Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I . ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ ПӘНІ

1. 1 Балаларды табиғатпен таныстыру . . . 5

1. 2. Серуен дегеніміз не? Серуеннін мақсат, міндеттері . . . 7

II. ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРМЕН СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1. Табиғатпен таныстыру кезінде серуенді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі . . . 10

2. 2. Табиғатпен таныстыруда серуенді ұйымдастыру тәсілдері . . . 13

2. 3. Серуен арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27

ҚОСЫМША . . . 28

КІРІСПЕ

Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Сондай-ақ, философтар қоршаған дүние, яғни табиғат құбылыстарының қарым-қатынасы, адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінін қарастырған. Философтардың ойпікірлеріне сүйене отырып, біз баланың байланыстырып сөйлеуі оны қоршаған дүниеге деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деген тұжырымға келдік. Психологтардың зерттеулерінде жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретіні ғылыми негізде дәлелденген. Баланың тілдік сезгіштік қасиеті балалардың мектепке дейінгі және мектептің бастауыш оқыту кезеңдерінде өз ана тілінің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып отырады. Тіл арқылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әр түрлі екендігі белгілі. Яғни, күнделікті көру, есту, сөйлеу қабілеті практикалық жұмыстармен байланысты дамиды. Біз қабылдаған заттар мен құбылыстар санамыздан ізсіз жоғалып кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, заттар мен құбылыстардың біздің көз алдымызда жоқ кезінде де оймен қайта жаңғыртып отырған олардың бейнесі елес (еске түсіру) болып табылады.

Балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.

Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Табиғатпен таныстыру кезінде серуенді ұйымдастыру арқылы табиңғатты, қорғауға, көркейтуге, өсімдіктерді, жан-жануарлар дүниесін баптап күтуге, өсімдіктерді жұлып тастамауға үйрету күнделікті әрекеттері болуы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты : Табиғатпен таныстырудағы серуенді ұйымдастыру арқылы табиғатты қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт-бағдар беріп, нығайта, білім мен тәрбиелерін жетілдіре, табиғатын аялап, сақтауды, қастерлеуді қалыптастыру керек.

Курстық жұмыстың міндеті:

•Балабақшада білім беру әдістерін тиімді қолдану;
•Мектеп жасына дейінгі балаларды әдіс-тәсілдер арқылы табиғатты тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

•Қоршаған ортаны аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Зерттеудің нысаны: Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбие беру мәселесі.

Зерттеу пәні : «: Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі»

Зертеудің болжамы: Табиғатпен таныстыру кезіне серуенді ұйымдастыру арқылы көркемділік, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.

Зертеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- мақсатына жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын- ала анықтау;

- әрбір тәрбие ісінің баланың жағымды мінез - құлқын, адамдық қасиеттерін қалаптастыратындай ықпалды болуын кадағалау;

- тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгерту;

- тәрбис жұмысының мазмұны күнделікті іс- әрекет барысында серуенде, күннің екінші жартысындағы жұмыстарда және кешкі жұмыстарда жалғастырылып, тиянақталады (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескеріледі) .

Зерттеу көздері: Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулықты сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Зертеудің практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар

Зерттеудің базасы: Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қожа ауылы, « Науырзым орта мектебі»

Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

I . ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ ПӘНІ

1. 1 Балаларды табиғатпен таныстыру

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.

Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Адам табиғат пен өмірдің бар өызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген. Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі.

Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен
іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен
тәсілдерді қолданады. Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші
көптеген әр түрлі әдістерді қолданады. Мысалы, әңгімелесуді
бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол обьектіні балаларға
жақындатады, білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін
кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі
әр түрлі тәсілде қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру - бақылау
кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады,
бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де
қолданылады;
Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн.

Мұндай әдістерге:

  • бақылау,
  • эксперимент,
  • еңбек,
  • ойындар жатады.

Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген - әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи обьектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінің әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу бағдарламаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен обьектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақталған тәжірибесіне байланысты анықталады

1. 2 Серуен дегеніміз не? Серуеннін мақсат, міндеттері.

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа - райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Көрнекті психолог С. Л. Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс - тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну - танып білу - жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Төменде берілген серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тәрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға, серуенді дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Серуен - мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.

Серуеннің мақсаты - бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.

Серуеннің міндеті:

  • Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру;
  • Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру;
  • Баланың қимыл белсенділігін арттыру;
  • Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету.

Серуен түрлері (өтілу орнына қарай) :
1. Балабақша аумағында;
2. МДМ - нің территориясынан аулаққа жаяу серуен (ересек топтар 2 километрге дейін)

Балалар киіміне қойылатын талаптар

  • Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыссылап немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек;
  • Температура +3 тен - 3°С аралығында болған жағдайда баланың киімі (іш киімді қосқанда) 3 қабаттан тұруы қажет. Сырт киім жылы күртеше, шалбар немесе гамаж; аяқтарында жылы бәтеңке;
  • Температура - 4 пен - 10°С аралығында болған жағдайда балаларға қысқы қалың күртеше мен 3 қабатты киім болуы шарт.
  • Температура одан төмен болған жағдайда киім қабаттарын 4 - 5 - ке дейін, киім жылылығына қарай көбейту қажет.
  • Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет. Серуеннің мазмұны1. Бақылау; 2. Еңбекке баулу; 3. Қимыл белсенділігін арттыру: қимылдық, спорттық ойындар мен жаттығулар; 4. Баламен жеке жұмыстар5. Балалардың өз бетінше әрекеті

Жоғарыда атап өткендей, мектепке дейінгі мекемеде серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте (І кесте) арқылы талдау әдіскердің де, тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап қойылып отырғанын біледі, және серуенді жоспарлағанда жан - жақты ескеріп отырады. ІІ кестеде көрсетілгендей тараулар бойынша әдіскер серуенді талдағанда серуеннің барлық бөліктері ескеріледі. Серуен соңында қорытындыланып, ол қорытындымен тәрбиеші танысады және әдіскер ұсыныстар береді. Осылайша дұрыс ұйымдастырылған серуен баланың жан - жақты дамуына ықпал етеді.

II. ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРМЕН СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Табиғатпен таныстыру кезінде серуенді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Балаларды табиғатпен таныстыру үшін серуен кеңінен пайдаланылады. Ол балалардың бойында табиғаттың ұзақ уақытқа созылатын құбылыстары туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Балаларды тәрбиелеу жұмысы тоқтаусыз жүргізілетін үрдіс. Серуен кезінде балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысы үрдісінде оларды жан-жақты және үйлесімді дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар. Серуен жыл бойы күнделікті жүргізіледі. Балалар бақшаға келген сәттен бастап жаз мезгілінде барлық уақытын дерлік таза ауада өткізеді, топ бөлмесіне ас ішу мен ұйықтау үшін ғана кіреді. Қыс мезгілінде ауа температурасы -15 С-ден төмендегенде немесе қолайсыз ауа-райында, бұрқасын кезінде ғана серуендеуге шықпайды. Бақылау жүргізу- серуеннің басты құрамдас бөліктерінің бірі. Оқу әдістерінің бірі болып табылатын серуен баланың жан-жақты дамуында үлкен рөл атқарады. Бақылау жүргізу барысында заттық түсініктер жинақталып, ұғымдар қалыптастыруға қажетті материал береді. Бақылау жүргізу балалардың санасын жаңа біліммен байытады, оны қоршаған әлемді біртіндеп танып білуге жол ашады.

Серуен кезінде балаларды өз ойыншықтарын жинату, ойын алаңын тазалау үрдісінде еңбекке де баулимыз. Балалардың еңбек әрекетін де серуен құрылымындағы дербес құрамдас бөліктердің бірі деп есептеу керек. Тәрбиеші балалардың серуендеуі үрдісінде алуан түрлі қимылды ойындар ұйымдастырады. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтардың болуын ойластырады. Бұған қоса, ағаштарды, бұталар мен гүлдерді, жануарларды (дыбысына, ізіне қарап және т. с. с) айыра білуге бағытталған әртүрлі ойын- жаттығуларды, желдің күшімен қозғалысқа келетін ойыншықтармен ойналатын ойындарды кеңінен пайдаланады. Жылдың жылы мезгілінде оның белсенді қимыл жасау тілегі толығымен орындалады. Серуен қызықты өту үшін тәрбиеші оның барысында өлең, жұмбақ, мақалдарды, ойындарды, ойын-тапсырмалары мен тәсілдерді тиімді пайдалануы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай балабақшадағы серуенді ұйымдастыру
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫМЫ
Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру және оны өткізу әдістемесі
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектепке дейінгі балаларға топсаяхаттың танымдық және тәрбиелік мәні
Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі
Балаларды зерттеуде тәрбиешінің қолданатын педагогикалық зерттеу әдістерін анықтау
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz