Компанияның меншікті капиталының есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
1
ЖШС СЫН баспасы капитал түсінігі, оларды қалыптастыруы мен қаржылық есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..

5

6
5
1.1
Компанияның меншікті капиталының экономикалық мазмұны ... ... ..
5

5
1.2
Компанияның меншікті капиталының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
10

2
ЖШС СЫН баспасы компаниясының меншікті капиталының құрамы мен қалыптасу көздерін талдау ... ... ... ... .

21
2.1
ЖШС СЫН баспасы ұйымының экономикалық-шаруашылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

21
2.2
АҚ ЖШС СЫН баспасы ұйымының меншікті капиталын тиімді басқару.. және компания қызметін дамытудың стратегиялық бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

28

3
ЖШС СЫН баспасы ұйымының капиталының аудитін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
39
Мазмұны

Кіріспе

Өндіріс факторы ретіндегі капитал - бұл өндіріс құралы,еңбек құралының және еңбек затының жиынтығы. Еңбек құралы бұл адамдар көмегімен белгілі бір игілікті жасайтын, заттарды өндіру. Еңбек заттары бұл неден өндіреді, яғни адамдар еңбек үдерісі кезіңде ықпал ететін және келешектегі өнімнің негізін құрайтын заттар (кен, мұнай, шикізат). Нарықтық қатынастарға көшкен кезде капитал сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез-келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар.
Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егер ақша тауар айырбас көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды. Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда бұл ақшаның алғашқы саласынан арта түсуі.Ақша ақша ретінде және ақша капитал ретінде алғашқыда бір-бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті одан да бай тұрғысынан құнды жасайды .
Экономикалық классикалық негізін салушылар А.Смит пен Д.Рикардо қазіргі белгілі американ экономистері П.Самуэльсон, У.Нордхауздың ойынша, капитал бұл өндіріс құрал жабдығы.
Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылышын экономисі Джон Робинсон капитал бұл ақша сомасы бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға басқа көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал уақыт. Уақыт факторы ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің қөзқарасын жинақтап қарасақ, өндіріс құрал жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толықынды етіп К.Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әр түрлі жақты нышандарда өндіріс жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай болып келеді. Осыдан капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капиталға бола алмайды,олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды жасауға қолданса. Өзінің басты еңбегі Капитал К.Маркс капиталдың бір қатар анықтамасын береді. Бұл кездейсоқ емес. Капиталдың бірінші томында: капитал-бұл құн, бұл өзін өзі өсіретін құн деп көрсетілген. Капиталдың екінші томында: капитал бұл қозғалыс екенің дәлелдеді. Капиталдың мәні Капиталдың үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екендігін айтады. Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал кәсіпорынның ұзақ мерзімді айналым активтеріне инвестицияланады, осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.

1 ЖШС СЫН баспасы капитал түсінігі, оларды қалыптастыруы мен қаржылық есебі
1.1 Компанияның меншікті капиталының экономикалық мазмұны

Капитал түсінігі барлық өндіріс ресурстарын қамтиды: зауыттар, құрал-жабдықтар, электр станциялары, материалдар. Бұл ресурстар инвестициялық ресурстар табылады. Инвестициялық ресурстар термині нақты капиталдық тауарларды өндіруді белгілеу үшін пайдаланады ( немесе өндіріс кұралдарын). Материалдық және рухани игіліктер қоғамдық игіліктер қоғамдық өндірісі тоқтамайды.Күн сайын адам қандай да бір өнімді тұтынады. Қоғам тұтынуды тоқтатпайды. Демек өндіруді де тоқтатпақ емес, бірақ тұтынатын өнімдерді үнемі жаңартып отыру қажет. Өндірістің тұрақты жаңалануы процесін ұдайы өндіріс дейміз. Ұдайы өндіріс жәй және ұлғаймалы болып бөлінеді. Өндірістің жыл сайын өзгерісіз ауқымда жаңару процесін жәй өндіріс дейміз. Өндірістің жыл сайын көбірек, ұлғаймалы өндірістің есебінен өндіріс ауқымы өсе түседі. Демек, ұдайы ұлғаймалы өндіріс процесі жалғасып,қосымша құнның бір бөлігі жыл сайын функционалды капиталға айналып отырады. Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары: құнының нормасы, қызмет атқаратын капитал мөлшері, еңбек өнімділігінің артуы, қосымша құн бөлігінің қорлану және тұтыну арасындағы пропроция. Осы аталған факторлардың барлығыда бір мезгілде жүзеге асады. Капиталдың қорлану процесі екі түрде асады: капиталдың шоғырлануы; капиталдың орталықтануы. Капиталдың орталықтануы бұл қосымша құнының капитал өсуі. Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың бірігу жолымен ірілену процесі.Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады. Капитал ортақталықтануы бірден-бір болған акционерлік қоғамның құрылуы табылады. Капиталдың шоғырлануы мен ортақтандырылуы өндірістің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс құрал жабдығын жұмыс күшін және өнімді шығару. Сондай-ақ күрделі қаржы тиімділігіне білімді, ғылыми зерттеуді,оқуды инвестициялау арқылы қол жеткізеді.
Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол мынадай екі түрде болады:материалдық заттық және ақшалай. Тауарлар сатылады - ақша пайда болад, сол ақшаға тағы сатып алынады және тағы солай қайталана бермек. Демек капиталды қозғалыс ретінде түсіну керек. Капитал өз козғалысында қалыпты жағдайда үш сатымен үш түрде болады: ақшалай, өнімділік, тауарлы. Капиталдың қалыпты жағдайда бір функционалды түрден басқасына ауысуы және оның бастапқы түріне оралуы капиталдың шеңбер айналымы дейміз. Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысына және екі айналыс сатысынан өтеді. Ол белгілі бір уақыт кезеңінде жасайды.
Капитал шеңбер акті ретінде емес, кезеңдік процесспен айналуын капиталын айналымы дейміз. Барлық авансыланған капиталдың осы мерзімде өндіріс пен айналыс сатысын өткізген жиынтық уақыты-капиталдың айналым уақытын құрайды. Өндіріс процесін үзіліссіз алға қозғалту үшін өнеркәсіп капиталы тұрақты еркін ақша қорларына мұқтаж. Еркін ақша қорында болатын қиындықтар өндірілген тауарды өткерудің ыңғайсыз нарықтық конъюктура қиындығымен, өткізетін нарықтың алыстығы, байланыс және көлік құрал сайманының жеткіліксіз дамуы, сатып алушы төлем қабілеттілігінің жоғары еместігі. Өндірілген тауардың бәсекелестік қабілеттілігінің төменділігімен түсіндіріледі.Сондықтан өнеркәсіп кәсіпкері көбіне жердегі барлық құрал жабдықтарды қосуға барынша тырысады, сөйтіп өндірістің тоқтауына жол бермейді. Өндіріс әрдайым трқтамауы керек. Өндірілген материалдық және рухани игіліктер тұтынылады. Қоғам өндірісті бір жылға ғана емес, бір айға тоқтатса онда оның жойылуы әбден мүмкін. Өндірістің ең басты міндеттіне айқындылығына оның үздіксіздігі және тұрақты түрде түрленуінде. Өндіріс процесінің қоғамдық түрі қандай болмасын ол алдыменен үзіліссіз болуы керек яғни белгілі бір сатылары кезеңмен қайталанып және қайта қайталанып жүріп отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануы және үзіліссіз жаңғыруы ұдайы өндіріс деп айтуға болады. Өндірістік қорлар бұл кәсіпорынның ұдайы өндіріс кезіндегі жабық қызметіндегі инвестициялық ресурстардың құндық нысанын көрсету. Капиталдың ауыспалы айналымы өндіріс пен айналымның аясы аркылы инвестициялық ресурстардың (өндірістік қорлардың) құнының қозғалысы, оның нәтижесінде ол үш кезеңді өтеді және кейін өндірістік, қаржылық және тауарлық нысанды қабылдайды. Бұл алғашқы құнын көтеру мақсатындағы, өндіріс пен барлық айналымды қамтитын өндіріс құралының аясы арқылы толық қозғалу кезеңі. Қандай да бір материалдық игілік өндіретін кәсіпорынға салынған кез келген капитал өз козғалысын ақшалык нысанда жүргізеді. Ақшалы капитал жұмыс күші мен өндіріс құралын сатып алуға аванс беріледі бірінші сатысы. Өндіріс үдерісінде сатып алынған факторлар өзара іс-кимыл жүргізеді және жаңа өнім шығарылады - екінші саты.
Кәсіпкер бұл өнімді нарықты өткізіп, авансты капиталды қайтып алады - үшінші саты. Капиталдың ауыспалы айналымының үш кезеңінен, бірінші мен үшінші айналым үдерісін кұрады, ал, екінші - өндіріс үдерісін құрады. Сөйтіп, қорлардьщ ауыспалы айналымының кезендерінің қызметтері мыналар болып табылады: бірінші өндірістің жағдайының қалыптасуы, екінші кезеңде - тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру, үшінші кезенде - тауарлар мен қызметтерді өткізу және пайда алу. Қорлардың үнемі қозғалысын қамтамасыз ету үшін, олардың бір уақытта барлық кезеңде және барлық қызметтік нысандарда болуы талап етіледі. Өйткені кәсіпорын бір уақытта өндіріс құралдарын сатып алады, өнімдер шығарады және оны өткізеді. Бөлек акт ретінде емес, кезеңді қайталамалы үдеріс ретінде қаралатын қорлардың ауыспалы айналымы, оның нәтижесінде авансты құнның барлық көлемі өзінің бастапқы нысанына толық оралады, қорлардың айналымы деп аталады. Капиталдың (қорлардың) әр түрлі бөлігі кәсіпорынға бір уақытта қайтып оралады.
Сондықтан, негізгі капитал айналымды капиталдың арасын бөледі. Негізгі капитал бұл сол өндіріс құралы, өзінің құнын дайын өнімнің біреуіне емес, жекелеп ауыспалы айналымның бірнешеуіне аударады. Көптеген технологиялық үдерістеріне қатысатын ғимарат, машиналар басқа да еңбек құралдары жатады. Жыл сайын олардың бір бөлігі өтелімге жатады.
Шығарылатын тауарларға еңбек құралының құны, кәсіпкерге оны сатқаннан кейін қайта қайтарылады және ол негізгі қордың тозуының орнын жабуға арналатын өтелім қорын құрайды. Тауарларды сатқаннан кейін, қор құнының осындай үлесі келесі қайта жөндеу және жаңа еңбек құралдарымен толық айырбастау мақсаты үшін ақша нысанында жинақталады. Айналымды капитал бір ауыспалы айналымда соңғы өнімнің өз құнын ауыстыратын, өндіріс құралының басқа бөлігі. Мұнда еңбек заттары - өнімдерді дайындаудың бір кезеңінде шығындалатын, шикізаттар, материалдар, жанармай, энергия кіреді. Осы бөліктің шығынына сонымен бірге, шартты түрде бір ауыспалы айналымда жұмсалатын, қызметкерлердің еңбекақысын қосады. Бірақ, жұмыс күшіне шығындар өндірістің заттық жағдайы орын алатындықтан, дайын өнімге көшірілмейді. Экономикалык мазмұны бойынша инвестициялар - бұл негізгі капиталды техникалық қайта жарақтау мен кеңейту, кұру, сондай-ақ, осымен байланысты айналымды капиталдың өзгерістері .
Жалпы инвестициялар кәсіпорынның әдетте жыл бойындағы, белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық тауарларды сатып алуындағы шығындарының жалпы көлемін көрсетеді. Таза инвестициялар - бұл негізгі капиталдың жыл сайын көбеюі. Олар жалпы инвестиция мен өтелімдер арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.
Шаруашылық тәжірибесінде түсініктер пайдаланылады: айырбасталатын инвестициялар және таза инвестициялар. Айырбасталатын инвестициялар - ескірген өндірістік қорды айыр-бастау үшін құрал-жабдықты (тұлғалық капиталға) сатып алуға салынған қаржы. Таза инвестициялар - негізгі қордың салмағын көбейту үшін құрал-жабдықтар сатып алу. Айырбасталатын және таза инвестициялар толық инвестицияларды құрайды.
Жалпы инвестициялар кәсіпорынның жыл бойындағы, белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық тауарларды сатып алуындағы шығындарының жалпы көлемін көрсетеді. Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында өндіру мен айналым сатысынан өтеді. Сондықтан қордың айналым уақыты өндірістің уақыты мен айналым уақытымен қосылады. Өндіріс аясында қордың болу ұзақтығы өндірістің уақытын құрайды, ал, айналым аясында уақытын құрайды. Өндіріс уақыты дайын тауарларды өткізуді және олардың түсуімен басталатын, өндіріс аясында еңбек заттары мен құралдарының барлық болу кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке ыдырайды:
1) тікелей еңбек үдерісінің уақыты - жұмыс кезеңі;
2) еңбек үдерісіндегі үзіліс уақыты;
3) өндірістік қордағы өндіру құралдарының болу уақыты.
Айналдыру уақыты өндіріс құралдарын сатып алу уақытымен және дайын өнімдерді өткізу уақытынан тұрады. Біріншісіне пайдаланатын орынға өндіріс құралдарын транспортпен жеткізу уақыты мен жеткізушілердің есеп айырысу уақыты қосылады. Екіншісі дайын өнімдер қоймасына өнімдерді өткізу сәтінен басталып, кәсіпорынның банктегі шотына өткізілген тауарлардан түскен ақшамен аяқталады. Айналым қоры мен айналдыру қорына салынған қаржылы қор айналымдық қаржыны құрайды. Ұдайы өндіріске қызмет үдерісінде айналмалы қордың жеке бөліктері бір уақытта әр түрлі кезеңде және әр түрлі ауыспалы айналым нысанында болады. Айналмалы қаржының бір бөлігі кәсіпорынның қоймасында сақталған және жұмсалуына орай, жаңалармен толығатын өндіріс қорларының материалдык мазмұнын көрсетеді. Айналмалы қаржының басқа бөлігі оның дайындалу кезеңіндегі өнімнің аяқталмаған түрінде орналасады. Айналмалы қаржының үшінші бөлігі тұтынушыларға жіберуге арналған, үнемі тиеліп жататын және оның орнына жаңасы түсіп жататын, алушыларға өткізілетін дайын өнімдермен байланысты. Айналмалы қаржының төртінші бөлігі ақшалық қор түрінде банк шоттарында, еңбекакы төлеу, жеткізушілермен есеп айырысу және басқа мақсаттар үшін кәсіпорын кассасында сақталады.Өндірістік қорлардың құрылымы олардың айналымының жылдамдығына үлкен ықпал жасайды. Соңғысы белгілі бір кезеңде жасалған санымен анықталады, жыл бойынша немесе бір айналымның ұзақтығымен анықталады. Пайыз капиталды пайдаланғаны үшін, іс жүзіндегі капиталистің ақша иесіне төлейтін төлемі. Іс жүзіндегі капиталистің қалған бөліктегі пайдасы табысты құрайды.
Несиелі капиталдың қолдану нәтижесі пайыздың мөлшерлемесі немесе мөлшерімен анықталады (несиелі капиталистің пайызда көрсетілген, табыс сомасының несиелі капитал сомасына қатынасы). Қазіргі заманғы ресурстарды сатып алуға болатын ақша тапқанша күтудің орнына, бұл ресурстарды қазір алу үшін адамдар төлейтін баға ретінде пайызды түсіндіреді. Уақыт факторының есебі мынаны түсінуге мүмкіндік береді: мерзімді салым ақшаның уақыты ұзақ болған сайын, бұл жинаққа пайыз түріндегі табыс жоғары болады. Капиталдың табыстылығын бағалау тұрғысынан келгенде тәжірибе жүзінде пайда мөлшерін есептеудің біршеше әдісін бөледі:
сату көлеміндегі пайда қатынастары;
кәсіпорынның активтеріне пайда қатынастары;
сезілмелі ұдайы өндірілетін капиталға пайданың қатынасы.
Капиталдың негізгі көзi -- жинақ болып табылады. Бiрaқта жинақты бiр мұнай шаруашылық агент орындаса, капиталдын басқа да топ мүшелерi немесе шығару ашылу субъектiлер орындайды. Сондықтанда, ғалымдар aнықтaу барысында капиталдын мағынасына емес, соншалықты оның мақсатты бағыттануына көңiл аударуыды қажетдеп санайды.
Капитал-қаржы ішіндегі ең жиі қолданылытын экономикалық категория болып табылады. Кәсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі базасы бола тұрып, кәсіпорын өзінінің қызметі кезінде жұмысшылылардың мемлекеттің қызығушылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық менеджментте кәсіпорынның капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық емес, ақшалай формададағы қордың жалпы құнын сипаттайды .
Кәсіпорын капиталының экономикалық мағынасын қарастыра келе оған мынадай сипаттама береді:
кәсіпорынның капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады;
капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын сипаттайды;
капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайларын құрудың негізгі көзі болып табылады;
кәсіпорынның капиталы,оның нарықтағы құнының өлшемі;
кәсіпорындағы капиталдың динамикасы шаруашылық қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызыды барометрі болып табылады.
Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы қаржылық, инвестициялық қызметіндегі аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің тиімділік коэффицентіне, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық коэффицентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық сипатанының қатынасын құрайды.

Кесте-1. Кәсіпорын капиталының құрылымы

Көрсеткіштер
Негізгі капитал
Айналым капиталы
Кәсіпорынның меншік капиталы
Негізгі қаражаттар
Негізгі қор
Өндірістік айналым қоры
Айналыс қоры
Кәсіпорынның қарыз капиталы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер

Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдерімен принциптерінің жүйесін көрсетеді.
Кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болады. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиытығы кәсіпорынның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы баланстың пассивінде көрсетіледі. Бұл бөлімде кәсіпорынның құрылуы кезіндегі меншік иелерінің салған қорларынының сомасы көрсетіледі. Қаржы менеджмені көзқарасынан қарастырғанда капитал кәсіпорыненың активіне салынған қаражаттардың ақшалай, материалдық және материалдық емес нысандағы жалпы мөлшерін білдіреді. Корпоративтік қаржы көзқарасынан қарастырғанда капитал кәсіпорынның мен басқа да шаруашылық жүргізуші субьектісінің оны қалыптастыру қатысында туындайтын ақшалай қатынасын білдіреді. Осындай ақша қарым-қатынасы заңды тұлға ретіндегі кәсіпорынмен оның, кредитор, жеткізуші, мекемелік қатысушы мемлекет арасында пайда болады.

1.2 Компанияның меншікті капиталының есебі

Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
Капитал - бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі қалған үлес.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
- инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 Жарғылық капитал
5100 Төленбеген капитал
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
5300 Эмиссиялық кіріс
5400 Резервтер
5500 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)
5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал)
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың (акционерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі - бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек. Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болмауы керек.
Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.
Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.
Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.
Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, Алтын акцияның1 болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі.
Егер бұрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге ңабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалаық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, Ноу-хау, негізгі құралдар, жер иелену қүқығы және басқа активтер қабылданады.
Жарғылық капиталдың нақты барын және оның қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 5000 Жарғылық капитал бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі:
5010 Артықшылығы бар акциялар - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылығы бар акцияларының жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5020 Қарапайым акциялар - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5030 Салымдар мен пайлар - мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысуларды есепке алу 5110 Төленбеген капитал шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша жарғылық капиталға салынатын салымдар жөніндегі құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары көрсетіледі. 5110 Төленбеген капитал шотының дебетттік қалдығы жарғылық капиталға жарияланған, бірақ төленбеген салымдар бойынша құрылтайшылардың берешек сомасы көрсетіледі. Ұйым өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда белгіленген тиісті мөлшерде толық қалыптастырғанда, 5110 Төленбеген капитал шоты толық жабылады және онда дебеттік қалдық онда болмайды.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын жарияланған және тіркелген салымдардың нақтылы құны бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:
5110 Төленбеген капитал шот дебеті
5010 Артықшылығы бар акциялар
5020 Қарапайым акциялар шоттар кредиті
Құрылтайшылармен жарияланған және тіркелген акциялардың құнын төлеу негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар түрінде келіп түссе, келесідей жазба жасалады:
Дебет 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730
Кредит 5110
Акционерлік қоғам өзінің акцияларын бағалы қағаздар нарығында олардың нақтылы құнынан асатын баға, орналастыру бағасы бойынша сата алады. Мұндайда акцияларды орналастыру бағасы бойынша есептелген сату құнының нақтылы құнынан асқан сомаға шоттардың келесі жазбасы жасалады:
Дебет 1010, 1030
Кредит 5310 Эмиссиялық кіріс
Жарғылық капиталдың айналымнан алынған акциялар сомасына азайған кезде олардың түрлеріне қарай келесі жазба жасалады:
Дебет 5010, 5020
Кредит 5210 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
Ұйымның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталына қатысушылар ақша, ТМҚ, бағалы қағаздар түрінде салымдар мен жарналар енгізсе, бастапқы кіріс құжаттары негізінде келесідей жазбалар жүргізіледі:
Дебет 1010, 1030, 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730
Кредит 5030
Жарғылық капиталдың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі. Акциялардың аналитикалық есебін жүргізу үшін мынандай мәліметтері бар акционерлер тізбесінен реестрінен алынған жазба негіз болады:
oo акцияларға ие акционерлердің жалпы саны;
oo артықшылықты акциялардың жалпы саны және оларға ие акционерлердің саны;
oo акциялардың 5%-інен астамына ие акционерлердің сондай-ақ жеке және занды тұлғалардың жарғылық қордағы үлесі.
Жазбаның шығу сан реті, күні, тіркеушінің атауы және оның орналасқан орны көрсетілуі керек. Жазбаға лауазымды басшы адам қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
Акциялардың қозғалысы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебіндегі жазулар тәуелсіз тіркеушінің бағалы қағаз ұстаушылардың тізімдемесін жүзеге асыратын заңды тұлға операцияларды тіркеуі негізінде, төлемдемедегі тиісті жазуды өзгерту жолымен жүргізіледі.
Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарияланған және тіркелген, бірақ жарғылық капиталға енгізілмеген салымдар бойынша берешек сомасы төленбеген капитал деп аталады. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 Төленбеген капитал шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тулғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
Жарияланған белгіленген тәртіппен тіркелген жарғылық қор сомасына 5110 Төленбеген капитал шоты дебеттеледі де, 5000 Жарғылық капитал бөлімшесінің шоты 5010,5020 акционерлік қоғамдарда және 5030 Қосқан үлестер мен жарналар серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде шоттары кредиттеледі.
Eгep 5110 Төленбеген капитал шоты бойынша дебеттік қалдық өтелген болса, бұл кәсіпорын өз жарғылық қорын толығымен қалыптастырды деген сөз кредиттік қалдық акционерлер құрылтайшылар енгізуге тиісті қаражат сомасын, яғни акционерлердің салым бойынша қарыздарын көрсетеді.
Акционерлік қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығындары:
oo орналастырылған акцияларды акционерлердің талап етуі бойынша сатыпалған кезде - олардың жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады;
oo орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатыпалған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің 10 пайызынан аспауға тиіс.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.
Кейіннен сату мақсатында немесе еліміздің заңдарына және акционерлік қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар үшін акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін 5210 Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар шоты арналған. 5210 Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар шотының дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың құны, ал кредиті бойынша сатып алынған меншікті акцияларды оралымнан қайтарып алуды көрсетеді.
Акционерлерден меншікті акцияларын нарықтық құны бойынша ақшалай қаражаттар, ТМҚ, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа да мүліктер түрінде қайтып сатып алынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дебет 5210
Кредит 1010,1030, 1310,1320,1330,1350, 2310, 2410, 2730
Сатып алынған акциялардың нарықтық құны олардың орналастыру құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін болғандықтан олардың арасындағы айырма сомасына алдыңғы бухгалтерлік тізбеге қосымша бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
- егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан төмен болғанда: Дт 5210 Кт 5310
- егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан жоғары болғанда: Дт 5310 Кт 5210
Акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес оралымнан акцияларды шығарып алу жарғылық капиалдың сатып алынған акциялардың нақты құнының азаюына әкеледі де, ол келесі жазбамен көрсетіледі:
Дебет 5010, 5020
Кредит 5210
Мекеме өзінің жұмысшылары мен қызметкерлерінің материалдық қызығушылықтары мен ынталықтарын көтеру мақсатында сатып алынған меншікті акцияларды опцион арқылы сату бойынша олардың арасында қайта бөліп беруге құқығы бар, сонымен көрсетілген акциялар нарықтағы сатудың нақты құны мен арақатынасына байланысты келесі жазбалар беріледі:
- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнына тең болса: Дт 1010, 1030 Кт 5210
- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болса: Дт 1010, 1030
Кт 5310 - сатып алынған акциялардың нақты құнының оларды сатудың нақтылы құнынан асқан сомасына
Кт 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына
Ескеру керек, егер эмиссиялық кіріс сатып алынған акциялардың нақтылы құнының оларды сатудың нақты құнынан асқан сомасы өтеуге жеткіліксіз болса, онда өтелмеген сома 5510 шотының дебеті бойынша есептен шығарылады:
- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақты құнынан жоғары болса: Дт 1010, 1030
Кт 5310 - сатып алынған акциялардың нақты құнының оларды сатудың нақтылы құнынан асқан сомасына
Кт 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына.
Эмиссиялық кіріс есебі
Эмиссиялық кіріс дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 Эмиссиялық кіріс шотында жүргізіледі. Бұл шоттың кредиті бойынша акциялардың нақтылы құнынан оларды сатудың нақты құнының асқан артық соманың түсуіне қарай ақшалай қаражаттарды есепке алу шоттарының немесе 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек шотының дебетінде көрсетіледі.
Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.
Акционерлік қоғамның кассасына және ағымдағы банктік шоттарына меншікті акцияларын сатқаннан олардың нақтылы құнынан асқан артық сома түскен кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт 1010, 1030 Кт 5310
Сатылған акциялар үшін есеп айырысу құжаттарын төлеуге ұсынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт шот 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (төлеу мерзімі 1 жылға дейін болса)
2180 Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (төлеу мерзімі 1 жылдан асқанда)
Кт 6210, 6213, 5310
Меншікті акцияларды сатумен байланысты шығындар (андеррайтерлердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, жарнама жасаушығындары, бағалы қағаздар нарығына андеррайтерлердің қатысу үшін алымдар және т.б.) 7410 Активтердің істен шығуы бойынша шығындар шотына есепкеалынады. Тек бұл шотқа қосымша 7413 Қаржылық активтердің істен шығуы бойынша шығындар шотын ашу керек. Мұнда шоттардың байланысы келесі түрде көрсетіледі:
- андеррайтерлерге немесе акцияларды сатумен шұғылданатын тұлғаларға есептелген еңбек ақы сомасына есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес:
Дт 7410, 7413 Кт 3350
- есептелген еңбек ақы сомасынан әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына:
Дт 7410,7413 Кт 3150, 3210
- жарнама жасауға төленген шығындар, әртүрлі алымдар және акцияларды сатумен байланысты басқада шығындар сомасына шығыс касса ордерлеріне, ағымдағы банктік шоттардың жазбаша үлгілеріне сәйкес:
Дт шот 7410, 7413 Кт шот 1010, 1030
Эмиссиялық кірістерді мекеменің ағымдағы мұқтаждығына пайдалауға болмайды. Олар белгіленген тәртіпте, әдеттегіндей, жарғылық капиталды ұлғайтуға және меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға, яғни меншікті акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болғанда пайдаланылады.
Мұндайда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
- жарғылық капиталды ұлғайтуға:
Дт шот 5310 Кт шот 5010, 5020
- меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға:
Дт шот 5310 Кт шот 7410, 7413
5110 Эмиссиялық кіріс шоты бойынша талдаалық есеп №13 журнал-ордерде жүргізіледі.
Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.
Резервтік капитал -- акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.
Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.
5400 Резервтер кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5410 Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал - онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5420 Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв - онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430 Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв - онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5440 Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв - онда қаржыактивтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5450 Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв - онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5460 Басқа да резервтер - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
ҚР заңнамасына сәйкес құрылған мекеменің резервтік капиталының нақты бары және қозғалысы туралы ақпараттарды қорыту үшін 5410 Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал шоты арналған.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 шоттың дебетімен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030, 3390, 3050 - артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510 Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы), 5520 Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (залал) - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Қайта бағалауға аранлған резерв - бұл инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді және басқа да активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде алынған сома.
Аталған активтерді қайта бағалаудан алынған резервтерді активтер бойынша жеке көрсетіп, бақылауды күшейту мақсатында бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарындажеке шоттар қарастырылған.
Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдарды қосқанда, аяқталмаған күрделі құрылыс және орнатуға арналған жабдықтарды қайта бағалауды заңдарға сәйкес мекеме өз бетімен инфляцияның нәтижесінде активтердің құнының өсуіне байланысты жүргізеді. Сондай-ақ, мекеме негізгі құралдарды индексациялау жүргізуге құқылы. Бағалар тиісті құжаттармен немесе эксперттік жолмен расталуға тиіс.
Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.
Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізіледі.

Кесте-2. Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қайта бағалауға арналған резерв есебі

№п
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Корр. шот

Дебет
Кредит
1.
Негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасына
2410
5420
2.
Олардың құнының ұлғаюын ескере отырып, негізгі құралдардың тозуын көбейту
5420
2420
3.
Амортизация есептеудің қолданылатын әдісіне сәйкес есепті жылдың бөлінбейтін кірісіне негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасын есепке жазу
5420
5510
4.
Жарғылық капиталды толықтыруға қайта бағалауға арналған резервті пайдалану
5420
5310

Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.
Бөлінбеген пайда (табыс) -- кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) болып табылады.
Бөлінбеген пайда (залал) есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5500 Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы) - онда есептік жылдың пайдасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның капиталын қалыптастырудың негізгі қағидалары
Dala Group компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау
Компанияның ақша айналымын басқару
Кәсіпорынның меншік капиталы
Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері
Өндіріс процесін үзіліссіз алға қозғалту үшін өнеркәсіп капиталы тұрақты еркін ақша қорларына мұқтаж
Ұйымының капитал және резервтер есебі
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Компанияның қарыз капиталын басқару
Бөлінбеген пайданы есептеу
Пәндер