Жылдық қаржылық есептілік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

3
:
Кіріспе. . .:
3:
: 1
Кіріспе. . .: Мемлекеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің негіздері . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе. . .: Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектебінің қызмет аясы . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе. . .: Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін құру . . .
3: 7
:
Кіріспе. . .:
3:
: 2
Кіріспе. . .: Жергілікті бюджеттен қамтамасыз етілетін ұйымдардың қаржылық есебі . . .
3: 13
: 2. 1
Кіріспе. . .: Ұйымның міндеттемелерінің есебі . . .
3: 13
: 2. 2
Кіріспе. . .: Кірістер және шығыстарды тану . . .
3: 16
:
Кіріспе. . .:
3:
: 3
Кіріспе. . .: Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектебінің капиталы мен резервтерінің есебі . . .
3: 22
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 32
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 34

Мазмұны

Кіріспе

Мен, есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті Құрманғали Сая өндірістік іс-тәжірибемді Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектебінде өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, мемлекеттік ұйымның қаржылық есептіліктері туралы мәліметтер жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибием біткеннен соң, жинақталған біліміме сай тәжірибе есебін жаздым.

Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты - мектеп интернат туралы теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізге көмектесу.

Мектеп-интернаттың негізгі мақсаты - Алматы облысы дарынды балаларының физика, математика, информатика ғылымдары негіздерін тереңірек игеруге бағытталған элиталық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде айқындалатын көлемде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру кәсіпорындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Сот төрелігі академиясын, медициналық, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ қаржыландыру көлемін тиісті саланың уәкілетті органы өзі дербес айқындайтын республикалық орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен айқындалады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Білім беру ұйымдары өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалған, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ағымдағы қаржы жылындағы кірістерін кезекті қаржы жылында пайдаланады.

1 Мемлекеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің негіздері

1. 1 Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектебінің қызмет аясы

Алматы қаласы М. Ғабдуллин көшесінде орналасқан Алматы облыстық мектеп - интернаты 1961 жылы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің балаларын оқытып тәрбиелеу үшін ашылған. 1991 жылдан бастап білім беруді ұйымдастыру ісіндегі жаңалықтар үрдісіне сәйкес 1992 жылы тамыз айында Алматы облысы әкімінің № 7-284 шешіміне, Алматы облыстық білім басқармасының Түркия Республикасының тәуелсіз қызмет көрсететін «Шелале Шеркет» компаниясымен жасасқан келісім шарты негізінде «Облыстық №1 қазақ -түрік лицей-интернаты», 1998 жылғы 23 қаңтардағы облыс әкімінің № 1-14- шешімімен «Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты», 2000 жылғы 5 ақпандағы №2-38- шешімімен «Алматы облыстық мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы №195- қаулысымен мектеп-интернатқа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Шалтай Смағұловтың есімі берілді. 2013 жылғы 21 тамыздағы Алматы облысы Әкімдігінің №240 қаулысы бойынша «Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп -интернаты» болып өзгерді.

Мектеп-интернаттың негізгі мақсаты - Алматы облысы дарынды балаларының физика, математика, информатика ғылымдары негіздерін тереңірек игеруге бағытталған элиталық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру.

Мақсаттары:

  • тұратын орынмен қамтамасыз етумен дарынды балаларға білім берудің вариативті және көп деңгейлілікті қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;
  • білім алушының функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз ету;
  • қоғамда өмір сүруге бейімделген, саналы таңдауға және қосымша білім мен кәсіби білім беру бағдарламаларын қабылдауға дайын мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлік тұлғаны қалыптастыру;
  • негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы игерілуін және оқушылардың саралап оқытылуын қамтамасыз ету;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.
  • азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қоғамға қарсы жасалған кез келген әрекеттерге төзбеуге тәрбиелеу;
  • әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпын зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту.

Мектеп -интернат жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын, тұратын орын ұсынумен білім алушыларға оладың икемдіктеріне және қабілеттеріне сәйкес математика -физика бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беру мақсатында Алматы қаласындағы Әл - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің математика -механика бөлімі мен іргелі математика кафедрасымен бірлесе оқу мен ғылыми әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге 9-11 сыныптағы оқушылар үшін арнайы курсты университетте сол университеттің ғалым оқытушылары жүргізеді. 5-11сыныптағы оқушылармен физика, математика пәндерінен тереңдетілген білім беруде келешек олимпиада резервтерін дайындауда екінші ауысымда сабақтар университет мұғалімдерімен бірлесіп жүргізіледі.

Мектеп -интернат жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын, тұратын орын ұсынумен білім алушыларға оладың икемдіктеріне және қабілеттеріне сәйкес математика -физика бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беру мақсатында Алматы қаласындағы Әл - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің математика -механика бөлімі мен іргелі математика кафедрасымен бірлесе оқу мен ғылыми әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге 9-11 сыныптағы оқушылар үшін арнайы курсты университетте сол университеттің ғалым оқытушылары жүргізеді. 5-11сыныптағы оқушылармен физика, математика пәндерінен тереңдетілген білім беруде келешек олимпиада резервтерін дайындауда екінші ауысымда сабақтар университет мұғалімдерімен бірлесіп жүргізіледі.

Мектеп -интернат жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын, тұратын орын ұсынумен білім алушыларға оладың икемдіктеріне және қабілеттеріне сәйкес математика -физика бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беру мақсатында Алматы қаласындағы Әл - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің математика -механика бөлімі мен іргелі математика кафедрасымен бірлесе оқу мен ғылыми әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге 9-11 сыныптағы оқушылар үшін арнайы курсты университетте сол университеттің ғалым оқытушылары жүргізеді. 5-11сыныптағы оқушылармен физика, математика пәндерінен тереңдетілген білім беруде келешек олимпиада резервтерін дайындауда екінші ауысымда сабақтар университет мұғалімдерімен бірлесіп жүргізіледі.

Мектеп -интернат жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын, тұратын орын ұсынумен білім алушыларға оладың икемдіктеріне және қабілеттеріне сәйкес математика -физика бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беру мақсатында Алматы қаласындағы Әл - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің математика -механика бөлімі мен іргелі математика кафедрасымен бірлесе оқу мен ғылыми әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге 9-11 сыныптағы оқушылар үшін арнайы курсты университетте сол университеттің ғалым оқытушылары жүргізеді. 5-11сыныптағы оқушылармен физика, математика пәндерінен тереңдетілген білім беруде келешек олимпиада резервтерін дайындауда екінші ауысымда сабақтар университет мұғалімдерімен бірлесіп жүргізіледі.

1. 2 Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін құру

Қаржылық есептілікте мекеменің басқармасының жұмысын бағалау үшін, мекемеге сеніп тапсырылған экономикалық ресурстарды және міндеттемелерді бағалау үшін, болашақ ақша ағымдарын бағалау үшін және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдалы ақпарат көп. Қаржылық есептілік сыртқы пайдалунышылармен мекеменің қызметінің тиімділігін бағалау үшін және шаруашылық қызметті экономикалық талдау үшін, сонымен қатар, шаруашылық қызметті жедел басқару үшін және кейінгі болжау және жоспарлау үшін қолданылады. Қаржылық есептілікті жасау кезінде төмендегідей талаптары сақталуы тиіс: - есепті кезеңдегі барлық операциялардың толық және шын мәнінде көрініс табуы; - кірістер мен шығыстардың есепті кезеңдерге жатқызылуының дұрыстығы; - талдамалық есепке алу деректерінің есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың бірінші күніне синтетикалық есепке алу шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға тең болуы; - көрсеткіштердің ұқыпты толтырылуы және өшірулер мен бояуларға жол берілмеу. Қателер түзетілген жағдайда түзету күнін көрсете отырып, қаржылық есептілікке қол қойған тұлғаның растауымен тиісті жазбалар жасалады. Қаржылық есептілік нысандары онда көзделген көрсеткіштермен дәлме-дәл сәйкес толтырылады. Бекітілген қаржылық есептілік нысандарында көрсеткіштері мен олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді. Қаржылық есептіліктің ағымдағы есепті кезеңге, сол сияқты бұның алдындағы кезеңге жататын деректерінің (оларды бекіткеннен кейін) өзгеруі деректердің бұрмалануы айқындалған кезеңде жасалған қаржылық есептілікте жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеме республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің енгізген өзгерістеріне сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде өздеріндегі қаржылық есептілік данасына өзгерістер енгізеді. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгілеген және олар қаржылық есептілікті беру күніне дейін мемлекеттік мекемелердің қаперіне жеткізген мерзімдерде ұсынады.

Жылдық қаржылық есептілік 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк кезеңге жасалады. Қаржылық есептілікті ұсыну мерзімі 1 кестеде.

Кесте-1. Қаржылық есептіліктің түрі және ұсыну мерзімі

:
Жартыжылдық қаржылық есептілік: Жартыжылдық қаржылық есептілік
Жылдық қаржылық есептілік: Жылдық қаржылық есептілік
: Қаржылық есептілікті ұсыну мерзімі
Жартыжылдық қаржылық есептілік: ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне және 1 қазанға
Жылдық қаржылық есептілік: есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына

Қаржылық есептілік қағаз тасығышта кітапша түрінде беттері нөмірленіп, мазмұны көрсетіліп және электрондық түрде нысандардың толық көлемінде ұсынылады. Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, жартыжылдық қаржылық есептіліктің көлеміне кіреді:

1-нысан - бухгалтерлік баланс;

2-нысан - қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп;

3-нысан - қаржыландыру көздері бойынша (тікелей әдіс) мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп;

4-нысан - таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп;

5-нысан - қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;

6 нысан - «Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс».

Жылдық және жартыжылдық қаржылық есептіліктерге мемлекеттік мекеменің басшысы, бас бухгалтері немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды. Басшы мен бас бухгалтердiң қолдарымен бір қатарда мiндеттi түрде қойылған қол таратып жазылған болуы тиіс (тегі, аты-жөні) . Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден қаржылық есептілікті қабылдап алуды және тексеруді ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Қаржылық есептілікті жасаған кезде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын басшылыққа алу қажет. Қаржылық есептіліктің нысандарын толтыру кезінде ағымдағы бухгалтерлік есептің шоттарын жабу тәртібі төменде келтірілген. Мемлекеттік мекемелер жылдық, жартыжылдық қаржылық есептілікті тиісті құжаттармен расталған тексерілген бухгалтерлік жазбалардың негізінде жасайды. Баланс жасалғанға дейін синтетикалық есепке алу шоты бойынша айналымдармен және қалдықтармен бірге талдамалық шоттар бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып тексеру жүргізіледі. Жылдық және жартыжылдық есептердің нысандары бойынша қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштерді келісу осы қағидалардың қосымшасына сәйкес схема бойынша жүргізіледі. Есепті жылдың аяғындағы бухгалтерлік баланс баптарының деректері жүргізілген түгендеудің нәтижелерімен расталады және бұл ретте айқындалған алшақтықтар жылдық қаржылық есептіліктің есепті күніне дейін түзетіледі. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке жатқызумен және бюджеттен төленентін төлемдерді жүзеге асырумен байланысты операцияларының барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады. 31 желтоқсанын қоса алғанда ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде бюджет қаражатынан басқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша, демеушілік, қайырымдылық көмек ақшалары, мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы шартымен беретін ақшалар не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аударымдар, жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшалардың түсімдері, сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарында шетел валютасындағы қаражат және шетел валютасындағы шоттарында қаражат болуы мүмкін. Дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек - өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет. Есеп беретін тұлғалардан аванстық есептер, сондай-ақ пайдаланылмаған сомалардың қалдықтары уақытылы талап етілуі қажет. Пайдаланылмаған ақша қаражаттары сәйкес шоттарға мемлекеттке қайтарылады.

Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің атқаруының бухгалтерлік есебін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 1992 жылғы 1 шілдедегі Нұсқау бойынша жергілікті әкімшіліктің қаржы басқармаларымен бөлімдері жүргізеді.

Қаржы органдарының аппаратын ұстауға жұмслатын шығындар сметасының атқарылу жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі бюджетте тұратын мекемелермен ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқамаға сәйкес /екі жақты жүйе бойынша / жргізіледі.

ҚР Ұлттық мемлекеттік банкісінің мекемелері жергілікті бюджеттердің /облыстық, қалалық, поселкілік, селолық және ауылдық бюджеттердің/ кассалық атқарылымын ҚР - ның Ұлттық мемелекетік банкісінің Мемелекеттік бюджеттің кассалық атқарылуы жөніндегі нұсқамасының нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Ұлттық мемелекеттік банкісінің мекемелері әр айдың 1- не облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің ағымдағы шот есептері бойынша және осы бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдарды ағымдаға шотесептегі қаражат қалдықтарының тексерме ведомосін белгіленген тәртіппен жасайды және белгіленген тәртіппен хатталған осы ведомостің екінші данасын тиісті қаржы органдарына береді.

Бюджеттің және шығындар сметаларының атқарылуы туралы есеппен есеп қисаптың жолға қойылуын бақылауды қаржы органдарының бугалтериялары жергілікті жерледі тексерулер мен зерттеулер жүргізу арқылы және өздері алатын мерзімдік және жылдық есеп қисапты қарау арқылы жүзеге асырады.

Қаржы органдарының бухгалтриялары ірі бюджет мекемелерінде, орталықтандырылған бухгалтерияларда және төмендегі қаржы органдарында бухгалтерлік есеппен есеп қисаптың орталықтандырылу жүйелі түрде бақылайды.

Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестікті тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін.

Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы керек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн.

Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т. б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы дер кезіндегі орындалатын талап.

Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялары қажет. Мұның үшін қажетті көлемдегі және дәл осы күні орындалған операциялар ғана шындық талабымен ұштасады. Айта кететін бір жайт - бұл экономикалық немесе қаржылық талдауға байланысты. Ағымдағы талдау мәліметтері және статистикалық мәліметтер жинақталған күндерден соң, мүмкін көптеген уақыт өткеннен соң да пайдалануы мүмкін. Сондықтан қандайда болмасын мәліметтерді пайдаланып, экономикалық өмірге қосқан күнді өз уақытында орындалған күн деп анықтауға болады.

Келесі талап - қажетті дәлдік. Бұл талаптың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалануы мен кәсіпорынның өзішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған. “Бухгалтерия” мен “дәлдік” ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолюттік дәлдікті көрсетуі керек. Алайда, кейінгі жылдары кәсіпорын бухгалтерінің қарауына берілген есеп саясатына көрсетілген кейбір әдістемелік есептеулер әр түрлі жолдармен орындалып келеді. Мысалы, негізгі құралдарға амортизациялық тозу жарна есептеу тәсілдерінің көптігі, таза пайданы еептеудің бірнеше жолдары сияқты көптеген көрсеткіштерді аса бір дәлдікпен есептеу қиындық туғызып ауытқулар болуы мүмкін.

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушыларды төмендегідей сипаттауға болады:

1) Кәсіпорны әкімшілігі бухгалтерлік есеп негізіндегі ақпараттар жүйесін пайдалана отырып, экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдап, мүның үшін тиісті еңбек ақымен қатар, сый ақы алуды мақсат тұтады. Бұлар кәсіпорынның қаржы-шарауашылық қызметін талдап, ішкі және сыртқы резерв көздерін шаруашылық өміріне енгізушілер болып табылады.

2) Кәсіпорында еңбек етуші жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек объектілеріндегі жұмыстарды атқарып, еңбектің сапасы мен санына және атқарылатын қызметтердің жауаптылығына, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтердің категорияларына қарай еңбек ақы алып, әлеуметтік жағдайларды пайдаланушылар болып табылады.

3) Қоюшылар мен сатып алушылар, басқалай клиенттер материалды құндылықтар мен ресурстар қойып, осы кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі экономикалық қатнастарды арнайы жасалған келісім шарт және екі жақты қойылған келісім бағаға қарай орындау үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады.

4) Несие мен қарыз беруші жақтар кәсіпорынның капитал көздерін қалыптастыру ме айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендіріп, мұның үшін пайыздық төлемдер алып, кәсіпорынның қалыпты жұмыстар атқарып, экономикалық жағдайының жақсаруына қызмет атқарады.

5) Отандық экономиканың тұрақтануы мен элеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз етумен қатар, салық заңдылығын орыдау үшін қажетті ақпараттар жүйесін қолдану болып табылады.

Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі мынадай есеп тізімдемелерінде жүргізіледі:

⮚ «Бас журнал» кітабы форма № 1-ф;

⮚ қаражатты иеленушілер мен кассалық шығындардың ағымдағы шот есептерінің кітаптары /ф № 3 ф/;

⮚ басқа бюджеттермен есеп айырысу кітабы /ф № 4 - ф/;

⮚ кірістер кітабы /ф №5-ф/;

⮚ кітаптардың формалары № 1 қосымшада келтірілген.

⮚ Келесі жылға арналған бухгалтерлік кітаптар мен басқа да құжаттар әр бір қаржы орграндарында 31 желтоқсанан кешіктірілмей әзірленеуге тиіс.

Әр бір кітапта жазба басталмастан бұрын онда барлық паратар номерленеді. Соңғы парақтың сыртқы бетіне Бас бухгалтер қол қойып, мынадай жазу жазады: «Бұл кітапта барлығы парақ нөмерленген».

Әрбір кітапта мыналар жазылады: қаржы органның атауы, кітаптың атауы және есепті жыл. «Бас журнал» кітаптан ф № 1-ф, басқа барлық кітаптарда оларда ашылған шот есептердің тақырыптары, ал кірістер кітабында- кірістер тиісті бюджетке түсетін бюджеттік жіктелім бөлімшелерінің атауы болуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралық қаржылық есептілік
Корпоративтiк табыс салығының бухгалтерлiк есебi мен салықтық есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Корпоративтік табыс салығын төлеушілер
34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Қаржылық есептілікті ұсыну
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz