Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Балаларды табиғатпен таныстыруда көркем шығарманы таныстыру ерекшеліктері»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I . БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ
1. 1 Балаларды табиғатпен таныстыру пәні және оның міндеттері . . . 5
1. 2. Балаларды табиғатпен, қоршаған ортамен таныстырудағы пайдаланылатын әдіс-тәсілдер . . . 6
II. БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ҚОЛДАНУ
2. 1. Балаларды табиғатпен таныстыруда көркем шығармаларды пайдалану . . . 11
2. 2. Балаларды табиғатпен таныстыруда көркем шығарманы таныстыру ерекшеліктері . . . 14
2. 3. Табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімді әдістері . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25
ҚОСЫМША . . . 26
КІРІСПЕ
Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен
іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен
тәсілдерді қолданады. Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші
көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әңгімелесуді
бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол обьектіні балаларға
жақындатады, білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін
кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі
әр түрлі тәсілде қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру - бақылау
кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады,
бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де
қолданылады. Табиғат құбылыстары мен оның жеке заттарының басты ерекшеліктері мен қасиеттерін қабылдау барысында баланың байланыстырып сөйлеуін жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Осының негізінде баланың танымдық әрекеті дамиды, ойлауы сөздік-логикалық формадан жалпылау формасына ауысады. Баланың әңгімелеу, сөйлем құрау қабілетіне қарай байланыстырып сөйлеуі дамиды. 6 Бала тілін дамыту туралы еңбектерді талдау нәтижесінде қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру мәселесінің ғылыми- теориялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналмағандығы белгілі болды. Әр баланың өзін қоршаған дүниені танып-білуі олардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатыны анық. Бірақ мектепалды даярлық топ балаларының байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды қоршаған дүние (табиғат құбылыстары) негізінде жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.
Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Сондай-ақ, философтар қоршаған дүние, яғни табиғат құбылыстарының қарым-қатынасы, адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінін қарастырған. Философтардың ойпікірлеріне сүйене отырып, біз баланың байланыстырып сөйлеуі оны қоршаған дүниеге деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деген тұжырымға келдік. Психологтардың зерттеулерінде жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретіні ғылыми негізде дәлелденген. Баланың тілдік сезгіштік қасиеті балалардың мектепке дейінгі және мектептің бастауыш оқыту кезеңдерінде өз ана тілінің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып отырады. Тіл арқылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әр түрлі екендігі белгілі. Яғни, күнделікті көру, есту, сөйлеу қабілеті практикалық жұмыстармен байланысты дамиды. Біз қабылдаған заттар мен құбылыстар санамыздан ізсіз жоғалып кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, заттар мен құбылыстардың біздің көз алдымызда жоқ кезінде де оймен қайта жаңғыртып отырған олардың бейнесі елес (еске түсіру) болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қоршаған ортаны таныстыруда көркем шығармаларды қолдану арқылы адамның тұрмыстіршілігіне, жан-жануарлар дүниесіне олардың өмір сүруіне қажетті тіршілік
әлеміне тығыз сабақтас табиғат дүниесін аялауға, оны қолдан жасауға, көркейтуге,
өсімдіктерді, жан-жануарлар дүниесін баптап күтуге, өсімдіктерді басып-жаншып,
сындырмауға, өзен-көл суларын ластамауға, айналадағы қоршаған ортада тазалық
сақтау сияқты адамға байланысты экологиялық адамгершілік әрекеттердің
қалыптасуы балалық шақтан оның ой-санасына орнықтырып, күнделікті ісәрекетінде орындауға тиісті міндеттердің бірі болуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Экологияны, қоршаған ортамен таныстырудағы көркем шығармаларды таныстыру арқылы табиғатты қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт-бағдар беріп, нығайта, білім мен тәрбиелерін жетілдіре, табиғатын аялап, сақтауды, қастерлеуді қалыптастыру керек.
Курстық жұмыстың міндеті:
•Балабақшада білім беру әдістерін тиімді қолдану;
•Мектеп жасына дейінгі балаларды әдіс-тәсілдер арқылы табиғатты тануға деген қызығушылықтарын арттыру;
•Қоршаған ортаны аялап, қорғауға тәрбиелеу.
Зерттеудің нысаны: Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбие беру мәселесі.
Зерттеу пәні : «: Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі»
Зертеудің болжамы: Табиғатпен таныстыру кезіне көркем шығарманы таныстыру арқылы көркемділік, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Зертеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу;
- мақсатына жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын- ала анықтау;
- әрбір тәрбие ісінің баланың жағымды мінез - құлқын, адамдық қасиеттерін қалаптастыратындай ықпалды болуын кадағалау;
- тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгерту;
- әр түрлі іс- әрекеттер барысында тәрбиешінің басшылығы баланың ойлауына, қабілетіне, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне толық мүмкіндік жасау;
- апта бойындағы тәрбие жұмысының нәтижесі жинақталып, халық педагогикасы негізінде әрбір жұма күндері түрлі жолдармен қорытындыланып отыруы қажет.
- тәрбис жұмысының мазмұны күнделікті іс- әрекет барысында серуенде, күннің екінші жартысындағы жұмыстарда және кешкі жұмыстарда жалғастырылып, тиянақталады (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескеріледі) .
Зерттеу көздері: Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулықты сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Зертеудің практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар
Зерттеудің базасы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, «Балдырған» балабақшасы.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
I . БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ
1. 1 1 Балаларды табиғатпен таныстыру пәні және оның міндеттері
Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.
Балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
Атап айтқанда:
-педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады. Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
1. 2 Балаларды табиғатпен, қоршаған ортамен таныстырудағы пайдаланылатын әдіс-тәсілдер
Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен
іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен
тәсілдерді қолданады. Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші
көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әңгімелесуді
бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол обьектіні балаларға
жақындатады, білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін
кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі
әр түрлі тәсілде қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру - бақылау
кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады,
бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де
қолданылады; Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн.
Мұндай әдістерге:
- бақылау,
- эксперимент,
- еңбек,
- ойындар жатады.
Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген -
әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи обьектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері
кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінің әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу бағдарламаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен обьектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақталған тәжірибесіне байланысты анықталады.
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс-тәсілдер
Жоспарлаудың жалпы мақсаты
- балабақшадағы тәрбиелеу бағдарламасының
жүзеге асырылуы. Сондықтан әр бөлінген уақыт алдыңғы қорытындыдан және
келесі жұмыс міндеттерін есепке ала жоспарлану керек. Табиғатпен таныстыру
жұмысының жоспарлануына сәйкес материалдық жағдайдың тууы - табиғат
бұрышы, бау-бақша гүлзарлардың және табиғаттағы ойын мен еңбекке қажетті
құралдар, білім берудегі техникалық құралдар және т. б. Жоспарда жұмыстың
әртүрлілігін қарастырады. Олардың қажеттілігі табиғат құбылыстарының және
обьектілердің . көптігімен анықталады. Сабақ, экскурсия, еңбекті барлық
балалармен бақылау, сонымен қатар дербес бақылау топқа немесе кішкене
топтарға берілетін табиғат мүйісіндегі бау-бақшадағы, гүлзардағы ойындағы
еңбек тарсырмалары. Әр-түрлі формада еңбекті жоспарлау тәрбиешіге
балаларды тәрбиелеудегі міндеттерді шешуге көмектеседі. Табиғатпен
таныстырудың жұмыс жоспарлары меңгерушінің жылдық жоспарында, жыл
маусымына құрылған тәрбие жұмысының перспективті жоспарында, 10 күнге
құрылған күнтізбелік жоспарында жүзеге асырылады.
Табиғат құбылыстарын бақылауға көңіл қою жолына төмендегі тәсілдер ұсынылады. Бақылаудан кейін балаға көзін жұмып жаңа ғана нені көргенін көз алдына елестету, содан соң көзін ашуын және нені жете көрмегенін нақтылау ұсынылды. Ауызша сипаттамаларды тыңдау, бақылау материалдары бойынша жасалған суреттерге талдау жасау - тиімді тәсілдердің бірі. Ойша немесе заттың өзіне қарап салынған ақ-қара түсті суреттерді баланың бақылаған бейнені санада бекітудің жақсы тәсілі ретінде қолданады. Бақылаулардың тиімділігін арттыру үшін балалардың бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне жаздырып отыру қажет. Ол үшін суреттер мен тапсырмалар пайдаланануға болады.
Бақылау - балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырудың жетекші әдісі, сонымен бірге тәрбиеші басшылық жасайтын табиғатты танудың негізгі құралы. Бақылау - мақсатты қабылдау, ол сезім және ақыл-ой тұтастығын табатын күрделі танымдық үрдіс. Балалардың қабылдауы, көру, есту, иіскеу, тыңдау, сезу сияқты танымдық процестер көмегімен жүзеге асады. Бақылау арқылы қабылдау сөзді белсенді пайдалануға негіз болып, оның ойлау, ой қорыту үрдісімен жалғасады. Тәрбиешінің табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі болып табылады. Объектіге және балалардың жас ерекшелігіне байланысты бақылау қысқа (ұзақтығы бірнеше минут) және ұзақ (бірнеше күн немесе тіпті апта бойына) болуы мүмкін. Ересектер топтарында өткізілген бақылауларда балаларды табиғат құбылыс-тарымен таныстыру кезінде әңгіменің өзегі жекелеген құбылыстар емес, бүтіндей табиғаттың тұтастығын оның маусымдық өзгерістерін, байланысын саналы түсінуге жетелейтіндей деңгейде жүргізіледі. Табиғат құбылыстарына бақылаулар жасау кезінде әсіресе табиғатта болып және байқап көруге мүмкіндік туғызатын құбылыстарды бақылауды таңдаған дұрыс (сүңгі, көктайғақ, нажағай, т. б) . Осы арқылы бірінші кезекте баланың танымдық қабылдауын жүзеге асыру қарастырылады. “Көктайғақ қалай пайда болды?”, “Оның адам өмірінде қандай қауіпі бар?” т. б. сұрақтар арқылы балалардың дұрыс қабылдауы жүзеге асырылады. Бақылау ізденістік сипатқа ие болды, балалар құбылыстың себебін табуға тырысуды, салыстыруға, қорытынды жасауға төселеді.
Қарапайым тәжірибелердің көмегімен балаларға судың қатуын, қар мен мұздың суға айналуын, кемпірқосақтың жасалуын және басқаларды көрсетуге болады. Мысалы: “Толқынның жасалуы”. Легенге суды құйып, балаларға қолды суға салып, онымен жан-жаққа қозғауды ұсыну керек. Олардың назарын су толқынының қалай пайда болатынына аудару керек. Егер қолмен қаттырақ қозғалтса, толқынның қозғалысы жылдамдайды. Кемпірқосақтың жасалуы. Арқаны күн жаққа қаратып тұру және пульверизатордан немесе шлангтан суды шашырата себу. Көктайғақ секілді құбылыстармен таныстыру кезінде көшедегі машиналардың жүрісіне бақылау жасалады. Мұз үстінде машинаны бірден тоқтатудың қиындығын балалар бақылау кезінде көріп біледі. Балабақша жер үлескісіндегі жолдың бір бөлігіне су құйдық, ол мұз болып қатты. Содан соң балалар оның үстімен жүрудің қиын екенін, аяқ тайғанап, жығылып қалуға болатынын бақылауды тапсыру керек. 20 Жер үлескіде немесе жақын жердегі табиғат қоршауында бақылау жасау үшін барынша оңтайлы жер таңдап алдық. Балаларды бәрінің де бақылауына қолайлы болатындай етіп орналастыру қажет. Бақылаудың алдында, әсіресе, ол бірінші рет жүргізіліп отырғанда, сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге асықпау керек. Балалардың өздігінен қарап алуына (1-2 минут) мүмкіндік беріп, табиғи қызығушылығын қанағаттандыруға болады. Бақылауды белгілі бір жүйемен жүргізген тиімді. Табиғаттың найзағай секілді құбылысына бақылауларға жетекшілік жасай отырып, назарды бүкіл қоршаған табиғатқа аударған жөн. Содан соң аспанның түсін, найзағай мен күн күркіреуінің жүйелілігін, көшедегі адамдар мен малдардың сақтануын айқындауға болады. Мұндай жүйелілік қажет, оның себебі мектеп жасына дейінгілердің бір нәрсеге назар аударуының орнықтылығы әлі жеткіліксіз, көп жағдайда еркінен тыс болады. Алайда бақылаудың соңында бақылау барысында қалыптасқан ұғымдарды ретке келтіруге тырысу керек. Мектепалды даярлық топ балаларын біз табиғаттың найзағай, көктайғақ, қарлы боран, құмды боран, жауын тасқыны сияқты құбылыстарымен таныстырумыз қажет. Ол үшін ең алдымен балаларға осы құбылыстар жайында берілетін білім мен ережелер көлемін және мазмұнын айқындау қажет. Әрбір құбылысқа байланысты оның қауіпті жақтарын және сақтану жолдарын түсіндіруді де мақсат етіп қоямыз. Бұл арқылы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
Экскурсия
- балалар табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында т. б. табиғатпен танысатын әдіс түрі. Экскурсиялар сабаққа арналып бөлінген сағаттарда жасалады. Экскурсияда белгілі бір бағдарламалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті (экскурсияның күнделікті серуендерден айырмасы - осы) . Экскурсиялардың тәрбиелік-білімдік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Экскурсия жасайтын жерді
таңдап алу онын, міндеттеріне, балалардың жасына байланысты. Балалар
бақшасы манына экскурсиялар естияр, ересек және мектепке даярлық
топтарымен өткізіледі. Сәбилер тобымен жылдық тек екінші жартысынан
бастап, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі жер учаскесінің
табиғатын бақылау көгалға, паркке (орманға) аз уақыт экскурсиялар жасау
ұсынылады. Орын таңдағанда ішкі өрлер мен құламалар кездесетін
жолдардан аулағырақ болуы .
Еңбек әдісі
Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтетінін бақылайды, ал сәбиелердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Сәбилердің екінші тобында мысалы, пиязшықты тәрбиешінің жәрдемімен әр бала отырғызады. Жәшіктерді табиғат мүйісіне қояды. Ортаңғы топта барлығы да тәрбиешінің жекелеген тапсырмаларын орындайды. Ересек топтарда оларды тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден басқа балалар өсімдіктер мен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді.
Сабақ әдісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz