Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі



ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы психология мен философия
Бағыты: Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы

Авторы: Ибадулла Нұрайым Жайнадуллақызы
9 Б сынып оқушысы

Жетекшісі: Удаева Шаттық Кенжебекқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
педагогика ғылымдарының магистрі

Ақтөбе-2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақ әдебиетіндегі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
қолтаңбасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған халық ауыз әдебиеті
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

2. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психология мен философия үйлесімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.1 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы философиялық көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - шығармаларында түрлі ғылым саласын қамтыған дара тұлға. Ақындығымен қатар әулие, философ , тіпті қазіргі көзқараспен қарасақ, психолог та болған. Зерттеу жұмысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы психология мен философия зерттелді. Сонымен қатар бала тәрбиесіне, адам дамуына қажетті Мәшһүр Жүсіп Көпеев ұсынған түрлі методикалар зерделенді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда адам жанына үңілу, жан мен тән байланысы, дін шеңберіндегі психология, түрлі психологиялық техникалар, кеңінен етек жайып, қоғамда ми мен сана төңкерісі орын алуда. Зерттеу жұмысының негізгі өзектілігі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы Алланы сүю, адамның өз жанына үңілуі, психологиялық жарақатсыз бала тәрбиелеу, жас жеткіншектердің дұрыс бағытта өзін дамытуы, ойды ашық әрі анық жеткізе білу сынды мәселелерді қарастыруында. Қазіргі таңда көзіміз жеткен көп дүниені Мәшһүр Жүсіп Кепейұлы бірнеше ғасыр бұрын айтып, өз шығармаларымен жеткізіп кеткен. Зерттеу жұмысында Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы терең философия мен тұнық психология зерделенеді. Сонымен қатар тағы бір негізгі өзектілік - ойшыл шығармашылығына психологиялық һәм философиялық көзқараспен қарап, оның бүгінгі күндегі маңызын бағамдау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектері біршама. Атап айтатын болсақ, Мәшһүр Жүсіп шығармашылығын С.Сүтжанов, Д.Әбілев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, М.Алпысбес, Г.Жүсіпова, А.Пазылов, Б.Бейсенов, А.Шағырбаев сынды ғалымдар зерттеген болатын.
Сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп өмірі мен шығармашылығы туралы түрлі дипломдық жұмыстар, диссертациялық жұмыстар мен ғылыми жобалар да жазылып жүргенін айта кеткен жөн. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы турасында жазылған еңбектер де жетерлік. Зерттеу жұмысында Мәшһүр Жүсіп туындылары философиямен қатар психология тұрғысынан да зерттеп, қарастырылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы психология мен философия.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын зерттеу, қазіргі замандағы өзектілігін айқындау, психологиялық және философиялық көзқарастарын бағамдау, бала тәрбиесіндегі методикаларын зерделеу, шығармаларының ұлттық психологиясын зерделеу мақсатында төмендегідей міндеттерді қамтиды:
oo Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын талдау;
oo Ойшыл шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызын айқындау;
oo Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын психологиялық тұрғыда зерделеу;
oo Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының философиялық көзқарасын бағамдау;
oo Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ұсынған психологиялық техникалардың бала тәрбиесіне, адамзат дамуына әсерін зерделеу, зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері. Зерттеу жұмысының барысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы турасында түрлі тұжырымдар мен пікірлер, ғылыми еңбектер, айтыс туралы түрлі әдебиеттер, мақалалар, сілтемелер пайдаланылды. С.Сүтжанов, Д.Әбілев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин,Б.Кенжебаев, М.Алпысбес, Г.Жүсіпова, А.Пазылов, Б.Бейсенов, А.Шағырбаев секілді қазақ ғалымдарының еңбектері қолданылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының барысында аналитикалық талдау тәсілімен қатар тарихи-типологиялық және психоаналитикалық тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздеріне Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасы, Қазақстанның Ұлттық кітапханасының деректері қолданылды. Сонымен scholar.google.ru сайтынан түрлі еңбектер алынып, қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын психологиялық тұрғыда талдау;
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының философиялық көзқарасын зерделеу;
- Ойшыл шығармаларының бүгінгі күнгі маыңызын зерттеу.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні жұмыстың өзектілігімен және ғылыми жаңалықпен байланыста қарастырылады. Өйткені Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы психология адам жанының түрлі сырларынан хабар береді. Қазіргі уақыттағы психологиялық жаңалықтар мен техникаларды ойшыл өз заманында ашқан. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы психология оқырманды адамгершілікке, имандылыққа, шынайылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - өз заманының ойшылы. Зерттеу жұмысында ойшылдың шығармашылығы кеңінен зерделенеді.
Зерттеудің жаңалығы - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы психологиялық таным үлгісін көрсету, философиялық көзқарасты психологиямен байланыста зерттеу. Адам жанының сырын ашудағы, бала тәрбиесіндегі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының маңыздылығын айқындау. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көрсеткен психологиялық техникаларды жандандыру.

1. Қазақ әдебиетіндегі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолтаңбасы
1.1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жинаған халық ауыз әдебиеті
үлгілері
Мәшһүр Жүсіп Көпеев қалдырған жазбаларда қазақтың халық ауыз әдебиетінің түрлі жанры қамтылған. Әр жанрды сараптап, жүйелесек, 15-тен астам ертегінің мәтіні, 5-6 эпостық жыр; 2-3 лиро-эпостық жыр; 11-12 қисса-дастан, 30-40 тұрмыс-салт жырлары; 200-300 аңыз-әңгіме үлгісі; 100-150 жаңылтпаш үлгілері, 50 жұмбақ (өлең және қара сөз түрінде де); 2500 мақал-мәтел; қазақ айтысының 27-ден астам үлгілері; 30-40 жыраулар толғауы, және тағы да басқа дүниелер кездеседі. Сонымен қатар сатиралық жанрдағы шығармалар, түрлі өлеңдер де кездеседі.
Қазақ фольклорының жасақталу тарихы - тереңірек зерттеуді, зерделеуді қажет ететін мәселенің бірегейі. Қазақ тарихында халық ауыз әдебиетін жинаушы өкілдердің бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының осы саладағы еңбектерін арнайы түрде, жан - жақты қарастыру міндеті келіп шығады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинай бастаған кезеңін сөз етсек, неше түрлі көзқарас пен пікірге кез боларымыз анық, әрине. Жанұялық архивтерде Әлкей Марғұланның Мәшһүр Жүсіп Көпеевке жазылған біршама хаттары сақталған-ды. Сонымен қатар Әлкей Марғұланның өз қолымен, өз қолтаңбасымен жазылған жазылған хаттары бар. Қолжазбаның басында Сүйіндік: Олжабай батыр ертегісі - деп көрсетілген. Әлкей Марғұланның Серәліге арналған тапсырмасы берілген. Хатта ол ертегіні Әлкей Маргұлан Мәшһүр Жүсіптен көшіргендігін, ертегіні өлең айналдыру керек екендігін, сонымен қоса ондағы табиғат атаулының керемет көрінісіне, жер-су атауларына мән беру қажеттілігін айтады. Ертегіні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кімнен, қалай, қашан жазып алғандығы жөнінде де сілтеме беріледі: Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы [1;25] - делінген. Яғни бұл Мәшһүр Жүсіптің 7 жасар кезі емес пе?! Демек, оны туындының жазылып алыну куәлігі ретінде қарастыруымыз әбден орынды. Шығарманың кімнен, қалай, қай кезде жазып алынғандығы турасында түсіндіру үдерісінің қазақтың фольклорын жинаушылардың көбінің еңбектерінде кездесе де бермейді. Ол анық. Мәселен, белгілі ғалым Б. Кирдан фольклор жинаушы П. Лукашевичтің өзі де оған дейінгілер де ауыз әдебиеті үлгілерін жинағанда, кімнен және қашан жазып алғандығын көрсетпегенін сынға алып, оның жинаушылық қызметтің кемшілігі есебінде бағаланатынын айтқан: П. Лукашевич как и все его предшественники, не указал, от кого имень записана та или иная дума, не обозначил точно место и время записи! [21;26].
Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушылық еңбегін қарастыруда алдымен оның сол туындыларды қандай көлемде әзірлегенін анықталу қажет. Атап өткеніміздей, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазбаларында тұрмыс - салт жырларының отыз шақты түрі, аңыз-әңгімелердің екі жүзге тарта үлгілері, ертегінің шамамен он шақты, жыр-толғаудың төрт үлгісі, қисса- дастандардың шамамен он бірі, жаңылтпаштың шамамен екі-үш беттей көлемі, жұмбақтың қара сөзі мен өлең түріндегі елу шақты үлгісі, мақал - мәтелдердің екі жарым мың мөлшері, акындар айтысының жиырма бес нұсқасы, отыз шақты акын - жыраулардың өлеңдері, дастандары т. б. орын алған. Сондай-ақ колжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, сатиралық сөздер топтамасы т. б. нұсқалары бар.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзі жинаған үлгілердің біразына сипаттама беріп отырған. Мәселен, Ғылым, білім оқулығының жүз жиырма тоғыз сахифадан тұратынын атап өтіп, оның ішінде он екі аят, он сегіз хадис, қырық үш мақал, жүз он төрт ауыз өлең бар дейді. Ал Әмір әңгімесі жиырма алты сахифадан, жүз төрт ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа деген сөз бет, парақ, газет деген мағыналарды меңзеп тұр [20; 105]. Бізге келетіні бет деген мағынасы.
Тікелей түпнұсқадан, қолжазбадан көшіру тәсілін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қолданған. Басқалардан ерекшелігі: қай ақыннан не қай жырдан алса да, не нәрсені алса да, автордың аты-жөнін, нені көшіргенін көрсетіп, қағазға түсіріп отырған. Белгілі орыс, украин, қазақ тағы да басқа өзге ұлт ғалымдарының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушыға қойған жоғары талаптарына қазақ фольклорының үлгілерін жинаушылардың ішінде неғұрлым сай келетін адам - Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Оған дау жоқ.
Оның Мәшһүр Жүсіп деген атқа ие да тегіннен тегін емес . Сегіз жастан тоғыз жасқа аяқ басқан шағында көп халықтың алдында еш мүдірместен, мақамына келтіре отырып "Төрт жігіттің өлеңі", "Ер Тарғын", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырларын жатқа толғап, айтып берген. Жиналған жұрт оған дән риза болып, "баланың аты - Мәшһүр болсын, тіл-көзден аулақ болуы үшін басына үкі тағып қойыңдар", - дейді. Қара өлең, қайым өлең, жар-жар, аужар, сыңсу, батырлар жыры, лиро-эпос жыры, шешендік сөздің неше алуан түрін жастайынан жаттап өскен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы он бес жасқа аяқ басқан шағынан бастап өлең шығара бастапты. Мәшһүр Жүсіптің қайтіп ақын болғандығы жайлы әңгімесі оның өзінің алдындағы өнерпаздарға ұқсастығымен бірге, айырмашылығының да бар екендігін анық танытады. Мұны "Он бесте шабыттандым жүйрік атша, кеудеме өлең толды сызған хатша" [19;16] деген жолдардан ұғынуға болады. Одан бұл кезде жазу-сызудың қазақ өлкесіне кең қанат жая бастағанын, Мәшһүр Жүсіптің де сауаттылықты жоғары бағалап, оған құрметпен қарағанын аңғарасың. Алайда оның осы тұстағы өлеңдерінің тақырыбы күнделікті тұрмыстық жағдайды суреттеуден әрі асқан жоқ. Ол өзі араласып жүрген айт пен той, әртүрлі адам мінезі, жүріс-тұрыс ерекшелігі, көшу, қону, жаз бен қыс, ас, қыз ұзату сияқты нәрселер еді. Бұл өлеңдерінде кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең бойлап, талдау жасау жоқтың қасы, бір сөзбен айтқанда, бұл оның шәкірттік, үйрену кезеңі еді. Мәшһүр Жүсіп, өзі айтқандай, он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген. Ақын дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетінін де өрнектеген. Біз оның мұндай туындыларынан сол кездегі адамдардың өмірге деген көзқарасын, ішкі жан дүниесін, тұрмысын жан-жақты танығандай боламыз. Ақын той мен топта, ел мол жиылған аста бай мен болыстан, би мен бектен ығыспаған, олардың қателіктері мен кемшіліктерін тіке айтып, жуанға істеген "жақсылығын", жіңішкеге көрсеткен "қорлығын" бетіне басып отырған. Осы ақ ниеті үшін артынан опық жеген кездері де аз емес екен. Расында да ол бала болып ойнамаған, бес жасынан бастап оқуға зейін қояды, ержетіп бозбалалық шаққа жеткен соң да ала қағаздан бас алмаған. Ақын шарқ ұрып ізденудің нәтижесінде білімге де, парасатқа да ерте жетіпті. Күннің шуағын бірінші болып қарсы алып, батып бара жатқан шапағын да өзі шығарып салатын заңғар таудың құзар басы сияқты, алдымен не көрсе де білімді жан көрмек. Ақылды, білімді адам өмірдің соққан бар дауылына төтеп бермек. Мәшһүр Жүсіпті де осындай жан деп білеміз. Оның жанының нәзіктігін, көңілінің жомарттығын, "өзім не болсам да мейлі - өзгенің жаны жараланбасын, басқаның басына бақытсыздық, күңгірттік келмесін" [2;14], - деп іштей жақсы тілеумен жүретінін айтып жеткізу мүмкін емес. Мәшһүр жырлары оқушысын еңбекке, адалдыққа, мейірімділікке үндеумен қымбат. Мәшһүр Жүсіптің "Сарыарқаның кімдікі екендігі" атты кітабы тұтас халқымыздың ішкі-сыртқы жағдайын толғайтын дүние.
Жастайынан ел арасында түрлі жыр-толғауларды, ертегі-аңыздарды, ауыз әдебиетінің үлгілерін тыңдап, біліп өскен зерек ұлдың, өсе келе фольклорға жақын болмауы әсте мүмкін емес. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақтың халық ауыз әдебиетін бүгінгі күнге дейін жетуінде сіңірген еңбегі зор, қолтаңбасы айқын.

2. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психология мен философия үйлесімі
2.1 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы философиялық көзқарас
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің философиялық көзқарасы сана биігіне жеткен, биіктікті сақтап қалған тұлғаның бейнесін көз алдымызға келтіреді. Олай дейтін себебіміз де жоқ емес. Мәшһүр Жүсіптің философиялық көзқарастары, рухани мұрасы барлық түркітектес халықтар үшін дүниетанымдық байлықты қалыптастарды. Оның философиясы елді шынайылыққа, қайтарымын күтппей жақсылық жасауға, даналыққа адамгершілікке шақырумен қатар, елге деген патриоттық рух пен сананы оятуға мұрындық болады. Ойшылдың дүниетанымы дін тақырыбын қамтығандықтан, Мәшһүр Жүсіптің әрбір туындысында дінімізге деген ерекше құрмет пен өнеге, құдайға деген үлкен махаббат анық байқалады. Ол Аллаға деген махаббатты алға қояды. Мәселенкей, Алланы тану, жаратушыны білу адамгершілікке, имандылыққа, шынайылыққа алып келеді. Сол себепті де, Мәшһүр Жүсіптің дүниетанымында Аллаға деген сезім мен сенім басты орында. Оның көзқарастары мен болжамдары нақтылыққа сендіреді. Біз мұнда Алланың құдыретінің шексіздігін, шектеу тек біздің ойымызда екендігін айтып кеткен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтыңи философиялық көзқарасымен үндес екендігін атап өтсек артық етпейді. Мидағы шектеу шексіздікті көре алмайды. Біз Құдай бір, ол бар деп айтамыз: бұл сөздер біздің санамызда үнемі болуы үшін айтылған [3;23] деп көрсетілген болатын.
Ендігі кезекте ғылыми пікірімізге тұздық болуы үшін мынадай бір оқиғаны мысалға келтірейік. Абай Құнанбаев мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сырттай ғана таныс болып, әлі бір-бірімен кездесе қоймаған уақыттарда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы тобықты руының ауылына барып қайтқан-ды. Ол уақыттарда ол Абай Құнанбаевтың үйіне, сәлемдесу мақсатында арнайылап соққан. Мәшһүр Жүсіп үйге кірер-кірместен ұлы ақын Абай оған мынадай сұрақ қойды:
Данагөйдің сөзі өзінен бұрын келеді дейді. Егер сіз шынымен де Мәшһүр Жүсіп болсаңыз, менің сұрақтарыма жауап беріңіз. Алла Тағала қайда? Жұмақ қайда және тозақ қайда?!. Сонда Мәшһүр Жүсіп: Мен Абайдың Құдайы қайда екенін білмеймін. Бірақ менде Алла Тағала өз жүрегімде. Әр адамның үйінде жұмақ пен тозақ бар, егер сіздің әйеліңіз ақылды болса, онда сіздің үйіңіз жұмақ болар, ал егер ақымақ болса, онда бұл тозақ!. Осындай жауапқа қуанған Абай оған қолын созып, құрметті орынды ұсынды: Сіз шынымен де Мәшһүр екенсіз деп үн қатқан болатын[4;23].
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дін тақырыбындағы шығармалары қазақ философиясының зерттелу тарихынан маңызды орын алады. Себебі Мәшһүр Жүсіптің шығармалары қазақтың философиялық мұрасын көркемдік және идеялық тұрғыда байытқан мұра. Оның жазған діни шығармаларының тақырыбы әдебиетте сирек кездесетін, құнды туындылар. Ол адам жан дүниесіндегі сезімдерді, психологияны нақты бейнелейді. Ойшыл өмірдің шындығы туралы ашық түрде, батыл айта біледі. Ол өз шығармалары арқылы философиялық көзқарасын сауатты әрі ұғынықты түрде шебер жеткізеді.

Мал жиюдан басқа өнерге құлықсыздық таныта бастаған қазақты мұсылманша болсын, орысша болсын, ғылым үйренуге шақырып, өз мақаласында былай деп жазады: Мал жиып бай болуды ойлама. Ғылым үйреніп, білгіш болуды талап қыл. Неге десең, ғылым - пайғамбардан қалған мұра. Мал қарау - байдан қалған мұра. Малды кісінің дұшпаны көп болады, ғылымды кісінің досы көп болады. Мал жұмсай бастасаң, таусыла бастайды, ғылым жұмсай бастасаң, артылып, үсті-үстіне көбейе береді... Мал біткен кісі мұрнын көтеріп, тәкаппарлық қыла бастайды. Ғылымды болған кісілер өзін өзі төменшікке алып, кішік көңіл болады [5;329].
Исламның бес парызы біреуі - иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған [6,136], - деп жырлаған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Алла жолына берік, Құранда көрсетілген парыздарға адал, ислам діні мен ілімінің білгірі, дін мен сенім тазалығын насихаттаған, көзі тірісінде әулие атанған қасиетті адам болған [7,51]. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен ортасы
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
Тұрмағамбет ақын шығармасындағы пайғамбарлардың жырлануы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер