Семей таңы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Темірбек Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицейі

Реферат

EkDH8rlX0AEggfm.jpg

Тақырыбы:Семей полигоны:ядролық қарудың пайдасы мен зияны

Орындаған:Бақытұлы Бақдәулет

Қабылдаған:Бекетай Н. С

Сыныбы: 11-А

2022-2023 оқу жылы

Мазмұны

-Кіріспе

-Негізгі бөлім

2. 1. Семей полигоны жайлы ақпараттар, құрылуы

2. 2. Халықтың қарсы қозғалысы

2. 3. Экономикалық ахуалы, кері әсері

2. 4. Президенттің жарлыққа қол қоюы

-Қорытынды

-Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы сипаттамасы

Тақырыптың өзектілігі. 1949-1989 жылдардағы Қазақстанда болған оқиғалармен танысу. Жарлықтың елге тиген пайдасына баға беру.

Тақырыптың мақсаты. Семей полигоны және оның зардаптарын зерттеу, соның ішінде Семей полигоны әсерінен балалардың денсаулығы едәуір төмен, анемия ауруы, әлсіз балалардың тууы, Туа бітке анемия және мезгілінен ерте қартаю. Сонымен қатар Семей өңірінде лейкоз-қан рагы, лимфоцит-ақ қан ауруымен ауратындар саны көбейген тереңнен зерттеліп жазылған.

Тақырыптың міндеттері.

1. Семей полигон зардаптарын зерттеу.

2. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері тарихнамасын анықтау.

3. Жарылыстың негізгі күші туралы сипаттама беру.

4. Тақырыптың маңыздылығын тарихи сипатын терең түсіне біліп, толық ашу үшін материалдар мен ақпараттар жинастыру және қорытынды жасау .

Тақырыптың жаңашылдығы. Бұрын білмеген ақпараттарды одан әрі тереңінен түсіну

Тақырыптың дереккөздері. 1949-1989 жылдар аралығындағы ақпараттарға шолу

1. Сұлтан Қартоев -"Невада - Семей" қозғалысының вице-президенті

2. Семей полигонындағы ядролық сынақтар мен оның салдары туралы швед суретшісі Туве Крабоның көрмесі. Алматы, 25 мамыр 2017 жыл.

3. Юрий Стрильчук -Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік және экология институты ақпараттық-оқу орталығының жетекшісі

4. Фотограф Такаши Моризуми адамдардың қайғы-қасіреті мен мұңын тек объектив арқылы бейнелеуге дәрмені болғанын жазады

5. Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды: 1960-1970 жылдары .

6. 1960-1970 жылдары катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген академик: Д. В. Сокольский .

7. Республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен академик: У. М. Ахметсафин .

8. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен академик: М. А. Айтхожин .

9. Өсімдік клеткаларындағы информосомаларды тапқан, Лениндік сыйлықпен марапатталған генетика мен микробиология саласының ғалымы: М. А. Айтхожин .

10. 1960-1980 жылдары есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалымдар : Е. Букетов, Ә. Марғұлан .

11. Топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасау бағытында зерттеулер жүргізген Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімінің басшысы: А. И. Бараев .

12. «Әскерилердің Балапан, Телкем, Ақтанберлі, Сарыөзен, Байкал, «Тәжірибе алаңы» атаған жазықта, кейіннен Дегелең тауы мен Балапан бұйратының қойны-қонышын ұңғып, жер астына да бойлап ядролық жарылыстар жасағаны - қазірде жария шындық», - деп жазады «Семей қасіреті» кітабының авторы, жазушы Медеу Сәрсеке .

Тақырыптың зерттелу тарихы. 1989 жылдан кейін зерттеу.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты - республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

Ораз Қауғабай жазушы, Невада-Семей антиядролық қозғалысының ардагері Н. Ә. Назарбаев қабылдаған шешімді Егемен газетіне басып жазды. 2012ж. 9 қарашада.

Н. Ә. Назарбаевтың Бейбітшілік кіндігі-2001ж атты кітабының -Ядролық қарусыз болашаққа бірінші бөлімінде жазылған.

Егемен Қазақстан баспасында өзекті мәселе болып қаралған

Негізгі бөлім

2. 1. Семей полигоны жайлы ақпараттар

1615972592410.jpg

Семей ядролық полигоны , Семей сынақ алаңы-КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әртүрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде-90, жер үстінде-26, жер астында-26.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астында жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы километр «тәжірибе алаңын» дайындады. Алаңның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның төбесіне қуаты 20 килотонн ядролық заряд орнатылды. Айнала темірбетон қорғаныштар, бронды мұнаралар мен доттар бой көтерді. Орталықтан әр түрлі қашықтықта әскери техника, артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар орналастырылды. Салынған пана-жайлардың көпшілігіне тәжірибе жасалатын хайуанаттар - қойлар, шошқалар, иттер, атжалмандар кіргізілді. Одан сәл қашықтау тұтас бір қалашық - үш қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, жер асты жолы, теміржол және автомобиль көпірлері салынып, оларда жанар май құйылған вагондар мен цистерналар тұрды. Алаңға әскери форма кигізілген адам кейпіндегі заттар, азық-түлік салынған жәшіктер қойылды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің, қуатын зерттеу үшін дайындалды.

1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6. 30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды.

Семей ядролық полигоны нда 1961-1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық бомба сыналды, 1963-1988 жылдары жыл сайын 14-18 сынақ өткізіліп, Жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды. Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр-ге жеткен. Семей ядролық полигоны нда ауада және Жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2, 5 мың есе асып түсті.

Сынақ аймағын радияциялық тексеруден өткізгенде, ондағы радиоактивтік заттардың (цезий-137, стронций-90, плутоний-239; 240, кобальт-60) мөлшері қалыпты мөлшерден бірнеше есе жоғары екені анықталды. Зиянды радиоактивтік заттар топырақты, суды, егістік жерлерді және мал жайылымдарын ластады.

Семей аймағының халқы сәулеге ұшырау мөлшеріне қарай 3 категорияға бөлінеді:

1-категорияға - жарылыс эпицентрінен 100-150 км қашықтықта орналасқан Абай, Бесқарағай және бұрынғы Абыралы, Жаңасемей, Шұбартау ауданы мен Семей қаласы жатады;

2-категорияға - 150-300 км жерде орналасқан Жарма, Аягөз, Бородулиха және бұрынғы Шар, Жаңашүлбі аудандары кіреді;

3-категория эпицентрден 300 км-ден әрі орналасқан Үржар, Көкпекті және бұрынғы Таскескен, Ақсуат, Мақаншы аудандарының тұрғындарын қамтиды.

Бұл қала бірде бір географиялық картада көрсетілмеген. Курчатов - Павлодар облысының Май ауданындағы қала. Ресми түрде Шығыс Қазақстан облысының құрамына кіреді. Семей қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км. жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан. Іргесі 1947 жылы әскери горнизон ретінде қаланды. Аса құпия жер болғандықтан оның аты жиі өзгеретін. Москва-400, Семей -21, Ақырғы нүкте, ал 1974 жылы қалалық статус алып, Курчатов болып аталды. Мұнда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Бас дирекциясы орналасқан.

Мұнда зерттеу және эксперимент жасау жұмыстары үшін барлық жағдай жасалды, ал тұрғындар үшін «коммунистік пейіш» орнады. «Курчатов қаласында И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров, Я. Зельдович сияқты кеңестің көрнекті физиктері уақытша тұрып, жұмыс істеді.

2. 2. Халықтың қарсы қозғалысы

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған - белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов . Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу - мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні - 1991 жылдың 28 тамызы . Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. a7dffde82cf1d18aa9f7d361d327b9f7.jpg

«Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, менің 20 ақпанда полигон жабылсын деген Орталыққа жігерген хатымның талабымен Семейге В. Бугатов бастаған үкімет комиссиясы келген күні болған еді. Сол күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. О. Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті деуге болады», -деп Бозтаев К. Семей полигоны. «Қайнар қасіреті» кітабында баяндалады.

"28 ақпан күні теледидардан Олжас Омарұлының сөйлеген сөзін естідім, кейін ол кісі Алматыда халық алдында үлкен митингі ұйымдастырды. Сонау Алматыда тұратын кісілер ядролық қаруға қарсы шу шығарып, сынақты тоқтатуды талап етіп жатқанда, полигонның нағыз эпицентрі Қарауылда біздің үнсіз жүргеніміз менің намысыма тиді. Сондықтан халыққа қасірет төндірген ядролық сынақты тоқтатуға титтей де болсын үлесімді қосу үшін, қозғалыстың құрамына кіруге тура келді", - дейді куәгерлердің бірі Болат Серікбаев.

2. 3. Экономикалық ахуалы, кері әсері

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдарды, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп.

slide-14.jpg

2. 4. Президенттің жарлыққа қол қоюы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қолына жарлық нұсқасы тиісімен, жиналыс үзілісінде, тіпті өз кабинетіне бармастан, Жоғарғы кеңесте отырып, телефон арқылы Одақ басшысы Михаил Горбачевпен тікелей сөйлеседі. Елбасы саясаткерлігінің мықтылығы осында, Одақ үшін төрт тағанының бірі болып тұрған ядролық қару шығаратын полигонды жабу жөнінде шешім шығаруға көндіріп, келісімін алған. Сол сәтте-ақ Жарлыққа қол қойып, осынау сүйінші хабарды шеруге жиналған халыққа жеткізуге тапсырма беріпті. Қараңыз, әшейінде заңдық құжаттарға бірнеше ай бойы қол қойылып, мөр басылмай тұрып алатын болса, Семей полигонын жабудың құжаттық жұмыстары бір-ақ күнде жүзеге асқан болатын. Сонымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 29 тамызындағы №409 Жарлығымен Семей ядролық полигоны мәңгілікке жабылды. Жарлықтың шығуы елде орнығып келе жатқан демократияның жеңісі болатын. Халықтың жеңісі еді. Ал халық мұндай шешімнің шыққанына Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Одақтың соңғы басшысы Михаил Горбачевтің еңбегін есте сақтағаны дұрыс. Ал оны еске сақтау үшін біздің мүсіншілеріміз қос президенттің телефонмен сөйлесіп отырған сәтін полигон тақырыбымен байланыстырып, тас мүсінге түсіріп, елорданың төріне қойса жарасар еді, -деп Полигонның жабылуының басы-қасында болған, сол уақытта Президент пен министрлер кабинеті аппараттарының Экология және табиғатты пайдалану бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған, бүгінгі экономика ғылымдарының докторы, профессор Атамұрат Шәменов еске алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аймақтық басылымдар
Семей таңы газетінің тарихы
Қазақтың ұлдары
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы
Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
Қазақстанның ядроға қарсы бастамасы
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz