Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

ФИЛОСОФИя және саясаттану ФАКУЛЬТЕТі

педагогика және білім беру менеджменті КАФЕДРАсы

«білім берудегі менеджмент»

пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны

5В011200-Химия, 5В011600 География мамандығы

2 кредит

Алматы, 2019

Алғы сөз

Педагогикалық менеджмент ұғымы жалпы білім беру жүйесін басқаруға байланысты 90 жылдардың аяғында қолданысқа ендірілген. Қоғам талабына байланысты мектептегі басқару жүйесі үлкен өзгерістерге ие болды. Соның салдарынан, басқарушыға жаңа талаптар мен міндеттер қойылып, олардың ұстанатын қағидалары да жаңаша ұсынылды. Шынайы демократиялық басқару жүйесі іске асырылуда. Сондай-ақ басқару ісіне әлеуметтік серіктестік тұрғысынан келу көзделуде. Яғни, басқарушы, басқарылушы, ата-ана, оқушылар араласуда. Бұл дегеніміз қазіргі адамдардың педагогикалық білімдерінің болуын қажет етеді. Болашақ мамандарды даярлауда бұл курс оларды басқару ісінің түрлерімен, тәсілдерімен, қағидаларымен, технологияларымен таныстырады. Педагогикалық менеджмент туралы теориялық білімдерін негіздеп, практикада іске асыруларына көмектеседі.

Әлемдегі заманауи әлеуметтік-экономикалық динамика өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің және қоғамның басқа да салаларының жаңа өлшемдерін (параметрлерін) талап етеді. Әлемдік экономикадағы өзгерістер тез өзгеретін бәсекеге қабілетті ортаға бейімделу қажеттілігін туындатты, адам капиталына, білім сапасына жоғары талаптар қойды. Қазақстан Республикасы, әлемдегі басқа да мемлекеттер секілді, заман талабына сай өзінің білім беру сферасын экстенсивті дамыту жолында. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық білім беру кеңістігіне ену жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан білім беру жүйесіндегі көпсатылы реформалардың қазіргі кезеңі ең алдымен, бүкіләлемдік интеграцияға, оқу жоспары мен бағдарламаларын әлем тенденцияларына сәйкес түзету, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының және сонда дайындалатын мамандардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.

Соңғы жылдары білім беруді жаңаландырудың негізгі тенденциялары оқытудың гуманизация, гуманитаризация, демократизация, децентрализация, дифференциация, индивидуализациясымен сипатталады. Білім берудің ұлттық моделінің қалыптасу мен бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы - ұлттық-мәдениет негізінде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру. Қазіргі уақытта мектептің дамуына кедергі келтіретін жаңа проблемелар пайда болды - ұйымдастырушылық-басқарушылық. Шынымен-ақ, даму үстіндегі мектеп өзге типтегі басшыны - мектепті тек басқарып қана қоймай, оны сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтеруге қабілетті, оқу үдерісін тиімді басқаратын менеджерді - қажет етеді. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндес. Қоғамның басқа салаларымен салыстырғанда білім беру жүйесіндегі жаңа сапалық деңгейге жету мақсатындағы жоспарланған өзгерістер бір сәттік, бір жылдық іс емес екені белгілі. Білім менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Өйткені, білім беру мекемелерін басқарып, оның жұмысын нәтижелі бағытта ұйымдастыру тек қана білікті де, білімді менеджерлердің жетекшілігімен жүзеге асатынын ескеретін болсақ, білім беруді басқарудың қаншалықты маңызды екендігіне айқын көз жеткіземіз. Педагогика ғылымы мен тәжірибесінде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогикалық менджмент сынды күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет

1 Модуль - Педагогикалық менеджменттiң теоретикалық негiздерi

1. 1. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы

Мақсаты: студеттерге менеджмент, педагогикалық менеджменттің қалыптасуының ғылыми теорияларымен таныстыру.

Жоспары:

1. 1 Менеджмент түсiнiгi және басқару теориялары.

1. 2 Білім беру жүйесінің басқарылуы және басқарушыларды даярлау мәселесі.

1. 3 Білім берудегі менеджер қызметінің басқарушылық, жетекшілік сипаты.

1. 1. Менеджмент түсiнiгi және оның мәнi.

“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару - кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы - ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді.

ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған. “Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдар қатынасы теориясының” орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi.

1. 2. Білім беру жүйесінің басқарылуы және басқарушыларды даярлау мәселесі.

Менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түседі.

Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі - мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы - білім мәселелерін шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқык пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде "Білім туралы" заң және бірыңғай мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық, салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлскеттік сипаты "Білім туралы". заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;

- білімнің жалпыға бірдей міндеттілігі, білім беру жүйесінің даярлығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;

- білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

- білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты.

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттің саясатын мемлекеттік білім стандартарын сақтау арқылы жүзеге асырады. Білім стандарты оқу багдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктеме-сінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарының міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шекгелмейді, ол сонымен бірге жеке түлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.

Білім беру саласында мемлекетгік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.

Мемлекеттік басқару органдары - білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің құзырлылық шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы қүжаттардың баламаларын айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т. б. көптеген мәселелерді шешеді.

Осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары басқарушылық білімді курстық қайта дайындау ұйымдары арқылы тек біліктілігін жоғарылату жүйесінде ғана алған еді. Осыған орай кейбір маман-ғалымдардың пікірінше (Т. И. Шамова, В. С. Лазарев, Г. В. Михайлов, М. М. Поташник, Ю. А. Конаржевский, В. П. Симонов, О. Кирилова, В. Ю. Кричевский, П. И. Третьяков, Н. А. Лебедева, В. Терентьев, А. Короткевич, Н. В. Кухарев, В. И. Бондарь, Н. Костылева, А. Кузибецкий, Н. Рождественская және т. б. ), заманауи басшы өзінен-өзі “туа біткен дарындылық” болып пайда бола қоймайды, қысқа мерзімдік оқу курстары нәтижесінде қалыптаспайды, базалық басқарушылық-педагогикалық білімді игеру қажетті. Соңғы кезде дәл осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулер мен мақалалар да жарық көре бастады. Олардың көпшілігінде мектеп директоры қызметінің мазмұны жан-жақты талқыланды, кәсіби білім, білік пен дағдылар жүйесі, тұлғаға қойылатын талаптар қарастырылады, біліктілігін жоғарылату институттарындағы дайындау және қайта дайындау тәжірибелері сипатталған. Сонымен қатар, білім беру менеджерлерін арнайы курстар мен “Білім беруді басқару” мамандығы арқылы экономикалық бағытта дайындау мәселесі жөнінде алғашқы жұмыстар пайда болды (Н. Беляцкий, И. Д. Ладанов, Р. С. Каренов, Поль де Брюйн, В. Н. Чурматнеева, Д. Н. Бобрышев, В. Л. Мокряк, Н. А. Сакада, В. Н. Почтарук, Х. Зидентопф, З. Издебский, Е. Турей, Ю. Н. Голубева, Н. И. Боярко, З. Гельманова, З. Магрупова, Ю. А. Морозов, Ф. Ф. Аунапу, Ю. А. Розенбаум, Е. Голубчиков, С. И. Семенцов және т. б. ) . бірақ бұл жұмыстарда басқару ғылыми-педагогикалық контекстен тыс түрлі аспектіде қарастырылған.

Білім беру мекемесін басқару басқа бір мекемені, кәсіпорынды немесе әлеуметтік ұйымды, басқарудан мүлдем ерекшеленеді. Басқарушылық теория педагогикалық мазмұнмен толықтырылғанда және қойылған міндеттерді шешуге, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеруге, соңында өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие процесі сапасын көтеруге бағытталғанда ғана нақты мәнге ие болады. Сондықтан да, білім беру менеджерлерін басқарушылық-педагогикалық қызметке арнайы дайындалуы тиіс және оларды дайындау педагогикалық білімдер негізінде жүзеге асуы керек. Басқару теориясы саласындағы маман, тұлғаны оқыту, тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтарын терең меңгергені, білгені абзал. Осылайша, білім берудегі болашақ менеджерлерді басқарушылық-педагогикалық қызметке дайындау мәселесінің өзектілігі мектеп пен оның басшыларының жұмысының жаңалануын қоғам тарапынан сұранысқа ие болуы, басқарушы кадрлардың кәсіби деңгейде тамырымен өзгеруі үшін іс-тәжірибе қажеттілігімен, жоғары білім беруде оларды дайындаудың тұтас жүйесін құру қажеттілігін көрсетеді.

Әлемдік менеджменттің теориясы мен практикасының талдауы бойынша, классикалық менеджменттің жетекші принципі адам факторын есепке алу болып отыр. Ғылыми менеджмент саласындағы қазіргі жұмыстарда менеджер - ұйымның ортақ мақсатына жетуде адамдардың біріккен іс-әрекетінің табысты болуын анықтайтын фигура және оған кәсіби білім керек деген пікір ерекше атап көрсетілуде (М. В. Колтунова, В. Царева, А. Блинов, А. Тур, В. В. Мехедов, В. Н. Скворцов, Д. Р. Принбекова, С. С. Хасенова [41], Р. Ф. Тагинцева, Л. А. Шипилина, Е. Н. Гребенюк, Л. В. Журавлева) . Менеджерлерді дайындау барысында менеджменттің теориясы мен практикасын меңгеруге және болашақ басшының жетекші қасиеті ретінде өзін-өзі дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. менеджерлерді дайындаудың білім беру жүйесінің әр мемлекетте (мысалы, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа, т. б. ) әртүрлілігіне қарамастан, кез келген деңгейдегі басшы немесе менеджер берілген қызметке сәйкес келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • білімін үнемі жаңаландыруға ұмтылу;
  • экстремалды жағдайларда шешімді тез әрі дұрыс қабылдауға қабілетті және белгілі дәрежеде тәуекелділікке дайын болу;
  • қажетті коммуникативтілікті игеру, қоластындағылардың психологиясын жақсы түсіне алу, басқаруда кооперативті стильді ұстану;
  • қызметтегі міндеттері мен мекеме дамуының стратегиялық мақсаты арасындағы байланысты түсіну және қабылдаған шешімдердің салдарын білу.

1. 3 Білім берудегі менеджер қызметінің басқарушылық, жетекшілік сипаты.

Менеджменттің жаңа әдістемесінің мәні бір жағынан, басқарушылық рационализмнен, ұйымның табысты болуы ең алдымен өндірісті рационалды ұйымдастырумен, мамандарды дамытумен анықталады деген бастапқы түсініктен бас тартуда; екінші жағынан, стратегиялық басқаруды қабылдап, технократиялық ойдан арылуда. Менеджмент ұйымдағы адамдарды басқаруда қалай табысқа жету, ұжымды құру мен жетілдіру, оның дамуын қамтамасыз ету және қойылған мақсаттарға барынша тиімді әдістер арқылы қол жеткізу туралы ғылым болып табылады. Педагогикалық менеджмент ғылым ретінде басқарушылық еңбектің табиғатын айқындайды, себеп пен салдар арасындағы байланыстарды, адамдардың бірлескен еңбегі барынша пайдалы және жемісті болатын факторлар мен жағдайларды анықтайды.

Басқару жеке қозғалыс траекториясы бар процестерге қатысты және ішкі көздер арқылы жүзеге асады (мысалы, педагогикалық процесс қатысушыларының көптеген түрлі бағыттағы мақсаттары) . Бұл кезеңде білім беру менеджерінің міндеті қажетті жағдай жасауда, оларды мақсатты ізденіске қосу, осы тұтас процесті қабылдау қабілетін қалыптастыру, бөлек процестердің әрқайсысыларының дамуын қамтамасыз ету, оның негізінде жатқан қарама-қайшылықтарды анықтай алу, оларды шешу жолын табу, еш бұйрықсыз осы процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету.

Білім беруді, әсіресе педагогикалық процесті басқаруды жалпы қатаң регламенттелген әрекет деп түсіну негізсіз. Біз педагогикалық қызметті басқару қызметімен теңдестіруге ұмтылмаймыз, олар екі жеке дара маңызды қызмет түрі. Бірақ менеджердің басқарушылық қызметі объектісінің ерекшелігін ескере отырып, екеуара міндеттің теориялық тұрғыда келесідей табысты шешімін табуға болады: мектеп басшысы қызметін педагогикалық процесті басқарудың шынайы педагогикалық мазмұнымен толықтыру және мұғалім қызметінен басқарушылық аспектіні бөліп алу.

Білім беру менеджері қызметі табиғатынан көпқызметті, ол ұйымдастырушы, әкімшілік, зерттеуші, педагог, қоғам қайраткері ролін орындайды. Менеджер, дәлірек айтсақ, білім беру менеджерлері қызметінің құрылымы соңғы жылдары жиі зерттеу объектісіне айналуда. осы мәселе бойынша түрлі көзқарастар айналып келгенде құрылымына байланысты түсініктің әртүрлі трактовкасына әкеп соғады. Жалпы алғанда, білім беру менеджеір қызметінің белгілі бағыттарына сәйкес құрамы мен құрылымы болады, олар міндеттерінің ерекшеліктерімен анықталады. Мектепті басқару теориясында білім беру менеджері қызметінің құрылымын анықтауда келесідей тұжырым бар: менеджнр қызметі құрылымындағы қызметтер түрін орындай алу біліктілігі негізінде 4 блок арқылы көрсетіледі: 1) жетекшілік немесе басқарушылық, әкімшілік; 2) педагогикалық; 3) коммуникативтік; 4) зерттеушілік.

Басқарушылық циклды орындай алу негізінде - ақпараттық-аналитикалық, мотивациялық-еріктік, жоспарлы-болжамдық, ұйымдастырушылық-орындаушылық, бақылаушылық-диагностикалық және түзету-реттеушілік функциялары арқылы жүзеге асады.

Менеджер қызметін сипаттаудағы зерттеудің осы бөлігінде біз үшін алғашқы екі блок - басқарушылық және педагогикалық - басты назар салуды талап етеді.

Жалпы басқару дегенді - шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, тсхникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атауға болады. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т. б. жатқызамыз.

Мектепшіілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Басқарушылық ұғыммен қатар «жетекшілік» ұғымы да қолданысқа енген.

«Жетекшілік» түсінігін әлеуметтік басқарудағы көптеген теоретиктер қолданады: В. Г. Афанасьев, Д. М. Гвишиани, Г. Х. Попов, А. М. Омаров. Бұл ұғым А. М. Прокофьева, Ф. Г. Паначина, М. И. Кондакова, В. М. Коротова, В. Ф. Штыкало, В. Н. Ягодкина сынды педагог-зерттеушілердің еңбектерінде де кездеседі. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы директордың бүкіл басқарушылық қызметін сипаттайтын жалғыз термин болып келген еді (А. Н. Волковский, Н. И. Иорданский, Н. И. Новиков, Н. И. Соцердотов) . Ал қазіргі таңда басқару мен жетекшілік түсініктерінің ара қатынасы туралы ортақ көзқарас жоқ: теңдестіретін ұғым бар, жетекшілікті басқарудың тар мағынасы деп бөлу, жетекшілікті басқарудың бір бөлігі деп түсіну. Біз зерттеу жұмысымызда “жетекшілік” терминін басқару функцияларының бірі ретінде қолданамыз және соңғы айтылған көзқарасты ұстанамыз: жетекшілік - басқарудың бөлігі.

Басқарудың қызмет ретіндегі ерекшелігі объективті факторларды ұғынумен байланысты: қоғам жағдайымен, басқару объектісінің даму ерекшеліктерімен, адам жүріс-тұрысының заңдылықтарымен. Кәсіби басқарушылық қызмет өзінің типі бойынша әлеуметтік-мәдени болып табылады, оның негізінде адами құндылықтар жатыр. Басым құндылықтар ретінде өнегелік қасиеттер болу керек: әділеттік, адалдық, адами намыс пен еңбек сүйгіштік.

Дегенмен, ұйымды басқару үшін тұлғалық қасиеттер жиынтығының болуы жеткіліксіз. Бұған қоса кәсіби деңгейдің негізі болып саналатын белгілі білімдер жүйесі қажет. Кез келген қызметтегі кәсібилік арнайы білім мен кәсіби дағдының үйлесімдігі нәтижесінде құрылады. Арнайы білімсіз арнайы қабілеттер мен тұлғалық қасиеттердің дамуы мүмкін емес. Ал осы арнайы қабілеттері мен арнайы басқарушылық білім бар білім саласындағы басқарушы тұлға, біздің жағдайда мектеп менеджері болып табылады. Мектеп менеджері өзінің басқарушылық қызметі процесінде нақты пәндік білімді игеруі керек, өйткені дәл осы білім бүкіл кәсіби біліктіліктің қалыптасуының іргесін қалайды. Білім беру менеджеріне қажетті білімдер - менеджмент негіздері. Өзінің басқарушылық қызметінде минималды шығынмен максималды нәтижеге жету арқылы табысқа ие боламын деген менеджер, менеджменттің заманауи технологияларын білумен қатар оларды қолдануы керек, себебі менеджмент негіздерін білу білім беру мекемелерін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді (адам ресурстарын тиімді пайдалану, ұжым мүшелерінің жауапкершілік сезімі мен процеске араласуға ынтасын дамыту, ұжымды басқарудың әдіс-тәсілдерін, модельдерін, принциптерін қолдану) .

Менеджмент негіздеріне басқарушылық ой жаңалықтарының элементтері енгізілген: жаңа әдістеме, өзге құндылықтар мен басым жүйелерге негізделген басқару саясаты. Білім менеджерлерін даярлауды әдістемелік, ғылыми жағынан жетілдіру осы саладағы әрбір маманның міндеті.

Бақылау сұрақтары:

1. Менеджмент ұғымын түсiндіріңіз.

2. Менеджменттің негізгі қызмет түрлері.

3. Менеджменттің әдiстерi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шамова Т. И. Менеджмент в управлении школой. - М., 1992. -145 с.

2. Конаржевский Ю. А. Менеджмент и внутришкольное управление. - М. : Центр «Педагогика», 2000. - 224 с.

3. Симонов В. П. Педагогический менеджмент: 50 НОУ-ХАУ в управлении педагогическими системами: Учеб. пособ. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Педагогическое общество России, 1999. - 430 с.

4. Третьяков П. И. Практика управления современной школой. - М., 1995. - 155 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп басшысының басқару мәдениеті
Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Педагогикалық менеджмент ұғымы негізгі анықтамалары
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІ ЖАҢАША БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГΟГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Білім жүйесін басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты. Педагогикалық-психологиялық эксперимент құру
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz