Шикізаттың сипаттамалары



Кіріспе.

Қазіргі кездегі құрылыстағы қолданылатын ең негізгі құрылыс материалы, ол бетон. Бетондардың түрі өте көп. Бірақ олардың физика.механикалық және механикалық қасиеттері, бетонның құрамына қосылған толтырғыштардың қасиеттеріне тәуелді болады. Жасанды кеуекті толтырғыштар пәні, толтырғыштарды алуға қажетті шикізаттар көзі оларды өндіру технологиясы, техникалық талаптар, сынау ерекшеліктері жайлы жан.жақты білім береді.
Толтырғыштар дегеніміз байланыстырғыш материалмен және сумен белгілі бір құрам бөлікте араласа отырып, бетон түзетін, белгілі бір дәндік құрамдағы табиғи немесе жасанды материалдар, жасанды кеуекті толтырғыштар технологиясы, толтырғыштарды алдын.ала белгілі қасиеттер негізінде өндіру технологиясын үйрететін пән болып табылады.
Бетонның негізгі құрамы байлаыстырғыштар сумен араласа отырып, қатаю қасиетіне ие.ал толтырғыштарды, бетонда қолдану негізгі құнды жақтары төмендегідей.
1. Толтырғыштар бетон құрамының көлемі бойынша 80% ала отырып, бетон түзу үшін қажетті болған байланыстырғыштың шығынын азайтады.Бұл өз кезінде экономикалық және шикізаттық тиімділігіне алып келеді.
2. Цемент тасы қатаю кезінде көлемдік деформацияға ұшырауы мүмкін. Бетонның отыруы минутына 2 мин құрайды. Ал толтырғыштар, бетондар қатты қаңқа түзе отырып қөлемдік деформацияны он есеге төмендетеді және ішкі кернеулікті өзіне қабылданады.
3. Бетонда толтырғыштарды қолдану арқылы онның беріктігі мен серпімділік қасиетін арттыруға болады. Яғни сыртқы салмақтың әсерінен конструкцияның деформациялануы төмендейді.
4. Толтырғыштар бетонның аққыштығын төмендетеді.
5. Жеңіл толтырғыштар бетонның тығыздығы мен жылу өткізгіштігін төмендете отырып, оларды оқшаулағыш конструкцияларда қолдану мүмкіндігін береді.
6. Арнайы ерекше ауыр және гидратты толтырғыштар бетонға радиация өткізбейтін қасиет береді. Яғни бетонда қолдану, бетонның қасиетіне және оларды өндірудің техника экономикалық тиімділігіне әсер етеді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Қазіргі кездегі құрылыстағы қолданылатын ең негізгі құрылыс
материалы, ол бетон. Бетондардың түрі өте көп. Бірақ олардың
физика-механикалық және механикалық қасиеттері, бетонның құрамына
қосылған толтырғыштардың қасиеттеріне тәуелді болады. Жасанды кеуекті
толтырғыштар пәні, толтырғыштарды алуға қажетті шикізаттар көзі
оларды өндіру технологиясы, техникалық талаптар, сынау ерекшеліктері
жайлы жан-жақты білім береді.
Толтырғыштар дегеніміз байланыстырғыш материалмен және сумен
белгілі бір құрам бөлікте араласа отырып, бетон түзетін, белгілі
бір дәндік құрамдағы табиғи немесе жасанды материалдар, жасанды
кеуекті толтырғыштар технологиясы, толтырғыштарды алдын-ала белгілі
қасиеттер негізінде өндіру технологиясын үйрететін пән болып
табылады.
Бетонның негізгі құрамы байлаыстырғыштар сумен араласа отырып,
қатаю қасиетіне ие.ал толтырғыштарды, бетонда қолдану негізгі құнды
жақтары төмендегідей.
1. Толтырғыштар бетон құрамының көлемі бойынша 80% ала отырып,
бетон түзу үшін қажетті болған байланыстырғыштың шығынын
азайтады.Бұл өз кезінде экономикалық және шикізаттық тиімділігіне
алып келеді.
2. Цемент тасы қатаю кезінде көлемдік деформацияға ұшырауы мүмкін.
Бетонның отыруы минутына 2 мин құрайды. Ал толтырғыштар,
бетондар қатты қаңқа түзе отырып қөлемдік деформацияны он
есеге төмендетеді және ішкі кернеулікті өзіне қабылданады.
3. Бетонда толтырғыштарды қолдану арқылы онның беріктігі мен
серпімділік қасиетін арттыруға болады. Яғни сыртқы салмақтың
әсерінен конструкцияның деформациялануы төмендейді.
4. Толтырғыштар бетонның аққыштығын төмендетеді.
5. Жеңіл толтырғыштар бетонның тығыздығы мен жылу өткізгіштігін
төмендете отырып, оларды оқшаулағыш конструкцияларда қолдану
мүмкіндігін береді.
6. Арнайы ерекше ауыр және гидратты толтырғыштар бетонға радиация
өткізбейтін қасиет береді. Яғни бетонда қолдану, бетонның
қасиетіне және оларды өндірудің техника экономикалық
тиімділігіне әсер етеді.

Өнім номенклатурасы.
Шунгизит шағалдың негізгісі – орташа тығыздығы, беріктігі,
формасының коэффициенті, су сіңіргіштігі, аязға төзімділігі және
кальциттің ажырауына қарсы тұрақтылығы. Ол себу тығыздығына және
беріктігіне қарай 8 маркаға бөлінеді: 250, 300, 350, 400, 450, 500,
550, 600.

Шағалдың өлшемі бойынша ол 3 фракцияға бөлінеді: 5-10, 10-20,
20-40 мм. Егер түйіршіктерінің өлшемі 5 мм кем болса, ол
шунгизиттік құмға жатады. Шунгизиттің аязға төзімділігі 15 циклдан
кем болмауы керек, оның массасының жоғалуы 8% жоғаруы болуы керек.
4 сағат бойына қайнатқаннан кейін массаның жоғалуы 5% аспауы
керек. Бетондарды толтыратын жылу оқшаулағыш ретінде, шунгизиттің
сапасына, оның пішінінің коэффициенті үлкен әсер етеді.КФ - ол
өлшем шағал ұзындығының диаметріне қатынасы МСТ талабы бойынша, КФ
орташа өлшемі 1,5 тең немесе одан кіші болуы керек. Шағалдың
сынған түйіршіктерінің мөлшері 15 массалық % жоғары болмауы
керек. Су сіңіргіштігі 15,8% көп емес. Тұтынуға жіберілетін
ылғалдылығы 2% көп емес.

Шикізаттың сипаттамалары.

Шунгизитті толтырғыштар деп - шунгитті күйдіру кезінде ісіну
нәтижесінде алынған материалды айтады.
Шунгизиттітолтырғыштарды негізінен құрғақ әдіспен өндіреді. Шунгизит
дегеніміз – ол шикізаттың құрамымен ерекшеленетін керамзиттің бір
түрі. ГОСТ бойынша шунгизитті толтырғыштарға сәйкес маркалы
керамзитке қойылатын талаптармен бірдей. Бірақ беріктігіне қойылатын
талап төмендеу болады
Шунгизитті өндіру үшін шикізат ретінде шөгінді жыныстарға
жататын шунгитті жыныстар қолданылады. Шунгитті жыныстар өте күрделі
минерологиялық құрамға ие, олар негізінен: шунгитті жыныстарға
(каолинит, монтмориллонит және гирослюда) басқа қоспалардан (кварц,
дала шпаты, карбонаттар, темір оксидтермен, темір тотықтарының
қосындылары және органикалық қоспалардан тұрады).
Шунгизитті өндіру үшін, құрамындағы кварцтың мөлшері 30%
аспайтын монтмориллионитпен гидрослюдаларды қолданған өте тиімді.
Олардың құрамы SIO2 65-70%, AL2O3 12-20%, Fe2O3 10% және
органикалық қоспалар 1%.

Шикізатқа қойылатын негізгі талап.

1. Шикізаттың күйдіру кезіндегі ісіну коэффициенті.
Ісіну коэффициенті дегеніміз ісінген материал көлемінің бастапқы
материалдың көлеміне қатынасы.
Ri ═ VIVҚ

1. Шикізаттың тез балқуы.
Жалпы шикізаттың күйдіру температурасы 1250◦С аспауы тиіс. Ең
майда шунгит бөлшектердің балқымаға айналуы.Жалпы массаның
жұмсарумен оның тұтқырлығын қамтамасыз етуі тиіс.Егер бұлай
болмаса, шунгитті күйдіру кезіндегі бөлінетін гздар, материалды
ісіндірместен сыртқа еркін шығып кетеді.

2. Ісінудің қажетті интервалы.
Ісінудің қажетті интервалы дегеніміз - осы шикізат ісінуінің
басталуымен күйдіруді жүргізудің жоғары температурасы арасындағы
айырмашылық.
Ісінудің басталу температурасы деп, дәннің орташа тығыздығы 0,95
гсм* болған шунгизит дәндерінің түзілу температурасы деп шунгизит
дәндерінің сыртқы қабығының балқуы басталған температураны айтады.

Δt ═tkmax-ticmin

Шунгизит үшін ісінудің қажетті интерва Δt50◦С жоғары болуы шарт.

Өндіріс тәсілі мен техникалық схеманы таңдау
негіздеу.

Шунгизитті өндірудің үш тәсілі бар: құрғақ, пластикалық,
шликерлі.

1-ші тәсілде құрамында тасты қосылмалары көп, қатты, суда
оңайлықпен ажыратыла қоймайтын шунгитпен жұмыс істеу үшін осы
тәсілді таңдадым. Мұндай шунгитті ұсақтағанда майда түйіршіктерінің
мөлшері 15% төмен болуы керек.
Шунгит шағалының карьерлік ылғалдылығы 8% астам болғанда,
оларды кептіреді. Шағалдың ылғалдылығы 8% -ке жақын болса оны
кептірмейді де, кептіргіш барабанның жанынан өтетін тасымалдағыш
арқылы елеуге жібереді. Ұсақталған сазды елегенде оларды әртүрлі
түйіршіктерге бөледі, себебі әр түйіршіктердің өзін бөлек пештерде
күйдіреді. Өйткені шағылдың күйдіру режимі шунгит түйіршіктерінің
ірілігіне байланысты болады. Майда түйіршіктер мен ірі түйіршіктерді
бірге күйдіргенде шағалдар бірігіп конгломерат түзілуі мүмкін.
Жабдықтарды орналастырғанда шағалды ұсақтау және оларды сорттауда,
СМ-739. 740 ұсақтау-сорттау қондырғысы пайдаланғанда технология әлде
қайда жеңілденеді. Егер шағалдардың өлшемдері 20мм-ден асса, оны
қайта ұсақтауға жібереді, ал, 5мм-ден кем болса керамзит құмы
күйдіріледі. Құрғақ тәсіл экономикалық тимді тәсіл, бірақ оны
қолдану шектелген. Өйткені біздің елде тығыздық қатты, ісінуі
жоғары шунгизитті табу өте қиын, ал оның ісінуін жоғарылату үшін
қоспа қолдану бұл тәсілде анау айтқан қолданылмайды.

Құрғақ тәсіл.

Жабық қойма

Қабылдағыш бункер автокөлік

жібергіш

Білікше ұсақтағышы

Кептіру барабаны

Елеу 5мм күйдірілген
құм алу.

20мм
Білікше ұсақтағышы

Сорттап елеу

бункер
бункер
Суыту

тарелкалы жібергіш Сорттау тарелкалы
жібергіш

Қойма
айналмалы пеш айналмалы пеш

Пластикалық тәсіл.

Бұл тәсілде шунгизитті пластикалық күйде қалыптайды. Массаның
берілген өңдеу ылғалдылығы, оның карьерлік ылғалдылығына тең және
одан кем болған жағдайда қолдананған жөн. Шунгизиттің құрамына тас
тәрізді қосылмалар 10%-тен аспауы керек, ал кальций карбидінің
өлшемі 1 мм-ден аспау керек.
Бұл пластиклық тәсіл құрғақ тәсілге қарағанда әрі қиын, әрі
қымбат тәсіл және шунгизиттің ісінуі, ұлғаюы үшін қосындылар қосуға
болады. Шунгизитті қоймадан көпірлі кранмен алдымен көпсіткішке,
одан соң ленталы тасымалдағыштың көмегімен, алдымен ірі ұсақтағышқа
дезинтегратор келіп түсіп 10-15 мм-ге дейін ұсақталғаннан кейін,
екі білікті құрғақ араластырғышқа жіберіледі. Оған қоспаларды да
әкеліп түсіріп, араластырады. Компонентерді жақсылап араластыру
үшін екінші екі білікті араластырғышқа жібереді. Мұнда пластикалық
масса алу үшін су немесе органикалық қоспа қосылған сулы эмульсия
құяды. Массаның ылғалдылығы 27-29%-тей болады.
Араластырғыштардан шыққан массадан шағал алу үшін, ол массаны
өңдеу білікшеге жібереді. Мұнан шыққан масса қалыптау білікшеде
қалыптаған шағалды шар тәрізді етіп алу үшін барабанға жіберіледі.
Одан соң ленталы тасымалдағыш арқылы айналмалы кептіргіш брабанға
жібереді.

Бұл жылу агрегатында шикі шағалдың ылғалдылығы 27%-тен 8%-ке дейін
кемітіледі де, ленталы тасымалдағышпен құрғақ шағалды бункерге
жібереді. Бункерден өлшеніп шикі шағалдардың көлемін ұлғайтып
ісіну дайын материалдар алу үшін, олар маятникті жібергіштің
көмегімен айналмалы пешке келіп түседі. Мұнда физика-химиялық
процестің жүруіне байланысты 1200С температурада шағалдар ісініп
кеуек құрылым түзейді. Пештен 900С-та шыққан шағалдар, колосникті
немесе барабанды суытқышта суытылған соң, пластикалы тасымалдағыштың
және тік элеватордың көмегімен жоғары көтеріліп тік қойманың
арқалығына орналасқан, шағалдарды фракциялайтын ірілікке бөлетін
қондырғыға үлкен көзді елеуіш келіп түседі де фракцияға бөлініп.
әр фракцияға арналған қоймада сақталынады. Ол қоймалардан шунгизит
тұтынушыларға жіберіледі.

Пластикалық тәсілдің технологиялық схемасы

Шликерлік тәсіл.
Бұл қалыпталмай өндіретін тәсіл. Айналмалы пешке шунгизитті
шликер келіп түседі де, шағал өздігінен сол пеште пайда болады.
Бұл тәсілді карьерлік ылғалдығы қалыптау ылғалдылығынан артық және
тасты қосылмаларды 10%-тен көп болған жағдайда, шунгиттің табиғи
құрамын пластикалық әдіспен өңдеу қиынға соққанда қолданылады.
Қопсытылған сазды алдын қоймадан көпірлі кранмен алып тіке шунгитті
судың қатысымен араластырады. Егерде ол тығыздалған болса онда
алдын-ала өңдейді: шунгизитті бірінші ұсақтауды ірі ұсақтағыш
дезинтеграторлы немесе, тісті білікшеде ұсатады, одан шыққан
шунгит сулы араластырғышқа келіп түседі де шликер алынады, сулы
араластырғыштың артықшылығы таспен ластанған шунгитті өңдеуде
бұзылмай жұмыс істеуі. Ірі тас қосылмалар шунгит араластырғыштан
шығу кезіндегі тордан өтпей тұрып қалады, ал тас қосылмалар шунгит
араластырғыштан шығу кезіндегі тордан өтпей тұрып қалады, ал тас
қосылмалар әр мезгілде шығарылып тасталынады. Майда тасты
қосылмаларды 0,5-10 мм бөлу үшін шликер 0,2-0,3 МПА-дағы қысыммен
доғалы електен өткізген кезде електен өтпейді, онда жиналған майда
тастарда алып тасталынады. Дайындалған шликердің ағымы 10 сек болу
керек.
Шликердің ылғалдығын төмендету үшін оған элоктролит қосады.
Шликердің қорын әдейі істелінген шламбассеинде сақталады. Ондай тік
бассеиндердің диаметрі 8 м, сиымдылығы 1000 м3, шламды ауа қысымымен
араластырады, ал көлденең басеиндердің диаметрі 35 м, сиымдылығы
600 м3, шламды араластыруды кранды араластырғышпен жүргізеді. Шлам
бассеиннен шликер насостың көмегімен ожалуы жібергішке жіберіледі
де, одан айналмалы пешке құйылады. Сол пештің ішінде температураның
көтерілуіне байланысты шағал түзіледі. Пештен шыққан шағал
суытылып, сортталған соң қоймаларға жіберіледі. Бұл әдістің
артықшылығы: бұл әдіс өте әмбебапты және мұнда кең көлемді
қосылмалармен ерекшеленетін шунгиттер қолданылады.
Бұл әдісте тасты қосылмалары көп және карбонатты қосылмалардан
тазарту қиынға соқпайды.
Бұл әдісте пластикалық әдіске қарағанда шунгизит әлдеқайда
майда және жеңілдеу болады.
Кемшіліктері: Отын шығыны көбірек және мол көлемді ылғалды
буландыру үшін пеш өнімділігі 25-30%-ке азаяды.

Ылғал тәсілдің технологиялық схемасы.

Кәдімгі балшық Су Дисперсиялайтын
агент

Араластырғыштың қалақты білігінің баяу айналу жағдайында араластыр

Пластикалық Араластырғыштың қалақты
Көбіктенуші
балшық білігі жылдам айналуы
агент
жағдайында араластыру

Көбіктенген шликерлі тесіктерді 1,6-дан 3,2 мм дейінгі сопло арқылы
қиғаш дірілді науаға беру (поршенды сығымдайтын насос)

Көбіктенген массаны түйіршіктеу және түйіршіктерді кебу балшықпен
тұрақтандыру (көлбеу дірілді науа қоректендіруші)

Сорттау (електеу)

Күйдіру (айналмалы пеш)

Салқындату (қабатты мұздатқыш)

Сорттау (елек)

Толтырғыштар қоймасы (силостар)

Шунгизитті шағалды күйдіру.

Шағалды күйдіруді бір барабанды пештерде жүргізеді. Шунгизитті
шағалды күйдіруде көбірек тараған бір барабанды пештер екі типті
размерлі 40х2,5 және 22х2,3 м. Пештің ұзындығы үлкейген сайын
оттынның шығыны төмендейді. Айналмалы пештерде шағалды күйдіргенде
жүретін процестерге байланысты төрт зонаға бөлінеді: кептіру,
қыздыру, ісіну және қатаю.
Кептірмеген шунгитті шағалды 40 м айналмалы пеште күйдіргендегі
процестерді, төмендегі біріккен диамграммада берілген 1-ші қисық
сызықтағы 11 м ұзындықта, материалдардың температурасы 1000С жеткенге
дейін бос судың негізгі мөлшерінің шығуын көрсетеді. Бұл бөлімде
қыздыру шығыны ППП болмайды. Шағалдың шамалы кепкендігінен
материалдың орташа тығыздығы төмендейді. Бұл бөлімдегі газдың
температурасы әжептеуір жоғары 700-8500С,дегенмен шағал пешке шикі
күйінде түскендіктен олардың температурасы да әжептеуір жоғары
болады. Бұл зонадағы жылуалмастыру коэффициенті 105-128 Вт мград.-
қа тең.
Ісіну зонасы ұзындығы 8 м-лік қысқа учаскеде, материалдың
температурасы 11250С-ға көтерілгенде, шағалдың орта тығыздығы
секірмелі түрде төмендейді. Бұл зонаның ұзынындығы 8 метрлі
учаскесінің соңында газ 12000С бен материалдың 11250С
температурасы тұрақталады, ал шағалдың орташа тығыздығы аздап
төмендей бастайды, өйткені материал бұл бөлімде отты-пластикалық
күйде болады.
Қату бөлімі өте қысқа барлығы 2-ақ метр. Мұнда материалдың
температурасы 11250С-тан 10250С-ға дейін төмендейді. Кейбірде бұл
бөлімде газдың температурасы материалдың температурасына қарағанда
әлдеқайда қарқынды төмендейді.
Термиялық дайындау режимі шунгизиттің сапасына елеулі ықпалын
тигізеді. Ол шағалдың жарылуын болдырмауы керек және органикалық
заттардың бұрынырақ бөлінуінің себебінен шағалдың ісінуін жоғалтпау
керек. Өндіріс пешіндегі ісінудің нәтижесі пештегі газды ортаның
химиялық сипмттамасына байланысты. Тотықсыздандыру ортасы ісіну
ісіну коэффициентінің аса жақсы ұлғаюын қамтамасыз етеді, бірақ
шағалдардың бір-біріне жабысып конгломерат түзейтін қауіп пайда
болады. Күшті тотықты ісінуді конгломерат түзейтін қауіп пайда
болады . Күшті тотықты ісінуді төмендетеді және отынның шығынын
көбейтеді. Ең орындысы пеш газының шамалы тотықсыздандырғыш орта
болуы мен оттегі мөлшерінің 2%-тен аспағаны жөн. Екі барабанды
пештің технологиялық маневр жасауына қажеттілігі жоғарылау. Мұнда
кіші диаметрлі ұзын барабан шағалды 200-6000С дейін кептіруге
және қыздыруға аоналған, ал үлкен диаметрлі барабан шғалдың
ісінуіне арналған. Барабанның әр біреуінің өз жетегі бар.
Сондықтан әрбір барабанның жылжу жылдамдығын реттеуге мүмкіндік
береді. Диаметрі үлкендеу ісіну барабанының өзіндегі жылу қуатын
жоғарылатуға да мүмкіндік туғызады есте болу керек барабанды
пештегі жылу қуаты оның диаметрінің көлеміне тең. Бір барабанды
пештің ұзындығы ұлғайған сайын шунгизиттің орташа тығыздығы да
үлкейеді, ұзын екі барабандыпешті алсақ ол жеңіл шунгизит алуды
қамтамасыз етеді, шунгизиттің сапасын төмендетпей пештің бірлік
өнімін көбейтуге мүмкіндік болады. ТМД елдерінде екі барабанды
пешті пайдалану арқылы зауыттың жақсы нәтижеге жететіндігін
көрсетті. Бұл пештердегі температуралы қисық сызықты зертегенде,
олардағы шунгизитті температуралық күйдіру тәртібі нағыз сатылы
болып келеді. Екі барабанды пешті пайдаланғанда шунгизиттің орташа
тығыздығы 30-50%-ке, отынның шығыны 20-30 %-ке, шунгизиттің өзіндік
құны 15-20%-ке төмендейді және пештің ауқымдық меншіктігі 25-30%
ұлғаяды. Екі барабанды пешті, нашар ісінетін шунгиттерді
пайдаланғанда, қолданған өте тиімді. Олардың ісіну коэффициенті
ұлғайған сайын екі барабанды пешті қолдану тиімділігі төмендейді.

Шунгизитті суыту.

Күйдірілген шунгизитті суытқанда оның шыны фазасы қатады және
силикат балқымасынан жаңа кристал түзіледі. Қатқан шунгизитті шағалда
шыны және кристалды фазалар болады, ал балқымай қалып қойған
кварц, дала шпат түрлері, сондай-ақ кристобалит, кейбір кезде муллит
құрылады. Олардың пайда болуы суытудың тәртібіне байланысты. Шыны
фазасына енген ірі кристалды түйірлер олардың төңірегінде кернеудің
шоғырлануын үлкейтеді және шағалдың құрылымын нашарлатады. Сондықтан
шунгизит өндірісінде пайдаланатын шунгиттерде кварц қосылмасының
өлшемі 10-100 мкм болуы керек және 250 мкм-ден ірі болмау керек.
Ісінген шунгизитті шағалдардың жылу өткізгіштігі төмен болуынан
температуралық құбылу болады, соның нәтижесінде оларды тепературалық
кернеу пайда болады. Оның аумалы күйінен критечески предел артуы
екі кеуектің арасындағы қалқада жарғышақтың пайда болуына әсер
етеді. Барабанды суытқыштар өзіне тән төмен қарқынды
жылуалмастырғышты қондырғы. Сол себептен одан шығатын шунгизиттің
температурасы жоғары 150-2500С, сондай-ақ қондырғының қолайсыз
үлкендігі. Сондықтан барабанды суытқышты басқа, оған қарғанда
артығырақ тұтас, суытқышқа ауыстыруға тура келеді- ол шунгизит
ғылыми зерттеу институтының өз бетімен қозғалатын қабатты колосникті
суытқышы. Ол екі сатылы еңкіш тор, іші қаланған металды корпустан
тұрады. Төменгі тордың астынан суық ауа кіріп, содан кейін
жоғарғы тордағы шунгизит қабатынан өтіп, әдейі орнатылған құбыр
арқылы жіберіледі. Мұның өзі қабатты суыту және қарама-қарсы
принцптегі жұмсақ суыту тәртібін қамтамасыз етеді, ол шунгизиттің
беріктігінің жоғалуын болдырмайды. Бұл суытқыштың өнімділігі сағатына
20 м3, одан түсетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл бетонның қасиеттері
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫНЫҢ МҰНАЙ ҚОСПАСЫНЫҢ АШЫҚ ФРАКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ НҰСҚАСЫН ҰСЫНУ
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Химиялық талдау әдістері
Гидротазалаудың физикалық және химиялық негіздері
Алматы ТЭЦ - 3
Мұнай қалдықтарын кокстау әдістемесі
ШИКІЗАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ҚЫСҚАРТУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЖОСПАРЫН ЖАСАУ
Жылдық қуаты 2 млн т/ж құрайтын құмкөл мұнай майын сутегімен тазалау қондырғысын жобалау
Шикізат материалдарының сипаттамалары
Пәндер