Жолдағы ақшалай қаржылар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

3
:
Кіріспе. . .:
3:
: 1
Кіріспе. . .: ЖШС «Гогури & партнерс» ұйымының нарықтағы орны мен ақшалай қаражаттарының есебі . . .
3:

5

6

5

: 1. 1
Кіріспе. . .: Ұйымның мақсаты мен өнімді өндіру және өткізу процесі . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе. . .: Ақшалай қаражаттар мен дебиторлық қарыздар түрлерінің есебі . . .
3: 9
:
Кіріспе. . .:
3:
: 2
Кіріспе. . .: ЖШС « Гогури & партнерс » ұйымының қызметі мен қаржылық есептілігін талдау . . .
3: 13
: 2. 1
Кіріспе. . .: Қаражаттар есебі және оны есептесу . . .
3: 13
: 2. 2
Кіріспе. . .: Кəсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін, табыстылығын, пайдалылығын) талдау . . .
3: 17
:
Кіріспе. . .:
3:
: 3
Кіріспе. . .: Ұйымда жүргізілетін қаржылық аудит технологиясын зерттеу ЖШС «Гогури & партнерс» мысалында . . .
3: 22
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 27
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 29

Мазмұны

Кіріспе

Мен, 3 курс студенті Тимурова Индира өндірістік іс-тәжірибемді ЖШС «Гогури & партнерс» кәсіпорында өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, кәсіпорын туралы материалдар жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибием біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.

Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты - ЖШС «Гогури & партнерс» кәсіпорыны туралы теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізуге көмектесу.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің ор-нықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қар-жы ресурстары жағдайын көрсетеді.

1. ЖШС «Гогури & партнерс» ұйымының нарықтағы орны мен ақшалай қаражаттарының есебі

1. 1 Ұйымның мақсаты мен өнімді өндіру және өткізу процесі

ЖШС «Гогури & партнерс» компаниясы Қазақстандағы жетекші парфюм өндірушілердің бірі, белсенді, жасампаз әрі кәсіпқой қызметкерлерді өз бөлімшесіне бүкіл ел бойынша жұмыс істеу үшін іздестіреді. Өндіріспен қатар Гогури & партнерс шетелдік парфюм шығаратын компанияларға маркетинг, тіркеу, логистика, дистрибуция, кедендік рәсімдеу және сақтау саласында қызметтер көрсете отырып, ресми серіктесі болып табылады.

Ұйымның тарихы:

1999 жылы Гогури & партнерс сауда компаниясы ретінде тіркеледі;

2006 жылы компания Алматы қаласында жеке меншік қоймаларын ашқан;

2007 жылы парфюм зауыт құрылысы басталды;

2010 жыл зауытты іске қосу, өндіріске лицензия алу, алғашқы тәжірибелік-өндірістік желіні іске қосқан;

2011 жылы Гогури & партнерс алғашқы препараттарды тіркеу куәлігін алған;

2012 жылы парфюмдік өнімдерді мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында жеткізу басталды;

2013 жылы Зауыт өнімінің өндірісі бір жылда 6, 5 есеге ұлғайып 10 млн өнімге дейін жетеді;

2014 жылы Гогури & партнерс күрделі парфюм формасының өндірістік учаскесі GMP стандарты бойынша сертификатталған;

2015 жылы Физикалық-химиялық және микробиологиялық зертхана ҚР Мемлекеттік стандарты жүйесінде аккредиттеуден өтті;

2016 жылы Компанияның қарқынды техникалық жабдықтандырылуы, өндірістік қуаттың жылына 200 млн. өнімге дейін өсуі;

2018 жылы Гогури & партнерс күрделі парфюм формасының өндірістік учаскесі (иіс сулар, одеколон, бояу ұнтақтар) GMP стандарты бойынша қайта сертификатталған;

2019 жыл иіс сулар мен одеколондар түрінде арнайы парфюмдық өнімдерді шығаратын жаңа өндірістің іске қосылуы басталды.

Негізгі міндеттері:

  • Компания парфюмдерін сән және мода секторларда өткізу;
  • Қолданыстағы клиенттік базамен жұмыс жасау және жаңа клиенттерді іздестіру;
  • Клинеттермен ұзақ мерзімді қатынастар орнату;
  • Конференциялар, сән үйірмелері, презентациялар ұйымдастыру және өткізу;
  • Белсенділікті жоспарлау.

Кандитаттарға қойылатын талаптар​:

  • Білімі: жоғары медициналық немесе сән саласы;
  • Жұмыс тәжірибесі: өндірістік-маркетингтік өкіл ретіндегі жұмыс тәжірибесі 1 жылдан бастап.

Жеке қасиеттері:

  • нәтижеге бағытталған;
  • байланысқа бейімділік;
  • өздігінен ұйымдасқан;
  • оқуға қабілеттілігі мен ықыласы;
  • белсенді өмірлік ұстанымы.

ЖШС «Гогури & партнерс» ұйымында өндіріс көлемі және өнімді өткізу көлемі бір-біріне байланысты көрсеткіштер. Нарық жағдайы мен бәсекелестіктің күшеюінде сату көлемі негізгі өндірістік бағдарлама болып табылады. Кәсіпорын сатылатын өнімді шығаруы керек.

Өнімді өндіру мен өткізу көлемінің өсу қарқыны, өнімнің сапасын жоғарлату - кәсіпорын шығындары, табыстары және тиімділік шамаларына тікелей әсер етеді.

Сондықтан, кәсіпорын жұмысының талдауы өнімді шығару көрсеткіштерін зерттеуден басталады.

Өндіріс көлемін талдау жалпы тауарлы өнімнің динамикасын, өсу мен өсімнің базистік және тізбекті қарқындарын есептеуден басталады.

Кесте-1. Тауарлы өнімнің динамикасы

Жыл
Салыстармалы бағадағы тауарлы өнім, мың теңге
Өсу қарқыны, %
базисті
тізбекті
Жыл:

2016

2017

2018

2019

2020

Салыстармалы бағадағы тауарлы өнім, мың теңге:

89000

92600

94300

93500

95000

Өсу қарқыны, %:

100

104

105, 9

105

106, 7

100

104

101, 8

99, 1

101, 6

Өсудің орташа жылдық қарқынын Т (өсім Т ө ) орташа геометриялық немесе орташа арифметикалық өлшем бойынша есептеуге болады. Оны орташа геометриялық формуламен есептейік:

Т = n-1 √Т 1 * Т 2 3 4 5 = 4 √1, 0*1, 040*1, 059*1, 050*1, 067 = 4 √1, 23 = 1, 0539 = 105, 39%

Т ө = 5, 39% (105, 39-100)

Сонымен, тауарлы өнімді өндіру көлемі 5 жылда 6, 7%-ға өсті. Өсімнің орташа жылдық қарқыны 5, 39%-ды құрады. Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) жоспардың орындалуын бағалау кестеде келтірілген деректер бойынша есептелінеді.

Өнім өндірісінің көлемі бойынша жоспардың орындалуы жыл басынан бастап өсу қортындысымен талданады.

Кесте-2. Есепті кезеңде жоспардың орындалу көрсеткіштері

Бұйым

Өнім өндірісінің көлемі,

мың теңге

Жоспарлық шығарылымның өткен жылдан ауытқуы
Өнімнің нақты шығарылымының ауытқуы

алдың

ғы жыл

есепті жыл
мың теңге
%
жоспардан
алдыңғы жылдан
жоспар
нақты
мың теңге
%
мың теңге
%
Бұйым:

А

В

С

Д

т. с.

Өнім өндірісінің көлемі,мың теңге:

31200

31000

19600

16300

Жоспарлық шығарылымның өткен жылдан ауытқуы:

28300

32400

19300

15800

Өнімнің нақты шығарылымының ауытқуы:

25400

32370

21170

20100

-2900

+1400

-300

-500

-9, 3

+4, 5

-1, 53

-3, 06

-2900

-30

+1870

+4300

-10, 2

-0, 09

+9, 6

+27, 2

-5800

+1370

+1570

+3800

-18, 6

+4, 4

+8, 0

+23, 3

Бұйым: Барлығы:
Өнім өндірісінің көлемі,мың теңге: 98100
Жоспарлық шығарылымның өткен жылдан ауытқуы: 95800
Өнімнің нақты шығарылымының ауытқуы: 99040
-2300
-2, 34
+3240
+3, 3
+940
+0, 95

ЖШС «Гогури & партнерс» ұйымында талдамалық жұмыстардың қажетті элементі - бұйымдардың ассортименті бойынша жоспардың орындалуын талдау болып табылады.

Ассортимент - бұйымдардың әрқайсысы бойынша саны көрсетілген бұйымдардың тізімі. Ол толық (барлық түрлері мен алуан түрлілігі), топтық (туыс топтары бойынша) және топішілік ассортимент болып ерекшеленеді.

Ассортименті бойынша жоспардың орындалуы төмендегідей бағалануы мүмкін:

- ең аз пайыз тәсілі бойынша;

- өнімді шығару жоспары орындалған, бұйымдар атауының жалпы тізіміндегі үлес салмағы бойынша;

- өнім ассортименті бойынша: орташа пайыз көмегімен, ол жоспар шегінде өнімнің жалпы нақты шығарылымын өнімнің жалпы жоспарлық шығарылымына бөлу жолымен есептелінеді (жоспарда қарастырылмаған немесе жоспардан тыс дайындалған өнім ассортименттер бойынша жоспардың орындалуына кірмейді) .

Ассортимент бойынша жоспарды толық орындамау себебі сыртқы, сондай-ақ ішкі болуы мүмкін.

Өнімнің жекелеген түрлері бойынша жоспардың орындалуының біркелкі болмауы оның құрылымының өзгеруіне әкеледі.

Өнімнің құрылымы - бұл жекелеген бұйымдардың, олардың жалпы шығарылымындағы үлес салмағының қатынасымен анықталатын құрылым. Құрылымы бойынша жоспарды орындау дегеніміз - өнімнің нақты шығарылымында оның жекелеген түрлерінің жоспарланған арақатынасын сақтау. Өнім құрылымындағы өзгерістер шаруашылық қызметінің, өнімді шығару және өткізу, еңбек өнімділігі, өзіндік құн мен табыс сияқты жалпылама көрсеткіштерінің динамикасына әсер етеді.

Өндіріс құрылымының аталған көрсеткіштердің деңгейіне әсер етуін әртүрлі тәсілдермен анықтауға болады. Тізбектеп қою тәсілімен анықтау 3 кестеде келтірілген.

Кесте-3. Тауарлы өнім құрылымын талдау

Бұйым
1мшб-ға көтерме баға, теңге
Өнім өндірісінің көлемі, мшб.

Тауарлы өнім жоспар бағасымен,

мың теңге

Құрылымы есебінен тауарлы өнімнің өзгеруі, мың теңге. (7б-6б)
жоспар
нақты
жоспар (5б=2б* 3б)
Жоспарлық құрылым кезіндегі нақтысы
нақты (7б=2б*4б)
Бұйым:

А

В

С

1мшб-ға көтерме баға, теңге:

550

600

700

Өнім өндірісінің көлемі, мшб.:

56600

55000

32400

Тауарлы өнім жоспар бағасымен,мың теңге:

50400

54000

34600

Құрылымы есебінен тауарлы өнімнің өзгеруі, мың теңге. (7б-6б):

31130

33000

22680

30049

31854

21893

27720

32400

24220

-2329

+546

+2327

Бұйым: Барлығы
1мшб-ға көтерме баға, теңге: 1850
Өнім өндірісінің көлемі, мшб.: 144000
Тауарлы өнім жоспар бағасымен,мың теңге: 139000
Құрылымы есебінен тауарлы өнімнің өзгеруі, мың теңге. (7б-6б): 86810
83796
84340
+544

Құрылымдық фактордың өнімнің өндірісіне әсер етуін, сондай-ақ, абсолюттік айырым тәсілімен және орташа алынған бағаны анықтау тәсілімен есептеуге болады.

Өнімнің сапасы өндіріс кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Өнімнің сапасы - арнауына сәйкес, білгілі бір тұтынуды қанағаттандыратын өнім қасиетінің жиынтығы. Өнімнің сапасы бұйымның тұтынушылық, параметрлік, технологиялық, дизайнерлік және басқа да қасиеттерді сипаттайды, оның стандартизациялық және бірыңғайлау деңгейі сенімділік пен ұзақ мерзімділік.

Өнім сапасының көрсеткіштері жалпылама, жеке және жанама болып бөлінеді.

Өнім сапасын талдаудың басты міндеті - көрсеткіштер динамикасын зерттеу, олардың деңгейі бойынша жоспарды орындау, олардың өзгеру себебін анықтау және өнім сапасының деңгейі бойынша жоспардың орындалуын бағалау. Өнім сапасының деңгейі бойынша жоспардың орындалуын жалпылама бағалау үшін әртүрлі тәсілдер пайдаланылады. Оның бірі бағалаудың балдық тәсілі болып табылады, оның мәні өнім сапасының орташа шамалы балын анықтап, сондан соң оның нақты және жоспарлы деңгейін салыстыру жолымен сапасы бойынша жоспардың орындалу пайызын табуда.

Сапасы сортымен сипатталатын өнім бойынша өндірістің жалпы көлеміндегі әрбір сорттың үлесі, сорттылығының орташа коэффициенті, салыстырмалы шарттарда бұйымның орташа бағасы есептелінеді.

Сонымен, сорттылығының орташа коэффициентін екі түрлі амалмен анықтауға болады:

✔ І - сортты өнім санының жалпы санына қатынасымен;

✔ Барлық сортты өнім құнының І - сорттың бағасы бойынша өнімнің ықтималды құнына қатынасымен.

Екінші амал бойынша сорттылығының коэффициенті мына формуламен анықталады:

К сорт = ∑( ӨV i * Б i ) /(ӨV жалпы 1сорта

1. 2 Ақшалай қаражаттар түрлерінің есебі

ЖШС «Гогури & партнерс» ұйымында қаржылық есеп берушілікті дайындау және жасау принципіне сәйкес активтер - бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер және құқықтар.

Активтерді жою мерзіміне қарай ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.

Бухгалтерлік есеп стандарттарының №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашулар стандартына сәйкес ағымдағы активтерге келесілер жатады:

- оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;

- есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс алдағы кезең шығындары;

- ақшалай қаржылар;

- ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;

- бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы активтерді сатып алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған векселдер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да дебиторлық қарыздар.

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамаен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы» деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

Шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:

1010 - «Кассадағы ақшалар»;

1020 - «Жолдағы ақшалай қаржылар»;

1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар»;

1040 - «Карт шоттардағы ақшалай қаржылар»;

1050 - «Жинақ шоттарындағы ақшалай қаржылар»;

1060 - «Басқа да ақшалай қаржылар».

Алынуға тиісті шоттарда ақшалай қаржыларға шағымдар, тауарлар және қызметтер және компанияның ақшасыз активтері жатады. Дебиторлық қарыздар ағымдағы және ұзақ мерзімді болады, яғни төленуге тиісті шоттардың төлеу мерзімінен және қарызды жоюдың күнінен тәуелді. Дебиторлық қарыздар шот-фактурамен расталады. Алынған вексельдер баланстық бабы арнайы қарыздық міндеттемелермен расталады.

Саудалық дебиторлық қарыздар - негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары. Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады. Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.

Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.

Кассадағы операциялардың синтетикалық есебі 1010 - «Кассадағы ақшалай қаржылар» активті шотында жүргізіледі. Дебеті бойынша кезең басына және соңына қалдық, сонымен қатар кезең ішіндегі түскен сомалар, кредитінен ақшалардың шығындалуы көрсетіледі. Кассадағы ақшалардың есебі бойынша есептік регистрлары келесілер болып табылады: №1 журнал-ордер - касса шоттарының кредиті бойынша және №1 тізімдеме - касса шоттарының дебеті бойынша.

Кесте-4. ЖШС «Гогури & партнерс» ұйымының кассасында жүргізілетін ақшалар есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны: Операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Операциялар мазмұны: Дебет
Шоттар корреспонденциясы: Кредит
Операциялар мазмұны: Өнімдерді (қызметті, жұмысты) сатудан табыс алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
6010
Операциялар мазмұны: Басқадай активтерді сатудан табыс алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
6210
Операциялар мазмұны: Ағымдағы банктік шоттан ақша кассаға алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1030
Операциялар мазмұны: Алдағы кезең табыстары алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
3520, 4420
Операциялар мазмұны: Есеп беруге тиісті тұлғадан алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1250
Операциялар мазмұны: Аванстар алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
3510, 4410
Операциялар мазмұны: Кассадан банктік шотқа ақша тапсырылды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
Операциялар мазмұны: Басқадай кредиторлық қарыздар төленді
Шоттар корреспонденциясы: 3390
1010
Операциялар мазмұны: Іс-сапар шығындарына, шаруашылық шығындарына ақша берілді
Шоттар корреспонденциясы: 1250
1010
Операциялар мазмұны: Кассадан еңбек ақы берілді
Шоттар корреспонденциясы: 3350
1010
Операциялар мазмұны: Кассадан теңгемен жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленді
Шоттар корреспонденциясы: 3310, 4110
1010

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақшалай қаржылар» шотында жүргізіледі. Оның дебеті бойынша ақша қаражаттарының қалдығы мен келіп түсуін, яғни көбеюін көрсетеді, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарының есептен шығарылуын көрсетеді.

Кесте-5. ЖШС «Гогури & партнерс» ұйымының ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар шоты бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны: Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны: Дебет
Шоттар корреспонденциясы: Кредит
Шаруашылық операциялар мазмұны: 1. Кассадан ақшалардың ағымдағы банк шотына түсуі
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
Шаруашылық операциялар мазмұны:

2. Сатып алушылардың дебиторлық қарыздарын жою есебінен түсуі:

- қысқа мерзімді

- ұзақ мерзімді

Шоттар корреспонденциясы:

1030

1030

1210

2010

Шаруашылық операциялар мазмұны: 3. Қысқа мерзімді несиелер алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3010, 3020
Шаруашылық операциялар мазмұны: 4. Жолдағы ақшалар ұйымның есеп айырысу шотына алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 5. Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан келіп түскен ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
5110
Шаруашылық операциялар мазмұны: 6. Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кірістелді
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3010, 4010
Шаруашылық операциялар мазмұны: 7. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызы қайтарылды
Шоттар корреспонденциясы: 3310, 4110
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 8. Бюджетке ҚҚС аударылды
Шоттар корреспонденциясы: 3130
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 9. Бюджетке корпоративтік табыс салығы аударылды
Шоттар корреспонденциясы: 3110
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 10. Басқа да кредиторлық қарыздар жойылды
Шоттар корреспонденциясы: 3390, 4170
1030

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу үшін 1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма - қол ақшаның есебі
Коммерциялық банктердің қаржылық есебі
Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі
Валюталық шот операцияларының есебі
Ақшалай қаражаттар түрлерінің есебі
Алынуға тиісті вексельдер, бағалау және мойындау есебі
Ақша қаражаттар есебі
Ақша қаражаттары есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz