Өндірістік тәжірибе өткен жерім


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«Су, жер және орман ресурстары» факультеті

«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы

2021-2022 оқу жылы

Өндірістік

(практика атауы)

Өндірістік практика есебі

Орындаған: Зу-21-09 студенті: Рай А. А

Кафедрадағы практика жетекшісі: Сабирова Л. Б

Өндірістегі практика жетекшісі: Хамитов С. Е

Алматы 2023


Жоспар

1. Кіріспе

2. Қауіпсіздік ережелері

3. Есеп беру

4. Мекеме туралы

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мен Рай Аида Айдосқызы, Жетісу облысы “Панфилов ауданы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінен” кәсіби тәжірибеден өттім. Өндірістік тәжірибеден өту барысында мен тәжірибеден өтетін мекеменің, құрылысымен ол мекеменің бөлімдеріиен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелермен таныстым. Аталған өндірістерге қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу қағидаларыменде танысып, көп нәрсе білдім.

Жоғары оқу орны - «Қазақ ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті»КеАҚ

Факультеті - «Су, жер және орман ресурстары»

Кафедрасы - «Жер ресурстары және кадастр»

Мамандығы -6В07307 «Жерге орналастыру»

Курсы, тобы -2 курс, ЗУ-21-10

Өндірістік тәжірибе өткен жерім: Жетісу облысы “Панфилов ауданы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі”

Өндірістік тәжірибенің басталуы: 22. 05. 2023

Өндірістік тәжірибе күнделікті таңғы 9:00 ден кешкі 18:00 ге дейінгі уақыт аралығында болды.

Өндірістік тәжірибе аяқталды: 24. 06. 2022 жылы

Өндірістік тәжірибенің мақсаты:

Еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағүлматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламалардыорнату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселелерді шеше алу.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарының реттеудің негізгі жолдары мен принциптер белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды іс шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың бастыміндетін-ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысыеа сәйкесті территориялық реттілік қалыптастыруды себептейді.

Есеп беру

Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу жер учаскесін ретке келтіруге мүдделі тұлғаның (бұдан әрі - тапсырыс беруші) өтініші негізінде, және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болған жағдайда орындалады.
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру бойынша жерге орналастыру жобаларын әзірлеу:
1) жер учаскесін бөлу;
2) жер учаскелерін біріктіру (қосу) ;
3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
4) жер учаскесінің (шекараның) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерту;
5) желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жер беті, жер үсті және жер асты құбырлары, әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жер беті құрылысжайлары алып жатқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту кезінде жүзеге асырылады.
2. 1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау тәртібі
Жерге орналастыру жобасын жасау рәсімі мынадай бірізділікпен жүзеге асырылады:
1) дайындық жұмыстары (камералды және танаптық) ;
2) жерге орналастыру жобасын жасау;
3) жерге орналастыру жобасын қарау және келісу;
4) жерге орналастыру жобасын бекіту.
2. 2. Дайындық жұмыстары
Дайындық жұмыстары кезеңінде жоспарлы-картографиялық материалдарды іріктеу, мемлекеттік жер кадастрында, жерге орналастыру, қала құрылысы, орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттамаларда қамтылған жер учаскесі туралы мәліметтерді жинау және зерделеу орындалатын камералды жұмыстар жүзеге асырылады.
Белгiлi бiр жер учаскесi туралы мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн алу үшін Кодекстің 158-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға сұраным жіберіледі.
Жер учаскесін танаптық зерттеп-қарауды әзірлеуші тапсырыс берушінің және жер учаскелері жобаланатын шекара бойында орналасқан үшінші тұлғалардың қатысуымен жүргізеді.
Жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау нәтижелері жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау сызбасын дайындай отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау актісімен ресімделеді. Жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау актісіне әзірлеуші, тапсырыс беруші және жер учаскесін танаптық зерттеп-қарауға қатысқан үшінші тұлғалар қол қояды.
Дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде мыналар ескеріледі:
1) жер учаскесі мынадай сипаттамалар бойынша қалыптастырылады: орналасқан жері, нысаналы мақсаты, жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану, алаңы, шекаралары, жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, бөгде жер учаскелері туралы, жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар және сервитуттар туралы мәліметтер;
2) ауыл шаруашылығына арналмаған мақсаттарға берілетін жер учаскесінiң көлемі қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады;
3) жерді аймақтарға бөлуге сәйкес нысаналы мақсатына және рұқсат етілген пайдаланылуына қарай күрделі құрылыстар орналасқан немесе оларды тұрғызу құқығы бар жер учаскесі жүріп-өтумен қамтамасыз етіледі. Жер учаскесіне қолжетімділік жеке сервитутты белгілеу арқылы ортақ пайдаланылатын жер есебінен де, өзге де жер учаскелері аумағының есебінен де қамтамасыз етіледі;
4) бөлінетін жер учаскесін бөлу кезінде жер учаскесінің нысаналы мақсаты сақталады және өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, құрылыс нормалары мен қағидалар сақталады.
Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алаңдары Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсатта учаскелерге бөлуге жол берілмейді.
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың қала маңы аймақтарында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлуге жол берілмейді;
5) іргелес болып табылатын, нысаналы мақсаттары мен құқықтарының түрі бірдей жер учаскелері біріктіруге (қосуға) жатады;
6) жер учаскелерінің шекаралары қазіргі бар табиғи немесе жасанды шептермен (өзендермен, бұлақтармен, арналармен, орман алқаптарымен, жолдармен) негізделмеген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерінің жобаланып отырған шекараларының бұзылуына алып келетін жер учаскелерді қалыптастыруға жол берілмейді.

Мекеме жайлы

Мен 25. 05. 2023-26. 06. 2023 жылы аралығында өндірістік тәжірибені Жетісу облысы “Панфилов ауданы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі”нен өттім

Есеп беру

Жерге орналастыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.

Жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру олардың тиісті жергілікті атқарушы органға беретiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

Жерге орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды.

Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртiбi мен технологиясы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi.

Белгiленген тәртiппен келiсiлген жерге орналастыру құжаттамасын:

2) шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын және жердi ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты олардың өз есебiнен әзiрленетiн және жүзеге асырылатын жобаларды - жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарымен келiсiм бойынша жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушiлер;

3) жер учаскелерiнiң , оларды белгiлi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
Менің Қазақстаным — менің болашағым
«АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
Туған жердің құдіреттілігі
Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Егемендік туралы декларациясы
Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz