Иман негіздері, Кітаптарға иман


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

Теология Факультеті

6В02228 - Дінтану

WhatsApp Image 2023-05-07 at 11.55.30.jpeg

БӨЖ

Тақырыбы: Иман негіздері, Кітаптарға иман.

Орындаған: Серікбай Арайлым

Тобы: ТДТ - 212

Қабылдаған: Өтеген Б.

Түркістан - 2023

Жоспар

  1. Кіріспе . . . 3

1. 1. Иман сөзіне түсінік . . . 4

1. 2. Иман түрлері . . . 7

  1. Негізгі бөлім

2. 1. Иман негіздері . . . 8

2. 2. Кітаптарға иман . . . 13

  1. Қорытынды . . . 16
  2. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 17


Кіріспе

Құран мен сүннеттің ұсынған сенім негіздерін ақылға қонымды тұжырыммен түсініктеме жасаған екі ірі мектеп қалыптасып, бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келеді. Оның бірі Әбул-Хасан әл-Ашари ілімі аясында дүниеге келсе, екінші мектептің негізін салушы Әбу Мансур әл-Матуриди екендігі белгілі. Аталған мектептер Құран мен Сүннет белгілеп кеткен шектеулермен теологиялық мәселелерге ақыл арқылы түсініктеме жасауымен ерекшеленеді. Осыған орай, олар сунниттік мектептерге жатады. Олар сунниттік мектептер деп есептелгенімен араларында идеялық айырмашылықтар да жоқ емес. Олардың басты себебін мәселелерге түрлі әдістермен, ұстанымдармен қарастыруында жатыр. Сонымен қатар, уақыт пен кеңістік факторларының, ұлттық танымдардың ықпалын да жоққа шығара алмаймыз. Матуридилік мектебінің негізін қалаушысы - Әбу Мансур әл-Матуриди өзінің «Китабут-Таухид» және «Тауилату-л-Қуран» атты еңбектерімен танымал. Оның теологиялық мәселелер төңірегіндегі көзқарастары қамтылған Китабу-т-Таухид туындысында заманында көтерілген, ислам ағымдары арасында тартыс тудыратын тақырыптарға сонау Әбу Ханифаның дәуірінен бері қалыптасқан ханафиттік дәстүр аясында шешім жасады. Х ғасырдың талаптарына сәйкес Әбу Ханифа ілімін жан-жақты кеңейткен, оның ілімін рационалдандырған, философиялық негізге орнықтырған әл-Матуриди ханафиттік дәстүрдегі теологиялық мектептің құрушысына айналды. Осы тұста бастауын Ханафилікке тірегенімізбен әл-Матуриди ілімі өзіне тән әдістемесі, ұстанымы бар жеке мазхаб екендігіне тоқталып өткеніміз жөн. Әл-Матуридидің көзқарастары сол заманның өзінде-ақ ислам теологиясына енетін барлық тақырыптарды қымтитын, сунниттік каламның толықтай аяққа тұрып кетуін қамтамасыз еткен ілім болуымен құнды. Осыған орай, ол Әбу-л-Муин ан-Насафи, Омар Насафи, Хаким ас-Самарқанди, Әбу Юср әл. Паздауи, Омар Насафи, Сиражуддин әл-Уши, Нураддин ас-Сабуни сынды Матуридилік мектебі ғұламаларына жолбасшы болды. Мауреннахрда пайда болған матуридилік мектебі осы аймақтардағы және онымен көршілес жерлердегі каррамия, муржия, мутазила сияқты ағымдардың тарих сахнасынан біржола шығуын қамтамасыз етті. Әл-Матуридидің ілімі Орта Азиямен ғана шектелмей, тарих бойында Сирия, Ирак, Анатолия, Балқан түбегі сияқты Батыс аймақтарға, Үндістанға таралып, ханафилік ғұламаларына бағыт-бағдар берді. Тіпті каламшылар мен діни құқықшыларда былай қойғанда әл-Матуриди ілімі Орта Азиядағы Ясауи ілімі мен Үндістандағы Ахмад Сирхинди сопылық іліміне ықпал етіп, бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпады.

1. 1. Иман сөзіне түсінік

Иман сөзі - араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен шығып, ифғал бабында қолданылған масдар38 болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы - бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабылдау, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин», иман етілген нәрселерге де «муминун биһ» дейді. Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы - Хазіреті Пайғамбарға (с. а. у. ) Аллаһ Тағаладан жеткен нақты үкімдерді растап, ешбір күмәнсіз қабыл ету, әрі бұлардың хақтығына шын көңілмен сену болып табылады39. Иман етудің негізгі қағидасы жүрекпен бекітіп, тілмен айту. Себебі, бір адамның толық мұсылман болуы үшін иман негіздерін жүрегімен қуаттап, тілімен сенгендігін айтуы тиіс.

Иман негіздерін жүрекпен бекіту (тасдиқ)

Иманның негізгі шарты жүрекпен қуаттау болып келеді. Себебі, аяттар мен хадистер иманның жүректе болатындығын білдіреді. Иман қолмен ұстап, көзбен көрінетін нәрсе емес, тек жүрекпен сезіледі. Мұны мынадай аяттардан анық байқауға болады.

«Әй, Пайғамбар! Ауыздарымен: «Сендік», - деп жүректері сенбегендермен яһудилерден күпірде жарысқандар сені кейітпесін» (5. Майда-41) . «Бәдәуилер: «Иман келтірдік», - деді. Мұхаммед оларға айт: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда, «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені иман жүректеріңе кірмеді» (49. Хужурат-14) . Міне, осы екі аят бізге жүрегіне иман кірмеген, әрі толық қуаттамаған адамның жағдайын баян етуде. Бұл екі аят негізінен жүрегімен иман етпеген бәдәуи арабтар жайында түскен. Өйткені, олар Пайғамбарымыздан бір зат алу ниетімен өздерін мұсылман ретінде көрсетіп: «Біз де иман келтірдік», - дейді. Бірақ, Аллаһ олардың иман етпегенін, тек тілімен айтқандықтан жүректеріне әлі иман кірген жоқ, жай тілмен айтып тұрғанын баян етеді. Ал мына аят: « . . . Міне солардың жүректеріне Аллаһ иман жазған, әрі оларды өз жағынан бір нұрмен қолдаған» (58. Мужадәлә-22) - деп, мәңгілік жәннәтта болатын жандардың иманынан хабар береді. Енді, иманның жүректің қуаттауынан тұратындығы жайлы айтылған хадистерді келтірелік. 1) Усама ибн Зәйд ибн Харис бір жорық кезінде мүшріктермен қақтығысады. Сонда Усама ибн Зәйд шайқас үстінде бір адамның басын алмақ болғанда әлгі адам: «Лә иләһә иллаллаһ (Аллаһтан басқа құдай жоқ) », - дейді. Усама оның бұл айтқан сөзіне мән берместен шауып тастайды. Себебі, оны әлгі тұтқын өлімнен қорыққандықтан айтты деп пайымдайды. Усама жорықтан оралған соң болған оқиға жайлы Пайғамбарымызға (с. а. у. ) айтқанда, Аллаһ Елшісі ашулы кейіппен : «Өлтірген адамның рас айтып, айтпағанын қайдан білесің? Әлде оның жүрегін жарып көрдің бе?- дейді». (Муслим, Иман-41; Әбу Дәуіт, Жиһад-95; Ибн Мажа, Фитән-1) . Міне, хадистегі Хазіреті Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) : «Жүрегін жарып көрдің бе?» деген сөзі иманның жүректің қуаттауымен (тасдиқы) болатындығына айқын дәлел. 2) Хазіреті Пайғамбарымыз бір хадис шәріпте былай дейді : «Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне шын жүрегімен куәлік еткен кісіге Аллаһ жәһәннәмды харам еткен» (Муслим, Иман-17) . 3) Басқа бір хадисте былай дейді: «Аллаһ жәннәттықтарды жәннәтқа, жәһәннәмдықтарды жәһәннәмға тастайды. Содан кейін: «Қараңдар, жүрегінде титтей иман болған біреуін тапсаңдар, оны жәһәннәмнан шығарыңдар», - дейді». (Бухари, Иман-15; Муслим, Иман-82) . Осы айтылған аяттар мен хадистер бізге иман етуде жүректің қуаттауы бірінші шарт екендігін білдіреді. Егер бір адам жүрегімен сенбестен, тілімен кәлима айтса, ол иман еткенге жатпайды40. Ал, егер керісінше жүрегімен сеніп, тілімен айтпаса, біз оның кім екендігін, оған деген көзқарасымыздың қалай болатындығын білмейміз. Мысалы, бір адам өзінің мұсылман екендігін айтпаса, бірақ жүрегімен сенсе, шариғаттың үкімдерін оған қалай орындатасыз? Оның мұсылман ба, әлде мұсылман емес пе оған көзіңіз анық жетпейді. Бірақ, оның жүрегіндегіні Аллаһ біледі, сол себепті ақыретте мумин есебінде болады. Алайда, жүрегімен сеніп, қуаттаған бірақ, тілсіз, мылқау, яки өлімнен қорқып сенімін айтпастан кәпірмін, атеистпін деп айтқан кісі де мумин болып саналады. Өйткені, Аммар ибн Ясир есімді сахабаның басынан осындай оқиға өтеді. Аммар ибн Ясир жанұясымен ислам дінін қабылдаған алғашқы мұсылмандар болатын. Меккеде күн санап мұсылмандардың саны артып келе жатқаны мүшріктердің жанына батып, исламды қабылдаған мұсылмандарды дінінен қайтару үшін зорлық пен зұлымдыққа көшеді. Осы зорлық пен зұлымдықтың құрбаны болғандардың қатарында Аммар ибн Ясирдің жанұясы бар еді. Мүшриктер Аммардың әке-шешесін ыстық құмның үстіне жатқызып, дінінен қайту үшін әбден қинап, жәбірлейді. «Менің құдайым Лат, Манат, Узза», - деп айтқызбақ болғанымен жүрегінде иманы берік Аммардың анасы Сумәйя мен әкесі Ясир: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ», - деп, айтқандарынан қайтпайды. Содан мүшриктер Сумәйя мен Ясирді жауыздықпен шәхит етеді. Бұл уақиға Ислам тарихында алғаш шәхит болған әйел мен ер сахаба ретінде есімдері ислам тарихында алтын әріппен жазылып қалады. Әке-шешесін көз алдында өлтірген соң Аммар шарасыздықтан: «Менің құдайым Лат, Манат, Узза», - деп айтып, аман қалады. Содан Хазіреті Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) құзырына барады да: «Мен құрыдым, біттім, Аллаһ мені кешірмейді», - деп өкініш сезімін айтып, басынан өткен оқиғаны айтып береді. Хазіреті Пайғамбарымыз (с. а. у. ) оған: «Сен сол сөзді айтқанда шын жүрегіңмен айттың ба, әлде жүрегіңде иманың бар ма еді?», - деп сұрайды. Аммар: «Ол кезде менің жүрегім иманға толы еді, бірақ мен жанымды құтқару үшін олардың айтқандарын істедім», - деп жауап береді41. Осы оқиғадан кейін Аллаһ Тағала мына аятты түсіреді де, Аммардың кәпір болмағанын, керісінше мумин екендігін баян етеді : «Жүрегі иманмен орныққаннан кейін зорлық көрген адамнан басқа жандар иман келтіргеннен кейін Аллаһқа қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Аллаһтың ашуы және оларға зор азап бар» (16. Нахыл-106) .

Сенгенін тілмен айту (иқрар)

Иман жүрекпен бекітілген соң, оны тілмен айту керек. Тілмен айтылмаған жағдайда ол адамның кім екендігі белгісіз болғандықтан, шариғаттың бұйырған көптеген амалдарын ол кісі үшін жасай алмаймыз. Мысалы, қарапайым сәлем беру әдетін мұсылман екендігі белгісіз болған кісіге берілмейді. Өйткені: «Әс-сәләму алайкум» деп мұсылман бауырыңыздың амандығын тілеген боласыз. Мұсылман емес кісіге: «Әс-сәләму алайкум», - деп айтылмайды (дұрысы олар сізге не тілесе, сіз де өзіне соны тілейсіз) . Осы тектес көптеген мысалдарды келтіруге болады. Адамның жүрегінде не бар екендігін тек Аллаһ біледі. Бірақ, Аллаһ Тағала Құранда: «Аллаһқа және бізге түсірілген нәрселерге иман еттік деп айтыңдар . . . » (2. Бақара-136) деп иман еткенімізді тілмен айтуымызды бұйырады. Иман етуде тілмен айтудың қаншалықты маңызды екенін Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) мына хадистерінен де байқауға болады: «Адамдар: «Аллаһтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп айтқанға дейін олармен соғысуға бұйырылдым. Қашан осы сөзді айтатын болса, жаны мен малын менен құтқарған болады. Бірақ діни жазалар бұдан басқа. Ішкі жан дүниесінің есебі Аллаһқа қалады» (Бухари, Жиһад-102; Иман-17; Муслим, Иман-8; Әбу Дәуіт, Жиһад-104) . «Жүрегінде бидайдай, арпадай иманы болып: «Аллаһтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деген адам жәһәннамнан шығады» (Бухари, Иман-33; Тирмизи, Жәһәннам-9; Ибн Мажа, Зухд-37) . Имам Ағзам Әбу Ханифа «Фиқһул Әкбәрда»: «Иман тілмен иқрар (айту), жүрекпен тасдиқ (қуаттау) », деп түйіндейді.

Иманды жүрегімен қуаттамаған кісі, тілімен иман келтіретін болса, ондай кісі мунафиқ болады. Мунафиқ дегеніміз жүрегімен сенбестен, тек көзбояушылық ниетпен сырт көзге мұсылман болып көрінген екіжүзді кісі. Дегенмен бір адамды мунафиққа жатқызу үшін алдымен оның бойында екіжүзділіктің нышандары бар ма, жоқ па соны айырып алу керек. Адам бойынан ондай қасиет байқалмайынша, оған мұсылман ретінде қарым-қатынас жасау міндетіміз болып табылады. Ал, оның ақыреттегі есебі Аллаһ Тағаланың құзіретіне қалады43. Егер пенде мунафиқтық ниетпен иман еткен болса, мәңгілік тозақта қалары сөзсіз. Құранда жүрекпен сенбестен, жәй тілімен иман еткендерді мумин демейді: «Адамдардың кейбіреуі екіжүзді (мунафиқтар) : «Аллаһқа ақырет күніне иман еттік» деп айтады. Бірақ олар иман етушілерден емес» (2. Бақара-8) .

1. 2. Иман түрлері

  • Тафсили имандегеніміз - иман етілетін, яғни сенуі, илануы керек болған нәрселердің әрқайсысына жеке-жеке сену деген сөз. Тафсили иман иманның ең ауқымдысы. Тафсили иманның үш мәртебесі болады.

а) Бірінші мәртебесі. Аллаһқа, Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) Аллаһтың пайғамбары екендігіне және ақырет күніне нақты сену. Тафсили иманның бірінші мәртебесі ижмали иманға қарағанда, ақыретке сенуді қосып айтуымен ерекшеленеді.

б) Екінші мәртебесі. Әмәнту билләһ. Яғни, Аллаһқа, Аллаһтың періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, өлгеннен кейін қайта тірілуге, жәннәт пен жәһәннамның бар екендігіне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену.

в) Үшінші мәртебесі. Құран және мутауатир хадистермен бекітілген барлық итиқади, амали және ахлақи үкімдердің бәріне жеке-жеке тоқталып, Аллаһ пен Оның Елшісінің бұйырған әмір мен тыйымдарына сену. Мысалы, намаз, ораза, зекет, хаж секілді парыз амалдарға, халал мен харам амалдарға шын жүрекпен сену тафсили иман болып саналады. Ижмали иманды дәнге, тафсили иманды сол дәннің жемісіне ұқсатуға болады.

  • Тақлиди имандегеніміз - әке-шешеден, ұстаздан немесе өмір сүріп жатқан ортамыздағы адамдардан естіп, олардан көріп, үйреніп, соларға еліктей отырып келтірген иман. Әбу Ханифа, Суфяны Сәури, Малик ибн Әнәс, Әузай және барлық фиқһ ғалымдары мен хадис ғалымдары иманның бұл түрінің дұрыстығын айтады. Бірақ, нақли (аят-хадис), әрі ақли дәлелдерді қолданып, сол иманын қуаттамайынша, ондай кісі күнәһар болады дейтін де пікірлер бар45. Ақиқатына келгенде бұқара халықтың иманы көбіне осы тақлиди иманға жатады. Ғалымдар тақлиди иманның үнемі күмәнға ұшырауға (нақты дәлелдермен қуаттандырмағандықтан), миссионерлердің жетегінде кетуге бейімдігі басымырақ екендігін айтады. Сондықтан, әрбір мұсылман өзінің сенген иман негіздерін қолынан келгенінше, білімінің шама-шарқынша дәлелдермен қуаттауы қажет.
  • Тахқиқи имандегеніміз - дәлелдер арқылы Аллаһтың бар және бір екендігіне иман ету. Сондай-ақ, Аллаһтың жер бетіне жіберген діні ислам дінін барлық жағынан шынайы деп қабылдай отырып иман ету. Мысалы, американдық ғарышкер Армсторгтың аспан әлемінде азанның даусын естіп, артынша исламды қабылдап, иман етуін тахқиқи иман деп айтуға болады.

2. 2. Иман негіздері

Иман алты нарседен құралады:

1. Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына, Мұхаммед (ﷺ) Алланың құлы әрі пайғамбар-елшісі екендігіне;

2. Алланың періштелеріне;

3. Алланың кітаптарына;

4. Алланың пайғамбарларына;

5. Ақырет күніне (Өлгеннен кейін тірілуге) ;

6. Тағдырға: жақсылық пен жамандықтың Алланың жаратуымен болатынына сену.

Бұл алты ереже - иманың түпкі негізі, ислам сенімінің іргетасы.

Әрбір мұсылман адамның бұларға міндетті түрде сенуі парыз, яғни Алланың тұжырымды әмірі. Мұны - Мұфассал (ажыратып айтылған) иман дейді.

Періштелердің болмысы мен ерекшеліктері.

Періштелер - нұрдан жаратылған тіршілік иелері. Олар ішіп-жемейді, аталық, аналық болып бөлінбейді.

Періштелер-Алланың сүйген жаратылыстары. Алланың бұйрықтарын кемшіліксіз орындап, ешбір күнә жасамайды.

Алла Тағала жаратылыстарды түрлі бейнеде жаратқан. Бұлардың кейбірін біз көре аламыз, ал кейбірін көре алмаймыз. Адам баласы кейбір жаратылыстарды көре алмайды. Өйткені, адам баласының көзі бәрін көре алатындай жағдайда жаратылмаған, көру қабілеті шектелген.

Періштелер: жерде, көктерде, айналамызда, кез-келген жерде бола алады. Санын тек Жаратушы ие біледі. Әр қайсысының арқалаған міндеті бар.

Кейбірі үнемі ғибадат етеді, кейбіреулері тіршілік атаулының тәртібімен жүйесіне жауап береді. Адамның күші жетпейтін үлкен істер атқа-рады. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан қорғайтын, қиналған кездерде мүминдерге жәрдем беру үшін жіберілетін періште-лердебар. Алла Тағала періштелерді жарату арқылы шексіз құдіретін дәлелдейді.

Үлкен періштелер және міндеттері:

1) . Жәбірейіл: Періштелердің үлкені. Міндеті: Алла пен пайғам-барлар арасында елшілік жасау (елші болу), Алланың кітаптарын пайғамбарларға жеткізу. Кітабымыз Құран Кәрімді Алладан пайғамбарымызға жеткізген осы Жәбірейіл періште.

2) . Микайыл: Табиғаттағы құбылыстарды басқаруға жауапты (жаңбыр жаудыру, желсоғу, егіннің шығуыт. б. ) .

3) . Исрафил: Ақыр заманның болуына, адамдардың өлгеннен кейін қайта тірілуіне жауапты.

4) . Әзірейіл: Өмірі аяқталған адамдардың жанын алу міндеттелген.

Осы төрт үлкен періштеден басқа періштелер де бар, олардың кейбірі мыналар:

Кираман кәтибин: Бұл екі періштенің біреуі адамның оң жағында, екіншісі сол жағында болады. Оң жағындағы періште адамның жақсы істерін, ал сол жағындағы періште жаман істерін жазады. Осылай әр адамға тиісті жақсылықтары мен жамандықтары жазылған “Амал дәптері”пайда болады.

Мүңкәр және Нәкір: Бұлар өлгеннен кейін қабірде пенделерден сұрақ-жауап алуға міндетті екі періште.

Ридуан:Жәннаттағы періштелердің басшысы.

Мәлік:Тозақтағы қызмет ететін періштелердің басшысы

Пайғамбарларға иман.

Пайғамбарларға деген қажеттілік. Пайғамбарлық - Алла мен адамдар арасындағы елшілік мін-деті. Алла лайықты деген сүйікті құлдарын пайғамбар етіп таңдайды. Пайғамбарлар адамдарға дұрыс жол көрсетуші ретінде жіберіледі. Адамзат осындай дұрыс жол көрсетушілерге мұқтаж.

Өйткені, адамдар өз ақылымен Жаратушының бар екендігін білсе де, Алланың ұлы сипаттарын түсіне алмайды. Аллаға қалай құл-шылық ету керектігін, о дүниені және сол жерде кімдерге сый-сыяпат берілетіндігін, кімдердің жазаға тартылатындығын, дүние мен ақыретте бақытқа қалай қол жеткізу жолын біле алмайды.

Бұл ақиқаттарды адам баласына үйрету, дүние мен ақыретте бақытқа жетудің жолдарын көрсету үшін Алла Тағала пайғамбарлар жіберген.

Пайғамбарларда болуы шарт сипаттар:

1) Сыдық: Шыншыл дегенді білдіреді. Пайғамбарлар ерекше шын-шыл адамдар. Ешқашан жалған сөйлемейді. Болды дегендері болған, болады дегендері уақыты келгенде жүзеге асқан.

2) Аманат: Сенімді дегенді білдіреді. Пайғамбарлар әр қырынан сенімді тұлғалар. Аманатқа ешқашан қиянат жасамайды.

3) Фәтанат: Ақылды әрі парасатты дегенді білдіреді. Пайғамбар-ларақылды, парасатты, ерекше зерек тұлғалар.

4) Исмәт: Күнәдан аулақ болу дегенді білдіреді. Пайғамбарлар жасырын яки ашық түрде күнә істемейді.

5) Тәблиғ: Жеткізу, уағыздау дегенді білдіреді. Пайғамбарлар Алладан алған діни үкімдерді сол қалпында еш өзгертпестен адамдарға жеткізіп, уағыздаған.

Муғжиза және керемет:

Мұғжиза: Пайғамбарлардың пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін Алланың жәрдемімен көрсеткен таңғажайып істері. Мұғжизалар пайғамбарлықтың құжаты. Пайғамбарлық міндетіне сай көрініс береді. Қарапайым адамдар мұндай таңғажайып нәрселерді жасай алмайды, мұғжиза көрсете алмайды, оған күштері жетпейді.

Мұғжизакөрсету-пайғамбарларға тән. Алланың қалауы әрі құдіретімен іске асады.

Барлық пайғамбарлар пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін мұғжиза көрсеткен, иман келтірмегендерді осылайша әлсіздіктерін мойындатқан.

Керемет: Алланың жәрдемімен әулиелер көрсететін таңғажайып оқиғалар. Мұндай таңғажайып оқиғалар Алланың әулие құлдары үшін керемет, ал пайғамбарлары үшін мұғжиза деп аталады.

Ахырет күніне иман :

Иман шарттарының бесіншісі “ақырет күніне иман келтіру”. Адамзаттың және басқа жаратылған тіршілік иелерінің соңы болғанысияқты, өмір сүріп жатқан әлеміміздің де бір күні соңы келеді. Алланың тағдыр етіп жазған уақыты келгенде Исрафил періште “Сур” деп аталатын нәрсені үрлейді, осыдан шығатын қорқынышты дыбыстың әсерінен (Алланың қалағанынан басқа) барлық тіршілік иелері өледі, жермен жеті қабат көк жүйесі бұзылып әлем жаңа бі рбейнеге кіреді.

Қиямет деп аталатын бұл оқиғадан біраз уақыт өткеннен кейін Алланың бұйрығымен Исрафил періште екіншірет “сурды” үрлейді. Барлық адамзат қайтадан тіріліп, “Махшар” делінген алаңға жиналады. Бұл жерде барлық адам Алланың құзырына шығарылып, дүниедегі істері үшін есепке тартылады. “Кираман, Кәтибин” деген періштелер тарапынан жақсылық пен жамандықтары жазылған “Амал дәптерлері” пенденің қолына беріледі. Әркім дүниеде не істегенін амал дәптерлерінен көретін болады.

Дүниеде ашық, жасырын істелген барлық күнәлар анықталады. Жақсылықтар мен жамандықтар асқан мұқияттылықпен әділеттік та-разысына тартылады. Сонда адам баласы дүниеде істегендерінің қай-тарымын көреді.

Адам дүниеде не еккен болса, ақыретте соны орады. Алланың әділеттілгі орындалып, әркімге өз ақысы беріледі. Ешкім әділетсіздікке ұшырамайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иман туралы түсінік
Исламның сенім негіздері
Қазіргі кездегі діндер және ислам дінінің пайдасы
Дін
Аллаға иман
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Фикх-ул-әкбардан үзінді
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Тафсир пәнінен лекциялар жинағы
Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz