеді:
- көпшілік (сараланбаған) маркетинг;
- рынокты саралау (сараланған) маркетинг;
- рынокты көптік саралау (шоғырланған маркетинг).
Мақсатты рынокты қамтудың балама әдістерінің мәнін қарастырамыз.
А) Көпшілік маркетинг (КМ).
КМ - мақсатты рынокты қамту әдістерінің бірі, бұл кезде компания рынок сараланымдары арасындағы айырмашылықтарды елемей, рынок пен сатып алушыларға әсер ететін сол және бір маркетингтік құралдарды пайдалану арқылы бір тауармен (бір ұсыныспен) барлық рынокқа шығады.
Рынокты қамтудың алғашқы әдістерінің бірін - көпшілік маркетингті Генри Форд (Henry Ford) пайдаланды, ол алуан түрлі сатып алушылардың көп санына бір стандарттық модельді жасады және дұрыс бағамен сатты. Бастапқы Т модельдің нұсқалары болмады және сонымен маркетингтік стратегияны мәңгі есте сақтап, айрықша қара түспен шығарылды.
КМ тиімділігі тұтынушылардың көпшілігі ұсынылатын тауардың бірдей қасиеттерінде қажеттілікті керек еткенде аса жақсы сезіледі.
КМ стратегиясы жаппай өндірісті және жаппай жарнаманы пайдалануды, жалпыға танылған бір диапазонды, барлық рынокқа бағдарланған, бірыңғай маркетинг бағдаралмасын болжайды.
Рынокты толық қамту стратегиясын іске асыруға тек өте ірі өндірушілер ғана қабілетті және ЖК Каримжанова А.К кәсіпорыны сондай кәсіпорынның бірі.
Қызмет көрсету саласының жұмыскерінде, баға беруде қиындық тудыратын, кәсіби дағдылар мен жеке тұлғаның қасиеттерінің күрделі үйлесетін үйлесімі болуы керек.
Қызмет көрстеу саласында маңызды болатын адам мінезінің ерекше қаисеттері мен жұмысқа деген қаблеттіліктің жалпы белгілері бар. Олар:
- кез келген адаммен сөз табысу мен байланыс ұстау мүмкіншілігі;
- іс-қимылдың иілімділігі: бір жағдайда шыдамдылық, екінші жағдайда ширақтылық;
- клиентке деген шынайы қызығушылық;
- клиентті қажетті шешім қабылдауға білдірмей жеткізу қасиеті және т.б
Сондықтан, сервистік кәсіпорынның маңызды міндеттері болып - тұтынушылардың қалаулары мен қанағаттануы табылады. Бұл мақсаттын аясында, кәсіпорын менеджерлері тұтынушыларды кәсіпорынға келу жиілігі бойынша және олардың қызметтермен қанағаттану дәрежесі бойынша оларды сегменттеуге мүмкіндік беретін жүйелік сұраулар жүргізулері керек.
Сервистік менеджердің басты назарында тұрақты клиенттер тобы жүреді.
Тұтынушылармен байланыс орнату кезінде, менеджредің көкейінде жүретін жәйт - жеке көз қарастармен алмасу, сұрақтар қою, анықтамалар жүргізу, ұсыныстар жасау, соынмен қатар келісу формалары (кеңес беру, мәмлеге келу, байланыс жүргізу жәнет.б.) болуы қажет.
2 ЖК Каримжанова А.К ұйымының қаржылық шаруашылық қызметін талдау
2.1 Ұйымның негізгі құралдарының есебін талдау
Негізгі құралдар- дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор.
Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:
oo салалар бойынша;
oo мақсатына қарай;
oo түрі бойынша;
oo кімге қарайтындығына қарай;
oo пайдалану сипатына қарай,
oo салық салу мақсатына қарай.
Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Негізгі құралдардың қозғалысы, олардың келіп түсуі, шығуы және ішкі орын ауыстыруы бойынша шаруашылық операцияларын жүргізумен байланысты. Әрбір шаруашылық операция алғашқы есептік құжаттаудың типтік үлгілерімен тіркеледі.
ЖК Каримжанова А.К ұйымында негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан қабылдау- тапсыру актін - (Ф. №ОС-1) жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдар объектілеріне балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық номер берілуі керек. Ол номер негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойында сақталады және негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерді және бар болуын бейнелейтін барлық есептік құжаттарда көрсетіледі.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.
Автокөлік құралдарынан басқа негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды есептен шығару актісі (Ф. №ОС-3) жасалады, ал автокөлік құралдары үшін - (Ф. №ОС-4) хаттайды.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда (Ф. №ОС-5) жүргізіледі. Мүліктік карточкалар негізгі құралдарды есептеу жөніндегі мүліктік карточкалар (Ф. №ОС-6) тізбесінде, карточка номері, объектінің мүліктік номері, аты көрсетіле отырып тіркеледі.
Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 Негізгі құралдар бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:
2410 Негізгі құралдар,
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады. 2500 бөлімше биологиялық активтерге берілген.
Негізгі құралдардың есебі 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 Жер, 2412 Ғимаратгар мен құрылғылар, 2413 Машиналар мен жабдықтар, 2414 Көлік құралдары, 2415 Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары, 2416 Кеңсе жиһазы, 2417 Өндірістік мүлік және заттар.
Негізгі құралдар деп танылатын түсуші матриалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2400 шоттардың дебеті бойынша және 1000 Ақшалай қаржылар бөлімшесі шоттарының (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390, 4110, 4170 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі.
Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2400 Негізгі құралдар шоттардың дебеті және 5020 "Төленбеген капитал" шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ал акционерлік емес кәсіпорындарда 5010 Салымдар мен жарналар шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен тегін алуы кезінде 2400 Негізгі құралдар шоттары дебеттеліп, 6230 Мемлекеттік субсидиялардан табыстар шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz