Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

3
:
Кіріспе. . .:
3:
: 1
Кіріспе. . .: ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының қаржылық көрсеткіштері . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе. . .: Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе. . .: Кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен төлем қабілеттілігі . . .
3: 9
:
Кіріспе. . .:
3:
: 2
Кіріспе. . .: ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының өнімдерінің өзіндік құнын талдау . . .
3: 15
: 2. 1
Кіріспе. . .: Өнім өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасын талдау . . .
3: 15
: 2. 2
Кіріспе. . .: Тауарлы өнімнің бір теңгесіне кеткен шығындарды талдау . . .
3: 19
:
Кіріспе. . .:
3:
: 3
Кіріспе. . .: ЖШС « Cargo Trans Service» кәсіпорынында жүргізілетін сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті . . .
3: 22
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 28
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 30

Мазмұны

Кіріспе

Мен, есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті Сержанова Диана өндірістік іс-тәжірибемді ЖШС «Cargo Trans Service» компаниясында өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, кәсіпорын туралы мәліметтер жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибием біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.

Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты - ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорыны теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу.

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

«Cargo Trans Service» кәсіпорынында бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктерін және міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген.

Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

• бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;

• бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын син-тетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;

• алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

• ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;

• актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

• актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)

• құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;

• шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;

• бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

«Cargo Trans Service» кәсіпорынының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты (түсімді) тесептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет:

• негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;

• материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептеп шығару жолдары;

• шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;

• өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі;

• жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;

• дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;

• аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары;

• материалдық қорларды бағалау әдістері;

• негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;

• бағамдық айырманы есептеу.

1. ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының қаржылық көрсеткіштері

1. 1Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі

Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

«Ақшалай қаражаттың козғалысы туралы есеп» 7 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы - олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.

«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатка қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.

Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақшалай қаржылар» шотында жүргізіледі. Оның дебеті бойынша ақша қаражаттарының қалдығы мен келіп түсуін, яғни көбеюін көрсетеді, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарының есептен шығарылуын көрсетеді.

Кесте-1. ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар шоты бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны: Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны: Дебет
Шоттар корреспонденциясы: Кредит
Шаруашылық операциялар мазмұны: 1. Кассадан ақшалардың ағымдағы банк шотына түсуі
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
Шаруашылық операциялар мазмұны:

2. Сатып алушылардың дебиторлық қарыздарын жою есебінен түсуі:

- қысқа мерзімді

- ұзақ мерзімді

Шоттар корреспонденциясы:

1030

1030

1210

2010

Шаруашылық операциялар мазмұны: 3. Қысқа мерзімді несиелер алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3010, 3020
Шаруашылық операциялар мазмұны: 4. Жолдағы ақшалар ұйымның есеп айырысу шотына алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 5. Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан келіп түскен ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
5110
Шаруашылық операциялар мазмұны: 6. Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кірістелді
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3010, 4010
Шаруашылық операциялар мазмұны: 7. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызы қайтарылды
Шоттар корреспонденциясы: 3310, 4110
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 8. Бюджетке ҚҚС аударылды
Шоттар корреспонденциясы: 3130
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 9. Бюджетке корпоративтік табыс салығы аударылды
Шоттар корреспонденциясы: 3110
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 10. Басқа да кредиторлық қарыздар жойылды
Шоттар корреспонденциясы: 3390, 4170
1030

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уакытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операция-ларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады.

Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу үшін 1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты арналған.

1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты бойынша сомаларды есепке алу үшін банк мекемелерінің, почта бөлімдерінің квитанциялары; банк инкассаторы түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелерінің көшірмелері негіз болып табылады.

Кесте-2. ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны: Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны: Дебет
Шоттар корреспонденциясы: Кредит
Шаруашылық операциялар мазмұны: 1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аударылуға жататын жолдағы ақшалай қаражаттар
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1210, 2110
Шаруашылық операциялар мазмұны: 2. Почта бөліміне есеп беруге тиісті тұлғамен өткізілген табыс, бірақ әлі ағымдағы банктік шотқа аударылмаған
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1250
Шаруашылық операциялар мазмұны: 3. Кассадан жіберілген, бірақ әлі мақстаы бойынша түспеген ақшалар
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
Шаруашылық операциялар мазмұны: 4. Еншілес, ассоцирленген ұйымдардың жолдағы ақшалай қаражаттары
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1220, 1230
Шаруашылық операциялар мазмұны: 5. Жолдағы аванс түріндегі ақшалар
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3510, 4410
Шаруашылық операциялар мазмұны: 6. Жолдағы ақшаларды алу
Шоттар корреспонденциясы: 1010, 1030
1030

Ақшалай қаржылардың түгендеуі.

Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен - жойылуы көрсетіледі.

Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.

Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі. 1210 шот сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қарыздарын өтеу кезінде ақша қаражаттары есебінің шоттарымен корреспонденциялана отырып кредиттеледі.

Кесте-3. ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары

Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
Шаруашылық операциялар мазмұны: 1. Сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді
Шоттар корреспонденциясы: 1210, 2110
6010
Шаруашылық операциялар мазмұны: 2. ҚҚС есептелді
Шоттар корреспонденциясы: 1210, 2110
3130
Шаруашылық операциялар мазмұны: 3. Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құны қажетсіздендірілді
Шоттар корреспонденциясы: 7010
1320
Шаруашылық операциялар мазмұны: 4. Сатып алушылардың қарызын қамтамасыз етуде вексель алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1280, 2180
1210, 2110
Шаруашылық операциялар мазмұны: 5. Вексельдік процент есептелді
Шоттар корреспонденциясы: 1270, 2170
6110
Шаруашылық операциялар мазмұны: 6. Ағымдағы банктік шотқа алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030

1210, 2110,

1280, 2180

Шаруашылық операциялар мазмұны: 7. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді
Шоттар корреспонденциясы: 3130
1030

1210 шотта алынған вексельдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар да есептеледі.

Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар» шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі.

Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.

1210, 2110 тобының шоттары бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордер тіркелді, ал бухгалтерияда сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдеме сатылған өнімдер бойынша шот-фактураларды жинақтау және топтау үшін және сатып алушылармен оларды уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.

Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі

Еншілес ұйым бас компанияның бақылауындағы ұйым болып табылады.

Тәуелді ұйым инвестордың ықпалынан тәуелді болады және оның еншілес емес, бірігіп бақыланатын заңды тұлға да болмайды.

Еншілес (тәуелді) серіктестердің қарыздарын есепке алу үшін 1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» және 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары», 2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» және 2130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шоттары арналған.

Бұл шоттарында еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі.

1220, 1230 шоттарда еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен ағымдағы есеп айырысудың барлық түрлері жөніндегі ақпараттар жинақталып қорытылады (балансаралық есеп айырысу) . Бұл шоттар-негізгі, активті, күрделі; әрбір еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдар бойынша талдамалық есеп осы шоттардың көмегімен тізімдемелерде немесе машинограммада жүргізіледі. Кредиттік айналымдары №11 журнал-ордерде тіркеледі.

Кесте-4. ЖШС «Cargo Trans Service» кәсіпорынының сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары

Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
Шаруашылық операциялар мазмұны: 1. Сатылған негізгі құралдар үшін еншілес ұйымдарға шот көрсетілді
Шоттар корреспонденциясы: 1220
6210
Шаруашылық операциялар мазмұны: 2. ҚҚС есептелді
Шоттар корреспонденциясы: 1220
3130
Шаруашылық операциялар мазмұны: 3. Ағымдағы банктік шотқа еншілес ұйымдардан алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1040
1220
Шаруашылық операциялар мазмұны: 4. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді
Шоттар корреспонденциясы: 3130
1040

1. 2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен төлем қабілеттілігін талдау

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.

Кесте-5. ЖШС «Cargo Trans Service» ұйымының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

Активтер: Активтер
Сомасы, мың тг.: Сомасы, мың тг.
Құрылымы, %: Құрылымы, %
Өзгеріс (+ ; -): Өзгеріс (+ ; -)
Активтер:
Сомасы, мың тг.: Жыл басында
Құрылымы, %: Жыл соңында
Өзгеріс (+ ; -): Жыл басында
Жыл соңында
Мың тг.
Үлес салмағы, %
Активтер: Ұзақ мерзімді активтер
Сомасы, мың тг.:
Құрылымы, %:
Өзгеріс (+ ; -):
Активтер: Негізгі құралдар
Сомасы, мың тг.: 147 795
Құрылымы, %: 210 260
Өзгеріс (+ ; -): 40, 03
58. 44
+62 465
+42, 26
Активтер: Аяқталмаған өндіріс
Сомасы, мың тг.: 45 300
Құрылымы, %: 17 280
Өзгеріс (+ ; -): 12, 27
4, 80
-28 020
-61, 85
Активтер: Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
Сомасы, мың тг.: 18 590
Құрылымы, %: 18 590
Өзгеріс (+ ; -): 5. 03
5. 17
0
0
Активтер: Алдағы кезең шығындары
Сомасы, мың тг.: 395
Құрылымы, %: 655
Өзгеріс (+ ; -): 0, 11
0, 18
+260
+65, 82
Активтер: Жиыны
Сомасы, мың тг.: 212 080
Құрылымы, %: 246 785
Өзгеріс (+ ; -): 57. 44
68, 60
+34 705
+16, 36
Активтер: Қысқа мерзімді активтер
Сомасы, мың тг.:
Құрылымы, %:
Өзгеріс (+ ; -): 0, 00
0, 00
0
0, 00
Активтер: Тауарлы-материалдық қорлар
Сомасы, мың тг.: 57 780
Құрылымы, %: 53 600
Өзгеріс (+ ; -): 15, 65
14, 90
-4 180
-7, 23
Активтер: Дебиторлық борыш
Сомасы, мың тг.: 91 595
Құрылымы, %: 47 525
Өзгеріс (+ ; -): 24, 81
13, 21
-44 070
-48, 11
Активтер: Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
Сомасы, мың тг.: 0
Құрылымы, %: 670
Өзгеріс (+ ; -): 0, 00
0, 19
+670
Активтер: Ақша қаражаттары
Сомасы, мың тг.: 1 505
Құрылымы, %: 5 470
Өзгеріс (+ ; -): 0, 41
1, 52
+3 965
+263, 46
Активтер: Басқа да қысқа мерзімді активтер
Сомасы, мың тг.: 6 290
Құрылымы, %: 5 715
Өзгеріс (+ ; -): 1, 71
1, 58
-575
-9, 14
Активтер: Жиыны
Сомасы, мың тг.: 157 170
Құрылымы, %: 112 980
Өзгеріс (+ ; -): 42, 56
31, 40
-44 190
-28, 12
Активтер: Барлығы
Сомасы, мың тг.: 369 250
Құрылымы, %: 359 765
Өзгеріс (+ ; -): 100, 00
100, 00
-9 485
2, 57

5-Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2, 57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.

Мәліметтер көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14, 88 пунктке аз болса (42, 56-57, 44), жыл аяғында ол 37, 2 пунктке (52, 33-47, 67) дейін төмендеді және 31, 40%-ды құрады.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0, 43 (157170:369250), ал жыл соңында 0, 31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш-м обильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0, 5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында - 0, 74 (157170:212080), ал жыл аяғында - 0, 46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1, 2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28, 12%-ға (-44190:157170 100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында - 40, 03%-ды, ал жыл соңында - 58, 44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8, 44 пунктке асып отыр.

Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер яғни ақша қаражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263, 46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құрады.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7, 23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0, 75 (15, 65-14, 90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы
Өндірістік шығындардың есебі
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қолма -қолсыз есеп ашылуының нысандары және олардың сипаттамасы
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
«Өзенмұнайгаз» ӨФ мысалында ақша қаражаттарын анализдеу
Меншiкті капитал туралы
Ақшалай операциялар құжаттарын рәсімдеу
Міндеттемелер есебі және банктегі бухгалтерлік есеп
Ұйымдағы қаржылық есеп берудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz