Критерийлік бағалау жүйесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті

Мектепке дейінгі және бастауышты білім беру кафедрасы

«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні бойынша

БӨЖ

Тақырыбы: Критерийлік бағалаудың ұстанымдары Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Түркістан-2023

ЖОСПАР:

I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде

2 Критерийлік бағалау жүйесі

3 Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəні базалық пәннің таңдау компонентіне жатады. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нəрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, əрі қарай қалай даму керектігін түсінетіндігі, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланатындығы. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін жəне не істей алатындығын анықтау қажеттігі.

Білім беруді сапаландыру мен білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалау маңызды орын алатындығы. Қазіргі кезеңде білім алушылардың білім деңгейін сапаландырумен қатар, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктерін, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауға қабілеттілігін, өзіндік білімін көтеру мақсаттары нақты қойылғандығы. Критериалды бағалау алдын ала белгілі критерийлерге сəйкес, оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сəйкес күтілетін нəтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау екендігі. Критериалды бағалау мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай келетіндігі. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде іске асырылатын процесс екендігі.

Критериалды бағалау интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерінің барлығында тиімді. Топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нəтижелігіне, оқушылардың өзара бағалау арқылы пікірлерін ортаға салып, ойларын еркін жеткізуіне жетелейтіндігі.

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нəрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылыоқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, əрі қарай қалай даму керектігін түсінетіндігі, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланатындығы. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін жəне не істей алатындығын анықтау қажеттігі.

1 Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде

Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.

Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды.

Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді. Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қол жеткізуге болады.

Онымен қоса, осы процесс аясындағы әр әрекет мақсатты бағытталған, яғни белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және соған жетуге жетелейтін болуы керек.

Білім беруге қойылған талаптардың қарапайымдылығына қарамастан, оларды толықтай жүзеге асыру қиындығы жоғары объективті және субъективті себептерге келіп тіреледі. Сол арада, бірыңғай оқыту-тәрбиелеу кеңістігіндегі нақты оқу орнының аясында, білім алушы тұлға нысанда болған жағдайда қалыптастыру міндеті өте өзекті болып табылады.

Өкінішке орай, оларды шешудің отандық педагогикадағы дәстүрлі жолдары әрдайым жүзеге аса бермейді. Себебі ол қазақстандық тарихи процестерден бастау алатын жаһандық сипаттағы (ақпараттық өркениетке ауысу баспалдағы), жеке көзқарастағы маңызды өзгерістерге байланысты.

Критериалды бағалау:

- оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;

- оқушы бойындағы үрейленуді басады;

- мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.

Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.

Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды.

Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау - өлшем байланысын орнататын механизм.

Критерий - оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әр түрлі іс-әрекетінің тізбегі.

2 Критерийлік бағалау жүйесі

Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігін анықтайтын жүйе.

Критериалды бағалау алдын-ала белгілі критерийлерге сәйкес оқушының оқу жетістіктерін бағалауды қамтамасыз етеді, оқушының алға ілгерілеуі туралы сенімді және айқын пікір негізінде мұғалім үшін жақсы тәжірибе қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерініңбарлығында тиімді. Топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нəтижелігіне, оқушылардың өзара бағалау арқылы пікірлерін ортаға салып, ойларын еркін .

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нəрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, əрі қарай қалай даму керектігін түсінетіндігі, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланатындығы. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін жəне не істей алатындығын анықтау қажеттігі.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі - алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.

Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар.

Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі ретінде В. П. Беспальконың критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы шыққан. Оның критериалды бағалау теориясындағы негізгі ережелер дәстүрлі білім беру процесінде оқу шарттарының параметрлері әрдайым тіркелген (барлығына бірдей оқу уақыты, ақпаратты беру амалы және т. б. ), ал тіркелмеген болып оқу нәтижелері қалуда жүргені негіз ретінде алынған. Американдық психологтар Дж. Керолл және Б. Блумның тұрақты, тіркелген параметр ретінде дәл осы оқу нәтижелерін бөліп көрсету қажеттігі туралы әзірленген ержелерін негізге алып, В. П. Беспалько бағалау жүйесіне көзқарастарды өзгертуге тырысқан. Бұл жағдайда, американдық психологтардың теориясына сәйкес, оқудың басқа шарттары білім алушылардың барлығымен берілген нәтиже-критерийге жетуі үшін өзгеріп отырады. Осындай көзқарастың негізінде критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы әзірленген, оны сонымен қатар толық меңгеру технологиясы деп те атайды, себебі оның бастама беретін сәті ретінде барлық білім алушылардың қажетті оқу материалын меңгеруге қабілетті болатыны алынған. Барлық мектептегі пәндер бойынша ұсынылатын стандарттар меңгерудің анық критерийлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясының тиімділігі тапсырмалар түрлерін, бақылау нұсқаларын, білім алушыға көрсетілетін түрлі көмектердің қолданылуы әр оқушыға оларды меңгермей жеке тұлғаның толыққанды оқуы мен дамуы мүмкін болмайтын білімділік критерийлердің белгіленген деңгейіне жетуге мүмкіндік беретінінде.

3 Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:

1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары) .

2. Тексеру жұмыстары әзірленеді - тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.

3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.

5. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.

Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.

Критериалды бағалау - шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.

Критерий мен бағалауда:

-оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;

-оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;

-мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.

Осылайша, критериймен бағалау өз құрамында оқушылардың және мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алыпж үреді.

Критериймен бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын ережелердің бірқатарын қарастырады:

1. Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының ғана бағалануын.

2. Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстарымен тікелей салыстырумен емес, эталонмен (үздік орындалған жұмыстың үлгісімен) салыстырылуын.

3. Нақты тапсырмалардың түрлі формаларының қолданысын және мұратты орындалған тапсырмалардың нақты және анық сипаттамаларының болуын.

4. Эталонның оқушыларғ аалдын-ала белгілі болуын.

5. Оқушы өз бетінше өзінің жеткен деңгейін және өз бағасын анықтай алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмінің әзірленуін. Өз бетінше бағалау, сонымен қатар, оқушылардың өз жұмысына рефлексиясын да қарастырады. Рефлексия білім алушы жеке тұлғасының дамуындағы міндетті шарт, оның оқушы ретінде дамуының қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

6. Оқушылардың өз бетінше бағалауға өтуге бет алып, бағалау үдрісіне қосылуын.

7. Бағалауға тек оқытып - үйретіп отырғанды ғана салуға болады, сондықтан бағалау критерийлері - бұл оқу мақсаттарының нақты мән табуы.

8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың нақты осы пән бойынша жетістіктерін бағалауда критерий болыптабылып, оқушының еке жұмыстарымен айқындалған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, критериалды бағалау білім алушының оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдасып әзірленген, оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруға негізделген, білім беру мақсаттары мен мазмұнынасәйкес келетін, Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде дәріптеледі.

Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға екі басым көзқарас белгіленді. Критериалды көзқарасқа бірінші көзқарас оқу үрдісінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының ара - қатынасына негізделген. Осылайша, жағдай түрлерінің әрбіреуінің ішінде оқушы «1»-ден бастап «5»-ке дейінгі бағаларды алуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырмалардың күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен біруақытта бұл көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны кезеңінде шектеледі, «білімнің өмірге шығуы» жүйелігін қамтамасыз етпейді, бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.

Критериалды бағалауға екінші көзқарас білімді өңдеу - ұғынуды-қолданысты - жүйелендіру мен жинақтау деңгейлеріне және оларға сәйкес бағалау шкаласына негізделген. Ең алдымен білім алушылардың икемдерін қадағалайтын осындай бағалауды ңнәтижелері олардың функционалдық сауаттылығына қол жеткізу қырынан толықтыруды талап етеді. Нақты көзқарас білімдегі күтілетін нәтижелерге жетудегі және оларды бағалаудағы қажеттіліктерді толық қамтымайды.

Критериалды бағалау білім алушылардың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкестікте іске асырылады.

Критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеушілік аясын, оқудағы дербестігін және ақпарат ағынында бағдарлануын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.

Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:

1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары) .

2. Тексеру жұмыстары әзірленеді - тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.

3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.

5. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.

Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.

Критериалдыбағалау - шеңберінде бағалаудың және өзбетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.

Критериалды бағалау - бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.

Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру

Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Блум таксономиясы және бағалау критерийлері
Сабақты оқыту үрдісінде ақпараттық құзыреттілікті арттыру жолдарын көрсету
Критериалды бағалау қағидалары
Музыкант маманның шығармашылық даму негіздері
Критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері
Критериалды бағалаудың құрылымы
Соңғы жылдардағы білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz