Дін анықтамалары


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Теология факультеті
6В02228 - Дінтану
БӨЖ
Тақырыбы: Діннің мәніне қатысты тұжырымдамалар
Орындаған: Серікбай Арайлым
Тобы: ТДТ - 212
Қабылдаған: Оразбай Сержан
Түркістан - 2023
Жоспар
- Кіріспе . . . 3
1. 1. Діннің анықтамалары және шығу тегі . . . 4
- Негізгі бөлім
2. 1. Діннің философиялық тарихы . . . 5
2. 2. Діннің теологиялық концепциялары . . . 9
2. 3. Діннің қоғамдағы әлеуметтік функциялары . . . 12
- Қорытынды . . . 14
- Пайдаланылған әдебиеттер . . . 15
Кіріспе
Дін (ағылш. Religion ) дегеніміз сенушілерінің ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.
Дегенмен, діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.
Әртүрлі дін әдетте Политеизм, пантеизм, монотеизм, теизм, деизм және агностицизм секілді әртүрлі құдайтану жүйелеріне тән болады, және бір-бірін терістеген, айырым жағдайда жауласқан күйде болады.
Әртүрлі діндерде түрлі мазмұндағы құдырет (divine), киелі зат, сенім, табиғаттан тысқары болмыс/болмыстар, сондай-ақ "өмірді ережелермен және күшпен қамтамасыз ететін мәңгілік және трансцендент" қатарлылар болуы мүмкін. Діни практикалар әдетте әртүрлі дінде әртүрлі деңгейде ритуалдарды, уағызды, еске алуды, немесе табынуды (құдайларға, немесе әулиелерге), құрбандықты, мерекелерді, мейрамдарды, транстарды, бастамаларды, жерлеу рәсімдерін, үйлену тойларын, медитацияны, дұғаны, музыканы, өнерді, биді, қоғамдық сервистерді және адамзат мәдениетінің тағы басқа аспектілерін қамтиды. Діндердің қасиеттендірілген тарихы және ертегі-әңгімелері болады, олар өмірге мәлім түрдегі мән беруді, өмірді мәлім түрде түсіндіруді мақсат еткен қасиетті жазбаларда, рәміздер мен қасиетті орындарда сақталуы мүмкін. Діндерде сенушілері қашанда "дұрыс" деп есептейтін символды ертегі-әңгімелері болады, ол өмірдің, ғаламның және заттардың пайда болуын, немесе қалыптасуын түсіндіруге бағытталады. Дәстүр бойынша, сенім, ақылды айтпағанда, діни нанымның қайнар көзі болып саналды. Дегенмен, дін бір нәрсені өзінше түсіндірумен шектелмейді, ол дәстүрге айналып, наным қалыптастырып, табыну және құлшылық секілді нақты жосындар арқылы ұлт және жеке адам болмысы мен тұрмысына ықпал етіп отырады.
Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер.
1. 1. Діннің анықтамалары және шығу тегі
Дін термині және оның шығу тегі. Дінді анықтаудың күрделілігі және анықтамалардың әралуандығы. Дін тұжырымдамалары: теологиялық тұжырымдамалар, философиялық (Гегел, Шеллинг, Фейербах, К. Маркс, Фихте, Юм, Беркли және т. б), әлеуметтанулық( Конт, Дюргейм, Вебер, Парсонс), психологиялық (Джеймс, Фрейд, Юнг, Э. Фром), этиологиялық (Фрэзер, Тайлор, Малиновский, Браун), мифтік-лингвистикалық ( Гримм, Мюллер, Соссюр) .
Діннің негізгі элементтері. Діни сана және оның деңгейлері (қарапайым, концептуалды: философиялық, этикалық және теологиялық ілімдер) ; діни сенімнің негізгі сипаттамасы - жоғары тылсым күшке сену. Дінілімі. Діни іс-әрекет: ғұрыптық және ғұрыптан тыс. Діни қатынастар: субьектілері, қатынас түрлері ( ғұрыптық және ғұрыптан тыс) . Діни ұйым: түрлері мен құрылысы, ұйымдасу типтері: топ, қауым, шіркеу, секта, деноминация. Діннің қоғамдағы орны мен әлеуметтік қызметтері: дүниетанымдық, мәдениетжеткізуші, реттеу, заңдастыру, қарым-қатынастық, компенсаторлық, біріктіруші және бөлушілік қызметтері. Діннің қоғамдағы ролі мен орны, қоғамдағы сакрализация және секуляризация үдерісі. Діндердің саналуандығы және түрлері. Діндердің саналуандығының себептері. Діндерді жіктеудің өлшемдері мен ұстанымдары: этностардың дамуының тарихи кезеңдері мен таралу географиясына қатысты (рулықтайпалық, ұлттық, әлемдік діндер), табыну обьектісіне қатысты ( тек тәңірлік, екі тәңірлік, көп тәңірлік діндер), Теологиялық тұрғыдан: құдайлық және өзгертілген діндер, аянға және адамдық дәстүрге негізделген діндер.
Діннің шығу тегі мәселесі. Діннің шығу тегін зерттеудің теологиялық және ғылыми тәсілдері. Археология, этнография, палеоантропология 8 ғылымдарының деректері. Жазба деректердің жоқтығы. Ежелгі өркениеттердегі афсаналар мен аңыздар. Тарихи деректерді түсіндірудегі мәселелер. Ғылымдағы фактілерді түсіндірудегі айырмашылықтар. Діннің шығу тегіне қатысты теологиялық тұжырымдар. Библиялықтеологиялық ілімдегі діннің шығу тегіне қатысты күнахарлық идеясы. Ислам теологиясында уахи-аян діннің шығу тегінің бастауы ретінде. Э. Лэнг пен В. Шмидттың алғашқы тек тәңірлік тұжырымдамасы және оның қазіргі ғылымда бағалануы. М. Мюллер, А. Афанасьевтің мифологиялық, Э. Тайлордың анимистік, Дж. Фрейзер, С. Токаревтің преанимистік тұжырымдамалары. Діннің шығу тегіне қатысты әлеуметтанулық, псхологиялық, философия-гносеологиялық тұжырымдамалар. Алғашқы қауымдық әфсана ерекшеліктері. Діннің шығу тегіне қатысты бейтараптық тәсіл. Тарихи әдістер. Діндарлыққа дейінгі кезең болжамы. Феноменологиялық әдіснама. Бағалық ұстанымынан бас тарту. Сананың шексіздікке бағытталуы. Қасиеттілік пен әлеуметтік шындыққа қатысты түсініктің қалыптасуы.
2. 1. Діннің флософиялық тарихы
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.
Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім - дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім - пайдалы білім».
Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол - тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-ші бабына сәйкес елде дін ұстану бостандығы қалыптасты. Бүгінгі Қазақстан халқы - көп дінді халық. Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы Заңы» қабылданды. Демократиялық қоғам құрудың талабына сай осындай іс-шаралар жасалды.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде - адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.
Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін - бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі.
Қазіргі кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер “дүниенің жаңа тәртібін” түзуде бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат құбылыстар азайған жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық қалыптасқан жоқ. Профессор А. Дж. Тойнби айтқандай: “коммунизм де, капитализм де - бұл екеуі де христиан дінінің некесіз тапқан балалары болып табдылады”. Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік қауымдастық туралы ой қозғамақ әрекеті жатыр. Иудей - христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек - жаңа адам, жаңа қоғам құру.
Азиялық діндер: конфуцийшілдік, синтоизм, зороастризм және басқалар ақиқатты іздеушілерден рухтың соңынан еру және онымен шектелмеуді талап етсе, ислам ақиқатты Құраннан іздеуді ұсынады. Ислам интеллектуалды пайымдауды жетілдіруді жалғастырып, адамның өзін-өзі мейлінше жетілдірумен айналысуын ұсынады. Иудей - христиан дәстүрі адамға өмірдің мәнін іздеп, ақиқатты, Құдайды іздеп, кәдімгі күресудің орнына: “Құдай өзі адамды табады” деген ақиқатты ұран етіп тастады. Әлемдік өркениеттегі “Қасиетті жазулар” діндеріне үңілсек, екі парадигманы байқаймыз: “Мұса парадигмасы” (Батыс) және “Вьяса парадигмасы” (Шығыс) . Мұса - Құранның да, Библияның да, Танах (Моше) кітабының кейіпкері. Вьяса - Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. О. Шпенглердің топтастыруы бойынша, “Мұса парадигмасы” Византия, араб, батыс Еуропа және жартылай грек-рим, вавилон мәдениеттерінің негізін қалаған. “Вьяса парадигмасы” буддалық-брахмандық дәстүрлер негізін қалаған. Буддизм әдебиеті “Трипитаканың” көмегімен монғол, жапон, корей және де басқа Азия аймақтарына әсерін тигізді.
“Мұса” антропологиясының маңызды нышандары жүрек, құрсақ, тыныс алу, оларға сәйкес келетін күйлер - күйзелу, үрей, үміт. Дін - бұл “жүрек” туралы ілім. Үнді елінде мұндай қатынас “бахти” (құдайшылдық) деп аталады. Исламда - “абд” (көнгіштік), батыста - “агейп” (құдайға деген махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылдық ғылыми компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу (теология, эгзегетика түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, этнография тұрғысынан) - бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым объектілерден асып түсетін құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу. Егер ғалым өз зерттеулерін құдайға сыйынып болған соң бастаса, онда оның ғылым және құдаймен сұхбаттасу арасындағы шекараны аттап өте бастағаны. Дінге рухани өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау қажет.
Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу - бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”. Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Жүректің қызметімен үрей және үміт байланысты. Аяушылық - бұл басқа үшін үрейлену. Аяушылық көз жасын тудырады. Сондықтан Библияда Христос жылаған бейнеде көрсетіледі, ол ешқашан күліп бейнеленбейді. Үрейдің екінші жағы үміт.
Үміт - “жанған жүректің” кернеулі, кризисті күйі. Әл-Фараби де “жүрек жылуының ” осындай күйін “отты” деп атаған. “Мұса парадигмасында” жүректің бұлай жануы жоққа және бір нәрсеге көз жеткізе алмаудан туатын мүдде, арманды білдіреді. Мұсаның өзі де, одан кейін апостол Павел де мұны “үміттердің жоғарғы үміті” деп қисындап мазмұндады. “Мұса парадигмасындағы” құдайдың өзі Яхве, Христос және Алла деген атты иемденіп, сенушілер үшін үміт құдайы болып табылады. Мұндай үміт “Мұса парадигмасында” абсолютті құндылыққа ұмтылудың басты модусы болып табылады.
Абсолюттің қалыптасуы процесіндегі діннің маңызын Гегель талай рет қарастырған болатын. Оның мындай пікірі болған: “Қабылдап алынған (снятое) өнер дінмен барабар, қабылдап алынған (снятая) дін абсолютті біліммен барабар”.
Діннің мәдениеттегі орнын аша түсу үшін Гегельдің “тарих - бұл еркіндікті ұғыну прогресі” деп қарастырған пікірін талдаудың көмегі бар. Шығыс тек бір ғана еркін адамды білген, ол - патша, басқаның бәрі құлдар. Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі еркін деп есептеліне бастаған. Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: әлеуметтік жікке қарамай барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі принципі. Бұл принцип алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті.
Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де, таным процесінің сатысы ретінде де маңызы бар. Оның айтуынша: “Дін - бұл адамзаттың ойлап шығарғаны емес, дін - бұл құдіретті рухтың жемісі”. Бұл пікір болмыс пен шектік, шүбәсіз кемелдік арасында жақындық бар екеніне ой салады. Псевдо-Дионисий Ареопагит (V ғ. ), А. Августин (V ғ. ), Ф. Аквинский (ХІІІ ғ. ) де осылай ойлаған. Ф. Аквинский былай деген: “Сущее и благое суть понятия взаимозаменимые”. Дін біздің бір бөлшегіміз болып қала бермек, себебі оның қайнар көзі - тарих (ғылымның айтуынша), сондай-ақ діннің қайнар көзі - мәңгілік (теологияның айтуынша) .
“Сындарлы он жыл” кітабында Н. Ә. Назарбаев діни экстремизмнің ықтимал қауіп-қатеріне, оның алдын алу шараларына, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымызда бұл мәселеге сергек қарау керектігіне айрықша мән берілген. Қазақстанда үш мыңға жуық діни ұйымдар мен қозғалыстардың басын біріктіретін 40-қа тарта конфессияның барын ескерсек, конфессиялық тұрақсыздықтың да болуы мүмкін екендігін ұмытпауымыздың қажеттігіне назар аударады.
2. 2. Діннің теологиялық концепциялары
Теология адам санасындағы Құдай идеясы және діннің пайда болуының негізі Құдайда, Құдай бар, ол дүниені жаратты адамды ерекше жаратып оған ақыл, күш, ерік берді. Адам өз ақыл, күш жігерін жұмсай отырып ұлы жаратушысын тани алады деп тұжырымдайды. Құдайдың барлығына дәлелдер келтіреді:
1. Онтологиялық (болмыс) дәлел: біз кемел нәрсе Құдай бар деп қабылдай аламыз, егер ол жоқ болса біз оны елестете де алмас едік: Кант бұл тұжырымға қарсы болды, ол " Егер сіз Құдай бар деп сенсеңіз, онда оның бар болуға мұқтаж екенін қабылдауға тура келеді. Бірақ сіз Құдайды бар деп мойындауға міндетті емессіз, яғни оны дәлелдеуге ұмтылудың керегі жоқ" деген еді.
2. Космологиялық дәлел: күрделі әлем пайда болуы үшін оны қозғалысқа түсіретін алғашқы себеп, түрткі керек, ал енді сол себептің өзі себепсіз, бастаусыз, мәңгілік кемшінсіз болуы тиіс. Ғылымда бұл дәлел креационизм концепциясында айқын көрсетілген
3. Телеологиялық дәлел: дүние және ондағы барлық нәрсе алдын ала белгілі пішімде мақсатты түрде жаратылған. Дүниеде тәртіпреттілік пен үйлесім бар, хаос жоқ
4. Моралдық дәлел: мәңгілік абсолютті моралдық заң бар, оны жаратушы жаратқан. И. Кант осы ойды айтты, категориялық императив (ар-ұят) неге адамды басқарады. Өйткені Ұлы Жаратушы кемел, ол ізгілік пен зұлымдықты өзі жаратқан. Адамның ар мен ұятты жоғары қоюы жаратылыстың заңдылығы.
5. Тарихи дәлел: сенімнің жалпылығы мәселесі Тарихта дінсіз жеке адам мен мемлекеттер болсада қоғам мен халықтың жаппай дінсіз болмаған.
6. Психологиялық дәлел: адамда діни сезімдердің болуы сыртқы себепке байланысты ол себеп: Құдай. Құдай дінді адам рухына сиғызып, кейін оны қасиетті мәтін ақиқатында ашты деп түсіндіріледі. Діннің шығу тегіне қатысты қазіргі ғылыми көзқарас. Ғылым діннің шығуын әртүрлі түсіндіреді Ғылым дінді табиғи инстинкт өмір үшін күрестің құралы деп санайды және діндарлық генінің болуы ықтимал деген болжам жасайды. Дін туралы ғылыми білім діни және атейстік мазмұнда емес, ғылым дінді қорғамайды да және оны сынға алып қарсыда шықпайды. Тарихта діннің догмаға ұрынып бір жақты кеткені және ғылымның да идеологиялық шырмауға түсіп дінді жоққа шығарғаны белгілі. Қазіргі ғылым дінді идеологиялық шеңберден тыс тек ғылыми өлшем тұрғысынан қарастырады, шындығында дін мен ғылым егіз. Дін анықтамалары Дін-әлемдік өркениетттегі барлық қоғамдарға тән тарихи саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс Адам рухымен тікелей байланысты дін адамзатпен ықылым замандардан бері бірге жасасып келеді Дін сан қырлы күрделі және нәзік нәрсе. Дінді Жаратушы мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығына сенуі және илану деп анықтауға болады. Діннің мәнін анықтаудағы барлық тұжырымдамаларды дуниетанымдық жағынан дінтанулық және теологиялық( діни) деп екіге бөліп қарастыруға болады. Дінтануда дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері философиялық-әлеуметтік, биологиялық психологиялық және этнологиялық болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz