Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы


Қазақcтан pеcпубликаcының Ғылым және жоғаpы білім миниcтpлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау унивеpcитеті КеАҚ
Педагогикалық инcтитут
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедpаcы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Ежелгі дәуіp әдебиеті
Тақыpыбы: Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Оpындаған: Әшімбек Зарина Маратқызы
Тобы: КОК 231-ук
Текcеpген: Қажыбай А. Т
Бағаcы:
Көкшетау, 2023
Қазақcтан pеcпубликаcының Ғылым және жоғаpы білім миниcтpлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау унивеpcитеті КеАҚ
Педагогикалық инcтитут
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедpаcы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Ежелгі дәуіp әдебиеті
Тақыpыбы: Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Оpындаған: Әшімбек Зарина Маратқызы
Тобы: КОК 231-ук
Текcеpген: Қажыбай А. Т
Бағаcы:
Көкшетау, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
І ТАРАУ . . . 7
1. 1 Қожа Ахмет Йасауидің өмір жолы және оның түркі халықтарының мәдениетін дамытудағы рөлі . . . 7
1. 2 Қожа Ахмет Йасауи танытқан сопылық ілім және оның мәдени, рухани қанынастар мен әлеуметтік жүйелерді реттеуші сипаты . . . 12
ІІ ТАРАУ . . . 16
2. 1 «Диуани Хикметнің» идеялық мазмұны . . . 16
2. 2 Мирату. л. Құлуб (Көңілдiң айнасы) еңбегіндегі ғұламаның ой-пікірлері, тұжылымдамалары . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі таңда дін мәселесіне қарайлас тақырыптар өзекті. Қоғам рухани құндылықтарды өз деңгейінде бағалауға ден қойңан сәт. Біз осы бағытта мемлекет тарапынан жасалған орасан істердің куәсі әрі қазақ елі үшін алтын ғасыр туындаған кезеңді бастан өткерудеміз. Қазақ халқына 2050 бағдарламасын ұсыну, олардың күнделікті тыныс тіршілігі мен саяси әлеуметтік белсенділігін, әлеуметтік процестерді барынша жақсарту бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде алға қойылумен қатар тапсырма ретінде орындау жолға қойылды. Демек бұл жетістікке әр бәр Қазақстандық өз үлесін қосады. Әлемдік философияда қоғамды демократияландыруды жүзеге асыру барысында адам ең жоғарғы құндылық ретінде бағаланды және оның дүниетанымы өз алдына тың зерттелмеген мәселе ретінде қаралады. Даму жолында ұлттың рухани көзқарасының орны ерекше. Ал оның адамның өмір сүруін қамтамасыз етуші жүйе екені белгілі. Міне осындай рухани жүйелердің бірі әлемге әйгілі ойшыл А. Йаcаyи ілімінен орын алған болатын. Біздің ұлттық идеология А. Йаcаyи ілімінен бастау алып, күні бүгінге дейін дәстүрлерімізден көрінеді. Әлем тарихында өзіндік рөлі бар А. Йаcаyи әрбір жеке тұлғаның жүрек тазалығын мақсат етер рухани тәлім-тәрбиені алуға құқықы бар деген. Бұл тұрғыда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев біздің өзімізді қоршаған қоғамның қалай өзгеретінін көріп - білуге қабілетіміз кәміл жетеді, оның есесіне, кейде өзіміздің қалай өзгеретінімізді аңғара бермейміз. Біз өзімізше мынау жаңадан пайда болды, немесе бұрынғылар көзден ғайып болды ғой дейтініміз бар, алайда мен бір кездері былай ойлаушы едім, енді ойым мен әрекетім басқаша дегенге мейілінше сирек барамыз. Әсілі адам өмірінің ұзына бойына, тәннің ғана эволюциясы емес, сонымен бірге рухтың да эволюциясы серік болса керек” [1, 3] -деген. Демек, қазіргі таңдағы өмір талабы тек ғылыми және мәдени жетістіктермен ғана емес, әрбір жеке тұлғаның бойындағы шығармашылық деңгейін кеңейтіп, даналықпен қоректенген өмір тәжірибесін арттыру болып табылады. Сондықтан, адам жаратылысы әр қилы болады. Тіпті, мәдени ниетіміз бен салтымыз да, рухани байлығымыз да орын алатын құндылықтар адами идеялдар көрінісін береді. “Адам-әлемнің патшасы”, - деген сөз бекер емес. Сондықтан да адамға қатысты өмір жолы - адамдық “мен” дәрежесін өз деңгейінде құрудан бастау алуы тиіс. Бұл тұрғыда “адамның ең қауіпті және ең мықты жауы адамның өзі екені” [2] белгілі. Адамның өзін-өзі тануында, оның өзін үлкен әсерге алып келетіні даусыз.
Ұлт дүниетанымы мен мәдениетінде өзінің өшпес ізін қалдырған Қожа Ахмет Йасауидің орны ерекше. Түркілер тарихындағы түбегейлі өзгерістердің негізі болып, ұлттық дүниетанымның ислами аяда қайта қалыптасуына әсер еткенде Йасауи ілімі. Оның еңбектері қазақ тарихындағы түбегейлі өзгерістерге себеп болып, қоғамдық санаға айрықша ықпал еткендігін, жеке адам мен қоғам өміріндегі дін мен тіл, тіл мен құлық тазалығына кепіл болғандығын тарихшылар, этнографтар, әдебиет пен өнер өкілдері жиі айтып жүр. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Нақ осы Йасауи ілімі арқылы ислам қазақтардың рухани өмір салтына айналды да, кейінгі сегіз ғасырдың өн бойында соларды жебеп келді. Қазақ хандығы мен қазақ халқы құралғанда, солардың бастау бұлағында осы ілім тұрды. » [1], - деп айтуы соның жарқын дәлелі. Солай бола тұра, осы қөзқарасты нақсы дәлелдермен дәйектей алатын ғылыми еңбектер бірең-сараң екені жасырын емес. Бұндай ауқымды мәселе төңірегінде айтылған сүбелі ойларды Ә. Әбуовтың және Д. Кенжетайтың еңбектерінен байқай алғанымызбен, тақырыпты арнайы қарастырудың өзектілігі әлі күнге өз маңыздылығын қажет етеді.
Бұл зерттеу әлем, оның негізгі құндылығы адам болмысын зерттеуге бағытталған. А. Йаcаyи жеке тұлғалық келбетi жалпы түркi халықтарына ортақ деген пікірдеміз. Сондықтан, бұл жерде ұлттық өзiмшiлдiктен гөрi ғұламаның айтып кеткен даналық сөздерiн жан-жақты игеру мақсаты ұтымды болып келедi. Ақиқаттың ұлы заңдылығы рухани дамудың әр түрлi қырларын айқындай түседі. Ал ғылыми зерттеулердің негiзгi мақсаты тарихи болмыстағы iнжумаржандарды әлеуметтік дүниеге обьективтi түрде паш ету болып табылады. Осыған байланысты ұлтымыздың қазіргі жаһандану заманында рухани бағдарлардан айрылып қалмауына демеу болатын рухани құрылымдар мен жүйелерді сараптауға арналған А. Йаcаyи ілімі мен ізденістерінің маңызын келешек ұрпаққа танытудың маңызы айтарлықтай қажет. Сондықтан, курсттық жұмысының тақырыбын таңдауда ойшыл дүниетанымын қоғам үшін маңызы мен рухани қажеттілігіне баса назар аударылды деуге болады.
Зерттеу нысаны. Тақырыптың зерттеу нысаны - Қожа Ахмет Йасауи туралы барлық қолжетімді мәліметтерді жинақтап ұсыну және «Диуани хикмет» пен «Мират-ул Қулуб» атты шығармаларының мазмұнын және құрылымын талдау
Зерттеу пәні: Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен «Диуани хикмет» пен «Мират-ул Қулуб» атты шығармалары
Зерттеу мақсаты: Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызын зерттеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер белгіленді:
- Қожа Ахмет Йасауи тағдырымен және оның түркі халықтарының мәдениетін дамытудағы рөлімен танысу;
- Қожа Ахмет Йаcаyидің дүниетанымының қалыптасуына негiз болған рухани, әлеуметтiк, мәдени, тарихи бастауларды анықтау;
- Яссауи хикметтерінің философиялық негізін және оның сопылық ерекшеліктерін зерттеу;
- «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб» атты шығармаларының идеялық мазмұнын анықтау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Зерттеудің нәтижелері оқытудың ғылымда бар тұжырымдамаларын, идеяларын толықтырады және дамытады; Философиядағы тұлға мен әлеуметтік қоғам, таным мен мәдениет, ежелгі дәуір әдебиеті мен сопылық ілім туралы ғылыми ізденістерді басшылыққа алынды. Атап айтқанда, қазақ әдебиетін, оның тарихы мен теориясын, тарихи құбылыстар, сопылық ой-пікірлердің қалыптасуы және дамуын зерделеуге қатысты зерттеулері жұмысымыздың негізгі әдіснамалық әрі ғылыми бағдары болып табылады. Ұлт поэзиясы, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, түркі тектес халықтар әдебиетінің поэзиясы және қазіргі қазақ поэзиясын талдауға арналған әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектері жұмыстың негізгі әдіснамалық әрі теориялық тірегі болды. Тақырыпты зерттегеген авторлар (Кемал Ераслан, Досай Кенжетай, Ахмет Иылдырым, Фуат Көпрүлү, Абдуллаһ Хикмет Атан, Сагандыкова Н. Ж. )
Зерттеудің әдіс-тәсілдері . Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі қазақ әдебиетінің тарихы, қазіргі әдебиеттану және педагогика ғылымдарының жетістіктеріне сүйеніп жасалды. Қазақ әдебиетінің тарихын, педагогикасын зерттеудегі озық теориялық және методологиялық әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отырып, объективті-аналитикалық, логикалық талдаулармен қатар, тарихи-философиялық, тарихи-жүйелілік, мәдениеттану, ретроспективті, жинақтау, қорыту, баяндау, жүйелілік-құрылымдық, жүйелілік-талдау, тарихилық және салыстырмалы әдіс-тәсілдер негізге алынды.
Зеpттеyдің пpактикалық маңызы: Куpcтық жұмыcтың зеpттелу нәтижелеpін ежелгі дәуіp әдебиеті, қазақ хандығы, әдебиет таpихы, ақын-жыpаулаp поэтикаcы пәндеpін жүpгізу баpыcында дәpіc cабақтаpы кезінде, cеминаpлық-пpактикалық cабақтаp жүpгізу баpыcында не болмаcа оқу әдіcтемелік кешен, көмекші оқу құpал жазу баpыcында қолдануға болады.
Зерттеудің құрылымы: Жұмыс кіріспеден, іштей жіктелген екі тараудан, төрт тараушадан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттерге сілтеме көрсетіліп, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І ТАРАУ
1. 1 Қожа Ахмет Йасауидің өмір жолы және оның түркі халықтарының мәдениетін дамытудағы рөлі
Tүркілердің cенім негізінде, қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған ақын және Яссауия тариқатының құрушылардың бірі ретінде танылған Қожа Ахмет Йасауидің тарихи тұлғасына байланысты ақпараттар өте аз болғандығы соншалықты тіпті олар да аңыздармен шатасқан және қаншалықты дұрыс екендігі білінбеуі, себебімен оның тарихи өмірбаяны туралы нақты бір мәлімет айту қиын.
Бізге жеткен ақпараттарда қарағанда, Ахмет Йасауи - Батыс Түркістандағы (қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Шымкент қаласының шығысынан жеті шақырым қашықтықта орналасқан) Тарым өзені кеп құятын Шахияр теңізінің кішкене бір көлі болған Қарасудағы Сайрам қалашығында дүниеге келген. Сайрам Сейхун өзенінің оң жағындағы жазықтықта орналасқан. Ислам географиясында Исфиджап (Исфижап) немесе Ақшаһар атымен аталған Сайрам қалашығы бұрыннан маңызды орны бар орталық болатын. Кейбір кітаптар Йасауидің Иасыда, қазіргі Түркістанда туылғандығын жазады. Бірақ, бұл дұрыс көзқарас емес. Мұнымен қатар, өзі де Диуани Хикмет атты кітабының көптеген жерінде туған жері мен елінің Түркістан екендігін жазған. [4, 36]
Не келсе де көреміз бір Құдайдан
Жүсіпті айырып еді ол Қынғаннан
Туған жерім қасиетті Түркістаннан
Бауырыма тасты ұрып келдім міне!
Азығын тапса жер киер гүлді көйлек,
Сол үшін Түркістанға келдім міне.
Жат елге кетіп, оралды өз еліне,
Түркістанда мазар болып қалдым міне. [1, 66]
Басым дертті, жасым өтер, қан айналып,
Атым Ахмет, Түркістан білім жерім. [1, 67]
Өзімнің перзентім деп өбектеді,
Түркістан он жетімде тұрдым міне[1, 67]
Жоғарғыда айтылған хикметтерден туған елінің Иасы қаласы емес, Түркістан өлкесін айтқандығын байқаймыз. [2, 79] Өйткені, Йасауи заманын да Түркістан Мауераннаһр мен Хорасан аймағын ішіне алған гоеграфияның атауы болатын. Сондай-ақ, Иасы мен Йасауидің Түркістаны екі бөлек жерлер еді. Иасы қаласына Түркістан деп кейінгі кездері ғана атау берілген. [3, 681 ] Ахмет Йасауидің бала кезінен өмірінің үлкен бір бөлігін Сайрамға ұзақтығы 157 шақырым болған Иасы яғни, Түркістанда өткізген. Бірақ, атағы тек бтуған жерімен ғана шектелмей, түркі халықтырының өмір сүрген көптеген қалаларға да жайылған еді.
Ахмет Йасауидің қай жылы дүниеге келгені туралы нақты деректер жоқ. Жалпы хижри V ғасырдың ортасында туылғандығы шамаланады. [4, 62] Ахмет Йасауиға тән делінген Факрнаме атты рисәледе 73 жыл өмір сүргендігі айтылған және 1166 жылы қайтыс болғандығы туралы мәліметтерге сүйене отырып 1093 жылы туылғандығын айтқан. Орта Азия түркілерінің діни және сопылық өмірлеріне едәуір ықпал еткен Ахмет Йасауидің толық аты-жөні: айна Хикмат Хазрет Султан әл-Ғарифин Хожа Ахмад бин Ибраһим бин Махмуд бин Ифтихар Иасави. Бір хикметінде өзінің аты Ахмет, ал әкесінің аты Ибраһим болып айтылған:
Ғашық елі дүниесіз, дертіңе онда жоқ дәрмен,
Жалықпастан деп айтқын «Лә иләһә иллаллаһ»
Ахмет ибн Ибраһим: «асқан сөз жоқ бұл сөзден» -
деді, айтқын тоқтаусыз «лә иләһә иллаллаһ»[2, 79]
Йасауи тұрған жері, аты-жөні және лақабымен танылған. Бұл есімді дүниеге келген жеріне байланысты емес, өмірінің маңызды бір бөлігін өткізген Иасы (Түркістан) қаласына байланысты алған. Бұған қосымша өзіне Хазіреті Султан, Султанул-Әулия, Хазрети-Түркістан, Сүлтан-Түрк, Ахмеди Сани, Ажистане-и Саадет, Кутбул-Актаб, Шәйхул-Мәшаих, Султан арифин, Хз. Султан Қожа Ахмет Яссауи, Түркістан Пірі, Әулиелер Сәруары, Муршидтер Сұлтаны, Қажы Түркістан, Құл Қажы Ахмет және Қажы Ахмет секілді лақап есімдер берілген. [5, 223 ] Сайрамда имам Мұхаммед бин Алидің ұрпағынан тарағандарға және олардың ағайындарына «хажы» делінгені үшін Ахмед Йасауиды да «Хажы» деп атаған. Ахмет Яшар Ожак бұған байланысты былай дейді: «Яссауи түркілердің исламды қабылдауымен қатар, Орта Азияда бастау алған алғашқы сопылық дәстүрін қалыптастырғаны үшін «Түркістан Пірі» деп, ХV ғасырдың соңғы жағында Йасауимен қатар пайда болған нақышбандилік дәстүрінің де пайда болуына ықпал еткендігі үшін Хажеган тізбегінен саналғанын және осы себептен «Хаже-и Түркистан» деп аталған». [2, 78]
Ахмет Йассауидің «Ақыл кітабындағы» он төртінші, он бесінші, она лтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде ақын «Диуани хикметтің» басты идеясын айтудан ауытқып кетпеген. Қайта ақынның ғұмырнамасы «Даналық кітабының» философиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен. Ахмет Йассауи өз өмірі туралы айта келіп, «не себептен алпыс үште кірдім жерге?» деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына бағышталған барлық хикметтер осы жалғыз сауалға жауап болып табылады. [6, 226]
Әкесінің аты Шейх Ибраһим. Сайрамның белгілі тасаууфшыларынан болып ілімі, кереметі және аңыз әңгімелерімен танымал адам болған. Анасы - Шейх Ибраһимнің харифаларынан Муса Шейхтың қызы Айша Ханым. Анасы қазіргі күнде Қарашаш Ана (Қара Шаш) деген атпен аталады. [2, 19] Диуани Хикметтің Ташкент және Қазан баспаларында атасының есімі Маъмур екендігі жазылған. Соныман қатар Садр(еддин) деген бауыры болғандығын да айтады. [24, 55] Ахмет Иасуидің Ибраһим атты бір ұлы болғанымен де ол өзінен бұрын қайтыс болып кеткен. [4, 76] Йасауидің Гаухар Шахназ және Гаухар Хошназ атты екі қызы дүниеге келеді. Сөйтіп, оның ұрпағы Гаухар Шахназ арқылы тарайды. Мұнымен бірге Түркістан, Мауераннаһр, өзге де Орта Азия өлкелерінде және Анадолуда өздерін Ахмет Йасауидің ұрпағынанбыз деп есептеген көптеген уәли, шейхтар бар[23, 225]
Әкесінің дүниеден озғаннан кейін білім алуды Иасыда бастаған Ахмет Йасауи жас бала болғанына қарамастан алғырлығымен, кереметтер көрсетуімен айналасының назарын аударған. Бұл ретте Арыстан баба есімі Ахмет Яссауидің рухани тәрбие алған кітаптардың ішінде өзіндік орын алған. [21, 23] Бұл есім түрлі риуаяттарда және Йасауиге тән хикметтерде ортақ келуін көруге болады. Мысалы:
Жетіде Арыстан бабқа арнап келдім,
Мұстафа өсиетіне қанбақ болдым.
Сол шақта мың бір зікір сарнап бердім,
Алаңсыз аллаға бет бұрдым міне[1, 68], - деген жолдар бұған дәлел бола алады.
Ахмет Йасауи Арыстан бабтың дүниеден озғаннан кейін біршама уақыттан кейін сол дәуірдің маңызды Ислами орталықтарының бірі болған Бұхараға жол тартады. Хижри ІІІ ғасырдан бері Ислам орталығы болып келе жатқан Бұхара қаласының дін ұлыларын құрмет етуді міндет деп білген алғашқы Мұсылман Түркі Мемлекеті Қарахандықтар мен мен Анадолыны да Исламға кіргізген Селжұқтар үшін ерекше орны бар. Яссауи өмір сүрген ХІІ ғасырда Бұхара қаласы Қарахандықтардың қарамағында болатын. Сонымен қатар, Саманилер дәуірінде саяси басқарушылығынан айрылған бұл қала Мауераннаһрде ең үлкен Ислами ілімдер орталығы мәртебесінде болды. Міне, осындай бір ортаға келген Ахмет Яссауи осы қаладағы сол дәуірдің білгір, мутасаууфтарынан шейх Юсуф әл-Хамаданиды табады. [6, 33]
Ахмет Яссауи Диуани хикметінің 18 хикметін ұстазы әрі Шейхі Арыстан бабқа арнаған. Бұл хикметтер мен өзге де хикметтерде Арыстан бабпен болған байланысын ғана айтып қоймай, сопылық жолда жасалуы керек болған нәрселерді түсіндіреді. Және сол заманда көрген қателіктер мен кемшіліктерді көрсетіп, артынан әр бәйіттің аяғында «Арыстан бабам сөздерін есітіңіз - тәбәрік» деген өлең жолдарымен оның сөздерін қарсысындағы адамға да диалог ретінде жеткізген. Осылайша бәйттерден Ислам мен сопылық ілімдерінің бір бөлігін Арыстан бабтан үйренгені байқалады.
Аз уақытта шейхінің көңілінен шығып, оның жанында кемеліне толған Ахмет Йасауи Юсуф әл-Хамаданиден барынша әсерленеді. Оның іліміне, фазилетіне және тақуалығына бас иіп, өзіне үлгі тұтады.
Хикметтерінен түсінуімізше Юсуф әл-Хамаданиге өзін тапсырғанда Ахмет Йасауи жиырма жеті жаста болатын.
Пірменен жиырма жетіде бір едім мен,
Шығармай әрбір сырын жүрегімнен.
Басына әруақтардың түнедім мен,
Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне. [1, 69]
Йасауи зерттеушісі Әшірбек Мүминов «Йасауидің Менбалары, Меншейі» атты мақаласында Ахмет Йасауидің алғашқы ұстазының Бахаиддин Исфижаби болғандығын айтып былай дейді: «Ахмет Йасауи алған білімді Ханафи фиқһшысы Бахаиддин Исфижабиден алған. Одан кейін Отырарға барады. » [5, 52]
Бұлардың барлығынан Ахмет Йасауидің шейхтарының Арыстан баб, Юсуф Хамаданиден ғана тұрмайтынын, сондай-ақ Диуани Хикметтің түсіндірмелерінен ең кем дегенді бір немесе бірнеше рухани ұстаздарына қызмет еткенін және Қызырдан, түрлі Пайғамбарлардың өмірлерінен сабақ алғанын жазады.
Ахмет Йасауи 24 жасында Юсуф Хамадани мектебінің тыңдаушысы тағы да шәкірті, ол әртүрлі қалалар - мұсылман мәдениеті мен ғылымының дәстүрлі орталықтары бойынша көп саяхаттанып, онымен бірге Меккеге қажылық жасайды (“қажылық” Мұхаммед-пайгамбардың қасиетті қуатына құлшылық ету, өзінің ислам дініне адалдығын білдіру мақсатында Меккеге салт - жоралық сапар дегенді білдіреді “қажылық” - мұсылманның бес басты міндеттерінің бірі) . 34 жасында Ахмет Ясауи белгілі ғалым - (әлім), білгірі калама (алыпсатарлық діни философия) және фиқһ (мұсылман құқығы), суфий, жоғары санатты азамат болды. Ол сондай-ақ, теологиялық білімдерден басқа, жаратылыстану ғылымдары саласында кең таным алады, түрікі, араб және парсы тілдерінен бөлек, Ұлы мұғалім қайтыс болғаннан кейін, біраз уақыт өткен соң, Бухарадағы суфиялық бауырластықты басқарады. Кейін, 35 жасында Юсуф Хамаданиді еске алып, туған өлкелеріне - Түрікістанға, яғни Яссы қаласына оралады. Бұл жерде ол өз мектебін тәлімгер ретінде негіздейді және өмірінің соңына дейін ислам дінінің жақтастары арасында таралуына патронаж жасауды жүзеге асырады, Аллаға, Құдайға деген өз мазасыздық діні ретінде суфизмнің түрік бұтағын бағындырады және дамытады [3, 53 б. ] .
Қожа Ахмет Йасауидің шәкірттері:
1) Mансур Ата. Йасауидің алғашқы шәкірті болған Мансур Ата аңыздарда көп айтылған Арыстан бабтың баласы. Мансур Ата қайтыс болғанда оның орнына баласы Таж Хаже, кейін оның ұлы Зеңгі Ата орынбасар болады.
2) Хорезмдік Саид
3- Сүлеймен Хаким Ата Бақырғани
Азия даласына танымал төрт шәкірті бар. Олар: Ұзын Хасан Ата, Садыр Ата (Садриддин Мұхаммед), Бәдр Ата (Бәдриддин Мұхаммед) және Сайд Ата. [2]
Йасауия силсилесі Зеңгі Атаның шәкірттерінен Сайид Ата мен Садыр Ата арқылы жалғасқан. Садыр Атадан соң Айман баб, Шейх Али, Маудуд Шейх, Кемал Шейх, Хадым Шейх секілді Йасауи дәруіштері силсилені жалғастырған. Соңғы екі шейхтан келген екі бөлек силсиле ХVІ ғасырдың аяғына дейін еңбектерде жазылған. 179 Ахмет Йасауидің бұлардан басқа суфи Мухаммәд Данышпан Зәрнуқи, Баба Мачин, Әмір Али Хаким, Хасан Булгари, Имам Мәрғази, Шейх Осман Мағриби атты шәкірттері де болған. [ 4]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz