Ересек құрттың дене ұзындығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

№1- зертханалық-практикалық сабақ тапсырмалары

Тақырыбы: Қарапайымдылар типі. Саркодалылар класы. Талшықтылар классы.

Микроскоптың құрылысы.

Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі

Кәдімгі амебаның құрылысының және даму кезенімен танысу.

Жасыл эвгленаның құрылысы мен даму кезеңдерімен таныса отырып жұмыс дәптерінде тапсырмаларды орындау.

Саркоммастигофоралар немесе жалған аяқтылар класы- Sercodina

Амебалар отряды - Amoebina

Өкілі:кәдімгі амеба - Amoeba proteus

Қабыршақты амебалар отряды - Testacea

Өкілдері: арцелла - Arcella

диффлюгия - Difflucia

Сабақтың мақсаты: Кәдімгі амебаны және арцелла мен диффлюгияны мысалға ала отырып, саркодиналар класының морфологиясын, жүйесін білу. Жасыл эвглена систематикасымен, дене құрылысымен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, амебаның, жасыл эвглена, арцелланың, диффлюгиясының тұрақты микропрепараттары, микрокестелер және түрлі-түсті кестелер, слайдтар.

Қажетті құрал-жабдықтар : қол лупасы, жасыл эвглена, амеба, арцелла суреттері, жасыл эвгленаның, вольвокстың, трипаносоманың тұрақты препараттары, кестелер, слайдтар.

Жалпы түсінік

Кәдімгі амеба тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Жасушасының көлемі 1-0, 5мм. денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталған, цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті, түйіршіксіз сыртқы эктоплазма және қоңырқай келетін, түйіршікті эндоплазма, цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органоидтар орналасқан.

Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялар арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде (1-сурет) пайда болып, сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сонымен амебаның тұрақты пішіні болмайды.

Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдармен фагацитоз жолымен қоректенеді. Қорек ететін заттарын жалған аяқтармен орап алып денесінің ішіне тартады, содан кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді. Қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез-келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез-келген жерінен сыртқа шығарып отырады.

Цитоплазманың ішінде жиырылған вакуолі айқын көрінеді. Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға, судың артық мөлшеріне толып жиырылып тұрады.

Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді: ядросы митоз жолымен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.

Қабыршақты амебалардың құрылысы кәбімгі амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы олардың денесі бір камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталған. Қабыршақтар органикалық заттан не қоймалжың заттан құралған, бұған майда қиыршық құм тағы басқа бөгде заттар жабысып тұрақты пішінін жасайды.

Пішіні қапшықтәрізді, табақшатәрізді т. б болып келеді. Қабыршақты устье деп аталатын арнайы тесігі болады, осы тесігі арқылы қабыршақ қуысы сыртқы ортамен қарым-қатынас жасайды және қоректі заттарын жинап алады. Жыныссыз жолмен көбейеді. Пайда болған екі клетканың біреуі устье арқылы сыртқа шығып жаңадан қабыршақ түзейді.

1-Сурет. Кәдімгі амеба

1-мембрана; 2-эктоплазма; 3-эндоплазма; 4-ядро; 5-ас қорыту вакуолі; 6-жиырылғыш вакуоль; 7-жалған аяғы (псевдоподиясы)

Қабыршақты амебаларға (2-сурет) арцелла және диффлюгия туыстарының өкілдері жатады. Бұлар тұщы суларда судың түбіндегі шөгінділердің бетіне қоныстанады, батпақтарда, ылғалды мүктерде жиі кездеседі

2-Сурет. Арцелла және диффлюгия.

А-арцелланың үстіңгі жағынан қарағандағы түрі. Б-арцелланың бүйір жағынан қарағандағы түрі. 1-қабыршағы; 2-устья; 3-ядро; 4-жалған аяғы. В-диффлюгия, 1-қабыршақ; 2-устья; 3-жалған аяғы.

Тапсырмалар

1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

2. Кәдімгі амеба суретерін игеріп дене құрылыс ерекшелігімен танысып, суреттерін альбомға салып белгілеу керек.

3. Амеба денесінің сыртқы пішініне қарап, жалған аяқтыларының пайда болуын бақылай отырып, эндоплазмадағы ядроны, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдер тауып алу керек.

4. Тұрақты даяр микропрепараттардан немесе суреттерден арцелла мен диффлюгияның құрылысындағы ерекшеліктерін қарап, тиісті белгілерін көрсетіп суреттерін салу.

5. Жасыл эвгленанын тұрақты даяр микропрепараттардан немесе суреттерден арцелла мен диффлюгияның құрылысындағы ерекшеліктерін қарап, тиісті белгілерін көрсетіп суреттерін салу.

6. Салған суреттерін көрсете отырып, қайталауға арналған сұрақтарға жауап беру.

Жүйесі:

Саркомастигофоралар типі - Sarcomastiqopora

Талшықтылар класы - Mastiqophora

Эвгленалар класы - Euqlenoiden

Өкілі: жасыл эвглена - Euqlena viridis

Фитомонадалар отряды - Phytomonadina

Өкілі: вольвокс - Volvox

Кинетопластидтер отряды - Kinetoplastida

Өкілдері: трипаносома - Trypanosoma

лейшмания - Leischmania

Жалпы түсінік

Жасыл эвглена-денесінің алдыңғы ұшында алға қарай бағытталған бір талшығы бар, денесі ұршық пішінді алдыңғы жағы доғалдау, ал артқы ұшы сүйірі микроскопиялық жәндік (3-сурет) . Эвглена цитоплазмасының сыртқы қабаты тығыз болып, оның денесінің сыртында қабықша (пилликула) пайда болады.

Осындай қабықшасы болғандықтан эвгленаның қозғалғанда дене пішіні көп өзгермейді, тұрақты болады. Эвглена талшығының көмегімен бұранда тәрізді қозғалыс жасайды.

Гетеротрофты тәсілмен қоректенген кезде талшық үздіксіз тез қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т. б) ауыз тесігіне жиналып жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.

3 сурет. Жасыл эвглена: суреттін салып, белгіленіз

Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хромотофорлары болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз қоректену арасында цитоплазма көптеген қор зат ретінде парамил түйіршіктері пайда болады, олар крахмалға жақын көмірсу-парамиласы. Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі-стигма орналасқан, қызыл пигмент-гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да, жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады.

Салыстыру элементтері
Жасыл эвглена
Трипаносома
Опалина
Салыстыру элементтері: Дене пішіні
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Өлшемі
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Қозғалыс органеллаларының болуы
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Ядролардың болуы, олардың саны
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Жарықтың тітіркенуін қабылдау қабілеті
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Суды сіңіру тәсілдері
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Тіршілік ету тәсілі
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Көбею тәсілдері
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:
Салыстыру элементтері: Мекендейтін орны
Жасыл эвглена:
Трипаносома:
Опалина:

Электрондық материалдар

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы

http://kazatu. kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/

2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап Дәуітбаева . . . b-ok. org›book/3285528/fe4d22. download

3.

Электронная библиотека КазНУ Дәуітбаева, Күләш . . . elib. kaznu. kz›book/4372

4

"Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешенbagdar. info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…

5. Омыртқасыздар зоологиясыer. semgu. kz›

6. Дәуітбаева К. Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап . . . twirpx. com›file/2216579/

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Не себептен амеба денесінің тұрақты пішіні болмайды?

2. Амеба цитоплазмасы қандай қабаттарға ажыратылады?

3. Амеба тіршілігі үшін қажетті негізгі органоидты (органелаларды) атаңыздар?

4. Амебаның ас қорытуы, тыныс алуы, зәр шығаруы қалай жүзеге асады?

5. Жиырылғыш вакуоль қандай қызмет атқарады?

6. Амеба қалай көбейеді?

7. Қорғаныш қабықшасы-циста дегеніміз не және оның биологиялық маңызы қандай?

8. Арцелла және диффлюгияның кәдімгі амебадан айырмашылығы неде?

9. Жасыл эвглена денесінің тұрақты пішінін қалай түсіндіруге болады?

10 Жасыл эвглена жасушасында қандай органоидтар бар?

11. Жасыл эвгленаның аутотрофты, гетеротрофты қоректенуін қалай түсіндіруге болады.

12. Жасыл эвглена қалай көбейеді?

Салыстырмалы кестені толтырыңыз

2 Зертханалық-практикалық сабақ жұмысы

Тақырыбы: Қарапайымдылар типі (Protozoa) .

Споралылар классы (Sporozoa) . Инфузориялар классы (Infusoria)

Жұмыстын мақсаты : Безгек плазмодиясы мен қоян кокцидиясының даму кезендерімен танысып, даму кезендерінің суреттерін салып, белгілеу. Инфузорялы-кебісшенің дене құрылыс мен даму кезенімен танысып, суретерін салып, белгілеу.

Тапсырма 1. Микропрепараттарды, Зоология пәні бойынша құрастырылған оқу-құралын, слайдтарды қолданып безгек плазмодиясының, қоян кокцидиясының даму кезендерін игеріп суреттерді салып белгілеңіз.

Безгек плазмодиясының даму циклінің суреті

қоян кокцидиясының даму кезенінің суреті

Тапсырма 2. Микропрепараттарды, Зоология пәні бойынша құрастырылған оқу-құралын, слайдтарды қолданып инфузориялы-кебісшенің дене құрылысы мен даму кезенін игеру.

Керекті құрал-жабдықтар: 1. Безгек плазмодиясының даму кезенің кестесі, биологиялық микроскоп, кедр майы, адам маляриясымен ауырған адам қанының жұғындысы бар микропрепараттар, Зоология атласы, Практикум по Зоологии. Ахметбеков Н. А., Астана, 2014. Стр. -30-35.

2. Микроскоп, қоян кокцидиясының даму кезені салынған кесте, микропрепарат қоян кокцидиінің даму кезенің әр түрлі кезендеріндежасалған, Зоология атласы, Практикум по Зоологии. Ахметбеков Н. А., Астана, 2012. Стр. -35-37.

3. Микроскоп, қол лупасы, жапқыш шынылар, сағат шыны, пипеткалар, фильтр қағаздары, тушь немесе кармин, метиленовой көгі бояуы, мақта, пинцет, пробиркалар биологиялық немесе ішінде инфузориялы-кебісшеөсірілген стакан, микропрепараттар. Атлас по Зоологии, Практикум по Зоологии. Ахметбеков Н. А., - Астана, 2014. С. -37-41.

4. Слайды

Қорытынды сұрақтар:

1. Безгек плазмодиясының негізгіжәне аралық иелерін атаңыз?

2. Қоян кокцидиясының даму кезенің ерекшелігі?

3. Инфузориялы-кебісшенің дене құрылысының ерекшеліктері?

4. Инфузориялы-кебісшенің көбеюі қалай өтеді?

5. Қарапайымды жануарлардың негізгі биолгиялық ерекшелігі?

№3-Зертханалық-практикалық сабақ жұмысы

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Дигенетикалық сорғыш құрттар класы.

Сабақтың мақсаты: Бауыр сорғыштың систематикасымен танысу. Бауыр сорғыштың сыртқы және ішкі құрлысымен даму кезеңімен танысып және суреттерін белгілеу. Жалпақ құрттар типі.

Қажетті құрал-жабдыктар: лупалар. микроскоптар, бауыр сорғыштын макро-микропрепараттары, бауыр сорғыш құрттын даму кезеңдері бар таблицалар.

Жалпы түсінік.

Бауыр сорғыштың денесі бас жағынан конус сияқты кисыңкы келген жапырак тәріздес пішінді болады. Денесінің ұзындығы 20-50мм, ал жалпақтығы 8-13 мм. Денесінің алдыңғы ұшында ауыз сорғышы, ал одан кейінгі құрсақ жағында-құрсақ сорғышы орналасқан.

image2

Осы ауыз сорғышы мен құрсақ сорғышының арасында жыныс тесігі орналасқан. Денесінің соңғы ұшында зәр бөліп шығару тесігі болады. Тері ет-қапшығы кірпікшелі құрттардікіне сәйкес келеді. Негізгі айырмашылығы сорғыштардың денесінің сыртынан кутикуламен емес тегументпен жабылуында. Оның үстіңгі қабатын плазмалык мембрана деп, ал астыңғы қабатын базальдық мембрана деп атайды. Базальдық мембрананың астында сақина салалы, қиғаш және ұзын салалы ет қабаттары болады.

Ас корыту жүйесі. Ас корыту жүйесі денесінің алдыңғы ұшындағы ауыз жабысқақсорғышының ортасында орналаскан ауыздан басталады. Ол жұтқыншаққа, жұтқыншақ өңешке, өңеш ішекке жалғасады. Ішегі тұйық болып бітетін екі ұзын тармақтан тұрады, бұдан көптеген өсінділер шығып, тарамдалған. Аналь тесігі болмайды, корытылмаған ас калдықтары қайтадан ауыз аркылы сыртқа шығарылады.

Эндопаразиттік тіршілік етуімен байланысты қан айналу, тыныс алу жүйелері, сезу мүшелері жойылған.

Нерв жүйесі. Нерв жүйесі жұтқыншақтың екі бүйірінде орналасқан бір жұп ми ганглиясынан тұрады. Одан алға қарай ауыз сорғыштарын нервтендіретін бірнеше нерв сабақшалар артқа қарай әдетте ұш жұп: арқа, бүйір және құрсақ нерв сабактары басқаларынан біршама жақсы жетілген. Арқа, бүйір және құрсақ нерв сабақтары өзара нерв комиссураларымен жалғасып жатады. Тыныс алу және қан айналу системалары болмайды.

Зәр шығару жүйесі. Бауыр сорғыштың зәр шығару мүшесі өте күрделі тармақталған түтікшелерден тұрады. Олар өзара қосыла келіп, денесінің ортасындағы бір ғана каналға жинақталып, денесінің -артқы ұшынан сыртқа ашылады. Терминальдық клеткалар бүкіл денесінде бытырап жатады, яғни бауыр сорғыштың зәр шығару жүйесі- протонефридия,

Жыныс жүйесі. Бауыр сорғышы қос жынысты ІгермзфродиттіІ организмдер. Аталық жыныс жүйесі күшті тармақталған бір жұп тұқым бездерінен тұрады. Одан екі тұқым жолы шығып, ол екеуі бауыр жа- бысқақ сорғышының; жоғарғы жағында қосылып, бір тұқым жолына айналып, ол аздап кеңейіп тұқым қалтасын құрайды. Одан кейін жіңішкерген тұқым шашқыш каналға айналады.

Аналық жыныс жүйесі сыңар жұмыртқа безінен, сары уыздан, Мелис денешігінен және жатыннан тұрады. Жұмыртқа безінде жұмыртқа пайда болып, жұмыртқа жолына келеді. Сары уыз безінде қоректік сары уыз клеткалары қалыптасады, Сары уыз безі бауыр сорғышының бүкіл екі бүйірін, артқы бөлігін алып жатқан көлемді без. Оның екі бүйіріндегі пайда болған сары уыз клеткалары бүйір каналдарына, одан көлденең каналдар арқылы жұмыртқа жолының ұшының жұмыртқа шығатын жеріне келіп құйылады. Осы жерде жұмыртқаның ұрықтану және жұмыртқаның қалыптасу процесі жүреді.

Ұрықтану кезіңде тұқым шашкыш аналык жыныс тесігі арқылы жатынға тұқым клеткаларын жібереді. Ол ары қарай оотипке барған кезде, ол жерге жұмыртка келіп ұрықтанады. Ұрыктанған жұмыртка сары уызбен қоршалып, қабығы пайда болып, жатынға түсіп, жатында Мелис денешігінен бөлінетін сұйык оның жыныс тесігіне қарай жылжуына әсер етеді. Осындай жұмыртқалар өт жолымен ұлтабарға, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішекке барып, калдың затымен сыртка шығып, ары қарай даму үшін суға түсу керек, суға түскен жұмыртқаның қақпағы ашылып, денесі кірпікшелерімен жабылған мирацидий дернәсілі шығады. Мирацидийдің алдыңғы ұшында ми ганглиясы, көзшесі және ерекше безі болады. Ондай безден бөлінген зат мирацидийдің аралық иесінің денесіне енуіне себепші болады. Аралық иесі кіші тоспа су ұлуы. Оның денесіне түскесін мирацидий әдетте бауырына немесе жыныс безіне барып орналасу керек. Орналаскан соң кірпікшелері, көзшелері жойылып, спороцистаға айналады. Спороциста қозғалмайтын, қалта тәрізді стадиясы, оның ішінде ұрық шарлары жетіліп, партеногенетикалық жолмен редиялар пайда болады. Редия денесі сүйір, аузы, жұтқыншағы, қысқа ортаңғы ішегі бар козғала алатын дернәсіл. Ол өз тарапынан тағы да редиялар немесе ерекше дернәсілдер церкарийлер түзіледі. Церкарий денесі жұмыртқа пішінді, ми ганглиясы, екі жабысқақ сорғышы, екі тармақты ортаңғы ішегі, зәр шығару мүшесі, жыныс жүйесінің нұсқасы, денесінің артқы ұшында жүзуіне мүмкіндік беретін құйрығы бар дернәсіл.

Церкарий аралық иесінің организмінен шығып, суға түскесін құйрығы жойылып, циотамен қоршалып адолескарияға айналады. Олар судың бетінде жүзіп жүреді, немесе су өсімдіктеріне бекініп тұрады. Ақырғы иесінің ішіне түсу үшін сумен бірге, немесе шөппен бірге ішіне түсу керек. Осындай жолдармен малдың ішіне түссе, ішекке барғасын қабығы еріп, кішкене сорғыш кұрт шығып, ішек керегесінен қанға өтіп, қан арқылы бауырға барып орналасып, өсіп ересек құртқа айналады.

Тапсырмалар

I. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

2. Лупамен бауыр сорғыш құрттын ылғалды препараттарынан ауыз және құрсақ сорғыштарын және жыныс тесігін табу керек.

3. Бауыр сорғыштын тұрақты микропрепараттарын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, ішкі мүшелерін анықтау

4. Бауыр сорғыштын ішкі құрылыстарының және даму кезеңдерінің суреттерін таблицаларға қарап салып, мүшелерін белгілеңіздер.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар.

1. Бауыр және ланцет тәріздес сорғыштардың паразиттік тіршілікке бейімделген қандай белгілері бар?

2. Сорғыштардың дене пішіні кандай болып келеді?

3. Ас қорыту мүшелері қандай бөліктерден тұрады? Тамақ қалай сіңіріледі?

4. Зәр шығару процестері қалай жүреді?

№4-Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар классы. ЦЕПЕНЬДЕР ОТРЯДЫ.

Сабақтың мақсаты: Таспа құрттардың систематикасымен танысу. Цепеньдердің сыртқы және ішкі құрлысымен даму кезеңімен танысып және суреттерін белгілеу.

Қажетті құрал-жабдыктар: лупалар. микроскоптар, бауыр сорғыштын макро-микропрепараттары, бауыр сорғыш құрттын даму кезеңдері бар таблицалар.

Сурет 1. Сиыр цепенінің даму кезені, Суреті салып белгілеңіз.

Сурет 2. Шошқа цепеніңі даму кезені, Суреті салып белгілеңіз

ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ. ТАСПА КҰРТТАР КЛАСЫ. Лентецтер отряды.

Сабақтың мақсаты: Лентецтер отрядының өкілі кең сақиналы таспа құрттың құрылысымен және даму кезеңімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар : кең сақиналы таспа құрттың суретті, интернет фотолар, микротаблицалар.

Жалпы түсінік.

Кең сақиналы таспа құрт ұзындығы 15м-ге дейін жететін аса қауіпті паразит. Оның басқа таспа құрттардан ерекше тән көптеген белгілері бар:аІ Басқа таспа құрттар тәрізді басында жабысқақ сорғыштары, ілмекшелері жоқ. Кең сақиналы таспа құрт өзі тіршілік ететін организмдердің ащы ішегінің керегесіне басының екі бүйірінде болатын саңылау тәрізді сайшалары-ботрияларымен бекінеді.

image5

Дене сақиналарының ұзындығына қарағанда ені біраз жалпақ болып келеді. Сондықтан оларды кең сакиналы таспа құрттар деп атап кеткен. вІ Ұрықтанған жұмыртқаның дамып дернәсіл қалыптасу процесі баска таспа құрттардағыдай бір иеде өтпей, екі аралық иеде өтеді. гІ Ақырғы, немесе негізгі иесі біреу ғана болмай, бірнешеу болып келеді. Өйткені балықпен қоректенетін организмдердің барлығы дерлік Іадам, мысық, түлкі, карсақ т. б. І кең сақиналы таспа құрттың акырғы иесі бола алады.

Кең сақиналы таспа құрт көбінесе адамның ащы ішегінде кездесетін, денесі көптеген сақиналардан тұратын 14000, одан да көбі, аса кауіпті эндопаразит. Көбінесе адам организміне шала пісіріп, шала қуырып жеген балық етіндегі дернәсілі арқылы немесе шала тұздаған балық етін жеген кезде түседі.

Кең сақиналы таспа құрттың ұрықтанған жұмыртқасы ары қарай даму үшін, акырғы иесінің ішінен шыкққсын суға түсу керек І23- суретІ. Әр түрлі себептермен суға түссе, ондай жұмыртқадан шар тәрізді, сыртында кірпікшелері бар ішінде алты ілмекті онкосферасы бар корацидий дернәсілі шығады.

image6

Ол дамуын жалғастыру үшін 6ірінші аралық иесі ұсақ шаян-циклоптың ішіне түсу керек. Оның ішіне түскесін екінші дернәсілдік сатысы-процеркоидқа айналады. Процеркоидтың дене пішіні ұзынша болып келеді де, денесінің артқы ұшында шар тәрізді-церкомер деп аталатын ілмектері бар өсіндісі болады. Циклоптың дене қуысында біраз болғаннан кейін жыртқыш балықтардың Іекінші аралык иесіІ- шортан, алабұға, нәлім сияқ- ты балыктардың ішіне түсу керек. Олар циклопты жұтып процеркоидты ішіне түсіреді. Балықтың қарнына барғасын церкомерін жоғалтып, балықтың бұлшық етіне, бауырына және басқа мүшелеріне барып, үшінші дернәсілдік сатысына-плероцеркоидқа айналады. Бұл дене мөлшері 6 мм шамасында болатын, айқын бөлінбеген басының екі жағында ботриясы бар, құрт тәрізді дене. Плероцеркоид дамып, ересек организмге айналу үшін акырғы иесінің организміне түсу керек. Сондықтан балық ұсталып, немесе басқа бір себептерден акырғы иесіке қорек болғанша балық организмінде тіршілігін жоймай жүре береді.

Кең сакиналы таспа құрт адам ішінде көбейіп кетсе адамды қан аздыққа шалдыктырады. Көбінесе ауруға шалдыкқыру себебі олардың ішекке бөліп шығаратын улы затының мөлшеріне байланысты болады. Одан сақтану үшін балықты әбден тұздап, жаңа ұсталған балықты дұрыс қуырып, дұрыс пісіріп жеу керек.

Тапсырмалар

1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

СИСТЕМАТИКАСЫ

Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes

Тaспа құрттар класы - Cestoda.

Ленцтер отряды - Pscadophyllidea

Өкілі: кең сақиналы таспа құрт - Diphyllobotrium latum

2. Кең сақиналы таспа құрттың ылғалды -препаратын лупамен қарап, ботриясын және сақиналарының пішініне назар аудару.

3. Кең сақиналы таспа құрттың бас бөлімінің және даму кезеңдерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін кою.

4. Кең сақиналы таспа құрттың даму кезеңінің сызба нұсқасын альбомға жазу.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

6. Тапсырма

Кестені толтырыңыз: "Жалпақ құрттардың салыстырмалы сипаттамасы" .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таспа құрттар класының негізгі өкілдері
Жұмыр құрттар типі
Нағыз жұмыр құрттар класы (Nematoda)
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар
Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр
Таспа құрттар
Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
НАҒЫЗ Ж¥МЫР Қ¥РТТАР немесе НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz