Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Демография (грек. δῆμος -- халық) -- белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық - тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай - ақ, осы популяцияның туу, өлу және көші - қон коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор рөл атқаратындығы себепті, кейбір ғылымдар демография мен демографиялық статистиканы бір - бірімен ұқсас ғылымдар деп есептейді. Бірақ демография ұғымының мағынасы анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсу саласындағы байланыстылықты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін үстем қоғамдық қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарға қажетті материалдар береді [1].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мәселенің өзектілігі айқын, өйткені біздің заманымызда және еліміздегі демографиялық мәселені шешу қоғам және саяси қайраткерлер, бұқаралық ақпарат құралдары, демографиялық ғалымдар, географтар назар аударатын өте өткір мәселе болып табылады. Демографиялық статистика, халық статистикасы - белгілі бір ел, территория халықтарының санын, құрамын орналасуын және қозғалысын немесе оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге,баяндауға және талдауға статистикалық тәсілді қолданумен айналысатын статистика саласы. Халықтың орналасуын зерттейтін бұл ғылым қоғам үшін қай уақытта да аса маңызды болған. Өйткені өткеннің қорытындыларын жасай отырып, белгілі бір тарихи кезеңдердің тізбегін тудырған табиғи, тарихи заңдалықтар болашақты болжауға, халықтың тууы, өлім - жітімі өсуі . Кез келген елдің демографиясы ішкі саясат, экономикаға тікелей әсер етеді. Демографиясы мықты елдер әрқашан өзге елдерге әсер ете алады. Қытай өзінің демографиялық ахуалының арқасында қазіргі жағдайына қол жеткізді. Қазақстан өзінің территориясын сақтап, қауіпсіздікті ойлау үшін демографиялық ахуалды жақсарту қажет. Ол үшін туу көрсеткішін арттырып, өлім деңгейін төмендету этникалық қазақтарды атамекеніне көшіп келуге ынталандыру міндеті тұр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі дәуірде халық санының жылдам өсуі жекелеген елдердің өміріне де, жалпы халықаралық істерге де ықпалын арттыруда. Қазіргі әлемде ядролық соғыстың алдын алу, дамушы мемлекеттердің артта қалуын еңсеру, азық - түлік және энергетика проблемалары, қауіпті ауруларды жою, қоршаған ортаның ластануы және басқа да бірқатар проблемалардың шексіз саны бар, бірақ Менің ойымша, олардың арасында демографиялық орны ерекше.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстанда жүргізілген соңғы санақтың қорытындысына сәйкес, Қазақстандағы халық саны 19 миллионнан асты. Жақын жылдары Қазақстандағы халық санын жиырма миллионға жеткізу мақсаты бар. Бұл мақсатқа жету жолында көптен жұмыстар атқарылып жатыр және курстық жұмыстың таңдалған тақырыбы өзекті мәселе болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - қоғамдағы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі ретіндегі демография.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу пәні әлеуметтік прогресс экономикасының демографиялық факторлары болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның демографиялық жағдайын статистикалық жағынан талдау.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мақсатқа сәйкес жұмыста келесі зерттеу міндеттері анықталды:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- демографиялық процесс туралы теориялық түсініктерді анықтау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- елдегі демографиялық тарихын зерттеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- демографиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Жұмыстың ғылыми негізін мерзімді басылымдар мен әдебиеттер, сондай - ақ Қазақстандағы демографиялық мәселелерді зерттеуге арналған отандық авторлардың еңбектері құрайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бірінші бөлімде демографияны зерттеуге қатысты теориялық мәселелер, оның міндеттері мен зерттеу әдістері қарастырылған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Екінші бөлімде Қазақстанның демократиялық жағдайын аналитикалық жағынан талдау жүргізілген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыстың құрылымы 2 бөлімнен, қорытындылар мен бірнеше дереккөзден, алынған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстандағы демографиялық жағдай
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1 Қазақстан демографияның тарихи дамуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және көші-қон коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.Халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыға бөледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бiрiнші сатысы кезiнде өлiм мен туу күрт төмендейдi бiрақ өлiм коэффициентiнің төмендеуi туу коэффициентiнiң төмендеуiнен алда болады. Сондықтан, халықтың өсiмi артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтiп кеттi.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Екiнші сатысында өлім минимумға жетедi де, одан төмендемейдi, бiрақ туу төмендей бередi. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Үшіншi сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициентi артады, сонымен қатар туудың төмендеуi баяулайды.Үшiнші сатының соңына қарай туу коэффициентi халықтың жай көбеюiнiң деңгейiне жақындайды, ал өлiм коэффициентi бұл деңгейден төмен болып қалады, себебi халықтың жастық құрамы әлi де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелi кезеңнiң осы сатысына жақын.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Төртiншi сатысында өлiм коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан демографияның тарихына кішкене көз жүгіртер болсақ.Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қаларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 - 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірілді. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшірілді. Одақтық үкіметтің 1943 ж. күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді [2].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1990 жылға дейін Қазақстан халқының демографиялық жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады.Төңкеріске дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км²) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда). Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар - Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесі 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең ірі қалалары - Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде ірілері: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Теміртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екібастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кемБайырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы - Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халықтың мұндай өсімі туу көрсеткішінің жоғарылуы есебінен артты. Қазақстандағы статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылы қазақтар арасындағы туу көрсеткіші 28 болды, өлім көрсеткіші - 7, табиғи көрсеткіш 1000 адамға санағанда 21 адам болды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақтардың саны көші-қон саясатының арқасында да өсті. Тарихи отанына көшіп келген этникалық қазақтардың көбі Орталық Азия елдерінен, атап өтер болсақ - Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Моңғолия және Ресейден көшіп келді. Қазақтардың санымен қоса өзбектердің де саны өсті. 1989 жылы олардың саны 331 мың адам, 1999 жылы 371 мың, 2009 жылы 457 мыңға, ал 2010 жылы 470 мың адамға жетті. Ал орыс, неміс пен кәрістердің саны қысқарды. 1999 бен 2009 жылдар аралығында орыстардың саны 700 мың адамға қысқарды. Ал 1989 жылмен салыстырғанда 2,3 миллионға азайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен әйелдер саны 30 - 34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді. 60 - 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі 6,1%. Орташа арифмет. жас - небәрі 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлігі жастар мен балалар.Қазақстан тұрғындарының бүкіл табиғи өсімінің 63,5%-ын құраған болса, бұл өсім 1991 ж. - 72,4%, 1993 ж. - 88,2%, 1995 ж. - 88,0% болды;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатынОның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиден келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адам, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі -- 51186 (51661) және ауылдық жерлер -- 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлімнің 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі мәлім болып отыр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болды, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер - 3209 адам, елден кеткендер - 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді [3].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер - 3209 адам, елден кеткендер - 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халық санының тиімді өсуі үшін туу көрсеткішінің жоғары болуымен қатар, өлім деңгейінің кемуі де қажет. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы бұл көрсеткіш 2011 жылы 8,71-ге дейін кеміді. Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан - 6,9, Тәжікстан - 6,49, Түркіменстан - 6,21, Өзбекстан - 5,29. Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс - әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр. Сондай-ақ, жақын болашақта демографияға төнетін қатерлер бар. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстандағы туу көрсеткіштері төмендей бастайды. Қазақстан Республикасы статистика агенттігің төрағасы Әлихан Смайылов 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оны қазірдің өзінде анық байқауға болады. Алғашқы екі айда туу көрсеткіші не бары 0,8%-ға өсті. Оның айтуынша, оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала саны аз туылған болатын. Осы орайда, Қазақстан үкіметі бала тууды ынталандыратын шараларды қолға алғаны жөн болады. Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарды көшіріп алып келу қарқынын үдету орынды болатын еді. Соңғы кездері жастар арасында жанұя құндылықтарының төмендеуі де демографияға әсер ететіні анық [4].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.2 Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Демография өздеріңіз білесіздер халықты тану, оның өсіп-өнуі, туу мен өлім, ішкі-сыртқы көші-қон, жастық-жыныстық ерекшеліктері, еңбек ресурстары, білім деңгейі, әлеуметтік мәселелер, оның ішінде тұрмыстық күн көру және т.б. мәселелердің барлығы саясатқа тікелей қатысты. Бұдан шығатын қорытындылардың барлығы осыған байланысты. Сонымен қатар, демографиялық және көші-қон саясаты деген бар. Қазақстанда демография ғылымы кейін дамыды. Тіпті еуропаның өзінде XVIII-ХІХ ғасырларда қалыптасып, Ресейде ХІХ ғасырдың аяғына қарай дами бастады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халықтың өсіп-өнуіне тұрғындардың жастық,жыныстық құрылымы тікелей әсер етеді. Тұрғындар неғұрлым жас болса және жыныстар арасындағы үйлесімділік қолайлы болса, соғұрлым өніп-өсу қарқынды жүреді.Ал табиғи өсім-Қазақстан үшін тұрғындар саны өсімінің бірден-бір көзі. 80 жылдардың соңынан республикада туу төмендеп, керісінше өлім жетім көбейе түскен. Соның нәтижесінде табиғи өсім қарқыны бәсеңдеді. Бұрын табиғи өсім коэффициенті 18,1 промиль болса, 1999 жылы 4,4 промильге төмендеді. Ауыл тұрғындарының табиғи өсім деңгейі қалалықтарға 4,3 есе жоғары. Республикадағы ұлттар арасында табиғи өсім біркелкі емес.Табиғи өсім өзбектер (22,0) мен қазақтар (13,5) арасында жоғары. Ал, орыстар (-4,9), украиндар мен белорустар (-8,6) арасында соңғы жылдары туудан өлім жоғары болып тұр.90 - жылдары тұрғындар арасында некелесу коэффициенті күрт төмендеді, ол жыл сайын үш еседен астам қысқарды.Қазіргі кезде ауылды жерлерге қарағанда қалаларда некелесу 1,2 есе көп болып тұр. Сондай-ақ ажырасу да біршама азайды. Қазіргі кезде тіркелген 3 некенің біреуі ажырасуда. Ажырасқандардың төрттен бірі (23,8) бес жылға дейін некеде тұрған.Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Соның салдарынан осы өңірлерде генетикалық ауытқушылық және психикалық аурулардың жиі шығуы қазіргі кезде алаңдаушылық тудырып отыр. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулар екі есе, эндокриндік жүйелер аурулары екі есеге жуық, қан аурулары бір жарым есе көбейді.Жұқпалы аурулар да жоғары деңгейде қалып отыр [5].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі уақытта әлеуметтік топтар көбейіп кетті. Біз демография мәселесі, әлеуметтік мәселесінде жұмысшылар санын, жұмысқа қалыптасқандар, еңбек ресурстарын зерттейміз. Осы мәселе де әлі алдымызда тұр. Қазірде бай да, кедей де көбейді. Ортасындағы орта тап әлі қалыптасып біткен жоқ. Дегенмен осы мәселені біз әлі толық зерттеп біткен жоқпыз және зерттейтін талас тудыратын мәселелер баршылық. Соның ішінде оралмандардың келіп орналасуы, оралмандарға деген көзқарас. Оралмандардың келгені, қазақ ұлты үшін үлкен жетістік болды. Әлі де сыртта 5-5,5 миллион қазақ шетелде жүр. Нұрлы көш тоқтап қалды. Берілген квоталар дұрыс пайдаланбады. Кейбір мемлекет қайраткерлері Жаңаөзендегі оқиғаны сырттан келген оралмандар ұйымдастырды деген пікірде айтты. Ол дұрыс емес. Себебі, осы Алматыда қанша оралман қайраткерлер ғылымда, өнерде, басқа техника салаларында, қазақтың мәдениеті мен экономикасының өсуіне өз үлестерін қосып жатыр. Мен айтар едім, біздің бұрыңғы ұмытып бара жатқан дәстүрлеріміз, әдебиетіміз жаңғырып жатыр. Қазақтың өзін бөліп жүрміз ғой.Ал енді оралмандар осы мәселеде қазақтың ұлттық рухының өсуіне үлкен үлес қосып жатыр. Осы жерде міне З. Қинаятұлы, анау Ә. Дәулетхан, Н. Мұхамедханұлы мен тарихшыларды ғана айтып отырмын. Артистер де көп.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42,1 мың адам, оның ішінде қала халқы - 11 миллион 287,4 мың (59,3 пайыз), ауыл халқы - 7 миллион 754,7 мың адам (40,7 пайыз). 2020 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті, деп хабарлады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2021 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-тамызбен (162,5 мың адам) салыстырғанда 10,1 пайызға өсті және 178,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 14,14 пайыз болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туғандар мен қайтыс болғандар саны 2021 жылғы қаңтар-тамызда дүниеге келгендер саны 296,5 мың адам болса, бұл 2020 жылға қарағанда 8,4 пайызға артық (273,4 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,44-ке сай келеді.Осы кезеңде қайтыс болғандардың саны 117,6 мың адам, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6 пайызға артық (111 мың адам). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 9,3-ке сай келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында бір жасқа дейінгі 2345 нәресте қайтыс болды. 2020 жылдың осы кезеңінде 2129 нәресте қайтыс болды. Өлім-жітім 10,1 пайызға артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген адамға 7,91 болады [6].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көшіп келгендердің саны;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-тамызда елге келгендер саны - 6339 адам, елден кеткендер саны - 22685 адам, көші-қон тепе-теңдігі 16346 адам болады.ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1 пайызды, көшіп кеткендердің үлесі мигранттардың жалпы санының 86,1 пайызын құрады.Республика шегінде көшіп келгендер саны 7,3 пайызға ұлғайды.Қазақстан ішінде азаматтар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Маңғыстау облыстары арасында ауысады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бүгінде халқымыздың саны 19 мил­лионға жуықтады. Алайда бұл көрсеткіш қарқынды өсімнің нәтижесі емес. Халық санының өсуінің қазіргі деңгейі қолда бар мүмкіндігімізге сәйкес келмейтінін мо­йындауымыз керек.Демографиялық белсенді жас отбасыларды әлеуметтік-экономикалық, рухани қолдаудың, қоғамға бейімдеу жұмыстарының және басқа да мәселелер бойынша көтермелеу шараларының әлсіздігін, уақыт талабына сәйкес келмеуін, содан келіп жас отбасылар арасында ажырасу деңгейінің көптеп орын алып отырғанын халық санының өсіміне кесірін тигізіп отырған басты түйткіл деп айтуға болатындай. Бұған атқарушы билік, ғалымдар, азаматтық қоғам, БАҚ ұлттық қауіпсіздік мәселесі ретінде қарастыруы қажет-ақ. Өйткені ажырасу мәселесіне қатыс­ты статистика жағдайдың өте нашар екенін анық аңғартады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Британиялық The Economist басылымының әлемдік рейтингінде Қазақстан некенің бұзылуы саны бойынша 10-орында тұр. Бұған келіспеуге лажымыз жоқ секілді. Себебі кейінгі 10 жылдың ішінде 1,5 миллионға тарта ажырасу фактісі тіркеліпті. Бұған не айтуға болады? Әділет министрлігінің мәліметіне қарасақ, 2016 жылы 140 840 неке тіркеліп, 51 775 неке бұзылса (36,8%), 2017 жылы 141 785 неке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Қазіргі кездегі демографиялық проблема
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Демографиялық мәселелер
Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу
Көші - қонның шарықтау шегі
Пәндер