Рынокты саралау принциптерін анықтау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
ЖШС BNB Logistics кәсіпорынының қаржылық көрсеткіштері мен нарықты саралау құралдары ... ... ... ... ... ... .. ..
5
1.1
Ақшалай қаражаттар түрлерінің есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
5
1.2
Тұтынушылық нарықты саралау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
2
ЖШС BNB Logistics ұйымының қаржылық есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2.1
Ағымдағы активтерді есепке алу, ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
2.2
Қорларды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
3
ЖШС BNB Logistics Қазақстан нарығындағы дамуына әсер етуші құралдарды жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ..
21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
32
Мазмұны
Кіріспе
Мен, есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті.03.2021-05.06.2021 жыл аралығында ЖШС BNB Logistics ұйымында өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы мәліметтер жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибием біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.
Кәсіпорының қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды негізгі құралы құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Ұйымдағы негізгі құралдар- материалдық активтер олар:
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдарда түгендеу карточкаларының орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, тех.паспорттар және негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, есептен шығару актілері т.б құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкасы әр объектіге бір дана толтырылып, ұйым бухгалтериясында сақталады.
Түгендеу карточкасы мен кітапшалар талдамалық есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу №, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық №, кіріске алынуына және істен шығарылуына толтырылған актілердің уақыты т.б. мәліметтер жазылады. Толтырылған түгендеу карточкалар НҚ-10 санды ведомоствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылады.
Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Негізгі құралдардың жинақтау есебі №12 журнал-ордерде жүргізіледі.
Келіп түскен негізгі құралдарға НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін комиссия оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады.
Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Онда:
- объектінің аты;
- объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- біткен уақыты;
- амортизациялық аударым мөлшері;
- бастапқы құны; басқа да шартты белгілері көрсетілуі тиіс.
1. ЖШС BNB Logistics кәсіпорынының қаржылық көрсеткіштері мен нарықты саралау құралдары
1.1 Ақшалай қаражаттар түрлерінің есебі
ЖШС BNB Logistics ұйымында қаржылық есеп берушілікті дайындау және жасау принципіне сәйкес активтер- бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер және құқықтар.
Активтерді жою мерзіміне қарай ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.
Бухгалтерлік есеп стандарттарының №2 Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашулар стандартына сәйкес ағымдағы активтерге келесілер жатады:
- оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;
- есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс алдағы кезең шығындары;
- ақшалай қаржылар;
- ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;
- бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы активтерді сатып алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған векселдер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да дебиторлық қарыздар.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамаен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
oo ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
oo кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
oo есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000 Ақшалай қаржылар бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:
1010 - Кассадағы ақшалар;
1020 - Жолдағы ақшалай қаржылар;
1030 - Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар;
1040 - Карт шоттардағы ақшалай қаржылар;
1050 - Жинақ шоттарындағы ақшалай қаржылар;
1060 - Басқа да ақшалай қаржылар.
Алынуға тиісті шоттарда ақшалай қаржыларға шағымдар, тауарлар және қызметтер және компанияның ақшасыз активтері жатады. Дебиторлық қарыздар ағымдағы және ұзақ мерзімді болады, яғни төленуге тиісті шоттардың төлеу мерзімінен және қарызды жоюдың күнінен тәуелді. Дебиторлық қарыздар шот-фактурамен расталады. Алынған вексельдер баланстық бабы арнайы қарыздық міндеттемелермен расталады.
Саудалық дебиторлық қарыздар - негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары. Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады. Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.
Кассадағы операциялардың синтетикалық есебі 1010 - Кассадағы ақшалай қаржылар активті шотында жүргізіледі. Дебеті бойынша кезең басына және соңына қалдық, сонымен қатар кезең ішіндегі түскен сомалар, кредитінен ақшалардың шығындалуы көрсетіледі. Кассадағы ақшалардың есебі бойынша есептік регистрлары келесілер болып табылады: №1 журнал-ордер - касса шоттарының кредиті бойынша және №1 тізімдеме - касса шоттарының дебеті бойынша.
Кесте-1. ЖШС BNB Logistics ұйымының кассасында жүргізілетін ақшалар есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
Операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
Өнімдерді (қызметті, жұмысты) сатудан табыс алынды
1010
6010
Басқадай активтерді сатудан табыс алынды
1010
6210
Ағымдағы банктік шоттан ақша кассаға алынды
1010
1030
Алдағы кезең табыстары алынды
1010
3520,4420
Есеп беруге тиісті тұлғадан алынды
1010
1250
Аванстар алынды
1010
3510, 4410
Кассадан банктік шотқа ақша тапсырылды
1030
1010
Басқадай кредиторлық қарыздар төленді
3390
1010
Іс-сапар шығындарына, шаруашылық шығындарына ақша берілді
1250
1010
Кассадан еңбек ақы берілді
3350
1010
Кассадан теңгемен жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленді
3310, 4110
1010
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 Ағымдағы банктік шоттағы ақшалай қаржылар шотында жүргізіледі. Оның дебеті бойынша ақша қаражаттарының қалдығы мен келіп түсуін, яғни көбеюін көрсетеді, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарының есептен шығарылуын көрсетеді.
Кесте-2. ЖШС BNB Logistics ұйымының ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар шоты бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
1.Кассадан ақшалардың ағымдағы банк шотына түсуі
1030
1010
2.Сатып алушылардың дебиторлық қарыздарын жою есебінен түсуі:
- қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімді
1030
1030
1210
2010
3. Қысқа мерзімді несиелер алынды
1030
3010, 3020
4.Жолдағы ақшалар ұйымның есеп айырысу шотына алынды
1030
1030
5.Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан келіп түскен ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды
1030
5110
6.Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кірістелді
1030
3010,4010
7.Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызы қайтарылды
3310, 4110
1030
8.Бюджетке ҚҚС аударылды
3130
1030
9.Бюджетке корпоративтік табыс салығы аударылды
3110
1030
10.Басқа да кредиторлық қарыздар жойылды
3390, 4170
1030
Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.
Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу үшін 1030 Жолдағы ақшалай қаражаттар шоты арналған.
1030 Жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша сомаларды есепке алу үшін банк мекемелерінің, почта бөлімдерінің квитанциялары; банк инкассаторы түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелерінің көшірмелері негіз болып табылады.
Кесте-3. ЖШС BNB Logistics ұйымының жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аударылуға жататын жолдағы ақшалай қаражаттар
1030
1210,2110
2. Почта бөліміне есеп беруге тиісті тұлғамен өткізілген табыс, бірақ әлі ағымдағы банктік шотқа аударылмаған
1030
1250
3. Кассадан жіберілген, бірақ әлі мақстаы бойынша түспеген ақшалар
1030
1010
4. Еншілес, ассоцирленген ұйымдардың жолдағы ақшалай қаражаттары
1030
1220, 1230
5. Жолдағы аванс түріндегі ақшалар
1030
3510, 4410
6. Жолдағы ақшаларды алу
1010,1030
1030
1.2 Тұтынушылық нарықты саралау жолдары
Нарық сатып алушылардан тұрады, ал сатып алушылар бір-бірінен ең алуан параметрлері бойынша ерекшеленеді. Қажеттіліктер, ресурстар, географиялық орны, сатып алушы қатынастары және әдеттер әр түрлі болуы мүмкін. Және осы айнымалылардың кез келгенін рынокты саралау үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Рынокты саралау әр түрлі анықталуы мүмкін, бірақ шын мәнінде - бұл ерекше түрде, рыноктың ерекшеленген бөлігі, өнімдерді тұтынушылар немесе анықталған жалпы белгілерді меңгерген кәсіпорындар тобы. Нарықтық қызмет барысында әрбір компания өзі үшін рыноктың аса тартымды сараланымдарын айқындау керек. Алайда сатушылар бұл практиканы үнемі ұстанбаған. Олардың көзқарастары 3 кезеңнен өтті:
1. Көпшілік маркетинг. Көпшілік маркетинг кезінде сатушылар жаппай өндірумен, жаппай үлестірумен, барлық сатып алушылар үшін сол және бір өнімді бірден жаппай өткізумен айналысады.
Көпшілік маркетинг пайдасына негізгі дәлелдеме мынадан тұрады: мұндай ыңғай кезінде өндіріс шығындары және бағалар максимум төмендеуі және максимум үлкен потенциалды рынок қалыптасуы керек.
2. Тіректі-сараланған маркетинг. Бұл жағдайда сатушы әр түрлі қасиеттері бар, әр түрлі сапалы екі немесе бірнеше тауар өндіреді. Сатушының басты мақсаты - сатып алушы үшін алуан түрлілік.
3. Желілік маркетинг. Бұл жағдайда сатушы рынок сараланымдарының арасында шектеу жүргізеді, олардың біреуін немесе бірнешеуін таңдайды және маркетинг кешенін әзірлейді. Және де рынокты саралау, сөзсіз, маркетингтің маңызды құралдарының бірі. Рынок сараланымының қаншалықты дұрыс таңдалғанына, көбінесе кәсіпорынның бәсекелік күрестегі табысы байланысты болады. Бірақ кез келген жағдайда, сараланымды қандай критерийлері мен белгілері бойынша жүргізуге болатынын білу керек.
Кесте-4. ЖШС BNB Logistics кәсіпорынының мақсаттық маркетинг бөлімі 3 негізгі шараның өткізілуін талап етеді
Рынокты саралау
Рыноктың мақсаттық сараланымдарын таңдау
Рыноктағы тауарды бағ-дарлау
1. Рынокты саралау принциптерін анықтау
2. Алынған сарала-нымдар бейіндерін құрастыру
3. Алынған сарала-нымдардың тартым-дылығы дәрежесін бағалау.
4. Бір немесе бір-неше сараланымды таңдау
5. Мақсаттық сараланым-дардың әрқайсысында тау-арларды бағдарлау туралы шешім.
6. Әрбір мақсаттық сара-ланым үшін маркетинг ке-шенін әзірлеу
Рынокты саралаудың қандай да бір бірыңғай әдісі жоқ, рынок қызметкері саралау кезінде аса қолайлы тәсілді іздеп табуға тырысып, әр түрлі айнымалы, бір немесе бірден бірнеше параметрлер негізінде саралау нұсқаларын сынап көруі қажет.
Тұтынушылар тауарларын саралаудың негізгі принциптеріне: географиялық; психографиялық, тәртіптік, демографиялық принциптер жатады.
Өнеркәсіптік мақсатты тауарлар рыноктарын (ӨНТР) саралау үшін негіз ретінде тауарларды тұтынушылар саралау кезінде пайдаланылатынайнымалылардың бір бөлігін пайдалануға болады.
ӨНТР саралау негіздері: тауарларды тұтынушылардың алуан түрлілігі, тапсырушының салмақтылығы, сапаның алыстағандығы және жеткізілетін өнімнің бағасы және т.б. болып табылады. Өнеркәсіптік фирмалар бірнеше айнымалыны бір мезгілде саралау үшін оларды қолдана отырып, өз мақсаттық рыноктарының мүмкіндіктерін бағалайды. Рыноктағы тауарларды бағдарлауға тауарға рынокта бәсекеге қабілетті орынды қамтамасыз ету және маркетингтің сәйкес кешенін әзірлеу бойынша әрекеттер кіреді.
Қандай сараланымда сөйлеу керектігін шешіп, фирма бұл сегментке қалай өту керектігін шешу керек. Егер сегмент қалыптасса, ендеше, онда бәсекелестер бар. Сонымен бірге, бәсекелестер сараланым шеңберінде өз позицияларын иеленді. Және меншікті бағдарлау туралы мәселені шешуден бұрын, фирма барлық бәсекелестердің бағдарларын анықтауы қажет. Бәсекелестердің бағдарларын зерделеп, фирма бәсекелестерінің бірінің бағдарына жақын орынды иелену керек пе немесе рынокта айқындалған шығынды толтыруға тырысу керек пе екендігін шешеді. Егер фирма бәсекелестерінің біреуімен қатар бағдарды иеленсе, ол тауар, оның бағасы және сапалық ерекшеліктері есебінен өзінің ұсынысын саралау керек. Дәл бағдарлау туралы шешім фирмаға келесі кезеңге, атап айтқанда маркетинг кешенін тәптіштеп жоспарлауға кірісуге мүмкіндік береді.
Саралау негізінде таңдалған тауар өндіруші үшін аса маңызды және перспективалы тауар рыногының сараланымын мақсатты рынок (немесе базистікрынок) деп аатйды.
Маркетингтің теориясы мен практикасы мақсатты рынокты қамтудың үш балама тәсілін иеленеді:
- көпшілік (сараланбаған) маркетинг;
- рынокты саралау (сараланған) маркетинг;
- рынокты көптік саралау (шоғырланған маркетинг).
Мақсатты рынокты қамтудың балама әдістерінің мәнін қарастырамыз.
А) Көпшілік маркетинг (КМ).
КМ - мақсатты рынокты қамту әдістерінің бірі, бұл кезде компания рынок сараланымдары арасындағы айырмашылықтарды елемей, рынок пен сатып алушыларға әсер ететін сол және бір маркетингтік құралдарды пайдалану арқылы бір тауармен (бір ұсыныспен) барлық рынокқа шығады.
Рынокты қамтудың алғашқы әдістерінің бірін - көпшілік маркетингті Генри Форд (Henry Ford) пайдаланды, ол алуан түрлі сатып алушылардың көп санына бір стандарттық модельді жасады және дұрыс бағамен сатты. Бастапқы Т модельдің нұсқалары болмады және сонымен маркетингтік стратегияны мәңгі есте сақтап, айрықша қара түспен шығарылды.
КМ тиімділігі тұтынушылардың көпшілігі ұсынылатын тауардың бірдей қасиеттерінде қажеттілікті керек еткенде аса жақсы сезіледі.
КМ стратегиясы жаппай өндірісті және жаппай жарнаманы пайдалануды, жалпыға танылған бір диапазонды, барлық рынокқа бағдарланған, бірыңғай маркетинг бағдаралмасын болжайды.
Рынокты толық қамту стратегиясын іске асыруға тек өте ірі өндірушілер ғана қабілетті және Asemtau Construction Croup кәсіпорыны сондай кәсіпорынның бірі.
Қызмет көрсету саласының жұмыскерінде, баға беруде қиындық тудыратын, кәсіби дағдылар мен жеке тұлғаның қасиеттерінің күрделі үйлесетін үйлесімі болуы керек.
Қызмет көрстеу саласында маңызды болатын адам мінезінің ерекше қаисеттері мен жұмысқа деген қаблеттіліктің жалпы белгілері бар. Олар:
- кез келген адаммен сөз табысу мен байланыс ұстау мүмкіншілігі;
- іс-қимылдың иілімділігі: бір жағдайда шыдамдылық, екінші жағдайда ширақтылық;
- клиентке деген шынайы қызығушылық;
- клиентті қажетті шешім қабылдауға білдірмей жеткізу қасиеті және т.б
Сондықтан, сервистік кәсіпорынның маңызды міндеттері болып - тұтынушылардың қалаулары мен қанағаттануы табылады. Бұл мақсаттын аясында, кәсіпорын менеджерлері тұтынушыларды кәсіпорынға келу жиілігі бойынша және олардың қызметтермен қанағаттану дәрежесі бойынша оларды сегменттеуге мүмкіндік беретін жүйелік сұраулар жүргізулері керек.
Сервистік менеджердің басты назарында тұрақты клиенттер тобы жүреді.
Тұтынушылармен байланыс орнату кезінде, менеджредің көкейінде жүретін жәйт - жеке көз қарастармен алмасу, сұрақтар қою, анықтамалар жүргізу, ұсыныстар жасау, соынмен қатар келісу формалары (кеңес беру, мәмлеге келу, байланыс жүргізу жәнет.б.) болуы қажет.
2. ЖШС BNB Logistics ұйымының қаржылық есебін ұйымдастыру
2.1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен, дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010 - 1060 счеттарының тобы пайдаланылады.
Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттар, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады, сондықтан счеттың дебетіндегі сальдо, счеттың қалдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін, немесе ақшаның көбейгенін көреседі. Соған сәйкес, кредит бойынша айналуы, ақшаның азайғанын көрсетеді. Ақша қаражаты сатылған өнімнің құнынан, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметке төленген ақының есебінен көбейеді. Кемуі - ақша қаражатының құндылықтарды, шикізатты, негізгі қорларды сатып алып, басқа да операциялық немесе инвестициялық мақсаттарға жұмсалғанын көрсетеді.
Есептесу счетындағы келіп түскен және шығарылған сомалардың айналымы, немесе жиынтығы, есеп регистрлеріндегі, болмаса журнал - ордеріндегі сомалармен сәйкес келуге тиіс. Оған қоса, есептесу регистіріндегі ай соңындағы қалдық, банкілік құжаттағы ай соңында көрсетілген сомамен тең болуы тиіс. Банкілік құжаттығы қалдық сомасы оның төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі, әрбір банкілік операция құжат түрінде расталып отырады, құжат болмаған жағдайда, оны ұйым шығындарының ішінен алып тастап, оған қосымша салық салынуы мүмкін.
Заң бойынша, басқа да қолма - қол ақшасыз есептесудің түрлері бар. Оларға чектер, вексельдер немесе оларды шетелдік индоссаментке төлем карточкаларымен, инкассалық жарлықпен беру түрлері жатады. Ақшалай төлем жасап және оны аударудың ережелері мен қолдану тәртіптерінің ерекшеліктері, ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік актілері бойынша бекітіледі.
Ерекше жағдайларда банк ұйымның есептесу счетынан басқа ұйымдардың құжаттары бойынша, қаражатты мәжбүрлеп аудара алады. Мысалы, салық органдарының жарлығына сәйкес, ұйымның дер кезінде төленбеген салықтары мен төлемдерін аударады. Банк, одан басқа да келісім шартқа сәйкес, ұйымның бұйрығынсыз, оның есеп счетынан ақша аудара алады. Мысалы, ссуданы пайдаланғаны үшін төленетін үстеме пайыз, уақытында қайтарылмаған ссуданың сомасы, банк қызметі үшін төленетін ақы және тағы басқалары.
Төлем құжаттырының түрлері:
төлем тапсырысы;
чек;
вексель;
талап тапсырмасының төлемі;
инкассалық жарлық, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық жарлығы;
ұлттық банктің құқықтық актілерімен бекітілген басқа да төлем құжаттары.
Есептесу счетына қолма - қол ақша салынған кезде, қолма - қол ақша салу хабарламасы жазылады. Банк ақша салушыға ақшаны алғанын растайтын түбіртек береді.
Чек ұйымның банкке онда көрсетілген соманы қолма - қол ақша түрінде есептесу счетынан алып беру туралы бұйрығы болып саналады.
ҚР Төлемдер мен ақша аудару туралы заңында, Қазақстан Республикасының аймағында, қолма - қол ақшасыз есептесудің тәртібі мен формасы, төлем құжаттарын пайдаланудың Ережелері бекітілген. Қолма - қол ақшасыз есеп айырысқан кезде, төлем тапсырыстары, аккредитивтер, чектер, инкассалық тапсырмалар сияқты құжаттар пайдаланылады.
Төлем тапсырысы - банктегі счет иесінің тиісті соманы өз счетынан, алушының счетына аудару жөніндегі жарлығы болып табылады. Төлем тапсырысының түрі барлық аударымдар үшін бірдей болады.
Кесте-5. ЖШС BNB Logistics ұйымында жүргізілген шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шоттар корреспонденциясы.
Рет №№
Шаруашылық операциялардың мазмұны
Сомма (теңге)
дебет
Кредит
1
Өзге ұйымдарға берілген зайымдардың қайтарылуы есебінен кассаға ақша түсті
250 00
1010
1110
2
Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алынған пайда анықталды
4500
1010
6250
3
Кассадан қызметкерге жалақы есебінен аванс берілді
50 000
3350
1010
4
Сатып алушыдан сатылған өнім үшін ағымдағы банктік шотқа ақша қаражаты келіп түсті
1 240 000
1210
1030
5
Сатудан (тауарларды, өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді және т.б.) түскен түсімнің есебінен банктегі шотты толықтыруға кассадан ақша келіп түсті
1 000 000
1 000 000
1020
1030
1010
1020
6
Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алынған залал анықталды
2 700
7430
1010
7
Операциялық жалдау бойынша банктегі ағымдағы шоттан жалдау ақысы төленді
450 000
7450
1030
8
Кассадан қызметкерлерге подотчетқа ақша берілді
160 000
1250
1010
9
Подотчеттық соманың пайдаланылмаған қалдығы кассаға қайтарылды
2 750
1010
1250
10
Кассаға құрылтайшыдан жарғылық капиталдың салымы есебінен ұлттық валюта түрінде ақша келіп түсті
500 000
1010
1280
11
Кассадан қызметкерлерге қысқа мерзімді зайым пайызсыз берілді
1 500 000
1250
1010
Қазақстан Республикасының орналасқан ұйымдар валюталық қаржыларын, валюталық счеттарда сақтайды. Осыған байланысты, шетелдік валютамен операциялар үшін, валюталық счеттар ашу керек. Ұйымдар ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар кез келген банкке, сонымен қатар шетелдерде валюталық счет аша алады. Шет елдердегі банктерде ашылған счеттар бойынша операция жасау үшін, ҚР Үкіметінің және Ұлттық банкісінің нормативтік - құқықтық актілерімен анықталған талаптарды сақтауға міндетті.
Валюталық операцияларды атқаратын ұйымдардың іс - әрекеттері, ҚР Валюталық реттеу туралы Заңымен, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкісінің Қаулыларымен реттеледі.
Ұйымдардың шетелдік валютамен жасаған операцияларын жүргізу тәсілі, ҚЕҰС 2 Шетелдік валютамен операция жасау 30 бөлімінде және ХҚЕС (IAS) 21 Валюталық курс өзгерісінің әсері деп аталатын бөлімдерде қаралады.
Валюталық операцияларды атқару кезінде, аталған стандарттарды және төмеде көрсетілген түсініктерді пайдаланады:
Қолданыстағы валюта - қаржылық есеп берілетін валюта;
Шетелдік валюта - кәсіпорын есеп беретін функционалдық валютадан басқа валюта;
Валюталық курс - қаржы нарығында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталған, бір валютаны екіншісіне аудару үшін қолданылатын олардың ара қатынасы;
Курс айырмасы - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп барысында, шетелдік валютаның курсы өзгерген кезде пайда болатын айырмашылық;
Соңғы курс немесе жабылу кезіндегі курс - белгілі есепті кезеңдегі қолданыстағы валютаның, шетелдік валютаға шаққандағы курсы.
Мысалы, келіп түскен тауар үшін, валюталық счеттан алдын ала 5 000 АҚШ доллары төленген. Ақшаның банкілік счетка келіп түскен күнгі доллар бағамы 147,77 теңге.
Дт - 1610,2910 738 850 теңге (5 000*147,77).
Кт - 1030
Мекеменің банкідегі валюталық счетына қаржының келіп түскен немесе счеттан аударылған күні, валюталық счет бойынша банкілік операцияның атқарылған мерзімі болып есептеледі.
Шетелдік бөлімшелердегі инвестицияларды қайта бағалау кезіндегі курстық айырмашылық, инвестицияларды еншілес, бағынышты немесе біріккен түрде бақыланатын мекемелерге салудың нәтижесінде пайда болады. Валюталық операцияларды жүргізу кезімен есептесу кезінде пайда болып, тиісінше табысқа немесе шығынға қосылатын курстық айырмадан, шетелдік бөлімшелерге салынатын инвестициялардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, мекеме өзінің шет елдегі бөлімшесіне шетелдік валютамен ұзақ мерзімдік несие бере алады, сол уақытта пайда болған курстық айырмашылық, мекеменің қаржылық инвестициясы болып табылады және оның капиталын ұлғайту үшін қолданылады.
2.2 Қорларды есепке алу
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Халықаралық қаржылық есесптің Қорлар стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
:: Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
:: Аяқталмаған өндіріс;
:: Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
ХҚЕС 2 ( халықаралық қаржылық есеп стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. Тауарлы-материалдық қорлар есебі халықаралық қаржылық есеп стандарттарына (ХҚЕС 2) сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
ХҚЕС 2 сәйкес қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.
Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте - тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. ХҚЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, Астана Құрылыс мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.
Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде Астана Құрылыс мекемесі өзі жасайды.
Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар ХҚЕС тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.
ХҚЕС 2 сәйкес Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді.
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде ХҚЕС 2 Қорлар ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:
Орташа өлшемді құн бойынша - есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.
Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу,қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізеді.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада Құжаттарды тапсыру реестрін жасау арқылы іске асады.
Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.
Ай соңында қоймаға Материалдар қалдығы кітабы тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.
Мөлдір Бұлақ мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен Құжаттарды тапсыру реестрі тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz