Биогеоценотикалық жүйелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Апта №
Дәріс атауы және тезистері
1
Тақырыбы: Биогеоценоз туралы түсінік және оның мәні, тарихы, типтері
1. Биогеоценоз туралы түсінік, академик Сукачевтің анықтамасы
2. Биогеоценотикалық жүйелер. Құрылымындағы негізгі аспектілер
3. Биогеоценоздардың көлбеу және тік құрамының біркелкі еместігі Парцуелла, Ярус, биогоризонттар туралы түсініктер

Биогеоценоз- биогеосфераның ең кіші бөлшегі
Биогеосфераның ең майда және ішкі біркелкі бөлігі ол биогеоценоз. Өткенде айтылған бұл түсінікті ғылымға енгізген академик В.Н. Сукачев (1940).
Академик Сукачев (1964) биогеоценозға мынандай анықтама берді: Планета бетіндегі атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер әлемі, топырақ, және гидрологиялық жағдай сияқты біркелкі табиғи құбылыстардың жиынтығы; Құрамындағы компоненттер арасында ерекше өзара әрекеттестігі бар, өзара және табиғаттың басқада құбылыстарымен зат және энергия алмасуы бар, ішкі қарама-қайшылықтағы біркелкі, тұрақты қозғалыста, дамуда болатын жиынтық. Академик В.Н. Сукачев анықтамасында ерекше көңіл аударатын нәрселер мыналар:
Биогеоценоз планетаның белгілі бір жерімен байланысты. Сондықтан ол биохоралогиялық категорияға жатады.
Биогеоценоздың құрам бөліктері болып оның 1) тірі компоненттер өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер және 2) өлі-атмосфера, тау жыныстары, топырақ компоненттері саналады.
Биогеоценоздар компоненттерінің байланыстылығы олардың бір-бірімен және қоршаған ортамен зат және энергия алмасуына негізделген.
Биогеоценоз ішкі қарама-қайшылықтағы және динамикалық биокосты бірлік.
Биогеоценоз құрамына рельф, жердің тартылысы, уақыт кірмейді, өйткені олар материалдық денелер емес, биогеоценозға затта, энергияда әкелмейді, сондықтан биогеоценотикалық метоболизмге қатыспайды, Бірақ олар биогеоценоздарға әртүрлі күшті тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, Рельеф зат алмасу процестерінің бағытына қарқындылығына және биогеоценоздардың кеңістіктегі орналасуына әсер етеді. Жоғарыда аталғандар биогеоценоз компоненттері емес олар тек факторлары. Биогеоценоздар факторларына Сукачев адамдар қызметінде жатқызады. Ол биогеоценоздар компоненттерін пайдалануға байланысты. Биогеоценоз структурасы және қызметіне байланысты табиғаты әртүрлі тірі және өлі компонеттерден тұрады. Дегенмен биогеоценоз олардың тек механикалық қосындысы емес, ол өте күрделі биокостық жүйе. Ол жүйе ерекше заңдылықтарға байланысты дамиды.Биогеоценоздардың кеңістіктегі шекарасы фитоценоздар шекарасымен анықталады. Биогеоценозң терминімен қатар әдебиетте негізінен шетелдер әдебиеттерінде Экосистемаң деген термин жиі қолданылады деп өткенде айтылды. Ол терминің яғни Экосистема терминінің авторы ағылшын ғалымы Тенсли. Тенслидің және оны қолдайтын басқада авторлардың көзқарастары бойынша Экосистема деген түсініктің белгілі бір шекарасы жоқ ол кез-келген мөлшерге қатысты пайдаланыла береді. Мысалы тоған су (пруд) тамшысы, тышқан іні, өсімдіктер және балықтары бар аквариум немесе бүкіл мұхит және планетаның бүкіл беті Экосистема деп аталады. Ал биогеоценоз белгілі бір шекарасы бар жүйе. Биогеоценоз оның құрылымына енетін өсімдіктер компоненті фитоценоздың шекарасымен шектеледі. Жеке ағаш немесе бүкіл теңіз биогеоценоз бола алады. Биогеоценоз кез-келген қызмет жасаушы физикалық жүйе сияқты белгілі дәрежедегі құрылымы бар жүйе. Биогеоценоз құрылымы ондағы тірі және өлі компоненттердің дұрыс орналасуымен сипатталады. Соның нәтижесінде биогеоценоз өзінің басты қызметі-компоненттері арасындағы және биогеоценоз бен қоршаған орта арасындағы материалдық-энергиялық алмасулар іске асады. Биогеоценотикалық жүйелер құрылысында үш аспектіні ажыратуға болады:
Структуралы-физикалық тірі және өлі топтардың кеңістіктегі орналасуымен сипатталады.
Қызметтік олардың қарым-қатынасын және жұмысын көрсетеді.
Уақытқа байланысты олардың динамикасын бірігуін және жұмысын көрсетеді.
Бұл көрсетілген аспектілер бір-бірімен тығыз байланысты және биогеоценотикалық жүйелерде бір құбылыстың әртүрлі жағы болып көрінеді. Биогеоценоздар структурасы ең күрделі түрінде құрғақшылықта көрінеді. Әсіресе құрғақшылықта, ормандарда, шалғындықтарда, далаларда, тундрада құрамында барлық тірі және өлі компоненттер болатын биогеоценоздар дамиды. Судағы биогеоценоздар структурасы қарапайым болады. Өйткені терең сулардағы жүйелерде атмосфера және топырақ жоқ, сондықтан биоталар қарым-қатынасы тек су арқылы ғана іске асады. Су жағасында биогеоценоздардың құрамында суда қалқып жүретін өсімдіктер болады. Олардың структурасы судағыларға қарағанда күрделірек. Олардың құрамында атмосфера болады, бірақта топырақ әлі жоқ. Биогеоценоздардың физикалық структурасын ашық көрсету үшін биогеоценоздар компоненттерінің кеңістіктегі орналасу заңдылықтарын анықтау қажет. Ол биогеоценоздар жүйесінде заттардың және энергияның ағынын бағалау үшін және биогеоценоздар компоненттерінің бүкіл жүйедегі материалдық энерггетикалық метоболизмдегі ролін анықтау үшін өте қажет. Әрине ешқандай биогеоценоз өзінің құрамы және бірігуі жағынан біркелкі болмайды. Биогеоценоз құрамына енетін мүшелері көлбеу және тік орналасады. Биогеоценоздардың көлбеу біркелкі еместігі өз кезегінде басқада компоненттердің құрамы структурасы және қасиеттерінің әртүрлілігі алып келеді. Мысалы атмосфераның, топырақтың, жануарлардың, микроорганизмдердің және олардың араларындағы материалдық-энергетикалық айырбастау әртүрлігіне болады. Биогеоценоздардың осындай бір-бірімен байланысты мозайкалылығын (теңбілділігін) бейнелеу үшін биогеоценотикалық парцелла деген түсінік енгізілді. Биогеоценотикалық парцелла деп - бір-бірінен құрамымен, өздерінің компоненттерінің қасиеттерімен олардың арасындағы байланыстары және материалдық-энергетикалық айырбастарымен ерекшеленген биогеоценоздардың горизанталь структуралық бөлігін айтады. Биогеоценоз сияқты парцелла да комплекстік ұғым, оның құрамында зат және энергия алмасу процестеріне қатысушылар құқығында өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, топырақ және жер бетіндегі өсімдіктер биіктігіне дейінгі атмосфера қабаты кіреді. Кеңістікте парцеллалар биогеоценоздың бүкіл тік қалыңдығында бір-бірінен ерекшеленген. Биогеоценоздардың құрылымында және алмасу процестерінде жеке парцелалардың ролі бірдей емес. Олардың кейбіреулері негізгі болып есептеледі. Олар биогеоценоздың сыртқы көрінісін. құрамын және материалдық-энергетикалық алмасу бағыттарын анықтайды. Парцеллалардың екіншілері- биогеоценозда аз орын алады, сондықтан биогеоценоз метоболизмінде атқаратын ролі шамалы болады. Ормандарда тіпті жеке ағаштар егер олар өздерінің жер бетіндегі структурасы және атмосферамен, топырақпен, фаунамен алмасудағы байланысы жағынан қоршаған ортадан ерекшеленіп тұрса парцелла қалыптастыра алады. Биогеоценотикалық жүйелердің вертикальдық біркелкі еместігін әртүрлі биогеоценотикалық горизаттардың қабаттарының болатындығын көрсетеді. Биогоризонттар дегеніміз ярустың ценоэкосистемдағы функциональдық бөлшегі. Қалқа немесе оның бөлшегі жеке биогоризонт бола алады. Мысалы, бидайдың шабындығындағы жоғарғы, фотосинтетикалық қызметі жағынан ең белсенді қалқан жапырақтар қабаты. Топырақтың кейбір генетикалық, мысалы қара шірінді гумус қабатын биогоризонтқа жатқызуға болады.
Фитоценоздардың жер үстіндегі және жер астындағы бөлшектеріндегі ярустардың саны оның құрамына кіретін қабаттардың санымен анықталады. Бірақ әртүрлі қабаттардағы ярустардың кей жағдайларында дәл шектеліп ажыратылмайтындығын естен шығармаған жөн. Мысалы, ормандарда жарық сүйгіш және жарықты онша қажет етпейтін ағаштардың ярустары бір-біріне тұтасып кетуі мүмкін. Кей жағдайда әртүрлі экобиоморфаға жататын өсімдіктердің ярустары бір-біріне дәл келіп үйлесіп кетеді. Мысалы, Шығыс Қазақстанның бұталы далаларында бұталармен ерекше Caragana punіla аласа қарағай астық тұқымдастарының биіктіктері бірдей. Бірақ олардың жер астындағы мүшелірінің ярустары бір-біріне сәйкес келмейді. Біздің еліміздегі ТМД өсімдіктерді алатын болсақ оларды мынадай Быков, 1978 ярустарға бөлуге болады:
биіктігі жағынан бірінші ағаштар 15-20м және одан да биік;
биіктігі жағынан екінші орын алатын ағаштар 6-15м;
аласа ағаштар 6м дейін, жартылай ағаштар және бұталар;
биік шөптер немесе биіктігі орташа бұталар;
биіктігі орташа немесе аласа бұталар;
аласа шөптер, бұташалар немесе жартылай бұташалар;
7. жердің бетінде орналасқан ерекше өсімдіктер - мүктер және қыналар.
Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігін негізгі үш ярусқа бөледі: Бейдеман, 1949
омбрфиттер - жаңбыр суын және конденсацияланған ылғалды пайдаланатын өсімдіктер;
гидрофиттер - тамырлары, тамырсабақтары және түйнектері жер бетіне жақын орналасқан артық ылғалды жағдайда өсетін өсімдіктер;
итрихофиттер - тамырлары мен тамырсабақтары орташа тереңдікте орналасқан топырақ капиллярларындағы суды пайдаланатын өсімдіктер;
фреатофиттер - тамырлары мен тамырсабақтары топырақтың терең қабатындағы ерітінділерді пайдаланатын өсімдіктер.
Академик И.О. Байтулин 1984,1987 Іле Алатауының белдеулеріндегіальпі, субальпі, орман, бұталы-алуаншөптер және жазықтықтағы шөлдердегі құмды, тасты, сортаңдау, кебірлі өсімдіктер қауымдарының жер асты бөліктерінің ярустылығына толық сипаттама бере келіп, эдафикалық ортаның қабаттарын пайдалану фитоценоз компоненттерінің тамыр жүйелерінің топыраққа әртүрлі дәрежеде тереңдеп дифференциялануына байланысты екендігін көрсетті.
Агроценоздар құрылысында мынандай ярустарды Коморов, 1939 ажыратуға болады:
1. мәдени өсімдіктерден биік арамшөптер;
мәдени өсімдіктер және онымен биіктігі бірдей арамшөптер;
мәдени өсімдіктердің биіктігінің жартысынан төмен арамшөптер;
аласа және жер бетінде төселіп жататын арамшөптер.
Жоғарыда айтылған ярустың өзі қалқаларға бөлінеді. Бір яруста бірнеше 2-3 қалқалар болуы мүмкін, сонымен бірге олардың саны жылдың маусымына мерзіміне байланысты өзгеріп тұрады. Мысалы, бидайық шабындығында көктемде біз бидайық жапырақтарынан тұратын бір ғана қалқаны көре аламыз, ал жазда ол қалқадан жоғары оның сабақтарымен гүл шоқтарынан тұратын екінші қалқа дамиды. Ағаш өсімдігі ярусында олардың бөрік бастарының кроналарының орналасуына байланысты 2-3 қалқаны ажыратуға болады. Ярусты бұлай бөлу әртүрлі тіршілікті және энергетикалық функцияларға оның ішінде фотосинтезбен биомасса қорларының бөлінуіне сәйкес келеді. Осы көзқараспен қарағанда жер үстіндегі жер астындағы ярустарды және олардың қалқаларын бигоризонттарға бөлуге болады. Ярустылықты зерттегенде әртүрлі әдістер қолданады. Фитоценоздың вертикаль жазықтығы көрінісін суретке түсіріп немесе суретін салып алуды бисекте деп атайды. Бұл фитоценоздардың қабаттарының структурасын белгілеп алудың ең қарапайым әдісі.

2
Тақырыбы: Биогеоценоз - биосфераның құрылымдық бірлігі
Биосфера дегеніміз жер шарының беткі қабықшасы. Ол қабықшада өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар және адамдар тipшілігi жинақталған. Биосфера деген түсінікті алғаш рет биологияға француз натуралисі Ж. Б. Ламарк Парижде XIX ғасырдың басында енгізген. Содан кейін ол түсінікті XIX ғасырдың соңында аустриялық ғалым Э. Зюсс қолданды. Биосфераның иерархиялық құрылымы (Т.Т. Форман бойынша) 2-суретте берілген. Мұнда биосфераның аумақтық тармақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері көрсетілген (ғаламдық деңгейден локальді деңгейге дейінгі иерархиялық сипаттағы құрылымдар).
Биосфераны тіршілік әлемі туралы ілім ретінде академик В. И. Вернадский қалыптастырған. Ол биосфера деп Жер ғаламшарының қабықшасын атады. Ол қабықшаның қалыптасуында тipi ағзалар нeгізгi рөлді атқарды және атқаруда. В. И. Вернадский бұл қабықшада үш нeгізгi компоненттерін бөліп көрсетті:
Tipi ағзалар (олардың жиынтығы, тipi заттар);
Tipi заттар биогенді айналысқа eндірген минералды заттар;
Tipi заттар қызметі нәтижесінде пайда болған өнімдер, уақытша биогенді айналымға қатыспайды.
В. И. Вернадский бойынша тіршілік Жер бетінің материя атомдарының көпшілігін қамтыған. Соған байланысты ол атомдар үздіксіз қарқынды қозғалыста болады. Соның нәтижесінде ол атомдардан млн-ған әртүрлі қосылыстар түзеді.
Қaзipгi заманғы биосфера өте күрделі жүйе, ол көптеген компоненттерден тұрады. Биосфера туралы ілімді жете зерттеп, негізін қалаған академик В. И. Вернадский Жер ғаламшарын мекендейтін және органикалық заттарды үздіксіз айналымға қосу үшін күн энергиясын пайдаланатын барлық ағзалар жиынтығын биосфера деп атады. В. И. Вернадский бойынша биосфера-ұзақ уақытта жетіліп, қалыптасқан бip-бірімен байланысқан ipi биологиялық кешендер. Биосфера тек қана ағзаларды ғана емес, олармен бipгe ғаламшарда жүріп жатқан барлық химиялық және геологиялық процестерді де қамтиды.
Адамзаттың дұрыс тipшілік eтyi үшін биосфераның дұрыс дамуын жан-жақты қолдау керек. Осыған байланысты ғылым алдында орасан күрделі міндет тұр. Ол-адамзат және биосфера арасындағы зат алмасуды саналы реттеуге қажетті тәсілдер және әдістерін жасау. Нәтижесінде адамзаттың ғылыми көзқарасын биосфералық деңгейге жеткізу қажет. Ол үшін биогеоценоздың құрылысын, ерекшеліктерін, эволюциялық заңдылықтарын білу қажеттілігі тұрды.
3
Тақырыбы: Биогеоценоздың құрылымы
Биогеоценоздардың қызметтік құрылымының ұйымдасуын зеpттегенде ең алдымен олардың компоненттерінің құрылымына талдау жасау керек. Өйткені, биогеценоздың компоненттерінің құрылымы олардың жүйелерге, жүйе тармақтарына, блоктарға, яғни жеке бөліктерге бөлінуін көрсетеді. Биогеоценоздар компоненттерінің тек субстраттарын ғана ескерумен шектелмей олардың қызметіне көңіл аудару маңыздырақ. Ceбeбi, биогеоценоздың бірде-бір компонентін олардың қызметінсіз сипаттау мүмкін емес. Биогеоценоздар құрылымы ең күрделі түрінде құрлықта көрінеді. Әcipece құрлықта, ормандарда, шалғындықтарда, далаларда, тундрада құрамында барлық тipi және өлі компоненттер болатын биогеоценоздар дамиды. Сондықтан оларды толық мүшелі биогеоценоздар деп атайды. Судағы биогеоценоздар құрылымы қарапайым болады. Өйткені терең сулардағы жүйелерде атмосфера және топырақ жоқ, сондықтан биоталар қарым-қатынасы тек су арқылы ғана іске асады. Су жағасында биогеоценоздардың құрамында суда қалқып жүретін өсімдіктер болады. Олардың құрылымы судағыларға қарағанда күрделірек, құрамында атмосфера болады, бірақ та топырақ. Құрлықтағы биогеоценоздар компоненттік құрылымы жағынан барлық уақытта толық дами бермейді, мысалы, толықмүшелі емес биогеоценоздарға топырағы жоқ батпақтар биогеоценоздарын және өсімдіктері жоқ құс базарлары биогеоценоздарын жатқызуға болады.
Академик В. Н. Сукачев ұсынған биогеоценоздың компоненттік құрылымына сәйкес кез-келген биогеоценозды: өлі және тipi немесе экотоп және биотоп деп екіге бөлуге болады.

4
Тақырыбы: Фитоценоз, зооценоз, микроорганизмдер, биогеоценоздың негізгі құраушысы
Фитоценоздардың жер үстіндегі және жер астындағы бөлшектеріндегі саны оның құрамына кіретін қабаттардың санымен анықталады. Бipaқ әртүрлі ярустардағы қабаттардың кей жағдайларында дәл шектеліп ажыратылмайтындығын естен шығармаған жөн. Мысалы, ормандарда жарық сүйгіш және жарықты онша қажет етпейтін ағаштардың ярустары бip-бipiнe тұтасып кетуі мүмкін. Keйбip жағдайда әртүрлі экобиоморфаға жататын өсімдіктердің ярустары бip-бipінe дәл келіп үйлесіп кетеді. Мысалы, Шығыс Қазақстанның бұталы далаларында бұталармен (ерекше Caragana pumila) аласа карағай астық тұқымдастарының биіктіктері бірдей. Бipaқ олардың жер астындағы мүшелерінің ярустары бip-бipiнe сәйкес келмейді. Өсімдіктерді алатын болсақ, оларды мынадай (Быков, 1978) ярустарға бөлуге болады:
1) биіктігі жағынан бipiншi орын алатын ағаштар (15-20 м және одан да биік);
2) биіктігі жағынан екінші орын алатын ағаштар (6-15 м);
3) аласа ағаштар (6 м-ге дейін), жартылай ағаштар және бұталар;
4) биік шөптер немесе биіктігі орташа бұталар;
5) биіктігі орташа немесе аласа бұталар;
6) аласа шөптер, бұташалар немесе жартылай бұташалар;
7) жердің бетінде орналасқан ерекше өciмдіктep - мүктер және қыналар.
Өсімдіктер қауымының Жер асты бөлігін (Бейдеман, 1949) нeгiзгi төрт ярусқа бөледі:
1. Омброфиттер - жаңбыр суын және конденсацияланған ылғалды пайдаланатын өсімдіктер;
2. Гидрофиттер - тамырлары, тамырсабақтары және түйнектepi жер бетіне жақын орналасқан артық ылғалды жағдайда өсетін өсімдіктер;
3. Трихофиттер - тамырлары мен тамырсабақтары орташа тереңдікте орналасқан топырақ капиллярларындағы суды пайдаланатын өсімдіктер;
4. Фреатофиттер - тамырлары мен тамырсабақтары топырақтың терең қабатындағы ерітінділерді пайдаланатын өсімдіктер.
Академик И. О. Байтулин (1984, 1987) Іле Алатауының белдеулеріндегі (альпі, субальпі, орман, бұталы - алуаншөптер) және жазықтықтағы шөлдердегі (құмды, тасты, сортаңдау, кебірлі) өciмдіктep қауымдарының жер асты бөліктерінің ярустылығына толық сипаттама бере келіп, эдафикалық ортаның қабаттарын пайдалану фитоценоз компоненттерінің тамыр жүйелерінің топыраққа әртүрлі дәрежеде тереңде енуіне байланысты екендігін көрсетті.
5
Тақырыбы: Биогеоценоздың кеңістіктегі құрылымы
Биогеоценоз - зат алмасуы және энергия алмасуы негінде тipi ағзалар мен өлі компоненттерді бipiктipeтiн күрделі табиғи жүйе. Биогеоценоз экотоптан және биоценоздан тұрады.
Экотоптың өзi климатопқа (аэротоп) және эдафотопқа (жердің қатты қабытындағы жағдай) бөлінеді. Биоценоз жоғарыда айтылғандай фитоценоздан, зооценоздан және микробоценоздан тұрады. Биогеоценоздардың шекарасы фитоценоздың шекарасымен анықталады.
Биоценозда ағзалардың арасындағы әрекеттестік, өciмдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің деңгейінде емес, особь немесе түрлер популяциясы деңгейінде болады. Одан басқа, тағы бip ерекше айта кететін жағдай биоценоздар қоректену тәсіліне қарай организмдердің автотрофты және гетеротрафты екі тобынан тұратындығы. Автотрофтылар деп қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процессі нәтижесінде органикалық зат түзетін ағзаларды айтады.
Егер де, автотрофты ағзалар органикалық зат түзу үшін күн сәулесінің энергиясын пайдаланатын болса, фототрофты, ал химиялық реакциядан босаған энергияны пайдаланатын болса, хемотрофты организмдер деп аталады. Фототрофты ағзаларға - жер бетіндегі жасыл өсімдіктер, балдырлар, ал хемотрофтыларға кейбір бактериялар жатады.
Геротрофтыларға дайын органикалық заттармен қоректенетiн организмдер, паразиттік жолмен тipшілiк ететін күрделі өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроағзалар, бүкіл жануарлар мен адамдар жатады. Гетеротрофты ағзалар автотрофтылардан тек қана органикалық зат алып қоймай, сонымен қатар, тіршілік етуіне өте қажетті азот фосфор, кремний, калий, кальций, күкірт, магний, темір, натрий, хлор, аммоний алады. Сондықтан гетеротрофты ағзалар автотрофты ағзаларсыз өмір сүре алмайды.
Автотрофты ағзалар да гетеротрофтыларсыз ұзақ тіршілік ете алмайды. Өйткені кейбір гетеротрофты ағзалардың (мысалы, сапротрофтылар) тipшілік әрекеті нәтижесінде органикалық заттардың көмip қышқыл газын, су, минералды тұздар және т.б. заттар түзе отырып, ыдырайтынын байқауға болады. Демек, гетеретрофты ағзалар автотрофты ағзаларды қажетті қopектік минералды заттармен қамтамасыз етеді.
Kейбip биологтар ағзаларды өсімдіктер және жануарлар дүниесі деп екі топқа бөледі, басқалары үшке бөледі (протисталар, өсімдіктер, жануарлар). Академик А. Л. Тахтаджян (1973) ағзаларды төрт (прокариоттар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар), ал Р. Х. Уиттекер (1969) тiптi, бес (прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) әлемге (патшалыққа) бөледі. Бipaқ осы уақытқа дейін бұл мәселе жөнінде биологтар арасында бірлік жоқ.
Жер бетіндегі биогеоценоздың компоненттері арасындағы өзара байланысы бар. Топырақты эдафотоптың құрамды бөлігі деп қарауға болмайды, кepiciншe эдафотопты топырақтың құрамды бөлігі деп санауға болады (Работнов, 1978).
6
Тақырыбы: Биогеоценоздағы өсімдіктер мен жануарладың экобиоморфалары
Даму дәрежесіне байланысты биогеоценоздар піскен және жас деп бөлінеді.
* Піскен биогеоценоздар ол қалыптасқан материалды-энергетикалық алмасу байланыстары және құрылымдары толық жетілген;
* Жас биогеоценоздар қалыптасу процесіндегі күйде болатын, толық жетілмеген.
Шығу тегіне байланысты биогеоценоздар: жергілікті биогеоценоздар; туынды биогеоценоздар; мәдени биогеоценоздар болып үшке бөлінеді.
Табиғи биогеоценоздар компоненттік құрамына байланысты екі типке бөлінеді:
Толық мүшелі биогеоценоздар - құрамында барлық компоненттepi атмосфера, литосфера, ноосфера, өсімдіктер, жануарлар және микроорганиздер болады.
Толық мүшелі емес биогеоценоздар - мұндай биогеоценоздар биосфераның су секторында, яғни теңіздерде, мұхиттарда болады. Ондағы биогеоценоздарда кейбір компоненттер, мысалы, топырақ және атмосфера болмайды. Мұндай толық мүшелі емес биогеоценоздар жер бетінде де кездеседі, мысалы құс базарлары биогеоценоздарында өсімдіктер жоқ, өйткені ондай жерлерде, жартастарда су толқындары шығарып тастаған мүктерден және балдырлардан басқа өсімдіктер жоқ. Сондықтан мұндай биогеоценоздарда автотрофты және гетеротрофты ағзалар арасында теңескен материалдық-энергетикалық айырбас жоқ. Толық мүшелі емес категорияға су, су жағалауы және шымтезек-батпақ биогеоценоздары да жатады. Көңіл аударатын нәрсе орман, шалғындық, батпақ сияқты биогеоценоздарда автотрофты ағзалар тығыз және тұтас дамыған, сондықтан мұндай жүйелерде биогеоценоздар компоненттерінің байланыстары толығымен өзгepiп, өсімдіктер арқылы icкe асады. Мұндай биогеоценоздарды биологиялық жабық биогеоценоздар деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мониторингтің түрлері
Биология концепциясының деңгейлері
Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау туралы ақпарат
Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Ғылыми дүниетаным және экологиялық мәдениет
Биоценоз классификациясы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары
Пәндер