Бала құқығы конвенциясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I . Бала құқығы
1.1 Бала құқығы - басты құңдылықтардың бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .5

II. Бала құқығы туралы нормативті-құқықтық құжаттар
2.1. Бала құқығын қорғау облысындағы халықаралық - құқықтық құжаттар ... ... ... ... ..7

2.2. Бала құқығы конвенциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2

Кіріспе
Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы
Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды. Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім -- анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі -- анасының тегі болады. Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т.б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ен әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады.
Ер балаларга ат кою басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан бірінші кезекте олардың туған ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі. Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары (асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорганшы және қамқоршы органдар, coт, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын киянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды. Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.

I . Бала құқығы
Бала құқығы - басты құңдылықтардың бірі.
Отанымыздың ертеңі де, өркені де - бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Осыны ел болғалы бері тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтып қана қоймай, қолдан келген барлық мүмкіндікті жасап келеді. Мемлекет басшысы өзінің Ұлы дала ұлағаттары атты кітабында ұрпаққа қызмет көрсету сөз емес, істе басым тұру керектігін тарқата келіп: Жастар біздің болашағымыз дегенді жиі айтып жүреміз. Алайда айту бар да, оның мағынасына терең бойлау тағы бар. Бір қарағанда, бәрі де түсінікті. Әйтсе де, солай болуы үшін жұмыс жасаудың мәні тіптен бөлек, деп қадап тұрып айтқаны бар. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы үдеден шығу жолында тиісті жұмыстар атқарып келеді.
Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры - жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақтың басымдығын мойындататын терең моральдық құндылық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. Бұл халықаралық келелі құжаттың елімізде жүйелі жүргізілуі жөніндегі Жарлыққа Елбасы 1994 жылы қол қойған болатын. Сонымен қатар Президент өзінің бағдарламалық сөздерінде бала құқығын қорғау ісіне, жетім және ата-анасының қарауынсыз қалғандардың құқықтарын қорғауға мән беріп, басым шараларды нақтылап берді. Әсіресе балалар үйінде тәрбиеленушілер санын мүмкіндігінше қысқарту, ондағы жұмысты тиімді ұйымдастыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ұлттық деректер қорын құру жөнінде де нақты тапсырмалар жүктеді.
Тәуелсіз еліміздегі қолға алынып жатқан келелі істің бірегейі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған отбасы институтын жетілдіріп, тірлігін нығайту басты міндетке айналды. Біз мұны тиянақты түрде жүзеге асырсақ, тірі жетім болмайды. Айрандай ұйыған отбасы қалыптасады. Жақсы отбасынан жат мінезді ұрпақ өсіп шықпайды. Бұл істе біз балалар үйін және орталықтарды заманға сай ұйымдастырып, қалыптастыруды қолға алдық. Сол орталықтардан бала алуға ниет білдірген ата-аналарды алдын ала дайындау, қиын жағдайға тап болған отбасыларын анықтау, себебін біліп, салдарын жою, ана мен бала құқығын сақтау - айналып келгенде, еліміздің келешегі саналатын барлық ұрпақты кемел етіп өсіру. Бұл істе әрбір ата-ананың, қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың атқарар жұмысы аз емес. Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Отбасының өнегесі - Отан өнегесі деп жазған еді кезінде Бауыржан Момышұлы. Бұл жай ғана сөз тіркесі емес. Зор мағыналы салмағы бар, жанға жылу, қанға қызу беретін сөз, деген еді Мемлекет басшысы. Ендеше болашағымыздың тірегін тәрбиелеуде бүгін кішкентай болғанмен, ертеңгі мықты азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың дәл қазір құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылады. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы

1.2 Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері
Өткен жылдар - Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, оның қазіргі демократиялық, құқықтық республика ретіндегі белгілерін қабылдау уақыты болды. Қазіргі кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендіріліп, жаңадан жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкіндіктер жасалды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық. Азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады
Адам құқығы мен бостандығы қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел.
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субьектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады.
Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты- адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру.
Кез - келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы - балалар. Сондықтан да олардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары кез-келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.
Қазіргі замандағы көптеген елдердің әлеуметтік - экономикалық жағдайының нашарлауы, баланың құқығын қорғау проблемасының актуалдығына алып келді. Экономикалық тұрақсыздық, өндірістің басылуы, өтпелі кезең қиындығы салдарынан жұмыссыздардың саны ұлғайып, халық деңгейінің төмендеуіне әкеліп, тікелей балалардың өмір деңгейіне әсер етеді. Экономикалық факторлардың өзі негативтік моменттер туғызады:
1-ден, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық баланы тұлға ретінде қалыптасуына керекті жағдай жасауға үлкендердің мүмкіншілігін шектейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық куйзеліс пен кризиске шалдыққан көптеген елдерде кіші жастағы балалар, ең бастысы - қамсыз бақытты балалық шақтан мұқтаждық көруде. Кейбір отбасыда ата- аналар балаларын тамақтандыру мен киіндіруге де мүмкіндігі болмайды, олардың үкіметі де көп жағдайда оған назар аудармайды.
2-ден, ата-ананың біреуі ішімдік, есірткі қолданған отбасы жағдайы төмен балалар, көбінесе күйзеліске ұшырайды. Олар балалар көзінше ішімдік ішіп, есірткі қолданып, жанжал шығарады. Мұның бәрі жас баланың психикасына әсер ететіні сөзсіз. Өкінішке орай бұл: балалардың қамқорсыз қалуына, оқуын жіберуі немесе тастап кетуіне, көшеде қайыр сұрауына, қылмыс жолына түсуіне әкеліп соқтырады.
3-ден, адамдар өз болашағының жақсармайтындығын біліп, туып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмейтіндігінен, балалардың болашағына деген жауапкерсіздіктің пайда болуына әкелді. Содан көбіне ата-аналар өз балаларына уақыт бөлмей, тәрбиесімен айналыспайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібінде бала құқығының әлемдегі жағдайының қаралуы жәйдан жәй нәрсе емес. Осыған мысал ретінде, Бас Ассамблеяның 54-нші сессиясын ашқан кезде, Намибияның сыртқы істер министрі Тео-Бен Гурираб, балалар болашағын әлем алдында тұрған негізгі жеті міндеттің бірі деп көрсетті, сондай-ақ күнделікті дүниежүзі бойынша ата-аналардың жауапкерсіздігі мен қатыгездігінен балаларға өлім қаупі төніп тұр деп атап көрсетті. Гурираб мырза БҰҰ-ның жаңа мыңжылдықты халықаралық әлем мәдениеті және балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз онжылдық деп атауды қолдады.
4-ден, кейбір отбасыда балалар өз-өзін асырау үшін өз бетімен жұмыс істеуіне тура келеді. Сол себептен аяғына дейін оқуын жалғастыра алмайды. Бұл болса жарқын болашаққа деген мүмкіншілікті азайтады, ал қазір болса сауатты да, білімді адамдарға сұраныс өте көп. Одан бетер өкініштісі, кедейшілік пен тұрмыс жағдайының жоқтығынан балалардың орта білім алуына, дамуы артта қалған елдерде балалардың тең жартысы бастауыш білім алуына қолы жетпейді. Дүние жүзі бойынша 130 миллионнан аса мектеп жасындағы балалар қандай да болса мектепте оқуына мүмкіншілігі жоқ. Бұл ағымдағы кризистің салдары әлі бірнеше ұрпақтар кезінде өзін білдірері сөзсіз.
5-ден, дамуы артта қалған елдерде балалар ауыр физикалық күш жұмсап, үлкендермен тең дәрежеде қауіпті өндіріс салаларында жұмыс істейді. Мысалға, Малайзияда балалар каучуконос плантацияларында кез-келген уақытта шағып алуы мүмкін улы жыландар мен шыбын-шіркейлерге қарамастан күніне 17 сағат бойы жұмыс істейді. Біріккен Танзания Республикасында балалар мақта жинап, пестицидтармен дем алады. Португалия балалары 12 жастан бастап құрылыс алаңында ауыр да, қауіпті жұмыс атқарады. Балалар еңбегін жаппай қолдану жас өспірімдер арасында кәсіптік аурудың таралуына, баллардың жарымжан және мүгедек болуына әкеліп соқтырады. Бала еңбегіне тиісті шек қою туралы заң қабылданса да, осы күнге дейін буыны бекімеген миллиондаған жас балалар ертеден кешке дейін жұмыс істейді.
6-ден, ата-аналардың, биліктің жауапкерсіздігінен көптеген балалар қылмыс жолына өздері түседі, әлде оларды басқа адамдар еліктіреді, содан бір рет заңды бұзса, қайтадан дұрыс өмірге оралу қиын екендігін, мемлекеттің жас құқықбұзушыларға ешқандай реабилитациялық шара қолданып, көмектеспейтіндігін түсінбейді. Іс жүзінде қылмысты, жағдайы жақсы отбасылардан шыққан балалар жасайды. Олар көбіне есірткі бизнесінде.
7-ден, Өмір жағдайының ауырлығынан балалардың көбі өздері, я ата-аналарының айтуы бойынша жыныстық қатынастарға түседі, ал ол балалардың деперсонализацияға ұшырауына, балалардың санының үлкеюіне, СПИД ауруымен ауыратындардың көбеюіне алып келеді.
Сонымен қозғалған тақырыптың ерекшелігі оның көп қырлығында: балалықты, кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері экономикалық, саяси, рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазіргі жағдайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық бала асырап алу
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы
Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Пәндер