Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
1. І.ЖАНСҮГІРОВ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1 І.Жансүгіров өмірбаяны
1 .2 І.Жансүгіров өлендері
2. І.ЖАНСҮГІРОВ ӨЛЕНДЕРІНДЕГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ.
2.1 Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармалары
2.2 І.Жансүгіров өлендеріндегі эстетикалық тәрбие.
3.ҚОРЫТЫҢДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. І.Жансүгіров өміріне жалпы шолу
1.1 І.Жансүгіров өмірбаяны
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 май күні қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу
ауданының бұрынғы төртінші аулында туды. Ілияс шешесінен жастайынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап -ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөніріне мейлінше жетік болыпты. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинапты. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйретті. Сондықтан Ілияста әкесіндей әрі етікші, әрі ұста, әрі әнші, домбырашы болған. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таныды. Осының өзі Ілиясты әдебиетке қызығуы мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуына көп көмегін тигізді. әкесінен көптеген қызықты әңгімелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызды. Айналасындағы болып жатқан неше алуан өмір құбылыстары да баланың байқағыштық назарынан тыс қалмаған еді.
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Барма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты қырға түріп жүрген кезім.дейді.
Әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен де қанағаттанып қоймай 1905 жылы жергілікті жерделі Қарағашта ашылған орталай мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап өлең жазумен айналысады. Ілиястың алғашқы қызметі халық азарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сондықтан ол Жалпы жасқа деген өлеңімен ұран тастап:
Әйел, еркек, жалпы жас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!
Жаңбырлы жазғы жапырақтай,
Көркей, көгер, гүлің аш!
Оқы, орталас, ұйымдас!
Бірік, бірлес, жиыл жас!
Жиылатын күн жетті,
Қайтып ұйқың қиылмас!..
деп, ел арасына, қарамағында оқуда жүрген жас өспірімдерге үгітжүргізеді.
Ілиястың бұл кезде мол еңбек еткен соншалық, бас аяғы он шақты жылдың
ішінде жиырмадан астам кітабын бастырып шығарды. Ақын бұл тұста коллектив болып біріккен қазақ аулын, құлазыған қыр суретін өзгерткен альп өндіріс орындарын, бесжылдықтар туғызған толып жатқан жаңалықтарды өз жырының өрнекті арқауы етті. Қазақ балалар әдебиетінің іргесін қалаушылардың бірі болған ірі талант иесі Ілияс Жансүгіров 1938 жылы қайтыс болды.
1 .2 І.Жансүгіров өлендері
Алғашқы өлеңдері Тілші, Кедей еркі, Лениншіл жас газеттерінде, Жаңа мектеп, Әйел теңдігі журналдарында жарияланады. 1927 жылы Беташар атты үгіт өлеңі, 1928 жылы Сағанақ деген тұңғыш кітабы шығады.
Халықтың қалың ортасынан қайнап шыққан қажырлы таланттың мол, өнімді еңбегінің берекелі жемістеріне таң қаласың.
1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саларында жиырма- дан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, Дала, Күй, Күйші, Құлагер поэмалары, Жолдастар романы, Кек, Түрксіб, Иса- тай -- Махамбет пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.
1928 жылы журналистика институн бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров Еңбекші қазақ газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, КСРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М. Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қаладырған.

Бұл өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап
сипаттайды.
Ыстық көл жер айнасы мөлдірейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Аттанған алты өзені Жетісудың,
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді...
Ақын бұдан ары алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипати мен ерекшелігін оның халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдыңа келтіреді.
Шу әне, тауды тартып, шыққан шулап,
Ойнақтап, ырғи жосып таудан тулап.
Асқардан ақтарылған ақ емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап
деп одан әрі бұл жерді ерте заманнан бері қарай осы күнге дейін қазақтың қай тайпасы, қай елі мекен еткені баяндалады. Мұның өзі өлке танумен қатар бірталай тарихи мағлұматтарды білуге де септігін тигізеді. Табиғат сырын білуге құмарта, есі кете көңіл қоятын жас өспірімдер мұндай өлеңдердің әрбір жолын қызыға тыңдайды. Үлкен суреткердің көреген көзімен берілген табиғат образы көңіл-күйін білдіріп, адам сезімін терең оймен астаса береді.
Шымырлап іле қайнап құмды кезген,
Қыс қақпан, ұйық, дойыр, долы безген.
Алыстан араб көшкен керуендей,
Тоң мойын, томсарулы тұнжыр көзбен.
десе, Шелек өзені жайында мынадай суреттеулерді көреміз:
Арқырап асау Шелек орыпты тас,
Бурадай бұлқынады көк ала бас.
Ол баста күн шығысқа шыға шауып,
Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.
Ілияс Жансүгіров балаларға өлке таныту мақсатымен Жетісудың өзендері мен көлдерін, тау-тастары мен жәндіктерін суреттесе, Жер түгі деген өлеңінде шығатын ағаштар мен өсімдіктерді тізбектеп өтіп, осылар арқылы балалардың табиғат тану қабілетін жетілдіре білуге көмектеседі.
Ағашта өзің білген қарағай, тал.
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шатен, ырғай, арша.
Ақ сасық, қызыл қайың, арша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен.
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар.
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шатен.
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар.
Қараған, бозторғай, шеңгел, шілек.
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Адамның күші өзінің ақылында деп бағалайтын болсақ, онда осынша табиғат байлықтарының бәрі де соның игілігіне жұмсалатын дайын ас. Егер адам баласы табиғаттың осындай бай мұрасын өзінің білімдігімен пайдалана білсе, қойнындағы бар асылын адам игілігіне ақтарып салатындай шек жоқ. Ілияс жаратылыс байлықтарын суреттеумен қатар, соларды қадірлеу, күту, оны халық игілігіне пайдалана білуін жас өспірімдердің естеріне салады. Сонымен қатар жаратылыс байлықтары мен оның құпиясын суреттейтін және соны халық игілігіне асыратын маман кадрлар шығуына бағыт сілтейді. Табиғат байлықтары мен оның көрікті суреттерін суреттеуде ақынның алға қойған мақсаттары осындай идеяны көздейді.

2. І.Жансүгіров өлендеріндегі эстетикалық тәрбие.
2.1 Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармалары
Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармаларының қамтыған үшінші үлкен тақырыбы - еңбек тәрбиесіне арналған. Бұл Ілиястың 1929 жылы Ташкентте, Алматыда басылып шыққан Малта, Шәркей деген суретті кітапшаларынан көреді. Бұл кітапшалар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Жазушы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы өте айқын және нақтылы болатынын ескерте отырып психологиялық ерекшеліктеріне тән материалдарды қызықта да күлкілі етіп, солардың өздеріне тарту екен. Малтада, Шәркей де еңбек процесінен шыққан еңбек жемісі екенін балаларға көптеген мысалдар келтірумен дәлелдейді.
Малтаның жасалу процесін ақын балаға былай түсіндіреді:
Жайылып келіп толтырған Ауыздарын қомпайтып,
Қоңырша қойдың сүті едім.Көбігімді ұлы алды.
Қатын қақтап сауған соң,Қаймағымды қызы алды.
Шелекте қалып бүркендім.Қаспағымды мысығы.
Пісірді де түсірді.Жуындымды күшігі...
Тостағынан томпайтып.
Малтаның өзінен өзі бірден жасала қоймайтынын, оның осындай қиын процестері бары, оған аналардың көптеген еңбек сіңіргені балаға жүйелі түрде айтылады.
Айран беріп балаға,Пісіп-пісіп толқыды,
Құя салды сабаға.Бетімде май күлкіді.
Тентек піскек түскен-ай,Қылшықтарын шайқады,
Күлдір-күлдір піскені-ай Тұзын татып байқады...
Бала өзі байқаған осындай әрбір құбылыстың мән-жайы, оның себептерін, осы процестің бәріне белгілі бір уақыттың кететінін, оған бірталай еңбек жұмсалып жатқанын да түсіне бастайды.
Серең сирақ сөреге,
Жайып қойды өреге.
Өреде күннің өткені-ай,
Шақылдап шекем кепкені-ай.
Ақын Малта өлеңінде тіпті құртты жасау үшін де көп еңбек жұмсалатынын пайымдайды. Мұндағы ақын мақсаты құрттың жасалу жолын үйрету емес, соған жұмсалатын еңбек процестерін таныту. Мектеп жасына дейінгі балалар осы махзмұны, тілі түсінікті әрі жеңіл, әрі қызықты, сонымен қатар ұйқасымы, ырғағы жақсы өлеңдерді тез жаттап алады да, ондағы сөз байлығын өздерінің күнделікті сөйлейтін лексикасына айналдырып жібереді. Осыған сәйкес сөз тізбектерін құрастыра сөйлеуге дағдылана бастайды, бұл өлеңді балалар оңай түсінетін тағы бір ерекшелігі - мұндағы кездесетін Өре, саба, піскек, шүйке, шуда сияқты қазіргі кезде қолданудан шығып бара жатқан қиын атаулардың бәрі де көрнекі етіп, суреттеумен берілген. Шынында да жұмыстың біржағын баланың өзіне істетіп оны еңбек процесінде араластыруы және өзінің сол жұмыстың тезірек орындалуына қызықтырып қою жазушының аса шеберлігін білдіреді.

2.2 І.Жансүгіров өлендеріндегі эстетикалық тәрбие.
Ілияс Жансүгіровтің Жолдастар романы - ұлттық тарих пен қазіргі қоғам өмірінің маңызды сәттерінің көрінісі, жеке тағдыр мен тарих барысының арасындағы үзілмейтін байланыс, характерлер мен сюжеттің әлеуметтік-тарихи дәлелдемесі, сюжеттік оқиға байлығы. Сонымен қатар, кейіпкердің ішкі әлеміне назар салу секілді қазақ романдарының одан арғы дамуының жалпы үрдісін айқындады.
Шығарманың өзекті идеясы - халықтың теңдік пен бостандық үшін ұлы күрес жолын бейнелеу. Бұл шығармада халық өкілдерінің образдары жасалған. Жазушы романында бірқатар жас жігіттердің тағдырын түйістіріп, олардың шым-шытырық өмір жолының революция жолына әкелгенін баяндаған. Сондықтан да роман Жолдастар деп аталған.
Оқиғалар негізінде І.Жансүгіров аласапыран жылдардағы қазақ ауылы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденісті кең бейнелейді. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, психологиялық толғаныстар жазушы реализмнің байлығын, суреткерлік құлашының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен, дәуірмен қабаттаса өзгеріске ілеседі, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Ол орынды бірі тауып, бірі таба алмай жатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің оянуға ұмтылысын аңғартады.
Ілияс шығармаларында адам болмысы, адам тәрбиесі мәселелерін қалай шешкендігін түсінуге көмектесетін М. Дүйсеновтың Ілияс Жансүгіров монографиясында [2] ілиястану тарихына қысқаша шолу жасалады. Ақын шығармашылығының, кейіпкерлерінің орыс оқырмандарымен танысу жолдары сипатталады. Кітапта Ілиястың тарихи, философиялық көзқарастарының тегі талданып, ақынның өзіне дейінгі қазақтың қоғамдық ойынан нәр жинау арқылы қазақ қоғамының рухани дамуына жасаған пәрменді ықпалы зерттеледі. Қаламгер өскен тарихи орта, оның дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен факторлар зерттеу еңбекте жан-жақты сипатталады.
Жансүгіров кейіпкерлері өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тағдырларының тарихи жағдайға тікелей байланысты екенін түсініп, әлеуметтік өмірге біржола араласып кетеді. Суреткер адамдардың шиеленіске толы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Ілияс Жансүгіров еңбектері
Қазақтың қайсар Үш Арысы
Ілияс Жансүгіров. Абай кітабы
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Оқушыларға поэманы оқыту
Ілияс жансүгіров және сөз өнері
Қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасуы
Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Пәндер