Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Шарын ұлттық паркінің ерекше табиғатымен көзге түседі және әр қашан ғалымдардың зерттеуіне қызығушылығын туғызған. Шарын терең аңғарында бірқатар геологияылық жағдайлардың сирек үйлесімділігі арқасында фауна мен флораның ежелгі, яғни қазіргі кезде өліп біткен өкілдерінің қызық мекен орындары сақталған. Шарын тік жарларынан тастанған сүйектердің бай жиынтығы (мастодонттар, пілдер, мүйізтұмсықтар, Стенон жылқысы, қорқау қасқыр және көптеген басқалар), сонымен қатар флораның ерекше тозандық жиынтықтары табылды. Сол себебі Шарын өзен алабында 2004 жылы Шарын ұлттық табиғи паркі құрылып, осы аумақтың ерекше орындары қорғауға алынды. Қазіргі таңда бұл аймақтар турстік потенциалы бар мекен ретінде де қаралып отыр. Сол себепті маған осы аймақтың ландшафттарын талдап, қарастыру қызық болды.
Жұмыстың мақсаты: Шарын өзен алабының ландшафттарының ерекшелігін қарастыру, зерттеу. Ондағы ерекше демалу қорларын және бірегей табиғат кешендерін қорғаумен бірге, кейбір сирек кездесетін жануарлар мен өсімдік түрлерінің санын қалпына келтіру.
Еңбекте Шарын ұлттық табиғи паркінің зен жер бедеріне, геологиясына, климатына, топырақ жамылғысына және биоалуантүрлілігіне толық сипаттама беріледі. Сонымен қатар ондағы ландшафттардың қалыптасу ерекшеліктері, жіктелуі, антропогендік модификацияларының негізгі категориялары сипатталады.
Зерттеу міндеттері:
- зерттелген тақырыпқа сәйкес ұлттық табиғи парктің аумағына физикалық-географиялық жағдайына жан-жақты зерттеу жүргізу.
- Шарын ұлттық табиғи паркінің қазіргі таңдағы ландшафттық ерекшеліктерін анықтау.
- Шарын ұлттық паркінің Табиғи ортасының гидрологиялық және гидрогеологиялық алғышарттарын анықтау.
Зерттеу нысаны: Шарын ұлттық табиғи паркінің ландшафттық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу пәні: физикалық география, гидрология, ландшафтану, геология, полеогеография, геоморфология.
Зерттеу әдісі: Шарын ұлттық табиғи паркінің тарихи географиялық, салыстырмалы географиялық, табиғи геохимиялық фонның ерекшеліктері және заттардың саралануы әдістер арқылы зерттеу.
Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік мәні: Шарын ұлттық табиғи паркінің физикалық-географиялық жағдайын және әр жылғы ландшафтының өзгерістерін түрлі көрсеткіштер бойынша салыстыру арқылы бағалау. Антропогенездің негізгі факторлары және ландшафтардың антропогендік модификацияларының жіктелу жолдарын қарастыру.
Жұмыстың құрылымы жоспардан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, суреттен, кестеден, картадан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жалпы дипломдық жұмыс беттен қамтиды. Жұмыстың 12 кесте және сурет пайдалынылған.
1 Шарын Ұлттық табиғи паркінің физикалық-географиясы
1. 1 Физикалық-географиялық орны мен құрылу тарихы
Оңтүстік жағы Шарын өзені арнасының Көртоғай көпірінен бастап, солтүстік жағы өзен сағасына дейін және жолақты тау бөктерінің жағасы мен өзеннің екі жағындағы Сөгеті және Жалаңаш тауаралық жайылымдары кіреді.
Парктың айнала нүктелерінің географиялық координаттары: 79º 6' 56, 88" Ш. Ұ. 43º 39' 0, 09" С. Е. Парк аумағы - 127 050 га, үш әкімшілік ауданның аумағында орналасқан: Ұйғыр (аудан орталығы- Шонжы селосы), Райымбек (аудан орталығы- Кеген селосы), Еңбекшіқазақ (аудан орталығы- Есік қаласы)
Жол жүйесі жақсы дамыған. Парк келесі бөліктерден тұрады: Шарын шетен орман саяжайы, «Долина замков» шатқалы, Үлкен Бұғыты таулары, «Қызыл Қарасай» Қ. Р Қорғаныс министрлігінің полигоны. Ең жақын елді мекен- Шонжы селосы 15 км қашықтықта орналасқан.
Барлық бөліктерге қатынайтын халықаралық Шонжы-Алматы тасжолы асфальтталған. Ал тасжолдан нысандарға дейінгі жолдарға құм төселген: Шетен орман саяжайына 15 км, Шарын шатқалына 30 км, Ү. Бұғыты тауларына 35 км., Қызыл Қарасай полигонына 7 км. Парк кеңсесі Шонжы селосында орналасқан.
Шарын МҰТП қазіргі заңдылықтарға сәйкес, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы Комитетіне қарайтын, республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекемелік мәртебесі бар. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк (әрі қарай ШМҰТП) ҚР Үкіметінің 23 ақпан 2004 жылғы № 213 бұйрығымен 93 150 ге жерге Алматы облысында экологиялық, тарихи-ғылыми, эстетикалық табиғат байлығын қалпына келтіру және сақтау мақсатымен ұйымдастырылған. ҚР Үкіметінің 6 ақпан 2009 жылғы № 121 бұйрығымен парк аумағы кеңейтілді, мемлекеттік жер қоры, қорғаныс қажеттілігіне қарасты жерден 32900 ге жер қосылды, қазір жалпы аумақ 127 050 га. Парктің әкімшілік-шаруашылыққа қатынасты аумағы- Алматы облысының, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр аудандарында Шонжы селосынан батысқа қарай 7 км қашықтықта, Алматы қаласынан шығысқа қарай 200 км қашықтықта орналасқан.
Шарын МҰТП құрамына республикалық маңызы бар Табиғат ескерткіші-19 наурыз 1964 жылы Қазақ ССР Министірлер кеңесінің № 447-Р қаулысымен ұйымдастырылған 5014 ге жерді алып жатқан Шарын шаған тоғайы кіреді. Ескерткіш полегеон дәуірінің соғды шағаны өсетін су жайылмалары орманын қорғау үшін ұйымдастырылған. Ол Сарытоғай Шатқалының Шарын өзеніндегі қоймасында орналасқан, қазір ШМҰТП құрамына кіреді. Шағаннан басқа бұл жерде сирек кездесетін басқа да өсімдіктер дүниесі (ауған терегі, әр түрлі жапырақты терек, іле ұшқаты, семенов үйеңкесі, жоңғар реомюриясы, іле сексеуілі т. б) сонымен қатар сирек кездесетін жануарлар дүниесі (қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, үкі, ителгі, жұртшы, орта азиялық бақа, шұбар батбат кесіртке) . Орманды қорғау режимі бекітілген, ұйымдастырылмаған туристердің келуі шектелген. Тоғай ішінде ағаш кесуге, мал жаюға тыйым салынған.
Үлкен Бұғыты учаскесі- Ұйғыр ауданының шекарасында, мемлекеттің жер қорында Үлкен Бұғыты тауының солтүстік шығысын алып жатыр. Геологиялық нысандарды қорғаудың негізгі мақсаты минералдарды (молидемит, шелит, перит, халькопирит) қарақұйрық, текелердің жайылымдарын кеңейту, сексеуілді, 61 түрлі сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау.
Кызыл Қарасай -қарақұйрықтың, сирек кездесетін құстардың (дуадақ, бүркіт, ителгі), тек Қазақстанда кездесетін бұта-ағаштектес сораң т. б сирек кездесетін өсімдіктердің 11 түрі өсетін жер. Сонымен бірге ерекше бальнеологиялық бағалы минерал суы бар гидрологиялық обьекті де бар.
Шарын шатқалы-республикалық маңызы бар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Үкіметтің 30 маусым 2005 жылы № 657 шешімімен жасалған экологиялық, ғылыми, т. б құндылықтары бар жер қыртыстарының тізіміне енген. Бұл жерде шатқалдың тасты жартастары, палеонтологиялық қазбалар, сол жерден табылған жануарлардың қазба қалдықтары, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғала
Шарын өзенінің алқабында қорғалатын жерлер 70-ші жылдардың ортасында құрылды. 80-ші жылдардың ортасында Іле өзенінің екі жағын алып жататын Қытай халық Республикасының шекарасынан Қапшағай су қоймасына дейінгі үлкен аумақта (500 мың ға) Қаз ССР ғылыми академиясының зоология және ботаника институтына Қаз ССР қорық қоры обьектілер дамыту және орналастыру туралы Бас кестесіне Мемлекеттік Ұлттық Паркті енгізу жөнінде ұсыныс жасалды. Қазақстанда қорық ісін дамату бағдарламасы аясында Қазақ ССР Ғылым Академиясы жанындағы биосфера жөніндегі ғылыми кеңес жасаған 2005 жылға дейін Қазақ ССР-нің табиғи-қорық қорын дамыту және орналастырудың Бас кестесіне Сөгеті - Көртоғай - Бұғыты ботаникалық қорғалым (500 мың га) және «Шарын шатқалын» (6, 0 мың га) ұйымдастыру жөнінде ұсыныс берілді.
1996 жылы Іле шұңқырының оң жағалауында «Іле аймағы» паркінің бірінші кезегі болып қарастырылған «Алтын емел» (459, 62 ге) Ұлттық паркі құрылды. Екінші кезегінде шұңқырдың сол жағалауын алатын шарын өзенінің жазығын алып жатқан әсем бөлігі кіретін үлкен аумақты осы парк құрамына кіргізу жөнінде ұсыныс жасалды.
1993 жылы Алматы облыстық табиғи қорықтарды дамыту және орналастыруды дамыту схемасының жобасында ЭИЦ «ENVIRK» Алматы облыстық экология және биоресурс басқармасымен келісім шарттың жобасында «Шарын шаған тоғайы» мен Шарын шатқалы табиғат ескерткішінің төлқұжаты жасалды. Осы жерде бұрын ұсынылған Сөгеті- Бұғыты- Көртоғай қорғалымы кіретін аумақпен бірге осы қорғалатын жерді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк құрамына енгізу қажеттігі туды, Енгізуге 222, 7 га жер ұсынылды. Бұл паркті құру Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасына да енді.
1998 жылы «ENVIRK» экологиялық зерттеу орталығы экология және табиғи ресурстар Министрлігінің 18 мамыр 1998 жылы №60 келісімі бойынша 1998 жылға арналған жоба тендері негізінде ШМҰТП базасында құру жөніндегі ғылыми негіз жасалды. Көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде парктің шекарасы ұсынылды: солтүстігі - Іле өзені, шығысы Шарын өзені, оңтүстігі Торайғыр макробеткейінің жотасы, батысы - Шелек өзені. Сонымен бірге жобаның авторлары парк аумағына Шарын өзенінің жазығын, Іле өзенінің жазығын Шарын өзеніне құяр жерін Қапшағай су қоймасына дейін, Шелек өзені жазықтығын Алғабас Поселкасынан Майлыбай поселкасына дейін, Үлкенқұм мен Қарабас құм алқабын, Торайғыр тау пиотасының төменгі етегі, Сөгеті - Бұғыты, Серіктас, т. б жазықтары мен тауаралық алқаптарын енгізуді ұсынды.
2001 жылы ҚР Үкіметінің 23 ақпан 2004 жылы № 213 «Шарын МҰТП ұйымдастыру тұралы қаулысы негізінде» экопроект ТОО Шарын МҰТП жобасы жасалып, оған 93 150 га жер бөлінді. ҚР Үкіметінің қаулысында көрсетілген шекаралар ескеріліп 2004 жылы ТЭО-ға түзетулер енгізілді. Осы құжатта Шарын МҰТП құрамына бұрын жоспарланған Сөгеті алқабын (Қарақұйрықтар қалпына келе бастаған), Торайғыр тауларын, Үлкен Бұғыты мен Бала - Бұғыты (Бүркіт - ителгі мен флора эндонизмінің орны) сонымен бірге құмды және құмайт жерлерді (Іле өзені бойымен Қапшағай су қоймасына дейінгі әсем жерлер) енгізу қарастырылды.
Бүгінгі күні Шарын өзенінің алабында Қазақ гидрометерологиялық қызметі жөніндегі басқарманың 5 су бекеті жұмыс істейді: үшеуі - Шарын өзенінде; екеуі - Қарқара және Темірлік тармақтарында.
Бұл аймақта сутеңдестік зерттеулерді жүргізгендер: И. С. Соседов, З. Т. Беркалиев, А. А. Тұрсынов, Л. Ф. Домрачев, Р. Х. Хайдаров, Е. В. Коченов . Жер асты ағынын зерттегендер: У. М. Асмедсафин, В. Ф. Шлыгин, М. Х. Джабасов, У. М. Ахмедсафин. Жұмыста «ҚазКСР География ҒА және Мемкоммгидромет ҚазҒЗИ» Институттары жүргізген зерттеу нәтижелері ескерілді .
Аумақтың геологиялық және палеографиялық ерекшеліктерін А. А. Абдуллин, И. Н. Радченко, В. Г. Новиков және басқалар зерттеді. Алаптың геоморфологиялық ерекшеліктері А. В. Попов, М. Ж. Жандаев, Б. Л. Феодорович, М. С. Калецкий, Г. А. Авсюк, С. Н. Матвеевтердің еңбектерінде баяндалды.
Биік таулы ландшафтарда қазіргі мұз басу үрдістері Е. Н. Вилесовтың еңбегінде баяндалған [1] .
Кешенді физикалық-географиялық зерттеулер Н. А. Гвоздецкий, В. М. Чупахин, Г. В. Гельдыева, Л. К. Веселова, А. В. Чигаркин, А. В. Попов, Н. Молдағұлов, Г. Г. Яковлева, З. М. Абишева, Б. М. Мұқашев, Г. М. Джаналиева, Н. П. Огарь, Б. В. Гельдыев, Н. Н. Керимбайлардың еңбектерінде суреттелген. 1 - суретте Шарын шатқалының сыртқы бейнесі көрсетілген.
1 - сурет. Шарын шатқалының сыртқы бейнесі
1. 2 Шарын ұлттық табиғи паркінің геологиялық-геоморфологиялық алғы шарттары
Шарын ұлттық табиғи паркінң геологиялық құрылысына әр түрлі жыныстар кешені қатысады. Аумақтың жазық бөлігі борпылдақ, ең алдымен флювиогяциалдық және пролювий шөгінділерінен тұратын кайназой түзінділерінің ерекше дамуымен сипатталады. Алаптың жоғарғы бөлігінің таулы жиегі, негізінде әр жастағы эффузия және интрузиямен, қатты орналасқан жыныстармен, кембрий және төменгі тас көмірмен біріккен. Каледон, герцин және альпілік орогенез кезеңінде платформалық негізде қалыптасқан алап аумағының негізгі құрылымдық бірліктері күрделі дөңестер сипатындағы таулы жоталар және тауаралық ойпаттар - синклинорийлер болып табылады [2] .
Торайғыр және Бөгет тау сілемдері Торайғыр, Үлкен және Бала Бұғыты тауларымен бөлінген күрделі дөңестерден тұрады. Бұл сілемдер ескі ағынсу аңғарымен бөлінген. Бұл таулардың шығыс жағында ордовиктің құм-қатпарлы және төменгі карбонның эффузиялық-шөгінді қабаттары көп тараған. Оңтүстік тау бөктерінде неоген шөгінділер тараған.
Күрделі дөңесті қиындатқан жарылған жерлердің айтарлықтай өсуі солтүстік пен оңтүстіктен әр жастағы шөгінділердің тектоникалық қосылуы барлық жерде байқалады. Күрделі дөңестің солтүстік шетінде оның өзегінің гранитоидтарымен Іле шұңқырының неоген-ежелгі төрттік және қазіргі төрттік шөгінділері қосылады. Оңтүстік қанатының шетінде гранитоидтармен төменгі палезойдың ежелгі кристалл тақталары мен төрттік шөгінділер қосылады. Торайғыр жотасы Іле Алатауының ірі күрделі дөңесінен аласа таулы сілем Алабайтпен бөлінеді. Торайғырды құрайтын ордовик және төменгі-тас көмір шөгінділер мен герцин және каледон диориттері, гранитоидтары шағын жарылған жерлермен бөлінген жеке блок телімдері берілген.
Ең ірі жарылған жерлер жота бөктерінде созылып жатыр және Шарын өзені аңғары қиылысқан жерде айрықша айқын байқалады.
Жалаңаш және Тоғызбұлақ бөктеріндегі жазығыоңтүстігінен Күнгей Алатау, солтүстігінен Торайғыр күрделі дөңесімен шектелген синклинальмен берілген. Ойпаттыңсыртқы беті қуаты 120-150м. көлденең жатқан неоген-ежелгі төрттік шөгінділермен қосылған. Ойпаттың конфигурациясы алшақ кеткен тармақтар мен оған сыналанып кірген палезой жыныстары сілемдерінің салдарынан айтарлықтай күрделі. Синклиналь өсі шығыс-солтүстік-шығыс бағытта, ал барынша жапырылуы ойпаттың ұзына бойғы өсімен сәйкес келеді. Бұл Шарын және Темірлік өзендерінің шатқал тәрізді тілмелерінде айқын байқалады. Ойпаттың орталық бөлігінде төменгі тас көмір шөгінділер толығымен борпылдақ неоген-ежелгі төрттік шөгінділердің астында қалған, ал оңтүстік және солтүстік бүйірінде олар қайта сыртқы бетке шығады.
Жалаңаш аңғарының солтүстік бөлігіне жақын ендік жайылулар, алғашқы жүздеген метрлерді құрайтын блокты орын ауыстырулар тән. Ең ірі жарылған жерлердің бірі Шарын өзенін қиып өтеді және ауытқу ені 120 м. неоген-ежелгі төрттік шөгінділермен қосылады Торайғыр жотасының оңтүстік баурайы/. Басқа жағдайлар қатарында жарылған жерлердің қосылуы алғашқы ондаған метрлерді құрайды, ал неоген-ежелгі төрттік шөгінділер айтарлықтай бірқалыпты иілген жерлер қатарын құрайды.
Көкпек, Күнгей Алатау күрделі дөңестері Жалаңаш синклиналін ассиметриялық құрылысы мен батыстан шығысқа бату үрдісі бар Кеген-Шалқұдысу мегасинклиналиінен бөліп тұрады.
Оның өстік бөлігі каледон және герцин гранитоидтарымен біріккен. Антиклинальдың және орта карбонның эффузиялық-шөгінді қабаты, сондай-ақ неоген қабаты жетілген. Антиклиналидің ассиметриялығы құрылымның солтүстік қанатында протерезойдың қатпарлы кешендерінің, орта және жоғарғы ордовиктің, сондай-ақ оңтүстік қанатында қатты дислокацияланған прекембрийдің өсуінен байқалады. Күрделі дөңестің солтүстік және оңтүстік қанатында жота бөктерінде тік еңкіш ығысқан сипаттағы ірі жарылған жерлер байқалады. Тұтас алғанда, күрделі дөңес құрылымдар қанаты жарылған жерлермен қосылған, палеозой жыныстары мен герцин гранитоидтарынан түзілген грабендер жүйесі мен аласа көтерілімдерден тұрады. Жотаның мезозой-кайнозой құрылымынан күрделі дөңестің қалыптасу үрдісінде қиғаш келген ежелгі жазық беттің өзгеруі байқалады.
Батыс Кетпен күрделі дөңестері Іле синклинориі мен Жалаңаш-Тоғызбұлақ құрылымын Кеген-Шалқұдысу мегасинклиналиінен бөліп тұрады. Кетпен жотасы қанаттары жарылған жерлермен күрделіленген, палеозой негізінің ірі антиклин көтерілімі болып саналады. Жотаның батыс бөлігі бойлық су аңғармен бөлінген жергілікті ұсақ жоталар Темірлік, Құлықтау сияқты бірнеше асимметриялық антиклинальдерге бөлінген. Күрделі дөңестерді күрделілендірген жарылған жерлер көбінесе жота бөктеріне тік еңкіш ығысқан. Күрделі дөңестердің оңтүстік шетіне ығысқан телімдер Кеген-Шалқұдысу синклиналиінің неоген-ежелгі төрттік шөгіндісінде жайылған жотаның аналық палезой жыныстарының бастырмасымен алмасады. Күрделі дөңестің батыс бөлігі негізінде шағын қатпарлармен жаншылған жанартаутекті төменгі тас көмір жыныстармен қосылған. Кетпен жотасының оңтүстік шетінде қызыл түсті құмдақтар, конгломераттар, эффузивтермен қатар әктас кең тараған.
Төменгі палезой шөгінділері қатты дислокацияланған метаморфтық және жанартаутекті жыныстар болып табылады және Темірлік өзенінің сағасында ғана кездеседі.
Қарқара синклинориі батыста Күнгей Алатау жоталарының шығыс беткейімен, оңтүстігінде Теріскей Алатау жотасымен шектеледі. Ойпат юра, неоген және төрттік түзінділерінен орындалған және ассиметриялық құрылысқа ие.
Күнгей Алатау жотасының күрделі дөңестерінің шығыс жалғасы болып табылатын, Шөладыр және Қаратау таулары көтерілімінің бойлық өсіндегі Кеген-Шалқұдысу мегасинклиналиінің құрылысы күрделі емес. Ойпаттың оңтүстік жиегінің көтерілімі герцин гранитоидтары, ыдырамаған девон және төменгі карбонның эффузивтерінен Қаратау-Кетпен кен қабаттары жиылған, шеті олигоцен-миоценді және неоген-ежелгі төрттік түзінділермен жиектелген антиклиналь болып саналады. Кеген-Шалқұдысу ойпаты шегінде жыртылыс бұзылыстары күрделі дөңестермен тұтасқан аймақтарында кездеседі. Осындай ірі жарылған жерлердің бірі ойпаттың солтүстік беткейімен тұтасқан. Ол Кетпен асуыныңшығыс меридианынан бастап батыста Темірлік тауына дейін Кетпен жотасының бөктерінде байқалады. Бұл жарылған жер ойпатты толтырғыш төрттік шөгінділерді Кетпенжотасының эффузивті-шөгінді қабатынан бөледі. Жарылған жер бедерінде Кетпен жотасы Кеген-Шалқұдысу шұңқырына қарай бөлінген тік кертпеш түрінде көрінген. Батыста жарылған жер жылжып, шығыста Шалқұдысу өзенінің жоғарғы жағына ығысқан. Екінші жарылған жер Теріскей Алатау жотасының солтүстік бөктерінде созылып жатыр.
Жоғарыда айтылғанға байланысты Шарын өзені алабының аумағында мынадай тектоникалық аудандар айқындалды: Торайғыр-Бұғыты күрделі дөңесі; Жалаңаш-Тоғызбұлақ синклиналі; Көкпек-Күнгей Алатау күрделі дөңесі; Кеген-Шалқұдысу мегасинклинариі.
Шарын өзені алабының аумағы жоғары сейсмикалығымен сипатталады. РҒА Жер физикасы институтының сейсмологиялық экспедиция мәліметтері негізінде күші 7-9 балл жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжаммен бірінші, екінші және үшінші категориялы алқаптарға бөлінеді. Олардың эпицентрінің көп бөлігі тау жоталарын бойлай жатқан аймақтарға ұштастырылған және терең негізді тектоникалық жарылған жер телімдерімен бірігеді.
Шарын өзені алабының геоморфологиялық бедері биік таулы, орташатаулы, аласа таулық, сондай-ақ тау іші ойпаттарынан тұрады. Алапты көмкеріп тұрған тау сілемдерінің баурайы тік болып келген және терең өзен аңғарларымен қатты жырымдалған. Кетпен жотасы мен Қаратау тауының суайрық шегі абсолют белгі бойынша 2500-3000 м. өтеді, жеке шыңдар 3600-3700м. биіктікке дейін жетеді. Орталық Тянь-Шаньның солтүстік сілемі және Күнгей Алатауы бойынша суайрық шегі абсолют белгі бойынша 3400-3600м. өтеді. Қарқара өзенінің сағасына қарай аймақ біртіндеп төмендей түседі және абсолют белгілер алаптың орташа бөлігінде 2400м. аспайды. Осы жотаның биік таулы бөлігіне тау жыныстары бетінің жиі ашылуы тән.
Тянь-Шаньның солтүстік баурайындағы барлық тау жоталарының басты ерекшелігі ендік тау жоталары мен ірі тау аралық ойпаттардың кезектесіп келуі. Шарын өзені алабының аумағында ең ірі ойпат солтүстікте Кетпен жотасымен, оңтүстікте Айғыржал, Жабыртау, Басұлытау, Тізген және басқа таулармен шектелген Кеген ойпаты болып табылады. Бұл таулар мен Кетпен жотасының едәуір бөлігінің ендік созылымы бар және баурайы үйлесімсіз, құрылысы доға тәрізді.
Кетпен жотасының ұзына бойы суайрық шегін тік баурайлыбиік қырат алып жатыр. Кетпен жотасының солтүстік сілемі сайлармен, терең ескі ағынсу аңғарымен бөлінген, ал алап аумағында орналасқан оңтүстік баурайы жартасты, тік, тау бөктерінсіз, ірі тауаралық Кеген ойпатына қарай тік көтеріледі. Кетпен жотасы теңіз деңгейінен 2000 метрден 3500 метрге дейінгі абсолют биіктікті құрайды. Шыңдар қар шегіне жетпейді, мұздақтар жоқ.
Кетпен жотасының оңтүстік баурайының басым бөлігі суайрықтар бойынша орташатаулы тізбекті болып табылады. Ортатаулық баурайды бойлай 2000 метрден 2500-2700 метрге дейін абсолют белгімен кең алқапқа созылып жатыр және граниттер, порфириттер, әктастармен қосылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz