Безді эпителий ұлпасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ

Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Жалпы биология және геномика кафедрасы

Реферат
Цитология және гистология эмбриология негіздерімен пәні бойынша

Безді эпителий ұлпасы. Эндокриндік және экзокриндік бездер.Секреторлық цикл туралы түсінік.

Орындаған: 1 курс студенті
Тулеген.Б.Т В051-5107-23-01
Эпителий (лат. epithelium[1], грек. ἐPIι- -- жоғары-, θηλή - емшек үрпі) -- организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған.[2]

Бұл жануар денесіндегі төрт ұлпаның бірі, қалған үшеуі Дәнекер ұлпасы, Бұлшықет ұлпасы және нерв ұлпасы. Эпителий ұлпалары ағзалар мен бүкіл денедегі қан тамырлардың сыртқы беттерінде түзіледі, сондай-ақ көптеген ішкі ағзалардағы қуыстардың ішкі беттерінде түзіледі. Бір мысал эпидермис - ол терінің ең сыртқы қабаты.

Эпителий жасушасының үш негізгі формасы бар:

Қабыршақты (squamous)
бағаналы (columnar)
төртбұрышты (cuboidal).
Эпителиальды қабаттарда қан тамырлар болмайды, сондықтан олар негізінен терең қабаттағы дәнекер ұлпасынан заттардың кеңеюі арқылы, сондай-ақ негізгі мембрана арқылы азықтанады.

Безді эпителий
Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.
Эпителий ағза бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық жасушалардың қызметі - ағза тіршілігіне қажет заттарды жасушаларда тұзіп, олардан бөліп шығару. Бездер ағзада секрет бөлу қызетіы атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады. Бездер экзокридік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет тұзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік жасушалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және калканша серік бездері, бүйрек үсті бездер, қы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бэрі ағзаның эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың куыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.
Бездердің қызмет ететін ұлпаларының ең негізгісі - эпителий ұлпасы. Бездер екіге бөлінеді: бір жасушалы және көп жасушалы. Бір жасушалы бездердің пішіні де, орналасады да әр түрлі болып келеді. Эпителиалдық жасушаның ішінде орналасса, онда эндоэпителиалдық бездер деп аталады. Дене сыртында орналасса, онда экзоэпителиальді бездер деп аталады. Өзінің секретін бөлуіне байланысты да ажыратылады: канға немесе бос кеңістікке (эндо- және экзокринді бездер). Сонымен қатар белоктың, мукополисахаридті (немесе мукопротеидті) және баска да секреттер бөліп шығаруына карай да бөлінеді.
Көп жасушалы бездерде 2 түрлі жасуша болады: секреторлы, секретті сыртка шығаратын жасушалары. Осы жасушалардың құрылымы мен функциясы әр түрлі болып келеді. Біріншісі сол безге тән спецификалық секрет бөледі. Екіншісі секрет өтетін каналдардың құрамын құрайды. Безді жасушалар кейде сүзгіш және механикалық қасиетімен қатар секторлық функциясында аткарады.
Көп жасушалы бездердің тармақталған (күрделі) және тармақталмаған (қарапайым деп аталады) каналдары болуы мүмкін.

Секторлық бөлімдер болса тармақталған болады. Сонда 1 каналға бірнеше секреторлық бөлімдер түседі. Көп жасушалы бездер бір жасушалы сияқты экзо және эндоэпителиальды болуы мүмкін. Бірақ та олардың көбісі экзоэпителиальды түрге жатқызылады. Секретін бөлу бағытына карай көп жасушалы бездер: эндокринді (ішкі секрециясы бар бездер) және экзокринді (сыртқы секрециясы бар) болып бөлінеді.
Жабынды эпителий сияқты безді эпителийде бір-бірінен аз ажыратылған жасуша аралық заттармен бөлінген өзара өте тығыз байланыскан жасушалардан тұрады. Барлық жасушалар тіршілікке кажетті өнімдерді бөліп шығарады, бірақ безді эпителийдің өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері бар, яғни жасушалар (грандулоциттер) әртүрлі секреттерді көп мөлшерде өндіреді және бөледі. Ағзада секрет ретінде: сүт, сілекей, ас қорыту сөлдері, өт, төр,әртүрлі иісті заттар, гормоны. Сөл не тері беткейіне, шырышты кабықшаға, ішкі мүшелер куысына (экзокринді секреция кезінде), не қанға, лимфаға немесе ұлпалық сұйықтықка (эндокринді секреция кезінде).
Эмбриогенезде безді эпителий жабынды эпителийдің туындысы болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану
Безді эпителий
Эпителиалды тіндер
Ұлпалар жөнінде
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Ісіктер.Сипаттамасы және жіктелуі
Эпителий ұлпасы
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Пәндер